Ағымдағы дебиторлық борыштың түрлері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны және 6
түрлері
1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық 6
борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі
19
2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ (Теплый Стан ЖШС-ң мысалында)
2.1 Теплый Стан ЖШС-тің қызметіне қысқаша сипаттама және 2009-2010
ж.ж. экономикалық көрсеткіштердің талдауы 22
2.2 Дебиторлық берешектер есебің ұйымдастыру
2.3 Кредиторлық қарыздар есебі 22
2.4 Дебиторлық борыш есебін ХҚЕС бойынша жетілдіру жолдары 29
40
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІ 42
3.1 Дебиторлық борыш аудиттің міндеттері мен аудиторлық тексерудің
кезеңдері 48
3.2 Дебиторлық борыш аудитінің талдамалы әдістерін қолдану ережелері
3.3 Кредиторлық қарыздардың аудиті 48

Қорытынды 56
61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
68

70



КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына Қазақстан -2030
Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және
экономикалық басымдылық бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды
болатыны атап көрсетілді.
Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік
есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің айқын жүйесі беретін уақытылы
экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару
мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі анализінің
ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің
қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар
құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму
және жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа
жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары
жүргізіліп жатыр.
Өндірістің күрт құлдырауы, Қазақстандағы халық шаруашылығының бөлек
салаларының жұмысын тоқтатуы инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің өсуіне
және ең маңыздысы – шаруашылық субъектілері арасындағы нарықтық
қатынастардың тұрақсыздығына, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп
соқтырды.
Қазіргі кезде барлық шаруашылық субъектілері алдында тұрған ең
маңызды, өзекті мәсле – есеп-төлем операцияларымен тікелей байланысты, яғни
тұтастай шаруашылық субъектінің жұмысын реттеуші - дебиторлық қарыз.
Дебиторлық қарыз шаруашылық субъектілер активтерінің негізгі бөлігі
болып табылады. Айта кететін бір жай –Қазақстандық балансының қазіргі
құрылымында кез -келген кәсіпорында дебиторлық қарыз баланстың бірінші
бөлімінде де, екінші бөлімінде де орын алады.
Дебиторлық қарыз - бұл шынымен де дамып келе жатқан Қазақстан
экономикасындағы шаруашылық субъектілерінің ең өзекті мәселесі болып
табылады.
Кәсіпкерлік қызметін атқарған кезде, меншік айналымының қатысушылары
шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында өздері жұмсаған
қаражаттарды қайтарып қана қоймай, табыс алуды жорамалдайды.
Бірақ нақты іс жүзінде, әсіресе нарықтық қатынастарға өту және
өндірістің құлдырауы кезінде кәсіпорын өз контрагенттерінен белгілі бір
себептерге байланысты қарыздарын ала алмайтын кездері өте жиі, ал дәлірек
айтқанда ылғи орын алады. Дебиторлық қарыз ұзақ айларға, ал кей кездерде
жылдарға тежеліп қалатын жағдайлар болады. Дебиторлық қарызының өсуі
кәсіпорындардың қаржылық жағдайын нашарлатады және кейде олардың банкротқа
ұшырауына әкеледі.
Айналым құралдарының, дәлірек айтқанда айналыс қорларының бөлігі
ретінде дебиторлық қарыз, әсіресе ол ақталмаған тежелген болған жағдайда,
айналыс құралдарының айналымын күрт қысқартады және сол арқылы кәсіпорынның
табысын азайтады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерге міндетті төлемдер Қазақстан
Республикасының Салықтар және бюджетке басқадай міндетті төлемдер туралы
Кодексіне сәйкес, сондай – ақ салық кодексімен қарастырылған нормативтік
құқықтық актілермен белгіленеді және реттеледі.
Кодекс салықтардың толық тізбесін, оларды есептеу тәртібін, салық салу
объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлемшілерін анықтайды.
Салықтар, алымдар, баждар және басқадай міндетті төлемдер деп ҚР
бюджет жүйесіне міндетті жарналарды түсіндіреді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы салықтар тура және
жанама салықтарға бөлінеді. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын
салық пен акциздер жатады. Қалған салықтар тура салықтарға жатады.
Қазақстан республикасында келесі салықтар:
1. Корпоративтік табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Салықтар мен жер қазбаларын пайдаланушылардың арнайы төлемдері
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық.
Салық жылында салық салынатын табыстары бар ұйымдар табыс салығын
төлеушілер болып табылады. Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты
анықтау үшін жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында
жұмсалған шығындар мен шеккен зияндарының сомасын шегереді.
Сондықтан да бүгінгі күнге шешілуге тиісті және шешілген жағдайда
шаруашылық субъектілернің қаржылық жағдайының жақсаруына көмектесетін ең
маңызды мәселелерге:
1. Жаңа шоттар жоспарына және бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне
өтумен, сонымен қатар әкімшіл-әміршіл шаруашылық жүйесінің құлдырағаннан
кейін шаруашылықаралық қатынастардың басым көпшілігінің тоқталуымен
байланысты дебиторлық қарыз есебінің дұрыс ұйымдастырылуы;
2. Дебиторлық және кредиторлық қарыздың өсуіне әсер ететін факторларды
айқындауға және ақталмаған, тежелген қарыздарды мүлдем жойып, өсуін
тоқтатуға арналған резервтерін анықтағауға бағытталған дебиторлық қарыз
талдауы жатады. Ал осы талдау нәтижелерін аудиторлық тексеруде қолдану,
дұрыс аудиторлық қорытынды (есеп) беру.
3. Нарықтық экономика жағдайында аудиттін ролі өте зор. Аудиторлық іс
экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансы немесе сот-
бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек
болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың
және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін
пайдаланады.
Аудиторлық тексеруге экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есеп
берулерін құрайтын барлық формалар жатқызылады:
- ұйымдық балансы (бухгалтерлік теңгерімі) (нысан – 1)
- кірістер мен шығыстар туралы есеп беру (нысан – 2)
- ақша қозғалысы туралы есеп беру (нысан – 3)
- меншікті капитал қозғалысы туралы есеп беру (нысан – 4 )
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі осымен айқындалады. Оның
зерттеу объектісі болып Теплый Стан ЖШС болып табылады.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі нарықтық экономикаға өте
бастаған Қазақстандық экономикасындағы фирмалардың шаруашылық қызметіндегі
активтердің қозғалысында дебиторлық қарыздың алатын орнын анықтап, оның
түрлері бойынша есеп жүргізуді зерттеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін мына мәселелерді шешу қажет:
- Теплый Стан ЖШС-ң құрылымы, атқаратын қызметімен танысу;
- 2009-2010 ж.ж. аралығындағы негізгі экономикалық көрсеткіштерің
зерртеп талдау;
- Дебиторлық және кредиторлық борышқа түсініктеме беріп, оның
топтастыруын қарастыру;
- Нақты іс-тәжірібиеде дебиторлық борыштын есебін ұйымдастырунын ашып
көрсету және бухгалтерлік шоттарда жазбаларын көрсету;
- Аудиторлық тексерудін негізгі кезеңдерін қарастыру;
- Аудиторлық тесеруде аналитикалық процедураларын қолдануын көрсету;
- Дипломдық жұмыс бойынша корытынды беру.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында дебиторлық және кредиторлық
борыштың теориялық негіздері ашылған; екінші тарауында – кәсіпорындағы
дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру мәселелері қарастырылған, ал үшінші
тарау дебиторлық және кредиторлық борыш аудитін жүргізу тәртібі зерттеліп
көрсетілген.

1 ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дебиторлық және кредиторлық борыштардың түсінігі, мазмұны
және түрлері

Қарыз алушы, дебитор (латын сөзінен debitum - борыш, міндет) екі
немесе одан да көп тұлғалар арасындағы меншіктік байланыстағы азаматтық-
құқықтық міндеттеменің бір жағы.
Дебиторлық қарыз – бұл кәсіпорынға басқа заңды тұлғалар немесе
азаматтардан төленуге тиісті қарыз сомасы. Қолма-қолсыз есеп айырысу
кезінде дебиторлық қарыздың пайда болуы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
объективті процесін бейнелейді.
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметібарысында сатып өткізілген
өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған векселдер бойынша
сатып алушылармен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті
тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.
Дебиторлық борыштардың құрамына кәсіпорынның төмендегі қарыздары
есепке алынады:
- алынуға тиісті борыштар (сатып алушылармен тапсырыс берушілердің
борыштары);
- алынғпн векселдер;
- кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының борыштары;
- ағымдағы активтерді сатып алу ұшін төленген аванстық төлемдері;
- негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктері
арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар;
- басқадай дебиторлық борыштар.[9 ]
Қалыптасу сипатына байланысты дебиторлық қарыз қалыпты және
ақталмаған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорынның қалыпты қарызына оның өндіріс
бағдарламасын орындау үрдісіне, сонымен қатар атқарылып жатқан есеп айырысу
формаларына (ұсынылған талаптарға сәйкес қарыз, есеп беруге тиісті
тұлғалардың қарызы, тиелген, бірақ төлем мерзімі әлі келмеген тауарлар үшін
қарызы) сәйкес қарыздар жатады. Ақталмаған дебиторлық қарыз деп есеп
айырысу және қаржылық тәртібін бұзу нәтижесінде, есеп жүргізу кезінде орын
алған кемшіліктердің, материалдық құндылықтар босатуды бақылаудың нашарлуы,
кемтік пен ұрлықтың пайда болуы (тиелген, бірақ уақытында төленбеген
тауарлар, кемтік пен ұрлық бойынша қарыздар) салдарынан пайда болған
қарыздар танылады.
Дебиторлық қарыз халықаралық және қазақстандық бухгалтерлік есептің
стандарттарына сәйкес компаниянға сатып алушылардан (дебиторлардан) алынуға
тиісті ақша сомасы деп анықталады.
Дебиторлық қарыз – айналым капиталының маңызды компоненті. Бір
кәсіпорын екіншісіне тауарларын сатқанда, сатылған тауарлардың құны дәл осы
мезетінде төленетіні шарт емес.
Дебиторлық қарыз кәсіпорынның иелену құқығын қоса заңды құқықтармен
байланысты активі болып табылады. [10]
Жалпы актив деп құндылық бағалауы бар субъектінің меншігі, меншіктік
игіліктер және құқықтар танылады. Активте іске асатын келешек экономикалық
пайда бұл – субъектінің ақша құралдарының артуына потенциалдық, тікелей
немесе жанама үлесі. Одан шығатыны, дебиторлық қарыз – активте іске асатын
және иелену құқығын қоса заңды құқықтармен байланысты болашақ экономикалық
пайда.
Дебиторлық қарыз активінің үш маңызды сипаттамасы:
-Ол ақша құралдарының тікелей немесе жанама өсуін қамтамассыз ететін
болашақ пайданы іске асырады.
-Активтер шаруашылық субъекті басқаратын ресурстар болып табылады.
Еске сала кететін жай – пайдаға немесе потенциалдық қызметтерге құқықтар
заңға сәйкес немесе оларды талап ету мүмкіндігінің заңды дәлелдемесі болу
керек. Мысалы активті сату фактісі сатушыда бейнеленген кезде, дебиторлық
қарыз қалыптасады. Сату-сатып алу келісімшарты мүмкін болашақ пайданы
анықтауға көмектеседі. Бірақ егер сатып алушы дебиторлық қарызды өтеуге
қажетті сомасын төлемесе, сатушы іс жүзінде ресурстар бақылауынан, яғни
потенциалдық кірістерден айырылмайды, бұдан актив енді актив болмайды.
Активтерге кәсіпорынның болашақта алатын, бірақ қазіргі кезде оның
бақылауынан тыс пайда жатпайды. Осы кезде шешуші фактор ретінде
бухгалтерадің қандай да бір шаруашылық операцияның орын алуы туралы шешімі
болады.
Фирманың келісімшартқа қол қою фактісі арқылы, бухгалтердің
бақылауында болатын келешек мүмкін пайда мөлшері белгіленеді.
Бухгалтер фирманың активтерін бейнелеген кезде оқиғаларды маңызды
немесе онша маңызды емес екенін анықтайды. Көп жағдайда маңыздылық
операцияның аяқталуын көздейді.
Дебиторлық қарыз активтерге толығымен қосылуы мүмкін, егер бір жыл
ішінде алынбаған сома ашылған болса. Сонымен қатар ұзақ мерзімді активтер
құрамында бір жылдан артық саналған дебиторлық қарыз дебиторлық қарыз
бабына қосылуы мүмкін.
Жоспарлы-әкімшіл шаруашылық жүйесінде, оның ішінде 1997 жылға дейін
Қазақстанда әрекет еткен бухгалтерлік есеп жүйесінде активтер деп кәсіпорын
иелік ететін барлық шаруашылық құралдар саналды. Қазіргі Қазақстанда
жүргізілетін есепке тән ерекшелігі - активтерді белгілі мөлшерде болашақта
пайдаға айналуға тиісті шығындар деп есептеу. Осыдан активтерге жұмсалған
шығындардың, оның ішінде дебиторлық қарыздың қалай көшірілетінін тексеру
қажеттігі туады. Осыған орай бухгалтерлік есепте ақша төлеудің фактісі
емес, осы төлемдерге құқықтардың болуы немесе болмауы танылады. Сәйкесінше,
табыс деп төлемдерді қабылдау емес, оларға құқықтардың болуы саналады. Бұл
жағдайда осы есеп беру мерзімінің табыстары олардың пайда болу шығындармен
әрқашан сәйкестендірілуі тиіс.
Қазіргі кезде шоттардың жаңа жоспарына және дебиторлық қарыз есебінің
жаңа жүйесіне өтумен байланысты оның келесідей түрлерін ажыратады: сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің, тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық қарызы, басқа да дебиторлық
қарыздар, алдағы кезең шығындары, берілген аванстар бойынша дебиторлық
қарыз.[3, 2 бап]
Дебиторлық міндеттеме – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің
шаруашылық жүргізуші субьект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу
бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклді және ағымдағы
емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық
берешекті болып бөлінеді. Саудалық дебитор берешегі ─ негізгі іс - әрекет
нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып
алушылардың міндеттеме сомасы.Саудалық емес дебиторлық берешек ─ іс-
әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде пайда болады.
Дебиторлық борыштар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу
мерзіміне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
- ұзақ мерзімді;
- қысқа мерзімді (ағымдағы);

1-Сызба. Ағымдағы дебиторлық борыштың түрлері

Қысқа мерзімді қарыздар – ұйымның бір жылға дейінгі қарызы, ал бір
жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып саналады.
Дебиторлық борышты қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып табылады, бұл
мерзімнен асып кесте дебиторлық борыштың өтелу мерзімі өтіп кеткен болып
саналады.
Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақта әрекетпен басқа
тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе
міндеті. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін
қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлердің
алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын
тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз
болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын
кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен
қызметкерлеріне істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін
борышты немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.
Кредиторлық борыш келесідей бөлімдерден тұрады:
1. несиелер;
2. алдағы кезеңнің кірістері;
3. дивиденттер бойынша есеп айырысу;
4. бюджетпен есеп айырысу;
5. еншілес (тәуелді) серіктестерге несиелік борыш;
6. бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу;
7. алынған аванстар;
8. жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу;
9. басқа да кредиторлық борыш және аударымдар.
Несие – бір заңды тұлғаның екінші заңды тұлғаға немесе жеке адамның
заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім алу үшін белгілі
уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын
экономикалық қарым – қатынас жүйесі болып табылады. Нарықтық экономика
жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға
сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала
төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға
тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы
бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын)
уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті
борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді.
Бұл борыштардың есебі Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында
есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін)
дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың
қатарына жататындар:
• Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген)
төлем;
• Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
• Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
• Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар
негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
• Ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
• Басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома
басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми
берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар
(дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты
актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ дебиторлық борыш
дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты
активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық
борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты
мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық
борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана анықталады.
Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға
жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық
сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған
дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар болып есептеледі.
Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу
уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп
жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде
сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардаң мұндай қадамға
баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын
тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға
жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға
үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки)
терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар
қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі
ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін
пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу
себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды
қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын
сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш
сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура
келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті
табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның
бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Дт: 6030 баға шегерімі – шоты
Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар – шоты
Түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын
бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Дт: 6020 Сатылған тауарлардың қайтарылымы – шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар – шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу
барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың
борышы деп аталатын шотының кредиті бойынша;
Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 Берілген аванстар
шотының дебиті бойынша;
Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 Күдікті қарыздар бойынша резерв,
1620Алдағы кезең шығындары шоттарының несие (кредиті) бойынша;
Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
борышы шотының және 1220 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық
борышы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп
айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа
дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату
парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа
тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру
шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың
жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп
стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында
қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары
қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің
құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін
таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін
болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық
болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық
борыштар шоттарында есептелінетін сомалардың дұрыстығы мен олардың
толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша
шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын,
толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты
мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп
жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан
сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда,
тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу
құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы.
1290 Күдікті қарыздар бойынша резервтер.
1220 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы.
1280 Басқадай дебиторлық борыштар.
1620 Алдағы кезең шығындары.
1630 Берілген аванстар.
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың
басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы
болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің борышы деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды
қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
1210 Алынуға тиісті шоттар
1210Алынған вексельдер
1210Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде
борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға
тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке
тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен
қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
Алынуға тиісті шоттар деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер
(тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу
құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы Алынуға тиісті
шоттар шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және
олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан
оларды кейбір уақыттарда саудалық міндеттемелер деп те атайды. Олар
тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу
көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп
санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату
кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған
тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да
берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды
несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу
қабілеттілігі бар болатындығын бақылау шараларын жүргізілулері қажет. Сол
үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы,
жеке және заңды тұлғалардың немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керкті
ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы
ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер
алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері
бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады.
Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып
алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз
ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай
кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары
есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес
активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық
борыштар есептеледі.
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шоттарына
қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың)
теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде
80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Дт: 7010 Сатылған өнімдердің
өзіндік құны
300000 тг
Кт: 1320 Дайын өнімдер
300000 тг
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
420000 тг
Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420000 тг
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
80000 тг
Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы
80000 тг
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Дт: 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты 500000тг
Кт: 1210Алынуға тиісті борыштар шоты
500000 тг
Жоғарыда екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен
ұйымдардың тарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне
байланысты қосылған құн салығы есептелгенде
1210 Алынуға тиісті борыштар шоты дебиттелініп,
1320Қосылған құн салығышоты кредиттелінеді.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы
қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына
1210 Алынуға тиісті борыштар,
1210 Алынған вексельдер,
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп
аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес
6210 Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын
кіріс, Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс және
Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс деп аталатын
шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар
бойынша қосылған құн салығы есептелгенде
1210 Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер,
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп
аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, Қосылған құн салығы шоты
кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға
айырмашылықтарының пайда болуына
1210 Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер,
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп
аталатын шоттардың тиістілер дебиттеліп, Бағамдық айырмашылықтан алынатын
кіріс шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына
1210 Алынуға тиісті борыштар, Алынған вексельдер,
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп
аталатын шоттардың тиістілері,
6010, 6280 Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер шоты
кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар
мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде
1000 Ақшалар бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп,
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары деп аталатын
бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін
қайтарылған жағдайда
6020 Сатылған тауарлардың қайтарылуы деп аталатын шот дебиттеліп,
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары деп аталатын
бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің
сомасына
6030 Сату шегерімі немесе 6030 Баға шегерімі шоттардың тиістілері
дебиттелініп, 1210 Алынуға тиісті борыштар, 1210Алынған вексельдер,
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары деп
аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, 3130 Қосылған құн салығы
шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады).
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары
арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер,
қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары
немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек
көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың
орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша
жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс
берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың
аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері
көрсетіледі. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шотының
бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-
ордер қолданылады.
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу
келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу
келісімдері, сондай-ақ келісім шарттарымен және тағы да басқа құжаттар
құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты
объектісі тауар болып табылады. Сондықтан келісім шартта тауардың
сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны
аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып
көрсетілуі мүмкін.
Тұрақты баға келісім шартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде
қадағаланды және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның
құнсыздануы), әсіресе келісім шартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы
уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға
тұрақты пайдаланған жағдайда теңге құнының (бағамның) өзгеруіне байланысты
тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақтар бағаны
тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы
валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквиваленті қайта
санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр
түрлі болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір
банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде
сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе 100% сомасының
төлегендігі тиімді болады.
Тұрақсыз баға келісім шартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау
қиын болған жағдайда белгіленеді.
Мысалы: бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта (кезде). Бұл
жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен
жағдайлары қарастырылады. Келісім шартта қосылған құн салығы көрсетілмейді,
алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісім шарттың
басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің
түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.
Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген
тауарлары үшін весель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде
белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.
Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен
соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша
борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды
қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель бағалы қағаздардың
ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық
міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі
өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді
талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель
бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель
бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші
деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.
Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:
ВЕКСЕЛЬ
100000 (жүз мың) теңге 25.03.2004
жыл
Төленуге тиісті сома мөлшері Вексельдің
берілген уақыты
ККК фирмасы
Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты
13.12.2004 жыл
Төлену серзімі
НҰР акционерлік қоғамы
Вексель беруші ұйымның аты
Нұрхан____________________________ ___МО
Тиісті адамдардың қолдары және ұйымның мөр таңбасы

Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында (ішінде)
жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің
өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель
беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі
берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып
вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни вексель қызметінің
аяқталатын уақыты есептелінеді. Әдетте вексельдер пайдалануы барысында
бір немесе бірнеше міндетті орындайды. Бұндай міндеттерге мыналарды
жатқызуға болады:
• Дебиторлық қарыздың өтелу серзімін белгіді бір уақытқа ұзарту;
• Шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық
қарыздарды нақты дәлелдеу;
• Пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;
• Айналымға жіберу мүмкіндігі.
Бухгалтерлік есепте весельдер сатылған, вексельге айырбасталған
тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақшалай баламасымен немесе
барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы
дегенміз бұл пайыз есептелінетін сомасы болып табылады. Ал вексель бойынша
алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы болып есептелінеді.
Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетілген пайыз сомаларын қоспағандағы
вексель айналымы мерзімінің соңындағы төленуге тиісті ақшалардың сомасы
болып табылады. Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және
аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға
белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-
ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда
вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін
білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып
саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің
сомасы, төленетін мерзімі мен орын, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты
көрсетіліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.
Айналым үдерісі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы
тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс
жағында немесе қосымша парағында жазылады.
Аударылмалы вексель – (тратта) кредитордың (транссанттың) қарызкерге
(трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға
(ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Яғни, оның
вексельден ерекшілігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге
вексельде көрсетілген ақша сомасын үшініш бір адамға эмитентке төлеу туралы
жазбаша бұйрығын бере алады.
Вексельдерде сонымен қатар пайыздық және пайыссыздық деп екіге бөлуге
болады.
Пайыздық вексельдердің атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз
алдында көрсетіледі.
Пайыссыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді,
бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.
Вексельдер өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және
қазыналық болып үш түрге бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол
өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау
мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі
ретінде ресімделеді.
Қаржылық вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі
банктер арасындағы борышкерлік қатынастар ресімделеді.
Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар
мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық
вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналын шегерім жасауды қоса
алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға
сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша
жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы
арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғандa қазыналық вексельдер
иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды.
Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзімге капитал
салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.
Вексельдер эмитенттер бойынша:
Қазыналық және жекеше.
Төлем түрлері бойынша:
Жай және аударылмалы.
Төлем кепілділігінің барлығына қарай:
Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген.
Төлеу тәртібі бойынша:
Мерзім вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді.
Вексельдерді толтыру мен ресімдеу белгіленген ережені сақтауды керек
етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба, яғни вексель деген жазу
жазылып оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы,
төлеу мерзімі көрсетілуі керек. Аударылмалы вексельді трасат (борышкер)
акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша
ешқандай міндеттемесеі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу
мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін
басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен
несие алу үшін пайдалануы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып
төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия
қызметкерлері вексель бойынша төлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны
бақылап отыру қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы Алынған
вексельдер шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және
тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп
айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:
Дт: 1210 Алынған вексельдер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Ал вексель бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша
келіп түскен мерзімінде (пайызсыз):
Дт: 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
Кт: 1210 Алынған вексельдер шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы
жазылады.
Айта кететін бір жағдай көптеген уақыттарда вексельде көрсетілген сома
бойынша пайыз мөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы: 500000 (бес жүз
мың) теңгеге алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем
төлеу көрсетліген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша
алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептеледі:

№ Операциялар мазмұны Дебиттелетін Кредиттелетін Тип
шот шот
1 2 3 4 5
1 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, 1210 3010
көрсетілген қызметке есептелінген
сатып алушы, тапсырыс берушілердің
борышы
2 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, 1210 3130
көрсетіліген қызметке есептеліген
қосылған құн салық сомасы
3 Борыш сомасы бұрын алынған аванс 1610-1610 1210
сомасына шегерілді
4 Сатып алушы және тапсырыс 1030 1210
берушілерден есеп айырысу шотына
келіп түскен сома
5 Сатып алушы және тапсырыс 1270-2150,4240 1210
берушілердің борышы олардың
кредиторлық қарызы есебінен
өтелінді
6 Сатылған (тиеп жіберліген) тауар, 1280 1210,2120-2130
өнім, көрсетліге қызмет үшін
алынған вексель
7 Сатып алушы және тапсырыс берушілер1030 1280
берген вексельдері үшін борыштарын
төледі

500000+500000*5%*612=500000+12500= 512500 теңге
Егер осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген
жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:
500000+500000*5%*912=500000+18750= 518570 теңге.
Жоғарыда қарастырылған мысалымыз бойынша бухгалтерлік жазуларымыз
келесідей түрде жазылады:
А) вексель алынғанда
Дт: 1210 Алынған вексельдер шоты 500000 тг
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 500000
тг

1.2 Қазақстан және халықаралық тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық
борыштарының бухгалтерлік есепте құқықтық реттелуі

Халықаралық және қазақстандық стандарттар арасында дебиторлық борыш
есебін жүргізу тәртібі мен есептілікте бейнеленуін тікелей реттейтін
стандарт жоқ. Дебиторлық борыштың баланста қөрсетілуі №1 Қаржылық
есептілікті ұсыну ҚЕХС анықталады, бұл жерде саудалық және басқа да
дебиторлық борыштың баланста бейнеленуі талап етіледі. (66 тармақ, f
тармақша). Сонымен қатар 72 тармақта бас, еншілес, қауымдастырылған ұйымның
және басқа да байланыс жақтардың бөлек баптарында дебиторлық борыштың бөлек
ашылуы тиіс екендігі айтылдады.
Дебиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және
жекелеген мәселелері №39 Қаржылық құралдар: тану мен бағалау ҚЕХС
регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері
құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар
бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66
тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс
орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат
өлшемінде көрсетіледі [8].
Дебиторлық міндеттеме үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар,
алынған вексельдер және басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға, ақшалай қаражатқа, таурға, көрсеткен қызметке
және субьектілердің ақшалай емес активтеріне деген талап - тілектері
кіреді. Дебиторлық міндеттеме алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне
немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдағық және ұзақ мерзімді
болады. Әдетте дебиторлық берешек шот - фактуралармен расталады. Алынған
вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады.
Қолма - қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің
пайда болуы субьектінің шаруашылық іс - әрекетіндегі обьективті процесс
болып саналады.
Дебиторлық міндеттеме пайда болу сипатына қарай қалыпты және
ақталмайтын делініп бөлінеді. Субьектініңөндірістік - шаруашылық іс -
әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген
нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады.
Мерзімінде төленбеген дебиторлық міндеттеме ақталмайтынболып саналады.
Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік
есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлы - материалдық қорларды жіберуді
бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады [19].
Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субьектілеріндегі
табысты есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті борыштар бойынша
резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе
басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста
дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін
көрсетіледі [6].
Субьект қызметкерлеріне кассадан шаруашылық шығындарына және іссапар
бойынша шығындарға берілетін ақшалай аванс есеп берілетін сома деп аталады.
Ақша беру тәртібі кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен реттеледі.
Іссапарлар бойынша есеп айырысуда қызметкерлердің іссапарларына байланысты
шығындарды өтеуін мынадай мөлшерлері белгіленген салық кодексінің 93 б. 1
т. басшылыққа алынды
1) пәтер - тұрақты жалға алуды төлеу тиісті құжаттармен расталған, орын
сақтағаны үшін төлем де кіретін, іс жүзінде шыққан шығындар бойынша
2) ҚР шегіндегі іссапарда болған әрбір күн үшін тәуліктің төлеу мөлшері
тәулігіне екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек
3) Іссапар орнына бару мен қайтаруға іс жүзінде шыққан шығындар,
бұғанорын сақтағаны үшін төлеу де кіреді - тиісті құжаттармен
расталған нақты сомада төленеді
4) ҚР-нан тыс жерлерге іссапарда болған әрбір күн үшін төленетін
тәуліктілікті төлеу - ҚР үкіметі белгіленген мөлшерлер шеңберінде.
Қызметкерлерді іссапарға жіберу үшін субьект басшысы іссапардың орны
мен мерзімі ескерілетін бұйрық шығарады. Бұйрық негізінде қызметкерлерге
іссапарлық немесе №1 а формасымен беріледі және іссапарлық сома есебі
жүргізіледі. Есеп беру үшін берілген аванс сомасын заңдарда белгіленген
мөлшерлерге сәйкесжол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық берешектер есебі және оны жетілдіру
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Дебиторлық берешек есебі мен аудитін, талдауын жетілдіру жолдары
Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану
Қысқа мерзімді активтердің айналымын талдау
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Ағымдағы активтерді талдау
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
«Шымкент май» ақ-дағы басқа да дебиторлық қарыздарды аудиторлық тексерудің қажеттілігі
Бухгалтерлік баланс элементтерін тану
Пәндер