Әкімшілік жазалардың түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Әкімшілік құқық бұзушылық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін жене құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын нақты әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері ӘҚБтК-тің Ерекше бөлігінің 80-537-баптарында қаралған. Бұл құқықтық нормалармен қаралмаған әрекеттерді әкімшілік құқық бузушылық деп санауға болмайды, сондықтан олар әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыруы мүмкін емес. Оларға ұқсас қылмыстардан әкімшілік құқық бұзушылық тек өзінің аз дәрежедегі қоғамдық қауіптілігімен ажыратылады, сондықтан әкімшілік деликтердің қоғамдық қауіптілігі туралы емес, зиян келтіретіні туралы жиі айтылады.

Құқыққа қарсылық пен қоғамға қауіптіліктен басқа, әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгілері әрекеттің кінәлілігі және жазаланушылығы болып табылады. Кінәлілік құқық бұзушының қасақана немесе абайсызда өз еркімен әдейі жасаған әрекетін білдіреді. Ұйымның кінәсі оның лауазымды адамдарының немесе өкілдерінің кінәсіне қарай анықталады. Құқық бузушылықтың жазаланушылығы - бұл оны жасаған үшін ӘҚБтК-пен көзделген әкімшілік жауаптылық ӘҚБтК-тің 9-бабында осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиіс емес деп белгіленген.

Әкімшілік жауаптылық - зандық жауаптылықтын ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардын әкімшілік кұкық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдык жауаптылыққа тән белгілер әкіімшілік құқыкта да бар. Әкімшілік жауаптылық өкілетті мемлекеттік органның /лауазымды адамның/ әкімшілік құқықтың қолданылып жүрген нормаларымен қоршаған нақты әкімшілік-құқықтық санкцияларды құқық бұзушылықтың ерекше түрін әкімшілік құқық, бұзушылық жасаған кінәсі жеке және заңды тұлғаларға қолдануынан көрініс табады.

Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың шараларына жазалаушылық функциясы тәнді, бұл олардың жалпы және жеке дара ескерту /алдын алу/ маңызын жоққа шығармайды.

Әкімшілік жауаптылықтың өзінің норматывтік құқықтық базасы бар. Қазіргі кезде оны регламенттейтін негізгі нормалар ӘҚВтК-те жинақталған.

Кодекстің Жалпы бөлігінде әкімшілік жауаптылықтың субъектілері /адам жене заңды тұлға/ айқындалған, әкімшілік жауаптылыққа тартудың шарттары, әкімшілік жазалардың түрлері мен оларды қолданудың тәртібі және т. б. қаралған. Кодекстің Ерекше бөлігінде қол сұғылатын объектілерге және мемлекет қызметінің аяларына қарай әкімшілік құқық бұзушылықтың нақты құрамдары бар. Ерекше бөліктің баптарымен құқық бұзушылық құрамдарының әрқайсысы үшін санкциялар белгіленген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу реттелінген.

Әкімшілік жауаптылықтың мақсаттары ӘҚБтК-пен айқындалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттерінен туындайды.

Олар адамның жеке басын, адам мен азаматтың құқықтары мек бостандықтарын, халықтың денсаулыгы мен санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоршаған органы, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, қоғамдық тәртіпті, заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің құқықтарын әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғаудан, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алудан тұрады. Осы мақсаттарға сәйкес ӘҚБтК-те нақты әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамдары тұжырымдалған.

Әкімшілік жауаптылық жалпы міндетті болып табылатын ережелерді, яғни олардың реттеушілік ықпалына тап болатын барлық жеке және заңды тұлғаларга таратылатын, бұзған немесе ақтамаған жағдайларда туындайды. Олар әр түрлі, негізінен арнайы сипаты болады. Бұл, мысалы, стандартизациялау; есеп және статистика; қозғалыс қауіпсіздігі мен көлік құралдарын пайдалану; әскери есеп; шекаралық режим; контрабандамен күрес; валюта айналымы және басқалар туралы ережелер.

Әкімшілік жауаптылық әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған жағдайда пайда болады. Сонымен бірге ӘҚБтК-те еңбек, қаржылық, жер және тағы басқа, тіпті Конституциялық құқық нормаларын бұзған үшін мұндай жауаптылыққа тарту мүмкіндігі қаралған. Бұл оның салааралық /құқықтық салалардың арақатынасы мағынасында/ маңызы бар екенін білдіреді.

Әкімшілік жауаптылық үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлілерді тартатын органмен /лауазымды адаммен/ және кінәлі тараптың арасында қызмет, жұмыс немесе оқу жөнінен бағыныстық қатынастардың жоқ болатындығы төнді. Бұл түсінікті де, өйткені бұзылатын ережелер қызметтік немесе өзге де бағыныстылықтың тар шеңберінен тысқары болады.

Әкімшілік жауаптылықты іс жүзінде негізінен соттар және бұған арнайы уәкілдік етілген, бақылау қадағалау функциялары мен өкілеттіктері берілген тиісті атқарушы органдардың өкілі болып табылатын лауазымды адамдар жүзеге асырады.

Әкімшілік жауаптылық өзінің тікелей көрінісін әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар жөнінде қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеудің ерекше шараларынан әкімшілік жазалардан табады.

Әкімшілік жауаптылықты жүзеге асырудың процессуалдық нысаны ӘҚБтК-пен белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің ерекше тәртібі болып табылады.

Ақыр соңында, әкімшілік жауаптылықтың негізіне құқық бұзушылықтың ерекше түрі әкімшілік құқық бұзушылық жатады.

Сонымен, әкімшілік жауаптылық кімде кімдер тиісті әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын қажетті түрде орындамаса, солар үшін жағымсыз сипаты бар белгілі бір салдарлардың туындауын білдіреді. Ең жалпы түрде ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нәтижесі ретінде сипатталады.

Әкімшілік жауаптылықтың заңдық жауаптылықтың өзге түрлерімен арақатынасы қандай?

Әкімшілік жауаптылық заңдық жауаптылықтың, нақты бір түрі болып табылады. Оған тәнді ерекшеліктер әкімшілік жауаптылықпен жене осындай жауаптылықтың өзге түрлерінің арасындағы шегін айыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қылмыстық жауаптылық үшін қылмыс жасау негіз болып табылады; ол тек қана сот арқылы туындайды; оның негізгі тараптары қылмыстық кодекспен және қылмыстық іс жүргізу кодексімен регламенттелген; қылмыстық жауаптылыққа тек адамдар жатады.

Тәртіптік жауаптылық, соттан тысқары тәртіппен туындайтын болса да, бұл оны әкімшілік жауаптылықпен жақындастырады, мынадай қатынастарға тәнді, олардың шеңберінде төртіптік биліктің субъектісі болып табылатын органға немесс лауазымдьа адамға кінәлі адам бағындырылған. Оның негізгі лауазымдық /қызметтік/ міндеттерін бұзу немесе тиісінше орындамауға саятын тәртіптік /қызметтік/ теріс қылық болып табылады, сол үшін кінәлі адамға тәртіптік жаза қолданылады.

Азаматтық-құқықтық /мүліктік/ жауаптылық үшін зиянда немесе залалды өтеу тәнді, сондықтан да оның негізгі мазмұнын, бұрынғы қалпына келтіру шараларын қоса, мүліктік сипаты бар салдарлар құрайды.

І-ТАРАУ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРЛІШІКТІҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ

  1. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1961 жылға дейін жергілікті органдар әкімшілік жауапкершілікті қараудың оны бұзғаны үшін мәселені шешу үшін кең көлемде өкілеттігі болған («міндетті қаулы») . КСРО Жоғары Президиум Одағының 1961 жылғы 21 маусымдағы «Әкімшілік тәртіпте салынған айыппұлды қолдануға ары қарай шек қою туралы» Қаулысымен жергілікті органдардың қарастырылып отырған бұзушылықтар үшін айыппұл салуды шектеу, осындай шешімді қабылдау тек облыстық, аудандық және қалалық Одақтар ғана мүмкіндік берді. [24. 23]

  1. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ НЕГІЗІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.

Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушы-лықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті тудырады.

Әкімшілік жауапкершілік жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа деген мемлекеттің реакқиясы болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік - қылмыстық, тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі. [19. 34]

Әкімшілік жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық жасағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Бұл шаралар мемлекеттік уәкілді органдармен тағайындалады.

Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті мемлекеттік өкілді және аткарушы органдар айқындайды. Жеке тұлғаның әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.

Еңбектік тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылады (ескерту, сөгіс, еңбек шарттын бұзу) . Келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік пайда болады (зиянды өтеу т. б. ) . Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік орнайды (бас бостандығынан айыру, қамауға алу және т. б. )

Әкімшілік жауапкершілік мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасьшдағы негізгі нормативті құқықтық акт болып 2001 жылдың 30 қаңтарында кабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс табылады. Кодекс екі бөлімнен тұрады - Жалпы және Ерекше. Кодекстің Жалпы бөлімінде әкімшілік жауапкершілік институтының негізгі ережелері, ал Ерекше бөлімде - жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтардың топтастырылуы, оны жасағаны үшін жазасымен бірге көрсетілген.

Әкімшілік жауапкершіліклік белгілері

>қоғамдық тәртіпті қорғау амалы болып табылады;

>мәжбүрлеумен байланысты, яғни құқық бұзушы үшін жағымсыз салдармен;

>іс-жүргізу нысанында жүзеге асырылады;

>сотпен, сондай-ак өзге де уәкілді органдармен қолда-нылады;

>соттауға болмайды және жұмыстан шығарылмайды;

>жұмыс орнына қарамастан, барлық азаматтарға бағытталған.

Әкімшілік жауапкершілікті жуктейтін органдар

Әкімшілік жауапкершілік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара бағынышты емес құқық бұзушыларға тағайындалады. Оларға келесі органдарды жатқызуға болады:

> аудандық арнаулы және оларға теңестірілген әкімшілік соттың судьялары;

> кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қор-ғайтын аудандық (қалалық), қаладағы аудандык комиссиялар;

> ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекция органдары және мемлекеттік қадағалау мен бақылаудың өзге органдары (олардың лауазымды тұлғалары) .

Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып, әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік терісқылық) табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық - жеке және заңды тұлғаның әкімшілік-құқықтық норманы бұзатын және әкімшілік жауапкершілікті тудыратын құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері

> құқыққа қарсылық, яғни қалыптасқан әкімшілік-құқықтық норманы бұзады;

> кінә. Кінә - тұлғаның өзінің құқыққа қарсы іс-әрекетіне және оның салдарына деген психологиялық көзқарасы, қатыстылығы кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі, кінәнің болмауы жауапкер-шілікті жоққа шығарады. [23. 64]

> жазалаушылық, яғни әкімшілік жазасы көрсетілген іс-қимыл ғана, әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

> іс-қимыл әрекет не әрекетсіздік түрінде. Әрекет - міндеттерді белсенді түрде орындамау немесе заңмен тыйым салынған іс-қимылдар жасау. Әрекетсіздік - міндеттерді бәсең түрде орындамау.

Әкімшілік жауапкершілікте туындайтын, құқықпен аныкталған белгілердің жиынтығы - әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы. [33. 43]

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болып келесі элементтердің (белгілердің) жиынтығы табылады: объект, объективтік жақ, субъект, субъективтік жақ.

Объект болып, құқық нормаларымен реттелген және әкімшілік жауапкершілік мөлшерімен қорғалатын коғамдық қатынастар табылады. Объект ретінде нақты нормалар, заңдық талаптар, шектеулер танылады.

Объективтпі жақ - жүріс-тұрыстың өзін сипаттайды, әкімшілік құқықпен тыйым салынған іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктерді жасаумен сипатталады.

Объективті жақты анықтағанда құқық бұзушылықты жасау амалы, сипаты (қайталанбалылык, созылмалылық), орны (қоғамдық орын, әуе құрамы, шекара шебі) және уакыты (түнгі), зиян мөлшері, құқық бұзушылықты жасауда қолданылған құрал-жабдықтар (көлік құралы, спирттік ішімдіктер, есірткі заттар, оқ дәрі, қару-жарақ) мәні өте зор.

Субъекті болып табылатын әкімшілік құқық бұзушылықтар:

1) 16 жаска толған, есі дұрыс жеке тұлға;

2) заңды тұлғалар, яғни мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар.

және оның салдарына деген психологиялық катыстылығы, ол қасақаналық және абайсыздық түрінде көрсетілуі мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалынған болып есептеледі, егер оны жасаған тұлға өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) құқыққа қарсы екендігін сезді, оның зиянды салдарын болжады және осы салдардың болуын тіледі немес саналы түрде болуына жол берді, әлде оған немқұрайлылықпен қарады.

Егер құқық бұзушы өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды зардаптары болуы мүмкіндігін алдын ала білсе, біракқ оған жеткіліксіз негіздермен оларды болдырмауға ұшқалақтыққа салынса немесе оларды алдын ала болжай алмаса, бірақ болжауға міндетті болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалған болып саналады.

Қасақаналыққа ұсақ бұзақылық, үй жағдайында спиртті ішімдіктер жасау және өткізу, мәдениет және тарих ескерткіштерін, сондай-ақ табиғат объектілерін қорлау, т. б. теріс қылықтар жатады.

Абайсыздыққа ұйымның лауазымды тұлғасының оған сеніп тапсырған құжаттарын жоғалту, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, т. б. теріс-қылықтар жатады. [42. 55]

Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылық құрамының белгілері болған жағдайда, тұлға кінәлі болып табылады.

1. 3. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ СУБЪЕКТІСІ МЕН ОБЪЕКТІСІ

Субъект - бұл әкімшілік құқық бұзушылық, жасаған жеке немесе заңды тұлға. Мұнан басқа, арнайы субъектілер - лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары бөлінеді.

ӘКБтК бойынша ақылcыз дұрыс, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған адам әкімшілік жауаптылыққа жатады, Салыстыру үшін айта кетейік, қылмыстық жауаптылық 14 жастан болуы мүмкін.

16-дан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адаадар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда. Оларға әкімшілік жаза тағайындалуы не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес коммерциялық жэне коммерциялық емес ұйымдар. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкімшілік жауапқа тартылуы да кінәлі жеке адамды жауаптылықтан босатпайды. ӘҚБтК-та заңды тұлғалардың жасайтын құқық бұзушылықтарының құрамы қаралмаған. Бірақ заңды тұлға осы Кодекстің Ерекше бөлігінде тікелей көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.

Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орыңдамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болады. [23. 52]

Ұйымдық билік немесе әкімшілік шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке кәсіпкер де лауазымды адам ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.

Әскери қызметшілер мен әскери ұжымда жүрген азаматтар, прокурорлар, ішкі істер органдарының, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша және қызмет өтеу тәртібін регламенттейтін өзге де актілерге сәйкес жауаптылықта болады.

Бірақ олар ҚР-ның Мемлекеттік шекарасы режимін, санитарлық заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, аң аулау, балық аулау ережелерін, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады. Мұндай жағдайлар жөнінде де белгілі бір шектеулер белгіленген. Оларға кейбір әкімшілік жазаларды /мысалы, әкімшілік қамауға алуды/, ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген адамдарға әкімшілік айыппұл салуды қолдануға болмайды.

Дипломатиялық иммунитетпен жене қорғанышпен пайдаланатын шетелдіктерден басқа шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтың субъектілері болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының субъективтік жағы - бұл кінә, яғни адамның өзі жасаған құқыққа қарсы әрекетіне және мүмкін болатын оның салдарларына психикалық /рухани/ көзқарасы. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық нысанында көрініс табуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық, егер оны жасаған адам өзінің іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ құқыққа қарсы сипатын сезінсе, залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, қасақана жасалған деп танылады /ӘҚБтК-тің 29-бабы/.

Әкімшілік құқық бұзушылық, егеp оны жасаған адам өзінің іс-әрекетінің/әрекетсіздігінің/ заңды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған жене ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе абайсызда жасалды деп танылады. [26. 63]

Сонымен, егер адамның әрекетінде заң элементтерінің төртеуінің жиынтығы бар деп табылатын болды, онда ол әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Көрсетілген элементтердің ең болмағанда біреуінің болмауы бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартуға мумкіндік бермейді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі бұл сол, ол неге /не нәрсеге/ қол сұғады, ол қандай қоғамдық қатынастарды бұзады. Жалпы объект ӘҚБтК-тің 7 және 28-баптарында айқындалған. Олардың мазмұнынан шығатын негізгі қортынды, мұндай объект әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалатын мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұған қоса мынаны айту керек, шындығында әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік құқықтық құралдармен қорғалатын, өзге де қоғамдық қатынастарға қол сұғады /мысалы, конституциялық, еңбек, қаржылық құқықтармен реттелінетін/.

Демек, әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалатын кез келген қоғамдық қатынас болып табылады. Мұны ӘҚБтК-тің Ерекше бөлігі тарауларының аттары дәлелдейді /мысалы, жеке адамның құқықтарына, меншікке, кәсіпкерлік қызмет жүргізудің тәртібіне, қоршаған ортаны қорғауға, басқарудың белгіленген тәртібіне және басқаларға қол сұғушылық/.

Әкімшілік құқық бұзушылықтық накты объектілері де бар. Олар жөнінде ӘҚБтК-тің Ерекше бөлігінің қандай да бір бабының мазмұнынан білуге болады. Мысалы, 373-бап митингілер, шерулер және т. с. с. ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін бұзған үшін жауаптылық қараған. [26. 457]

Міне осы аталған құқық бұзушылықтың нақты объектісі болып табылады.

Объективтік жағы әкімшілік құқық бұзушылық объектісіне бағытталған құқыққа қарсы әрекет, яғни іс-әрекет немесе әрекетсіздік, оның сипаты, сондай-ақ оны жасаудың /немесе жасамаудың/ жағдайы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың көпшілігі іс-әрекеттерден көрініс табады. Әкімшілік жазалауға жататын әрекетсіздікке мысал ретінде лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулы, сын қарамай қалдыруын айтуға болады /ӘҚБтК-тің 5206/.

Объективтік жақтын элементі ретінде болатын жағдайлар әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың уақытын, тәсілін ескеруді болжайды. Мысалы, ӘҚБтК-тің 298-бабында аң аулау ережелерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру ережелерін /тиісті рұқсатсыз немесе тыйым салынған жерлерде, иә болмаса тыйым салынған уақытта, тыйым салынған қарулармен немесе тәсілдермен/ бұзу туралы айтылған. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың бірнеше рет болуы ескеріледі. Мысалы, бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасауы мүмкін. Объективтік жағы сосын, бір адамның бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасауын ескереді. [14. 52]

  1. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

ӘҚБтК өзінің материалдық және процессуалдық құқық нормаларымен сот тәртібімен де, сол сияқты соттан тысқары тәртіппен де жүзеге асырылатын әкімшілік юрисдикциялық қызметті неғұрлым толық реттеген.

Онда іс жүргізудің міндеттері айқындалған: әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау; оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал етстін себептер мен жағдайларды анықтау /577-бап/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Әкімшілік жазалар
Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл
Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері
Әкімшілік жазалардың мақсаты
Әкімшілік айыппұл түсінігі
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы
Әкімшілік айыппұлдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz