Оқушының оқыту процесіндегі еңбек тәрбиесі


Жоспары:
Кіріспе 2-3
1 Еңбек тәрбиесінің мәні. 4-9
1. 1 Еңбектің адам өміріндегі маңызы. 10-11
1. 2 Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негіздері
мен жолдары. 12-13
а) Оқушының оқыту процесіндегі еңбек
тәрбиесі. 14-15
ә) Еңбек сабақтарындағы тәрбие. 16-17
2 Еңбекке баулу пәнін оқытудың мақсаты
мен мәні. 18-20
2. 1 Еңбекке баулу пәнінің мазмұны. 21-28
2. 2 Еңбекке тәрбиелеу әдістері. 29-30
3 Халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесі. 31-38
4 Еңбек тәрбиесіне баулуға байланысты
практикалық жұмыстар. 39-
Қорытынды 58
Пайдаланған әдебиеттер 60
Кіріспе.
Еңбек тәрбиесі халық санасында белгілі-бір із қалдырып, елеулі ықпал етіп отырған. Сондықтан әрбір ұлттың өмірінде мәдениеті мен рухани- психологиялық кезеңнің іздері анақ байқалады. Қазіргі заманымыздың талабына сай оқушылардың өнімді еңбекпен айналыса білуге үйреткен жөн. «Еңбек- адам тіршілігінің арқауы »-деп бекер айтпаған ғой. Сондықтанда жас ұрпақтың бойында еңбекке деген көзқарастарын қалыптастыру, еңбек адамдарына деген құрметін және жалпы еңбектен қашпауға, оған деген сүйіспеншілігін арттыру-басты мәселе.
Тақырыптың өзектілігі(актуалдылығы) : Еңбек тәрбиесінің басты ерекшелігі-жас ұрпақтың тәрбиесіне үлгі-өнегелігінен туындайды. Жұмыстың мақсаты: Еңбек арқылы оқушыларды шыдамдылыққа, ептілікке, жұмысты аяғына дейін жеткізе білуге үйрету және оқушыларды қарапайым еңбек дағдысына, іскерлікке, икемділікке және белгілі-бір еңбек тәрбиесіне қалыптастыру жақтарын анықтау.
Мақсатқа жету жолдары :
1. Еңбек тәрбиесінің туындау кезегінің тарихи әлеуметтік жақтарын зерттеу.
2. Оқушылардың еңбекке деген көзқарастарының диалектикалық жақтарын айқындап, жүйелеу.
3. Заманның талабына сай еңбек тәрбиесінің тәлімдік ой-пікірлерімен сабақтастығын көрсету.
4. Жұмысымыздың нәтежесінің практикалық және теориялық оқу-тәрбие жұмысындағы орнын айқындау.
Жұмысымыздың ғылыми болжамы(гипотезасы) : елімізде қазіргі заманның талабына сай еңбек тәрбиесі неғұрлым толық зертелініп, бала бойына сіңірілсе, дарытылса, соғұрлым әлеуметтік тәлімдік еңбектің диалектикалық байланысы мен заманға байланысты еңбектің актуальдылығы айқындала түсер еді.
Зерттеу пәні : тәрбие процесіндегі еңбек тәрбиесі.
Зерттеу нысаны :бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеу әдістемесі.
Дипломдық жұмысымызға теориялық негіз болған:Мамажанов М. «Асыл мұра»., А. 1993; Битинас Б. П. «Структура процесса воспитания» Каунас. 1984; Хмель Н. Д. «Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс» Алматы «Ғылым»., 2002; Подласый И. Г. Педагогика:учебник для студентов высших учебных заведений., М. 1996; Р. Төлеубекова «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика»Алматы., 1994; т. б. еңбектер мен ҚР тұжырымдамалары мен заңдары: «Білім»Заңы (1999), «Білім»бағдарламасы (2000), «Тәрбие »тұ жырымдамалары(2000) .
Практикалық маңыздылығы :диплом жұмысының материалдары мектепте және басқа да оқу орнында сабақ пен тәрбие сағаттарында қолданыла алатындығында. Пайдаланылған зерттеу әдістері :анализ, синтез, салыстыру, қорыту.
Структуралық құрылымы: кіріспеден, негізгі және қортынды бөлімдермен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Еңбек тәрбиесінің мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан мемлекетінің әрбір азаматы оқуға, еңбек етуге құқылы деп келтірілген болатын. Шынында да қайсы дәуір, қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі-ақылды да сапалы, тәртіпті де еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.
Егер біз өмірге, дүниетанымға тереңірек көз жіберсек, кез-келген ғылымда еңбектің бірінші тұратынына ешкім таласа алмаса керек.
“Адамды адам еткен - еңбек” деген ұғым өте орынды айтылған. Қазір айтып жүргеніміздей, “Еңбек - адамның тәні мен жанының жемісі”. Қазақ халқындағы ертеден қалыптасқан жақсы қасиет - өз балаларын жас кезінен еңьекке баулу. Қыз баланы үй сыпыру, су әкелу, ыдыс-аяқ жуу, тоқыма тоқу, тігін тігу сияқты шаруашылықтың алуан түріне, ұл балаларды мал бағуға, тай үйретуге, ағаштан әртүрлі бұйымдар жасауға үйреткен.
Еңбек - жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді. «Еңбек адам баласын рухани байытып, оның өмірінің мол қазынасын жасайды. »* “Еңбек етпеген ішіп-жемейді”, “Еңбек түбі - береке” деп халқымыз еңбек ету арқылы мәнді де, сәнді өмір сүруге болатынын ескертеді. Сондықтан еңбекке деген қажеттілікті, дағды мен іскерлікті, еңбекқорлықты, өзінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастау қажет. Ересектердің баланы “жас, сүйегі қатсын”, “бүлдіреді” деп еңбекке араластырмайды да, нағыз жалқау, ешнәрсеге икемі жоқ, жатып ішер, жас ұрпағының өнгенін білмей қалады.
Педагогика тарихына үңілсек, мектепке дейінгі кезеңнен бастап еңбекке тәрбиелеу мәселелеріне арналған зерттеу жұмыстары аз емес.
Я. А. Коменский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, Р. С. Буре,
*Қазақстан Республикасының Этномәдени білім беру тұжырымдамасы 1996-3 беті
Н. Құлжанова, С. Көбеев, М. Крулехт, Д. В. Сергеева т. б.
Сейіт Кенжеахметұлының “Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім түрі” деген еңбегінде “Қазақ халқы бала 4-5 жасқа толғаннан кейін сүндеттеу, ашамайға мінгізу, тігін тігу, жүн түту сияқты еңбекке баулып, ұлттық әдет-ғұрыптарды түсіндіріп, оны жүзеге асыра бастайды*. Бүлдіршіндерді еңбекке төселдіру мақсатында қазақ халқының ертегілері де ерекше орын алады. Мысалы: “Ақылды қыз, “Ермек” деген ертегілерде тігін, кесте өнерін жетік меңгерген қыздар, олардың шскерлігі, қол еңбегінің нәтижесінде үлкен шеберлікке жеткендігі туралы айтылады. Қолынан іс келген шебер баланы “бес саусағынан өнер тамған”, - деп марапаттап, бағалап отырған.
Адам психологиясын дамытуда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімін қалыптастыруға қалайша әсер еткендігі жөнінде К. Д. Ушинский: “Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адам тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің адамгершілігі мен ар-ұяты, ақыл-ойының жетілуіне жағдай жасайды. Оның адамгершілік бостандығы ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады”-дейді.
«Жас баланың еңбек дағдарыстары отбасында қалыптаса бастайды. Тіпті, екі-үш жастағы балалардың шешініп-киінуі, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек процессінің элементтері бар»*. Мектепке дейінгі бала үйіне қолғабыс тигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарларына жем береді, т. б. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесі баланы жүйелі түрде еңбек дағдысына үйретудің алғашқы қадамы.
Баланы жас кезінен еңбекке психологиялық жағынан даярлау қажет. Оқушының еңбекке даярлануы бірден дамымайды. Өйткені, бала бірден
* С. Кенжеахметұлы «Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220түрі»Алматы. 101б бет. .
*Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнін оқыту методикасы. Алматы 2000
өзінің еңбек етудегі мақсатын түсінуіне мүмкіндігі болмайды және одан “нәтиже шығарамын” - деп те ойламайды. Еңбек дағдыларының мардымсыздығы төменгі сынып оқушыларына тән қасиет. Мұндай жағдайды баланың жазу дағдысын қалыптастыруда да байқауға болады.
Ол мұндай жазуға бүкіл денесін (ауыз жыбырлату, әлсін-әлсін дем алу т. б. ) қатыстырады.
Еңбек сабағында да осы жағдайлар байқалады. Бұл оның организмінің тез шаршауына әкеп соғады. Егер еңбек сабағы белгілі -бір жоспармен педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, балалар оған бар ынтасымен кірісетін болады. Төменгі сынып оқушылары көбінесе еңбектің нәтижесіненгөрі оның өзіне (қайшымен қағаз қию, инемен тігу, т. б. ) зейін қояды. Оларда еңбек мотивтері көріне бастайды. Бала нендей зат болса да өз қажетіне жаратуды ұнатады. Бала заттарды өзі ниеттеніп іздейтін болса, оны барынша жақсы жасауға тырысады. Кейін үшінші, төртінші сыныптарға барғанда еңбектегі мотивтерге жол бере бастайды. Мәселен, олар сынып немесе мектеп үшін түрлі приборлар дайындайтын болады. Төменгі сыныптарда баланың еңбекке байланысты түсініктерінен гөрі еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызды екендігі түсінікті. Оқушы біртіндеп өз еңбегінің мәнін түсінетін болады. Бастауыш мектепте дұрыс ұйымдастырылған еңбек сабақтары оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар еңбек балаларды ұйымшылдық пен тәртіптілікке, зейінділік бақылағыштыққа баулиды. Мұғалім еңбек үстінде өзі оқытып, тәрдиелеп жүрген шәкірттерінің жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Мұғалім еңбек сабағының баланы табандылыққа, мақсатқа ұмтылуына, өз бетімен талпынушылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге басқа “пәрменділік” сабақтарынан гөрі біраз артықшылығы бар екенін үнемі есінен шығармауы тиіс. Өйткені, оқу мен тәрбиенің негізділігі бізге әрнәрсенің тәрбиелік жағынан баса назар аударып отыруды қажет етеді. Еңбектің қандай түрі болса да жаман еңбек болмайды. «Адам өз еңбегінің жұртқа және өзіне пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені үнемі сезініп отыруы тиіс. Балаларды жүйелі түрде еңбек дағдысына үйретудің бірінші қадамы. Баланы жас кезінен бастап еңбекке психологиялық жағынан даярлау қажет. »*
Адамның балғын кезінде алған еңбектің дағдылары өмір бойына сақталады. Сондықтан төменгі сыныптарда осы дағдылардан әдемі де оңтайлы берік болатын ерекше бөлімі қажет.
Төменгі сынып оқушылары шаршағанына қарамастан қимылдайды, іске кіріседі. Көбінесе бірінші сыныптарда еңбек тәртібі сақтала бермейді. Ал , екінші сынып оқушылары мұндай салдыр-салақтыққа бара бермейді. Үшінші сыныпта оқушыларда еңбектің қоғамдық мәнін түсінуі бір сатыға жоғарылайды.
Еңбек бала психологиясына жағымды әсер етеді. Еңбек тапсырмаларын орындау кезінде оқушыларды өзін-өзі бақылай білуге үйретудің маңызы зор екендігі белгілі. Өзіне-өзі бақылау жасап, өзіне-өзі есеп беру еңбек әрекетінде қажетті психологиялық сапалардың қалыптаса түсуіне де көмектеседі. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері сыныпта өтілетін еңбек сабақтарын қоғамдық пайдалы еңбекпен тығыз ұйымдастыру арқылы үлкен тәрбиелік мәні бар жұмыс істейді. Мәселен, оқушы ьіккен кестелі орамалды халықаралық әйелдер мерекесі күні анасына сыйласа, өз еңбегінің кәдеге жарағанына қатты риза болып, алдағы уақытта бұдан да жақсы істеуге талпынатын болады.
Әрине мұндай істерге мұғалімдердің ақыл-кеңестері керек-ақ. Кейбір мектептерде еңбек сабақтарына немқұрайлы қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Ал осындай мұғалімдердің оқушылар сабақтан тыс кездерінде болатын пайдалы жұмыстарда тәртіпсіздік жасауға дейін барады. Әрине, мұндай ұйымдаспаған мақсатсыз еңбек оқушыларды салдыр-салақтылық, тәртіпсіздік, әдепсіздік сияқты теріс мінездердің орынға түсуіне
*Шмикеева Г. Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі Алматы: Атамұра 1999 3 сынып. 27 бет.
жәрдемдеседі де, үлгірімі мен тәртібі жақсы деп жүрген балаларға ыңғайсыз әсер етіп, оларды енжар селсоқтық жағдайға түсіреді. Кейбір мұғалімдердің осындай ісіне қынжылу жеткіліксіз. Ондайлармен басқаша жолмен жұмыс жүргізген жөн.
«Бастауыш сыныптарда еңбек сабағын ұйымдастыру мұғалімнің метедикалық шеберлігін аса қажет етеді. »* Мәселен мұғалім балаға жөнді талап қоймайтын болса, бала бұған “еті өліп” үйреніп кетеді де еңбек сабағын “дем алудың”, “тыныстаудың” бір түрі деп ойлайтын болады. Сондықтан қалған сабақтарға қандай талаптар қойылатын болса, еңбек сабағында да сондай талаптар қойылуы тиіс.
Мұғалім еңбек сабағы үстінде өзі оқытып, тәрбиелеп жүрген шәкірттерін жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік алады. Олардың творчестволық мүмкіндіктері мен қабілеттерін еңбекке деген сүйіспеншілікпен қосарластыра дамытатын болады. 7-10 жастағы бала алғашында мамасының, әжесінің, жасы үлкен ағаларының, апаларының істеген жұмыстарына зор ынтамен кіріседі. Бірақ олардың жұмысы үлкендердің жұмысындай сәтті аяқтала бермейді. Және баланың жұмыс істегісі келмегенде де оған үлкендердің зорлап істеткендігіне түсіне бастайды. Осыдан келіп баланың жұмысқа деген ынтасы бәсеңдейді. Және ол түрлі сылтаулармен жұмыстан бас тарта бастайды.
Әрине 7-10 жастағы балалар нәзік келеді, олардың еңбекке сылтауы жылдам шығады, оған бойы суынып дағдылануы баяу демитын болады. Осыларды ата-аналардың естеріне сақтағаны орынды. Балаларға олардың қолынан келетін жұмыстарды ғана беру керек. Балада еңбекке деген дағды қалыптаса бастаған сайын жұмысты бірте-бірте күрделендіріп отырған жөн.
- Іс жүзінде баланы жұмысқа бірте-бірте баулығанда ең алдымен ауыр жұмысты бала үлкендердің айтуымен және солармен бірге істейді. Бұдан
*Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. Алматы 1994., 31 бет.
кейін сол жұмыстың жеке бөлімдерін ол өз бетімен орындайды. Егер төменгі сынып оқушысы берілген жұмысқа әлі келетін болса, онда оны оқушы жақсы орындауға тырысады. Мұндай еңбек үлкендерді де, оқушының өзін де қуанышқа бөлейді. Мұның маңызы да зор, өйткені қуанышсыз еңбек азап, бейнет болып табылады.
Көңілді, қызғылықты еңбек тез орындалады, әрі оқушыны жалықтырмайды, оның әлі де нығайып жетілмеген ынтасын ұзақ уақытқа дейін қызықтырып әкетеді. Балалардың бәрі де, соның ішінде бастауыш сынып оқушылары да, түрлі жарыстарды жақсы көретіні белгілі. Үздіксіз күш жұмсайтын еңбек жарысы балалар үшін қызғылықты болмаса да, бірақ олардың пайдалы жұмыспен әуестенуіне көмектеседі. Сонымен қатар бір-бірімен жарысқа түскен кішкентай балалар өздерінің жұмысын жақсы, ұқыпты, әдемі әрі жылдам орындайтын болады.
Мектеп оқушысын қандай еңбек үшін мақтау керек қалай мақтау керек екендігі туралы, сол сияқты жалқауларды және берліген жұмысқа жауапсыз қарайтындарды қандай жағдайда және қалай жазалауға болатындығы туралы айта беруге болады. Әрине бұл мәселелер жағдайға қарай түрлене шешілуі керек.
Олардың шешілулері баланың жасына, оның мінез-құлқы мен денсаулығына, алған тәрбиесіне, отбасында өзін-өзі ұстай білуіне тағы басқаларға байланысты болады. Осылардың бәрін алдын-ала білу де қиын. Бірақ мадақтауда бала еңбек ақы деп түсінбейтін болсын. Мадақтау арқылы бала да өркөкіректік пен дандайсушылық пайда болмасын.
Ал жазалау шараларына келетін болсақ, ол балаларда еңбекті жеккөрушілік, одан жиренушілік сезімін туғызбайтын болуы керек.
1. 1. Еңбектің адам өміріндегі маңызы
Еңбек - адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметті қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік табиғи шарты. Еңбектің арқасында адам жануарлар әлемінен бөлініп шықты. Еңбек процесінің жай моменттері мыналар: Мақсатқа сай қызмет, еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтары. Еңбек бағыттаған нәрсенің бәрі еңбек заттары деп аталады. Еңбек құрал-жабдықтарының жәрдемімен адам өзінің еңбек заттарына ықпал етеді. Еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдығын құрайды.
Еңбек процесін бастау үшін өндіріс құрал-жабдықтарын жұмыс күшімен қосу керек. Жұмыс күші дегеніміз - адамның еңбекке қабілетті және рухани күштерінің жиынтығы. Адам соның арқасында материалдық және рухани игіліктерді өндіреді. Олар жұмыс үстінде бір-бірімен белгілі-бір экономикалық-өндірістік қатынастар жасайды. Сондықтанда еңбек барлық уақытта қоғамдық еңбек болып табылады.
«Қоғамдық еңбектің сипат адам жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдығымен қосылу формасы үстем болып отырған өндіріс әдісіне байланысты. »* Алғашқы қоғамдық қауымдағы еңбек құралдарының қарапайымдылығы алғашқы адамдардың табиғат күштеріне және жыртқыш аңдармен жалғыз күресуіне мүмкіндік бермеді. Ол коллективтік еңбектің және өндіріс құрал-жабдығы мен еңбек өніміне қауымдық меншіктің қажеттілігін тудырады.
Күрделі еңбек белгілі бір уақыт өлшемінде жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп күндер жасайды. Күрелді еңбек көбейтілген жай еңбектің
*Каптеров Педагогикалық психология 1977., 36 бет.
мәніне ие болады. Жеке меншікке негізделген товар өндірісінде күрделі еңбектің әр түрін жай еңбекке сай стихиялы түрде іске асырылады.
Адам психологиясын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Адам сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететіндігі жөнінде жалпы еңбек әрекетінің негізгі ерекшелігі, жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығы.
*Жеке адам қоғамнан, ұжымнан тыс жеке еңбек етіп, өз қажеттерін қанағаттандыра алмайды. //5; 12/
Еңбек үстінде бала өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т. б. ) қалыптастырып отырады.
Еңбек үстінде адамның өзіне қызмет ету қабілеті, іскерлігі, белсенділігі, дербестігі икем дағдысы көрінеді. Өнімді және пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар творчестволы еңбек болуы қажет. Оған күшті ерік-жігер, қаржы-қайрат керек.
Жалқау адамда творчестволық еңбек болмайды. Адамның еңбек дағдысы мен іскерлігі шеберлікпен ұштасады, адамдардың еңбектегі өнертапқыштығын, творчествосын арттырады, ақыл-ой әрекеті жан-жақты дами бастайды.
1. 2. Оқушылардың еңбек тәрбиесінің негіздері мен жолдары
Балалардың еңбек тәрбиесі проблемасы ертеден-ақ педагогикаға өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Жеке адамның қалыптасуына білім ьеру көлемінің ұлғаюы мен ғылыми ролінің өсуіне қарай оқытудың еңбекпен біріктіру жөніндегі мәселе қайта қойылып отыр.
Көптеген алдыңғы қатарлы педегогтар балаларды еңбек әрекетіне таратуға үлкен мән беріп отырып, бала организміне ұқыптылықпен қарауға, балаларды еңбек тапсырмаларымен бастырмалатпауға шақырды, еңбекке тәрбиелеуде балалардың ой-өрісін кеңейтуге ықпалын тигізе алатын, оларға ғылыми білімдерді жақсы да ойдағыдай меңгеруге көмектесе алатын түрлерін пайдалануға кеңес береді. Балалардың еңбек тәрбиесі практикасының негізінде педагогика балалар еңбегін ұйымдастыру заңы мен тәртібі біртіндеп қалыптастырылады.
Еңбек әдеттегідей заттың нәтижесімен аяқталады. Алайда бір жағдайда қажетті өнім немесе зат жасалады, басқа жағдайда қайдағы бір керексіз бірдеңелер шығарылады. Мұғалімге осыны есте ұстағаны дұрыс. Сөйтіп өз жұмысын, балаға берілетін әрбір еңбек, тапсырма, қоғам және жұмыс істейтін адамның өзі үшін де пайдалы аяқталатындай, бар мүмкіндігінше көзбен көріп, қолға ұстағандай болуы тиіс. Сондықтан да көптеген мектептер өз шеберханасында күрделі емес, бірақ мектеп үшін қажетті заттар жасап шығарады.
Осындай елеулі еңбек балаларды қызықтырады, оларды ұйымдастырады. Тек бірлескен педагогика тұрғысынан дұрыс ұйымдастырылған еңбек нағыз коллективтік құрылуы мүмкін. Жұмыс белгілі бір уақытта басталады, жұмыстың басталуына кешігуге болмайды:
Ыждағаттылық пен тапқырлық мадақталады:
Өзіңнің білмегеніңді жолдасың үйретеді, өзіңнің әлің келмесе, бірлесіп істеген оңай.
Бірақ, еңбектің коллективтілігі оны қалай болса солай істей салу деген сөз емес. Дұрыс ұйымдастырылған коллективтік еңбек әрбір еңбек коллективіне (звеноға, топқа) және жеке тәрбиеленушіге берілген еңбек тапсырмасының барынша тынғылықтылығын және анықтылығын талап етеді.
Еңбек бұлай ұйымдастырылған жағдайда оқушы коллективпен өзінің жеке еңбегі арқылы байланыс жасайтынын жақсы сезінеді. Еңбектің қандайы болмасын адамнан белгілі қуатпен күш-жігер жұмсауды талап етеді. «Балалар организмі үнемі даму үстінде болады. Баланың бұлшық еті мен нерві әлі толық дамып жетілмеген, тез шаршауға бейім тұрады. Әлі келмейтін еңбек тапсырмасын алған бала оны орындауға күшін барынша көп жұмсаса да оны орындай алмайды да, еңбекке қанағаттанбайды. »*
Кейде оған шамадан тыс артық күш жұмсау арқылы нәтижеге жетудің сәті түседі. Бұл екі жағдайдың ешқайсысында балалардың қайтадан жұмысты қолға алуға деген ұмтылысы, ниеті пайда болмайды. Еңбек әрекетіндегі шамадан артық күш жұмсау балалардың еңбекке деген сүйіспеншіліктерін дамыту былай тұрсын, оның керісінше, олардың еңбекке деген жиіркеніштігін туғызады.
Алайда бұл саланың өзі шаршағандығы туралы айтып болысымен осы жұмыстан босатып жіберу деген сөз емес. Еңбектің жеңіл-желпі шаршау зиянды емес, қайта пайдалы, ол басқа адамдардың еңбегіне құрметтеп қарауға мәжбүр етеді.
Жұмысқа кірісе тұрып адам өз еңбегінің немен тынатынын білуге тырысады. Алда істегелі тұрған жұмыстың мақсатын білу, көбінесе балалар еңбегін ұйымдастырған кезде қажет. Сондықтан балаларға мақсаты түсінікті, әлі жететін және тілегіне сай жұмысты тапсыру қажет.
*Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика-Алматы: Атамұра 2002., 129 бет.
... жалғасыа) Оқушылардың оқыту процесіндегі еңбек тәрбиесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz