Екінші деңгейлі банктер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Екінші деңгейлі банктер туралы жалпы түсінік

2. 2. Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары

2. 3. Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымына кепілдік беру ережесі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногына қызметтер көрсету барысында тиісті тұлғаларға бағалы қағаздар сатып алуға қажетті банктік кредиттер береді, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығару бойынша банктік кепілдік береді; эмитенттердің төлемдік агенттері функциясын орындайды; кепілге қойылған бағалы қағаздарға орай банктік кредит береді;

бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының банктік шоттарын жүргізеді; бағалы қағаздар рыногындағы операциялардың қорытындысы бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады.

Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы тиісті (кәсіби) операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия (лар) негізінде жүзеге асыра алады.

Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш рынокқа байланысты коммерциялық және операциялық қызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129-134, 136, 139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабынына), б) -тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36-2-бабымен, 36-3-бабымен, 52- 1-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) -тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в) -тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының тиісті ережелерімен; 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабының 1, 2, 4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12, 13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44, 45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73, 74-бап-тарымен, 83, 84-баптарымен; «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі.

1999 жылы қарашада екінші деңгейлі банктерлегі жеке тұлғалардың салымына міндетті ұжымдық кепілдік беру немес сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) қазақстандық қоры» құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор каммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы Қазақсатн Республикасының Ұлттық банкі, ал оның мақсаты - депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Қор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Ұлттық банктің банктік қадағалаумен бақыланатын жүйелі банктер. Жинақталған резервті салымдар бойынша жетіспеген соманы қалпына келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебінен төленеді, ал қор есебінен қарызға алынады. Қор өз несиесін таратушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебінен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк міндетті күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдері және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс. Сондай - ақ аталған келісім шарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның ішінде қордың күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша саласын, басқада жарналарды және төлемдерді банк келісімінсіз алу құқығы қарастырылған.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Ақша аудару бойынша қызмет көрсеткені үшін банк клиенттерден комиссиялық сыйақы алуға құқылы, оның мөлшерін, төлеу тәртібі мен мерзімдерін банктің өзі дербес белнілейді.

Жөнелтушінің банкіне ақша қайтарылғанда бұл сомма бөліктік шот болған жағдайда осы шотқа қабылданады. Егер жөнелтушіде банктік шот бомаса, онда қайтарылған сомма алушы банкте екінші деңгейлі банктер үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарларымен көзделетін шоттарда ескеріледі. Бенефицмарды банкі ақшаны қайтарылғаннан кейін ақша жөнелтушінің банкі қайтарылған ақша түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде осы жайлы жөнелтушіні хабарландыруға тиіс. Хабарландыру тәртібі ақша аудару туралы нұсқаудың қателігінен болса, ақша жөнелтушінің банкі ақша жөнелтушіні төлемнің қайтарылғандығы туралы хабарландырмауға және ақша қайтарылған күннен бастап үш банктік күн ішінде бенефицмардың ьанкі орналасқан мекен-жайға тиісті реквизиттері бар төлем құжатын жіберуге құқылы.

Қайтару орны алған жағдайда, ақша жөнелтушіде банктік шот болмаған кезде, қайтарылған ақшаны беру ақша жөнелтушін, ің банкі кассасы арқылы жүзеге асырылады. Жөнелтуші бұл жағдайда банктің ақшасы қабалданғандығын растайтын банктің белгілері бар тиісті құжатты көрсетуге міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-да екінші деңгейлі банктердің дамуы
Екінші деңгейлі банктің қызметтері
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Екінші деңгейлі банк
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары
Банктік қызмет көрсету туралы
Банк қызметі және оның түрлері
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz