Алдын ала тергеу органдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . 6

І ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1. Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері, принциптері және құрылымы . . . 8

1. 2. Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері. 17

1. 3. Ішкі істер органдарының қызметі және қызметкерлерінің мәртебесі . . . 23

ІІ ТАРАУ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРДАҒЫ АНЫҚТАУДЫҢ, АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

2. 1. Тергеу органдары инетитутының қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері. 30

2. 2. Алдын ала тергеу органдары. … . . . 35

2. 3. Ішкі істер органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қаржы полициясы органдарының сипаттамасы. … . . . 51

ІІІ ТАРАУ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ

3. 1 ҚР прокуратурасының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны…… . . . 55

3. 2 Прокуратура органдарының негізгі бағыттары . . . 64

3. 3 Прокуратура органының жалпы қадағалау жұмысын ұйымдастыру . . . 75

3. 4Анықтау және алдын ала тергеу сатысындағы прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру . . . 79

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 86

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 89

КІРІСПЕ

Мемлекет пен оның органдарының кызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Занның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратының айғақтайды.

Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, әрине, аталғандарды, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелгенміндеттер - құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды

Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни ҚР Конституциясымен, басқа да заннамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды. [1]

Құқық тәртібін қорғау органдары ұғымына құқық қорғау органдары ұғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір құқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды.

ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығының 1-бабына сәйкес "Қазакстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады".

Осы Жарлықтың 4-бабында былай делінген: "Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге деқұрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер басқармалары, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары, Ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияньщ өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.

Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, аныктамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйьшдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұртан міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды. [2]

Әкімшілік полицияның негізгі міндетгері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық кауіпсіздікті камтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кұзыретінін. шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, кұжатгары жок адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, төлқүжаттық жұмыстар мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рүқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, төлқүжаттық қызмет, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

І ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1. Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері, принциптері және құрылымы

Тәртіпті және адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігін қорғауда ішкі істер органдары құқық қорғау органдарының арасында басты рөл атқарады, олар қылмысты айқындаумен, оның алдын алумен және жолын кесумен байланысты ұлан-ғайыр жұмыс атқарады.

Ішкі істер органдары атқарушы биліктің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтауды, алдын ала тергеуді және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдары болып табылады, олар, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қастандық әрекеттердің алдын алу және жолын кесу функцияларын да атқарады.

Құқық тәртібін қорғау және қылмыскерлікпен күрес қандай мемлекеттің болмасын өз билігін нығайтудағы басты міндеті.

Қазаң революциясы жеңгеннен кейінгі алғашқы кезеңде 1917 жылғы 22-карашадағы №1 Сот туралы декретпен бұрынғы сот органдары, адвокатура, сот тергеушілері мен проқурорлық қадағалау инетитуттары таратылды. Билікті өз қолына алғаннан кейін жұмысшылар мен шаруалар, жергілікті жағдайларға және революциялық тәжірибеге жүгініп әртұрлі әскери құрамалар құрды, олар Кеңестердің толықтай билігін қамтамасыз етті, қоғамдық тәртіпті қорғады. Ол құрамалардың негізін Қызыл гвардия отрядтары құрады.

Бірақ өмір революциялық заңдылық пен елдегі тәртіпті ұстап тұратын тұрақты, штаттық органдар құру қажеттігін көрсетті.

Контрреволюциямен, тонаушылықпен, саботажбен және басқа қауіпті қылмыстармен күресу мақсатында губерндік және қалалық Кеңестер сайлайтын революциялық трибуналдар құрылды.

Пролетарлық милиция ұйымдастыруды заңдастырған алғашқы акті Ішкі істер Халық Комиссариатының 28 қазаң (11 қараша) 1917 жылғы Кеңес үкіметінің уәкілдігімен шыққан қаулысы болды. Онда Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің жұмысшы милиция отрядтарын құруы көзделді, олар Қызыл гвардияның қарулы отрядтарына сүйенетін болды. [3]

1920 жылдың 26-тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі «Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңес Республикасы туралы» декрет шығарды, ол қазақ халқының кеңестік мемлекеттігінің бастауы болды. 1919 жылғы қыркүйекте Қырғыз өлкесі Ревкомының Ішкі істер бөлімі құрылды. 1919 жылғы қазаңда бұл Бөлімнің құрамында Қырғыз өлкесінің Жұмысшы-шаруа милициясының Басқармасы құрылды, ол 1920 жылдың 8-тамызына дейін тұрды, одан кейін ол Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Милиция бас басқармасы болып қайта құрылды.

1920 жылғы қазаңда Милиция бас басқармасының жанынан Қылмыстық іздестіру бас басқармасы құрылды. Барлық ірі қалаларда қылмыстық-іздестіру бөлімшелері ұйымдастырылды. Кеңес милициясы шиеленіскен тап күресі жағдайында қалыптасты.

Милицияның құрылымын, қызметінің формалары мен әдістерін әрі қарай жетілдіру КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 10-маусымдағы Қаулысының негізінде КСРО Ішкі істер Халық комиссариатын құрумен байланысты, оның қарамағына ұлттық қауіпсіздік органдары мен милиция кірді.

1941 жылғы ақпанда КСРО Ішкі істер Халық комиссариаты екіге: Ішкі істер халық комиссариаты және Ұлттық қауіпсіздік халық комиссариаты болып бөлінді. Мұндай құрылымдық өзгерістер одақтық және автономдық республикалардың да, өлкелер мен облыстардың да ішкі істер органдары болды. [3]

Соғыстан кейінгі жылдары милицияға бұрынғы майдангерлер, жұмысшылар, қызметкерлер келді. Олар еңбек ұжымдарының, жастардың алдынғы қатарлы өкілдері еді. 1959 жылдың 2-наурызында ОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесі «Елдегі қоғамдық тәртіпті қорғауға еңбекшілердің қатысуы туралы» қаулы қабылдады, онда жұмысшыларды, қызметкерлерді, жалпы жұртшылықты құқық бұзушылықтан сақтандыру және социалистік тұрмыс ережелерін нығайту жөніндегі жұмыстарға тартудың жаңа формалары регламенттелді. Көрсетілген кезеңде жолдастық соттардың, басқа да ерікті ұйымдардың құқықтары мен міндеттері кеңейді. Кеңес милициясының тарихы түгелдей мемлекет тарихының бір бөлігі.

Қазіргі кезде ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Республика Конетитуциясы, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» № 2707 Заң, басқа да нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар құрайды.

Ішкі істер органдарының қызметі заңдылық жеке дара басшылық, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғайтын және басқа мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекеттестік принциптеріне тұрғызылған.

Ішкі істер органдарының міндеттері:

- қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше жағадайларда және соғыс көздерінде де;

- қылмыстардың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және айқындау, қылмыстарды ашу және тергеу, қылмыскерлерді іздестіру;

- заңда белгіленген құзыреті шегінде алдын ала тергеуді, анықтауды және әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

- әкімшілік жазаларды орындау;

- құқық тәртібін қамтамасыз ету және әкімшілік жолмен қамалған адамдарды ұстау режимін сақтау;

- кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығын және құқық бұзушылығын айқындау және оның алдын алу;

- қажетті жағдайларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік өртке қарсы органдарға көмек көрсету;

- жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қадағалау және бақылау жүргізу;

- есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін заттардың, прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау жүргізу;

- азаматтық және қызметтік қаруларға, олардың оқ-дәрілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу;

- күзет қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет сигнализаңиясын орнататын, жөнге келтіретін және оған техникалық қызмет көрсететін субьектілердің қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу;

- мемлекеттік және басқа да объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамалғандарды және сотталғандарды конвоймен алып жүру, ланкестік актілерінің жолын кесуге, аманаттарды босатуға қатысу;

- виза жұмысын жүзеге асыру, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін сақтауын қадағалау;

- соғыс кезі Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттер орындайды;

- өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп карантиндік, санитарлық және табиғат қорғау іс-шараларына, оның ішінде төтенше жағдайларда өтетін іс-шараларға қатысады, браконьерлермен күресте табиғат қорғау органдарына көмектеседі;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялық және рұқсат ету қызметін жүзеге асырады:

- айрықша маңызды және айрықша режимдік объектілерде, Қазақстан аумақтарында режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асырады;

- ішкі істер органдарына қарасты мәселелер бойынша халықаралық қарым-қатынас орнатады;

- есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, олардың заңсыз айналымына, оларды қолдануға қарсы әрекеттер жасайды.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жүйесін басқаруда, және де, заңда көзделген шектерде қылмыскерлікпен күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. [4]

Министрлікте, облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлікте аумақтық органдар және ведомстволар: Ішкі әскерлер комитеті, Наркобизнеспен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитет, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті бар.

Министрлікті Ішкі істер министрі басқарады, оны Премьер-Министрдің ұсынуымен ҚР Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес министрлік:

- қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және қылмыскерлікпен күрес саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

- өз құзырына қатысты нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

- ішкі істер органдары жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

- қылмыскерлікпен күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және ішкі істер органдарының жүргізуіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша халықаралық қарым-қатынастар ұйымдастырады және жүзеге асырады;

- қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмыскерлікпен күресу мәселесін ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған шаралар белгілейді;

- қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және қылмыскерлікпен күресу саласында мемлекеттік бағдарламалар белгілейді, оларды іске асырады;

- қылмыскерлікпен күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық ғылымды дамытудың басты бағыттарын анықтайды;

- ішкі істер органдарының жүйесіндегі мемлекеттік кадр саясатын анықтайды;

- жедел-іздестіру және криминалдық қызметті, қылмыстық істер бойынша тиісті анықтау және алдын ала тергеу жүргізуді ұйымдастырады;

- мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың наркоманиядан және есірткінің заңсыз айналымынан сақтандыру және оларға қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі қызметінің ведомствоаралық үйлесілуін қамтамасыз етеді;

- ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне басшылық жасайды;

- Қазақстан Республикасының аумақтық қорғануын жүзеге асыру жөнінде Қарулы Күштермен, басқа әскерлермен және әскери құрамалармен бірлесіп әрекеттер ұйымдастырады;

- Арнайы және әскери тасымалдар ұйымдастырады;

- ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы Ережеде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа құқық қорғау органдарымен, оның ішінде анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттеседі. [5]

Ішкі әскерлер комитеті Ішкі істер министрлігінің бейбітшілік және соғыс көздері ішкі әскерлерді әскери басқару органы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қылмыстық және басқа заңға қайшы озбырлықтан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитет Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айналымына, оларды қолдануға қарсы әрекет ету саласын үйлестіруді жүзеге асырады. [5]

Тергеу комитеті қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін құрылған. Комитеттің негізгі міндеттері қылмыстардың алдын алу, оларды айқындау және ашу, сондай-ақ ішкі істер органдары үшін заңда белгіленген өкілеттік шегінде алдын ала анықтау мен тергеуді жүзеге асыру.

Комитет заңда белгіленген тәртіпте:

- қылмыстардың алдын алу, оларды айқындау және ашу саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және өз құзыреті шегінде алдын ала тергеудің және анықтаудың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

- ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды, әскери қылмыстар мен әскери қызметшілер жасаған қылмыстар бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;

- ішкі істер органдары жүргізетін аймақаралық және мемлекетаралық қылмыстарды тергеуді ұйымдастырады, қажеттілігіне қарай аймақаралық тергеу топтарын құрады;

- ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстар, облысаралық және мемлекетаралық қылмыстар бойынша тергеу жүргізеді;

- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі сұраныстарын орындауды ұйымдастырады;

- өз құзыреті шегінде азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын, лауазымды адамдардың жүгінісін қарайды, олар бойынша заңға сәйкес шешім қабылдайды;

- Ішкі істер министрлігінің оқу орындарымен және басқа мекемелерімен бірлесіп алдын ала тергеу мен анықтаманы жетілдіру проблемаларын зерттеуді жүзеге асырады;

- алдын ала тергеу және анықтау бөлімшелерінің, әскери-тергеу органдарының оперативтік қызметінің тергеу практикасын талдайды, олардың сапасын көтеру жөнінде шаралар белгілейді, ғылым мен техниканың жетістіктерін, он тәжірибені практикаға енгізеді;

әскери-тергеу органдарының қызметіне бақылау жүргізеді;

- қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге адамдардың өмірінің, денеаулығының, ар-намысының, қадір-қасиетінің және мүлкінің қорғалуын бақылайды. [6]

Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін комитет:

1) өз құзыретінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;

2) алдын ала тергеу мен анықтаудың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан қажетті ақпарат сұратып алуға;

4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңесулер, семинарлар және конференциялар, тіптен халықаралық деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге;

5) өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру, сараптамалық, криминалистік қызметті, проқурорлық қадағалауды жүзеге асырушы органдармен, сондай-ақ басқа министрліктермен, ведомстволармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуге құқылы.

Криминалдық полиция комитеті қылмыстарды айқындайды, тергейді, олардың алдын алады және жолын кеседі; тергеуден, анықтаудан және соттан бой тасалаған, қылмыстық жазаңы өтеуден жалтарған, хабар-ошарсыз кеткен адамға іздеу ұйымдастырады. [6]

Комитет заңда белгіленген тәртіпте:

- қылмыскерлікпен күрес саласында жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады, жедел-іздестіру іс-шараларын белгілейді және оларды жүргізеді;

- қылмыс жасаған, анықтау, тергеу органдарынан немесе соттан бой тасалап жүрген, қылмыстық жазаңы өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз кеткен және басқа адамдарға іздеу ұйымдастырады, оны жүзеге асырады және танылмаған мәйіттерді теңдестіреді;

- өз құзыреті шегінде қылмыстарды айқындау, ашу, олардың алдын алу, жолын кесу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

- қылмыскерлікпен күрес саласындағы бағдарламаларды жүзеге асырады;

- Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық қатынастар ұйымдастырады және оларды жүзеге асырады;

- қылмыстық процеске қатысушылардың және басқа адамдардың өмірін, денеаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін, мүлкін қорғауды қамтамасыз етеді;

- мамандандырылған есептер құрады;

- қылмыстарды ашу және қылмыскерлерді, олардың байланыстарын анықтау үшін ақпараттық-сараптамалық жүйе құрады және оны пайдаланады;

- жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялардың жүргізілуін бақылауды ұйымдастырады;

- ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың жүріс-тұрысына оперативтік бақылауды ұйымдастырады.

Өз құзыреті шегінде комитет:

1) өз құзыретінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;

2) криминалдық полицияның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді даярлау, жетілдіру және іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеу жүргізуге уәкілетті органдар
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Алдынала тергеудің жалпы шарттары
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы жəне жалпы шарттары
Анықтау органдары
Алдын ала тергеудің мәні мен мазмұны
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Қылмысты жедел және толық ашу және тергеу
Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz