Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе.
Еңбек құқығының қайнар көздері.
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Еңбек құқығының қағидаттары
2.2. Еңбек қатынастары.
2.3. Еңбек құқығының субъектілері.
2.4. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

І. Кіріспе.
Еңбек құқығының қайнар көздері.
Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы
өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын
нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.
Кең мағынада нормативтік құқықтық акті дегеніміз референдумда
қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеітік лауазымды адам
қабылдаған, кұқыктық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын зерттетін,
тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми
құжат.
Қолданыстағы құжаттарда қайнар көздер еңбек -туралы нормативтік
актілер, еңбек туралы заң актілері, еңбек құқығының нормативтік
актілері еңбек туралы заңдар - деп аталады.
Еңбек заңнамасына мынадай сңбек туралы нормативтік құқықтық актілер
кіреді:
1. Еңбек қатынастарын құқыктық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей
қолданылатын басты заң Казақстан Ресиубликасының Конституциясы. Барлық
еңбек туралы норматинтік құқықтық актілер Ата Заңға сәйкес келуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейтін
Казақстан Республикасындағы Еңбек туралы Қазақстан Республикасынын Заңы
және соған сәйкес қабылданған заңдар және Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтары;
3. Қазақстан Републикасы Президентінің
4. Казақстан Республикасы Үкіметінің
5. Қазақстан Республикасы Конституииялық нормативтік қаулылары;
6. Қазақстан Рсспубликасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
7. Министрліктер мен медомет полардың нормативтік құкықтық актілері;
8. Жергілікті маслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік
актілсрі;
9. Локальды (хсргілікті) нормативтік актілср;
10. Жұмыс берушінің актілері.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармақшасына
сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостаидықтары мен міндетт еріне қатысты
еңбек туралы нормативтік құқықтық актіледі ресми жариялануы оларды
қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткеи халыкаралық шарттарда Қазақстан
Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актісі міндетінен өзгеше
ережемен белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық
шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару
талап етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек қатынамтарына
тікелей колданылады.
Азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына
конституциялық құқысын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын
реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы Заң болып табылады. Бұл Заң 2000 жылдың 1
каңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы Казақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақ ҚСР-інің 1972 жылғы
21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап
республика аумағында өз күшін жойды.

2.1. Еңбек құқығының қағидаттары.
Еңбек құқығынын принциптері — еңбек қатынастарын және олармен тығыз
байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатан
бастапқы постулаттар, идеялар.
Қазақстан Республжасының Конституциясында еңбек саласындағы
қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай принциптері баянды етілген: еңбек
бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігін, еркін билік ету, қызмет пен
кәсіп түрін тандау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және
жүмыссыздықтан қорғау (14-бап); денсаулықты қорғау құқығы (29-бап);
бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап); құқықтар мен бостандықтарды
заңмен тыйым салынсаған барлық әдістермен қорғау құқығы (13-бап); еңбегі
үшін ешқандай кемсітушіліксіз және қалауыңның ең аз мөлшерінен кем емес
сыйақы алу құқығы (24, 28-баптар); демалуға құқығы (24-бап). Бұл
конституциялық принциптер еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің
салааралық принциптеріне жатады, еңбек құқығында осы саланың өзіндік
ерекшелігі ескеріле отырып құқықтар нақтыланады және мынадай түрде
беріледі:
1. Еңбек бостандығы еңбек шарты бостандығының салалық принципіне
ауысады.
2. Денсаулық сақтау құқығы қауіпсіздік пен тазалық талап-тарына жауап
беретін еңбек жағдайлары құқығында нақтыланады.
3. Еркін бірлестіктерге құқық — нақ өндірістік кәсіптік мүдделерді
қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігу құқығы — еңбек
құқығы принципіне ауысады.
4. Өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығы ереуілге шығу құқығын
қоса алғанда, оларды шешудің заңмен белгіленген әдістерін падалана отырып
жеке-дара және ұжымдық енбек даулары құқығында нақтыланады.

Қорыта келгенде, еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері
мынада:
1) еңбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым
колдану;
2) жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуге негізделген әдістсрді колдану
3) еңбекте ынталандыру мен міндеттеме әдістерін тиімді қиылыстырып
колдану;
4) еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда келісім және
еңбекті басқаруда міндеттеу қағидаларына сүйену;
Еңбек қатынастарын реттеудің басты әдісі — әлеуметтік -әріптестік
әдіс, оның мынадай түрлері бар. 1) кәсіпорын деңгейінде - ұжымдық шарт; 2)
салалық, жергілікті жер деңгейінде — садалық
жергілікті тарифтік жәнс басқа әлеуметтік-экономикалық келісім: 3)
мемлекет деңгейіндс -Бас келісімдер.
Қолданыста жүргени заңдармен, басқа да нормативтік актілермен қатар
қызметкерлердің меншік иесімен арадағы еңбек қатынастарын реттейтін қайнар
көз - ұжымдық шарт. Бұл жұмыс беруші мен еңбеккерлердің арақатынасынан
туатын екі жақты жазбаша келісім. Қазіргі жағдайда ұжымдық шарттын мақсаты
— мемлекет тарапынан берілген кепілдіктерді көбейту, өйткені онда еңбекті
ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі; жұмыс және демалыс уақытының ұзақтығы;
жұмыспен қамтамасыз етіп, қайта оқыту, әйелдер мен жастар еңбегін қорғау
т.б.секілді еңбеккер мен жұмыс берушінің мүдделерін реттейтін ережелер
белгіленеді.
Ұжымдық құқық жасаудың нәтижесі деп жыл сайын жасалатын Қазақстан
Республикасы Үкіметі, Қазақстан кәсіподактарының федерациясы және жұмыс
берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімді атауға
болады. Ұжымдық келісімдермен бірге жұмыс беруші мен кәсіподақтар
жергілікті ішкі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тәртібінін
ережелерін, ауысым, демалыс беру кестелерін және басқа да құқықтық
келісімдер жасайды.
Еңбектік жеке құқықтар еңбек шарттарымен (контрактілермен)
белгіленеді. Жеке еңбек шартын жасағанда заңмен тыйым салынбайтын іс-
әрекеттердің барлығын да жасауға болады — дейтін қағида жүзеге асырылады.
Еңбек құқығының жүйесі деп құқықтық нормалардың мазмұнды негізде
зерттеліп, бөлінуін айтады.
Барлық құқық салалары құқықтық нормаларды жалпы және ерекше деп
аталатын екі бөлімге беледі.
Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен қайнар көездері, еңбек
қатынастары, еңбек құқығының қағидаттары (принциптері), еңбек құқығының
субъектілер ұжымдық шарттар жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен
демалыс уакыты, жалақы, еңбек тәртібі; материалдық жауапкершілік, еңбекті
қорғау, еңбек даулары қарастырылады. Жалпы және ерекше бөлім өз ара тығыз
байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жалпы
бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды
қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Еңбек құқығы құқық саласының жеке
саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты.
Сонымен бірге еңбек құқығы саласының атқаратын ролі, мәні, құқықтық
реттеу әдісін ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып,
ажыратылады.
Еңбек құқығы азаматтық әкімшілік және әлеуметтік қамсыздандыру
құқықтарымен тығыз байланысты.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Казақстан
Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актілеріндегіден өзгеше
ережелер белгіленсе, аталған шартты ережелесрі қолданылады. Халықаралық
шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару
талап естілетіни жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек
қатынастарына тікелей қолданылады.
Азаматтардың Казақстан Республикасындағы еңбек бостандығына
конституииялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын
реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Казақстан
Республикасындағы еңбек туралы Заң болып табылады. Бұл Заң 2000 жылдың 1
қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақ ҚСР-інің 1972 жылғы
21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап
республика аумағында өз күшін жойды.
Еңбек туралы Заңының күші егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда езгеше көзделмесе, республика
аумағында еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ
адамдарға да қолданылады. Сондай-ақ республика аумағында орналасқан,
құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығынан немесе ішімара) шетелдік
занды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары қолданылады.
Еңбек туралы негізгі заң 9 тараудан, 109 баптан тұрады, және еңбек
қатынастарының осы 3аңға қайшы келмейтін бөлігін сақтап қалған зандар мен
басқа нормативтік құқықтық актілер реттемейтін саласын айқындайды. Оларға,
мысалы, мына заңдар жатады: 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған Ұжымдық
шарттар туралы, 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған Еңбекті қорғау туралы,
1993 жылғы 9 сәуірде қабылданған Кәсіптік одақтар туралы, 1996 жылы 8
шілдеде қабылданған Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы, 2001 жылы
23 каңтарда қабылданған Халықты жұмыспен қамту туралы және т.б. Нарық
жағдайында еңбек құқығын жүзеге асыруда Қазақстан
Республикасының Үкіметі қабылдаған қаулылардың маңызы зор.
Мысалы, Қазақстан Республмкасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтарда
қабылданған Қазақстан Республикасының экономика саласындағы жұмыскерлердің
жалақысы туралы қаулысы. Олда барлық экономика саласындағы қызметкерлерге
арналған жалпы тарифтік тор бекітілген.
Жергілікті мәслихаттарды, әкімдіктердің өз құзімреті шеңберінде
шығаратын шешімдерінің де еңбек кұқықтарын реттеуде маңызы бар.
Еңбек құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сотының Конституциялық Кеңес Пленумдарының нормативтік қаулылары
пайдаланылады. Бұл қаулыларда сот жұмыстарын қарағанға зандарды қолдану
туралы түсініктемелер беріледі. Қаулылар негізінде барлық соттардың
заңдарды қолданғанда олардың мазмұнын бірдей түсініп, бірыңғай тұрғыда
жүзеге асыруын көздейді.
Орталықтандырылған тәртіппен қабылданған норматинтік құқықтық актілер
жалпы ережелгрді белгілейді, ал олар ұйымдарда қолданғанда нақтылауды талап
етеді немесе соған рұқсат береді.
Ұйымдарда қабылданған нормативтік актілер жұмыс беруішнің актілері деп
аталады. Оларға, өкімдер, бұйрықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері
жатады.
Локальды (жергілікті) нормативтік актілерге сонымен қатар ұжымдық
шарттар мен келісімдер сыйлықақы беру ережелері, жылдық қорытынды бойынша
ак ы төлеу тәртібі, т.б. жатады.
Бұл нормативтік актілер біріншіден, ұйымның барлық қызметкерлеріне
қатысты; екіншіден, оларды бұлжытпай орындау барлыө қызметкерлерге
міндеттеледі; үшіншіден, тұрақты (бірнеше рет) қолдануға бағытталған. Бірақ
бұл жергілікті актілер еңбек катынастарын реттейтін басты заңдарға қайшы
келмеуі тиіс.
Қорыта келгенде, еңбек туралы заңнама мынадай негізгі міндеттерді
атқарады:
1) еңбек саласындағгы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін
бекіту;
2) еңбук бостандығы мен жеке еңбек шарттарын жасасу бостандығын
бекемдеу;
3) еңбек қатынастарындағы жұмыс беруші мен қызметкерлердіңц құқықық
мәртебесін белгілеп, айқындау;
4) әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;
5) қызметкерлердің жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету
құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтыру.
2.2. Еңбек қатынастары
Тараптардың жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде қ.ызметін жүзеге
асыруы жөнінде туындайты мен қызметкер арасындағы қатынастары деп танылады.
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызметкер ретінде жеке еңбек
шарты бойынша жұмысқа алынған тұлғалардын немесе өзге де жұмыс берушілерде
(кооперативте, жеке тұлғаларда) қолдану бойынша жұмыс істейтін
қызметкерлердің еңбегін қолдануға байланысты катынастар ғана еңбек
заңдарымен зеттеледі.
Жеке еңбек шарты негізінде туындайтын еңбек құқықтық қатынастарын
мердігерлік, тапсырма, қызмет көрсету және т.б. шарты бойынша ұйымдар үшін
қандай да бір нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке катысуы жөніндегі
басқа қатынастардан ажырата білген жөн. Аталаған шарттар негізінде еңбек
қатынастары емес, азаматтық-құқықтық қатынастар пайда болады да, олар
азаматтық зандармен реттеледі. Еңбек қатымастары мен азаматтық-құқықтық
қатынастардың аражігін айырудың графикалық маңызы бар. Өйткені, еңбек
құқығы қарым-қатынастарға түсуші қызметкерге еңбек заңдарында белгіленген
тәртіппен жыл сайынғы еңбек демалысы берілгенде, еңбекке уақытша жарамсыз
болған кезеңге жәрдемақы төленгелі және т.б. Ал азаматтық-құқықтық шарттар
негізінде тек мүліктік сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік
емес жеке қатынастар туындайды.
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын
қатысушылары болады. Еңбек құқықтық қатынастарының (субъектілері болып
мыналар танылады: азаматтық, жұмыс берушілер, кәсіподақтар, мемлекеттік
органдар.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында қатынастарының мазмұнын
құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Олай болса еңбек қатынастарын өзге құқықтық қатнастардан ажыратудың
мынадай үш ерекше белгілері бар:
1) олар жеке еңбек шарты негінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына
мүше болған қызметкердің кіруімен туындайды;
2) еңбек қатынастары бойынша қызметкер белгілі бір мамандық (кәсіп),
біліктілік немесе қызмет бойынша жумыс атқару міндетін өзіне алады, ал ұйым
аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті еңбек жағдайларын жасау міндетін
алады;
3) еңбек қатынастарының тараптары осы — қызметкер де, жұмыс беруші де
ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады.
Еңбек құқығымен реттелетін қатынастар жүйесін екі топқа бөлуге бслады.
Оның біріншісі жетекші орын алатын еңбек құкықтық қатынастары, ал екінші
топқа еңбек қатынастарымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарынан бұрын,
олармен қатарлас жүретін жоис солардан туындантын қатынастар.
Екінші топтағы қатынастардың бәрі еңбек қатынастарынан тысқары дербес
маңызы болмайды және еңбек қатынастары қазіргі кезде болып отырғанда, не
бұрын болғанда, не олар болашақта болатын болса ғана туындай алады.
Еңбек құқығы саласындағы құқық қатынастары жүйесі мыналарды қамтиды:
- еңбек құқықтық қатынастары;
- еңбекке орналастыру жөніндегі құқықтық қатынастар;
- ұйымдастыру-басқару құқықтық қатынастары;
- ұжымдық шарттың құықтық қатынастары;
- қызметкерлер кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жөніндегі құқықтық қатынастар;
- еңбектің қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуын қадағалау
жөніндегі; құқықтық қатынастар;
- еңбек дауларын қарау жөніндегі құқықтық қатынастар. Бұл құкықтық
қатынастардың бәрі қызметкердің еңбегіне байланысты туымдайды, бірақ пайда
болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері мен мазмұны жағынан ерекшеленеді.
белгілеп береді.

2.4. Еңбек құқығының субъектілері
Кез келген кұкық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер
шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық
жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады.
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыстағы
заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану
мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сактай отырып қатысатын еңбек
қатынастарының қатысушылары танылады.
Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке
қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни, кез келген
меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары, кәсіптік
одақтар және мемлекеттік органдар қатысады.
Алайда, бұл бір қарағандай оңай мәселе емес. Еңбек құқығының
субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға
сәйкес арнайы қасиетке - құқықтық мәртебеге ие болуы тиіс. Бұл мәртебе
оларға қоғамдық еңбекпен байланысты нақты құқықтық қатынастарға қатысу
құқығын береді.
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтык мәртебесі ретінде қолданыстағы
заңнамаға сәйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады.
Құқықтық мәртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады:
а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық деликт қабілеттігі);
ә) негізгі (статуттық) еңбек құқықтар және міндеттер;
б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және арнайы кепілдіктері;
в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік.
Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының әрбір субъектісінің
құқықтык мәртебесін құрайды.
Енді еңбек құқық қабілеттігінен, еңбек әрекет қабілеттігінен және
еңбек деликтқабілеттігінен тұратын еңбек құқық субъектілігін тереңірек
қарастырып өтейік.
Еңбекке құқық қабілеттік - бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек
құқықтары мен міндеттерін иелену кабілеті, яғни, еңбек құқығы
қатынастарының қатысушысы болудың теориялық мүмкіндігі немесе қабілеті. Бұл
дегеніміз, белгілі бір жағдайлар болған жағдайда - азаматтар үшін белгілі
бір жасқа жету, заңды тұлғалар үшін шаруашылық немесе мүліктік және
оралымды басқару оқшаулығына жету — олар еңбек құқығы қатынастарының
субъектісі болуға және кұқықтар мен міндеттерді иеленуге қабілетті болады.
Яғни, кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеуге және жұмыс беруге
қабілетті.
Еңбекке әрекет қабілеттік - бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын
құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз әрекеттері арқылы иелену
қабілеті. Басқаша айтар болсақ еңбекке әрекет қабілеттік азаматтың,
ұйымның, еңбек ұжымының өз әрекеттері арқылы еңбек саласындағы субъективтік
құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс іздеп,
халықты жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға түссе, ол өзінің
жұмыс істеуге қатысты әрекеттері арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін
иеленеді. Жұмыс беруші - жеке немесе заңды тұлға, өзіне қызметкерлерді
таңдау және жұмыс істеуші тұлғаларға жұмыс беруі арқылы еңбек құқықтары мен
міндеттерін иеленеді.
Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі - оларда еңбекке құқық
қабілеттік пен әрекет қабілеттік бір мезгілде болуы тиіс. Есте сақтайтын
бір жайт: еңбекке құқық әрекет қабілеттік дегеніміз бұл тек еңбек құқығының
субъектілері ғана иеленетін ерекше қасиет.
Субъективтік кұқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкін. Оларды
нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік
құқықтар мен міндеттерден ажырата білу қажет. Заңдардан туындайтын
субъективтік құқықтар мен міндеттерді статустық деп атайды. Олар еңбек
құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесінің негізін құрайды және еңбек
саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. Еңбек құқығы
субъектісінің негізгі статуттық құқықтары мен міндеттерінің тізімі әр түрлі
сипатқа ие және олар өздерінің әлеуметтік мақсатымен, еңбек саласында
атқаратын функциялардың сипатымен ерекшеленеді.
ҚР Конституциясына сәйкес азаматтың еңбек құқығының субъекті ІІІ-І
ретіндегі құқықтық мәртебесі барлык азаматтар үшін тең. Алайда, оны
қызметкердің құқықтық мәртебесінен ажырата білген жөн (бұны азамат еңбек
шартын бекітіп, қызмет берушімен еңбек құқығы қатынастарына түскен кезде
иеленеді). Бұл кезде қызметкердің құқықтық мәртебесі еңбек заңдарымен
анықталады,
Азамат жұмыс іздеп, жұмысқа орналастыру бойынша органдармен құқықтық
қатынастарға түскен кезде еңбек құқығының субъектісіне айналады. Ал
қызметкердің құқықтық мәртебесі, ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан
кезде туындайды. Сонымен, азаматтың құқықтық мәртебесі ол жұмысқа
орналасқан кезде қызметкердің құқықтық мәртебесіне айналады.
Негізгі (статуттық) еңбек құқыктары мен міндеттері. Бұл құқықтар мен
міндеттер ҚР Конституциясында және еңбек саласындағы нормативтік құқықтық
актілерде көрсетілген. Оларға еңбекке құқық, мемлекетпен кепілденген ең
төменгі жалақыға құқық, демалуға құқық, еңбектің қауіпсіз жағдайларына
құқык, кәсіби дайындыққа жэне біліктілігін көтеруте құқық, кәсіподақтарға
бірігу құқығы, еңбек тәртібін сақтау міндеті, еңбек нормасын орындау
міндеті, сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті және т.б. жатады.
Статуттық құқықтар мен міндеттер еңбек құқығының субъектілері болып
табылатын барлық қызметкерлерге таралады. Бұл құқықтар мен міндеттер
қызметкерлердің еңбек қатынастары және еңбек үрдісіндегі жүріс-тұрысын
анықтайды. Статуттық құқықтар мен міндеттердің мазмұны әрекет ету, талап
ету, міндеттеу, құқықтар мен міндеттерді пайдалану мүмкіндіктерінен және
еңбек құқығының өзге де субъектілерінің мүдделері мен қажеттіліктерін
белгіленген шекте қанағаттандыру міндетінен көрініс табады.
Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және ерекше кепілдіктері
келесідей: біріншіден, олар ҚР Конституциясымен кепілденген, екіншіден,
заңдар еңбек құқығы субъектілерінің құқық бұзушылықтарының алдын-алады;
үшіншіден, міндетті тұлғалардың әрекет ету шектерін белгілейді;
төртіншіден, аталған құқықтарды бұзатын әрекеттерге шағымдануға мүмкіндік
береді және бесіншіден, кінәлі тұлғалардың құқық бұзушылыктарының
нәтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді.
Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен міндеттерін заңды тұрғыдан кепілдеудің
өзіне тән ерекшелігі болып осы кепілдіктерді жүзеге асыруға кызметкерлердің
құқықтары мен мүдделерінің заңды өкілдері болып табылатын еңбек ұжымдары
мен кәсіподақтардың қатысуы табылады.
2.5. Азаматтар енбек кұкығының субъектілері ретінде.
Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп және ең
кең таралған тобы. Азаматтар еңбек кұкыкғының субъекті-лері ретінде
жалданбалы еңбек кызметкерлеріне, кэсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік
иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек кыз-меткерлері, өз кезегінде,
жүмысшыларға, инженерлік-техникалык кұрамға, кызметшілерге, жү_мыс істейтін
зейнеткерлерге жэне т.б. бөлінеді.
Осыған сәйкес азаматтар мэртебесінің кептеген түрлерін де бөлу-ге
болады.
Алайда, барлык азаматтарға еңбек кұкык кабілеттігінің жалпы та-лаптары
да таралады, олар: жасына катысты қойылатын талап, ерікті жэне әлеуметтік
талаптар.
Азаматгардың еңбек кұкығының субъектілері ретінде еңбекке қаты-сты іс
жүзіндегі кабілеті болуы тиіс. Әрине, бүл кабілеттер жекеле-ген адамньщ
дене жэне акыл-ой ерекшеліктеріне байланысты бола-ды. Мүндай кабілеттер
адамға туа бітпейді. Тэжірибе көрсетіп отырғандай, адамның еңбекке катысты
іс жүзіндегі қабілеті ерте, шамамен төрт жасынатаман пайда болады. Адам
өскен сайын еңбек-ке катысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. Алайда,
заңнама азамат-тарда жай еңбекке қатысты емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі
Еңбек құқығы субъектісі
Еңбек құқығының субъектілері
Енбек құқығы субъектілері
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбегін реттеу
Еңбек құқығының субъектілері туралы мәліметтер
Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі
Еңбек құқығындағы қатынастарға түсетін субьектілерді сипаттау
Пәндер