Еңбек қатынастары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1. Еңбек құқығының түсінігі мен әдісі

2.2. Еңбек құқығының қағидаттары
2.3 Еңбек құқығының қайнар көздері
. 2.4 Еңбек құқығының принциптері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі қазақстандық құқық салаларының ішіндегі еңбек құқығы басты
орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік
қатынастарды жою оған тығыз байланысты қарым-катынастарды айтады.
Еңбек құқығының пәніне жататын коғамдық карым-қатынастардың түрлері
туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу кұралдарында
пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге
прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары келеді. Бұл қоғамдық қарым-
қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті
ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты. Қазіргі кезде
еңбек кұқығының қатынастары бұрынғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттік
кәсіпорын, мекеме, ұйым арасындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға
сәйкес меншік түріне байланысты занды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы
еңбек қатынастары.
Жаңа жағдайда пайда болған барлық енбек құқығының қатынастары мынадай
топтарға жіктеледі:
Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда
болған еңбек құқығы қатынастарын жатқызуға болады. Мұндағы ерекшелік, еңбек
ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ
бұл жағдайда енбек ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде шеттетілді деуге де
болмайды, өйткені олар кәсіпорынды оның құрылымдарын жалға немесе ұжымдық
меншікке айналдыра алады.
Мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек катынастарын құқықтық реттеудегі басты
қағида ол мемлекет тарапынан басқаруды еңбек ұжымының өзін-өзі басқаруымен
және кәсіпорын әкімшілігінің жеке-дара басқаруымен тығыз байланыстыру.
Екінші топқа кооперативтік, акционерлік занды ұйымдардың меншігіне
негізделген енбек қатынастары кіреді. Бұл еңбек қатынастарының өзіндік
ерекшеліктері бар:
бір жағынан — меншік иесінің ұжымы, оның өкілдері,
екінші жағынан - әрбір меншік иесі жалдамалы жұмысшы болып саналады.

___________
Мемлекет және құқық негізі 2001ж.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы
Еңбек құқығы

2.1. Еңбек құқығының пәні, әдісі және жүйесі.

Кәсіпорынды басқару — өзін-өзі толық баскаруға негізделген.
Кооперативтерді ұйымдастыру, олардың шаруашылыққа деген Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылы шыққан Өндірістік кооператив туралы
заң күші бар Жарлығы негізінде және кооперативтің жалпы жиналысында
қабылданған жарғысы бойынша анықталады. Еңбек қатынастарының субъектісі
ретінде кооператив өздігінен еңбекті ұйымдастыруды,жұмыс күнінің
ұзақтығын, демалыс беру тәртібін, жалақы төлеу жүйесін белгілейді.
Акционерлік қоғамдағы еңбек катынастарының субъектісі болып жеке
еңбеккер, оның ішінде акция ұстаушы және өз атынан жалдау шартын жасаушы
акционерлік қоғам болып табылады.
Меншіктің әр түріне негізделген шаруашылық серіктестер акционерлік
қоғамдардың моделімен жұмыс істейді, бұлардың құрылтайшылары мемлекеттік,
кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар, шетелдік фирмалар мен азаматтар
болады, сондықтан бұл саладағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық
актілермен, кәсіпорын жарғысымеи және құрылтай құжаттарымен анықталады.
Еңбек қатынастарына түсуші тараптардың құкықтық жағдайы жеке еңбек
шарттарында қарастырылып, толықтырылады.
Азаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшінші топты
құрайды.
Мұны екі түрге бөлуге болады: жеке іскерлік және еңбек шаруашьілығы
түріндегі ұжымдық іскерлік.
Біріншісі — жеке адамның өз еңбегіне негізделген, сондықтан бұл
жағдайда еңбек қатынастары тумайды, оны азаматтық және салық, заңдары
реттейді.
Екіншісі — меншік иесі өз меншігінен тыс алуды көздеп отбасы
мүшелерінің еңбегін біріктіруі және жұмыс күшін жалдайды.
Жұмыс күшін жалдау ісін жүзеге асырған кезде пайда болатын еңбек
қатынастары төртінші топқа жатады. Олар енбеккер меншік иесі болмағанда,
кәсіпорынды басқаруға, түскен түсімді бөлісуге қатысқан жағдайда пайда
болады. Жұмыс күшін жалдаудың реті, жағдайы мемлекет тарапынан бақылауға
алынады және заңды негізде бекітіледі.
Әрбір кұқық саласының өзіне тиісті қоғамдық карым-қатынастарын құқықтық
негізде реттейтін әдістері болады. Еңбек құқығы қатынастарын реттеуші
тәсілдер жиынтығын әдістер дейді.
Қазіргі еңбек құқығының әдістерін әр түрлі негіздер бойынша бірнеше
топтарға бөлуге болады. Құқықтық маңыздылығы бойынша олар жалпы, салалық,
жергілікті және жекеше әсер ететін әдістер болып белінеді.
___________
Мемлекет және құқық негізі 2001ж.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы
Еңбек құқығы

Іс-әрекетіне байланысты еңбек құқ ығыныңәдістері бұйрық беру және
ынталандыру болып бөлінеді де, бұлар әкімшілік және экономикалық
әдістерге жатады.
Еңбек қатынастарын айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге асырудағы
мақсатқа жету негізі бойынша да мынандай топтарға бөлінеді: өндіріс
нәтижесіне жетуді, жеке еңбек шартындағы міндеттемелерді орындауды,
материалды және басқа ресурстарды үнемдеуді т.б. көздеген ынталандыру
әдістерінен тұрады.
Қорыта келгенде, еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері
мынада:
1) енбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым
колдану;
2) жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуге негізделген әдістерді
қолдану;
3) енбекте ынталандыру мен міндеттеу әдістерін тиімді
қиылыстырып колдану;
4) еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда келісім
және еңбекті басқаруда міндеттеу қағидаларына сүйену;
Еңбек қатынастарын реттеудің басты әдісі — әлеуметтік ,әріптестік әдіс,
оның мынадай түрлері бар.
1) кәсіпорын дентейінде - ұжымдык, шарт;
2) салалық, жергілікті жер деңгейінде — салалық, жергілікті тарифтік
және басқа әлеуметтік-экономикалық келісім;
3) мемлекет деңгейінде — бас келісімдер.
Қолданыста жүрген заңдармен басқа да нормативтік актілермен қатар
қызметкерлердің меншік иесімен арадағы тек қатынастарын реттейтін қайнар
көздері ұжымдық шарт бойынша жұмыс беруші мен енбеккерлердің
арақатынасынан туатын екі жақты жазбаша келісім. Қазіргі жағдайда ұжымдық
шарттың мақсаты — мемлекет тарапынан берілген кепілдіктерді көбейту,
өйткені онда еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі; жұмыс және демалыс
уақытының ұзақтығы; жұмыспен қамтамасыз етіп, кайта оқыту, әйелдер мен
жастар еңбегін көбейту т.б. секілді еңбеккер мен жұмыс бсрушінің мүдделерін
белгілейтін ережелер белгіленеді.
Ұжымдық құқық жасаудың нәтижесі, жыл сайын жасалған Қазақстан Республикасы
Үкіметі, Қазақстан кәсіподағының федерациясы және жұмыс берушілердің
республикалық бірлестіктері арасындағы бас келісімді атауға болады. Ұжымдық
келісімдермен бірге жұмыс беруші мен кәсіпкердің ішкі жағдайларын ескере
отырып, еңбек тәртібінің ережелерін және басқа да құқықтық келісімдер
жасайды. Ал, келісімдер еңбек ақының,зейнетақы,степендия, жәрдемақылардын
ең аз, мөлшерлерін жұмыспен қамтамасыз ету шараларын, еңбек дауларын шешу
жолдарын реттейді.
Еңбектік жеке құқьқтар еңбек шарттарымен белгіленеді. Жеке еңбек
шартын жасаған ұйымға тыйым салынбайтын іс-әрекеттердің барлығын да
жасауға - деген қағида жүзеге асырылады

Еңбек қатынастарын реттейтін әдістер


Енбек құқығы қатынастарын Жекеше және ұжымдық
реттеуде келісім әдістерін басым еңбекті реттеуге
қолдану негізделген әдістерді
қолдану

Еңбек қатынастары пайда
болғанда,жүзеге асырылғанда
Енбекте ынталандыру мен келісім және
міндеттеу әдістерін тиімді еңбекті басқаруда
қиылыстырып қолдану міндеттеу қағидаларына
сүйену;

Еңбек құқығының жүйесі деп құқықтық нормалардың мазмұнына негізде
реттеліп, бөлінуін айтады.
Барлық құқық салалары құқықтық нормаларды -жалпы және ерекше деп аталатын
екі бөлімге бөледі
Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мел кайнар көздері, қатынастары, еңбек
құқығының қағидаттары,принциптері енбек құқығының субъектілері, ұжымдық
шарттары бөлімде зерттеледі.
Ерекше белімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен: демалыс
уақыты, жалақы, еңбек тәртібі; материалдық ;жауапкершілік, еңбекті қорғау,
еңбек даулары қарастырылатын жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз
байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жалпыы
бөлімнің ережелері мен институттары ерекше бөлімдегі нақты нормаларды
қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Еңбек құқығы құқық саласының жеке
саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты.
Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің атқаратын рөлі, мәні, құқықтық реттеу
әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып,
ажыратылады.
Еңбек құқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қамсыздандыру
құқықтарымен тығыз байланысты.
Сонымен,еңбек құқығының пәні еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті
ұйымдастыру мен басқару жөнідегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда
азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасатын жеке- дара да, сондай-ақ
ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.
Еңбек құқығының әдістері саласының пәніне енетін жоғарыда аталған
қатынастарды ретеудің жолдары мен тәсілдерін сипаттайды.
Оларға мыналар жатады: еңбек құқықтық қатынастарын орнықтырудың шарттық
сипаты; өзара міндеттемелерді орындаудың ерекше режимі; еңбек жағдаййларын
орталықтан және жергілікті жерде, нормативтік және шарттық реттеуді
үйлестіру; сыйақының ұжымдық және жеке-дара еңбек нәтижелеріне
байланыстылығы; санкцияларды қолданудың соттан тыс тәртібі және тб.
Құқықтық реттеудің айырықшаланған пәні мен өзіне тән әдісінің болуы
еңбек құқығының құқық жүйесіндегі дербес сала ретіндегі орны белгілеп
береді.

2.2. Еңбек құқығының қағидаттары

Қағида сөзінің өзі латын тілінен алғанда негіз,бастамадеген аударманың
мағынасын білдіреді. Қағида түсінігі басшылыққа алынатын идеяны, негізгі
ережені, бастаманы білдіреді.
Құқықтық түсініктер жүйесінде қағида басты түсінік болып табылады,
себебі, ол бүкіл құқықтық жүйенің негізін құрайды және осы құқықтық
жүйенің барлық қасиеттерін өзіне сіңіреді. Басқаша айтар болсақ,еңбек
құқығының қағидалары – бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы.

Еңбек құқығының негізгі қағидалары- бұл қолданыстағы еңбек заңнамасының
мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер.Олар осы құқық саласының даму
негізін құрайды және дамуды бағыттайды. Еңбек құқығы нормаларының мәнін
және мемлекеттік еңбек қатынстарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының
басты бағыттарын көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген
негіздемелік бастамаларын түсінуге болады.
Еңбекк құқығының қағидаттары — еңбек қатынастарын және олармен тығыз
байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды реттеу үшін негізге алынатын
бастапқы идеялар, постулаттар.
Республиканың Ата заңында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық
реттеудің негізгі қағидаттары баянды етілген:
еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету,
қызмет пен кәсіп түрін тандау мүмкіндігі; еріксіз еңбекке тыйым салу және
жұмыссыздықтан қорғау (24-бап); денсаулыкты сақтау құқығы (29-бап);
бірлестіктср бостандығына құқығы (23-бап); құкықтар мен бостандыктарды
заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен корғау құқығы (13-бап); еңбегі
үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес
еңбекақы алу құқығы (24,28 баптар); демалуға құкығы (24-бап). Бұл
конституциялық қағидаттар еңбек катынастарын реттеудің салааралық
қағидаттарына жатады.
Еңбек құқығының салалық қағидаттарына мыналар жатады:
1. Еңбек шартын жасасу бостандығы;
2. Қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдайларымен
қамтамасыз ету;
3. Заңдарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығының қағидаттары
Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының жүйесі мен түсінігі
Еңбек құқығы жайлы
Еңбек тәртібіне сипаттама
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар ұғымы және олардың құрылымы
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
Еңбек құқығы қатынастарының субъектілері: түсінігі, топтары
Еңбектік құқықтық қатынастарға қатысушы тараптар
Еңбек құқығы жүйесі
Бңбек құқығы туралы
Пәндер