Валюталық құқық жүйесі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
---------------3
І ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------- ---------------------
--------4-6
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------- -----
7
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы------------------------- ---
8-10
II ЕЛДЕГІ АҚША ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ РОЛІ
2.1 Валюта тарихы----------------------------- ------------------------------
------------11-12
2.2 Жаңа теңгеге сипаттама-------------------------- ------------------------
----------13
2.3 Жаңа теңге қорғанысы-------------------------- --------------------------
----------14-22
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы------------------------- ----------------------
--------23-24
3.2 Ұлттық банк валюталық бағамы----------------------------- ---------------
------25-26
3.3 Ұлттық валютаның қалыптасуы------------------------- -------------------
------27-28
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
---------29-30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ----------------------------------- -------31
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында
қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан
Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент
еместерге қолданылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң
Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру
міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан
Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін
валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті
тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып
жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген
тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды
валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына,
құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді;
тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге;
валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық
мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту
бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.
1995 ж. несиелік нарықтың даму ерекшелігі - несиелік аукциондарды
әрі қарай жетілдіру болып табылады. Несиелік аукциондар рөлі төмендеп,
банкаралық ақша нарықтарының рөлі артты.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет
етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен
орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық
банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей
Жарлықтары шықты.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде
"Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде
"Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау
органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
І ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Валюталық құқық жүйесі
Валюталық құқық айтарлықтай дербес құқықтық құрылым ретінде ұлттық
валюталық жүйе мен валюталық рыноктың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-
ақ валюталық құндылықтармен іске асырылатын валюталық операциялар,
халықаралық валюталық төлемдер мен аударымдар және тікелей инвестициялық
қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығынан тұрады.
Демек валюталық құқық саны жағынан аса көп құқықтық нормалардан
тұратын, айтарлықтай күрделі құқықтық құрылым болып табылады. Осы орайда
әлі де болса жүйелендірілмеген әрі тәртіптендірілмеген валюталық құкық
нормаларын іштей құрылымдау арқылы белгілі бір жүйе түрінде қалыптастыру
қажеттілігі туындап отыр. Валюталық құқықты іштей құрылымдау процесі
объективті процесс болып табылады. Өйткені зерделеу нысаны валюталық
құқықтың өзі ұдайы даму үстінде болғандықтан, оның қарқыны (динамикасы)
аталмыш құқықтық құрылымның кеңею және күрделілену жолында екенін
көрсетеді, сондай-ақ валюталық заңнаманың және заңға тәуелді валюталық
құқықтық актілердің көптігі және белгілі бір көлемде тәртіптелінбегені оның
жүйесін танып-білуді қиындата түседі. Валюталық құқық жүйесін құру
ерекшеліктері мен өлшемдері оны дербес институт ретінде бөліп шығаруды
негіздейді. Валюталық құқық осы орайда, құқықтық құрылым сипатында
ерекшеленеді және оның өзіне тән жүйесі болалы.
Қазақстан қаржылық құқығының классигі А.И. Худяков бюджеттік құқық
(қаржылық құқықтың негізгі бөлімі) жүйесін зерттеу барысында Біздің
пікіріміз бойынша бюджеттік құқық институттары негізіне қаржы жүйесінің
институты бюджеттің ауқымында объективті көрініс табатын экономикалық
қатынастардың топтамалары жатады. Осындай экономикалық шынайылықтар:
а) белгілі бір жүйе (бюджет жүйесі) түрінде ұйымдастырылған және
өзара қарым-қатынаста болатын көптеген бюджеттердің болуы;
б) осы бюджеттерді (ақша қаражаттары қорлары ретінде) қалыптастыру
және бөлу негізі кептеген қаржылық-жоспарлық актілердің болуы;
в) бюджет саласындағы қызметтерін, оған қоса бюджеттік жоспарлау мен
бюджеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың болуы;
г) бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыратын көптеген төлемдердің
болуы;
д) бюджет қаражаттарын бөлуге (мемлекеттік бюджет шығысына)
байланысты қатынастардың болуы болып табылады. Сонымен бірге ескеретін
жәйт, бюджеттік құқық нормаларының өз мазмұны (мәні) мен талдау дәрежесі
бірдей көрініс таппайды. Кейбір нормалар жалпы ережелерді белгілей отырып,
қоғамдық қатынастардың кең шеңберін қамтиды, ал басқаларының құқықтық
реттеу пәніне қоғамдық қатынастардың арнайы топтары ғана жатады. Осы орайда
Н.И. Химичеваның бюджеттік құқық жүйесінде жалпы бөлім орын алады деген
пікірін дұрыс деп санаймыз. Жоғарыда айтқанымызды есепке ала отырып
бюджеттік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады деп ойлаймыз.
1) Ресей валюталық құқығының туындауы және жалпы сипаттамасы;
2) Валюталық құқықтың ұғымы, объектісі, әдістері. Басқа құқық
салаларымен аралық қатынасы;
3) Валюталық құндылықтар. Валюталық операциялар. Валюталық құқықтық
қатынастар;
4) Валюталық бақылау. Валюталық бақылау органдары мен агенттері,
олардың құкықтары және міндеттері сияқты институттардан тұрады. Ал
валюталық құқықтың ерекше бөлімі:
1) Қолма-қол валютамен жасалатын операциялар. Қолма-қол шетел
валютасын және шетелдік валютадағы бағалы қағаздарды әкету;
2) Экспорттық операциялар. Шетелдік валютаны сату;
3) Импорттық операциялар. Шетелдік валютаны сатып алу;
4) Резидент еместердің оның ішінде резидент емес банктердің
операциялары;
5) Инвестициялық қызметке байланысты есеп айырысулар және
операциялар;
6) Қымбат бағалы металдармен және тастармен операциялар;
7) Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
8) Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар;
9) Саудаға жатпайтын операциялар. Жеке тұлғалардың аударымдары;
10) Шетелдік валютадағы шоттар.
11) Биржалық және банкаралық рыноктарда шетелдік валютамен
жасалатын мәмілелер;
12) Шетелдік валютамен кредиттеу;
13) ТМД елдерінің контрагенттерімен жасалатын операциялар;
14) РФ валютасын әкету-әкелу;
15) Валюталық бақылау түрлері мен нысаны. Күдікті мәмілелерге
және оффшорлық операцияларға бақылау жүргізу.
15) Валюталық заңнама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік сияқты
институттардан құралады деп тұжырымдайды.
А.И. Худяков валюталық құқық жайлы нақтылы көзқарасын
білдірмегенімен, Финансовое право Республики Казахстан (общая часть) деп
аталатын еңбегінде (оқулық) толық бір тарауды:
1. Валюталық реттеу ұғымын және әдістерін, оның объектісін;
2. Валюталық реттеу органдарын және олардың құзыретін;
3. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған
ұйымдарды және олардың құзыретін;
4. Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін;
5. Қазақстан Республикасының валюталық монополиясын зерделеуге
арнаған.
Бұл ретте А.И. Худяков валюталық заңнаманы, банктік заңнаманы арқау
етіп валюталық реттеудің құқықтық негізін сипаттау нәтижесінде валюталық
құқықты (дербес құқықтық институт ретінде) қалыптастыру ісіне өз үлесін
қосты деп айта аламыз. Алайда А.И. Худяковтың валюталық реттеудің құқықтық
негіздері жөніндегі кейінгі көзқарасы ықшамдалып, көкейтесті проблемалар
мен мәселелерді шешу жолдарын және т.б. өзекті мән-жайларды ашып көрсетпей,
тек 1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған Валюталық реттеу туралы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңдар негізінде түсіндірме-
сипаттама жасаумен шектелген.
Валюталық құқық жүйесінің нақтылы валюталық қатынас түрлеріне
(топтамаларына) сай құрылуы валюталық заңнама сапасына, оны әзірлеу және
қабылдау негізіндегі ғылыми тұжырымдарға байланысты болады деп есептейміз.
Объективті валюталық қатынастарға орай топтастырылған валюталық-құқықтық
институттар мемлекеттің ішкі және сыртқы валюталық саясатын дұрыс іске
асыруға зор септігін тигізеді. Осы валюталық-құқықтық институттар негізінде
ұйымдастыру және материалдық сипатты-мазмұнды валюталық қаржылық
қатынастардың топтамалары жатады.
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты
операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
тауарлар мен қызметкерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;
экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге
кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;
депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша
ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;
сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар,
мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және
өзге операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:
инвестициялар;
жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін
ақша аударымдары;
180 күннен астам мерзімге эксиорттық-импорттық мәмілелер бойынша
кредит беру және алу.
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды
инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит,
экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы,
дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іс-сапарлар, туризм,
халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми,
техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері
кезінде жасалады.
Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері
болуы тиіс, сондықтан сыртқы экокомикалық қызметтің аталған түрлерінің
көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.
Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып
табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және
орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып
бөлінеді.
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы
Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
экономиканың мемлекеттік секторының — кәсіпорындардың, ұйымдардың,
компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және
қызметін экспортқа шыеарудан түскен түсім -ақшадан;
тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі
операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан,
басқа төлемдерінен;
келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік
қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін
түсімдерден;
валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар
мен өсімнен;
шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді
орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен
активтерді пайдаланудан алынған табыстардан;
шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мем-лекетаралық
қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;
валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды — елдегі тұрақты ақша
айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен
анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру
мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
2) Қаржы министірлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген
уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық
ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың,
өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржылаңдыру
үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік
қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды
қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың,
өңдірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті
инфрақүрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және
ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен
алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның
бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық
банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті
банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта
рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген
салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта занды тұлғалардың
қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша
жұмсалады.
Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жургізуші субъектілер және
валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау
жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық
органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын
қалыптастырудың келесі көзі — банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен
немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты,
жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті
бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел
банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады;
Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен
және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды
пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді.
Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын
қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға
үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.
Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер
үшін (акционерлік, бірлескен, кооеративтік) валюта ресурстарын толықтыруға
осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары
есебінен жетуге болады.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын келісім-шарттарды,
арбитраж органдары белгілеген контраютар бойынша міндеттемелерді, басқа
елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді
орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар
субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі
мақсаттарына пайдаланылады ("Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары").
Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниялардың,
фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай
өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін
валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар,
технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың
лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады,
кадрларды оқытады.
3) валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар
өтеу;
4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде
операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық
сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың
қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын
бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;
7) ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып
алу; 8) ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және
мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрі-дәрмектерді,
медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативтерге
сәйкес).
Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы
ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.
Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік
инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми
зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің,
келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік
зерттеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін
біріктіруге құқылы.
1993 ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның
енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен,
банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі,
банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік
жүктелді.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық
банктік қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі
жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін
қолға алды. Бұл кезең, соңдай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың
әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында
Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысының бекітілген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы
жасалынды.

2.1 Валюта тарихы
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның
ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ
рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің
ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық
валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің -
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15
қарашадағы жарлығынан басталды.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100
тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
• 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
• 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар ,
• 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан
жасалған ).
Кейіннен айналысқа :
• 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы
үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
• 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;
• 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;
• 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
• 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
• 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік
банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы :
• 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (
дизайны өзгертілген );
• 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара
өзгертілген );
• Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001
жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;
• 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара
өзгертілген ).
2002 жылы :
• 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
• 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (
дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
- 2003 жылы :
• 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және
ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар
оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар негізінен
мәдени - ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі
таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет
елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
2.2 Жаңа теңгеге сипаттама
2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған,
суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен
орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін
көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің
табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек"
монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және
инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны
орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген,
оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол
жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі.
Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті
білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200
және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік
белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000 және
10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500
теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік
елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда
тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі
бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы
қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан
картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда
банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі
әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.
Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты
қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан
жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең
жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200
теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ
айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген
кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа
дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және
жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен анықтауға болатын қорғаныш
элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы
техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі,
бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым анықтауға
негізгі акцент жасалған.
2.3 Жаңа теңге қорғанысы
Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа
тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.
Қорғаныш жіп: Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және
банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші,
үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар
және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.
Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық
орындағы полимерлік лентадағы сурет.
Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында
басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас
суретті құрап, дәл сәйкес келеді
Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл
бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде
қорғайды.
Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында
саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер
бар.
Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы
өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап
айтқанда, АҚШ долларында бар.
Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға
болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен
орындалған.
Көшіруге қарсы элемент. Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі
тордың сызықтары бұзылады.
Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі
бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
Сериялық нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара
бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.
Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі
әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.
Иридесцентті жолақ. Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен
басылған жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда
болады.
Жасырын бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған
кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.
Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі кезінде түстің біртіндеп
өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі.
Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері
болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен
орындалған бейне.
Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына
қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін
өзгертеді.
Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа дизайндағы
банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Кейін ескі үлгідегі
банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында
ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады. Осыдан кейін 10 жылдың ішінде
Ұлттық Банк ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама
жүргізгеннен кейін ауыстырады.
Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына
қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас
тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа
жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша
Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға
уәкілетті.
10000 теңге 2006 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның
сипаттамасы
Банкнота өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.
Бет жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейне – тігінен. Орталық
бөлігінде "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында
қою жасыл және қара көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының
мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың
сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. "Бәйтерек"
монументінің сол жағында күлгін көк түспен Қазақстан Республикасының
мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі
бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта номиналдың
мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ"
жазуы төменгі оң жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау
жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады"
деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.
Сырт жағы: басым түс күлгін-көк, басым бейне – көлбеу. Негізгі
бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы
Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол
жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық
белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан.
Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің
логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін
"Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық
жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста
қатар жүру кезеңі 1 жыл болады.Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің
айналыста қатар жүру кезеңі заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ
ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті
түрде қабылдануға тиіс.Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста
қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем
құралы болуын тоқтатады.Екінші деңгейдегі банктер ескі және жаңа үлгідегі
ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды
және жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға
және айырбастауға міндетті.Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі
банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа
үлгідегі ақша белгілеріне айырбастауға қабылдауға құқылы емес. Екінші
деңгейдегі банктер ескі үлгідегі банкноталарды Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға
сәйкес оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына
сараптамаға өткізу үшін қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары екінші деңгейдегі
банктердің ескі үлгідегі банкноталарды айырбастау мерзімі аяқталғаннан
кейін 10 жыл бойы оларды заңды және жеке тұлғалардан қабылдауды
жалғастырады және олардың сараптамадан түпнұсқалылығы расталғаннан кейін
қолданылып жүрген ақша белгілеріне айырбастайды. Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша
белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz