Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру


Жоспар
- Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кедендік әкімшілік жүргізу
1. 1 Кедендік әкімшілік жүргізудің ұғымы, әдістері және түрлері
1. 2 Кедендік әкімшілік жүргізу және оның нысандары
1. 3 Кедендік бақылауды iрiктеп жүргiзу
2 Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау
2. 1 Тауарлар шыққан елін айкындау мақсаты
2. 2 Тауарлардың шыққан елін растау.
2. 3 Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру
3 Кедендiк сараптама тағайындау
3. 1 Кедендiк сараптама жүргiзу тәртiбi
3. 2 Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу
3. 3 Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзу
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіздікке жетуі, саяси-экономикалық либерализация, елдің нарықтық даму жолына тұрақтауы мемлекеттің нарықтық экономика талаптарына сәйкес құрылымдарын дамыту қажеттілігін тудырды. Елімізде болып жатқан күрделі, ауқымды өзгерістер тұсында өзінің табиғи қызметі бойынша нарықтық қатынастардың жетелеуші институттарына негізделу қажет. Осындай мемлекет өміршеңдігі деңгейіндегі маңызға ие қазіргі құбылысқа - кедендiк әкiмшiлiк жүргiзу жатады.
Елбасымыздың халыққа биылғы Жолдауында Қазақстан, Ресей және Беларусьтің Кеден одағына орасан зор мән берілді. Тек 2010 жылдың 10 айының нәтижелері бойынша Ресей және Белорусьпен жасалған сауда көлемі 38 пайызға өсті. Қазақстандық өнімдердің Кеден одағы елдеріне экспорты 52, 4 пайызға ұлғайды. Сонымен бірге бюджетке түскен кедендік баж салығының өсімі 25 пайызды құрады. Осының бәрі Кеден одағының үш мемлекеттің экономикалық мәселелерін шешетін, сондай-ақ еліміздің бизнес саласын бәсекеге қабілетті тауарлар шығаруға және қызмет көрсетуге ынталандыратын өте прагматикалық және нақты жоба екендігін көрсетеді.
Үстіміздегі жылдың 17-наурызында Дмитрий Медведев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінде қабылданған Ресей мен Қазақстан арасындағы ортақ шекарадағы кедендік бекеттерді 1-шілдеден бастап алып тастау туралы шешім Кеден одағын біріктіру ісіндегі сапалы қадам болды.
Жалпы алғанда Қазақстан Кеден қызметі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған белсенді шаралар жүргізуді жалғастыруда. Кеден одағының құрылуына байланысты ҚР кедендік заңнамасын жетілдіру жөніндегі 2009 жылы басталған жұмыстар Кеден одағының Кедендік кодексін әзірлеу барысында жалғасын тапты, бұл туралы Келісімшарт 2010 жылы бекітілді. Сонымен қатар осы жылы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексі қабылданды. Кеден ісі саласындағы қатынастарды реттейтін осы Кодекс Кеден рәсімдерін жеңілдету және үндестіру туралы Халықаралық Конвенцияның стандарттарына және ұсынылған ережелеріне негізделген.
Өзара саудадағы тауарларға кедендік тазарту және бақылау жасау жойылған Кеден одағының бірыңғай кеден аумағы туралы ұғым пайда болды; транзиттің бірыңғай шарттары жасалды; кеден ісі саласында қызмет ететін тұлғаларға қатысты бірыңғай талаптар белгіленді; сенім білдіруші тұлғаның мүддесі үшін арнайы жеңілдіктерді пайдалануға және белгілі бір кедендік операцияларды жүзеге асыруға құқылы Уәкілетті экономикалық операторлар, Кедендік өкілдер институттары енгізілді.
Кедендік рәсімдеу кезіндегі міндетті құжаттардың тізімінен Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кәртішкесі алынып тасталды, тауарларды кедендік мағлұмдау кезінде кеден органына тапсырылатын міндетті құжаттардың тізімі 3-ке дейін қысқартылды, қазіргі кезде оған кедендік мағлұмдама беруші тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат; коммерциялық құжаттар; көліктік (тасымал) құжаттары кіреді.
Кеден органының тауарларды өткізу мерзімі кедендік мағлұмдаманы тіркеу күнінен кейінгі 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды, ал тауарлардың жекелеген категорияларына қатысты тауарларды өткізу мерзімі 4 сағатқа дейін қысқартылды. Көрсетілген мерзім ішіне кедендік бақылау жүргізу уақыты кіреді. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының іс-әрекеттері іріктеп жүргізу қағидасына негізделеді және кедендік бақылаудың кедендік заңнаманы орындауды қамтамасыз етуге жеткілікті түрлерімен шектеледі.
2010 жылдың қазан айынан бастап кедендік мағлұмдаманы тексеру және кедендік бақылау тәуекелді басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолданып жүргізіледі. Осы жүйе шеңберінде тәуекелді басқару жүйесін пост-кедендік бақылау кезінде қолдану алғашқы рет көзделген.
Пластикалық төлем карталарының жүйесін қолдану мақсатымен барлық кеден органдары мен кеден бекеттерінде шамамен 200 сауда терминалдары жұмыс істеуде.
Қомақты тауарларды кеден қоймасына іс жүзінде орналастырмай (кеден органының жазбаша рұқсаты болған жағдайда және кеден төлемдерінің төленуін қамтамасыз ету шартымен) кеден қоймасының кедендік рәсімдеуіне орналастыруға жол беретін ереже енгізілді.
Көліктік және коммерциялық құжаттарды транзиттік мағлұмдама ретінде қолдануға болады. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжат ретінде қысқаша мағлұмдама орнына көліктік, коммерциялық құжаттар немесе транзиттік мағлұмдама қабылданады.
Шекарада кеден органдарына бақылаушы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру, тауарлар мен көліктерге берілген құжаттарды қабылдау және беру қызметін жүктейтін біріктірілген кедендік бақылау енгізілді.
Бақылаушы органдармен бірлескен қашықтықтан бақылау жасау үшін Оперативті басқару орталығына 20-дан аса кеден органдарының жұмыс орындары және мемлекеттік шекарадағы 60-тан аса көлік өткізу бекеттері қосылды.
Тауарлар мен көліктерді Кеден одағының сыртқы шекарасынан алып өтуді бақылауды күшейту мақсатымен шекараны бақылаудың аймақтық орталықтары құрылуда, темір жол, әуе және теңіз көліктерін ведомствоаралық бақылау жүйесіне қосылу жүргізілуде.
Тауарларды және жолаушыларды өткізу бекеттерінде контактсыз тексерімге арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдары орнатылды.
Кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерін тегін түрде жасауға және кез келген кеден органының мекенжайына Интернет желісі арқылы жолдауға мүмкіндік беретін «Web-декларант» электрондық мағлұмдама берудің бағдарламалық кешені тәжірибелік пайдалануға берілді.
Кедендік реттеуді жетілдіру, кеден ісіне әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатымен барлық аймақтарда кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультациялық кеңестер жұмыс істеуде.
Кедендік бақылау комитеті кәсіпкерлермен және олардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік қарым-қатынастарды жолға қою бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Орталық аппаратта және аймақтық кеден органдарында кедендік саясат бойынша Қоғамдық консультациялық кеңестер құрылды, олардың құрамына кеден бөлімшелерінің қызметкерлері және мемлекеттік органдар жұмыскерлерімен қатар, кәсіпкерлік құрылымдардың өкілдері мен олардың қоғамдық ұйымдары кірді. Консультациялық кеңестердің құрылымы және олардың мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар серіктестік қағидаларына негізделіп құрылған және кеден ісі саласындағы күрделі мәселелерді тығыз өзара байланыс жасап шешуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кәсіпкерлер, брокерлер және мағлұмдаушылар қатысатын «дөңгелек үстел» уақытылы өткізіледі.
Еліміздің барлық кеден бөлімшелерінде тәулік бойы жұмыс істейтін «сенім телефондары» орнатылған, олар арқылы кез келген тұлға кеден органдарының жұмысындағы кемшілік деректері туралы хабарлай алады.
Өз қызметіне әділетті баға беру және қоғамдық пікірді зерделеу мақсатымен кеден органдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақытылы анонимді сауалнама жүргізеді. Осы мақсатпен кеден органдарының тапсырысы бойынша социологиялық зерттеуді кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің тәуелсіз қызметтері де жүргізеді.
Кеден органдарында Елбасымыздың халыққа Жолдауындағы нормалар мен ережелерді насихаттау, түсіндіру және халыққа жеткізу шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Біздің кеден саласында да ондаған ұлттың өкілдері қоян-қолтық қызмет етіп жүр. Бәрі туған Қазақстанымыздың экономикалық мүддесін жанашырлықпен қорғауға атсалысуда.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде кеден қызметі алдында - қысқа мерзім ішінде кеден ісі жүйесін құру және халықаралық стандарттар деңгейіне дейін дамыту қажеттілігі туды. Шындығында ең басынан бастап, заманауи дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарлы кедендік ұйымдастыру жүйесі деңгейіне жету керек болды.
Қазақстандық кеденнің қалыптасу кезеңі аяқталды, енді ол кеден қызметі дамуының заманауи деңгейіне сәйкес жаһандық мәселелерді шешуге көшеді. Экономикалардың бірігуі мен жаһандануы кеден ісіне әкімшілік жүргізу жүйесіне өзгерістер енгізбей қоймайды. Кеден өзгерістерге дайын болуы керек, болып жатқан оқиғаларға жауап берудің тек бір ғана жолы бар - жаңа жағдайларға бейімделу, тиісті өзгерістер енгізу және ахуалдың әрі қарай дамуын алдын ала болжауға тырысу.
Бүгінгі күні рәсімдерді одан әрі жеңілдету, құжат айналымын қысқарту, кеден органдары көрсететін қызметтерді жетілдіру жолдарын іздестіру жүріп жатыр. Кеден органдары өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін және экономикалық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортаны қорғау және азаматтардың денсаулығын қамтамасыз етуге бар күштерін салады.
Кеден органдары қоғам өмірінде елеулі рөл атқарады және елімізде болып жатқан экономикалық үдерістерге іс жүзінде әсер ете алады. Сондықтан Кедендік бақылау комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға және кеден ісіне әкімшілік жүргізудің тиімді түрлерін және әдістерін енгізуге, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жаңғыртуға, есірткі тасымалы мен лаңкестікке қарсы күресті күшейтуге және дамытуға бағытталған нақты шаралар жасауда.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - кедендік функцияларға бөленген билік органдары мен кедендік құрылымдар болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кедендік әкімшілік жүргізу ісінің қалыптасу мен дамуын нақты, кешендi әрi жан-жақты тарихи тұрғыда зерттеу болып табылады.
1 Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кедендік әкімшілік жүргізу
1. 1 Кедендік әкімшілік жүргізудің ұғымы, әдістері және түрлері
Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кедеп рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мсн осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді.
Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсім-діктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кедендік әкімшілік жүргізудің түрлері болып табылады.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынын заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, баска да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңга сәйкестігін нактылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кедендік әкімшілік жүргізудіңмақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уақытша сақтау; кедендік тасымалдау; мәлімдеу.
Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген орынға тауар мен көлік қүралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар етілгеннен кейін және кедендік жүк декларациясын және басқа құжаттарды ұсынғаннан соң басталады. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының қалауы бойынша сол жерде және оның қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді.
Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша міндетті) тауарлар мен көлік құралдары иесінің өкілетті өкілі катысуға құқылы.
Кеден рәсімдеуін жүргізу барысында заңдарда көзделген тиісті органдар жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттік бақылаудың т. б. түрлері ескеріледі.
Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік қүралдарын пайдалану мен оларға иелік етуге тыйым салынады. Нақты жағдаяттардың туу оқиғаларына байланысты шектеулер мен тыйым салуды пайдалану шарттарын кеден органы бекітеді.
Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) кеден реттеулерін, соның ішінде кеден рәсімдеуін жүргізу өзекті проблема болып отыр. 1996 жылдың 16 қаңтарында Президенттің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін - "Арнайы экономикалық аймақ туралы" жарлық) қабылданды.
Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп жариялау, осы аймақтан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы режим енгізу кез келген уақытта жалған қүжаттарды рәсімдеу мен айналысатын контрабанданың етек алуына әкеледі.
Әр түрлі елдерде түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймақтарда мемлекеттің экономиканы көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде инвесторларға экономикалық босаңсудағы шетел капиталының қүйылуына арналған бағыттарды көрсету арқылы біріктіреді.
Экономикалық аймақтын сипатты белгілері халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валюталық бақылаудың босаңдауымен; біріңғай әкімшілік орталық құрумен, толыктай шетелдік меншікке жататын фирмалар құруға рұксат етілуімен байланысты.
"Арнайы экономпкалық аймақ туралы" жарлық арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймақты режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан аумақ ретінде бекітеді.
Еркін кеден аймағы режимі аумақ шегінде шаруашылық қызмет жүргізетін барлық жеке және заңды тұлғаларға отандық және импорттық өндіріс тауарларын бажсыз және салық салынбаған әкелім құкығына мүмкіндік береді. АЭА аумағында өндірілген немесе жеткілікті ұқсатылған тауарлар әкетілу негізінде алып шығу кеден баждарынан босатылады, сарапшы қызметкерлері қатыстырылады. Сынама мен үлгілерді кеден органдарының рұқсатымен мемлекеттік өкілеттігі бар басқа органдар да алуы мүмкін. Заң бойынша сынамалар мен үлгілер зерттеу мумкіндігін қамтамасыз ететіндей аз мөлшерде алынатындығы анықталған.
Сараптама кызметінің әрекетінің заңдылығы, олардың кызмет тәртібі ведомстволық актілермен анықталады, оған 1995 ж. Кеден комитеті бекіткен кеден сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы, зерттеу немесе сараптама үшін тауарлар сынамалары мен үлгілерін алу, оларды сактау мен кайтару тәртібі туралы нүсқаулары жатады.
Әкелінген немесе әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары мен басқа да алымдарының дұрыс есептелуі мен кедендік әкімшілік шыққан шешімге байланысты болады. Сынама мен үлгі алу кеден рәсімдеуі үшін тауар мен оның жолдама қүжаттары ұсынылған жағдайда, сондай-ақ контрабанда және кеден ережесі бұзылғандығы туралы істі жүргізу мен қарау кезінде де алынады.
Негізгі кеден рәсімдеуі мен тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден режиміне орналастыруға алдын ала кеден рәсімдеуі жатады, әкелінуге (әкетілуге) тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге (әкетуге) жол бермеуге, кедендік құралдарды сәйкестендіруге бағытталған алдын-ала жүргізілетін операцялар болып табылады.
Мүдделі түлғаның тілегі бойынша кеден органдары нақты тауарды немесе нақты шаруашылық операциясына байланысты топтастырылуына, кедендік бағасына, тауардың шыққан еліне байланысты алдын-ала шешім қабылдайды. Мұндай шешім қабылданғаны үшін Үкімет бекіткен мөлшерде төлем алынады.
Егер алдын-ала шешім шығаруға негіз болған фактілер мен жагдайлар өзгеріссіз қалатын болса, алдын-ала шығарылған шешім басқа да кеден органдары үшін міндетті болып табылады, онда заңдық күшін үш жыл (тауардың шыққан еліне қатысты) және бір жыл (басқа мәселелерге қатысты) ішінде жалғастырады.
Кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде сондай-ақ кеден аумағынан тыс әкету кезіде коммерциялық мақсатын пайдаланбай әрі карай кеден органы бекіткен жерге белгіленген бағыт бойынша жеткізу кезінде тасымалдаушы кеден органдарына хабарлама бе-руге міндетті.
Кеден рәсімдеуі барлық мәліметтерді, бақылау үшін немесе үсынылған тауарды тексеру үшін талап етілген барлық қүжаттардың қолда барлығын тексеруден соң аяқталады.
Сыртқы экономикалык кызметтің бұдан кейінгі заңдастырылуы Қазақстанда Үкіметтің біраз қаулылары бойынша мемлекет бақылауындағы (мысалы, 1996 жылгы 12 кашардағы № 298 каулы) экспорт пен импорпык стратегиялык маңызды өтімдер тізбесі сақталғанымен, Қазақстанда тауарлар мен көлік құралдарының экспортқа арналған кедендік босаңсуға әкеліп соғуы мүмкін.
Қазакстанда кедеп шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік қүралдары мәлімдеуге жатады. Мәлімдеу жөнінде алғаш рет 1993 жылғы 13 ақпандағы Министірлер Кабинетінің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарларды өткізу тәртібі мен мәлімдеу туралы" Қаулысында айтылған, осыған сәйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден органына кедендік жүк декларациясын ұсыну жолымен мәлімдеу енгізілді. Мәлімдеу тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдаушы тұлғанын кеден органына тауар туралы, мәмілеттің сипаты мен мазмұны жөніндегі барлық мәліметтерді заң, белгіленген (жазбаша, ауызша, электронды түрдегі беріліс және өзге де түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені қүрайтын арыз арқылы жүргізілсді.
1995 жылы Кеден комитеті «Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы» нұсқауды бекітті.
Кеден дскларациясы кеден органы рәсімдеген сәттен бастап зандық құжат болып табылады. Кеден органының кеден декларацясын қабылдаудан бас тартуға қүқығы жоқ деген норма жеткілікті маңызды заңдық кепілдік болып табылады ("Қазакстаи Республикасында кеден ісі туралы" заң күші бар Президент Жарлығыныц 199-бабы, 1999 жылы 16 шілдеден -Заң) . Сонымен бірге жеткіліксіз мәліметті белгілі мерзім ішінде ұсыну міндетін жүктей отырып, уақытша немесе толық емес декларация беруге рүқсат етілген.
Декларация берілуі үшін кеден органына ұсынылатын декларацияны толтыруға негіз болатын және оны растайтын құжаттар:
- кеден рәсімдеуіне жататын тауарлар мен көлік қүралдарына меншік (билік ету немесе пайдалану) қүқығы;
- декларанттың кеден декларациясын өз атынан беру өкілеттігі;
- тауарларды өткізу фактісі;
- кеден қүны мен тауарлардың шығуы;
кеден төлемдері мен салықтарын төлеу және тарифтік жеңілдіктер мен тарифтік преференция бойынша салық төлеу мүмкіндігінің негізі;
- стандарттаудың міндетті талаптарға сәйкестігі;
- Қазақстан Ресиубликасының заңында және халықаралық келісім-шарттарда карастырылган өкілетті мемлекет органдарының тиісті рұқсаттары мен басқа да құжаттар.
Бұдан баска, кеден органы кеден декларациясының мазмұнындағы және кеден мақсаты үшін ұсынылған тексеру мақсатында қосымша мәліметтерді сұрақ қүжаттаруға, сондай-ақ жеткіліксіз қүжаттармен мәлімсттердің ұсыну мсрзімін сұрауға қүқылы.
Тиісті кеден рәсімдеуіне кеден брокері мен тасымалдаушы қатысуы мүмкін, бұл туралы ережені Үкімет бекітуі тиіс.
Занда қарастырылған жағдайдан басқа Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру. тауарлар меи көлік қүралдарын кедендік тексеру. Жеке тексеру жәнс т. б. белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кеден бақылау анықталған кеден бақылауы аймағында, кедендік рәсімдеу немесе кеден органдары орналасқан жерлерде және кеден органы бекіткен басқа орналасу үшін рүқсат беруді қарастырады, ол үшін кеден бакылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналастыруга тиіс аумақка және ғимаратқа кез келген түлғаның келуі үшін алдын ала кеден органына хабарлама, қажетті қүжаттар талап етіледі немесс бақылау жүктелген кеден органының қызметі жүзеге асырылады.
"Кеден ісі туралы" заң кедендік рәсімдеу мен кедендік әкімшілік жүргізудіңжалпы ережелерінен тыс "шетелдік түлғалардың жекелеген категорияларына берілетін кеден жеңілдіктері" деп аталатын ерекшеліктерді карастырады (223-228-баптар) .
Кеден бакылауына кажетті қүжаттар мен мәліметтерді мүдделі түлға ұсынады. Бүдан басқа, кеден органдары банктер мен ұйымдардан осы тұлғалардың есепшоттарының операциялары туралы және жай-күйі туралы мәлімет алуға, кеден мақсаты үшін тәжірибеде шешімін таппаған көптеген мәселелерге кезіктіретін қаржылық және сыртқы экономикалық қызметін тексеруге құкылы. Кеден бақылауына жәрдем көрсету үшін мамандар мсн сарапшылар тартылуы мүмкін. Жеке тексеру жүргізуден тысқары кеден органдары келік құралдарын мәжбүрлі түрде тоқтатуға, кеден органының рүқсатынсыз кеден аумағынан шығып кеткен теңіз, өзен және әуе кемелерін мәжбүрлі түрде кері қайтаруға, кез-келген уақытта тауарлар мен көлік қүралдарыныц тізімін жүргізуге, валюталық бақылауды жүзеге асыруға қүқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz