Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау
[МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .3
1 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ
1.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
2.1 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының түсінігі ... ... ... ..11
2.2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының объектісі ... ... ... 14
2.3 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының объективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..15
2.4 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының
субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .16
2.5 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының субъективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
КІРІСПЕ
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де, осы тақырыптың
маңыздылығына байланысты болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне
байланысты туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: денсаулыққа ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық
жауаптылықты ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі
туралы толық мәлімет беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы, олардың түрлері
және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын ашу.
Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын анықтау.
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі
байлығы. Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық
дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі яғни, адам
организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның
дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек
және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам
қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбіненсе мүмкіндік бере бермейді.
Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі
байлығы болып табылады.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы
мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам
мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар
аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір
шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек [1].
Осы курстық жұмысты орындау барысында, жұмыстың мақсатына сай мынандай
қорытынды жасауға болады:

алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы – оның негізгі
байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы
мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы.
Осы курстық жұмыста алдымызға қойған басты мақсат – ол денсаулыққа
қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипатын ашу.Сондықтан да жоғарыда
айтып кеткеніміздей, денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі
қалыпты жұмыс істеуі. Денсаулық – адам өміріндегі негізгі байлығы болып
есептеледі, яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған
қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды
атқаруы.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Конституциясына
сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар
әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам
мен Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының
денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Адамның денсаулығын сақтау құқығы – бұл мемлекеттік денсаулық сақтау
мекемелерінде көрсетілген тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады.
Осы құндылық заңмен қорғалаған. Соған мысал ретінде адам мен азаматтың
денсаулығына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделуін
қарастыруға болады.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау кезінде, оларға:
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтру;
2. Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру;
3. Денсаулыққа қарсы жеңіл зиян келтіру;
4. Денсаулыққа абайсызда зиян келтеру;
5. Науқасқа көмек көрсету тағы басқа түрлері жатады.
Осы курстық жұмыста адам денсаулығына қарсы қылмыстардың жекелеген
түрлері мен оларды топтаған кезде жеке-жеке тоқталдық және де ерекше мән
беріле жазылды.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстың обьектісі, субьектісі туралы
түсініктер жан-жақты қаралды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында біз көптеген ғалымдардың
еңбектерімен таныстық. Оларды айтатын болсақ: Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев,
Алауханов Е.О., Ғайрат Сапарғалиев, Төлеубеков Б.К., Смитенко В.Н. тағы
басқа да атақты ағаларымызбен таныс болдық.
Курстық жұмыстың құрылымды мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе
бөлімі, 2 тарау, жеті параграф және қорытынды бөлімі, сондай-ақ жұмыстың
соңында қолданылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Қорытындылай келсек, осы адам денсаулығына қарсы қылмыстар туралы
жазылған курстық жұмыста ең басты айтылған мәселе оның адам денсаулығына
ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық жауаптылық туралы жайлы түсінік кеңінен
көрініс тапты.

1.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың
денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау болып бірге
беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты
қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің
қүқықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық құқық) арқылы қорғалуы аса қажет.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін,
денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мүраларды,
адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы
көрсетілген принциптерді қатаң сақтау — әркімнің қасиетті борышы. Кейбір
жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық
қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер
ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-
әрекеттермен шұғылдану сияқты қылмыстардың етек алуы алаңдатушылық
туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы
қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы
тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген
[1].
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар
негізінен екі түрлі топқа:
1) халықтың денсаулығына және
2) адамгершілікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді.
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарға: есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге
әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап). Есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап). Құрамында
есірткі зат бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-
бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
(263-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап). Есірткі заттарды, жүйкеге
әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу
(265-бап). Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі
немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де
құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (266-бап). Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелерді бүзу (267-бап). Адамдардың өміріне немесе
денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268-бап).
Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс
орындау не қызмет көрсету (269-бап) жатады.
Адамгершілікке қарсы қылмыстар: Жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-
бап). Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау
және жеңгетайлық (271-бап). Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып
есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап).
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-бап).
Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз
тарату (274-бап). Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді
қорлау (275-бап). Адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (275-1-
бап). Жануарларға қатыгездік жасау (276-бап) жатады [2].
1.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі,
психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға
түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты
Қылмыстық кодекстің 259—265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген
түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар,
прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге
байланысты қылмыстардың тікелей объектісі — халықтың денсаулығы болып
табылады.
Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына—есірткі, психотроптық
заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және Қылмыстық
кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар
жатады.
Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын
мемлекеттік реттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына
қарсы іс-қимыл шаралары Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі
арнаулы Заңымен, Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық
қүралдар және прекурсорлар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан
былай—тізім деп аталады) жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961
жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972
жылғы хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға,
БҰҰ-ның Есірткі заттардың және психотроптық заттардың заңсыз айналымына
қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,
иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу (259-бап)
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде иемденіп алу
тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі
заттар — адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін
синтетикалық немесе табиғи тектес зат-
тардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186
қаулысымен бекітілгентізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым
салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бүларға гашиш, наша,
героин, кокаин, каннабис, апиын және т.б. заттар жатады.
Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар — адамның психикалық
функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38
атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б.
жатады.
Қылмыс объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе
дайыңдағаны арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы Есірткі,
психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру
жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы №3 қаулысында Жоғарғы Сот
Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі №2,2000 жылғы 22 желтоқсандағы №19, 2003
жылғы 7 шілдедегі №7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен
тиісінше түсінік берілген.
Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген
заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың
орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында
есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай
өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен
кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т.б. заңсыз иемденіп алу деп түсіну
керек.
Кінәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден,
үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез
келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.
Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын
аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын
пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз
орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттерді, осы
заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі,
психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана
емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мүмкін. Мұндай ретте
көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы
қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық
заттың, ас-паптардың, құралдардың, прекурсорлардың заңсыз иесі — өзіне
тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген
заттарды, аспаптарды, құралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол
қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа
тартылады [3, 45].
Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау)
заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың немесе
лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың (259-
баптың 1-тармағы) объективтік жағының міндетті белгісі занда көрсетілген
заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып
табылады.
Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын,
психотроптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін
жиынтық кестеге жүгіну қажет.
Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда
іс-әрекетге көрсетілген қылмыс құрамы болмайды.
Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Сол себепті ол
заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған
болып табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналық-пен істеледі.
Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз
алғанын және сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағында бұл қылмыстың ауырырақ
түрі: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу
мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе
жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әрекеттер үшін жауаптылық
көзделген.
Көрсетілген заттарды заңсыз иемденіп алудың, тасымалдаудың және
сақтаудың түсініктеріне осы баптың бірінші бөлігін талдағанда тоқталып
өттік. Кез келген әдейі жасалған әрекет нәтижесінде белгілі бір есірткі
немесе жүйкеге әсер ететін зат тізімінде көрсетілген затқа айналдырылса
онда оларды дайындау болып табылады.
Ал сол заттардың пішінін өзгерту (ұсату, таблеткаға қалыптау,
пиллюлалар, пасталар жасау т.б.) заңсыз дайындау болып табылмайды.
Белгілі бір есірткі немесе психотроптық (жүйкеге әсер ететін) заттың
күшін көтеру үшін арнайы рұқсатсыз тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз
ұқсату болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру,
ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендіру (сол заттан
басқа бір есірткізат алынбаса) заңсыз қайта өндеу деп есептелмейді. Мұндай
әрекеттер жеке қылмыс болып табылады.
Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-
саймандарды, прекурсорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген
байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен
жануарларды пайдалану арқылы жіберуді айтамыз. Жоғарыда көрсетілген
заттарды, құрал-саймандарды, прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа
тұлғаларға кез келген тәсілмен заңсыз беру (сату, сыйлау, қарызын өтеу,
айырбастау, қарызға беру, басқа адамға укол салу т.б.) осы заттарды заңсыз
өткізу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағындағы
қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі — занда көрсетілген
заттарды өткізу мақсатында иемденіп алу немесе сақтау болып табылады.
Өткізу мақсатында заңсыз иемденіп алу немесе сақтау пиғылымен жасалғандығы
жөнінде мәселені шешу үшін бұл заттарды шын мәнінде өткізуге дайындалғанын
дәлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (Мысалы, жоғарыда көрсетілген
заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана пайдаланатынын жоққа
шығармайтын фактілердің болуы — заттардың бөлшектенуі, құралдар мен
жабдықтардың бөлініп қойылуы, кінәлінің басқалармен есірткіні қолданатын
фактілерінің орын алуы т.б.).
Ал осы заттарды өткізу мақсатынсыз алғаны немесе сақтағаны анықталса,
онда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағындағы
қылмыс құрамының бар жоғына мән беру қажет.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі
заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты әрекеттер үшін де
жауаптылық көрсетіліп отыр. Яғни есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін
заттарды даусыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау, өткізу мақсатын
көздесе кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағымен
сараланады. Сондай-ақ өте ірі мөлшерде есірткі затгарға немесе жүйкеге әсер
ететін заттарға қатысты заңсыз әрекеттер істегені үшін де жауаптылық осы
баптың 2-тармағы бойынша белгіленеді [4, 66].
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 3-тармағында осы қылмысты аса
ауырлататын түрлері: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды,
тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді.
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-бабын
қараңыз);
б) әлденеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз);
в) есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты ірі
мөлшерде жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың ірі немесе аса ірі
мөлшерге жататыны немесе жатпайтыны жиынтық кесте арқылы анықталады.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 4-тармағында: Есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында
заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді;
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса
(ҚК-тің 31-бабын қараңыз);
б) олар өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін
заттарға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттарды өз еркімен тапсырған адам
немесе есірткі заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты
медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған
және есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымына
байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған
адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенділік
көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3
қаулысының 18-тармағына сәйкес жоғарьща көрсетілген заттарды нақты қолдану
мүмкіндігі бола тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен
тапсырған болып табылады.

2.1 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының түсінігі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіргені үшін ауырлататын мән-жайларсыз (Қылмыстық кодекстің
103-бабы, 1-тармағы), мән-жайларды ауырлататын (Қылмыстық кодекстің 103-
бабы, 2, 3-тармағы), және жеңілдететін мән-жайларда (Қылмыстық кодекстің
108, 109, 110, 111 баптары) жауаптылық көздейді. Денсаулыққа қарсы
қылмыстардың ең қауіптісі Қылмыстық Кодекстің 103-бабында көзделген.
Қылмыс денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабының 1-тармағында былай
көрсетілген болатын: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден,
естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органныңң қызметін
жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе
еңбек-қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан
немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға,
психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен
денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана
ауыр зиян келтіру.
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: "Денсаулыққа
келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі" 1998 жылы 4 мамырда
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің
Денсаулық сақтау комитетінің №240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге
сәйкес:
а) Адамның өміріне қауіпті зиянға — миға зақым келтірілместен бас
сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы;
ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан құйылуы;
бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару
органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер
жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-
тармағында тұтастай көрсетілген.
б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу — бұл
адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын
жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы
емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының
элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.
Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір
көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің шеңбері 30 пайызға тарылады
және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір
көздері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға
соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір
көзден айрылған адам мамандық түрін тандағанда ғана емес, сонымен қатар дем
алу кемерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері
бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің
көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың
санын көре алмауы денсаулықка ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және
ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.
в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айырылу - сөйлеу
қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түснікті түрде біріккен дыбыстармен
жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония
жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай
жағдайлар адамның еңбек ету қабілетгілігінің 25% мөлшерінде жоғалтуына әкеп
соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде
қатыса алмайды, барлық уакытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді,
адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам
денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты
ретінде есептелінеді. г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей
қалу деп мүлде айықпайтын керендік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді
өте жақын жерден, құлағынан 3-6 см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай
жағдайда қалуы. Жалпы есту — адам ағзасының сезім органдарының бірі.
Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан
хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы -
ауыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz