Заңды тұлғаның салығы - заңды тұлғалар ғана төлейтін салық түрлері


Глоссарии
А
Аванстық төлем - заңды тұлғалардың материалдық игілік, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағы төленетін төлем есебінен берілетін ақшалай сома.
Авторлық құқық - әдеби, ғылыми және көркем туынды авторларын заңмен қорғайтын құқықтар жиынтығы.
Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы - заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар.
Айлық есептік көрсеткіш - зейнетақы, жәрдемақы және өзге де төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану үшін республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын белгіленетін көрсеткіш.
Айналым капиталы - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларды құруға және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Айналым қаражаты - өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын-ала берілетін ақшалай қаражаттың жиынтығы.
Айналым қаражатының қызметі - өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем-есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне бұл жағдайда өндірістік айналым қорының қозғалысы дер кезінде материалдық факторлардың айналымын қалпына келтіруге, ал айналым қаражатының қозғалысы - ақша, төлем айналымына жалғасады.
Айналыс қоры - өндіріс процесіне тікелей қатынаспайды, алайда өндіріс және айналыс бірлестіктерін қамтамасыз ету үшін қажет.
Айыппұл - екі жақтың бірінің шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін төленетін төлем, тұрақсыздық айыбының бір түрі, оның мақсаты - шарт тәртібін нығайту және зардап шеккен жақтың шығынын өтеу. Тұрақты сома немесе орындалмаған міндеттеме сомасының пайызы түрінде алынады.
Акциз салығы - акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың бірі.
Акционерлердің жалпы жиналысы - негізінен екі түрі бар: жылдық және кезектен тыс.
Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атйды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды.
Акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті.
Акцияның номиналдық құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді) .
Акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік капиталына қатысатын және иеленушісіне қоғам таратылған жағдайда оның мүлкіне құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.
Алдын-ала таңдау тауарлары - тұтынушы таңдар немесе сатып алар кезде, бағасы мен сыртқы безендіру көрсеткіштерін өзара салыстырады. Мысалға: жиһаз, киім, көлік және тұрмыстық бұйымдар.
Алымдар - салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық статус берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленетін төлем.
Амортизация - негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру.
Амортизациялық аударым - негізгі құрал-жабдықтардың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы жаңғырту үшін осы құрал-жабдықтар құнының бір бөлігін аудару.
Анықтама баға - анықтамалық басылымдарда, каталогтарда, журнал және газеттерде жарияланатын бағалар.
Аралас салықтар - салықты әрі заңды тұлға, әрі жеке тұлға ретінде төлейді. Қазақстан Республикасында аралас салықтарға: қосылған құн салығы, акциз салығы, жер салығы, әлеуметтік салық жатады.
Арнайы экономикалық аймақ - мемлекеттің салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша жеңілдіктер қарастырылған аумағы.
Арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн берудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi.
Ассоциациялар - шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.
Аукцион - мүлiктердi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) және өнер туындылары мен антиквариаттарды сатуды жүзеге асыратын орын.
Аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар.
Ә
Әлеуметтік салық - қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген міндетті төлем.
Әмбебап акциздер - тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі. Оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады.
Б
Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір ақшалай сома алуға құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың заңнамалық актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.
Бағалық бәсеке - тауар өндірушілердің тауар бағасын сұранысқа байланысты жоғарылату немесе төмендету ықпалдарына байланысты туындайды.
Бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлiк есепте ұлттық валютамен жасалған операцияны көрсету нәтижесiнде операция жасалған күн мен осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады.
Бағасыз бәсеке - бұл сұранысқа қарай әр түрлі нысандардағы ықпалдар: мәселен, өнім сапасын жақсарту, ішкі безендірулер, жарнама т. б.
Баж салығы - мемлекетпен немесе өзара кәсіби қатынастар жасайтын жеке адамдардан, заңды ұйымдардан өндіріп алынатын тұтыну салығының бір түрі (мәселен, жалгерлік туралы шарт жасасу, бағалы қағаздар беру, қамқоршылық туралы келісім) .
Баланстық құн - активтер өткізілген айдың бірінші күнінде бухгалтерлік баланста көрсетілген құны.
Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушішінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілірердің сотқа арыздануына байланысты пайда болады.
Басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер) .
Басқару процесі - өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.
Бәсеке - өнім өндіру мен оны сатудың ең қолайлы, экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік.
Белгілі бір уақыт аралығындағы нарық - бұл шетел тұтынушылары мен тауар өндірушілері, яғни халықаралық нарық.
Белгілі бір уақыт аралығындағы сатушылар нарығы - бұл белгілі бір мөлшерде табыс табу мақсатында тауарлар мен қызмет көрсетулерді қайта сату үшін алатын ұйымдар.
Бизнес жоспар - бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, кәсіпкердің өзекті мәселелері талданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.
Бизнес-инкубатор - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингілік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.
Бюджеттік кәсіпорындар - заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар. Олар мемлекеттік-әкімшілік жүйе шеңберінде тікелей немесе құрылымдық тұрғыда министрліктерге, ведомстваларға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бұлардың кірісі мен шығысы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, табыстан салық төлеуге тиісті емес. Олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды. Кәсіпорындар басшыларын мемлекеттік басшы органдар тағайындайды, мұндағы жұмыс істейтіндерді мемлекеттік қызметкерлер деп атайды.
Біржолғы салықтар - кейбір жағдайларға байланысты туындайды және бір рет қана төленеді. Бұл салық түріне мысал ретінде берілген сыйға немесе мұра салықтарын алуға болады. Мұндай салықтар көптеген мемлекеттерде кең тараған және көбірек қолданыста болады.
Бiржолғы талон - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.
Бiржолғы төлемдерден түскен табыс - өздерінің қызметіне байланысты жеке кәсіпкердің, жеке нотариус пен адвокаттың кіріс бойынша төлемдерін қоспағанда, салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтiн басқа да бiржолғы төлемдер.
Бірлескен кәсіпкерлік нысандары - ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі; шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Д
Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату - өзіндік кәсіпкерлік - дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда; отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік - дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайдың салдарынан бірлескен кәсіпкерлік қатысушысының біреуі қалған немесе бір де бірі қалмаған жағдайда, сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде.
Дара кәсіпкердің орналасқан жері - қызметінің басым жүзеге асырылатын орны немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікте пошталық мекен-жайы толық жазылып көрсетілген дара кәсіпкердің тұрақты тұрып жатқан жері.
Дара кәсіпкерлік - өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.
Дауыс беретін акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді.
Демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде: жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде; коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк.
Дербес салықтар - салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтар және жеке өзі есептеп төлейді. Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы, әлеуметтік салық.
Дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар.
Дөңгелексіз баға стратегиясы - тұтынушылар 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алу процесі.
Е
Ең төменгі айлық жалақы - айлық жалақының заңмен белгіленген ең төменгі мөлшері.
Ең төменгі жылдық жалақы - күнтізбелік жыл үшін ең төменгі айлық жалақының заңмен белгіленген мөлшерінің сомасы.
Еңбекақы қоры - заңды тұлғалардың қызметкерлерге төлеген төлемдерінің жиынтығы.
Ерекше сұраным тауарлары - жеке маркалы тауарлар немесе айрықша сипатты, тұтынушылар аса қызығатын тауарлар. Мысалы, үлгілі автокөліктер, фото жабдықтар. т. б.
Еркін бәсеке - нарықта көптеген белгілі бір тауарларды тұтынушылар мен өндірушілер әрекет еткенде ғана орын алады.
Есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткiзу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi.
Ж
Жабдықтаушы - нақты тауарлар өндірісіне және көрсетілетін қызметтерде қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын іскер кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.
Жай салықтар - мемлекеттің күнделікті қызмет барысында қолданылады. Бұған Қазақстан Республикасындағы барлық салық түрін жатқызуға болады.
Жалақы - біріншіден, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.
Жалақы қоры - шығарылған өнімдердің өзіндік құнының есебінде қалыптасқан, барлық категориялы қызметкерлерге жалақы төлеудің негізгі көздері.
Жалпы мемлекеттік (республикалық) салықтар - республикалық бюджетке түсетін салықтар. Мәселен: корпоративтік табыс салығы.
Жалпы салық режимi - салық төлеушiлердің барлық санаттары үшiн белгiленетiн және барлық салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрлерiн есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн берудiң жалпы тәртiбiн қолдануды көздейтiн тәртiп.
Жалпы салықтар - бір қазынаға түсетін және жалпы бір мақсатқа жұмсалатын салықтар.
Жалпы табыс - кәсіпорынның, заңды тұлғаның өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы; тауарларды сатудан түскен түсім - ақша түсімі мен оларды өндіруге жұмсалған материалдық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы Ұлттық Өнім - кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнім, тауар, қызмет көрсету) нарықтық бағамымен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҰӨ қосылған құндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.
Жалпы Ішкі Өнім - аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (өнім, тауар, қызмет көрсету) нарықтық бағамымен есептелген жиынтық құны болып саналады.
Жанама салық - тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен: қосылған құн салығы, акциз салығы.
Жаппай көтере сатып алу стратегиясы - тұтынушылармен келісім шартта жасалатын көтерме баға саясаты.
Жарғылық капитал - мөлшері жарғыда көрсетілген және корпорация акцияларды сату нәтижесінде алған қаражаттан құралатын капитал.
Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері - құрылтайшылар салымдарының сомасына және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне тең болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы - құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады. Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сома.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы - серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі - оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестік алған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады. Заң актілерінде немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында резервтік капитал және басқа да қорлар құрылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері - оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері.
Жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға.
Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату - ол банкрот деп танылған; тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсіпкерді тіркеу жарамсыз деп танылған; қызметін күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған; ол қайтыс болды деп жарияланған; ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық нысаны.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу - кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемдерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және жеке кәсіпкерлікке әкімшілік етуді енгізу жолымен мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені.
Жеке табыс салығы - салық салу объектiлерi бар және белгілі бір көлемде табыс алған жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам.
Жеке тұлғаның салығы - жеке тұлғалар ғана төлейтін салық түрлері. Мәселен: жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы.
Жеңілдіктегі бағалар стратегиясы - тұтынушылармен жұмыс жасау кезінде қолданылады, яғни олардың кәсіпорынға деген ынтасын арттыру мақсатында тауарлар жеңілдетілген бағамен беріледі.
Жер - бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар «орны толатын» және «орны толмайтын» болып бөлінеді.
Жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.
Жер салығы - жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептелiп және төленетін салық түрі.
Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz