Жалпы теория



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну
барысында туындайтын негізгі экономиаклық қатынастардың нысанасы мен
мазмұнын айқындайтын қағидалардың, ережелердің заң жүзінде баянды етілген
нормальдық тарихи тұрғыда пайда болған немесе беліленген, елде жұмыс істеп
тұрған жиынтық.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ (цикл) – бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол
қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлері. Негізінде қоғамда
жүзеге асады. Экономикалық жүйені топтау 2 фактор негізінде жіктеледі.
Экономикалық өзара байланысты және белгілі бір түрде реттелген
элементтердің жиынтығы. Бұл бір тұтас толықты құрайтын өзара әрекет ететін
элементтердің күрделі жүйесі.

-10-
АВТАРКИЯ – белгілі бір елдің (немесе елдер тобының) сыртқы экономикалық
ортадан экономикалық оқшаулануы, тұйық шаруашылық құрылым жасау әрекеті.
Автаркия негіздерініңбірі өзін-өзі қамтамасыз ету саясаты болып табылады.
Қазіргі жағдайда ол үкіметтік бақылау мен басқару аппаратының кеңеюіне,
ұлттық өндіріс тиімділігінің төмендеуіне сөзсіз әкеліп соқтырады. Сауда
саласындағы автаркиялық саясат құралдарының ішінде сыртқы сауданы, әсіресе
импортты (шетелден товар экелуді) және капитал қозғалысын, валюта
алмасылуын мұқият шектеу және барлық қажеттерді қамтамасыз ету үшін ішкі
өндірісті қатаң жоспарлау көрініс табады. Автаркия мамандандыруға жэне
тиімділіктің басым болуына қарсы келеді.
АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫ – бірлестіктердің. Кәсіпорындардың, ұйымдардың бухгалтерлік
баланс активінде көрсетілетін, нормаланатын және нормаланбайтын айналым
қаражаты.
АКТИВ 1) компанияның меншігі : машиналары, құрал-жабдығы, ғимараттары, банк
салымдары, бағалы қағаздарға жасалған инвестициялары және т.б.
2) кәсіпорынның материалдық және материалдық емес құндылықтарын
білдіретін юухгалтерлік баланстың бір түрі.
3) Баланстың кейбір түрлерінде кірістердің шығыстардан басым болуы.
АКТИВ – есепке алу категорияясы. Оған нарық субъектісі мүліктерінің құны,
қарыздарды төлеуге арналған қаржылар мен салық қоры жатады.
АКЦИЗ – Көбінесе көпшілік тұтынатын заттарға (арақ-шарапқа, темекіге және
зергерлік бұйымдарға, балықтың бағалы түрлерінен жасалған жеңсік өнімдерге,
фарфор мен хрустальдан жасалған жоғары сапалы бұйымдарға, кілемдерге және
кілем бұйымдарына т.б.саналатын, тауар бағасына кіретін және сатып алушы
төлейтін жанама салық түрі. Мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көзі.
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ – Жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке
капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы
құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның
әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шектелген.
АКЦИЯ – Акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер,
кооперативтер шығаратын осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция
иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оғаи пайданың бір бөлігін дивиденд
түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі.
АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ – Мемлекеттің экономикаға ықпал ету мақсатымен ақша-
кредит жүйесінің қызметін, ақша айналысы мен кредит көрсеткіштерін, несие
капиталдары рыногының көрсеткіштерін, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
тәртібін реттейтін шараларының жиынтығы.

-1-
АМОРТИЗАЦИЯ – 1. Негізгі қорлардың (ғимараттардын,, машиналардың,
жабдықтың) тозуы себепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ
негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар
құнының өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі. 2. Дүркіндік жарналар
немесе міндеттемелерді өтеуін төлеп алу арқылы жекелеген адамның немесе
ұйымның борышты бірте-бірте өтеуі. 3. Борыш міндеттемесінің жоғалуы,
ұрлануы себепті оның жарамсыз деп табылуы.
ӘМІРШІЛ - ӘКІМШІЛ ЭКОНОМИКА – Экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда
материалдық ресурстар мемлекеттік ресурстарды құрайды, ал экономикалық
қызметті бағыттау және үйлестіру орталықтан жоспарлау арқылы жүзеге
асырылады.
БАЛАНС – Бухгалтерлік есептің, негізгі кешенді құжаты, ол кәсіпорын
қаражатының құрамы мен құндық бағасы (актив) және оның өтелу көздері
(пассив) туралы ақпараттан тұрады.
БИРЖА – нарықтың ұйымдаскан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде
тауармен (тауар биржасы), бағалы қағаздармен (қор биржасы, валюта биржасы)
сауда жасалады немесе қызметкерлер жалданады (еңбек биржасы); сатушылар мен
сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.
БРОКЕР – Қор және тауар биржаларында, валюта рыноктарында тауарларды,
бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да құндылықтарды сатып алушы мен
сатушы арасында мәміле ждсасу кезінде арада жүретін ресми делдал. Биржада
орны болады, алармандардың тапсыруымен және солардың есебінен сияпатқа —
брокеражға мәміле жасасады.
БЮДЖЕТ ДИФИЦИТІ— мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып
түсуі; сауда балансының тапшылығы — импорттың экспорттан асып сыртқы
әріптестері арасында ағымдағы есеп айырысу бойынша да тауарлар мен ақша
қозғалысының барлық түрлерінің жалпы теңдестірілмегендігі.
БЮДЖЕТ ПРОФИЦИТІ – таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен
жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы опрациялық
сальдоға тең тапшылық (профицит). Теріс белгімен алынған шама – бюджет
тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет
тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың
орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
БАНКНОТА – ағылшын сөзі банк билеттері - эмиссиялық банктер айналысқан,
шығарған ақша белгілері. Қағаз ақшаның негізгі белгілері (теңге, сом,
рубль, доллар), т.б.
БӨЛШЕК САУДА - өнімді түпкілікті тұтынушыларға, олардың жеке басының
комерциялық емес мақсатқа тұтыну үшін өткізу тәсілі.
БЮРОКРАТИЯ – мемлекет басқару жүйесінің шенеуліктік әкімгерлік, осы жүйені
ұстанатын шенеуліктік топ.

-2-

ҰДАЙЫ ӨНДІРІС - өндірістің ұдайы қайталануы үздіксіз жаңартылуы арқылы
өндірістің жұмсалған факторларын ұдайы жаңғырту.
Ұдайы өндіріс дегеніміз ең алдымен материалдық игіліктерді немесе
қоғамдық жиынтық өнімдерді ұдайы өндіру.
Ұдайы өндірістің тұрпаттары: олар жай және ұлғалмалы ұдайы өндіріс
болып екіге бөлінеді. Жай ұдайы өндіріс кезінде ұдайы өндіріс процесі жыл
сайын өзгертілмеген мөлшерде жаңартылады.
ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ – ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді
қамтиды. Ең алдымен оған мемлекет сатып алуды нығайту мен қысқарту күрделі
қаржы бағдарламасы әлеуметтік төлемдер, бюджетпен жекелеген сала мен
кәсіпорындар үшін детация мен субсидиялар, салық салалары жатады.
ШЕКТІК ПАЙДАЛЫЛЫҚ (маржинализм) – саяси экономиканың экономика заңдары мен
категорияларын зерттеу үшін шекті мөлшерді пайдалануға негізделген
методологиялық принциптердің бірі, негізгі маржиналистік тұжырымдамалар
қазіргі буржуазиялық сұраным, фирма, баға, нарықтық тепе-теңдік
категорияларында пайдаланылады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ - жекелеген елдердің бүкіл дүие жүзілік
шаруашылық шеңберінде белгілі бір өнім өндіру мен қызмет көрсетуге
мамандануы, оның өзі түрлі қызмет нәтижелерін, әдетте тауарлар түрінде
дүние жүзілік нарықта айырбастау қажеттігін туғызады.
ХОЛДИНГ - өз капиталын басқа компанияның бақылау пакеттерін сақтап алу,
сөйтіп олардың акцияларына бақылау қою мақсатын көздейтін акционерлік
компания.
ЭКВИВАЛЕНТ – латынша “тепе-тең, мәнді” деген мағынаны бідіреді. Құн шамасы
бірдей бір-бірін толық алмастыра алатын мәні, күші бірдей нәрсе. Басқа бір
тауардың құнын бейнелей алатын нәрсе.
ЭКОНОМИКАЛЫӨ САЯСАТ – қоғамдық ғылым. Адамның қоғамдық-өндірістік,
экономикалық қатынастарының дамуы туралы ғылым.
ЭМИССИЯ – латынша emissio – шығарылым – барлық нысандағы бағалы қағаздардың
ақша белгілерін, банк және қазынашылық билеттерін айналысқа шығару.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢ – тәжірибе, практикалық қызмет негізінде белгіленген
ғылыми зерттеулер жолымен анықталатьын экономикалық құбылыстар
процестерінің, олардың шамалармен және көрсеткіштерімен сипатталатын
қатынастар арасындағы тұрақты, елеулі бір, өзара тәуелдіктер. Парасатты
тірлік иесі ретіндегі адамның табиғаты оның объектілері заңдарымен ғана
емес, сондай-ақ адамның субъекті еркімен де қамтамасыз етілген экономикалық
іс-қылығында көрініс табады.Жеке адамдар немесе адамдардың топтары
өздерінің экономикалық қарекеттерінде экономикалық заң мәжбүрлейтін жолдан
ауытқуы мүмкін.
-9-

СИНДИКАТ - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
СИНДИКАРТ – латынның құрама бірлестік -теориясы алдағы белгілі бір
мақсатқа жету үшін екі және одан көп меншік иелерінің және формалардың
бірігуі.

СТАГФЛЯЦИЯ – инфляциялық тенденциялардың өрлеуі кезіндегі тоқыраумен
сипатталатын экономиканың жағдайы.
САЛЬДО – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсім мен шығын ар асындағы
айырма.
СҰРАНЫС ЗАҢЫ – рынокта берілген қажетсіну, ал ақшалай қаражатпен
қамтамассыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табыстарының
деңгейіне және өндірушілер өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлінетін
салаға байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын
айқындайды яғни тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі.
СУБСИДИЯ – латыннан аударғанда көмек-мемелекет мемлекеттік бюджет
есебінен, ал мемлекеттік емес фирмалар заңды тұлғаның, жеке тұлғаның таза
табысынан өкімет органдарына басқа мемлекеттерге беретін көбінесе ақшалай
нысандағы , әдетте, бір жылғы жәрдемақы.
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ- төлем түріндегі ақшалай қаржаттың елден елге қозғалуын
сипаттайтын кесте, тізімдеме.
ТРАНСАКЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫН – айырбастау аясындағы меншік құқықтарын табыстаумен
байлансты шығын. Оның бес негізгі түрі бар. Олар: ақпаратты іздеу, келіссөз
жүргізу және келісім шарт жасау; өлшеу шығыны: меншік құқықтарын айрықшалау
және қорғау:отпортунистік мінез құлық.
ТРАНСФЕРЕНТТІК ТӨЛЕМДЕР – шетел валютасының немесе алтынды бір елден екінші
елге аударуы.
ТАУАРЛЫ ӨНДІРІС – қоғамдық өндірістің белгілі бір ұйымы: мұнда дамдар
арасындағы экономикалық қатынысатар рынок арқылы олардың еңбектерінің
өнімдерін сатып алу сату арқылы көрініс табады. Ол еңбек өнімділігін
арттырудың және өндіріс көлемін ұлғайтудың пәрменді тетігін жасайды. Тауар
өндірісі мен оның тетігі – адамзат өркениетінің жалпыға ортақ мәнді
жетістіктерінің бір; қоғамдық-экономикалық фармациялардың бірде бірі
орағытып өте алмады. Тауар өндірісінің қалыптасуының сатылары бар, олар:
өнімдерді тікелей айырбастау-тауар айналысы-тауар өндірісі.
ТАУАР ӨНДІРІСІ – қоғамдық өндірістің белгілі бір ұйымы. Мұнда адамдар
арасындағы экономикалық қатынастар рынок арқылы олардың еңңбектерінің
өнімдерін сатып алу—сату арқылы көрініс табады.
ҰСЫНЫС ЗАҢЫ – рыноктағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын тиісті
баға боынша өндіріліп, сатуға ұсчынылуы мүмкін тауарлардың жиынтығы.

-8-
БУРЖУАЗИЯ – жеке меншігінде өндіріс құрал жабдығы бар жалдамалы еңбекті
қанау арқылы өмір сүретін қоғамның үстем тобы.
ДЕВАЛЬВАЦИЯ – ұлтгық валютаның құнсыздануы, онын. Курсының штелдік
валюталарға немесе халықаралық ақша өлшемдеріне, ертеректе — алтынға
қарағанда төмендеуінен көрініс табады, девальвацияның себебі — инфляция,
оның жеклеген елдерде біркелкі дамымауы, төлем баланстарының тапшылығы.
ДЕФОЛТ – міндеттемелерді орындамау, борыштарды төлеуден бас тарту.
ДИВИДЕНТ – акционерлік қоғамның белгілі бір кезеңде алған және
акционерлердің өз арасында бөліске түсетін пайдасының бір бөлігі.
23. ДУОПОЛИЯ – рынокта бірдей өнімді ұсынатын екі өндіруші ғана
болатын жағдай.
ДОДАТЦИЯ – латын сөзінен шыққан тарату, жылжу, салым дегенді білдіреді.
Қайсыбір қызметтің нәтижесінде алынатын ақшалай немесе өзге құндылықтар.
ДИСКРИДИТАЦИЯ – экономикалық субъектілердің сеніміне кіріп, оның беделі
мен имиджін түсіруге бағытталған қасақана жасалған әрекет.
ДИВЕРСИФИКАЦИЯ – теріс шаруаларды жүргізу субъектінің қаржы есеп қисабына
аудандар мен аудандық ұйымдар жүргізген тәуелсіз сараптамасымен талданады.
ДИЛЛЕР – ағылшынша саудагер, сатарман тауарларды, бағалы қағаздарды ,
валютаны сатып алу-сату мәселесі кезінде делдалдық міндеттерді жүзеге
асыратын заңды және жеке тұлға.
ДЕМПИНГ – тауарлардың сыртқы едәуір төлем бағамен шығарылуы.
ДЕНОМИНАЦИЯ – ақша айналымын ретке келтіру, есеп жүргізу мен есеп айырымды
жеңілдету мақсатында елде ескі ақша белгілерін жаңаларына ауыстыру жолымен
ұлттық ақша единицасын ірілендіру.
ДЕФЛЯЦИЯ – артық ақша массасының бір бөлігін айналымнан әдейі алып тастау.
ДИСКРИМИНАЦИЯ – сыртқы саудалардағы режим, оған сәйкесм бір елдің заңды
ұйымдары мен жеке адамдарына кемсіту қолданылатын ел тарихындағы нашар
жағдай жасалады.
ДЖ ШАРУАШЫЛЫҚ – бір – бірімен тауарлы – ақша қатынастарымен байланысқан,
егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы болып табылады.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР – күрделі қаржының алуын түрлері. Сол түрлер бойынша
инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельдік болып, негізгі
материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен
жабдықтарға, тұрғын үй құрылысының қызметтеріне бөлінеді.
ИНФЛЯЦИЯ – елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның
ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан
тауар бағасының өсуі.

-3-

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – халық шаруашылық салаларының жиынтығы, ол оның қалыпты жұмыс
істеуін, қоғамдық еңбек бөлісі барысында пайда болатын технологиялық,
өндірістік, экономикалық және ұйымдық байланыстардың жүзеге асырылуын
қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымға мыналар жатады: көлік, байланыс,
электрмен, газбен, жылумен жабдықтау желілері және басқа коммуникациялар,
материалдық техникалық жабдықтау, (сауда, дайындау, ақпараттық қызмет).
Экономиканың бұл салалары өз қызметімен материалдық өндіріс
кәсіпорындарының, өндірістік емес сала мекемелерінің және тұрғындардың
қажеттерін қанағаттандырады.
КАПИТАЛ – (немісше kapital, at capital лат capitalis – басты мүлік) кең
мағынада алғанда табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам тіршілік
әрекеті барысында тауарлар, өнімдер т.б. өндіру, қызмет көрсету үшін
жасаған ресурстар, тар мағынада алғанда табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар
көзі, ал іске өндіріс – құрал жабдығы, ақшалай қаражат, зияткерлік меншік
түрде жұсалады. Түрлері: тұрақты капитал - өндіріс құралын және сатып алуға
арналған.
Ауыспалы к – жұмысшы күшін жасақтауға арналған қаражат.
Негізгі к - өндіріске ұзақ уақыт 1 жылдан астам уақыт қатысатын күрделі
құрылымның бір бөлігі.
Айналым к - өндірістік цикл бойына бір жылдан кем уақыт бойына жұмсалатын
қаражат
Жарғы к – құрылтайшы құралатын субъектінің жарғылық қорына бастапқы капитал
ретінде салынған ақша, құқық т.б.
КЛИРИНГ – ағылшын clering – есеп айырысу тараптарының өзара талаптар мен
міндетті есепке алуына негізделген қолма-қол ақшаның есеп айырысу жүйесі.
КОНКУРЕНЦИЯ– бәсеке, жарыс. Бұл шартты ұтымды жүргізуге, көбірек пайда
алуға шақыратын тауар өндірушілердің бәсекесі, жарысы. Конкуренция өнімді
көбірек шығаруға, оның сапасының артуына көмектеседі, құны төмендейді.
Бәсеке негізінде сапаның қарқыны арта түседі.
КОНЦЕРН – ағ. іс кәсіпорын экономикалық ғылыми техникалық және өндірістік
даму, инвестициялық қаржы, сыртқы экологиялық және басқа қызметтің
атқарымдарын ерікті түрде орталықтандыру негізінде бірлескен қызметті
жүзеге асыратын кәсіпорынның ірі бірлестігі.
КОРТЕЛЬ – франц. маңдайындағы жазу тұрпатты өнім өндіретін тәуелсіз
нарықты бақылау үшін құралатын қауымдастығы.
НОУ-ХОУ құқық қорғау құжаттарымен, мысалы, пантенеппен қорғалмаған толық
немесе ішінара жарияланбаған ілім.
ОБЛИГАЦИЯ – бағалы қағаз, оның иесіне нақты құнынан белгіленген пайыздық
мөлшерде кіріс әкеледі.

-4-

ОЛИГОПОЛИЯ – сан жағынан көп емес, аса ірі капиталдық фирмалардың,
компаниялардың өндіріс пен рыноктағы үстемдігі.
ОФФШАР ағылшынша off – shoke – жағалаудан тысқары әлемдік қаржы
орталықтары.
ӨЗІНДІК ҚҰН – тауардың өндірушісіне тауар қанша тұратындығы. Өндірушінің
тауар өндіруде шыққан шығындарының сомасы.
ӨНДІРГІШ КҮШТЕР қоғам жасаған өндіріс құрал жабдықтарды ең алдымен еңбек
құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктер өндіретін адамдар.
ӨНДІРІС қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық игіліктерді
жасау процесі. Адам қоғам дамуының барлық сатыларында да өндіріс болады.
Өндіріс әдісінің өзгеруімен бүгін қоғамдық құрылыс, қоғамдық идеялар саяси,
заң және мекемелер де өзгереді.
ПРЕФЕРЕНЦИЯ артықшыдық, жеңілдік, мәселесін, елдер арасындағы сауданы
кеңейту мақсатымен халықаралық келісім бойынша берілеті сауда жеңілдігі.
ПРОЦЕНТ - өсім.
ПРОТЕКЦИОНИЗМ – кеден, валюта және кредит саясаты арқылы ұлттық өндірушілер
мен тұтынушыларды шетелдік бәсекелестерден құтқару.
ПРЕОДЕРЕНЦИЯ – артықшылық, жеңілдік, мәселен, елдер арасындағы сауданы
кеңейту мақсатымен халықаралық келісім бойынша берілетін сауда жеңілдігі.
ПРИВИТИЗАЦИЯ – жекешелендіру. Мелекет қоғамның кәсіпорынның
Транспорт құралдарының тұрғын үй ғимараттарының шағын дүкендердің,
асханалардың, қызмет көрсету саласындағы басқа обьектілердің және
басқалардың жеке меншікке көмектесетін немесе меншіктің басқа меншікке
көшірілуі.
РЕВАЛЬВАЦИЯ – латын тілінен аударғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Экономика саласынан дәрістер курсы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕНДЕРІ ТУРАЛЫ
Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы туралы
Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
Жалпы теорияның пәні және әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Экономикалық теорияның дамуы
Экономика: түсінік және қызметтері
Жалпы салыстырмалық теориясы
Пәндер