КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банк



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
2.2. Екінші деңгейлі банк жүйесін құру
2.3. Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері
2.4. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие – ақша және қаржы
шаруашылығының тез қарқынмен дамуы екі буынды банктік жүйенің қалыптасуына
әкелді, яғни мемлекетік және коммерциялық, немесе екінші деңгейдегі
банктер.
Коммерциялық банктер нарықтық экономиканың несиелік жүйесінің негізгі
буыны болғандықтан, олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен
халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып
табылады.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айрбасы операцияларымен төлемдеріне қызмет көрсетуі
бары-сында пайда болды. Негізгі клиентері саудагерлер болған (міне осында
коммерциялық банк деген атауға ие болады). Бірақ өнеркәсіптің басқа
салаларының дамуымен экономиканың өзге де аясына қызмет көрсете
бастағандықтан да, банктің коммерциялық деген атауы бастапқы мағынасын
біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдірді, оның
шаруашылық агенттерінің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі, олардың
қызметерінің саласына байланыссыз болады.
Ұлттық банктің рұқсатымен коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы
аумағында және одан тысқары жерлерде өз қызметтерін іске асыра алады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несие жүйесінің
басқа да буындары сияқты, олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек,
яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелерінің
өзгеруі және көптеген жаңа қызмет көрсету түрлерін меңгеруі. Бүгінде кейбір
мемлекеттерде коммерциялық банктер 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге
мүмкіндігі бар. Мысалы Жапония банктері. Қазақстанның коммерциялық банктері
де арта қалып отырған жоқ. Бүгінде олар өз клиентеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайдың
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған
зиян, екінші бір операциялардан пайда есебінен жабылады.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы ҚР президентінің Заң
күші бар жарлығына және Ұлттық банктің операцияларды жүзеге асыруға арнайы
лицензиясы берілген шегіне сәйкес, өз операцияларын жүзеге асыра алады.
Коммерциялық банктердің операцияларын үш топқа бөліп, қарастыруға
болады: пассив (қаражат тарту), актив (қаражат орналастыру), коммисиондық
(клиенттің тапсырысы бойынша комиссиондық ақылы).
Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыруды
қамтамасыз ететін пассив операциялар топтастырылған. Пассив операциялар
өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің
бағалы қағаздарын шығарып, сол сияқты басқа да қаражат тарту операцияларын
жүргізіп, банк қорын құру мен оны ұлғайту жолдары қарастырылған.
Екінші бөлім банктің жинақтаған ресурстарын орналастыруды қамтамасыз
ететін актив операцияларына арналған. Актив операцияларының негізін
несиелендіру құрағандықтан, осы бөлімде несиенің мәні, қызметтері және оның
экономиканы дамытудағы маңызы туралы, сондай-ақ банктік несие мен
қарыздардың қатынастарында пайдаланатын несиенің формалары мен түрлері
қарастырылады. Қазіргі кезде ел экономикасы бір қалыпты тұрмай, үнемі дамып
отыруынан, банктік қаржыландырудың жаңа түрлерінің пайда бола бастады.
Осыған орай бұл бөлімде лизингтік, факторингтік, ипотекалық операцияларда
толығымен баяндалады. Сонымен қатар коммерциялық банктердің бағалы
қағаздармен операциялар жүргізу реттері және басқа да түрлері кеңінен
талданып, қарастырылған.
Үшінші бөлімде, ең сенімді банк - Тұран Әлем Банкін мысалға
келтірдім.
Бұл курстық жұмысымда Қазақстан Республикасының Ұлттық және банкі
туралы, Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар жарлықтары және солар
негізінде шыққан нормативтік құжаттар мен ережелер басшылыққа алынған.
Қазіргі уақытта еліміздегі коммерциялық банктердің операциялары
жөнінде өз зерттеуін жүргізіп жатқан тұлғаның бірі — экономика ғылымының
докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корр - мүшесі Ғ.С.Сейтқасымов
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының
әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық,
педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау
ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі
түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие,
банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың
қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-
бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір
шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-
санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша
қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар
арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз
етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі
болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан
территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен
бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-
ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда
кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезендерден өтті. Алғашқы
банктер XVIII ғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде
пайда болып, XIX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен
мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
• мемлекеттік банк (1860ж. құрылған);
• қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
• көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар
44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-
жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін сонымен қатар жоғары
қауіпті операциялар жүргізу клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын
банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.
1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйым, мемлекет монополиялы
түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несис
мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен Кеңес үкіметінің
алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке мемлекеттік-капиталистік, шетел
капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922
Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның
акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-
ның Мемлекеттің банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларың және
халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да
Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі
болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк
(Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия)
банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу
қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары,
несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің
"Несие жүйесін құру принциптері туралы" қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін
тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған
банктер және банктердің процентгік саясат жүргізудегі дербестік құқығы
жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да
ажыратылды. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен
Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа
мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық
жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж.
банктердің өзіне тән ерекше қызметі - банктік несие беру жойылып, несие
мемлекеттік жоспарлы қаржыландыру-дың түріне айналды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша-несие
қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық
Комитетінін Пленумы 1988 ж. 1 қантарынан бастап банк жүйесін қайта құру
туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа
социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар:
елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы -
Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және
сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.
Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және несие
беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық монополияны жоспарлы
ұйымдастыру негізінде банктерді басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше
нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді.
Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік
қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде,
Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты
ретінде болды.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағалы – банктердің құрылымы мен ондағы
қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе - басқаруды
қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді
бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше
дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы
социалистік елдер - Венгрия, Қытай, Югославия – таңдап алды. Әлемдік
тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие
институттарының (коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа) қызмет
істеу үлгісі кең тараған.
Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі
өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі
Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен қатар 5
салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:
• КСРО Мемлекеттік банкі, оның міндеті - "банктердің
банкісі" ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай
мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын
жүргізбейді, оның клиенті - маманданған мемлекеттік банктер;
• КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банк. Оның міндеті - өндіріс, құрылыс,
транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу, күрделі
шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын
жүргізу;
• КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі. Оның міндеті – аграрлы - өнеркәсіптік
кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
• КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі - ол тұрғын үй
шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін
құрылды;
• КСРО Жинақ банкі – ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру
арқылы құрылған, оның негізгі міндеті халыққа қызмет көрсету;
• КСРО Сыртқы экономикалық банкі – ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің
негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті экспорт-импорт
операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық
байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-валюталық жоспардың
орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық
валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Бұл маманданған салалық банктердің құрылымы әкімшілік-территориялық
принциппен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық
банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс
орталықтарында сол банктердің облыстық басқармасы (Қазақстанның 19
облысында әр банктің өз басқармалары) құрылды. Аудан орталықтарында және
қалаларда олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық
банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен қатар сол
аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне де қызмет
көрсетті. Сонда банк-тердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде
жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк
реформасындағы негізгі минус еді.
Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз, көп
сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократ аппараты бар жүйе болды. Осы
айтылғандар төменгі, яғни аудандық, қалапық банк мекемелерінің несие және
есеп жұмыстарының бұрынғыдан бірнеше есе көбеюіне әкеп соқтырды. Банк
жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелері жоғары деңгейдегі әрбір
маманданған салалық банктерге (облыстық басқармаларға және республикалық
кеңселерге) өздері қызмет көрсететін клиенттері бойынша несие ресурстарын
жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп Оны мына бір мысал
дәлелдейді, 1987 (реформаның алдындағы жыл) Мемлекеттік банк бойынша
цегізгі экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ал 1988 ж., яғни реформадан
кейінгі бір жылда Агроөнеркәсіп банкі, Түрғын үй және әлеуметтік банкі,
Мемлекеттік банк бойынша дәл сол көрсеткіш 112 баптан құрылды [14; 19.]. Ал
осы көрсеткіштердің бәрін банк бөлімшелері қызметкерлері орындап, ол
жөнінде үш салалық банктердің жоғары сатыларына есеп беріп отырды.
Банк жүйесін қайта құрудан кейін маманданған банктер арасында әр түрлі
қайшылықтар туындады. Сонымен қатар жаңа банк жүйесі клиенттер мен банктер
арасындағы қарымқатынастарға да кері әсерін тигізді. Мысалы, реформаға
дейін банк бөлімшесінде клиенттердің бәріне бірдей қызмет көрсетілсе, ал
реформадан кейін қызмет көрсететін банктің мамандануына қарай "клиент
біздікі" немесе "басқанікі" болып бөлінді. Әрине бұндай қолайсыз жағдайлар
несие-есеп механизмінің қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетуіне себеп
болды. Бірдеңгейлік жүйеде банктердің көп болуы, олардың қызметтерінің
араласуы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың себептерін одан әрі
шиеленістірді.
Банктік өзгерістердің ең елеулі кемшіліктері - банк ісінің мазмұнын,
әдістері мен тәсілдерін түбегейлі өзгертпейақ, негізінен "банк
шығармашылығымен" (банкотворчество) айналысу болды деп мәлімдеді кейбір
сарапшылар. Сондайақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды,
банк жүйесін қайта құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.
Банк реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі
оның жоғарыдан берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай
дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Экономиканы
басқаруды негізінен қайта құру тек 1987 ж. басталған бола-тын. Елде банк
реформасының басталу кезінде жалпы экономикалық реформадағы банктің ролін
түсіну қалыптаспаған еді. Экономикалық даму мәселелері мемлекет пен
экономика субъектілерінің қаржылық жағдайын нашарлатты. Мемлекетгік
бюджеттің тапшылығы, несиені бюджет қажетіне Қолдану, тауар айналымы мен
халыққа көрсетілетін қызметтердің даму қарқынымен салыстырғанда ақша
массасының даму қарқынының асып түсуі экономикадағы инфляциялық тенденцияны
күшейтті.
Банк реформасының келесі кезеңі осы қателіктер мең кемшіліктерді жоюға
арналды. 1988 ж. "Кооперациялар (серіктестіктер) туралы" Заң қабылданып,
соған сай қаражат тарту және несиелеу қызметтерімен шұғылданатын
кооперативтік банктер пайда бола бастады. Банктік кооперативтер ашуға
жасалған қолайлы жағдайлар өз алдына "банктік шу" туғызып, көптеген
банктердің пайда болу толқынына әкеп соқтырды. Оған мынадай статистикалық
мысал келтірейік, 1989 ж. 1 қаңтарында елде 43 коммерциялық банк тіркелсе,
бір жылдан кейін - 224, ал 1991 ж. аяғында олардың саны 1357-ге жеткен
[23;574.]. Дегенмен осы банктердің негізгі бөлігін тек пайданың көп бөлігін
өзіне алу үшін ашылған "біркүндік" банктер құраған. Кейін олар жабылып,
орнына клиенттерге төтенше қолайлы жағдайлар ұсынған, бірақ өз
міндеттемелерін орындамаған жаңа банктер ашылды.
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі заң
"Мемлекеттік банк туралы" Заң және "Банктер және банк қызметі туралы" Заң
бекітілді. Заңдарда банк ашу жағдайы, оларды бақылау әдістері
белгіленді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландырылу
негізінде коммерциялық банктерге айнала бастады.

2.2.Екінші деңгейлі банк жүйесін құру

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж.
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған "Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада
Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк -
ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк
коммерциялық банктер жүйесі.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтынзаңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту,
орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес
Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары
осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік
банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады.
Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша
саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға
монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын
реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика
территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, Қаз КСР-ның Жоғары
кеңесіне есеп береді, жержерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар.
Мемлекеттік банктің басқару ортаны-оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын
Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен
міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп
жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында
осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін
басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас
(шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан зандарына сай
Мемлекеттік банк деп (Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан
үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік
құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы
болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекеме-лерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақ банкісі
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Ұлттық банктің басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Қазақстандағы алғашқы банктердің пайда болуы
Банктың операциялық қызметтері
Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері
Банк жүйесі туралы ұғым
Пәндер