Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Әрбір жеке адамның денсаулығы — ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы — оның негізгі
байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі — жалпы
мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам
мүшесі денсаулықты сактау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар
аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір
шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде
мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты
сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы
бағдарлама бойынша Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат
бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық
көмек көлемін тегін алуға құқылы. "Мемлекеттік және жеке меншік емдеу
мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан
ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша
жүргізіледі" делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту,
айналадағы коршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында,
әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін
мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде не тегін
медициналық жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық
дегеніміз — адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам
ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның
дұрыс әрі, қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы. Денсаулыққа қарсы
қылмыстардың қоғамңа қауіптілігі — бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам
екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді,
яғни кінәлы коғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең
қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам
денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекетпен қоғам алдындағы
азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау
мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі — оның
міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ
әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі
мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау — тек
жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де
үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу
салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық
немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан
оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі
байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде
қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы —
адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Енді адам деңсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Казақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа
қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына
қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыққа
қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыққа қасақана
жеңіл зиян келтіру (105-бап); 4). ұрып-соғу (106-бап); 5) азаптау (107-
бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7)
қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-
бап); 8) кылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
(110-бап); 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) қорқыту
(112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын,
тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерінің кәсіптік
міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұқтыру (115-
бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 15) заңсыз
аборт жасау (117-баптың 4-тар-мағы); 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-
бап); қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік
жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.
Дене жарақатының объектісі — бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып
табылады.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы — басқа адамның
денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян
келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады.
Кінәлы адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ,
механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы
(улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен үру), термикалық әсер
ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық
әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын
келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде
белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан
босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік
жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің
ағзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер
осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап
бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға
қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы
мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан
туған дене жарақаты денсаулыққа карсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы,
футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлы бөгде адамға дене
жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде
танылады.
Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1)
қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда менмендік және немқұрайлылық).
Тікелей касақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене
жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар
жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлы сондай зардаптың болуын тілемейді,
бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік
түрінде кінәлы өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың,
яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау
деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұралылық түрінде адам дене
жарақатының болатынын көре алмайтыны, бірақ көруге тиісті болатын.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы
мәселеге тоқталайық.
Казақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-
тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды
жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-
тармағы).
Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс
субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян
келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4)
денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті
қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6)
қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-
бап); 7) денсаулықка абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-
бап); 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 10) адамның иммун тапшылығы
вирусын жұқтыру (116-бап); 11) заңсыз аборт жасау (117-бап); 12) қауіпті
жағдайда қалдыру (119-бап).
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды
жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке
тартылады: 1) заңсыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерінің
өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып
салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр
ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан
айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14
жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас.
Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субъектілер де
бар.
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық.
Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз
түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру
жолымен, әйтпесс басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу
арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол
былай делінген: "Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден,
қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға
немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек
қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе
кінәлыға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын
бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың
бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян
келтіру".
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: "Денсаулыққа
келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі" 1998 жылы 4 мамырда
Қазақстан Республикасы Білім, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz