Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.

І. Негізгі бөлім

1. Еңбекпен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері .
2. Жұмыскерлер мен қызметкерлердің құрамымен жұмыс уақытын пайдалану
есебі мен жұмыс істелінген уақыт есебі.
3. Еңбекақы жүйелері мен тариф жүйесі .
4. Өнім өндіру есебі және өнім өндіру есебінің жүйелері.
5. Еңбекақы есебі және еңбекақы түрлері мен нысандары .
а) Мерзімдік еңбекақыны есептеу.
б) Кесімді еңбекақыны есептеу.
в) Қосымша еңбекақыны есептеу.
г) Орташа еңбекақыны есептеу.
6. Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.
7. Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.

Қорытынды.

Кіріспе.

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.
Барлық эканомикалық ғалымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдында дараланып
тұрған бөлек ғылыми сала.

Бұл ғылымда жан-жақты зерттеген,эканомикалық жағынан талдайтын, қаржылық
жағын сипаттап және басқарудың шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып,
тұтынуды таратуды , айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы
көрсетіп береді.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шотының типтік жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен
ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды
пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша
ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Осы орайда қоғамның өндіріс процесіндегі бухгалтерлік есеп ғылымының
пәні деп айтуға боладынемесе қоғамның өндіріс процестерін бухгалтерлік
есепке алынатын бір тұтас тұлға деп қарауға болады.

Нарықтық жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есептің
маңызы зор.Шаруашылық субъектілерінде бухалтерлік есеп жұмысы Бухгалтерлік
есеп туралы , Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік
есеп стандарттары мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің
типтік жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және
Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министірлігінің бухгалтерлік есеп
жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері , сондай-ақ ұсыныстары негізінде
ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолдалынып жүрген бухгалтерлік есеп
жүйесі халық аралық бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылған.

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, эканомикалық жоспарлар жасап, оның орындарын бақылау үшін
қолданылады.

Эканомианың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға , өндіріс қалдықтарын
азайтуға , ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халық аралық
рыноктағы бәсекелестік жармды етіп шығаруға , өндірістерін ұлғайтуға ,
өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны
сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шруашылық
субъектілерінің материалдық құндылықтарын , ақша қажеттілігін , сондай-ақ
басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің
маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.

1991 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті
Бухгалтерлік есеп туралы заң күні бар № 2732 Жарлығы қабылданды. Бұл заң
жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарыуда.
Осы заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасында қаржы шаруашылық қызметі
бухгалтерлік есебінің типтік жоспары бекітіліп, 1997 жылдың 1 қаңтарынан
бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субьектілері және
бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша өз жұмыстарын жүргізе бастады.
Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі
экономиканы көтеруге оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді
етіп құруға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есептеу де манызды бөлімі болып табылатын еңбек және
еңбекақы есебі.

ҚР Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңы 2000жылдың 1
қаңтарынан бастап іске асырылған. Бұл заңға сәйкес , жұмыс беруші мен
жұмысшылардың еңбек арақатынасы нормативтік құқықтық актілерімен және еңбек
заңдары бойынша келісілген жеке еңбек шарттарымен реттелінеді.

Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері.

1.Өндірілген өнімдер мен істелінген жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін
еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
2. Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
3. Жұмсалған еңбекақының саны мен сапасын бақылау.
4. Жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан
қоғамның тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыны
бақылау.
5.Жұмыскерлер және қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
6. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәлеметтер алу.
7.Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды
есеп.
Сонымен қатар еңбекақы есептерін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін
мынадай жағдайлар қажет:
1.Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайуға
ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
2.Еңбекпен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарушылық типтерге
прогрестің құрылымын қолдану.
3.Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы
жетістіктерімен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
4.Еңбек пен еңбекақы есептегенде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен
жеңілдету.

Қызметерлердің құрамы мен жұмыс уақытын

пайдалану мерзімі.

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық
субьектісінің жұмысшылары мен қызсметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар-
деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа
бөлінеді:
1.Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.
2.Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың
жұмысшы-қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшы-
қызметкерлері жұмыскерлер мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тобы басқада топтарға
бөлінеді.
Басшылар қатарына-президент , ректор, директор, меңгеруші, тағы
басқалары жатады.
Мамандар қатарына-инженрлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы
басқалары жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына- құжаттарды дайындайтын , есеп және
бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын
бухгалтерлер, мнеджерлер агрономдар, механиктер, т.б жатады.

Бухгалтерлік есепте жұмыскерел мен қызыметкерлердің саны мен олардың
жұмыс істеген уақытын есепке алуағ тура келеді.

Кәсіпорындардағы қызымет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың
Тізімдегі саны деп аталады.
Жұмыскерлер мен қызыметкерлердің тізімдегі саны-кәсіпорындар мен
ұйымдарға қызыметке жаңа адамды алуаға немесе кейбір қызыметкерлерді
жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады. Кәсіпорын шаруашылық
қызыметін жасаудың процесінде қызыметкерлерді жұмысқа қабылдап және
жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс
барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық
өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді . Ол бүкіл субьектідегі және
оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру
себептерін, жынысын, жас мөлшерін , категорияларын ,кәсіптерін , қызмет
орындарын, мамандықтарын, біліктілігін,жұыс стажын ,білімін және басқа
белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылданған кезде ( заңды немесе жеке тұлға,
еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады) еңбеккерлер мен өзара тікелей
және еңбек келісім-шарты –жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша
түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім-шарттың мерзімі, еңбек
тәртібінің жағдайы , демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттары пайдаланады:
- жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-1.
- басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-5.
- демалыс берілуі жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-8.
Жеке еңбек келісім-шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі,міндеті,
құқықтары белгіленеді.Жеке еңбек келісім-шартында өндіріс саласының
ерекшеліктері, нақты міндеті ,жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір
сөзбен айтқанда шарттың мазмұны мен сипаты ашылады.Дегенмен де, келісім-
шартқа Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңының 7,8 және 9 баптары
енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек
шартын жасауға құқылы,ол егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан
және өте сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.
Заңда келісім-шарттың максималды және минималды мерзімі белгіленбеуі
мүмкін. Егерде жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол
белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады.Жеке еңбек келісім-шарты екі
дана жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта қол қояды. Оның бір данасы
жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім-шартта
көрсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні
есептелінеді.
Жеке еңбек келісім-шартынжасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден еңбек
кітапшасын , жеке төл құжатын , жеке әлеуметтік кодын , зейнеткерлік
келісім- шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек
келісім – шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен
құжаттайды, кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты
адам бұрыштама қойған бұрықтын жобасы қажетті жағдайларда келіссөз
жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайлары мен таныстыру үшін құрылымдық
бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады.Құрылымдық бөлімше
бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды : бұйрық
жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны
көрсетіледі . Қызметкерлердің жұмыс жағдайлары мен келісімі , келіссөз,
дәрігерлік тексеріс нәтижелері, техникалық қуыпсіздік, өрттің алдын алу
шараларының минимумы бойынша нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және
басқа да белгілер үлгінің сырт жағына жазылады. Жұмысқа алу туралы
бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған
қызмет орны және штат кестесі бойынша белгіленетін айлық ақысы
көрсетіледі.Кәсіпорынның басшысы қол қойған бұйрық қызметкерге
хабарланып , одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы
бұйрық- тың нгізінде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа қабылданғаны
туралы еңбек кітапшасына белгі қояды , ал бухгалтерия дербес шот ашады
немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Қызметкерлерді бір цехтан (бөлімнен , учаскеден) екіншісіне
ауыстырғанда "Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрығы " жазылады. Оны кадрлар
бөлімінің қызметтері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа
жұмыс кәсіпорын басшысы қол қояды .
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда "Еңбек шартының тоқталуы туралы
бұйрық" қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкеге
екі дана етіп толтырады. Біреуі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі
бухгалтерияға тапсылылады. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы немесе
кәсіпорын басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде кәсіпорынның
бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда
қызметкер үлгінің бет жағына жазады.
Кәсіпорындардағы әрбір қызметке алынған адамға , яғни жұмысшылар мен
қызметкерлерге табелдік номер беріледі. Бұл номер-еңбекақы бойынша есеп
айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңіндегі яғни, уақыттағы
ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін
жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол
үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын
жұмысшылар мен қызметкерледің, жұмысқа алу, басқа қызметкее ауысу
бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерелердің
күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде
табелінің деректерінде сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін ұйымның жұмысшылар
мен қызметкерлердің орташа саны солайдағы күнтүзбенің әрбір күніндегі
жұмысшылар мен қызметкерледің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін
немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-на
дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса алғандағы
қосынды санды сандық күнтізбенің күніне бөлу арқылы табады. Демалыс немесе
мейрам күні, сондай-ақ басқа да жұмыс істемейтін күндері екі немесе одан
да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің, әрқайсысына
демалыс немесе мейрам күндерінің сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің
алдынғы жұмыс күніндегі тізімдегі санына теңеліп алынады. Толық ай жұмыс
істелмеген ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, жаңадан іске қосылған ұйымдарда,
сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмыскерлер мен
қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмыс
істеген күндеріндегі демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде
жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік
күн санына бөлу арқылы алынады.
Жұмыскерлер мен қызыметкерлердің кәсіпорын бойынша орташа
еңбекақысын , еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын
анықтау үшін "Орташа еңбекақы " және басқа да орташа шамаларды есептеп
шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш
қолданылады .

Бұл көрсеткішті табу үшін жұмыскерлер мен қызмерткерлердің құрамдық
тізімдік санынын жұмыскерлер мен қызметкерлердің кейбір санаттарна (
категорияларына ) жататын адамдардың санын алып тастау керек . Ондай
жұмыскерлер мен қызметкерлердің қатарына жататындар : - Жүкті және
босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ бала асырап алған
әйелдер ;

- Заңда қаралған жасқа дейінгі баланы қарауға демалыс алған әйелдер ( ер
адамдар. )
- Оқу демалысындағы еңбекақы түгел , жартылай сақталынған немесе
сақталмаған жұмыскерлер мен қызметкерлер .
- Әімшіліктің ұйғарымы бойынша еңбекақы сақталмай демалысқа кеткен
жұмысшылар мен қызметкерлер және
басқалар .
Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынған жұмыскерлер
мен қызметкерлердің санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай
үйлесімді түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмыскерлер
мен қызметкерлер кіргізіледі . Алдымен жұмыс істейтін адам күні табылады .
Ол үшін жұмыскерлер мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағаттарына,
белгілеген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді . Содан кейін барлық жұмыс
істеген сағаттарын, күнін , айлық күнтізбелік күнге бөлу арқылы жұмыс
істейтін жұмыскерлер мен қызметкерлердің саны табылады .
Орташа еңбекақыны есептеу үшін есепке алынатын жұмыскерлер мен
қызметкерлердің құрамына үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы –
қызметкерлерде кіреді . Олардың саны ұйымдағы жұмыскерлер мен
қызметкерлерге есептелген еңбекақы қорының сомасынан сол ұйымдарда негізгі
қызметті атқаратын жұмыскерлер мен қызметкерлердің есепті айдағы орташа
еңбекақысына бөлу арқылы анықталынады .
Жұмыс істелінген уақыт көрсеткіші , жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақысын жұмыс істеген уқытына қарай есептеуге , оларға өндірілген
өнімнің өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің
белгіленген мөлшерін орындау барысын анықтауға , сонымен қатар жұмыс
істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға , жұмыс күнінің балансын
жасауға қолданады . Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен
қызметкерлердің жұмысұқа келуі , олардың жұмыс істегені , жұмыстың тоқтап
қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары
бойынша табельде алфавит бойынша реттік номері санына қарай жүргізіледі .
Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақысын есептеуге арналған .
Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу
жағдайында қолданылады . Ішінара реквизиттермен толтырылған табель
бланкілері компьютерлік техника құралдарының көмегімен жасауы мүмкін .
Мұндай реквизиттерге жататындар : Кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері ,
цех , қызметкердің тегі , аты , әкесінің аты , кәсібі , табельдік номері т.
б. Табельдерде кәсіпорынның әр құрлымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен
қызметкерлердің жұмысқа келмегені ,жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты
белгілеген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады.Жұмысшылар мен
қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы
табельге қосымша тіркеледі.Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа
шығуы,іс сапарда болуы,,жұмысқа себепсіз кешігуі,тағы басқа жағдайлар
табельде тиісті белгіленген белгімен көрсетіледі.Мұндай табель үлгісі
деректерді өңдеудің қабылданған технологиясына сәйкес өзгереді .

Шартты белгілері Әріптік
1 . Жұмыс сағаты (күндері) Я
2 . Түнгі жұмыс сағаты Н
3 . Кешкі жұмыс сағаты В.Ч
4 . Мерзімнен тыс жұмыс сағаты :
- кесімді қызметкерлер үшін . С
- мерзімді қызметкерлер үшін СП
5 . Кесімді қызметкердің толық сменалық
мерзімді жұмысы Ц
6 . Қызмет бабындағы іс-сапарлары К
7 . Жыл сайынғы демалыстар ОТ
8 . Жұмысқа уақытша жарамсыздығы
Б
9 . Екі қабат болуға немесе бала табуға
байланысты берілген демалыстар
Р
10 . Қызметкерлердің кінәсінің болған толық
сменалық кідірістер
П
11 . Қызметкердің кінәсынан болған сменадағы
кідірістер В

Бірақ мұндай үлгіде жұмыс уақытын пайдалану есебі көрініс табатындай
етіп жүргізілуі керек.Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердіңтек қана
жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай ,
олардың жұмысқа кешіккенін ,мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын ,
жұмыс істеудің белгіленген уақытын, тағы басқа себептерді есептеу үшін
белгілер қойылады.

Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы
есептеуге және жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу
үшін пайдаланылады.Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша
жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға нақтылы жұмыс
істелген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланады.Бұл
көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтау үшін ғана емес ,сонымен
қатар жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтау үшін де қажет
болып табылады.

Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің
күрделілігіне,жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай
жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып
саналады.Жұмыстың күр-делілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік
жүйеде қаралады.Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар
болып табылады.
-Тариф кестесі;
-Тарифтік еңбекақы анықтамалары;
-Тарифтік мамандық анықтамалары
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің
үлгілі кестесі жасалады.Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі
күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет еткендігіне қарай
топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне
қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді.Тарифте
мамандар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың
әрбір түріне , жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті
ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіле-
ді. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жүмыстың нақты түрлеріне
мінездеме және жұмысшылармен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие
болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккердің қызмет
иесінің айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай
тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21
разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф
коэффициенті белгіленеді.

Тариф сеткасының Тариф коэффи- Тариф сеткасының Тариф коэффи-
бірыңғай разряды. центі (1 разрядқа бірыңғай разряды центі (1 разряд-
қатынасы) қа қатынасы)
1 1,0 12 2,20
2 1,07 13 2,30
3 1,15 14 2,55
4 1,24 15 2,74
5 1,33 16 2,95
6 17 3,17
7 1,43 18 3,14
1,54 19 3,67
8 1,66 20 3,94
9 1,78 21 4,24
10 1,91
11

Жұмыс мамандығы негізінде 1-ден 8-ші разрядқа дейін жіктеледі, ал
қызметкерлердікі 2-ден 21-ге дейін бырыңғай тарифтік сетка бойынша
тарификацияланады.
Бырыңғай тарифтік – мамандандырылған (квалификацияланған) анықтама
(БТМО) және мамандырылмаған анықтама бойынша еңбеккерлердің
тарификациясын жасайды.
Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық – мамандандырылмаған
топтарындағы қызмет иесінің айлығын жұмыс берушінің ең төменгі
жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене
отырып бырыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік-
мамандандырылған коэффиценттер бойынша анықтайды.
Тарифтік кестеде - жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының
арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тариф
кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық , күндік, айлық) осы өндіріс
саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын
жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін
еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшері мен осы
қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффицентің
, екінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбек ақы мөлшеріне көбейту арқылы
анықталады. Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап ,
кесінді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді. Тарифтік мерзімдегі
еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгілі . Кесінді еңбек бағасы белгілі
тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті
еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне , орындалған
жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа
көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілген өнім мөлшері , көлемі
барлық өндіріс техникалық мөлшерлеу үдірісін ( процесін )
жүргізу кезінде анықталады.

Өнім өндіру және өнім өндіру есебінің жүйелері.

Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың , операцияның ,
өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу
үшін және жұмыскерлер мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек
өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек
қана кесімді еңбеақы алатын жұмыскерлер мен қызметкерлерге ғана емес,
сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатын жұмыскерлер мен қызметкерлерге де
сандық және сапалық көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген
сыйақы төленеді. Жекеленген жұмыскерлер мен қызметкерлер кесімді
еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны
үшін сыйақы алады.
Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорында жұмыскерлер мен қызметкерлердің
еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептеліп төленетін еңбекақы түріне
байланысты. Кәсіпорынның еңбекті ұйымдастыру көбіне ғылыми – техникалық
даму деңгейіне және оларды тиімді пайдалануға , тағы басқаларға
байланысты болып келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау ,
механикаландырылған , автоматтандырылған, өндірістің пайда болуына
себебін тигізді. Ғылыми- техникалық прогрестің дамыған жағдайда қол
еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өндіріс
автоматтандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп
азайып, еңбектің ұйымдастырылуына жаңа техника мен технология өз әсерін
тигізеді. Бұл айтылғандардың іске асуы , яғни қолданылып өнім өндіру
есебін ұйымдастыруға өздерінің әсерін тигізеді.
Кәсіпорындарда өнімдердің өндіріліп шығарылатын және жұмыстың
орындалуы жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметтер және ақпараттар болуы
қажет :
-Орындалатын жұмыстың аталуы;
-Оның қабылданған уақыты , яғни күні , айы, жылы;
-Өндірілетін өнімнің саны мен көлемі;
-Өнімді өндіруге , жасап шығаруға және жұмысты орындауға кеткен
уақыты;
- Орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік номері немесе
бригаданың номерлері;
-Цех бөлімшелерінің шифырлары және оларға есептелген еңбекақының
түрі.
Бұлар бойынша одан кейінгі уақыттарда жұмысшы және
қызметкерлермен есеп айырысу жүргізіліп, сонымен қатар өндіріліп
шығарылған өнімдер мен істелінген жұмыстар бойынша төлем сомасының
мөлшері анықталады. Халық шаруашылығының әртүрлі саласындағы ұйымдарда
өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін
қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің әртүрлі жүйесі қолданылады.
Олардың ішінде :
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір операциялар бойынша істелген
жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен сапасына сәйкес жеке – жеке
еңбекақыны есептеп және оны төлеу жүйесі. Бұл жүйе бойынша керекті
мәліметтерді жеке жұмыскерлер мен қызметкерлердің істеген жұмысына
байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқы құжаттардан алуға болады.
- Өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарының жалпы көлемін ең соңғы
операция орындағаннан кейінгі анықтау жүйесі . Бұл жүйе бойынша
бөлімшелер мен цехтарға барлық жұмыскерлер мен қызметкерлердің
атқарған қызметі мен орындаған жұмыстарына бір жолды және жинақтаушы
құжаттар толтырылады.
- Еңбек пен еңбекақы өндірістің түріне қарай қолданудағы тағы бір
жүйе – түгендеу жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бойынша жұмыскерлер
мен қызметкерлердің жеке –жеке өндірген өнімнің , істеген жұмыстың
көлемінің санын анықтау үшін әр операциядан кейінгі өндірілмей ,
аяқталмай қалған өндіріс қалдықтарына түгендеу жұмыстары
жүргізіледі.
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмыскерлер мен қызметкерлердің
өндірген өнімдерін әр операцияларды орындағаннан кейін ұйымның
техникалық бақылау бөлімі қабылдап , санап алғаннан кейін , ол туралы
ақпараттарды алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша
көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі "Кесімді жұмыс " наряды
болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай , яғни басталмай тұрып
толтыруды және жұмыскерлер мен қызметкерлерге беріледі. Тапсырма
орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдермен орындалған
жұмыстардың саны , көлемі жазылып , жұмыскерлер мен қызметкерлердің
еңбекақысын есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады.
Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге , істелген жұмысқа күнделікті
наряд жазу жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеу жұмысын
қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы
мөлшерін цехтардағы , бөлімшелердегі өндірілген өнімнің , орындалған
жұмыстардың көлемдеріне сай келуін бақылауға , салыстыруға мүмкіндік
бермейді. Сондықтанда өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек
сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет .Іс жүзінде жекеленген жұмыс
нарядының орнына айлық немесе екі айлық жинақтаушы нарядтарды қолдану
арқылы құжаттың санын азайтуға болады.
Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген , жасалып шығарылған
өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсаты мен қатар болған ақауларды
анықтап отырып және соымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру
жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде
өндірілген өнімнің әр топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл
маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны
көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға
топты , яғни өнімді тексеру барысында анқталған ақау немесе кемшілігі
бар өнімнің санын және оны жіберген жұмыстың табелінің номері көрсетіліп
қол қояды.
Кәсіпорындарда көп жағдайда еңбекті ұйымдардың бригадалық түрі кеңінен
қолданылады.Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірілген өнімді
есптеу жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылған құжаттардың сны да
азаяды. Бригада бойынша еңбекақыны есптеген жағдайда да өндіріп
шығарылған өнімнің , істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу
жеткізілуі болады. Өндірілген өнімнің , істелген жұмыстың ең соңғы
нәтижесі бойынша кәсіпорындардағы жұмыскерлер мен қызметкерлерге
еңбекақыны есептеу техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлерінің нң
соңғы тексеру операциялырынан өтіп , қоймаға тапсырыс пен және басқа
жаққа қоймаға алынбай тартылып жіберілген , яғни басқаларға берілген ,
сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің, істеген жұмыстардың саны мен
спапсына қарай есептелінеді .
Жұмысшылар мен қызметкерлеге жоғары да айтылғандай нңбекақыны есептеу
және төлеу үшін ұйымдарда жинақталған құжаттар мен бригаданың өнім өндіру
тізімдемесінің қолдануды қажет етеді.
Көпшілік өндіріс орындарында , әсіресе үзіліссіз өндіруде жұмысшылар
мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің ,
істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша есептеу кеңінен
қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі кәсіпорындарында өндірісті
дамыту , өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ өндірілген өнімдер мен
орындалған жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін
қолданылады. Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай , яғни мерзімді
еңбекақыны төлеу нысаны жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмысістеуге
белгіленген уақыт ішінде еңбке өнімділігін арттыруға айтарлықтай
ынталандырылмайды. Сондықтанда көптеген өндіріс орындарынды, яғни ұйымдар
еңбекақыны мөлшерлеп белгіленген тапсырыстардың орындалуына қарай отырып
төлейтін түріне көшті. Бұл жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімді
еңбекақыны төлеу жағдайда да өнім өндіруге мөлшерленген тарсырыстың
орындалғаның қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақытылы
орындалуы және еңбек өнімділігін арттырғаны үшін жұмыскерлер мен
қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар , т.б беріледі.
Үзіліссіз еңбек үдірістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс
орындарында өнім өндіру инвентарлық жүйесі қолданылады.Бұл жүйе бойынша
жұмыстың яғни сменаның соңында өндірілген өнімнің саны мен көлемін
анықтау үшін әр операция бойынша өнделмей қалған детальдардың қолдануына
түгендеу жүргізіледі .Кәспорындарда жұмыс істейтін әрбір жұмысшының
өндіріп шығарған өнімінің саны мен көлемін анықтау үшін смена кезінде
өндеу үшін алынған детальдар мен бұйымдарының санын қосып осы
қосындылардан сменаны тапсырған уақыт барысында өнделмей қалған бұйымдар
мен детальдардың санын азайту керек. Осының негізінде өндіріп шығарылған
өнімдердің санын тиісті құжаттарын жазып отырады . Ұйымдарда кейбір
кездерде әртүрлі себептермен өндіріске керекті материалдық құндылықтардың
жабдықтаушылардың дер кезінде болмауына байланысты жұмыстарды орындауға ,
өнімді өндіріп шығаруға қолайсыз , сапасы жағынан немесе физикалық,
химиялық қасиеттерімен талаптарға сай келмейтін материалдық
–құндылықтарды пайдалануға тура келеді.Кейбір жағдайларда ондай
материалдық- құндылықтарды пайдалану алдын-ала өндіруді қажет етеді.
Сондықтан өндіріске басқа материалдар мен жабдықтарды қолдану
істелінген жұмыстарының белгіленген әдеттегі уақытында аяқталмауына
әсерін тигізеді . Бұған белгіленген мөлшерде қосымша уақыт қажет болады
. Сондықтан да ол үшін жұмыскерлер мен қызметкерлерге қосымша еңбекақыны
есептеліп төленуі тиіс . кәсіпорындардағы жұмыскерлердің былайша
ауытқуына қосымша төленетін еңбекақыға мастер , прораб немесе бригадир ,
яғни ұйымдардағы наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу
құжатын толтырады. Бұл құжатқа негізгі еңбекақыны есептеу үшін төленетін
нарядтар мен алғашқы құжаттардың номері жазылады. Егер әдетте техникалық
ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін болса онда бұндай жұмыстарға
ерекше белгісі бар (қиғаш сызық ) түсетін нарядтар толтырылады. Қосымша
төлеу құжатында жоспарлардан тыс өндеу операцияларына төленуге тиісті
еңбекақымен
Қатар, қосымша төлем төлеудің себебі де жазылып көрсетілуі тиіс.

Еңбекақы есебі және еңбекақы трлері мен нысандары

Жұмыскерлер мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері
оарға еңбекақыны есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехтан ,
бөлімшелерінен , бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген
мерзімде бухгалтерияға келіп түседі . Еңбекақы есептеу үшін толтырылған
бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы , лауазымды
тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі Сондай-ақ бұл
құжаттардағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмыскерлер мен
қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес
келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріп болғаннан
кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмыскерлері мен
қызметкерлеріне еңбекақы есептелінеді.
Жалпы жұмыскерлер мен қызметкерлерге есептелінетін нңбекақыны негізгі
және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы – жұмыскерлер мен қызметерлердің нақты жұмыста болған
уақытына , яғни олардың істеген жұмысына , атқарған жұмысына төленеді .
Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы .
2. Сыйлықтар мен сыйақылар .
3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралыпбелгіленген
, жұмыскерлер мен қызметкерлердің жұмыс істеген, қызмет атқармаған
уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдерге жататындар:
1.Жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін
төлемдер. .
2.Жұмыскерлер мен қызметкерлердіңмемлекеттік,қоғамдық жұмыстарды
атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
3.Жас сәбилі аналарға берілетін деалысқа , баланы төмендету үшін
берілетін үзілістерге төлннетін төлемдер .
4.Жас өспірімдердің қысқартылған уақытына төленетін төлемдер .
5.Жұмыскерлер мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстарының тоқтап қалған
уақытына төленетін төлемдер.
6. тегін көрсетілетін немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың
құны.
7.Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да
мамандарын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен
қызметкерлерге төленетін төлемдер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы
Ақша қаражаттарына бақылау
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
Валюталық операцияларды классификациялау
Ұйымдағы бухгалтерлік есепті және салықтық есепті жүргізудің теориялық негіздері
Мемлекеттік мекемелердің қазынашылық комитетімен есеп айырысу тәртібі
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
Бухгалтерлік және қаржылық есеп
Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпараттарды сақтаудың негізгі бірлігі
Пәндер