Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе бөлім

II.Негізгі бөлім.

2.1. Еңбек құқығының әдісі, қағидаттары,жүйесі

2.2 .Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік
әріптестік

2.3.Еңбектік құқықтық қатынастар. Жеке еңбек шарты

2.4.Жеке еңбек шартын,жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзудың негіздері

III.Қорытынды

IV.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Еңбек құқығы дегеніміз – жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек
қатынастарын және еңбекті қолдануға байланысты басқа да қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол бірлескен еңбек әрекетіндегі
жұмысшылар мен қызметшілердің еңбегіне, сондай-ақ жеке еңбек шарты бойынша
жұмыс істейтін жекелеген азаматтардың еңбегіне байланысты туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттейді.Құқықтың бұл саласы азаматтарды жұмысқа
қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босату, жұмыс уақытының
ұзақтығы, еңбекке ақы төлеудің көлемі мен нысаны, еңбекті қорғаудағы
міндетті ережелер еңбек дауларын қараудың тәртібі және тағы басқа
жағдайларды айқындайды.
Еңбек-адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да
құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.
Еңбек қатынастары-тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар
негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс
беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек
қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек
саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.
Еңбек құқығының пәні еңбекке қабілеттілікті іске асыру еңбекті ұйымдастыру
мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда азаматтардың еңбегін
қолдану жөнінде қалыптасатын жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық
қатынастарды құрайды.
Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субьектілер ретінде еңбекке
қабілетті азаматтар, ұйымдар,жұмыс беруші,яғни, кез-келген меншік
нысанындағы жеке және заңды тұлғалар еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және
мемлекеттік органдар қатысады.

2.1 Еңбек құқығының әдісі,қағидаттары,жүйесі

Еңбек құқығының әдістері саланың пәнінен енетін, еңбек құқығының
қатынастарын реттеудің жолдары мен тәсілдерін сипаттайды. Еңбек құқығының
әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап
береді. Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормалардан көрініс табады.
Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен:
1) Еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын
басқа да қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың
қосындысымен;
2)Еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты
әдістердің қосындысымен;
3)Әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып
қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша
кең пайдаланумен;
4)Жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап
жіктелінуі;
5)Еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады.
Еңбек құқығы жүйесі деп, біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз
байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық
саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты
екі бөлімнен тұрады.Еңбек құқығының жалпы бөлімі жалпылама сипаттағы және
еңбек құқығы институттарының барлығына бірдей қолданылатын нормалардан
тұрады. Ол нормалар еңбек құқығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті
ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды.
Еңбек құқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қамсыздандыру
құқықтарымен тығыз байланысты.

Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастарының және
онымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін
қамтиды. Сонымен қатар ерекше бөлімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты
жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі, материалдық
жауапкершілік, еңбекті қорғау, еңбек даулары қарастырылады.
Жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы
еңбек құқығын құрайды. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше
бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады.
Еңбек құқығы құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа
құқық салаларымен тығыз байланысты. Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің
атқаратын ролі, мәні, құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты
басқа құқық салаларынан оқшауланып ажыратылады.
Еңбек құқығы негіздері дегеніміз, заңнамалармен белгіленген,
арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбектік құқықтық
қатынастарды және онымен тығыз байланысты еңбек қатынастарын реттейтін
нормативтік актілердің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері бар:
1)еңбек туралы нормативтік актілер жүйесінде еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған заңдық күші бар актілердің санының
көптігі;
2)жұмыс берушімен еңбек ұжымы арасында кәсіпорын деңгейінде
қабылданатын жергілікті нормативтік актілердің санының басымдылығы;
3)нормативтік актілердің жалпы және арнайы болып бөлінуі.
Еңбек құқығы негіздері деректі көздері заңдық күшіне қарай: заңдар,
заңдық күші бар актілерге –Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары,
Үкіметтің қаулысы, өкімі, бұйрықтар, ережелер және жергілікті нормативтік
актілерге және әрекет ету деңгейлеріне байланысты республикалық, салалық
және жергілікті болып бөлінеді

2.2. Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы
әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары
өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін
келістіруді қамтьамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі.
Әлеуметтік әріптестік әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы
жүзеге асырылады. Келісім салалық аймақтық-республикалық, салалық және
аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек жағдайларын жұмыспен қамтылуын және
әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша
міндеттемеларін анықтайтын, әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын
құқықтық акт.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік мынадай негізгі
міндеттерді шешуге бағытталған:
1) әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байлагысты
экономикалық қатынастарды реттеудің тиіді тетігін жасау;
2)қоғамдағы барлық жүктердің мүдделерін объективті түрде ескеру
негізінде әлеуметтік тұақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге
жәрдемдесу;
3)қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге
жәрдемдесу, олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру;
4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялар
мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.
шарттарымен міндеттемелерін сақтауы;
6) әлеуметтік әріптестердің Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасының халықаралық
7) тараптардың, олардың өкілдерінің келісімі бойынша қабылданған
міндеттемелерді өздерінің кінәсінен орындамағаны үшін жауаптылығы болып
табылады.
Әлеуметтік әріптестік тараптардың өзара іс-қимылы нысанында
әлеуметтік әріптестіктің:
1) республикалық деңгейдегі;
2) салалық деңгейдегі;
3) аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейдегі органдары
арқылы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік әріптестік мынадай қағидаттарға бөлінеді:
1) тараптар өкілдерінің өкілеттігі;
2) тараптардың тең құқықтығы;
3)талқылау үшін енгізілетін мәселелер тізбесін таңдау еркіндігі;
4) міндеттемені қабылдаудың еріктілігі және тараптардың оларды
орындауға міндеттілігі;
5) тараптардың мүдделерін құрметтеу;

Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде әлеуметтік
әріптестікпен әлеуметтік және еңек қатынастарын реттеу жөніндегі
республикалық үш жақты коммиссия қамтамасыз етеді. Республикалық коммиссия
әлеуметтік әріптестердің мүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен
ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету
жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен
әлеуметтік және еңбек қатынастрын реттеу жөніндегі салалық коммиссиялар
бұдан әрі- салалық коммиссия қамтамасыз етеді. Салалық коммиссия
әлеуметтік әріптестер мүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен
ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету
жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Тиісті атқарушы
органдардың өкілетті өкілдері жұмыс берушілермен қызметкерлердің өкілдері
салалық коммиссиялардың қатысушылары болып табылады.
Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс
берушілердің республикалық бірлестіктері және қызметкерлердің республикалық
бірлестіктер арасында бас келісім жасалады. Бас келісім –Қазақстан
Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
және қызметкерлердің республикалық бірлестіктері өздерінің құзыреті шегінде
жасасатын, аймақтық және салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу
кезінде ескерілетін, республикадағы әлеуметтік еңбек қатынастарын және
солармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің жалпы қағидаттарын
белгілейтін құқықтық акт.
Салалық деңгейінде тиісті атқарушы органдар және жұмыс
берушілермен қызметкерлердің уәкілетті өкілдер арасында салалық келісімдер
жасалады. Салалық келісім-ақы төлеу нормаларымен еңбекке байланысты басқа
да мәселелерді, өзара міндеттемелерді,сондай-ақ нақты сала қызметкерлері
үшін әлеуметтік кепілдіктермен жеңілдіктерді айқындайтын, барлық тараптар
үшін міндетті болатын және аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасау
кезінде ескерілетін, әріптестік
тараптарды жасап жазбаша шарт түрінде ресімдейтін құқықтық акт.
Аймақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер
қызметкерлер бірлестіктер арасында аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық)
келісімдер жасалады. Аймақтық келісім аумақтық ерекшеліктерге байланысты
еңбек жағдайларын, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді белгілейтін
келісім тараптарн әкімшілік аумақтық бөліністер деңгейінде жасайтын, барлық
тараптар үшін міндетті болатын және ұжымдық шарттарды жасау кезінде
ескерілетін, жазбаша шарт түрінде ресімделетін құқықтық акт.
Келісімдердің мазмұны келісімдер қолдану мерзімі туралы
орындалуына бақылау жасау тәртібі туралы; келісімге өзгерістер мен
толықтаулар енгізудің тәртібі туралы; тараптардың өздеріне алған
міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершіліктері туралы ережелер
қамтылуға тиіс. Бас келісімнің мазмұнын әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік
және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін
республикалық үш жақты коммиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары
немесе олардың біреуі ұсынған бас келісімнің жобаларын негізге ала отырып
айқындайды.
Мысалы: 2005 жылы 19-қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметі,
кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында екі жылға арналған үш жақты бас
келісімге қол қойылды. Бас келісімде еңбек қатынастрының еңбекпен
қамтамасыз етудің және әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау, денсаулық
салаларына байланысты мәселелер қарастырылды. Бұл бас келісімнің алдынғы
келісімдерден басты айырмашылығы онда еңбек ақысы, халықтың тұрмыс жағдайы,
жұмыс істейтін әйелдердің жастардың құқығын, әлеуметтік кепілдіктердің
енгізу туралы мәселелер қарастырылды. Тараптардың келісімімен жұмысшының
еңбекақы және әлеуметтік төлемдерінің деңгейі ең төменгі еңбекақысынан,
яғни 7 мың теңгеден төмен болмауы керек делінді.
Салалық және аймақтық келісімнің мазмұнын әлеуметтік әріптестік
пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс
істейтін салалық және аймақтық коммиссиялар әлеуметтік әріптестіктің барлық
тараптары немесе олардың біреуі ұсынған келісімдердің жобалары негізінде
айқындайды.
Келісімдерде:
1) еңбекке ақы төлеу еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, еңбек және
демалыс режимі туралы;
2) келісіммен айқындалған, бағамен инфляцияның деңгейін, күнкөрістің
ең төменгі деңгейімен көрсеткіштердің орындалуын негізге ала отырып,
еңдекке ақы төлеуді реттеу тетігі туралы;
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы;
4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кәсіби әзірлеуге және қайта
әзірлеуге жәрдемдесу туралы;
5) жұмыс істеу және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен
өндірістегі қызметкерлердің денсаулығын қорғауды ұйымдастыру және тиісті
қоршаған ортаны қамтамасыз ету туралы;
6) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы;
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау
жөніндегі арнаулы шаралар туралы;
8) өндіріс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлерді қорғау
шаралары туралы;
9)жанжалдар мен ереуілдерді болғызбау, еңбек тәртібін нығайту туралы;

10) әлеуметтік-еңбек мәселелері жөнінде заңдарға қайшы келмейтін басқа
да ережелер;
11) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер
көзделуі мумкін.

___________
ҚР Еңбек туралы негізгі заң актілері Алматы . 2006 жыл.
Мемлекет және құқық негізі Е.Баянов.

2.3 Еңбектік құқықтық қатынастар. Жеке еңбек шарты

Еңбек құқығы пәніне құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын және
олармен тығыз байланысты қатынастарда жатады. Осындай қатынастар қатарына
мынандай қатынастарды жатқызуға болады:
1) жұмысқа орналастыру жөніндегі қатынастар;
2) ұйымдастыру-басқару;
3)әлеуметтік-экономикалық;
4) өндірістегі кәсіби дайындық және біліктілік дәрежесін көтеру
жөніндегі;
5) тәртіптік жазалар қолдану мен материалды шығынды, зиянды орнына
келтіру;
6) еңбек туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау мен бақылау
жөніндегі;
7) еңбек дауларын қарау қарау жөніндегі қатынастар.
Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына
құқықтық сипат беретін номативті құжаттардың бірі жеке еңбек шарты болып
табылады. Жеке еңбек шарты дегеніміз қызметкер мен жұмыс берушінің арасында
жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім. Еңбек қатынастары мен
азаматтық –құқықтық қатынастардың аражігін айырудың практикалық маңызы бар.
Өйткені, еңбек құқықтық қарым-қатынастарға түсуші қызметкерге еңбек
заңдарында белгіленген тәртіппен жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі,
еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңге жәрдемақы төленеді және т.б. Ал
азаматтық құқықтық шарттар негізінде тек мүліктік, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар туындайды.
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын
қатысушылары болады. Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері болып
мыналар танылады: азаматтар, жұмыс берушілер, кәсіподақтар, мемлекеттік
органдар.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында қатынастарының
мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Еңбек қатынастарын өзге құқықтардан ажыратудың мынадай үш ерекше
белгілері бар:
1)олар жеке еңбек шарты негізінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына
мүше болған қызметкердің кіруімен туындайды;
2)еңбек қатынастары бойынша қызметкер белгілі бір
мамандық,біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқару міндетін өзіне
алады, ал ұйым аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті еңбек жағдайларын
жасау міндетін алады;

Жеке еңбек шарты дегеніміз қызметкер мен жұмыс берушінің арасында
жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс
берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе
лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге
жалақысын және заңдар мен тараптардын, келісімінде көзделген өзге де
ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы
заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге
міндеттенеді.
Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол
беріледі. Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен
жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының немесе қорғаншысының,
қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Ата-анасының
бірінің қорғаншысының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шарты оқудан
бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын
жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкін. Ата-
ананың қорғаншының, қамқоршының келісімі жазбаша нысанда өтініш беріледі,
бұл орайда, ата-ана қорғаншы, қамқоршы кәмелетке толмаған адаммен бірге
жеке еңбек шартына қол қояды. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды ауыр дене
жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды, өте зиянды немесе қауіпті
жұмыстарға қабылдауға жол берілмейді.
Жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің, оған тапсырылатын
жұмысқа сәйкестігін тексеру максатында тараптардың келісімімен сынақ
өткізілуі мүмкін. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетілуге тиіс.
Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп
есептеледі. Сынақ мерзімі уш айдан аспауы керек. Егер сынақтың мерзімі
бітіп, тараптардың ешқайсысы екінші тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы
хабарламаса, шарт одан әрі қолданылады және оны жалпы негіздерде ғана
тоқтатуға жол беріледі.
Жеке еңбек шарты маусым бойынша жұмыс істейтін қызметкерлермен де жасалады.
Маусымдық қызметкерлерге бүкіл күнтізбелік жылда емес, алты айдан аспайтын
белгілі бір кезең ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер жатады. Маусымдық
қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын
жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ, белгіленбейді. Жеке еңбек
шарты үй шаруашылығында жұмыс істеуге келіскен үй қызметкерлерімен де
жасалады. Жұмыс берушімен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс
беруші бөлетін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын
жабдықтарды, құрал-саймандар мен тетіктерін пайдалана отырып, жұмысты
үйінде өз еңбегімен орындайтын үйде жұмыс істейтін қызмет-керлермен және
вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлермен де жеке еңбек шарты
жасалады.
Жеке еңбек шартының мазмұны төмендегідей жағдайлардан тұрады:
1) тараптардың реквизиттері; жұмыс беруші - заңды тұлғаның толық атауы
және орналасқан жері, жұмыс беруші - заңды тұлғаның құрылтай кұжаттарының
мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты; жұмыс берушінің тегі, есімі, әкесінің
аты және қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты
тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
нөмірі, берілген күні; қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың
атауы, нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі салық
төлеушінің тіркелу нөмірі
2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзімі;
4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі
немесе зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін
кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; 9) қызметкердің кұқықтары
мен міндеттері;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;
12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.
Жеке еңбек шартын белгіленген мерзімге жасасқанда тараптардың осы
шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өзара жауапкершілігі белгіленуі
мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шартына өзге де
жағдайлардың енгізілуі мүмкін. Жұмыс беруші қызметкерден осы Занда және
Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалык актілерінде көзделгеннен басқа
жағдайларда жеке еңбек шартында келісілмеген жұмысты атқаруды талап етуге
құқылы емес.
Жеке еңбек шарты:
1) белгісіз мерзімге;
2) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге;
3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзімділігіне
немесе оны орындау шартына байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ
қызметкерді ауыстыру уақытына бір жылдан кем белгілі бір мерзімге жасалуы
мүмкін.
Қызметкермен жеке еңбек шарты қайталап жасалған жағдайда ол
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымдық шарт институтының құқықтық реттелуі
Еңбектік құқықтық қатынастар
ҚР ЕК 1-БӨЛІМ, 1-тарауында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен танысу
Еңбек қатынастарын реттеу құралы ретінде әлеуметтік әріптестік қалыптастыру мен дамытудың жағымды тәжірибесін зерттеу
МЖС құрудың қағидалары мен басқару тетіктері
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
Еңбек заңнамасындағы кәсіподақ құқығы
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы
Пәндер