Еңбек шартының нысанасы
ЖАЛПЫ БӨЛIМ
1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшiлердiң қазыналық
кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске
асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға
және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық
өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi;
2) азаматтық қызметшi - Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде
ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын
iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге
асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық
өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам;
3) айлық жалақының ең төменгi мөлшерi - бiлiктiлiктi қажет етпейтiн
қарапайым (онша күрделi емес) еңбек қызметкерi осы Кодексте белгiленген
қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезiнде еңбек
нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған кезде бiр айда оған төленетiн
ақшалай төлемдердiң кепiлдiк берiлген ең төменгi мөлшерi;
4) арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк
факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап, өзге де
нәрселер;
5) ауыр жұмыстар - қызметкердiң ауыр заттарды қолмен көтеруiне немесе
жылжытуына байланысты қызмет түрлерi не 250 ккалсағаттан астам күш-қуат
жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;
6) ауысымдық жұмыс - тәулiк iшiнде екi не үш немесе төрт жұмыс
ауысымындағы жұмыс;
7) әлеуметтiк әрiптестiк - қызметкерлер қызметкерлердiң өкiлдерi,
жұмыс берушiлер (жұмыс берушiлердiң өкiлдерi), мемлекеттiк органдар
арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тiкелей байланысты өзге де
қатынастарды реттеу мәселелерi бойынша олардың мүдделерiн үйлестiрудi
қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесi;
8) бас, салалық (тарифтiк), өңiрлiк келiсiм (бұдан әрi - келiсiм) -
әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының арасында жасалатын, келiсiмнiң мазмұнын
және республикалық, салалық және өңiрлiк деңгейлерде қызметкерлер үшiн
еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтiк кепiлдiктердi белгiлеу
жөнiндегi тараптардың мiндеттемелерiн айқындайтын құқықтық акт;
9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық,
өзге де өндiрiстiк немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың
уақытша тоқтап тұруы;
10) бiлiктiлiк санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделiлiгiн
көрсететiн, қызметкердiң бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар деңгейi;
11) бiтiмгерлiк комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бiтiмге
келтiру жолымен реттеу үшiн жұмыс берушiлер мен қызметкерлер (олардың
өкiлдерi) арасындағы келiсiм бойынша құрылатын орган;
12) бiтiмгерлiк рәсiмдерi - ұжымдық еңбек дауын алғашында -
бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жетпеген кезде еңбек
төрелiк сотында өз кезегiмен қарау;
13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнiнде
қызмет көрсету үшiн тартатын жеке немесе заңды тұлға;
14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгiленген
жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердiң жыл сайынғы
үзiлiссiз тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтiк мақсаттар үшiн
қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату;
15) еңбек - адам мен қоғамның өмiрiне және қажеттiлiктерiн
қанағаттандыруға қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды
жасауға бағытталған адам қызметi;
16) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ келiсiмдерге, еңбек
шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес қызметкерге
еңбегi үшiн берiлетiн сыйақының мiндеттi төлемiн жұмыс берушiнiң қамтамасыз
етуiне байланысты қатынастар жүйесi;
17) еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты (ЕАТС) - ауыр
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда
iстейтiн қызметкердiң айлық жалақысының сақталуына кепiлдiк берiлгенең
төменгi мөлшерi, бұған жұмыс процесiнде зиянды және (немесе) қауiптi
өндiрiстiк факторлардың әсерiне ұшырайтын қызметкердiң өмiрлiк күшi мен
қуатын қалпына келтiруге қажеттi азық-түлiк өнiмдерiнiң, тауарлар мен
көрсетiлетiн қызметтердiң ең төменгi жиынтығы кiредi;
18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк
орта мен еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi санитарлық-
эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешенi;
19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану,
келiсiмдердiң, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс берушi
актiлерiнiң талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелерi бойынша қызметкер
(қызметкерлер) мен жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлердiң) арасындағы
келiспеушiлiктер;
20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту
мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту
агенттiгi көрсететiн жәрдем;
21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен
тынығу уақытының режимi жағдайлары, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару,
қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердiң
мiндеттерiн атқару, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау тәртiбi,
техникалық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келiсуi
бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - еңбек қатынастары
саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
23) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық
бөлiмшелерi - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiк шегiнде еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктердi Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;
24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында,
еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге
асыру үшiн қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында туындайтын қатынастар;
25) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты қатынастар - осы Кодексте
көзделген жағдайларда еңбектi ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа
орналастыруға, кәсiптiк даярлауға, қызметкерлердi қайта даярлауға және
олардың бiлiктiлiгiн арттыруға, әлеуметтiк әрiптестiкке, ұжымдық шарттар
мен келiсiмдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгiлеуге қызметкерлердiң
(қызметкерлер өкiлдерiнiң) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын
қатынастар;
26) еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге
зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiн болғызбайтын iс-
шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкерлердiң қорғалу жай-күйi;
27) еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары - қызметкер еңбек мiндеттерiн
орындаған кезде еңбек процесi мен өндiрiстiк ортаның еңбек қауiпсiздiгi
талаптарына сәйкестiгi;
28) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мониторингi - өндiрiстегi
еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi,
сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн бағалау
мен болжау;
29) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер -
эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және
еңбектiң қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететiн өзге де талаптар;
30) еңбек мiндеттерi - қызметкер мен жұмыс берушiнiң Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, жұмыс берушiнiң
актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келiсiлген мiндеттемелерi;
31) еңбек стажы - қызметкер еңбек мiндеттерiн жүзеге асыруға жұмсаған,
күнтiзбемен есептелген уақыт;
32) еңбек тәртiбi - жұмыс берушi мен қызметкерлердiң Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сондай-ақ келiсiмдерде,
еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, құрылтай
құжаттарында белгiленген мiндеттемелердi тиiсiнше орындауы;
33) еңбек тәртiптемесi - қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң еңбектi
ұйымдастыру жөнiндегi қатынастарын реттеу тәртiбi;
34) еңбек төрелiк соты - бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол
жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшiн ұжымдық еңбек дауының тараптары
уәкiлеттi адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс iстейтiн орган;
35) еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру-
техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және
өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесiнде
қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жүйесi;
36) еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор - еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын
қызметкерлер өкiлi;
37) еңбектi нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында
қызметкерлердiң жұмысты орындауға (өнiм бiрлiгiн дайындауға) арналған
қажеттi еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негiзiнде еңбек
нормаларын белгiлеу;
38) еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - жұмыс берушiнiң қызметкерге зиянды
және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтындай не олардың
әсер ету деңгейi қауiпсiздiк нормаларынан аспайтындай етiп жасаған еңбек
жағдайлары;
39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша
келiсiм, бұған сәйкес қызметкер белгiлi бiр жұмысты (еңбек функциясын) жеке
өзi орындауға, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн сақтауға мiндеттенедi, ал
жұмыс берушi қызметкерге келiсiлген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге,
осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнде, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген
еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде
жалақы төлеуге мiндеттенедi;
40) ереуiл - жұмыс берушiмен ұжымдық еңбек дауында өздерiнiң
әлеуметтiк-экономикалық және кәсiптiк талаптарын қанағаттандыру мақсатында
жұмысты толық немесе iшiнара тоқтату;
41) жалақы - қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың
күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшiн
төленетiн сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
42) жеке қорғану заттары - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi
өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар, соның iшiнде
арнайы киiм;
43) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе
заңды тұлға;
44) жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - құрылтай құжаттары немесе сенiмхат
негiзiнде жұмыс берушiнiң немесе жұмыс берушiлер тобының мүдделерiн
бiлдiруге уәкiлеттi жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
45) жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушi шығаратын бұйрықтар,
өкiмдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерi;
46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге
жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-
шаралар кешенi;
47) жұмыс орны - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде еңбек
мiндеттерiн орындауы кезiнде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары
мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына және
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының
бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк
сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да
қызметшiлер лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес
белгiлi бiр күрделiлiкке жатқызу;
49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушiнiң актiлерiне және еңбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындайтын уақыт, сондай-ақ
осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдерi;
50) жұмыс уақытының жиынтық есебi - жұмыс берушi белгiлеген, бiр
жылдан асыруға болмайтын есептiк кезеңдегi жұмыс уақытын жинақтау жолымен
есептелген жұмыс уақытының есебi;
51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiстiк
факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе
сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп
соқтыратын еңбек жағдайлары;
52) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына
немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне және (немесе) оның ұрпақтарының
денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
53) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн
орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен
туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
54) кепiлдiктер - қызметкерлерге әлеуметтiк-еңбек қатынастары
саласында берiлген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге
көмектесетiн құралдар, тәсiлдер мен жағдайлар;
55) қауiпсiздiк нормалары - қызметкерлердiң еңбек қызметi
процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған
ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге
де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету
тұрғысынан өндiрiс жағдайларын, өндiрiстiк және еңбек процесiн сипаттайтын
сапалық және сандық көрсеткiштер;
56) қауiптi еңбек жағдайлары - еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған
жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың
әсерi қызметкердiң жарақаттануына, кәсiптiк ауруға шалдығуына,
денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның
салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуы,
кәсiптiк ауруға шалдығуы не өлiмi туындайтын еңбек жағдайлары;
57) қауiптi өндiрiстiк фактор - қызметкерге әсер етуi еңбекке
қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндiрiстiк жарақатқа
немесе кәсiптiк ауруға) немесе өлiмге әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк
фактор;
58) қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердiң негiзгi жұмысынан бос
уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетiн басқа жұмысты
орындауы;
59) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке
еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға;
60) қызметкерлер өкiлдерi - кәсiптiк одақтардың, олардың
бiрлестiктерiнiң органдары және (немесе) қызметкерлер уәкiлеттiк берген
өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
61) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және
мемлекеттiк мереке күндерi;
62) негiзгi жалақы - жалақының тарифтiк ставка, лауазымдық айлықақы,
кесiмдi бағалау бойынша төлемдi қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлiгi
және еңбек заңнамасында, салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе)
еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
63) өндiрiстегi жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн
немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындауы кезiнде, қызметкердiң
өндiрiстiк жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы
салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуына,
кәсiптiк ауруға шалдығуына не өлiмiне әкеп соқтырған зиянды және (немесе)
қауiптi өндiрiстiк фактордың қызметкерге әсер етуi;
64) өндiрiстiк жабдық - машиналар, тетiктер, құрылғылар,
аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндiрiске қажеттi өзге де техникалық
құралдар;
65) өндiрiстiк жарақат - қызметкер еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде
алған, оның еңбекке қабiлеттiлiгiн жоюға әкеп соққан, денсаулығының
зақымдануы;
66) өндiрiстiк қажеттiлiк - дүлей апатты, аварияны болғызбау
немесе жою немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым
оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау
үшiн және басқа да ерекше жағдайларда, сондай-ақ жоқ қызметкердi алмастыру
үшiн жұмыстар орындау;
67) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттау - өндiрiстiк объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс
орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн,
зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және
өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында бағалау жөнiндегi қызмет;
68) өндiрiстiк санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың
қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық,
ұйымдастыру iс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;
69) өтемақы төлемдерi - жұмыстың ерекше режимi мен еңбек
жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн немесе
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi
орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;
70) тарифтiк жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесiнiң бiр түрi, онда
қызметкерлердiң жалақысы тарифтiк ставкалар (айлықақылар) және тарифтiк
кестелер негiзiнде сараланып айқындалады;
71) тарифтiк кесте - орындалатын жұмыстардың күрделiлiк және
қызметкерлердiң бiлiктiлiк белгiсi бойынша саралауды көздейтiн тарифтiк
разрядтар мен тарифтiк коэффициенттердiң жиынтығы;
72) тарифтiк разряд - жұмыстың күрделiлiк деңгейi және осы
жұмысты орындау үшiн қажеттi бiлiктiлiк деңгейiнiң көрсеткiшi;
73) тарифтiк ставка (айлықақы) - қызметкердiң уақыт бiрлiгi
iшiнде белгiлi бiр күрделiлiктегi (бiлiктiлiктегi) еңбек нормасын (еңбек
мiндеттерiн) орындағаны үшiн еңбегiне ақы төлеудiң белгiленген мөлшерi;
74) тәртiптiк жаза - тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн жұмыс
берушiнiң қызметкерге қолданатын тәртiптiк әсер ету шарасы;
75) тәртiптiк терiс қылық - қызметкердiң еңбек тәртiбiн бұзуы,
сондай-ақ еңбек мiндеттерiн құқыққа қайшы келетiндей кiнәмен орындамауы
немесе тиiсiнше орындамауы;
76) тынығу уақыты - қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындаудан
бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
77) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстейтiн екi немесе одан
да көп адамды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен
бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;
78) ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын
реттейтiн, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша
келiсiм нысанындағы құқықтық акт;
79) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша
орындайтын, жұмыс уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс жұмыс;
80) хабарлама - қызметкердiң немесе жұмыс берушiнiң жазбаша
өтiнiшi не өзге тәсiлмен (курьерлiк почта, почта байланысы, факсимильдi
байланыс және электрондық почта арқылы) берiлген өтiнiштер;
81) iссапар - жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты
жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн
жiберу, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға
немесе қайта даярлауға жiберу.
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнаулы
ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын
мағыналарда пайдаланылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының
заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнен тұрады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтiк әрiптестiк
пен еңбектi қорғау қатынастарын реттейтiн нормаларды енгiзуге тыйым
салынады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда
халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап
етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына
тiкелей қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен
мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек
қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де
қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн
қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен
кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мiндеттерi еңбек
қатынастары тараптары мүдделерiнiң теңгерiмiне, экономикалық өсуге қол
жеткiзуге, өндiрiс тиiмдiлiгi мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға
бағытталған қажеттi құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол
бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар
түрлерiне тыйым салу;
4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына
құқықты қамтамасыз ету;
5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi
мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi
сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен
мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтiк әрiптестiк;
11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк
реттеу;
12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып
табылады.
5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуiне жол бермеу
Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
көзделген жағдайлар мен тәртiптен басқа, ешкiмнiң де еңбек саласындағы
құқықтарына шек қойылмайды.
6-бап. Еңбек бостандығы
Әркiмнiң де еңбектi еркiн таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын
кемсiтушiлiксiз және мәжбүрлеусiз еркiн келiсуге құқығы, өзiнiң еңбекке
қабiлеттiлiгiне иелiк етуге, кәсiп және қызмет түрiн таңдауға құқығы бар.
7-бап. Еңбек саласындағы кемсiтушiлiкке тыйым салу
1. Әркiмнiң де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын
iске асыруға тең мүмкiндiктерi бар.
2. Ешкiмдi де өзiнiң еңбек құқықтарын iске асыру кезiнде
жынысына, жасына, дене кемiстiктерiне, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiктiк,
әлеуметтiк және лауазымдық жағдайына, тұратын жерiне, дiнге көзқарасына,
саяси сенiмiне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бiрлестiктерге
қатыстылығына байланысты ешқандай кемсiтуге болмайды.
3. Еңбектiң осы түрiне тән талаптармен айқындалатын не
әлеуметтiк және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнiнде
мемлекеттiң ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешелiктер, ерекшелiктер,
артықшылықтар мен шектеулер кемсiтушiлiк болып табылмайды.
4. Еңбек саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа немесе
өзге де орындарға жүгiнуге құқылы.
8-бап. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салу. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салынған.
Мәжбүрлi еңбек, мынадай жұмыстарды:
Қазақстан Республикасының мiндеттi әскери қызмет туралы заңдарына орай
талап етiлетiн;
азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әдеттегi
азаматтық мiндеттерiнiң бөлiгi болып табылатын;
жұмыс мемлекеттiк органдардың қадағалауымен және бақылауымен
жүргiзiлетiн және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды
тұлғалардың билiгiне берiлмейтiн немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да
бiр адамнан соттың заңды күшiне енген үкiмiне байланысты талап етiлетiн;
төтенше жағдайлар немесе соғыс жағдайында талап етiлетiн;
ұжымның тiкелей пайдасы үшiн осы ұжым мүшелерi орындайтын және сол
себептi, олардың немесе олардың өкiлдерiнiң бұл жұмыстардың орындылығына
қатысты өз пiкiрiн айтуға құқығы болған жағдайда, ұжым мүшелерiнiң әдеттегi
азаматтық мiндеттерi болып есептелетiн жұмыстарды қоспағанда, қандай да бiр
адамнан қандай да бiр жаза қолдану қаупiмен талап етiлетiн, оны орындау
үшiн бұл адам ерiктi түрде өз қызметiн ұсынбаған кез келген жұмысты немесе
қызметтi бiлдiредi.
9-бап. Осы Кодекстiң қолданылу аясы
1. Осы Кодекс:
1) еңбек;
2) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты;
3) әлеуметтiк әрiптестiк;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi
қатынастарды реттейдi.
2. Осы Кодекс, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:
1) қызметкерлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары
немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын,
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлерiне;
2) жұмыс берушiлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.
3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбегiн құқықтық реттеудiң
ерекшелiктерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында белгiленедi.
4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгiленген
құқықтар, бостандықтар мен кепiлдiктер деңгейiн төмендетпеуге тиiс.
10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының
келiсiмдерi, ұжымдық шарттар, жұмыс берушiнiң еңбек саласындағы актiлерi
1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тiкелей байланысты
өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушiнiң актiсiнде, келiсiмде
және ұжымдық шартта реттеледi.
2. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiсiмдерiнiң, ұжымдық шарттың,
еңбек шартының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi
жарамсыз деп танылады.
3. Келiсiмдердiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары бiржақты
тәртiппен өзгертiлмейдi.
11-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерi
1. Жұмыс берушi осы Кодекске және өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерге, еңбек шартына, келiсiмдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыретi
шегiнде актiлер шығарады.
2. Жұмыс берушi осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда,
қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша немесе пiкiрiн ескере отырып,
актiлер шығарады.
3. Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық
шартпен, келiсiмдермен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын
не осы баптың 2-тармағында көрсетiлген рәсiмдер сақталмай шығарылған
актiлерi жарамсыз болып табылады.
12-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерiн шығару кезiнде қызметкерлер
өкiлдерiнiң пiкiрiн ескеру немесе олармен келiсу тәртiбi
1. Жұмыс берушi осы Кодексте, келiсiмдерде, ұжымдық шартта көзделген
жағдайларда қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескере отырып немесе олармен
келiсе отырып актiлер шығарады.
2. Актiнi шығарар алдында жұмыс берушi оның жобасын және ол бойынша
негiздеменi осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес құрылған комиссияға ұсынады.
3. Жұмыс берушi актiсiнiң жобасы табыс етiлген күннен бастап үш
жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде комиссияда талқыланады.
4. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, онда
қызметкерлер өкiлдерiнiң жұмыс берушi актiсiнiң жобасымен келiсетiнi
(келiспейтiнi) көрсетiледi, олардың ұсыныстары болса жазылады.
5. Егер қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiнде жұмыс берушi
актiсiнiң жобасына келiсiм болмаған не оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар
болған жағдайда, жұмыс берушi:
1) келiскен жағдайда қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстары
ескерiле отырып өзгертiлген акт шығарады;
2) келiспеген жағдайда қызметкерлер өкiлдерiмен қосымша
консультациялар өткiзуге не олар ұсынған редакциядағы актiнi шығаруға
құқылы.
6. Шығару үшiн осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi
қажет болатын жұмыс берушi актiлерiнiң жобалары бойынша келiсiмге келмеген
жағдайда, туындаған келiспеушiлiктер хаттамамен ресiмделедi, осыдан кейiн
жұмыс берушi нормативтiк актiнi қабылдауға құқылы.
7. Жұмыс берушi ұсыныстарды толығымен не бiр бөлiгiн ескермей акт
шығарған кезде қызметкерлер өкiлдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен
ұжымдық еңбек дауы рәсiмiн бастауға құқылы.
8. Егер жұмыс берушiнiң шығарған актiсiнде қызметкерлердiң осы
Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде көзделген құқықтары
мен кепiлдiктерiн бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, оған
еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi мемлекеттiк еңбек
инспекциясына не сотқа шағым жасауға болады.
13-бап. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдердi есептеу
1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келiсiмдерде
белгiленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен
немесе күндермен есептелетiн уақыт кезеңiнiң аяқталуымен айқындалады.
Мерзiм басталуға тиiс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкiн.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзiм жұмыс күндерiмен
есептеледi.
3. Уақыт кезеңiмен айқындалатын мерзiмнiң ағымы оқиғаның басталуы
белгiленген күнтiзбелiк күннен кейiнгi күнi басталады.
4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетiн мерзiмдер соңғы жылдың,
айдың, аптаның тиiстi күндерi бiтедi. Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң
бiтуi тиiстi күнi жоқ айға келетiн болса, онда мерзiм осы айдың соңғы күнi
бiтедi. Күнтiзбелiк апталармен немесе күндермен есептелетiн мерзiмге жұмыс
күнi емес күндер де қосылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс
күнi емес күнге келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң
аяқталған күнi болып есептеледi.
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰЗЫРЕТI
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң еңбек қатынастарын
реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын
қамтамасыз етедi;
2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк
бағдарламалардың әзiрленуiн және орындалуын ұйымдастырады;
3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк
бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат
беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
5) шетелдiк жұмыс күшiн тарту тәртiбiн белгiлейдi;
6) еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша әлеуметтiк
жәрдемақының мөлшерiн, оны тағайындау және төлеу тәртiбiн айқындайды;
7) екi айдан астам еңбекке уақытша қабiлетсiздiк мерзiмi
белгiленуi мүмкiн ауру түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
8) орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi;
9) Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық
компаниялардың, акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы
төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;
10) азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшiнiң бос
лауазымына тұруға конкурс өткiзу тәртiбiн айқындайды;
11) азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
12) жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiмен және
қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiмен бас келiсiм жасасады;
13) тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi
қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн
белгiлейдi;
14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар
қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн бекiтедi;
15) ұйымда кадрларды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және
олардың бiлiктiлiгiн арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
16) салалық келiсiмдерде айқындалатын салалық арттырушы
коэффициенттердi бекiтедi;
17) бес адамнан көп адам қаза тапқан кезде топтық жазатайым
оқиғаларды тергеуге комиссия құрады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
16-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның еңбек
қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:

мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) қызметтiң барлық салаларына арналған еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгiлейтiн Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы
мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына
мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады;
4) мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi
қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi қызметiн
үйлестiредi;
5) еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласында
басқа мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ қызметкерлердiң және жұмыс
берушiлердiң өкiлдерiмен үйлестiрудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
6) еңбек кiтапшаларының нысанын, оларды жүргiзу және сақтау тәртiбiн
белгiлейдi;
7) еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi ауыстыру және
қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
8) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда
еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
9) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар
қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi бойынша параметрлердi ұсыну,
қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде жасалған
салалық келiсiмдер мен өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;
11) мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды
жүргiзедi;
12) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудiң уақтылы және
объективтi жүргiзiлуiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен бақылауды жүзеге асырады;
13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары
жөнiндегi зерттеу бағдарламаларын әзiрлейдi;
15) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-
профилактикалық тағам, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке
қорғану құралдарын беру тәртiбi мен нормаларын әзiрлеп, бекiтедi, сондай-ақ
қызметкерлердi ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;
16) анықтамалықтарды, бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеу, қайта
қарау, бекiту және қолдану тәртiбiн айқындайды;
17) экономикалық қызметтiң әрқилы түрдегi ұйымдарының басшылары,
мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк
сипаттамаларын қарайды және келiседi;
18) тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
органдардың еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi бекiту
тәртiбiн айқындайды;
19) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсiм бойынша он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға
тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, он сегiз жасқа толмаған
қызметкерлердiң ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шектi нормаларын
айқындайды;
20) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсiм бойынша әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың
тiзiмiн, әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруiнiң және жылжытуының шектi
нормаларын айқындайды;
21) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi
өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр
жұмыстардың, жұмыстардың тiзбесiн айқындайды;
22) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында
мониторингтi және тәуекелдi бағалауды ұйымдастырады;
23) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi
мерзiмдiк аттестаттау тәртiбiн белгiлейдi;
24) Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi
туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi.
17-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық
бөлiмшелерiнiң еңбек қатынастар реттеу саласындағы құзыретi
Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық
бөлiмшелерi:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушiлер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингiн
жүзеге асырады;
3) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк
уланулардың себептерiне талдау жүргiзедi және олардың алдын алу жөнiнде
ұсыныстар әзiрлейдi;
4) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен тексередi;
5) басшы қызметкерлердiң және жұмыс берушiлерде еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн еңбек
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ережелерге сәйкес тексерудi
жүргiзедi;
6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау
жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
7) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi
бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
8) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн
қарайды.
18-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың еңбек қатынастарын реттеу
саласындағы құзыретi
Жергiлiктi атқарушы органдар:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн
жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмысшы күшiн тартуға рұқсат бередi;
2) жергiлiктi өкiлдi органның келiсiмiмен ауылдық (селолық) жерде
жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,
мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк
келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;
4) халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық
көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететiн ұйымдар)
ереуiл өткiзудi келiседi;
5) жұмыс берушiлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң
өңiрлiк бiрлестiктерiмен өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) келiсiмдер
жасайды;
6) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн
ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек нормаларын және еңбегiне ақы төлеу жүйесiнiң
параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген
тәртiппен қарайды және келiседi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық
санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi.
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТIЛЕРI. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ
НЕГIЗДЕРI
19-бап. Еңбек қатынастарының субъектiлерi
1. Қызметкер мен жұмыс берушi еңбек қатынастарының субъектiлерi болып
табылады.
Шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң басшысы осы заңды
тұлға атынан жұмыс берушiнiң барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық
мiндеттерiн орындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтiк құқықтық актiлер, сот
шешiмдерi, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенiмхат негiзiнде өздерiне
берiлген өкiлеттiктер шегiнде қызметкерлердiң немесе жұмыс берушiнiң
мүдделерiн бiлдiредi.
20-бап. Еңбек қатынастарының туындау негiздерi
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды
қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында осы
Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негiзiнде туындайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында,
жұмыс берушiнiң актiлерiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен еңбек
шартын жасау алдында:
1) лауазымға сайлану (сайлау);
2) тиiстi лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;
3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекiту;
4) заңда уәкiлеттiк берiлген органдардың белгiленген квота есебiне
жұмысқа жiберуi;
5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешiмiн шығару рәсiмдерi болуы
мүмкiн.
21-бап. Белгiленген квота есебiне жiберiлген азаматтармен еңбек шартын
жасасу
1. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында
айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi.
2. Жұмысқа орналасу үшiн жiберiлген адамдардың бiлiктiлiгi жұмыс
берушiнiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушiлер белгiленген
квота шегiнде олармен еңбек шартын жасасады.
22-бап. Қызметкердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
1. Қызметкердiң:
1) осы Кодексте көзделген тәртiппен және жағдайларда еңбек шартын
жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
2) жұмыс берушiден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын
орындауды талап етуге;
3) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы толық және
дәйектi ақпарат алуға;
5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және
толық көлемде жалақы төленуiне;
6) бос тұрып қалу үшiн осы Кодекске сәйкес ақы алуға;
7) тынығуға, оның iшiнде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз
еңбек құқықтарының берiлуi мен оларды қорғау үшiн, кәсiподақ немесе басқа
да бiрлестiктер құру, сондай-ақ оларға мүшелiк құқығын қоса алғанда,
бiрiгуге;
9) өзiнiң өкiлдерi арқылы ұжымдық келiссөздерге қатысуға және
ұжымдық шарт жобасын әзiрлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен
танысуға;
10) осы Кодексте көзделген тәртiппен кәсiптiк даярлықтан, қайта
даярлықтан өтуге және өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға;
11) еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты денсаулығына келтiрiлген
зиянды өтетуге;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда
мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға;
13) кепiлдiктерге және өтемақы төлемдерiне;
14) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн заңға қайшы келмейтiн
барлық тәсiлдермен қорғауға;
15) бiрдей еңбегi үшiн қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы алуға;
16) еңбек дауын шешу үшiн таңдауы бойынша келiсiм комиссиясына, сотқа
жүгiнуге;
17) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес
жабдықталған жұмыс орнына;
18) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген
талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен
қамтамасыз етiлуге;
19) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай
туындаған кезде, бұл туралы тiкелей басшы немесе жұмыс берушiнiң өкiлiн
хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
20) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес
келмеуi себептi ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының
сақталуына;
21) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық
бөлiмшелерiне өзiнiң жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
жағдайларын тексеру туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын,
қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi
тексеру мен қарауға өкiлдiкпен қатысуға;
22) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
саласындағы iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;
23) бiлiктiлiгiне, еңбектiң күрделiлiгiне, орындалған жұмыстың саны
мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегiне ақы төленуiне;
24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және
ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;
25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
белгiленген тәртiппен, ереуiлге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық
еңбек дауларын шешуге құқығы бар.
2. Қызметкер:
1) еңбек мiндеттерiн еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушiнiң
актiлерiне сәйкес орындауға;
2) еңбек тәртiбiн сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт
қауiпсiздiгi мен өндiрiстiк санитария жөнiндегi талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушiнiң және қызметкерлердiң мүлкiне ұқыпты қарауға;
5) адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жұмыс берушi мен қызметкерлер
мүлкiнiң сақталуына қауiп төндiретiн ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып
қалу туындағаны туралы жұмыс берушiге хабарлауға;
6) еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған
мемлекеттiк құпияны, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де
құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
7) жұмыс берушiге келтiрiлген зиянды осы Кодексте белгiленген шектерде
өтеуге мiндеттi.
3. Қызметкердiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және
ол өзге де мiндеттердi атқарады.
23-бап. Жұмыс берушiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
1. Жұмыс берушiнiң:
1) жұмысқа қабылдау кезiнде таңдау еркiндiгiне;
2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртiппен және
негiздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
3) өз өкiлеттiгi шегiнде жұмыс берушiнiң актiлерiн шығаруға құқығы
бар.
Еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты актiлер шығару осы Кодекстiң
48-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
4) өз құқықтары мен мүдделерiне өкiлдiк ету және оларды қорғау
мақсатында бiрлестiктер құруға және оларға кiруге;
5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек
тәртiптемесi ережелерiнiң және жұмыс берушiнiң басқа да актiлерiнiң
орындалуын талап етуге;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен қызметкерлердi
көтермелеуге, оларға тәртiптiк жаза қолдануға, қызметкерлердi материалдық
жауапкершiлiкке тартуға;
7) еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң келтiрген зиянын
өтетуге;
8) еңбек саласындағы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау
мақсатында сотқа жүгiнуге;
9) қызметкерге сынақ мерзiмiн белгiлеуге;
10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертiлген болса,
қызметкердi оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
2. Жұмыс берушi:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келiсiмдердiң, ұжымдық
шарттың, еңбек шартының, өздерi шығарған актiлердiң талаптарын сақтауға;
2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгiленген тәртiппен және
жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi бақылауды
жүзеге асыруға;
4) қызметкерге еңбек шартында келiсiлген жұмысты беруге;
5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық
актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде
көзделген жалақы мен өзге де төлемдердi уақтылы және толық мөлшерде
төлеуге;
6) қызметкердi жұмыс берушiнiң актiлерiмен және ұжымдық шартпен
таныстыруға;
7) қызметкерлердiң өкiлдерiне ұжымдық келiссөздер жүргiзу, ұжымдық
шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшiн қажеттi толық
және дәйектi ақпарат беруге;
8) қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келiссөздер
жүргiзуге және осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұжымдық шарт жасасуға;
9) қызметкерлердi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек
шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
10) қызметкерлердi жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен
және еңбек мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi өзге де құралдармен өз қаражаты
есебiнен қамтамасыз етуге;
11) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердiң және өзге де адамдардың
өмiрiне, денсаулығына қауiп төндiретiн болса, жұмысты тоқтата тұруға;
13) қызметкерлердi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды жүзеге асыруға;
14) қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен
денсаулығына зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
сақтандыруға;
15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
16) қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың және оларды
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы
деректердiң сақталуын және мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз
етуге;
17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыс
жағдайлары мен кәсiптiк аурудың болу мүмкiндiгi туралы ескертуге;
18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауiп-қатердi
болғызбау жөнiнде шаралар қабылдауға, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық
прогрестi ескере отырып профилактикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz