ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ
1.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау 5
6
2 ДЕНСАУЛЫҚҚА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
2.1 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
талан-таражға салу не қорқытып алу үшін қылмыстық жауаптылық 11
2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзғаны үшін қылмыстық
жауаптылық 11

3 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың объектісі мен субъектісі 19
3.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың объективті жағы мен
субъективті жағы
3.2 Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіргені үшін 22
қылмыстық жауаптылық
3.3 Денсаулыққа қасақана басқа да зиян келтіргені үшін қылмыстық 22
жауаптылық
Қорытынды 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
34
39
40

Кіріспе

Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де, осы тақырыптың
маңыздылығына байланысты болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне
байланысты туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: денсаулыққа ауыр зиян келтіру үшін
қылмыстық жауаптылықты ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен
ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы, олардың түрлері
және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын ашу.
Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын анықтау.
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі
байлығы. Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық
дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі яғни, адам
организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның
дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек
және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам
қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбіненсе мүмкіндік бере бермейді.
Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі
байлығы болып табылады.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы
мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам
мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар
аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір
шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек
Осы курстық жұмысты орындау барысында , жұмыстың мақсатына сай
мынандай қорытынды жасауға болады:
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы – оның негізгі
байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы
мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы.
Осы курстық жұмыста алдымызға қойған басты мақсат – ол денсаулыққа
қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипатын ашу.Сондықтан да жоғарыда
айтып кеткеніміздей, денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі
қалыпты жұмыс істеуі. Денсаулық – адам өміріндегі негізгі байлығы болып
есептеледі, яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған
қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды
атқаруы.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Конституциясына
сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар
әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам
мен Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының
денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Адамның денсаулығын сақтау құқығы – бұл мемлекеттік денсаулық сақтау
мекемелерінде көрсетілген тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады.
Осы құндылық заңмен қорғалаған. Соған мысал ретінде адам мен азаматтың
денсаулығына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделуін
қарастыруға болады.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау кезінде, оларға:
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтру;
2. Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру;
3. Денсаулыққа қарсы жеңіл зиян келтіру;
4. Денсаулыққа абайсызда зиян келтеру;
5. Науқасқа көмек көрсету тағы басқа түрлері жатады.
Осы курстық жұмыста адам денсаулығына қарсы қылмыстардың жекелеген
түрлері мен оларды топтаған кезде жеке-жеке тоқталдық және де ерекше мән
беріле жазылды.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстың обьектісі, субьектісі туралы
түсініктер жан-жақты қаралды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында біз көптеген ғалымдардың
еңбектерімен таныстық. Оларды айтатын болсақ: Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев,
Алауханов Е.О., Ғайрат Сапарғалиев, Төлеубеков Б.К., Смитенко В.Н. тағы
басқа да атақты ағаларымызбен таныс болдық.
Курстық жұмыстың құрылымды мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе
бөлімі, үш тарау, жеті параграф және қорытынды бөлімі, сондай-ақ жұмыстың
соңында қолданылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
Қорытындылай келсек, осы адам денсаулығына қарсы қылмыстар туралы
жазылған курстық жұмыста ең басты айтылған мәселе оның адам денсаулығына
ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық жауаптылық туралы жайлы түсінік кеңінен
көрініс тапты.

1 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ

1.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың
денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау болып бірге
беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты
қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің
қүқықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық құқық) арқылы қорғалуы аса қажет.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін,
денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мүраларды,
адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы
көрсетілген принциптерді қатаң сақтау — әркімнің қасиетті борышы. Кейбір
жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық
қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер
ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-
әрекеттермен шұғылдану сияқты қылмыстардың етек алуы алаңдатушылық
туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы
қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы
тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар
негізінен екі түрлі топқа:
1) халықтың денсаулығына және
2) адамгершілікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді.
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарға: есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге
әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап). Есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап). Құрамында
есірткі зат бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-
бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
(263-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап). Есірткі заттарды, жүйкеге
әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу
(265-бап). Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі
немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де
құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (266-бап). Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелерді бүзу (267-бап). Адамдардың өміріне немесе
денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268-бап).
Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс
орындау не қызмет көрсету (269-бап) жатады.
Адамгершілікке қарсы қылмыстар: Жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-
бап). Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау
және жеңгетайлық (271-бап). Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып
есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап).
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-бап).
Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз
тарату (274-бап). Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді
қорлау (275-бап). Адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (275-1-
бап). Жануарларға қатыгездік жасау (276-бап) жатады.

1.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі,
психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға
түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты
Қылмыстық кодекстің 259—265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген
түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар,
прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге
байланысты қылмыстардың тікелей объектісі — халықтың денсаулығы болып
табылады.
Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына—есірткі, психотроптық
заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және Қылмыстық
кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар
жатады.
Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын
мемлекеттік реттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына
қарсы іс-қимыл шаралары Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі
арнаулы Заңымен, Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық
қүралдар және прекурсорлар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан
былай—тізім деп аталады) жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961
жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972
жылғы хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға,
БҰҰ-ның Есірткі заттардың және психотроптық заттардың заңсыз айналымына
қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,
иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу (259-бап)
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде иемденіп алу
тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі
заттар — адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін
синтетикалық немесе табиғи тектес зат-
тардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186
қаулысымен бекітілгентізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым
салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бүларға гашиш, наша,
героин, кокаин, каннабис, апиын және т.б. заттар жатады.
Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар — адамның психикалық
функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38
атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б.
жатады.
Қылмыс объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе
дайыңдағаны арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы Есірткі,
психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру
жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы №3 қаулысында Жоғарғы Сот
Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі №2,2000 жылғы 22 желтоқсандағы №19, 2003
жылғы 7 шілдедегі №7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен
тиісінше түсінік берілген.
Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген
заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың
орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында
есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай
өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен
кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т.б. заңсыз иемденіп алу деп түсіну
керек.
Кінәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден,
үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез
келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.
Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын
аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын
пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз
орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттерді, осы
заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі,
психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана
емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мүмкін. Мұндай ретте
көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы
қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық
заттың, ас-паптардың, құралдардың, прекурсорлардың заңсыз иесі — өзіне
тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген
заттарды, аспаптарды, құралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол
қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа
тартылады.
Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау)
заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың немесе
лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың (259-
баптың 1-тармағы) объективтік жағының міндетті белгісі занда көрсетілген
заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып
табылады.
Заңсыз сақгалуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын,
психотроптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін
жиынтық кестеге жүгіну қажет.
Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда
іс-әрекетге көрсетілген қылмыс құрамы болмайды.
Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Сол себепті ол
заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған
болып табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналық-пен істеледі.
Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз
алғанын және сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағында бұл қылмыстың ауырырақ
түрі: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу
мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе
жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әрекеттер үшін жауаптылық
көзделген.
Көрсетілген заттарды заңсыз иемденіп алудың, тасымалдаудың және
сақтаудың түсініктеріне осы баптың бірінші бөлігін талдағанда тоқталып
өттік. Кез келген әдейі жасалған әрекет нәтижесінде белгілі бір есірткі
немесе жүйкеге әсер ететін зат тізімінде көрсетілген затқа айналдырылса
онда оларды дайындау болып табылады.
Ал сол заттардың пішінін өзгерту (ұсату, таблеткаға қалыптау,
пиллюлалар, пасталар жасау т.б.) заңсыз дайындау болып табылмайды.
Белгілі бір есірткі немесе психотроптық (жүйкеге әсер ететін) заттың
күшін көтеру үшін арнайы рұқсатсыз тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз
ұқсату болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру,
ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендіру (сол заттан
басқа бір есірткізат алынбаса) заңсыз қайта өндеу деп есептелмейді. Мұндай
әрекеттер жеке қылмыс болып табылады.
Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-
саймандарды, прекурсорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген
байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен
жануарларды пайдалану арқылы жіберуді айтамыз. Жоғарыда көрсетілген
заттарды, құрал-саймандарды, прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа
тұлғаларға кез келген тәсілмен заңсыз беру (сату, сыйлау, қарызын өтеу,
айырбастау, қарызға беру, басқа адамға укол салу т.б.) осы заттарды заңсыз
өткізу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағындағы
қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі — занда көрсетілген
заттарды өткізу мақсатында иемденіп алу немесе сақтау болып табылады.
Өткізу мақсатында заңсыз иемденіп алу немесе сақтау пиғылымен жасалғандығы
жөнінде мәселені шешу үшін бұл заттарды шын мәнінде өткізуге дайындалғанын
дәлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (Мысалы, жоғарыда көрсетілген
заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана пайдаланатынын жоққа
шығармайтын фактілердің болуы — заттардың бөлшектенуі, құралдар мен
жабдықтардың бөлініп қойылуы, кінәлінің басқалармен есірткіні қолданатын
фактілерінің орын алуы т.б.).
Ал осы заттарды өткізу мақсатынсыз алғаны немесе сақтағаны анықталса,
онда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағындағы
қылмыс құрамының бар жоғына мән беру қажет.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі
заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты әрекеттер үшін де
жауаптылық көрсетіліп отыр. Яғни есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін
заттарды даусыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау, өткізу мақсатын
көздесе кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағымен
сараланады. Сондай-ақ өте ірі мөлшерде есірткі затгарға немесе жүйкеге әсер
ететін заттарға қатысты заңсыз әрекеттер істегені үшін де жауаптылық осы
баптың 2-тармағы бойынша белгіленеді.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 3-тармағында осы қылмысты аса
ауырлататын түрлері: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды,
тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді.
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-бабын
қараңыз);
б) әлденеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз);
в) есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты ірі
мөлшерде жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың ірі немесе аса ірі
мөлшерге жататыны немесе жатпайтыны жиынтық кесте арқылы анықталады.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 4-тармағында: Есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында
заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді;
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса
(ҚК-тің 31-бабын қараңыз);
б) олар өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін
заттарға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттарды өз еркімен тапсырған адам
немесе есірткі заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты
медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған
және есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымына
байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған
адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенділік
көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3
қаулысының 18-тармағына сәйкес жоғарьща көрсетілген заттарды нақты қолдану
мүмкіндігі бола тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен
тапсырған болып табылады.

2 ДЕНСАУЛЫҚҚА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

2.1 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға
салу не қорқытып алу үшін қылмыстық жауаптылық

Қылмыстың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады.
Олардың сипаттамасы ҚК-тің 259-бабында көзделген қылмыс құрамын талдағанда
толық берілді.
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі—адамдардың өмірі,
денсаулығы немесе меншігі болады. Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі
нысан арқылы — талан-тараж немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.
Талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық
нәрселерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып
кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз, тегін алып
қоюын немесе айналдыруын айтамыз.
Есірткі заттарды және психотроптық нәрселерді талан-таражға салу әр
түрлі тәсілдер қолданыла отырып істелуі мүмкін. Қылмыстық кодекстің 260-
бабындағы қылмыстар талан-тараждың — ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық,
иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін.
Талан-тараждың алаяқтық нысаны арқылы кейбір реттерде қолдан жасалған
рецептер арқылы есірткі заттарды, психотроптық нәрселерді медициналық
мекемелерден немесе дәріханалардан заңсыз алады.
Наркотикалық заттар немесе психотроптық нәрселерді өзіне сеніп
тапсырылған адамның (фармацевтің, провизордың, дәрігердің, медбикелердің
және басқа адамдардың) иеленіп алуы немесе ысырап етуі арқылы да осы қылмыс
істелуі мүмкін.
Ауырлатпайтын жағдайдатонау арқылы көрсетілген заттарды талан-таражға
салған ретте кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 260-бабының 1-
тарамағымен сараланады.
Есірткі заттарды немесе психотроптық нәрселерді талан-таражға салу
қылмысы осы көрсетілген заттарға кінәлінің толық нақты, иелік жасаған, яғни
осы заттар тиісті адамдардың иелігінен шыққан уақыттан бастап аяқталған деп
саналады.
Талданып отырылған қылмыс құрамының объективтік жағының екінші бір
белгісі есірткі заттарды немесе психотроптық нәрселерді қорқытып алу болып
табылады. Қорқытып алудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 181-бабындаберілген.
Қылмыстық кодекстің 260-бабындағы қорқытып алу нақты қылмыстық заңда
көрсетілген заттар — есірткі заттар немесе психотроптық нәрселер жөнінде
ғана болып отыр. Осыған орай қорқытып алу формальдық қылмыс қүрамы
болғандықтан қылмыс есірткі заттарды немесе психотроптық нәрселерді
қорқытып талап еткен уақытган бастап, кінәлінің талабының
қанағаттандырылғанына немесе орындалмағанына қарамастан аяқталған деп
танылады.
Қылмыстық кодекстің 260 және 175—178-баптары бәсекеге түскен жағдайда,
артықшылық арнаулы нормаға — Қылмыстық кодекстің 260-бабына берілуі керек,
өйткені ол қылмыстық құқықтың арнаулы нормасы болып табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік
мақсатымен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған адам.
Қылмыстық кодекстің 260-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын
түрлері:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса (ҚК-тің 31-бабын
қараңыз);
б) әлденеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз);
в) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы (ҚК-тің 228 және 307-
баптарын қараңыз);
г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осыңдай күш
қолданумен қорқьпу арқылы жасалса (ҚК-тің 178-ба-бын қараңыз) үшін
жауаптылық көзделген.
Қылмыстық кодекстің 260-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса
ауырлататын түрлері:
а) ұйымдасқан топ (ҚК-тің 31-бабы);
б) ірі мөлшердегі есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар
жөнінде (ҚК-тің 259-бабы 3-тармағының в тармақшасы)
в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану не осындай күш
қолданумен қорқыту арқылы жасалған (ҚК-тің 179-бабын қараңыз) үшін
жауаптылық белгіленген.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
(261-бап)
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар.
Қылмыстың объективтік жағы негізінен екі түрлі нысан арқылы
сипатталады. Оның бірінші нысаны — басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер
ететін заттарды тұтынуға кеңестер беру, ұсыныс, өтініш жасау, алдау,
организмге осы заттарды енгізу ерекше сезімге бөлейтіндігі жөнінде пікірлер
айту арқылы көндіру болып табылады. Екінші нысанының мағынасы басқа адамды
есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды түтынуға күш қолданып немесе
күш қолданамын деп қорқыту арқылы көндіруге байланысты болады.
Есірткі заттарды тұтынуға оларға жататын таблеткаларды (кодейн,
барбамид) немесе ұнтақтарды (кебу морфин, апиын) ішке жұту, инъекция арқылы
(морфий, кокаин) ұнтақтарды дем арқылы ішке тарту (кокаин, эфир), тарту
арқылы (гашиш) немесе құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді (бетол,
қызғалдақ) шайнау арқылы қабылдау жатады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол адамды көрсетілген заттарды
тұтынуға көндірген уақыттан бастап (жәбірленушінің тұтынған немесе
тұтынбағанына я болмаса тұтынудан басқаның бөгет болуына байланысты бас
тартқанына қарамастан) аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі
өзін басқа адамның наркотикалық немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
тұтынуға көндіргенін сезеді және соны тілейді.
Қылмыстың объектісі 16-ға толған адам.
ҚК-тің 261-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет;
в) кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі екі немесе одан да көп адамдар
жөнінде;
г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалған әрекетгер
үшін жауаптылық белгіленген. Ал ҚК-тің 261-бабының 3-тармағында:
д) осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер,
егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға
әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген. Ауыр зардаптарға абайсызда
жәбірленушінің денсаулығына келтірілген залал, есірткіге тәуелді болу,
жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, жүйке ауруына ұшырауы, ВИЧ инъекциясын
жұқтыру жатады.
Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заң-
сыз өсіру (262-бап)
Қылмыстың заты болып құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым
салынған өсімдіктер саналады. Бұлар апиын, индиялық, оңтүстік-манчжурия,
оңтүстік Шу, оңтүстік архон сорасы, кокайн бұтасы, кат, Қазақстан
Республикасында өсетін, бірақ өсіру үшін тыйым салынған немесе ол үшін
арнаулы рұқсатты қажет ететін өсімдіктер: ұйықтататын көкнәр түріндегі
өсімдік, сора тұқымдас өсімдік.
Қылмыстың объективтік жағы өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу
немесе өсіру немесе сораны, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар
басқа да өсімдіктер сорттарын өсіру арқылы сипатталады. Егу немесе өсірудің
әрқайсысы жеке қылмысты іс-әрекет болып табылады.
Егу дегеніміз құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің тұқымын,
көшеттерін кез келген жер учаскесіне (оның ішінде тақыр жерге де) отырғызу
болып табылады.
Өсіру дегеніміз құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді күту (суару,
арам шөбін тазалау, қатарын жұмсарту) арқылы оны пісіп-жетілу деңгейіне
жеткізу болып табылады.
Сораны, көкнәрді немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да
өсімдіктерді өсіру деп соларды себуді және көбейтуді айтамыз. Қылмыс
формальдық құрамға жатады. Ол заң өсіруге тыйым салған құрамында есірткі
заттар бар өсімдіктерді егу немесе өсіру әрекеттерінің біреуін істеген
уақыттан бастап-ақ аяқталған деп табылады. Осындай өсімдіктердің тұқымын
жинау есірткі заттарды дайындауға оқталғандық деп бағаланады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмысты
саралау үшін тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді өсіру
мақсатының әсері болмайды. Егер кінәлі адам өсірілген өсімдіктерден
есірткілік заттарды дайындаса, сақтаса, тасымалдаса, жөнелтсе немесе
өткізсе, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы ҚК-тің 259, 262-баптары
бойынша сараланады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам. Қылмыстық
кодекстің 262-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:
адамдар тобының алдын ала сөз байласып (ҚК-тің 31-бабы); әлденеше рет (ҚК-
тің 11-бабы); ірі мөлшерде (нақты жағдайларға байланысты өсімдіктің түрі,
егістіктің көлемі және т.б. анықталады) үшін жауаптылық көзделген.
Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе
улы заттарды дайындауга немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-
саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап).
Қылмыстың тікелей объектісі — адамдардың денсаулығы.
Қылмыстың затына заң улы заттарды, есірткі заттарды немесе жүйкеге
әсер ететін заттарды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланылатын зат,
аспаптарды немесе жабдықтарды жатқызады.
Қылмыстық кодекстің 263-бабының 1-тармағында: Есірткі заттар немесе
жүйкеге әсер ететін заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды
дайындауға немесе ұқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды
өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, ұқсату, иемденіп алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізгені үшін жауаптылық көзделген.
Улы заттардың тізбегі арнаулы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген.
Осы улы заттарды дайындауда, ұқсатуға қажетті құрал-саймандарды немесе
жабдықтарды өткізу мақсатымен дайындау, ұқсату, иемденіп алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту, заңсыз өткізу осы қылмыстың объективтік жағынан
белгілерін түзеді. Дайындау, ұқсату, тасымалдау, жөнелту сақтаудың,
өткізудің түсініктеріне Қылмыстық кодекстің 259-бабында толық тоқталып
өткенбіз.
Қылмыстық кодекстің 263-бабының 1-тармағында: Есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланылатын
заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз
дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз
өткізгені үшін жауаптылық көзделген.
Есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға — химиялық
құрылымдары мен қажеттері бар, құрылымы мен қасиеттері жағынан еліртетін,
күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, I, II, III кестелерге
енгізілген заттарға ұқсас, оларды шектен тыс пайдаланған кезде халықтың
денсаулығы үшін қауіпті Үкімет қаулыларымен, БҮҮ-ның халықаралық
конвенцияларымен (1988 ж.) есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін затгар
ретінде бекітілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи болып табылатын
заттар жатады.
Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындауға пайдалану
мақсатында қолдан немесе өндірістік жолмен жасалған заттар немесе соған
ыңғайланған қүралдар (түрмыстық-шаруашылық бағыттағы заттардан басқа)
соларды жасауға арналған құрал және аспаптар болып саналады. Бұл заттардың
міндетті белгісі — олардың арнаулы бақылауда болуы болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы есірткі затгарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды дайындау үшін цайдаланылатын аспаптарды немесе жабдықтарды заңсыз
дайындау: сатып алу, сақтау, тасымалдау жөнелту немесе соларды заңсыз
өткізгені арқылы көрініс табады.
Көрсетілген заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды дайындауды ретке
келтіретін арнаулы құқықтық-нормативтік актілер бар. Осыған орай қылмыс
құрамының диспозициясы бланкеттік болып табылады.
Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, бір адамның немесе алдын ала сөз
байласқан адамдар тобының осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде
көзделген немесе әлденеше рет жасаған әрекеттері үшін жауаптылық Қылмыстық
кодекстің 263-бабының 3-тармағында көзделген. Қызмет бабын пайдаланып,
қылмыс істеу түсінігі ҚК-тің 307-бабында алдын ала сөз байласқан адамдар
тобының түсінігі ҚК-тің 31-бабында, ал әлденеше рет қылмыс істеудің
түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында айтылған.
Ұйымдасқан топ жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде
көзделген әрекеттер үшін жауаптылық осы баптың (263) төртінші тармағында
белгіленген. Ұйымдасқан топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің ЗІ-бабында
берілген. Қылмыстық кодекстің 263-бабында көрсетілген.
Қылмыс құрамы формальдық, ал заңның диспозициясында көрсетілген улы
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
пайдаланылатын заттардың аспаптардың немесе жабдықтардың айналым тәртібін
бұзған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан — қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Өйткені
көрсетілген заттардың айналым тәртібін бұзған адам олардың тәртібін ретке
келтіретін нормативтік-құқықтық нормалардың талабын өрескел бұзғанын сезеді
және соны бұзуды тілейді.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, занда көрсетілген заттарды дайындау
үшін пайдаланылатын заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды өндіруге
лицензиясы бар, олардың өндіру тәртібін қатаң сақтауға жауапты лауазымды
немесе лауазымды емес адамдар.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап)
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - халықтың денсаулығы, ал қосымша
тікелей объектісі—адамгершілік. Қылмыстың заты — занда көрсетілгендегідей
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынатын притондар
болып табылады.
Притон деп есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға
жүйелі түрде берілетін түрғын үй (жеке үй, пәтер) немесе тұруға болмайтын
үйлерді (кафе, ресторан, клуб, дискотека, сарай, монша және т.б.) жатады.
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3
қаулысының 16-тармағы).
Қылмыстың объективтік жағы екі әрекеттен тұрады — притондар
ұйымдастыру немесе ұстау.
Притондар ұйымдастыру деп оларды құруға арналған әрекеттерді (іздеу,
жалдау, үйлерді және жиһаздарды осыған сай етіп жабдықтау, шприцтерді,
наркотик заттарды әзірлеу, т.с.с), ал үй болған жағдайда есірткі немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға ниеті бар адамдарды соған тарту,
олардың кұпиялылығын қамтамасыз ету т.с.с. әрекеттерді айтамыз.
Притонды ұстау оның жүйелі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған
әрекеттерден тұрады (оны материалдық жағынан қамтамасыз ету, күзету,
жөндеу, клиенттерге қызмет көрсету, қолдану үшін құралдар мен жабдықтарды
табу, т.с.с).
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Соңдықтан да ол притондар
ұйымдастыру немесе ұстау әрекеттерінің бірін орындаған уақыттан бастап
аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады.
Кінәлі адам есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну
үшін притондар ұйымдастырғанын және ұстағанын сезеді және осы әрекеттерді
істеуді тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі — арнаулы мақсат —
наркотикалық заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуды қамтамасыз
ету болып табылады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 264-бабының 2-тармағында осы қылмыстың мынадай
ауырлататын түрлері: адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған немесе
әлденеше рет жасалған, немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер
үшін жауаптылық белгіленген.
Қызмет бабын пайдаланудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 228,307-
баптарында берілген. Әлденеше рет жасалған қылмыстың түсінігі (ҚК-тің 11-
бабында), ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстың әрекеті (ҚК-тің 31-бабында)
берілген.
Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, немесе улы заттарды ұстау
ережелерін бұзу (265-бап)
Осы қылмыстың тікелей объектісі және заты Қылмыстық кодекстің 259-
бабындағы қылмыс құрамына ұқсас.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы есіртқі заттарды,
жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, алу, сақтау,
есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету және жөнелту не жою ережелерін
бұзу арқылы сипатталады. Қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік.
Көрсетілген ережелерді бұзуды анықтау үшін Қазақстан Республикасының
Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы
мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 10
шілдедегі Заңына, Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186
Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құралдар және
прекурсорлар туралы қаулысын, басқа да арнаулы нормативтік-құқықтық
актілерді, Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы нұсқауларын басшылыққа
алу қажет. Қылмыстық кодекстің 265-бабының 1-тармағымен жауапқа тарту үшін
көрсетілген заттармен айналысу ережесін бұзу фактісі жеткілікті болып
табылады. Қажет болған жағдайда ережені бұзу фактісін анықтау сараптама
жасау арқылы айқындалады. Қылмыс құрамы формальдық, заңда көрсетілген
заттармен айналысу ережесін бұзған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп
саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен (тікелей немесе жанама)
істеледі.
Қылмыстың субъектісі — өздеріне ұқсас жұмыс немесе қызмет бабы бойынша
тиісті ережелерді сақтау міндеті жүктелген лауазымды немесе лауазымды емес
адамдар болып табылады.
Лауазымды адам есірткі, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау
ережелерін бұзумен бірге қызмет мүддесіне қарсы қылмыс жасаса (пара алу,
қызмет өкілдігін теріс пайдалану, заңсыз сыйлық алу т.б.), онда оның
әрекеті Қылмыстық кодекстің 265-бабымен және лауазымдық қылмыстары үшін
басқа баптардың жиынтығы бойынша сараланады.
Қылмыстық кодекстің 265-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыстың
ауыр түрі: есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттардың
талан-таражға түсуі не өзге елеулі зиян келтірілуіне әкеп соққан әрекеттер
үшін жауаптылық көзделген.
Талан-тараждың түсінігі Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 1-
тармағында берілген. Есірткіні, жүйкеге әсер ететін және улы заттарды
қолдану тәртібін бұзу талан-тараж мақсатымен жасалса немесе талан-таражға
ұласатын болса, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 265-бабының 2-
тармағы және 260-баптың осыған сәйкес бөлігінің жиынтығымен сараланады.
Қылмыстық кодекстің 265-бабының 2-тармағы бойынша елеулі зиянға адамдардың
дертке ұшырауы, ғимараттардың, қоршаған ортаның ластануы, жұмыстыңтоқтауы
немесе өндірістік циклдың бұзылуы жатады. Абайсызда адам өліміне әкеліп соқ-
қан немесе адам өміріне ауыр зиян келтірумен ұштасқан әрекеттер Қылмыстық
кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша саралануғажатады.
Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе
психотроптық заттарды алуга өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
(266-бап)
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі—халықтың денсаулығы, ал қосымша
негізгі объект адамдардың өмірі.
Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 266-бабының 1-тармағында
көрсетілген қылмыс - қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе)
лицензиясы жоқтұлғаның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен
айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр
зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер арқылы сипатталады.
Медициналық практикаға азаматтарға емдеу-диагностикалық, протездік-
ортопедикалық, реабилитациялық қызмет көрсетулер жатады.
Фармацевтикалық қызметке — дәрі-дәрмектерді дайындау, зерттеу, сақтау
және оларды босату әрекеттері жатады.
Медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен шұғылдану
құқығы арнаулы медициналық білім алған: дип-ломы бар және қызметтің тандап
алған түрі бойынша сертификат, лицензия алған адамдарға ғана беріледі.
Мұндай тәртіпті сақтамау жекеше медициналық практикамен немесе
фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысуды білдіреді. Мұндай заңсыз
айналысу абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян
келтіруге әкеп соққанда ғана іс-әрекет қылмыс қатарына жатады. Яғни осы
қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі — адамның денсаулығына зиян
келтіру болып табылады. Іс-әрекет пен келтірілген зиянның арасында себепті
байланыс орын алуы қажет. Қылмыс құрамы — материалдық. Ол заңда көрсетілген
зардап орын алған сәттен бастап аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан адамның сертификатсыз, лицензиясыз қызметпен
айналысуы қасақаналықпен, ал қылмыстың зардабына тек қана абайсыздықпен жол
береді.
Қылмыстық кодекстің 266-бабының бірінші тармағында есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе
өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасағаны үшін жауаптылық
белгіленген.
Қылмыстың заты — заңсыз берілген рецептер немесе құжаттар, сондай-ақ
қолдан жасалған рецептер мен құжаттар. Объективтік жағынан көрсетілген
қылмыс құрамы әрекет арқылы, яғни заңсыз рецептер, өзге де құжаттарды беру
немесе осыларды қолдан жасау жолымен жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы
материалдық көрсетілген әрекеттерді істеген сәттен қылмыс аяқталған деп
танылады. Субъективтік жағынан заңсыз рецептер, өзге де құжаттарды есірткі
заттарда немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алу үшін беру немесе сондай
құжаттарды қолдан жасау тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық
субъектісі - жасы 16-ға толған, осы іс-әрекеттерді істеген есі дұрыс кез
келген адам.
Қылмыстық кодекстің 266-бабының 1-тармағындағы әрекеттерді лауазымды
тұлғаның жасауы осы құрамның ауырлататын түрі болып табылады (266-баптың 2-
тармағы).
Ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өліміне әкеп соқтырған
әрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 266-бабының 3-тармағында көрсетілген. Бұл
ретте қылмыс субъектісі жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. Ал осы баптың
бірінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған, адам өліміне әкеп
соқтырған әрекеттер қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады. (226-баптың 4-
тармағы). Бұл ретте қылмыс субъектісі — лауазымды адам, оныңтүсінігі КҚ-тің
307-бабында көрсетілген.

2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзғаны үшін қылмыстық
жауаптылық

Қылмыстың объектісі — тұрғындардың денсаулығы және өмірі.
Объективтік жағынан қылмыс — абайсызда адамдардың жап-пай
сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан санитарлық-эпидемиологиялық
ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырылады. ҚК-тің 267-бабының нормасы
бланкеттік. Бұл тұрғыдағы заң бұзушылық Қазақстан Республикасының арнаулы
санитарлық-эпвдемиологиялық Заңы арқылы реттеледі. Санитарлық-
эпвдемиологиялық ережелер—жұқпалы аурулардан сақтандыру, олардың тарауына
жол бермеуге бағытталған нормативтердің жиынтығы болып табылады. Осы
ережелерді бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін.
Көрсетілген қылмыс санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзудан абайсызда
адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққанда ғана
туындайды.
Адамдардың жаппай сырқаттануына эпидемиялардың тарауы (тырысқақ,
тұмау, т.б.);
Улануға — химиялық, бактериологиялық, өндірістік, тұрмыстық, тағамдық
уланулар жатады. Мұндай уланулар адам ағзасына улы, зәрлі заттардың әсер
етуі арқылы пайда болады.
Көрсетілген ережелерді бұзу мен адамдардың жаппай сыр-қаттануының
немесе улануының арасындағы себепті байланыс-ты анықтауы тиіс. Қылмыс
көрсетілген сырқат немесе улану орын алған сәттен бастап аяқталған деп
саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған жай адам, сондай-ақ санитарлық-
эпидемиологиялық ережелерді сақтау өзіне жүктелген лауазымды адамдар да
болуы мүмкін,
Қылмыстық кодекстің 267-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын
түрі; абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет үщін жауаптылық
көзделген.
Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар
туралы ақпаратты жасыру (268-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — халықтың денсаулығы.
Осы қылмыстың затына—адамдардың өміріне немесе денсаулығына, не
қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар
туралы ақпараттар жатады.
Ақпараттарға — адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға кауіп
төндіретін оқиғалар, құбылыстар, жер сілкінісі қаупі, зиянды газдардың,
радиоактивті, химиялық заттардың таралуы, құрылыстардың, ғимараттардың апат
қаупі, қоршаған ортаны залалдандыратын микроорганизмдердің, аурулардың
таралу мәліметтері жатады.
Қылмыстық кодекстің 268-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс
объективтік жағынан адамдардың өміріне немесе денсаулығына, не қоршаған
ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы
ақпаратты халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті адамның
жасыруы немесе бұрмалауы арқылы сипатталады.
Қылмыстық кодекстің 268-бабының пайда болуының занды-лық негізі
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабының 2-тармағында тікелей
көрсетілген адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер
мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке
әкеп соғады деген конституциялық қағида болып табылады. Жасыру —
тұрғындарға төнген қау іптің пайда болуы жөнінде ақпарат бермеу.
Бұрмалау — төнген қауіп жөніндегі шындыққа жатпайтын, толықемес
мәліметтерді хабарлау.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Ол осы көрсетілген әрекеттерді
істеген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен
істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы—халықты осындай ақпаратпен
қамтамасыз етуге міндетті адам.
Қылмыстық кодекстің 268-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын
түрі; абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге не өзге де ауыр
зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.
Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату,
жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — халықтың денсаулығы, қосымша тікелей
объект — тұтынушылардың мүліктік құқығы, қауіпсіздігі.
Қылмыстың заты—тұтынушылар өмірінің немесе денсаулығының қауіпсіздігі
талаптарына сай келмейтін тауар, жұмыс орындау, не қызмет керсету, сол
сияқты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің қауіпсіздік
талаптарына сай келетіндігін куәландыратын ресми құжат.
Тауар—тұтынушылық құны бар, сату үшін ендірілген еңбектің өнімі.
Жұмыс — құрылыс, жөндеу немесе басқа нәрселерді жасау немесе өндеуге
байланысты өндірістік қызмет.
Қызмет көрсету — тұрғындарға тұрғын-үй, коммуналдық, тұрмыстық,
медициналық және басқа да көмек көрсету арқылы біреуге пайда келтіретін
әрекеттер.
Қылмыстық кодекстің 269-бабының 1-тармағында керсетілген қылмыс
объективтік жағынан алғанда тұтынушылар өмірінің немесе денсаулығының
қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс
орындау не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе
қызметтің қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігін куәландыратын ресми
құжатты заңсыз беру немесе пайдалану арқылы сипатталады.
Шығару деп — өндірушілердің тауарларды тікелей тұтынушыларға беруін
базарларға, магазиндерге, сауда орындарына өткізуін айтамыз. Сату деп
сертификаты жоқтауарларды немесе жалған сертификатпен тауарларды белгілі
бір ақыға өткізуді айтамыз.
Жұмыс орындау деп — адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі
талаптарына сай келмейтін өндірістік қызмет немесе жөндеу жұмыстарын
жүргізуді айтамыз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік белгілері
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қазіргі жағдайда пайдакүнемдік - зорлық қылмыс жасаудың детерминанттары
Пәндер