Еңбек құқығының қағидаттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1 Еңбек құқығының түсінігі мен әдісі

2.2. Еңбек құқығының қайнар көздері

2.3 Еңбек құқығының қағидаттары

2.4 Еңбек құқығының принциптері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

.

.

Кіріспе

Қазіргі қазақстандық құқық салаларының ішіндегі еңбек құқығы басты
орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығының пәні деп, ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік
қатынастарды жою оған тығыз байланысты қарым-катынастарды айтады.
Еңбек құқығының пәніне жататын коғамдық карым-қатынастардың түрлері
туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу кұралдарында
пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге
прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары келеді. Бұл қоғамдык қарым-
қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті ұйым-
дастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты. Еңбек құқығы
адамның қоғамдық қызметінің негізгі түрін – еңбекке қатысуын жанама
түрде білдіретін құқықтың маңызды саласы б.т Еңбек құқығы пәнінің
негізін еңбекті қолдану жөніндегі жеке- дара қатыныстар құрайды.Олар
қызметкермен жұмыс берушінің арасында қалыптасады және жұмысқа алу, жұмыс
уақыты, демалыс уақыты, жалақы төлеу, еңбек тәртібі және басқа бір қатар
мәселелер бойынша түрлі әлеуметтік байланыстарды қамтиды..
Еңбек процесінің өмірдеболу фактісінің өзі еңбек құқықтарымен
байланысты және еңбек құқығының қолданылу аясына енетін қоғамдық
қатынастарының тұтас кешенінің пайда болуының обьективті түрде алып келеді.
Еңбек құқығының пәні еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті
ұйымдастырумен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда
азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасатын жеке-дара да,сондай-ақ
ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.
Еңбек құқығының саланың пәніне енетін жоғарыда аталған қатынастарды
реттеудің жолдарымен тәсілдерін сипаттайды.Құқықтық реттеудің айрықшаланған
пәні мен өзіне тән әдісінің болуы еңбек құқығының құқық жүйесіндегі орнын
белгілеп береді.
2.1. Еңбек құқығының түсінігі мен әдісі

Еңбек құқығының жүйесі деп, құқықтық нормалардың мазмұнына негізде
реттеліп, бөлінуін айтады.
Барлық құқық салалары құқықтық нормаларды -жалпы және ерекше деп
аталатын екі бөлімге бөледі
Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен кайнар көздері, қатынастары,
еңбек құқығының қағидаттары,принциптері енбек құқығының субъектілері,
ұжымдық шарттары бөлімде зерттеледі.
Ерекше белімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен:
демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі; материалдық ;жауапкершілік, еңбекті
қорғау, еңбек даулары қарастырылатын жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз
байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жалпыпы
бөлімнің ережелері мен институттары ерекше бөлімдері нақты нормаларды
қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Еңбек құқығы құқық саласының жеке
саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты.
Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің атқаратын рөлі, мәні, құқықтық реттеу
әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып,
ажыратылады.
Еңбек құқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қамсыздандыру
құқықтарымен тығыз байланысты.
Сонымен,еңбек құқығының пәні еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті
ұйымдастыру мен басқару жөнідегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда
азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасатын жеке- дара да, сондай-ақ
ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.

_________
Мемлекет және құқық негізі 2001ж.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы
Еңбек құқығы
Еңбек құқығының әдістері саласының пәніне енетін жоғарыда аталған
қатынастарды ретеудің жолдары мен тәсілдерін сипаттайды Оларға мыналар
жатады: еңбек құқықтық қатынастарын орнықтырудың
шарттық сипаты; өзара міндеттемелерді орындаудың ерекше режимі; еңбек
жағдаййларын орталықтан және жергілікті жерде, нормативтік және шарттық
реттеуді үйлестіру; сыйақының ұжымдық және жеке-дара еңбек нәтижелеріне
байланыстылығы; санкцияларды қолданудың соттан тыс тәртібі және тб.Қазіргі
еңбек құқығының әдістерін әр түрлі негіздер бойынша бірнеше топтарға бөлуге
болады. Құқықтық маңыздылығы бойынша олар жалпы, салалық, жергілікті және
жекеше әсер ететін әдістер болып белінеді.
Іс-әрекетіне байланысты еңбек құқығының әдістері бұйрық беру және
ынталандыру болып бөлінеді де, бұлар әкімшілік және экономикалық
әдістерге жатады.
Еңбек қатынастарын айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге асырудағы
мақсатқа жету негізі бойынша да мынандай топтарға бөлінеді: өндіріс
нәтижесіне жетуді, жеке еңбек шартындағы міндеттемелерді орындауды,
материалды және басқа ресурстарды үнемдеуді т.б. көздеген ынталандыру
әдістерінен тұрады.
Қорыта келгенде, еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері
мынада:
1) еңбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым
колдану;
2) жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуге негізделген әдістерді
қолдану;
3)еңбекте ынталандыру мен міндеттеу әдістерін тиімді
қиылыстырып колдану;
4) еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда келісім
және еңбекті басқаруда міндеттеу қағидаларына сүйену;

2.2. Еңбек құқығының қайнар көздері

Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы
өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын
нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.
Кең мағынада нормативтік құқықтық акты дегеніміз — референдумда
қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттік лауазымды адам
қабылдаған, құқықық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін,
тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми
құжат.
Қолданыстағы құжаттарда қайнар көздер еңбек туралы нормативтік
актілер, еңбек туралы заң актілері, еңбек құқғының, нормативтік
актілер, еңбек түралы зандар деп аталады.
Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтік актілер
кіреді:
1.Еңбек қатынастарын құқықтык реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей
қолданылатын басты заң Казақстан Республикасының Конституциясы. Барлық
еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер та заңға сәйкес келуге тиіс.
2.Қазақстан Республикасының аумағынағы еңбек қатынастарын реттейтін
Қазакстан Республикасындағы Еңбек туралы Қазақстан Республикасының заңы
және соған сәйкес қабылданған заңдар және Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтары;
3.Казакстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
4.Қазакстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

_________
Мемлекет және құқық негізі 2001ж.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы
Еңбек құқығы
5.Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік
қаулылары;
6.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынын нормативтік қаулылары;
7.Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық актілері;
8.Жергілікті мәслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік
актілері;
9.Локальды (жергілікті) нормативтік актілер;
10.Жұмыс берушінің актілері.
Казақстан Республикасы Конституциясының4-бабының4-тармақша сына сәйкес
азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек
туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолдаудың
міндетті шарты болып табылады.
Егер Казақстан Республикасы бекіткеи халықаралық шарттарда Қазақстан
Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актілеріндегіден өзгеше
ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық
шарттар оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару
талап етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына
тікелей қолданылады.
Азаматтардың Қазакстан Республикасындағы еңбек бостандығына
конституииялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын
реттейтін негізгі заң 1999 жылгы 10 желтоқсанда қабылданған Казақстан
Рсспубликасындағы еңбек туралы Заң болып табылады. Бұл Заң 2000 жылдың 1
қаңтарынан бастап қолданыска енгізілді. Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақ ҚСР-інің 1972 жылғы
21 шілдедегі Еңбек туралы зандар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап
республика аумағында өз күшін жойды.
Еңбек туралы Заңның күші егер, Конституцияда, зандарда және Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, республика
аумағында еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ
адамдарға да қолданылады. Сондай-ақ республика аумағында орналасқан,
құрылтайшылары немесе меншік иелері немесе шетелдік заңды немесе жеке
тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан
Республикасы еңбең туралы зандары қолданылады. Еңбек туралы негізгі заң
9тараудан, 109 баптан тұрады, және еңбек қатынастарының осы занға қайшы
келмейтін бөлігін сақтап, қалған
заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілер реттемейтін саласын
айқындайды. Оларға, мысалы, мына заңдар жатады: 1992 жылы 4 шілдеде
кабылданган Ұжымдық шарттар туралы, 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған
Еңбекті қорғау туралы, 1993 жылғы 9 сәуірде кабылданған Кәсіптік
одақтар туралы, 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған Ұжымдық даулары мен
ереуілдер туралы. 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған Халықты жұмыспеп
қамту туралы және т.б.
Нарық жағдайында еңбек құқығын жүзеге асыруда Қазақстан
Республикасының Үкіметі қабылдаған қаулылардың маңызы зор.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтарда
қабылданған Қазақстан Республикасының Экономика саласындағы
жұмыскерлердің жалақысы туралы қаулысы барлық экономика саласындағы
қызметкерлерге арналған жалпы тарифтік тор бекітілген.
Жергілікті мәслихаттардың, әкімдіктердің өз құзыреті шегінде шығаратын
шешімдерінің де еңбек құқықтарың реттеуде манызы бар.
Еңбек құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының, Конституциялық Кеңес Пленумдарының нормативтік қаулылары
пайдаланылады. Бұл қаулыларда сот жұмыстарын қарағанда заңдарды қолдану
туралы түсініктемелер беріледі. Қаулылар негізінде барлық соттардың
заңдарды қолданғанда олардың мазмұнын бірдей түсініп,
бірыңғай тұрғыда жүзеге асыруын көздейді.

2.3.Еңбек құқығының қағидаттары

Еңбекк құқығының қағидаттары — еңбек қатынастарын және олармен тығыз
байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды реттеу үшін негізге алынатын
бастапқы идеялар, постулаттар.
Республиканың Ата заңында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық
реттеудің негізгі қағидаттары баянды етілген:
еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету,
қызмет пен кәсіп түрін тандау мүмкіндігі; еріксіз еңбекке тыйым салу және
жұмыссыздықтан қорғау; денсаулыкты сақтау құқығы бірлестіктср бостандығына
құқығы құкықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық
әдістермен корғау құқығы еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және
жалақының ең аз мөлшерінен кем емес еңбекақы алу құқығы; демалуға құкығы
бұл конституциялық қағидаттар еңбек катынастарын реттеудің салааралық
қағидаттарына жатады.
Еңбек құқығының салалық қағидаттарына мыналар жатады:
1. Еңбек шартын жасасу бостандығы;
2. Қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдайларымен
қамтамасыз ету;
3. Заңдарда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес
еңбекке
ақы алу кепілдігі;
4. Демалыс пен жұмыс режімін қалыпты жағдайларына мемлекеттік
кепілдіктердің берілуі;
5. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету;
6. Кәсіби біліктілікті арттыру кепілдігі;
7. Өндірістік кәсіптік мүдделерді қамтамасыз ету және корғау үшін
кәсіптік одақтарға бірігу құқығы;
8. Еңбек құқығы нормаларының бірлігі және дифференциясы арнайы
түрлерде бөлінуі.
Қолданыста жүрген заңдармен басқа да нормативтік актілермен қатар
қызметкерлердің меншік иесімен арадағы тек қатынастарын реттейтін қайнар
көздері ұжымдық шарт бойынша жұмыс беруші мен енбеккерлердің
арақатынасынан туатын екі жақты жазбаша келісім. Қазіргі жағдайда ұжымдық
шарттың мақсаты — мемлекет тарапынан берілген кепілдіктерді көбейту,
өйткені онда еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі; жұмыс және демалыс
уақытының ұзақтығы; жұмыспен қамтамасыз етіп, кайта оқыту, әйелдер мен
жастар еңбегін көбейту т.б. секілді еңбеккер мен жұмыс бсрушінің мүдделерін
белгілейтін ережелер белгіленеді.
Ұжымдық құқық жасаудың нәтижесі, жыл сайын жасалған Қазақстан
Республикасы Үкіметі, Қазақстан кәсіподағының федерациясы және жұмыс
берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы бас келісімді атауға
болады. Ұжымдық келісімдермен бірге жұмыс беруші мен кәсіпкердің ішкі
жағдайларын ескере отырып, еңбек тәртібінің ережелерін және басқа да
құқықтық келісімдер жасайды. Ал, келісімдер еңбек
ақының,зейнетақы,степендия, жәрдемақылардын ең аз, мөлшерлерін жұмыспен
қамтамасыз ету шараларын, еңбек дауларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Еңбек құқығы қағндаттарының ұғымы және оны топтастыру
Материалды жауапкершілік қатынастары
Еңбек құқығы қағидаттары
Еңбек қатынастары
Еңбекті қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары
Халықаралық еңбек ұйымының еңбек құқығы
Еңбектік құқықтық қатынастар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Бңбек құқығы туралы
Пәндер