Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
I ТАРАУ ҚР ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
1.1. ҚР қылмыстық құқығындағы пара алудың кылмыстық құрамы және оның
сараланған құрамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. ҚР қылмыстық құқығындағы пара берудің сараланған
құрамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .28
1.3. Пара бергені үшін жауапкершіліктен босатудың шарттары ... ... .33
1.4. Парақорлыққа делдал болудың қылмыстық құрамы ... ... ... ... ..35
1.5. Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату ... ... ... ... ... ... ...39
II ТАРАУ. ҚР ПАРАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫМЕН
КҮРЕСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың маңызын арттырудағы
құқық қорғау органдарының мәні мен рөлі ... ... ... ... ... ... 44
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыс жасаған адамға
криминологиялық мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
2.3. Шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққақарсы күрес туралы
заңнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...50
2.4 Парақорлық үшін жауакершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану
тәжірибесі туралы негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
ІІІ ТАРАУ ПАРАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ МЕН БАСҚА ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...70
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың зерттеу мәселесінің өзектілігі. Қазақстан
Республикасындағы парақорлық және сыбайлас-жемқорлық - тек әлеуметтік емес,
сонымен қатар саяси құбылыс. Ол әлеуметтік өмірдің барлық саласында
мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты өмір сүріп отырады.
Өз кезегінде мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған Қазақстанның
ішкі саясаты сыбайлас-жемқорлық қылмыстарының жағдайына, құрылымы мен
динамикасына ықпал жасап отыр. Сыбайлас жемқорлықтың ең көне және кең
тараған түрлерінің бірі - парақорлық.
Жалпы алғанда парақорлық бұл - кез-келген өркениетті мемлекеттің
алдында тұрған мәселе. Қылмыстың бұл түрі елдегі режимге, ондағы басқару
нысанына, идеологияға қарамастан кең етек жайып отыр. Мысалы, КСРО кезінде
кез-келген қылмыстық құқық саласындағы ғылыми еңбектерде буржуазиялық
елдердегі (АКДБ, Англия, Франция, т.б.) қылмыстылықтың жоғары деңгейін,
соның ішінде паракорлық қылмысының көптеп таралғанын жаза отырып, өз
елдеріндегі дәл осы қылмыстың аз таралмағандығы мойындалмады. 1918 жылдың
өзінде-ақ парақорлықтың қарқынды дамып келе жатқанын байқаған В.И.Ленин,
сол жылы "парақорлыққа қарсы күрес туралы" декретке қол қойды. 1921 жылы
Бүкілресейлік съезді де ол мемлекеттің үш жауы бар деп: "біріншісі-
бюрократия, екіншісі-сауатсыздық, үшіншісі-пара", - деп көрсеткен.
Ол кезде жас кеңестік мемлекеттің алдында тұрған мәселе - әкімшілік-
басқарушылық аппаратгы ұйымдастыру болатын. Осының салдарынан осы аппаратты
ұйымдастырудың тиімді әдістерін табу үшін, мемлекет өзінің шаруашылық -
басқарушылық мекемелерін қайта ұйымдастыруға жиі ұшырататын. Осының
нәтижесінде, кезекті қайта ұйымдастырудан кейін "сыртта" қалып қалмас үшін,
қызметкерлерге пара беруге тура келді.
Екіншіден, парақорлықтың өсуіне әкеліп соққан жағдай ол мемлекеттік
органдардағы қызметкерлердің материалдық тұрғыдан төмен қамтамасыз етілуі.
Яғни төмен жалақы және әлсіз материалдық ынталандырылуы.
Үшіншіден, елдің бұл кездегі ауыр экономикалық және қаржылық күй кешуі.
Қарап отырсақ, нақ осы мәселелер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі
жылдары орын алды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, экономикалық және
саяси реформаларды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық мәселесіне тап
болды, мемлекеттік билік саласында парақорлықтың күрт өсуі орын алды. Ал ол
өз кезегінде Қазақстанда құқықтық мемлекет құруға кедергі жасауда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың ұсынысы бойынша
1998 жылы 2 шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
Заң қабылданған болатын. Ол заң дүниежүзілік тәжірибені негізге ала
отырып құрастырылған. Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік
саясаттың құрамдас бөлігіне айналып отыр.
Сыбайлас жемқорлық қылмысының ең кең тараған түрлерінің бірі -ол
паракорлық. Мемлекеттік - биліктік құрылымдарда терең орныққан ол
-қоғамдық, құқықтық сананың дағдарысына, құқықтық нигилизмге, мемлекеттік
органдарға сенбеушілікке әкеліп соғады.
Сондықтан, парақорлықпен күрес біздің қоғамның алдында тұрған ең
бірінші міндет болып табылады. 26 маусым 1998 жылғы "ҚР ұлттық қауіпсіздігі
туралы" Заңында - сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздіктің негізгі
қатерлерінің бірі ретінде көрсетілген.
Парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесін: Н.М.Абдиров,
А.Н.Ағыбаев, И.Ш.Борчашвили, У.С.Жекебаев, Р.Т.Нуртаев, Г.Д.Тлендиева,
С.М.Рахметов, ал Ресейлік ғалымдардан Б.В.Волженкин, В.В. Лунеев, С.Г.
Келина, А.Н. Трайнин, А.К. Квициниа, В.И. Ширяев, Б.В. Здравомыслов, П.И.
Гришаев т.б. өз еңбектерінде зерттеген.
Көрнекті ғалымдардың бұл қылмысты толық зерттеуі, оны зерттеуге кедергі
бола алмайды. Өйткені біздің заңнамада кемшіліктер өте көп.
Сот практикасын зерттей келе, құқық қорғау органдарының
парақорлықпен күресуде нәтижелілік танытпай отырғанын анық байқауға
болады. Көбінесе, қылмысты саралауда, ұқсас қылмыстардан
ажыратуда қателіктер кетіп жатады. Сонымен қатар бұл қылмысты дәлелдеу де
өте қиын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты параны алу, параны беру, парақорлыққа делдал болу
нормаларына қылмыстық құқықтық талдау жасау және олардың қолданылу
тиімділігін арттыру үшін қылмыстық заңнаманы жетілдірудің жолдарын ұсыну.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:
- парақорлықтың ғылыми - теориялық аспектісін зерттеу;
- парақорлық үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегін анықтау;
- парақорлық үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық
құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша қорытындылар мен
ұсыныстарды келтіру;
- парақорлықты басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып алу.
Зерттеудің практикалық маңызы.
Практикалық және теориялақ аспектілерді зерттей келе, мынадай
мәселелерді нақтылауға тура келді: лауазымды тұлға ұғымы қылмыстық құқықта
толық анықталмаған, параның заты, параның төменгі мөлшері туралы, т.б.
Осы жұмыста келтірілген ұсыныстар парақорлықпен күресте және құқық
қолдану қызметінде қылмыстық нормаларды жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.

сараланған құрамдары
Парақорлық - бұл сыбайлас жемқорлықтың ең көне және ең кең тараған
түрлерінің бірі. Атақты орыс криминалисті В.И. Ширяевтың айтуынша: "ерекше
өкілеттіктерге ие биліктің адамдары пайда болғаннан бастап парақорлық та
сол кезден бастап пайда болды".
Заңнамада парақорлық - қызметтік, пайда күнемдік мақсатта жасалатын
қылмыстардың бірі ретінде көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні мынада:
мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген
адам өзінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе
ұйымдардан заңсыз материалдық сыйақы алады.
Басқа да мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы
қылмыстар сияқты, парақорлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі
басқару органдары, сонымен қатар, әскери күштерді басқару аппаратының, яғни
мемлекеттік басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады. Ал
бұл аппараттың қалыпты қызмет етуінің ең басты шарты - бұл мемлекеттік
қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның қызметі
үшін төленетін жалақысын заңдылық, жария - кұқықтық принциптеріне сай етіп
төлеу. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адам өз қызметін жүзеге асыру барысында қызмет мүддесін
басшылыққа алып, өз қызметі үшін сыйақыны тек қана заңда көрсетілген
тәртіппен алуы тиіс.
Парақорлық мемлекеттік басқару аппаратына іріткі салып, азаматтардың
алдында оның беделін аяқ асты етіп, әділдікке сенімсіздік туғызып,
шенеуніктердің жаппай сатылатындығы жөнінде пікір қал ыптастырады.
Парақорлық экономикаға, саясатқа, мәдениетке зардабын тигізіп қана
қоймай, қоғамда билік ететін идеологияны, қоғамдық сананы - психология,
мораль, адамгершіліктің құлдырауына әкеліп соғады. Пара шенеунікті мемлекет
қызметшісшен жеке мүдделердің кызметшісіне айналдырады, парақорлық тек
құқықтық нормаларды ғана емес, мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесін
бұзады.[1.42]
Бұл пікірді А.М. Яковлев та қолдайды: "Бұл қылмыс құқықтық тәртіпке қол
сұғады, нормативтік жүйенің сақтаушыларын, оның бұзушыларына
айналдырады. Пара кез - келген заңнамалық шектеулерге, тыйымдарға кілтін
таба алады.
Пара үшін тиімді контрактілер жасалады, керекті
сараптамалар жүргізіледі, салықтық жеңілдіктер мен тиімді несиелер алынады,
белгілі - бір кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін лицензиялар алынады.
Параны бере отырып құқық бұзушылар жауапкершіліктен жалтарады. Пара
тіркелген кезде, ЖОО-на түсу кезінде, онда емтихан тапсырған кезде беріледі
және алынады. Ең қатерлісі, парақорлық басқа қылмыстармен ұштасқан кезде
болады олар: салықтық, кедендік, экономикалық, экологиялық және ұрлау
қылмыстары. Американдық ғалым В.М. Райсмен, АҚШ - тағы парақорлық мәселесін
зерттей отырып, кең тараған параның үш түрін айқындады: іскерлік пара
(лауазымды тұлғаға ол өзінің қызметтік міндеттерін тезірек орындауын
қамтамасыз ету үшін беріледі), тежеуші пара (тиісті жағдайда қолданылуы
тиіс норманың қолданылуын тоқтата тұрғаны үшін беріледі), тікелей сатып алу
(яғни белгілі бір қызметі үшін емес, қызметкердің өзін сатып алу. Ол өз
жұмысында қалып, қызметін орындап, толықтай бейтараптылық білдіріп, бірақ
үнемі пара берушінің мүдделерін корғап отырады). Паралардың осы үшеуі де
біздің елімізде кездеседі. Және лауазымды тұлғаны сатып алу ерекше қауіпті
болып табылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтар биліктік құрылымдардың
өкілдерімен байланыстар орнатып, оларды жүйелі түрде "тамақтандырып",
өздеріне тәуелді қылады. Парақорлықпен күрес нәтижесінде кейінгі жылдары
оның келесі түрлері анықталып отыр:
1) қызметтік жағдайын пайдаланып, алдын - ала сөз байласпай, құқыққа
сай әрекеті үшін пара алуы;
2) жоғарыда аталған жағдайларда, бірақ қызметтік міндеттерін бұза
отырып пара алу;
3) қызметтік міндеттерін жасағанға дейін сыйақы алу. Бұл жағдайларда
қорқытып алушылық көптеп кездеседі, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті
тұлға немесе оған теңестірілген адам пара берушінің заңды мүдделеріне қайшы
әрекеттер жасаймын деп немесе пара берушінің талап етуге құқылы әрекеттерді
жасаудан бас тартамын деп қорқытуы;
4) Пара берушінің пайдасына заңсыз әрекеттерді жасағанға дейін -сыйақы
алу;
5) Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамның оның юрисдикциясындағы адамдардан жалпы қамқоршылығы
және жол беруі үшін қандай да бір қызметтік әрекеті үшін алдын ала келіспей
материалдық құлдылақтар немесе қызмет көрсетуді қабылдауы. [21.141]
ҚР 1997 жылғы қылмыстық кодексіне сәйкес парақорлық ұғымы -параны алу
(311- бап), параны беру (312-бап), парақорлыққа делдал болу (313-бап)
қылмыстарын қамтиды.
Параны алу қылмысының аяқталуы, параны берусіз мүмкін емес. Сондай-ақ,
параны беру қылмысының аяқталуы, параны алу орын алмаса мүмкін емес. Бұл
қылмыстардың арасындағы өзара тәуелділік заң әдебиеттерінде даудың
туындауына әкеліп соқты.
Бұл қылмыстардың жеке даралығы туралы пікір орын алды (Б.В.
Здравомыслов, В.Ф. Кириченко, В.Е.Мельникова, Н.А. Стручков, М.Д.
Шаргородский, және т.б.). Сонымен қатар, парақорлықты күрделі екі жақты бір
қылмыс ретінде санаушылар саны да көп (Н.Д. Дурманов, Н.Г. Кучерявый, Ш.Г.
Папиашвили, А.Б. Сахаров, және т.б.). Үшінші көзқарас бойынша, пара беруді
пара алуға қатысушылықтың ерекше түрі ретінде есептейді (А.А Жижиленко,
Ю.И. Ляпунов, А.Н. Трайнин, А.Я. Светлов және т.б.).
Үш көзқарастың да жақтаушылары бір жерде келіседі - ол параны алу және
беру кезінде мемлекеттің басақару аппаратының қалыпты қызмет етуіне қол
сұғылуы. Бұған қоса кеңестік заңнама да қазіргі заңнама сияқты, мемлекеттік
қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам заңды
әрекеті үшін де, заңсыз әрекеті үшін де пара алса, оны қылмыс деп
есептеген.
Осылайша, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адам басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне аяқталған қол
сұғушылықты жүзеге асыру үшін, оған біреу пара беру керек. Осыдан, пара
беруші бұл қылмыстың қажетті қатысушысы болады, өйткені ол қасақана
мемлекеттік қызметті атқаруга уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген
адаммен біріге отырып, басқару аппаратының қалыпты қызметіне қол сұғуға
қатысады.[3.221]
Параны алу және беру қылмыстарын жеке дара қылмыс қылмыс ретінде
санаушылардың аргументтерін оңай терістеуге болады. Көбінесе, параны алу
және параны беру кезінде олардың объективтік жақтарының, субъектілерінің,
мүдделерінің, мақсаттары мен ниеттерінің айырмашылық тарына көп көңіл
бөлінеді. Алайда, қылмысқа қатысушылық кезінде қатысушылардың ниеттері мен
мақсаттары барлық жағдайларда бірдей бола бермейді. Оларда айырмашылықтың
болуына жол беріледі. Ең бастысы, ол -әрекеттерінің ортақ және құқыққа
қайшы екенін сезінуде. Қандай да болмасын басқа ортақ қылмысты жасау
барысында қатысушылардың әрекеттері дәл осындай дәрежеде әртүрлі болуы
мүмкін.
Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген
адамның параны алмаған жағдайда да, бұл параны беру қылмысының жеке
даралығын білдірмейді. Бұл жерде қылмысқа оқталу орын алады, яғни пара
беруші қылмыстың обьективтік жағын орындап, өзіне тәуелді әрекеттердің
барлығын жасаса да, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе
оған теңестірілген адам параны алмаса, онда пара беруші пара беруге
оқталғаны үшін жауапқа тартылады.
Пара алудың объектісі мен заты. Қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың
теориялық және практикалық маңызы өте жоғары. Объектіні анықтау қылмыстың
мәнін, қылмыстық - құқықтық норманың әрекет ету шегін айқындауға, әрекетті
дұрыс саралауға, оларды ұқсас қылмыстардан ажыратуға көмектеседі.
Параны алу, басқа қылмыстар сияқты қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастарға қол сұғады.
Параны алудың топтық объектісі - мемлекеттік аппаратың-қалыпты қызмет
етуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы.[12.243]
Қылмыстық құқық теориясында ғалымдар арасында пара алудың тікелей
объектісіне қатысты бірыңғай пікір жоқ. Кейбіреулерінің пікірінше топтық
және тікелей объектілер сәйкес келеді. Алайда көптеген авторлар топтык және
тікелей объектілерді ажыратады, және бұл дұрыс. Тікелей объект топтық
объектімен әрқашан бір жазықтықта орналасса да, бірақ ол тек оның бір
бөлшегі ғана болып табылады.
Сондықтан, пара алудың тікелей объектісі ол - мемлекеттік аппараттың,
жергілікті өзін - өзі басқару аппаратының, ҚР әскери күштерінің басқару
аппаратының және басқа да ҚР-ның әскери құрамаларының қалыпты қызмет етуін
қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Парақорлықтың заты қылмыстық заңда нақты аталса да, саралау кезінде
көптеген мәселелер туындатып отыр. ҚР ҚК-не сәйкес, парақорлықтың заты
болып, ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік
сипатындагы пайда бола алады.
Ақша және бағалы қағаздарды түсінуде ешқандай қиындық жоқ. Олар тек
қылмысты жасау кезінде айналымнан алынбаған болуы тиіс. Олай болмаса олар
парақорлықтың заты бола алмайды. Ерекше жағдайларда ғана, олардың өздері
елеулі материалдық құлдылыққа ие (монеталар бағалы металдан жасалса,
банкноталар тарихи тұрғыдан алғанда өте сирек немесе материалдық бағалауға
жатса) болған жағдайда қылмыстың заты бола алады. Бірақ ондай жағдайда олар
ақша және бағалы қағаздар ретінде емес, өзге де мүлік қатарына жатқызылуы
тиіс.[11.120]
Енді пара беруші саналы түрде жалған ақша немесе жалған бағалы қағаздар
беріп, ал пара алушы олардың шынайы екеніне сенімді болған жағдайды
қарастырайық. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамның әрекеті нақты қате ережесі бойынша сараланады, яғни
қылмыстың затына қатысты қате жіберу. Ол ҚР ҚК- нің 24-бабына сәйкес пара
алуға оқталу болып табылады. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды беріп жатқан
адамды ҚР ҚК-нің 312-бабымен жауапқа тарта алмаймыз, өйткені, ол қылмыстың
заты жоқ екенін біледі.
Бұл жағдайда алаяқтық туралы да сөз қозғауға болмайды. Өйткені бұл
жерде алдау орын алса да, ақша немесе бағалы қағаздарды беру сәтінде ол
мүлікті иемденіп алудың құралы ретінде пайдаланылып отырған жоқ. Пара
беруші бұл жерде мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамнан өз мүддесіне сай әрекеттерді күтіп отыр. Егер мүлікті
кейіннен иемденіп алу ниеті дәлелденсе, онда берушіні ҚР ҚК-нің 177-бабының
2-бөлігінің белгілері бар болған жағдайда, алаяқтыққа оқталғаны үшін
жауапқа тартуға болады, себебі, ол заң шығарушымен орташа ауырлықтағы
қылмыс ретінде бекітілген.
Сондықтан, бұл әрекетті саралаудың жалғыз жолы, ол ҚР ҚК-нің 206-бабы
бойынша саралау, яғни жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
үшін жауапкершілікке тарту.
Өзге мүлік паракорлықтың заты ретінде азаматтық заңнамадағыдан тар
мағынада қолданылады. Және нақты заттың қатарына кез-келген қозғалатын
мүлік жатқызылады. Ол заттардың азаматтық айналымда болуы, айналымнан
алынған немесе айналымы шектелгендігінің маңызы жоқ. Соңғы екі жағдайда
қосымша баптармен саралау қажет, 251-бап (қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш
заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, алып
жүру); 247-бап (радиактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу); 259-бап
(есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,
иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту және сату).
Қозғалмайтын мүлікке қатысты айтатын болсақ, ол ҚР Азаматтық кодексіне
сәйкес, қозғалмайтын мүлікке жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық
екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың
мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады.[12.94]
Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу
кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі.
Егер жер участкелері, үйлер, ғимараттар, әуе және теңіз кемелері жеке
меншікте болса, онда олар парақорлык заты болуы мүмкін. Ал ғарыш
объектілері, ормандар, көп жылдық екпелер, сулар азаматтық айналымнан тыс
жатқандықтан мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамға заңсыз сыйақы ретінде беріле алмайды.
Қозғалмайтын мүліктің өзі де парақорлық затының ерекше нысаны ретінде
қарастырылады, себебі олардың өзі емес, оларға құқық беріледі.
Мүлік сипатындағы пайда ретінде "Соттардың паракорлык туралы заңнаманы
қолдану тәжірибесі туралы" Жоғары сот Пленумының 22 желтоқсан 1995 жылғы №9
қаулысына сәйкес, ол төленуі тиіс, бірақ тегін көрсетілетін мүліктік
сипаттағы қызметтер (туристік жолдамалар беру, пәтерді жөндеу, құрылыс
жұмыстары, т.б.). Мүлік сипаттағы пайда ретінде, беріліп отырған мүліктің
бағасының едәуір төмендетілуі, жалға алушылық төлемдердің, жекешелендіру
объектілерінің бағасын, банкілік несиелердін проценттік ставкаларының
азайтылуын айтамыз.
Пайда және қызмет міндетті түрде пара беруші үшін ақшалай бағалануы
тиіс. Яғни ол тікелей ақша беруі немесе қызмет көрсетуі тиіс. Олай болмаса,
парақорлық үшін жауапкершілік жоқ. Мысалы, мемлекеттік қызметті атқаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамға көрсеткен қызметі үшін
жұмысқа орналастыру немесе қызмет бабы бойынша өсіру ұсынылса, оның
материалдық тұрғыдан пайдасы болса да, бұл жағдайда парақорлық орын
алмайды, себебі, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамға төленетін жалақы пара берушінің қалтасынан төленбейді.
Және аталған казус қажетті белгілері болған жағдайда, ҚР ҚК-нің 307-бабы,
яғни қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қылмысымен саралануы мүмкін.
[14.45]
Кейбір ғалымдар, жыныстық қызметтерді де, мүлік сипаттағы пайда ретінде
қарастырады. Сондақтан; "мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға
немесе оған теңестірілген адамға қызметі төленген әйел немесе еркекті
ұсынса және пара алушы ол туралы білсе, онда ол ҚР ҚК - нің 311-бабы
бойынша саралануы тиіс дейді. Сондай-ақ, жезөкшелікпен тұрақты айналысатын
тұлға, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамнан қажетті әрекеттерді алу үшін, онымен жыныстық
қатынасқа түссе, бұл жағдай-да парақорлық ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл
көзқараспен көбінесе Б.В Волженкин келіседі. Алайда, ол, егер адамның өзі

адаммен жыныстық қатынасқа түссе, онда бұл жағдайда қызмет мүліктік
сипататтан айырылады деген пікірді қолдайды. Б.В. Волженкин бұл жерде өзіне-
өзі қарама - қайшы келіп отыр. Жыныстық қызметтер жалпы алғанда мүліктік
сипатқа ие болу керек немесе болуы керек. Және ол қызметті кімнің ұсынып
отырғаны маңызсыз. Мысалы, пара беруші мемлекеттік қызметті атқаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамға пәтерін жөндеу қызметін
ұсынатын болса, онда ол пәтерді өзі жөндейді ме немесе жұмысшыларды
жалдайды ма, ол бәрібір мүліктік сипатқа ие болады.
Жоғарыда келтірілген көзқарастармен толық келіспеуге болады.
Жезөкшеліктің елімізде бар екенін ешкім жоққа шығармайды, алайда оны
мүліктік сипатқа ие деп айтуға болмайды. Жоғары сот Пленумы бұл жерде
төленуі тиіс бірақ тегін көрсетілетін қызмет ретінде - азаматтық заңнамамен
реттелген қызметтерді меңзейтін сияқты. Өйткені ақша, бағалы қағаздар, т.б.
параның заттары азаматтық кұқық тұрғысынан сипатталады.
Дәл осылай біздің елімізде жалдамалы кісі өлтірудің да бар екенін ешкім
жоққа шығармайды. Ол да өз кезегінде (қылмыстық болса да) өтелмелі қызмет
көрсету болып табылады. Алайда оны да біз мүліктік сипатқа ие деп айта
алмаймыз. [15.84]
Жоғарыда аталғандар, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға
немесе оған теңестірілген адамды, ол белгілі - бір әрекеті (әрекетсіздігі)
үшін жыныстық қызмет көрсету арқылы марапатталса, ол үшін жауаптылыққа
тартылмайды деген сөз емес. Ол әртүрлі саралануы мүмкін. Мысалы А.С.
Горелик: құрамның бүкіл белгілері болған жағдайда мемлекеттік қызметті
атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам 121 -бап, яғни
нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану бойынша жауапқа тартылуы мүмкін1.
Алайда бұңдай саралау мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе
оған теңестірілген адамның әрекетінің жемқорлық (коррупциялық) сипатын
шетте қалдырып отыр. Сондықтан кінәлінің әрекеттері қызмет өкілеттігін
теріс пайдалану деп бағалап қылмыстар жиынтығымен саралауымыз керек.
Себебі, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адам өзінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, өзінің
жеке мүдделілігі үшін, қызмет мүддесіне қол сұғып отыр.
Енді бір күрделі мәселелердің бірі ол параның төменгі мөлшерін анықтау.
ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-ші ескертуіне сәйкес, егер сыйлықтың құны екі айлық
есептік көрсеткіштен аспаса, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға
немесе оған теңестірілген адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік немесе
өзге мүліктік пайдаға құкық алуы бұрын жасалған заңды әрекеті
(әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз
екендігіне байланысты қылмыс болып табылмайды, және тәртіптік ретпен
құдаланады.
Осылайша заң шағарушы ҚР ҚК-нің 9-бабының 2-бөлігінде аталған жағдайды
қайталаған сияқты. Заң шығарушы жауаптылықтан босатудың шартын екі айлық
есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерді бекітіп отыр. Ал бұл көптеген
түсініспеушіліктерді туғызуы мүмкін: біріншіден, 311-баптың 2-ескертуінде
сыйлық бола алатын заттардың арасында ақша және бағалы қағаздар
көрсетілмеген, ал 311-баптың 1-бөлігінің диспозициясында ол бірінші орында
тұр. Сондықтан біз заңның тура мағынасына жүгінсек, екі айлық есептік
көрсеткіштен аз болатын ақша және бағалы қағаздар ретінде сыйлық алуды пара
алу деп түсінуіміз қажет, себебі олар ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-ескертуінде
көрсетілмеген.
Екіншіден, әрекетті қылмыс ретінде танымаудың шарты ол -сыйлықты
бірінші рет алу. Алайда, егер кінәлі тұлға екі айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын сыйлықты екінші не үшінші рет алып отырса, ол әрекетті қалай
саралауымыз қажет? Бұл жерде бірнеше реттілік орын алған жағдайда ескіру
мерзімі қалай есептеледі?
Бұл мәселелердің дұрыс шешілуі қылмысты дұрыс саралауға тікелей
байланысты.
ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-ескертуінде ақша және бағалы қағаздарды тікелей
көрсетпеу редакциялық кате де болуы мүмкін, алайда азаматтық құқық
тұрғысынан алып қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 115-бабына сәйкес: мүліктік игіліктерге: заттар, ақша, соның
ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, т.б. жатады.
Сондықтан заң шығарушы бұл жерде сөзді көбейтпес үшін ол туралы арнайы атап
өтпеуі де мүмкін.[3.634]
Жүргізілген сұрау нәтижесінде ҚР ҚК-нің 311 -бабының 2-ші ескертуі
тәжірибеде көптеген қиындықтар туғызуда.
Алдын ала тергеу органдары параның көлемі 2 айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын жағдайда қылмыстық іс қозғамайды. Мысалы, жол полициясы
кызметкерлерінің пара алғандары үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартылғандары санаулы ғана, (мысалы, 2000 жылы 2 жол полициясының
инспекторы пара алғаны үшін сотталды) алайда, криминологиялық зерттеулер
олардың арасындағы парақорлықтың деңгейі өте жоғары екендігін көрсетеді.
Біздің ойымызша, ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-ескертуін мемлекеттік
қызметкерлердің арнамыс кодексіне енгізу керек және ол үшін, сыйлықтың
мөлшерін көрсетпей, тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерді қарастыру
керек.
Расында да кейбір жағдайларда мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті
тұлға немесе оған теңестірілген адамдар қызметтеріне адал қарағандары үшін
қызмет бойынша мәселелерді әділ шешкені үшін алған елеулі емес сыйлықтар
үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жүр. Бірақ қазіргі уақытта
бағалардың күрт өсуі кезінде бір шыны коньяктың өзі 3-4 мың теңге тұрса, ҚР
ҚК-нің 311-бабының 2-ескертуін қалай қолданамыз?
Бұл мөлшерді көтеру оң нәтиже бермейді және парақорлықты бірте-бірте
заңдастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Пара алудың қаупі оның мөлшерінде емес,
ол мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген
адамның сол заңсыз сыйақыны алуында1.
Өйткені, осындай жағдайда, мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының мүддесі болып табылатын қылмыстық-құқықтық қорғаудың
объектісіне қол сұғылады.
Әрекетті зардаптың елеусіздігіне байланысты қылмыс емес деп тану үшін
шарттардың тізімін бекіту мүмкін емес. Сондықтан, ҚР ҚК-нің 9-бабының 2-
бөлігі - тергеуші, прокурор, судьяға әр нақты жағдайға байланысты әрекетті
қылмыс ретінде бағаламау үшін жеке баға, объективті шешім табуға мүмкіндік
береді.
Парақорлық үшін жауапкершілік мәселесін зерттеген В.Н. Ширяев
"парақорлық пен шынайы сыйлықтың араласуы болмайды, парақорлықпен күресе
отырып, заң шығарушы азаматтардың рақымшылық қасиетін жою үшін емес,
мемлекеттік биліктің қорғалуын көздейді. Әрбір судья жақсылап ойланса,
істің мән-жайын дұрыс анықтап, рұқсат етілген мен тыйым салынғанның арасын
оңай ажыратып алады1".
Сондықтан, тұлғаның әрекетінің елеулі еместігін қарастыру барысында тек
қана параның төменгі мөлшерін ғана емес, әрекетке байланысты бүкіл мән-
жайлардың жиынтығын да қарастыру керек.
Жоғарыда айтқандарды басшылыққа алып, ҚР ҚК-нің 311 -бабының 2-
ескертуін, ол өте күрделі, түсініксіз, көпжақты мағына беретіндіктен, алып
тастау дұрыс болар еді деп ойлаймыз.
Европалық мемлекеттердің көбісінде параның төменгі мөлшері
қарастырылмаған, сонымен қатар, ол Ресей Федерациясында да жоқ.
Оларда пара шартты түрде екіге бөлінеді - сатып алушы пара (алдын ала
уағдаластық бойынша пара алушының әрекетіне дейін беріледі) және сыйақы
пара (алдын ала уағдаласпай әрекеттен кейін беріледі).
Сондықтан, Ресейдің кейбір ғалымдары параның төменгі мөлшерін РФ
Азаматтың кодексінің 575-бабын басшылыққа алып, бес ең төменгі мөлшердегі
жалақыны бекітуге ұсыныс жасаған.
Алайда, бұл ұсыныс бірден сынға алынып, теріске шығарылған болатын.
Азаматтық құқықтағы бір мәселе "сыйға тарту" шартында қарастырылған. Ал бұл
шарт негізінен біржақты болғандақтан, онда бір тарап (сыйға тартушы) екінші
тараптың (сый алушының) меншігіне затты немесе мүліктік құқықты тегін
береді немесе беруге міндеттенеді.
Затты немесе құқықты қарсы беру не карсы міндеттеме болған кезде -шарт
сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа жалған не құлықпен жасалған
мәмілер ережесі қолданылады.[4.12]
Парақорлық - бұл қылмыс болса да, өзінің мәні бойынша мәміле болып
табылады. Бірақ ол екіжақты мәміле болғандықтан, бұл жерде екі тарап та бір-
бірінің алдында белгілі-бір міндеттемелерді орындайды (пара беруші пара
береді, пара алушы - пара берушінің мүддесіне өзінің қызметтік
өкілеттіктерін пайдаланып белгілі-бір әрекет (әрекетсіздік) жасайды).
Сондықтан, егер мұндай жағдайлардың бар болғандығы алдын-ала тергеу
барысында дәлелденсе, онда параны алу-беру туралы сөз қозғауға толық негіз
бар.
Пара алудың объективтік жағы ол - мемлекеттік қызметті атқаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы
пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-
әрекет(әрекетсіздік) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке
құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-
әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік кызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе
оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса не ол
қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке)
мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол
берсе.[14.56]
Параны алу деп мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе
оған теңестірілген адамның оған берілген материалдық құндылықтарды іс
жүзінде иеленуі немесе көрсетілген қызметтерді нақтылы пайдалану.
Бұл қылмыстың объективтік жағы белсенді әрекет (әрекетсіздік) арқылы
жасалады. Бұл жерде екінші жағдайда, мемлекеттік қызметті атқаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өзінің қызметтік
міндеттеріне сай жасауы тиіс әрекеттерді жасаудан бас тартады.
Тәжірибеде пара алудың екі түрі кездеседі: ашық және жасырын.
Ашық пара алу ол мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе
оған теңестірілген адамның тікелей "қолдан-қолға" немесе делдал арқылы пара
берушінің мүддесіне жасаган әрекеті үшін пара алуы.
Параны жасырын беру екі жақтың да параны беру процессіне қандай да бір
заңды сипат беруге тырысуы. Мысал ретінде, мемлекеттік қызметті атқаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның ақшаны қайтарылған қарыз,
құмар ойындарында жалған ұтыс, азаматтық – құқықтық мәмілелер үшін анық
жоғары төлеу, банктік несиелерді төмендетілген проценттік ставкімен беру,
т.б. жолдармен берілуі мүмкін.
Сот-тергеу тәжірибесіне сәйкес пара алудың 93 % ашық, қалған 7 %
жасырын түрде жүзеге асырылған.
Пара алудың міндетті шарты ол алынған мүліктік пайда туралы білуі
немесе оны ескертусіз берген мүліктік пайдаға қатысты заңда көзделген
әрекеттерді жасамауы.
Заңда пара алудың нақты тәсілдері көрсетілмеген, бұл бір жағынан дұрыс,
өйткені олардың көпшілігін алдын ала қарастырып қою мүмкін емес. Заң
шығарушының анықтамасына сәйкес, пара алуды құрайтын мемлекеттік қызметті
атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның әрекетінің төрт
түрі бар: 1) тұлғаның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекет
(әрекетсіздік); 2) қызметтік өкілеттігіне кірмейтін, бірақ ол қызметтік
жағдайына байланысты осы әрекеттерге мүмкіндік жасаса; 3) жалпы қамқоршылық
пен қызметі бойынша жол беру; 4) лауазымды адамның пара берушінің мүддесіне
заңсыз іс-әрекет жасауы (ҚР ҚК-нің 311-бабы 2-бөлігі).
Қазақстанның қылмыстық заңнамасы сатып алушы пара мен сыйақы параның
арасында айырмашылық келтірмейді. "Соттардың парақорлық үшін жауапкершілік
туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" ҚР Жоғары сот Пленумының 22
желтоқсан 1995 жылғы №9 қаулысына сәйкес: мемлекеттік қызметті атқаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам параны алған уақытына
(әрекетке дейін немесе одан кейін), пара туралы алдын ала уағдаластықтың
болу-болмауына, пара берушінің мүддесіне қандай да бір әрекеттер жасалғаны-
жасалмағанына қарамастан жауапкершілікке тартылады.
Алайда, кейбір ғалымдар, егер пара алушымен, оның құқыққа сай қызметі
бойынша әрекеттерінен кейін алдын ала уағдаластықсыз сыйақы алуы қылмыстық
әрекет болмайды деп сенеді. Ал олардың келесі бір тобы, уағдаластық болса
да болмаса да пара алу-беру орын алады, деп пікір айтады. Тұлғаның

адамға, заңда көзделмеген, оны белгілі-бір әрекетті жасауға итермелейтін
немесе жасалған әрекет үшін сыйақа алуы - тек қана парақорлықтың түрлерінің
бірі1. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамның қызметі бойынша пара үшін жасаған әрекетінде, алдын
ала уағдаластық болмаса да, пара алудың барлық қажетті элементтері, сондай-
ақ сыйақы берушінің әрекетінде - параны беру кұрамы толық болады.[42.22]
"ҚР мемлекеттік қызмет туралы" 23 шілде 1999 жылғы Заңына сәйкес
әкімшілік мемлекеттік кызметкерлердің жалақысы республикалық және
жергілікті бюджеттерден төленеді. Яғни, мемлекеттік кызметті атқаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өзінің қызметі үшін тек
заңда көрсетілген тәртіппен және мөлшерде ғана алады. Егер ол заңда
көзделмеген тәртіппен, одан белгілі бір әрекеттерді күтетіндігін біле тұра,
сыйақы алса, онда ол мемлекеттік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарға
қол сұғып, пара алғаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Сондықтан, заңсыз сыйақы туралы алдын ала уағдаластық болу-болмауына
қарамастан пара алудың құрамы орын алады. Пара алуды құрайтын, мемлекеттік
қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның
әрекетінің екінші түрінде оның пара берушінің мүддесіне белгілі бір
әрекеттерге мүмкіндік жасау туралы айтылған. Жоғары Сот Пленумының 22
желтоқсан 1995 жылғы №9 қаулысына сәйкес: "пара алудың субъектісі пара
берушінің мүддесіне әрекеттерді жасауға өкілеттіктері болмаса да, бірақ
өзінің қызмет жағдайына байланысты осы
Заңға сәйкес, пара алушының әрекеттері мемлекеттік қызметті атқаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттіктеріне
кіруі керек немесе ол өзінің қызметтік жағдайына байланысты ондай
әрекеттерге мүмкіндік жасауы керек. Сондықтан, мемлекеттік қызметті
атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамды пара алушы деп
тану үшін оның әрекеттері қызметтік құзыретпен шектелуі міндетті емес.
ҚР ҚК-нің 13 тарауында екі термин қолданылады: "қызметтік
өкілеттіктерді пайдалану"( ҚР ҚК-нің 307,308,309 баптары) және "қызмет
жағдайын пайдалану"(ҚР ҚК-нің 311-бабы). Осы екі ұғымның мазмұны бірдей
болуы мүмкін емес екені анық. ҚР ҚК-нің 13 тарауын талдау барысында заң
шығарушының "қызмет жағдайын пайдалану " ұғымын кең мағынада, яғни оның
қызметтік құзыретінің шегінен шығатын әрекет ретінде белгіленеді.
Әрекеттерді қызметтік құзыретінің шегінде жасауы "қызметтік өкілеттіктерді
пайдалану" белгісі арқылы анықталады.

адам ұғымын оның занды мүмкідіктерімен (оның құқықтары мен міндеттерінің
шеңберімен анықталатын) және іс-жүзіндегі мүмкіндіктерімен (лауазымына сай
мүмкіндіктерімен) анықтауға болады. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті
тұлға немесе оған теңестірілген адам өзінің іс-жүзіндегі мүмкіндіктерін
пайдаланып, сыйақы үшін, басқа мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті
тұлға немесе оған теңестірілген адамның пара беруші үшін пайдалы
әрекеттерді жасауы үшін ықпал етеді, яғни мүмкіндік жасайды.
Занда (ҚР ҚК-нің 311-бабы) пара берушінің пайдасына жасалатын әрекеттер
"қызмет жағдайына байланысты" жасалуы тиіс. Бұл осындай мүмкіндіктердің
объективті сипатын көрсетеді. Сондықтан, тек достық немесе туыстық
қатынастары қалайтын нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдаланылса, пара алудың
құрамы болмайды.
Сондақтан, әрбір нақты жағдайда "осындай әрекеттерге мүмкіндік жасау"
белгісін анықтауда, бұндай тұлғаның қызметтік жағдайы объективті түрде
басқа мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамға белгілі бір әрекет (әрекетсіздік) жасауына ықпал ете
алу мүмкіндігі анықталуы тиіс. Егер жеке байланыстар, олар қызметті атқару
барысында пайда болса да, шешуші роль атқарса, бұл жагдайда да пара алудың
құрамы жоқ.
Осылайша, теория мен тәжірибе барысында, "қызметтік жағдайына
байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасау" белгісін
қолданғанда, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамның басқа мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға
немесе оған теңестірілген адамға объективті түрде әсер ете алу
мүмкіндігімен шектелуі тиіс:
Олар: а) мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамның екеуі де бір ұйымда жұмыс істеп, олардың біреуі
екіншісіне бағынышты болу керек;
б) мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамдар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істеп, бірақ ол ұйымдардың
арасында тәуелділік қатынастары (әкімшілік, шаруышылық, бақылаушылық,
қадағалаушылық) бар.
Сот-тергеу тәжірибесінде мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға
немесе оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін
сұрақтарды анықтауда көптеген қателер жіберілуде. Оған келесі қылмыстық іс
мысал бола алады:
Аудандық сотшң үкімімен полиция майоры, аға тергеуші Бекжанов алаяқтық
үшін жазаланған. Ол азаматша Абдихайрановадан оның баласына қатысты
қылмыстық істі тоқтату үшін басқа лауазымды тұлғаға берілетін 150000 теңге
сұрайды.
Аппеляциялық инстанция үкімнің күшін жоя отырып, сотталғанның
әрекетінде алаяқтықтың құрамы жоқ деп, пара алудың құрамын дәлелдейтін
фактілер жеткілікті деп тапты.
Бұл жағдайда Бекжанов өз құзыретіндегі мәселені шешу үшін пара алған,
яғни пара берушінің пайдасына өзінің қызмет жағдайын пайдаланған. Оған оның
қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысын өзі шығаруы дәлел бола алады.
[32.72]
ҚР ҚК-нің 311-бабында алғашқы рет жеке белгілер ретінде заң шығарушы
жалпы қамқоршылық пен жол беруді қосқан.
Жалпы қамқоршылакқа негізсіз марапаттау, кезектен тыс қызметі бойынша
өсіру, басқа қажеттіліксіз жасалған әрекеттерді жатқызуға болады.
Жол беруге лаузымды тұлғаның пара берушінің олқылықтары, қызметі
бойынша бұзушылықтары, құқыққа қайшы әрекеттері үшін шара қолданбауы немесе
оларды елемеуі жатады.
Жалпы қамқоршылығы мен жол бергені үшін лауазымды тұлғаның арнайы
әрекеттері туралы пара берушімен сөз болмайды, алайда қылмыстың
қатысушылары, параның пара берушінің мүддесін қамтамасыз ету үшін беріліп
отырғандығын біледі. Ол пара алушының әрекеттерінен көрініс алуы тиіс.
Парақорлықтың бұл түрі бағынышты адамдардың басшыларына жүйелі түрде
пара беруде көп орын алады, өйткені басшылары тұрақты түрде олардың
мүддесіне қатысты мәселелерді шешіп отырады.
Парақорлықтың бұндай түрлерінің қауіптілігі, ұйымдасқан қылмыстық
топтар мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті
тұлға немесе оған теңестірілген адамдарын жүйелі түрде "тамақтандырып",
қажетті жағдайларда салған "инвестицияларынан" тиісті нәтижелер күтуден
көрінісін табады.
Сонымен қатар, жалпы қамқоршылық пен жол беру кезінде пара алынғаннан
кейін нақты іс-әрекеттер жасалмауы да мүмкін, бірақ ол саралауға әсер
етпейді. Ол үшін тек мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе
оған теңестірілген адамның осы әрекеттерді пара берушінің пайдасына жасауға
өкілеттіктері болуы керек және оған беріліп отырған сыйақының мақсатын
сезінуі керек.
Осылайша, жалпы қамқоршылақ пен жол беру келесі жағдайларда орын алады:
1) пара алушыда пара берушінің пайдасына әрекеттерді жасауға
мүмкіндігі болу керек; 2) бұл мүмкіндіктер осы екі тұлғаның арасындағы
бағыныштылық немесе бақылаушылық қатынастарынан туындауы қажет; 3) осы
тұлғалардың екеуі де беріліп отырған сыйақының мақсатын сезінуі керек.
Объективтік жақтың төртінші түрі ол лауазымды адамның заңсыз әрекет
жасауы (ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-бөлігі). Лаузымды адамның заңсыз әрекеті
(әрекетсіздігі) ол оның қызметтік өкілеттіктерінің шеңберінен тыс әректтері
немесе өкілеттіктер шеңберіне кіретін бірақ сол жағдайларда оларды жасауға
ешқандай негіз болмаған әрекеттер. Басқаша айтатын болсақ лауазымды
тұлғаның заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) - ол қызметі бойынша
міндеттерді бұза отырып жасалған әрекеттер. Кейбір мамандардың параны
алудың аяқталуын пара алған сәттен бастап емес, пара алушының өзінің
қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып әрекет (әрекетсіздік) жасағаннан кейін
аяқталды деп есептеу керек дейді. Бірақ бұл пікір құрамның заңнамалық
құрылымына қайшы келеді. Сондықтан мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті
тұлға немесе оған теңестірілген адамның параны алғаннан кейінгі жасаған
әрекеттерін талдап, оларға құқықтық баға беру керек. Егер оларда басқа
қылмыстардың белгілері толық болса, онда оларды қылмыстар жиынтығымен
саралау керек. Осыған орай, Жоғары сот Пленумының 22 желтоқсан 1995 жылғы
№9 қаулысына сәйкес: "параны алу-беру үшін жауапкершілік, өзге қылмыстарды
құрайтын әрекеттер үшін жауапкершілікті жоққа шығармайды. Бұл жағдайларда
әрекеттерді қылмыстар жиынтығымен саралану керек". Ондай қылмыстар:
қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану, дәлелдемелерді бұрмалау,
қызметтік жалғандық жасау, қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату,
т.б. болуы мүмкін. Осылайша, лауазымды адамның заңсыз әрекеттері
(әрекетсіздіктері) қылмыстық және қылмыстық емес болуы мүмкін. Егер олар
қылмыстық болса, оларға құқықтық баға беріп, қылмыстар жиынтығымен саралау
керек.
Кейде мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адам белгілі бір шешімнің қабылдануына мүдделі тұлғаны
азгыру, қорқыту, т.б. арқылы пара беруге көндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ол
ҚР ҚК-нің 311-бабының тиісті бөлігімен және ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-
бөлігімен пара беруге айдап салу деп қылмыстар жиынтығымен саралануы тиіс.
Пара алу құрамы формальды болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік
қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам параны
қабылдаған сәттен бастап аяқталды деп есептеледі және оның пара берушінің
пайдасына қандай да бір әрекеттер жасауы міндетті емес.
Егер пара, объективті себептерге байланысты толық немесе жартылай
алынбай қалған болса, ол пара алуға оқталу болып есептеледі.
Мүліктік сипаттағы пайдалардың әралуандығын ескеретін болсақ, әрбір
нақты жағдайға байланысты параны қабылдау моментін нақтылау мүмкін
емес.[32.44]
Егер пара қолдан қолға берілсе, онда қабылдау моментін анықтау оңай.
Параның заты мүліктік пайда немесе қызмет болған жағдайда параны қабылдау
моментін анықтау қиынырақ. Бұл жағдайларда мемлекеттік қызметті атқаруга
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам осы қызметтерді пайдаланған
сәттен бастап қылмыс аяқталды деп есептеледі.
Сонымен қатар, пара бөлшектеп берілетін кезде, оның бір бөлігі
алынғаннан бастап қылмыс аяқталған деп есептеледі.
Егер параны мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамның делдалы қабылдаған болса қылмыс аяқталды деп есептеле
ме?
Делдал тек параны мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе
оған теңестірілген адамға берсе де, оның параны иеленіп алу немесе пара
алушының параны қабылдамай қою мүмкіндігін естен шығармаған жөн. Сондықтан,
делдалдың мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамға параны болашақта беру үшін оны қабылдауы пара алу
құрамының аяқталғандығын білдірмейді.
Енді параны мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған
теңестірілген адамның отбасы мүшесі параны қабылдайтын жағдайды
қарастырайық. Заңда бұл адамдардың параны қабылдауының салдары туралы
ештеңе айтылмаған. ҚР ҚК-нің 311-бабында мемлекеттік қызметті аткаруға
уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның жеке алуы туралы
айтылған. Алайда біздің ойымызша мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті
тұлға немесе оған теңестірілген адамның білуімен оның отбасы мүшесінің
параны алуы аяқталған пара алу болып табылады.
Пара алудың бұл нысанының міндетті белгісі мемлекеттік қызметті
атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның жоғарыда аталған
тұлғалардың параны алуларына келісуі
Пара алудың субъектісін дұрыс анықтау тек теориялық емес, басқа ұқсас
қылмыстардан ажырату үшін де тәжірибелік маңызы да өте жоғары.
Жоғары сот Пленумының 22 желтоқсан 1995 жылғы "Соттардың парақорлық
үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" № 9 қаулысына
сәйкес, пара алғандары үшін қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-
ескертуінде көрсетілген тұлғалар тартылады.[15.63]
2004 жылдың 9 желтоқсанында ҚР ҚК-не енгізілген өзгерістерге сәйкес,
бұл қылмыстың субъектісі мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға
немесе оған теңестірілген адам болды.
Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлғалардың қатарына лауазымды
тұлғалар, Парламент пен маслихат депутаттары, судьялар және ҚР мемлекеттік
қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.
Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген
адамдарға:
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда көрсетілген тәртіппен ҚР Президенттігіне, Парламенті мен
маслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару
сайланбалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz