Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 Білімдегі визуалдық процестер 6
1.1 Білімдегі визуалдық процестің ұғымы мен мәні 6
1.2 Инновацияларды классификациялау 9
1.3 Инновацияларды бағалаудың сипаттамасы және критерийлері 10

2 АҒЫЛШЫН СабақтаРЫНДА қолданылатын визуалдық технологиялар және
оны қолдану мүмкіндіктері
2.1 Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің даму түрлері
2.2 Проблемалық семинарлар мен практикумдар 14
2.3 Визуалдық технологиялар және оны меңгеру жолдары
14
3 Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық 18
белсенділігін дамытудың теориялық негіздері 19
3.1 Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық
белсенділігін қалыптастыру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
29

44
46

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның
қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихы
тәжірибелерді ой-елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып
табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі – визуалдық технологиялар арқылы
оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі
жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділіктері бойынша толық білім
сапасынан және оны студенттердің жұмыс практикасында пайдалана білу
іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар,
визуалдық технологияларда әртүрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың
өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар. Оқушыларға
рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп,
олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және
белсенді әдістерді қолданудың заман талабы екені белгілі. Өйткені, олардың
мектептегі жұмыс сапасының кепілі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде
көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл Заңында:
Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керектігі белгіленген.
Сондықтан да, оқушылардың танымдық белсенділіктерін визуалдық технологиялар
арқылы арттыру барысында жалпы орта білім беретін оқу орындарының оқу-
тәрбие үрдісіне танымдық белсенділіктерді арттыруды ендіру аса қажет.
Ақпараттық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-
экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық
құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға
көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Осы тұрғыда
болашақ мұғалімдердің ақпараттық ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың
визуалдық технологияларды меңгерумен қатар оларды жасау іскерлігін,
дағдыларын қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта
түсуде.
Педагогикалық технология, оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін
В.П.Беспалько, М.В.Кларин, В.Н.Монахов, И.Я.Лернер, Қ.Қабдықайыров,
Ж.Қараев және басқалар теориялық тұрғыда қарастырса, Л.В.Нефедова,
М.В.Николаева, Т.А.Лавина, Г.Г.Брусницына, Г.К.Нургалиева, Г.Д.Жангисина
және т.б. өз зерттеулерін мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық
технологияларды қолдана білуге даярлау мәселесіне арнады.
Ағылшынды оқыту теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер
жарық көрді. Оларда – университеттерде ағылшынмен ұштасқан профиль
мамандарын ағылшынға оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру
(Е.Ы.Бидайбеков), жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшынды оқытуды
жетілдіру (С.Қариев), мектептер мен университеттерде
ағылшын мен экономиканы біріктіріп оқыту жүйесін жетілдіру
(Б.Бекзатов), мәліметтердің иерархиялық құрылымдары негізінде
компьютерлендірілген оқытуды ұйымдастыру В.В.Гриншкун жан-жақты зерттеледі
[1].
Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп
келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану
жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев
компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын
дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны
пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың
бейімделген технологиясын құрастырудың модельдерін, әдістері мен құралдарын
жасау мәселелерін Ж.Ж.Жаңабаев ақпараттық технологиялардың даму жағдайында
мамандарды инженерлік-сызба дайындықтарын жетілдіру туралы қарастырған.
Жоғарыда аталған жұмыстар, елімізде ағылшынды оқыту теориясы мен
әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді.
Алайда, бұл жұмыстарда ағылшын сабағында визуалдық технологияны қолдану
мүмкіндіктері жеткілікті зерделенбеген.
Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, психологиялық т.б. әдебиеттерді
зерттей келе мынадай қайшылықтардың бар екені белгілі болды. Ақпараттық
технологиялардың кеңінен пайдалана бастауы мен олардың оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттыруда қолданылмауы арасында; ақпараттық
технологиялардың оқушылардың танымдық іс-әрекеті, белсенділігіне ықпал ету
мүмкіндігі мен осы мүмкіндіктердің іс жүзінде пайдалану жолдарының
қарастырылмауы арасында. Осы қайшылықтар біздің зерттеу тақырыбын Ағылшын
сабағында визуалдық технологияны қолдану мүмкіндіктері деп таңдау
қажеттігін туындатты.
Зерттеудің мақсаты: визуалдық технологияларды мектептің оқыту
үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды
ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу пәні: визуалдық технологияларды пайдалану.
Зерттеу нысаны: оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту үрдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша
теориялық талдау жасау;
– визуалдық технологияларды мектептің оқу тәрбие процесіне енгізудің
әдістемесіне сипаттама және сауалнама, бақылау жүргізу;
– тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесіне баға беру, қорыту;
Зерттеудің міндеттері:
– визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін
дамытудың психологиялық, педагогикалық сипатын ашып көрсету;
– визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін
дамытудың ерекшеліктерін айқындау;
– визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін
дамытуда пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде
дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулар беру;
Зерттеудің жетекші идеясы: визуалдық технологияларды орта білім
беретін мектептердің оқыту үрдісінде жүйелі түрде, ғылыми-әдістемелік
тұрғыда дәлелдеп енгізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігін
дамытуға жағдай туады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: визуалдық технологияны дамыту
жолдары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер, жеке
тұлғаның қалыптасуындағы ғылыми зерттеулер, құжаттар.
Зерттеу көздері:
– мемлекеттік ресми материалдары (заңдар, қаулылар және т.б.). Білім
министрілігінің құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар т.б.);
– зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әдеби, тарихи деректер, мерзімдік басылым ақпараттары;
– мектептерде жүргізілетін іс-тәжірибе жұмыстары;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
– визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін
дамытудың теориялық негізі анықталды;
– оқу үрдісінде визуалдық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін дамытудың ерекшеліктері айқындалды;
– визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін
дамытудың ғылыми-әдістемелік нұсқауы берілді [2].

1 Білімдегі визуалдық процестер
1.1 Білімдегі визуалдық процестің ұғымы мен мәні

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды
өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті
адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының
барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес,
мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді [4].
Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы
білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.
Инновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай себептермен
түсіндіріледі.
Бірінші кезекте инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс
істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына арналған
Жолдауында Біздің мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының
жауапты да жігерлі білім өрісі биік, денсаулық тары мықты өкілдері болады.
Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
еркін меңгереді, олар бейбіт, абат жылдам өркендету үстіндегі күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады – деп көрсетілгендей
ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің
болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың
табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту –
бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бөсеке күшейіп отыр,
тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз
өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта
құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады.
Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дөрежесінің
нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар.
Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық
дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім
берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай,
қажетті шарттары да болып табылады [3].
Әрине, педагогикалық инновацияның бір бөлігі ғана тек белгілі қоғамдық
қатынастарда нақты ақиқат дүниеге айналады. Мысалы, ізгілендіру үрдісінің
дамуының негізгі шарты қоғамдағы саяси қайта құрулар және оның жұмыс істеу
экономикалық механизмінің өзгерісі болып табылады. Дегенмен, білім беру
үрдісінің педагогикалық сұрыпталуының негізгі көпшілігі осы саланың
қызметкерлері арқылы қалыптасады. Бұл өзгерістің ішкі, таза педагогикалық
бөлігі іспетті сол әлеуметтік жағдайдың базасында, қоғам өзі құрып алған
экономикалық, саяси құрылымда арттырылады.
Мамандардың көрсетулері бойынша, экономика мен ғылым саласындағы
барлық ірі жаңалық енгізулер АҚШ-тың еншісіне тиіп отыр.
Мектептегі жаңарту бастамасы педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді.
Әр мектепте оқу-тәрбие үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі
міндеттеріне мұғалімдерге басшылық жасау және педагогикалық жаңалықты
бақылап отыру, сонымен қатар барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік жүйенің
өзіне тән мерзімдік тексерісін өткізу кіреді.
Американдық зерттеуші С.Погровтың пайымдауы бойынша, педагогикалық
қайта құрушылықтың тарихы – бұл үздіксіз сәтсіздік нәтижелерін тәжірибеде
бекіту. Д.Тиак және басқа да зерттеушілер педагогикалық инновацияның әдетте
өмірінің қысқа болатынына көңіл аударады. Инновациямен бірге өмір сүріп
келе жатқан нәрсе, ол – жалғыз-ақ бақылауға оңай көнетін немесе қолданыстың
жаңа саласын құрайтын құбылыс.
Әдеттегідей барлық сәтсіздіктің себептерін бәрінен бұрын
табиғаттарынан кертартпа және селсоқ, жалқау, ұқыпсыз және қиялдау қабілеті
төмен мұғалімдерден іздейді. Дегенмен, басқа саладағы жағдайда осыған ұқсас
"Инновация және кәсіпкерлік" деген кітабында П.Друкер негізгі шарттарды
анықтауға тырыса отырып, адам тәжірибесінің толық көрінісін суреттейді,
оның ішінде жаңа идеялар жемісті және ұзақ мерзімдік инновация адам
қызметінің кез келген саласында қаралады. Ол адамзат тарихындағы көптеген
алдыңғы қатарлы идеялар мен өмірдегі өзгерістер тамырын кең жайып кете
алмағанын көре білді. Олардың көпшілігі жай рана қызықты идеялар түрінде
ғана қалып қоятын болған. Жаңа идеялардың тағдырына қатысты ол төмендегідей
қорытындыларга келді:
- идеялар айқын мақсатты көздеген және оларды жүзеге асыру мен тарату
тәсілдері қалыптасқан жағдайда ғана сәтті инновация бола алады;
- инновация жемісті болу цшін ол аз және өте нақты нәрседен басталуы
қажет;
- ақпаратқа негізделген өзгерістің сәтті болуы екіталай, алынып
отырған ақпарат оңай жолмен келсе немесе арзанға түссе ғана өз жемісін
береді.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген
визуалдық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының
прогрессивті дамуына ықпал етуі керек.
Әлеуметтік өмірдің барлық саласында ең басты өзгерістері ғылымдағы
және мәнениеттегі процесс, педагогикалық қызметтің ортасындағы жаңа
қажеттіліктер, білім жүйесін жаңашалау модернизациялау қажеттілігіне
әкеледі. Бұл саланың әрі қарай дамуының, мүмкін жолдарының бірі
инновациялау, яғни құрудың атқару процестері, қабылдауы бағалары
педагогикалық жаңа тәртептері меңгенру және қолдану. Бұл білімнің оқытудың
және тәрбиенің әдісі мен түрлерінің, білім орындарының жұмыстарын
ұйымдастыруының және атқаруының және т.б. барысында қатысы бар.
Инновация термині, ағылшын тілінің innovation сөзінен шыққан,
аударғанда жаңашылдықты енгізу (жаңа тәртіп). 50-жылдың аяғында
Германияда, АҚШ-та және басқа елдерде педагогикалық жаңа тәртіптерді оқу
және талдап қорыту жөнінде орталықтар құрыла бастады, білім саласында
жаңашылдықта енгізуге арналған арнайы мерзімді басылымдар шыға бастады.
Әдетте, жаңа тәсілмен дәстүрлі проблеманы шешіп көру нәтижесінде,
фактілерді жинақтау мен зерделеудің ұзаққа созылған процесінің нәтижесінде
жаңашылдардың мәнін алып жүретін жаңа сапанын туған кезінде инновациялар
пайда болды.
Қазіргі заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақта
және өткен мен ұқсастықта. Визуалдық процесті – бұл дамуы жағында, мақсатты
бағытталған және құрылуы жағынан саналы процесс қазіргі заманын идеялары
(ойларын) (теориялар, әдістемелер, технологиялар, және т.б) тарату және
меңгеру, қолдану, белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір
жағдайда өзекті және биімделген деп тұжырымдауға негіз береді. Ол жүйенің
сапалы жақсаруна бағытталған, жаңа тәртіптің енуін және жанашылық
тұрғысынан оның көз-қарасын өзгеруін және оның қатысушыларын
ынталандыруында көздейді[5].
Визуалдық білім процессін негізін де педагогиканың екі маңызды
проблемасы жатыр:
- педагогикалық тәжірибені оқу проблемасы;
- психологиялық, педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін
жеткізу проблемасы.
Білімдегі визуалдық процестің нәтижесі теория мен практиканы тоғысында
пайда болатын – теориялық та, практикалық та жаңалықтарды пайдалану болып
табылады.
Мұнда білім жүйесіндегі инновация білім мақсатына жанашылдықты
енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиені жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа
мазмұнын әзәрлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен
енгізу: мектепті басқарудың жаңа технолгиянын әзірлеу, оның дамыуы; мектеп
тәжірибелік орны ретінде мектептің принципті жаңа білімдік бағадары болған
жағдайда білім беру жүйесін мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа
компоненттерін көздеәтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие берудің жүзеге
асырады. Олардың дамыуын негізінде факторлардың екі тобы жатыр:
- объективті факторлар – визуалдық қызметтін дамуына дем беретін және
оның нәтижесін ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау;
- субъективті факторлар визуалдық процестің субъектісімен байланысты, ал
визуалдық процестердің субектілері педагог – ғылымдар, мұғалімдер және
визуалдық бағыттағы білім саласының қызметкерлері болып табылады.

1.2 Инновацияларды классификациялау

Ерекшелігі және қолдану орына қарай жанашылдықты енгізу бірнеше түрге
бөлінеді.
Технологиялық инновациялар – бұл өнім дайындаудың жаңа тәсілі, оның
шығаруының жаңа технологиялары. Олар өнеркәсіптің дамуы үшін саланы
техноогиялық қайта жарақтандыруға негіз жасайды. Білім саласында
жаңашылдықтың мұндай түрі оқытуда пайдаланатын әр түрлі техникалық құралдар
және жабдықтарға қатысты. Дидактика тұрғысына ақпараттық енгізу және
бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне кең жол ашады. Өзінің
тең әрекет жасауының және есте сақтаудың үлкен резервтері арқасында
компьютерлік технологиялар оқытудың жаңа құралдары болып табылады. Олар
проблемалық оқытуға тұлғалық, диалогтік жағдайларға және оқудағы және
оқытудағы даралық әдістерге арналған ортаның әр түрлі сызба нұсқауларын
құру үшін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әдістемеліік инновациялар –бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру оқу.
Оқу тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар
табиғи – ғылыми және гуманитарлық пәндерді, қамтитын мектепке дейінгі
тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау
және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған және
жаңашылық тән түр [6].
Практикада әдістемелік инновациялар ұйымдастырушылық жаңашылдықты
енгізумен жиі байланысты болады. Олар жоспарланған мақсат жалпы айқын,
бірақ оның жүзеге асыруының әдістерімен құралдары қосымша зерттеуді талап
еткен кезде кездеседі. Инновацияның бұр түрі жеке әдістемеге басым болады,
дидактикада және тәрбие теориясында сирек кездеседі және педагогикалық
тарихындағы жұмыстарында мүлдем кездейспейді.
Ұйымдастырылған жаңашылдықты еңгізу. Олар сонымен бірге
инновацияларды, құрылымдық бөлімшелердің, әлеуметтік топтардың немесе жеке
адамдардың әрекет ету ортасы байланысының өзгеруіне болжам жасайтын еңбекті
ұйымдастырудың әдістері мен жаңа түрлерін меңгеруге қатысады.
Атап айтқанда, әр түрлі сыныптар мен топтарды жинақтау мәселелері,
сыныптағы, топтағы, мектептегі және сыртқы ұжымдық жұмыс тәсілдері.
Басқарушы жаңашылдықты еңгізу. Олар өндірісті, ұжымдарды басқарудың
құрылымын, әдістерін қамтиды, тездету, жеңілдету, немесе қойылған міндетті
шешуін жақсарту мақсатымен басқару жүйесінің (немесе жалпы бүкіл жүйенің)
элементтерін айырбастауға бағытталған. Басқарушылық инновациялардың
мысалдарын біз білім білім жүйесін басқаруды жетілдіруге қатысты
жұмыстардан табамыз.
Экономикалық инновациялар дұрыс қаржы төлемі, бухгалтерлік сала мен
жоспарлаудағы, мотивациядағы, еңбеккке ақы төлеудегі және білім беру
қызметінің нәтижесін бағалаудағы оң өзгерістерді қамтиды. Олар
педагогикамен тікелей байланысқан, соған қарамастан олардың әсері халыққа
ақылы білім беретін білім берудің барлық жүйесін жұмысында көрінеді.
Әлеуметтік жаңашылдықты еңгізу. Олар адамгершік факторды белсенді ету
түрінде кадр саясатын жетілдіру жүйесін еңгізу және әзірлеу жолымен кәсіби
мен даярлық пен жұмысшылардың мамандығын көтеру жүйелерінде, жұмысқа жаңа
алынған адамдарды әлеуметтік – кәсіби бейімдеу жүйелерінде, сыйақы және
еңбек нәтижесін бағалау жүйелерінде көрінеді. Бұл сонымен жұмысшылар
өмірінің әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын, еңбек гигиенасы қауіпсіздік
жағдайларын, мәдени қызметі, бос уақытта ұйымдастыруда жақсарту.
Педагогикалық жаңашылдықтың көпшілігіне әлеуметтік нәтиже тән. Ол білім,
мәдениеттен кейін көтеруде, жастарды кәсіби даярлауда, қоғам өмірінде
қолайсыз жағдайларда жоюда, құқық бұзуда, ой және дене еңбегін ұтымды етуде
пайдалы тағдылар мен әдеттерді қалыптастыруда, аса жоғары тәрбиелілік
деңгейіне жетуге көрінеді.
Заңдық инновациялар. Бұл білім мекеменің барлық қызмет түрлерін
реттейтін және айқындайтын жаңа және өзгертілген заңдар мен нормативті
–құқықтық құжаттар [7].

1.3 Инновацияларды бағалаудың сипаттамасы және критерийлері

Инновацияларды ғылым мен практикаға қосқан үлесін сипаты бойынша
теориялық және практикалық деп бөлуге болады.
Теориялыққа ғылыми зерттеу қызметінің нәтижесінде алынған жаңа
тұжырымдамалар, әдістер, гипотезалар, бағыттар, заңдылықтар,
классификациялар, визуалдық процестердің негізінде алынған оқыту мен тәрбие
берудегі ұстанымдар сабақ беру дістемесі жатады.
Практикалыққа – жаңа әдістемелер, ережелер, алгоритмдер,
бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсынулар, тәрбие теориялары, мектеп
ісін жүргізу (мектепті басқару), оқытудың техникалық құралдары,
демонстрациялық аппаратура, оқытатын және бақылайтын жабдықтар приборлар
мен үлгілер, натуралды объектілер, есіту көру құралдары.
Жаңа білімдерді оқыту мен тәрбие беру саласына жаңашылдықты айыру білу
маңызды. Бір жағдайда жаңа ойды, жаңа білімді қалыптастыру жүріп жатады,
басқа жағдайда – оны қолдану процесі жүзеге асырылады.
Инновациялар уақытша және сапалы көрсеткіштермен сипатталады. Олар
қаншалықты ұзақ және қаншалықты тез ескіреді? Осы уақытқа дейін өзіне лайық
ауыстырушы таппаған және тиімді болып келген идеяларды жаңа деп санауға
бола ма?
Инновацияның мәні оның пайда болу уақытына тәуелді емес деген пікір
қалыптасқан. Идеяның басты мәні – оның қоғам дамуының қазіргі бағыттарына
қандай дәрежеде сәйкес келетінін анықтау, педагог пен оқушы еңбегін ұтымды
жұмсау кезінде оқытудың сапасы мен жоғары тиімділігі қамтамасыз ету. Бұл
тұрғыда өткеннің прогресшіл ойлары және олардың негізінде құрылған
тәжірибені ескірген деп қарауға болмайды.
Шынында өткен жылдарда ғалым-педагогтардың айтқан көптеген ойлары де
өзінің мәнін жойған жоқ. Олардың ғылым мен практиканың дамуына үлкен ықпал
еткеніне ешкім таласпайды, бірақ бұл он жыл бұрын тұжырымдалған
инновацияларды жаңа деп санау керек дегенді білдірмейді.
Бастапқы идеяның жарияланған уақытына қарамастан жаңашылдықтар
практикаға енгізілген сәтте бағалануға тиіс. Идеяның өзі қазір ескіріп
кетуі мүмкін, ғылымда жаңа шешім табылады, ал жаңашылдық енді ғана жүзеге
асырылып жатады. Бұл орайда белгілі қағидаларды іске асыра алған
педагогтарды жаңашылдар деп санауға болады. Ғылыми қызметтің жөні басқа,
оған бірінші жаңа білім алған, оны тұжырымдаған және бұл проблемаға
көпшіліктің назарын аударған адам ғана таласа алады.
Білім беру саласындағы инновация жаңалығын бағалау үшін оны деңгейі
бойынша топтастырған жөн. Ол белгілі бір алынған білімдердің орнын және
олардың сабақтастығын көрсетеді.
Нақтылау деңгейі. Инновациялар бұл деңгейде оқыту және тәрбиеге қатысы
бар жеке теориялық және практикалық жағдайларды анықтайды. Педагогика
ғылымындағы бұл деңгейді жаңалықтың модификациялық түрі деп атайды
(М.И.Поташник).
Оның мазмұны – жетілдіру, ұтымды ету, түр өзгертушілік, ұқсас
келетінді жаңғырту (бағдарламалар, әдістемелер, құрылымдар және т.б).
Модификацияға белгілі әдістемені жаңа (немесе басқа) әдіскер көшіру де
жатады. Бұған П.М. Эрдниевтің математикалық материалы, тарихты және басқа
оқу пәндерінің дидактикалық бірліктеруі, ірілендіру әдісін көшіру мысал
бола алады.
Толықтыру деңгейі. Инновация оқыту мен тәрбие беруде белгілі теориялық
және практикалық қағидаларды кеңейтеді. Алынған білім проблеманың бұрын
белгілі болмаған жаңа қырларын ашады. Жалпы жаңалықтар жағдайды
өзгертпейді, тек оны толықтырады.
Өзгерістер деңгейі. Ол теорияда бұрын болмаған оқыту мен тәрбие беру
саласындағы әдістермен сипатталады. Көзқарастардың принципті ауысымы
жүреді, сол саланың белгілі ұсыныстардан айырмашылығы бар өзіндік әдістері
ұсынылады. Дидактикада бұл деңгейге оқытуға деген тұтастық көзқарасқа
негізделген зерттеулерді жатқызуға болады.
Ғылым мен практика ұсынатын жаңа әдістер жоғарғы оқу-тәрбиелік
тиімділікті қамтамасыз етуге және оқушылардың әрі қарай дамуын
ынталандыруға керек. Бұл орайда мүлде жаңа идеялармен инновацияның бәрі
бірдей өзін ақтамайды, әрине жекелеген кезендерде үміт тендіретін нәтижелер
алынуы мүмкін [8].
В.А. Сластенин педагогикалық жаңа тәртіптің мынадай шарттар жиынтығын
көрсетеді; жаңалық, тимділік, жоғарғы нәтижелік, инновацияны көпшілік
тәжірибеде шығармашылық пен қолданудың мүмкіндігі. Ғылыми педагогикалық
зерттеулері де, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжрибені де бағалауға бірдей
қатысы бар жаңалық инновацияның негізгі критерийі болып табылады. Сондықтан
визуалдық процеске атсалғысы келетін мұғалім үшін ұсынылған жаңаның мәні
неде екенін, жаңалықтың деңгейі қандай екенін анықтау өте маңызды. Біреулер
үшін бұл, шын мәнінде, жаңа болуы тиіс, басқаларға олай болмайды Осыған
байланысты мұғалімдердің визуалдық қызметке кірісуіне ерікиілікті, тұлғаның
ерекшеліктерін, жеке-психологиялық сипатамаларын есепке ала отырып, келу
қажет. Жаңалық қолданатын саласымен және белгілі дәрежесімен өзгешелентін
абсалюттік, оқшау-абсалютті, шарты,субективті болып бірнеше деңгейге
бөлінеді [8].
Оңтайлылық. педагогикалық инновацияларын тиімді критерииі ретінде
нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылар жұмсаған күш пен еңбекті
білдіреді. Әр мұғалім оқушылар еңбегі мен өз еңбегінің әр түрлі қарқынында
бірдей жоғары нәтижелерге жету мүмкін. Педагогикалық инновацияларды білім
процесіне еңгізу және аз дене күшін, ой және уақыт шығындармен жоғарғы
тиімділікке жету оның оңтайлылығын көрсетеді.
Нәтижелік инновациялардың критерийі ретінде мұғалімдер қызметінің оң
нәтижелерінің белігілі тұрақтылығын білдіреді. Өлшеудегі технологиялық,
нәтижелердің қадағалаулығы және белгіленуі, түсінудегі және баяндаудағы бір
айқындық бұл критерийді оқыту мен тәрбие беру тәсілдерінің, жаңа
тәсілдерінің маңыздылығын бағалауда қажетті болады. Бұл критерийдің
құндылығы–толық түсінуді, толық қабылдануын және қалыптасуын қамтамасыз
етуі.
Инновацияларды көпшілік тәжірибеде шығармашылық пен қолдану
мүмкіндігін педагогикалық инновацияларды бағалау критерийінің шарттары
ретінде қарастыруға болады. Шынында, егер құнды педагогикалық идея немесе
технология мұғалім қызметінің еркшеліктерін және техникалық қамтамасыз
етудің күрделілігінен немесе өзгешеліктерінен туындайтын тар, шектеулі
шеңберде қолданылып қалса, онда бұл жағдайда педагогикалық жаңалық туралы
айтуымыз да екі талай болуы мүмкін. Инновацияны жаппай педагогикалық
тәжірибеде шығармашылықпен қолдану жеке мұғалімдер мен тәрбиешілер
қызметінің бастапқы кезеңінде расталады, әділетті бағасын алғаннан кейін
жаппай еңгізуге ұсынуға болады.
Критерийлерді білу және педагогикалық инновацияларды бағалау кезінде
оны қолдана білу мұғалімнің педагогикалық шығармашылықта сан алуан
мүмкіндіктерін көрсету үшін, жай өнімділіктен кәсіби–педагогикалық
мәдениетті игеруге, өзінің педагогикалық, қызметіне белгілі болған
педагогикалық қауымдастықтың білімдерін, технологияларымен
тұжырымдамаларымен даралық–логикалық деңгейге және оларды эверистикалық
креативтік талдап жасауға дейін еңгізуге негіз жасайды.
Арнаулы әдебиеттің талдауы және мектептер қызметінің тәжірибелі оқу
орындары жұмыс тәжірибесінде педагогикалық жаңалықтарды қолдану қарқынының
жеткіліксіздігін дәлелдеуде; педагогикалық инновацияның іске аспауының кем
дегенде екі себебін айтуға болады. Бірінші себебінің мәні мұнда; инновация,
әдебиетте, сынақтың қажетті сипаттамадан және тексеруден өтпейді; Екінші
себеп – педагогикалық жаңашылдықтарды еңгізу ұйымдастыру жағынан да,
техникалық жағынан да, ең бастысы, тұлғалық, психологиялық қарым-қатынас
жағынан да алдын ала дайындалмаған [9].
Педагогикалық инновациялардың критерийелерді ен мазмұнын дәл түсіну,
оны қолдану әдістемесін меңгеру жеке мұғалімдерге оқу орындарынын
басшыларына да оларды еңдіруді әділетті бағалауға және болжам жасауға
мүмкіндік береді. Инновацияны ұмыту, оны еңгізудегі асығыстық көбіне
мектепте жоғарыдан жиі ұсынылған жаңашылдық біраз уақыт өткеннен кейін
ұмытылуына немесе бұйрықпен және жарлықпен өзгертілуіне әкеп соқтырды.
Мұндай жағдайдын негізгі себептерінің бірі – мектептерде визуалдық
ортаның, яғни ұйымдастырушылық шаралармен айтылған белгілі моральдық
–психологиялық жағдайдын, мектептің білім беру процесіне инновацияны
еңгізуді қамтамасыз ететін әдістемелік психологиялық жағдайдың жоқтығы
болып табылады. Мұндай визуалдық ортаның жоқтығы педагогикалық
жаңашылдықтын мәні жөніндегі оның ақпараттық әлсіздігінен, мұғалімнің
әдістемелік даярлығының жоқтығынан көрінеді. Педагогикалық ұжымдағы жағымды
визуалдық ортаның болуы жаңашылдыққа мұғалімнің кедергі жасау коэффициентін
төмендетеді, кәсіптік қызметтегі стереотиптерді жеңуге көмектеседі.
Визуалдық орта мұғалімдердің педагогикалық инновацияларға деген
көзқарасында айқын көрініс табады.

2 Ағылшын сабағЫНДА қолданылатын визуалдық технологиялар және оны
меңгеру жолдары
2.1 Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің даму түрлері

Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың
алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында тұрады десек, қазіргі кезеңде
еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты білім беру
жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады.Қазіргі ғылыми-техникалық
өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі-ең негізгі
мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін,
еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын- мектеп. Бүгінгі
өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының
деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік
сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады.
Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндегі
білімінің алғы шарттарын меңеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен
ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес
қоғамды дамытудың жоғары тиімділіктің технологияларына сүйенген жаңа білім
стратегиясына көшу болып табылады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне:
оның іргерлілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері
жатады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым – қатынасқа
оқытып тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай
жасайды.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты- оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану
қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы
жолдаулары жақсы дәстүрге айналды. 2008 жылғы Жолдауында ... Білім беру
саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету
аясын кеңейту керек екеніне назар аударды. Инвестиция жұмсаудың ең тиімді,
ең ұтымдысы – білім беру саласын инвестицияландыру, - дейді Елбасы
Н.Назарбаев.
Бүгінгі ақпаратпен толықтырылған білім беру ортасының оқу процесін
электрондық қорларды жоғары дәрежеде құрылымдалған және көрнекіленген
электрондық оқулықтар мен пәннің оқу-әдістемелік кешендерін (жаңа
ақпараттық коммуникативтік, Интернет-конференциялар жағдайындағы бірлескен
танымдық іс-әрекет және т.б.) қолдана отырып, сапалы ұйымдастыру жөнінде
айтарлықтай педагогикалық тәжірибелер жинақталған. Алайда, ақпараттандыру
әрекетіндегі ең маңызды мәселелердің біріне педагогтардың өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыру бүгінгі қоғамның нарықты экономиканың қойылып
отырған талаптарына сәйкес тұлғалық-бағдарлық, құзытертілік-іс-әрекеттік
жаңа тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Өйткені жалпы білім сапасын арттыру
аспектілерінің бірі оқушылардың құзыреттілік белсенділігін және өз бетімен
білім алуға деген икемдігін арттыруға себеп болатын әрекет – оқушылардың
өзіндік жұмысы. Сол себепті, оқушылардың танымдық дербестіктерінің сапасын
жоғарылататын ақпараттық оқыту технологияларын жетілдіру негізіндегі
өзіндік жұмыстар жүргізу қажет.
Қазақстандық педагогтар бұл мәселені әртүрлі аспектілерде: теория мен
практиканың өзара байланыс мәселесі өзіндік жұмысына берілетін уақытты;
кәсіби білімді визуалдық тәсілмен ұйымдастыру, белсенділігін арттыру және
оқушылардың өзіндік жұмыстарының оқу материалын игеру барысында өз бетімен
білім алуға ынталандыру қабілетін жетілдіру, ақпараттық технологиялардың
теориялық негіздері және электрондық оқулықтарды даярлау (Г.Қ.Нұрғалиева
т.б.); компьютер арқылы дербес; дидактикалық бағдарламалы оқыту
материалдарын дайындаудың педагогикалық ұстанымдарын ашу.
Жоғарыда айтылып отырған проблема бүгінгі күнге дейін әлі де толық
шешімін таппағандығын көрсетті. Қазірдің өзінде білім беру әрекетінде
практика жүзінде оқыту процесінің классикалық құрылымы сақталып, оқытудың
дәстүрлі әдіс-тәсілдері басымдық көрсетуде, сондықтан дидактикалық
инновация мен компьютерлік оқыту технологияларының мүмкіндіктерін
пайдаланудың жеткіліксіз деңгейде екенін байқадық.
Соңғы жылдары ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби құзыреттілік
дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен
практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы
ретінде қарстырылады. Біздің ойымызша, құзырлылықты білімін, біліктілігін,
дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы – тұлға мүмкіндігін бағалаудың
критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша бастады. Олай
болса, құзырлылық – нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық
критериі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын
құндылықтарды есепке алуы қажет.
Құзырлылық тәсілдері:
нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі;
танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі;
адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалау;
өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі;
құқықтық нормадағы және әкімшілік құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі
біліктілік.
Құзырлылықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы, тәжірибесі,
интеллектісі, тектілігі.
Құзырлылықтың сапа белгілері: дүниетанымы, адамгершілігі,
еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны.
Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А.Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына
білім мекемелері мынадый құзырлылықты қалыптастыруы тиіс деп есептейді:
Саяси және әлеуметтік құзырлылықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік
ала алуында.
Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар.
Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.
Жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір
адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де
жатқызылады.
Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар. Бұл жаңа
технологияларды білу, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни
баға беру, білу деген мағынаны береді.
Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір
бойы білім алуға қабілеттілік.
Осыдан, ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықты
ескерсек, ағылшын мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын
қалыптастыру деңгейлері мынандай болады:
Бастапқы деңгей:
- ағылшын мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану салалары
бойынша жалпы түсінік;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қарапайым жұмыс жасау
тәсілдерін меңгерту.
Алгоритмдік деңгей:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін
меңгерту;
- бағалау мен өзіндік бағалау дағдыларын дамыту.
Эвристикалық деңгей:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін түрлі
ақпараттарды өңдеуде қолдану;
- интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін ағылшыннан электрондық
сабақтарды жасақтауға пайдалану;
- ағылшын пәнін сапалы түрде оқытуға педагогикалық технологиялардың
ішінен тиімдісін таңдай білу.
Шығармашылық деңгей:
- қолданбалы программалық құралдармен жұмыс жасау технологиясын
меңгерту арқылы оның мүмкіндіктерін ағылшындың бағдарлы бағытына қолдануға
дағдыландыру;
- объектілі – бағдарланған программалау тілдерін шығармашылық
бағыттағы есептерді шешуге қолдану;
- олимпиадалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін таңдай білу.
Аталған деңгейлердің даму шыңына жеткен мұғалімді біз апараттық-
коммуникациялық құзырлығы қалыптасқан тұлға деп атай аламыз. Сондықтан оның
бейнесі келесі параметрлер мен белгілер арқылы бейнелеуге болатындығын
айқындай аламыз.
Осыдан кейін барып ақпараттық құзырлығы қалыптасқан мұғалімнің
портфолиосы жөнінде сөз қозғасақ болады. Мұғалімнің портфолиосын құру неден
туындады. Осы сұраққа жауап ретінде мынандай дәлелдер келтіруге болады: бұл
өмірлік қажеттілік, өйткені білім сапасына қойылатын талаптар үнемі күшейіп
отыр, бір шетінен мұғалім портфолиосы білім беру ұйымдарының бас
мамандарына мұғалім жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін керек, ал басқа
жағынан – мұғалімнің өзін-өзі шыңдауы, өзін-өзі зерттеуі үшін керек.
Мұғалімнің жетістіктерінің және білім беру сапасының факт түрінде берілген
дәлелдер. Оның ішіне мұғалімнің маман ретіндегі нәтижелі жұмыстарын
көрсететін барлық құжаттар кіреді. Портфолионы құру және оны ары қарай
жүргізу жеке мақсаттарды көздейді:
әр мұғалімнің маман ретіндегі педагогикалық ісінің қозғалуын көріп
отыру;
оқу материалдарын жүйеге келтіру және ұсыныстарды жұмыс берушіге
ұсыну;
тәжірибесі аз мұғалімдерге жетістіктерін тарату үшін;
жаңа түрде пайда болып жатқан оқу курстарын ұйымдастыру әдістерін
ұсыну;
гранттық және конкурстық бағдарламаларға қатысу үшін негіз болу;
білім беру ұйымының әдістемелік диапазонын кеңейту үшін.
Мұғалімнің портфолиосында өзінің педагогикалық ой-пікірлері мен
олардың қажетті екендігін дәлелдейтін әдістері бірге қосылу керек.
Сонымен қазіргі жаңа қоғамның сұранысына сәйкес Қазақстанның
педагогика ғылымындағы әлемдік стандартқа сай білім алу қажеттіліктері
оқушылардың өзіндік жұмыстарының жаңа ақпараттық технологияларды қолдана
отырып, жетілдіру деңгейіне тікелей байланыстылығы мен бұл мәселенің
теориялық тұрғыдан толық зерттелмеуі арасындағы қарама-қайшылықтың орын
алғандығын байқадық. Осы қарама-қайшылықтан пайда болған жаңа ақпараттық
технологияларды оқу процесінде қолдану әрекетінде, қандай педагогикалық
шарттар болуы қажет деген сұрақ бізге зерттеу мәселесін анықтап, тақырыпты
Жаңа ақпараттық технология жағдайында оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыру деп таңдауымызға себеп болды. Егер оқушылардың өзіндік
жұмыстарын жаңа ақпараттық технология жағдайында ұйымдастырудың мазмұны мен
құрылымын және педагогикалық мәнін ашатын құзыреттілік –іс-әрекеттік
теориялық тұрғыдағы негізі меңгеріліп, біздің ұсынып отырған құрылымдық-
мазмұндық моделі жүзеге асырылса, онда жаңа ақпараттық технологиялар
негізінде ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстары тиімді болады, өйткені
оның педагогикалық шарттары анықталады:
жаңа ақпараттық технологияны қолдану барысындағы педагогтардың өзіндік
жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау
бүгінгі әлемдік және отандық тәжірибе қолданыс тапқан жаңа ақпараттық
технологиялардың жетістіктерін ескере отырып, педагогтардың жұмыстарын
электронды интерактивті арқылы білім беру қорларының кешені арқылы
ұйымдастыру бағдарламалық жобасын дайындау және оның сапалығын тәжірибе-
эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
2.2 Проблемалық семинарлар мен практикумдар

Проблемалық семинарлар мен практикумдар – мұғалімнің теориялық және
практикалық бірлігін қамтамасыз ететін даярлығына бағытталған. Семинарлар
және практикумдар сабақтары мұғалімдердің өз бетінше білім алу қызметіне
ықпал етеді, мұғалімдерді педагогикалық инновациялар ортасына енгізеді,
олардың маңыздылығының объективті бағасын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Проблемалық семинарлар жұмысының мазмұны қазіргі педагогикалық теория болуы
мүмкін. Оларды талқылау мұғалімнің өз бетінше білім алу жұмысына үлкен әсер
етеді.
Практикалық сабақтар соңғы жылдары әдістемелік жұмыс жүйесіндегі
анағұрлым белсенді түрге айналып отыр: іскерлік, рөлдік, ойындар,
практикумды ойындар, ұйымдастыру қызмет ойындары, әр түрлі тренингтер.
Осындай түрлердің сөзсіз жетістіктері ойланатын жағдайларджың
вариативтігінде, нақты практикаға мейілінше жақындатылған жағдайларды
моделдеу, өзекті проблемаларды ұжыммен талқылау мүмкіндігінде. Алайда
осындай практикумдарды өткізгенде ұйымдастырушылар кейбір қиындықтарға
кездеседі: ойын түрлерін өткіу үшін басшыны талдау, осындай сабақтарға
қатысуда кейбір мұғалімдердің көзқарасын өзгерту, осыларды өткізуге
әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі. Осының бәрі басшылар
біліктілігінің, проблемалық, семинарлар және практикумдар ұйымдастыруға
дұрыс дайындық жұмысын жүргізудің қажет екенін білдіреді.
Озық тәжірибе мектебі әдістемелік жұмыс түрі ретінде көбіне жеке және
ұжымдық жетекшілік мақсат пен міндеттерді іске асырады. Озық тәжірибе
мектебінің негізгі міндеті тәжірибелі мұғалімнің жұмысынан, әдістемелік
көмекті қажет ететін, бір пәнді оқытатын екі-үш мұғалім мен мектеп
басшысының жұмысынан тұрады. Мектеп еріктілік негізде қалыптасады.
Бұл жұмыстың құндылығы оның екі жақты тиімділігінде. Мектеп басшысы өз
қарамағындағылардың сабақтарына қатысып, олардың сабақ технологогиясын,
әдәсін жоспаурлауға, сұрақтарына ақыл-кеңес береді, білім берудің теориялық
проблемаларын талқылайды, өзінің де педагогикалық жүйесін жетілдіреді,
өзінің кәсіби ұстанымының дұрыс екенңне көзі жетеді. Озық тәжірибе
мектебінің тиімділігі, сонымен біре мұғалім-әріптестердің, шебер-мұғалімнің
шығармашылық шеберханасына тікелей кіруіне мүмкіндігі болады.
Озық тәжірибе мектебі құрылымында жеке бөлім немесе оның бір түрі
ретінде жас мұғалім мектебі жұмысы ұйымдастырылуы мүмкін. Мектептің жаңадан
басталып мұғалімдері бір тәжірибелі мұғалімнің немесе мектеп басшылары
бірінің қарамағына бекітіледі. Сыныптан тыс сабақтардың және сабақтардың
мақсатының белгілі техникасы мен әдісі, сынып жетекшісінің жұмысын
жоспарлау ерекшеліктері сынып ұжымынын тәрбие деңгейін еске алу т.б
мәселелерді талқылау кіретін жоспар бойынша жүргізіледі. Жас мұғалімдер
мектебіндегі сабақ оқу процесінде ЭВМ және ағылшын құралдарын қолданатын
технологиялық карталарды жасайтын практикалық тапсырмалардың орындалуын
көздейді. Жас мұғалімдердің тәжірибелі мұғалімдер басшылығымен қарым-
қатынасы жас мұғалімдердің кәсіби тұрақтылығының дамуына жеке
шығармашылығымен өзін-өзі көрсетуге ықпал етеді.
Мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін зерттеу педагогикалық шығармашылық пен
бастаманың жеткіліксіз көруінің бір себебі болашық мұғалімнің ЖОО –да оқып
жүрген кезінде теориялық белсенді қызметтен мектепте жұмыс істеген алғашқы
жылдардағы таза практикалық қызметке бірден алмасуы екенің дәлелдеп отыр.
Осы кезеңде мұғалім арнайы теориялық және психологиялық педагогикалық
дайындығын сақтауға ғана емес сонымен бірге оны практикада тікелей
қолданып, дамытып, тереңдетуі де маңызды. Жас мұғалімдер мектебі осы
маңызды мәселені шешуі мүмкін.
Мұғалімнің немесе әдістемелік бірлестіктердің ғылыми-педагогикалық
конференциялары педагогикалық оқылымдары, шығармашылық есептері,
әдістемелік жұмыстардың қорытынды түрлері болып табылады олар белгілі уақыт
кезенінде немесе жұмыстың аяқталуы кезенінің қорытындылары бойынша
өткізіледі. Хабарландыру, баяндамалар авторлары өз әріптестеріне зерттеу
жұмысынынң нәтижелері жөнінде ақпарат береді. Қатысушы мұғалімдер өз
жұмыстарының нәтижелерін әріптестерінің жұмыстарымен салыстыралады,
ұсынылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігіне көздерін жеткізеді. Мектеп
директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарының қызметі мектепте бұл
жұмыс ерекше жетістіктерге және нақты нәтижелерге қол жеткізеді. Қорытынды
ғылыми практикалық конференциялар мен педагогикалық оқылымдар басқа мектеп
мұғалімдерін, қоғамдастықтар және педагогикалық ғылымдар өкілдерін шақырып,
мерекелік жағдайда зерттеу және әдістемелік жұмыстардың жетістіктері үшін
қатысушы мұғалімдерді құттықтайды.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда оны жаңа және ескі, қазіргі және
бұрынғы түрлерге бөлуге болмайды, өйткені олардың тиімділігі және жеке,
топтық немесе ұжымдық қажеттілік пен мүмкіндікке байланысты. Осындай әдіс
сыртқы коньюктуралық шығармашылық түрдің сыртқы тиімділігіне де, жаңалыққа
сенімсіздікпен қараудан да сақтайды.

2.3 Визуалдық технологиялар және оны меңгеру жолдары

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен даму
білімнің негізгі болып табылатын – бастауыш мектепте де өз әсерін тигізуде.
Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын
арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану
және оның тимді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Жаңа технологияның басты тимділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу
үрдісінің құрлымын түбегейлі өзгеруге, оқытудағы пәнаралық байланысты
күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке
қабілеттерін көре біліп, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық қызметтің визуалдық бағыттылығы
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып, білім сапасын арттыру
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
Пәндер