Германия үкіметінің сыртқы саясаты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 тарау. Веймар Республикасы
1.1. Революциялар және фашистік қозғалыстың пайда болуы
1.2. Веймар Республикасының құрылуы және оның Конституциясы
1.3. 1920-1923 жылдардағы саяси дағдарыс және Рур оқиғасы
1.4. Адольф Гитлер және фашизмнің пайда болуы
2 тарау. Капитализмнің уақытша тұрақтану кезеңіндегі Германия
2.1. Экономикалық өрлеу
2.2. Германия үкіметінің сыртқы саясаты
2.3. Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия
Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол
жеткізуі нәтижесінде әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих
ғылымы көптеген жағдайларда ақиқатты бір жақты көрсетіп, бұрмалап, ұшқары
пікірлерден құрылған теориялық қорытындылардың, қайта қарайтын
тұжырымдардың өмірге келуіне ықпал еткен болатын. Кеңестік кезеңде тарихтың
көп мәселелері бір жақты зерттеліп келген болатын, ал кейбіреулері жабулы
қазан күйінде қалып идеологиялық кертартпалықтың кесірінен мүлде атүсті
қаралатын. Сондай мәселелердің бірі Германияның бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі тарихы мәселесі еді. Жақсысын асырып, жаманын жасырып
өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-
жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Өткен
ғасырдың 90-жылдарынан бастап тақырыптың ауқымы мен көлемі ұлғайып,
қарастырылатын мәселелер қатары көбейе түсті.
Міне сондықтан да біздер, бүгінгі өскелең ұрпақ бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі Германияның тарихын пайымдауға, түсінуге ұмтылып, тарихтан
сабақ алуды ойластыру үшін оны бүге-шігесіне дейін зерттегеніміз абзал.
Өйткені қазіргі таңда әлемді өз дегеніне көндіруге тырысушы лаңкестік
әрекеттер көбейіп жаппай құбылысқа айналды. Герман фашизмі де алғашқы пайда
болған кезінде елеусіз болғанымен кейіннен төрткүл дүниені солдатының
табанына таптатып, елу миллионнан астам адамның өмірін құрбандыққа шалып,
талайларды жарымжан етті. Біз дәл сол герман фашизмінің партия құрып,
елдегі дағдарыстарды ұтымды пайдалана білген кезеңдерін зерттемекпіз.
Өмірдегі тіршілік иесінің бәрі дерлік қамау-қапаста болғысы келмейді, бәрі
азаттыққа, еркіндікке ұмтылады. Жарық дүниеге келгеннен бастап, адам баласы
азаттықты аңсап, соған құлшына құмартады. Ал тұтас халықтың азаттығы,
бостандығы әрдайым қымбат та қасиетті. Фашизм болса азиаттарды түгелімен
жоюды қарастырған-тын.
Яғни, бүкіл тарихтан алатын тәліміміз, қысқаша айтқанда – "жұқаны
бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай". Герман фашизмі де бөліп ал да билей бер
саясатын ұтымды пайдаланып тарих сахнасына көтерілген. Сондықтан сол заман
туғызған сондай теріс құбылыстарды да оқып, зерттей білгеніміз абзал. Осы
орайда біздің қалам тартып отырған тақырыбымыздың өзектілігі де айқын
байқалады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – Веймар
республикасының пайда боулы мен Веймар Консититуциясын қарастыру. Ал
міндеттері төмендегідей:
- І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның саяси-экономикалық
ахуалын ашып көрсету;
- Германиядағы революциялық толқулар жайында талдау жасау;
- Фашизмнің пайда болуын айқындау;
- 1924-1929 жж. Германиядағы әлеуметтік–экономикалық саясатын
қарастыру болып табылады.
Ғылыми жұмыстың зерттелу объектісі мен зерттелу деңгейі. Бұл курстық
жұмысты жазу барысында әдебиеттер, деректер табу қиынға әкеліп соқтырған
жоқ. Менің курстық жұмысты жазу барысымда аса арқа сүйеген еңбек ол И.Ф.
Ивашинның Поражение Германии в Первой мировой войне. Создание версальской
системы, М., 1950. Бұл жұмыстың ішінде мен қарастырып отырған тақырыпқа
мейлінше көп тоқталған. Осы еңбекке қосымша Г. Никольсонның Как делался
мир в 1919 году, М., 1945 зерттеуін қарап шығып пайдаландым. Ал менің
тақырыбыма дәлме-дәл келетін В. Ругенің Германия в 1918-1933гг. М., 1953
біршама идеологиялық бұрмалауларға жол бергенімен тарихи шындықтарды
барынша ашуға тырысқан. Жұмыста тақырыбымызға қатысты зерттеулер жүргізген
тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша
қарастыра отырып соған орай кеңінен ақпарат беруге тырыстық.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі отандық және шетелдік
ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Ғылыми зерттеудегі
жалпы тарихи-салыстырмалық, тарихи-жүйелеу әдістері пайдаланылды. Теориялық-
методологиялық негіз ретінде, сондай-ақ, тарих және философияның іргелі
тұжырымдары басшылыққа алынды. Тарихи оқиғаларды баяндау кезінде саяси және
логикалық бірліктің айқындамасына сүйеніп, саяси-тарихи процестерді
қарастыруда зерттеу жұмысында сыннан өткен диалектикалық амал қолданылды.
Зерттеудің мерзімдік ауқымы. Германияның 1918 жылдан бастап 1930 жылдар
аралығы.
Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Германияның қоғамдық-саяси құрылымын
дағдарысқа әкелді. Германияның соғыс жылдарындағы экономикасы, соғыстың
ауыртпалығы еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді.
Жұмысшылар, соғыстағы солдаттар мен матростар Германия монархиясынан
соғысты тоқтатуды талап етті. Буржуазиялық топтар Германиядағы монархиялық
билікке қарсы күреске шыға отырып, халық күресін қолдап, монархияны
құлатуды талап ете бастады. Германияда революциялық ахуал пісіп-жетілді.
Монархияның елдегі саяси билігі әлсіреп, халықтың алдында беделі түсті.
Соғысты бастаған ірі буржуазия мен монархия әскерлері соғыс майданында
бірінен соң бірі жеңіліске ұшырады. 1915-1917 жылдағы соғыс майданындағы
жағдайдың қиындауы солдаттар мен матростар арасындағы революциялық жағдайды
шиеленістіре түсті. Қарапайым халық соғыстан қалжырап шаршады. Елде
монархияға қарсы ереуілдік қозғалыс кең етек алды. 1916 жылы 240 ереуіл
болса, 1917 жылы — 562, 1918 жылы - 773 ереуілдік қозғалыс болды. Мұндай
қозғалыстар Германияның ірі қалаларын түгел қамтыды.
Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы. Қараша
революциясының қарсаңында Герман социал-демократиялық партиясы (СДПГ) және
Тәуелсіз социал-демократиялық партиясы (НСДПГ), оның сол қанатында
Спартак одағы қалыптасты[1].
Герман социал-демократиялық партиясы - жұмысшы партиясы еңбекші
халықтың қолдауында болды. 1918 жылы мамыр айында СДПГ Қимыл
бағдарламасын қабылдайды. Партия бағдарламасы Германияда буржуазиялық-
демократия жолына түсу және парламенттік жүйені орнату, яғни монархияға
қарсы күресіп, республика құру талабын алға қойды. Социал-демократияның
негізгі мақсаты - реформа арқылы қоғамдық-саяси өзгерістер жүргізу болды.
Германияның тәуелсіз социал-демократиялық партиясы буржуазиялық
реформаны қолдай отырып, революциялық жолдан да бас тартпайды. Негізгі
көзқарасы оңшыл центристік бағыт болды. Партия мүшелері К.Каутский,
Г.Гаазе, Р.Гильфердинг оңшыл центристік көзқараста бола отырып,
большевиктер партиясының пролетариат диктатурасын орнату идеясынан бас
тартты да, Германияда демократиялық республика орнатуды көздеді. Каутский:
Германияда пролетариат диктатурасын орнату біздің түпкі мақсатымыз емес,
- деп мәлімдеген болатын. Ол - В.И.Лениннің таптық көзқарасын сынаған
адамдардың бірі еді.
Ресейдегі қазан төңкерісінен кейін Германияның саяси дамуында
революциялық идея, пролетариат диктатурасын орнату үшін күрес жүргізетін
саяси топ - Спартак одағы құрылды. Оның басшылары К.Либкнехт және
Р.Люксембург болды. Революциялық қозғалыс жылдарында олар жұмысшы табын
кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Олардың негізгі саяси көзқарастары -
қоғамдық-саяси өзгерістерді революциялық жолмен іске асыру болатын. Сонымен
қатар В.И.Лениннің идеясын қолдай отырып, Германияда коммунистік партия
құру үшін күрес жүргізді. 1918 жылы қазан айында революциялық топтың
конференциясы шақырылып, еңбекші халықты қарулы көтеріліске шығуға, сөйтіп
буржуазиялық революцияны социалистік революцияға жалғастыруға үндеу
тасталды. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, соғысты тоқтату, кейбір
банктерді национализациялау, жалақыны өсіру т.б. талаптар қою арқылы
халықты революцияға шақырды. Бірақ Спартак тобының үгіт-насихат жұмысын
еңбекші халық қолдаған жоқ[2]. Халық революциялық жолды түсіне алмады, ал
буржуазиялық-реформалық жол әлдеқайда түсінікті еді. Қоғамды реформалық-
парламенттік жолмен өзгертіп, Германияда буржуазиялық республика құру халық
түсінігіне жақын болатын. Қараша революциясының қарсаңындағы саяси күштер
ірі буржуазия мен монархияға қарсы тұратын оппозициялық күшке айналды.
Ресейдегі революциядан кейін соғыстың ауыртпашылығын, азабын көп
тартқан Германияда революция кең етек жайды. Қараша революциясының
басталуы. Революцияның басталуына негізгі себеп болған оқиға Герман
монархындағы соғыс-теңіз министрінің Киль қаласында тұрған соғыс-теңіз
базасының кемелеріне ашық теңізге шығып соғыс қимылдарын жүргізу арқылы
жеңіске жету туралы бұйрығы болды. Бірақ та соғыс-теңіз флотының кеме
басшылары теңізге шығудан бас тартып, кемелерде матростар арнаулы
революциялық комитеттер құрып, көтеріліске шығады. Кемелерде қызыл
жалаулар көтеріліп, соғысты тоқтатуды талап ете бастайды. Революцияға
шыққан кемелердегі матростарды тұтқындау басталады. Қараша айының 3 күні
Киль қаласының халқы матростарды қолдап ереуілді бастайды. Қала халқы тез
арада жұмысшы және солдат кеңестерін құрып, өздерінің талаптарының
орындалуын сұрайды. Соғысты тоқтату, саяси тұтқындарды босату талаптарын
жергілікті үкімет орындауға мәжбүр болады. Германияда революция басталады.
Макс Баденский үкіметі Киль қаласына оңшыл социал-демократ Носкені
жіберіп, революцияны басуға тырысады. Носке келгеннен кейін Киль
қаласында құрылған жұмысшы және матрос кеңестері кеңес өкіметінің қызметіне
араласып, революцияның Германия жеріне тарап кетпеуіне күш салады, бірақ
бірнеше күннен кейін революция Германия мемлекетінің барлық қалаларына кең
тарап бүкілхалықтық революцияға ұласады[3].
Қараша айының 7-8 күндері барлық қалалардағы революцияға қатысқан
халық үкіметтің жұмысшы және солдат кеңестерінің қолына берілуін, сонымен
қатар монархияның биліктен кетуін, рейхстаг пен ландтагтың таратылуын,
армияны демократияландыруды, жаңа үкімет құруды талап етеді. Елдегі
басталған революцияға герман социал-демократтары да қатысып, жаңа үкіметтің
құрамына буржуазияның қатысуын талап ете бастайды. ГСДП (Германия социал-
демократ партиясы) елде құрылған кеңес өкіметінің атқару комитеттеріне кіре
бастайды. Революцияның барысында жұмысшы және солдат кеңестері кеңес
өкіметінің орнына буржуазияның жеңіске жетіп шығуын қалайды. Қараша айының
8-9 күндері Берлин қаласында революция жеңіп, жұмысшы және солдат
кеңесіндегі ГСДП уәкілдері монархияның тақтан бас тартуып және біріккен
үкімет құруды талап етеді. Берлин қаласында билік жұмысшы және солдат
кеңесінің қолына көшеді. Кеңестің атқару комитетіне ГСДП жөне ТСДП
(тәуелсіз социал-демократ партиясы) Спартак одағы кіреді. Революциялық
Спартак одағының басшылары Германияда пролетариат диктатурасының орнауын
қалап, революция барысында жұмысшы және солдат кеңесі арқылы социалистік
революцияның жеңіп шығуы үшін күрес жүргізеді. Кеңес атқару комитетінде екі
ағым қалыптасады. Бірінші ағым - революцияны қарулы күрес арқылы
жалғастырып, кеңес өкіметін құру; екіншісі - социал-демократ партиясының
қолдауымен буржуазиялық республика құру.
Қараша айының 9-ы күні Берлин қаласының көшелерінде халық
демонстрациясы Кайзердің тақтан кетуін талап етеді, қалада жұмысшы және
солдат кеңес атқару комитеті құрылып, үкіметтік билікті қолдарына ала
бастайды. Түс қайта Кайзер Вильгельм II өзінің тақтан түскенін жариялап,
елді басқарушы етіп ГСДП-ның басшысы Ф.Эбертті тағайындайды. Қала
көтерілісшілердің қолына толық көшеді. Түрмелерден саяси тұтқындар
босатылады. Кайзер Вильгельм II шет елге қашып кетеді. Қараша
революциясының бірінші талабы орындалып, Германияда монархия құлайды.
Үкіметті өз қолына алған буржуазиялық топтар, революцияның алға қарай кең
етек алмауы үшін Кеңес атқару комитетіндегі революциялық топтарды келісімге
келуге шақыра бастайды. Ф.Эберт Рейхстагта Германия тәуелсіз республикасы
құрылғандығын жариялайды. Біріккен революциялық үкімет құрып, оның құрамына
ГСДП және ТСДП, Спартак одағының басшысы К.Либкнехт кірді.
Германия Республика болып жарияланды.
Жаңа үкімет халық уәкілдерінің кеңесі (СНУ - совет народных
уполномоченных) деп аталады. Үкіметтің төрағалары болып ГСДП басшысы
Ф.Эберт және ГСДП басшысы Г'.Гаазе сайланады. Сөйтіп, Германияда Эберт-
Гаазе үкіметі құрылады. Үкіметтік билік халық уәкілдерінің кеңесіне
беріледі. Бұл өкімет пролетариат диктатурасы болып құрылмайды. Үкіметтік
билікті буржуазия бейбіт жолмен өз қолына ала бастайды. Бірақ революция
барысында екі өкіметтік биліктің - біреуі революция барысында құрылған
жұмысшы және солдат кеңесі, екіншісі - халық уәкілдері кеңесіндегі
буржуазиялық топтар арасында билік үшін күрес жалғаса берді. Халық
уәкілдерінің кеңес үкіметінің құрылуымен қараша революциясының бірінші
кезеңі аяқталды.
Қаңтардың басында спартакшылар құрған Германия коммунистік партиясы
бүлік ұйымдастырып, Берлин және тағы басқа қалаларда бақылау орнатуға
тырысты. Бұл олардың саяси қарсыластарының ашық қарсы қолдануына түрткі
болды. 12 қаңтарда спартакшылардың қарсыластары Берлинді толық бақылауға
алып, 15 қаңтарда Карл Либкнехт мен Роза Люксембургты өлтірді. Алайда күрес
жалғаса берді. Коммунистер 13 сәуірде Германияның Бавария жерінде кеңес
өкіметін орнатты, бірақ ол үш апта ғана өмір сүрді.

1919 жылы Құрылтай жиналысына жүргізілген сайлауда оңшылдар мен
орталық партиялар жеңді, коммунистер тіпті қатыспады. Герман
республикасының конституциясын жасау революция барысында жүрді. Ұлттық
Құрылтай жиналысы қауіпсіздік мақсатында 1919 жылы 6 ақпанда астанада емес,
тыныш провинциалдық қала Веймарда шақырылды. Осы себептен республиканың
негізі жасалған конституция веймарлық деп аталды.
19 қаңтар 1919 жылғы сайлаудың нәтижесінде буржуазиялық партиялар көп
мандатқа ие болды да, ол болашақ мемлекеттің сипатын анықтады. Алайда ішкі
саяси терең дағдарыс жағдайында буржуазиялық партиялар таза буржуазиялық
кабинет құру жолымен жүре алмады. Сондықтан Ф.Шейдеман бастаған үкіметке үш
партияның өкілдері кірді: СДПГ, Орталық және Герман демпартиясы (ол кейін
Веймар коалициясы деп аталды). Ұлттық Құрылтай жиналысының басты мақсаты
Герман мемлекетінің жаңа конституциясын жасау болатын. 1919 жылы наурызда
Ұлттық жиналыс социализация туралы заң қабылдады. Онда осыған дейін
пісіп жетілген өнеркәсіп кәсіпорындарын қоғамдық меншікке (заңды
жолмен немесе марапаттау арқылы) және қажет болған жағдайда өндіріс пен
бөлуді реттеуге көшіру мүмкіндігі туралы айтылған. Дәл сол күні қабылданған
көмір шаруашылығын реттеу туралы заң социализацияға нақты анықтама
берді: ол өндіріс құрал-жабдықтарына меншікке тиіскен жоқ. 1919 жылы наурыз-
сәуірде өндіріс кеңестерінің өкілеттігін анықтаған уақытша қарарлар ретінде
құжаттар жарияланды.
Бұл шараларды социал-реформистер социализацияның жүргізілуі деп
насихаттады. 1919 жылы 31 шілдеде Ұлттық жиналыста қабылданған Веймар
конституциясы 1919 жылы 11 тамызда күшіне енді[4]. Ол елде қалыптасқан күш
арасалмағын айқындады. Осы кезде Германияда жұмысшылар социалистік
программаны жүзеге асыруға шамасы келетіндей ұйымдаспаған болса, ал
буржуазия өзінің таптық үстемдігін бүркемелемей ашық қимылдауға әлі күші
жетпейтін еді. Веймар конституциясының мемлекеттік билікті халықтың өз
қалауынша, еңбекті қорғау қажеттілігі туралы, адамның өмір сүруі үшін
қажеттіліктің барлығын қамтамасыз ету деп мәлімдесе де, ол буржуазиялық
партиялардың, социал-демократтардың қатысуынсыз елді басқара
алмайтындығынан көрінді. Ішкі қайшылық шаруашылық өмір деген бөлімнен
айқын білінді. Бір жағынан жеке меншікті қорғау принципі жарияланып,
мемлекеттің буржуазиялық сипаты айқын көрінсе, екінші жағынан революциялық
жұмысшы қозғалысынан туындаған конституцияда социализация, кеңестер,
әлеуметтік идеялар орын алды. Алайда олардың мәні бұзылғандықтан түсініксіз
еді.
Конституция 20 жасқа толған ерлер мен әйелдерге сайлау құқын берді,
буржуазиялық демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жариялады, белгілі
бір жағдайда бүкіл халықтың ойын білуді (референдум) жүргізу көздеді.
Республиканың заң шығару органы - Рейхстагтың құзыреті кеңейді. Үкіметті
парламент құрды және ол парламент алдында жауапты болды, канцлер
парламенттік министр болып табылды. Алайда Рейхстагтың құқын екінші палата
рейхсрат және президент өкілеттілігі шектелді. Рейхсрат жерлер өкілдерінен
(68 мүше, оның 27-сі Пруссия өкілдері) құрылды да, вето қою құқы бар
бақылаушы орган болды. Атқару өкіметінің басшысы президентке кең
өкілеттілік берілді.
Конституцияның 48-ші бабы президентке төтенше декреттер шығару мәжбүр
етудің барлық шараларын қолдану, конституцияның кейбір статьяларының
әрекетін тоқтату құқын берді. Осылайша атқарушы өкімет диктатура орнату
үшін конституциялық негіз алды. Президенттің диктаторлық өкілеттілігі заң
шығару билігінен жоғары тұрды, ол рейхстагке тәуелсіз болды. Веймар
Республикасының бірінші президенті - социал-демократ Ф.Эберт. Мемлекетті
басқару тізгіні буржуазияның қолына көшті, алайда ірі помещиктік жер
иеленушілердің позициясы мығым еді Германияда буржуазиялық республика
орнады[5].
1919 жылы ақпанның басында герман өнеркәсібінің империялық
одағы, өндіріс құралдарына иелерді біріктірген жұмыс берушілердің Біріккен
одағы құрылды. Революция аяқталысымен герман буржуазиясының саяси жіктелуі
күшейді. Екі тенденция қалыптасты: авантюристік-милитаристік тенденция және
икемді парламентаризм (буржуазиялық-реформизм) тенденциясы, осыны
жақтаушылар СДПГ-мен бірге веймар коалициясын құрды. Бірінші тенденцияның
өкілдері рейн-вестфаль индустрия қожаларының, юнкерлердің мүддесін қорғады.
Олар революция кезінде компромиске барды да, енді СДПГ-мен ынтымақтасудан
бас тартуды, жұмысшылардың қолы жеткен жеңістерін жоюды, монархияны калпына
келтіруді, Версаль бітіміне саботаж жасауды талап етті. Үкіметке
сенімсіздік туралы жариялау, оны іштен бүлдіруді есептеп веймар режиміне
блокада саясатымен қатар жүргізілді. Веймар коалициясының буржуазиялық
партиялар республиканы мақұлдап, жұмысшылардың әлеуметтік жеңісін заңдылық
деп таныды. Олар Версаль бітімін орындауға самарқаулық саясат жүргізді,
олар одан жеңілген соғыстан кейін герман империализмін қалпына келтірудің
шынайы жолын көрді[6].
Соғыстан кейінгі революциялық өрлеу жылдарында мемлекет тізгіні
Веймар коалициясында, яғни таза буржуазиялық үкімет қолында болды. Оңшыл
күштер ескі тәртіпті қалпына келтіру үмітін үзген жоқ. Олар
антиреспубликандық бүлікке дайындалды. 1920 жылы наурыздың 12-нен 13-не
қараған түні контрреволюциялық әскерге сүйеніп, олар мемлекеттік төңкеріс
жасауға әрекеттенді. Прусс юнкерінің өкілі монархист Капп өзін канцлер деп
жариялады, Ұлттық жиналыс таратылды. Алайда 12 млн. жұмысшылар мен
қызметкерлер қатысқан жалпыгермандық ереуіл бүлікшілдерді шегінуге мәжбүр
етті. Оның талқандалуы контрреволюцияны жұмысшылардың біріккен әрекетіне
қарсы тұра алмайтынын көрсетті. Ол Веймарлық Германияда буржуазиялық-
республикандық құрылысты нығайтты.

1920 жылы маусымда рейхстагка алғашқы сайлау өткізілген
соң, Орталық, ННП және ГДП қатысуымен Ференбахтың буржуазиялық кабинеті
қалыптасты. Алайда 1921 жылы мамырда одақтастар Германияға 132 млрд. алтын
марка көлемінде репарация төлеу туралы ультиматум қойғанда, Ференбах
үкіметі қарсылық білдіріп, отставкаға кетті. Қайтадан елдің басына Веймар
коалициясы келіп, Орталық партияның лидерлерінің бірі Вирт билікті қолға
алды. Алайда 1922 жылы қарашада апат саясатын жақтаушылар Вирт кабинетін
кетіріп, орнына буржуазиялық партиялар өкілдері кірген Куноның іскер
кабинеті құрылды. Куно үкіметі репарациялық төлемге саботаж жасау бағытын
ұстанды, бұл 1923 жылы қаңтарда Франция-Бельгияның Рурды оккупациялауына
әкеліп соқты[7].
1923 жылы қаңтардың 11-і күні Франция мен Бельгия әскерлері Рейн-Рур
облысын басып алды. Ол Батыс Германиядағы ең ірі өндіріс орталығы болатын.
Көмірдің 70%, болат және шойынның 50%-ы Франция мен Бельгияның қолына
көшті. Олардың Рур облысын басып алуы немістердің ашу-ызасын келтіріп, елде
саяси дағдарыстың тереңдеуіне әкелді. ГКП-сы халықты революцияға шақырып,
біртұтас жұмысшы майданын құру арқылы буржуазиялық үкіметке қарсы күреске
шақырды. Неміс буржуазиясы халықты отан қорғауға, Отанға қауіп төнді
деген ұрандармен ұлттық бірігуге бастады. Куно бастаған үкімет халықты
жаулап алған жерді қайтарып алуға шақырды. ГСДП және кәсіподақ ұйымы
үкіметтің саясатын қолдап, жұмысшы тобы бірлігіне шақырып, ұлттың санасын
оятып, елді жаудан қорғауға үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізді.
Рур оқиғасы Германияның экономиялық дамуына кері әсер етті, өндіріс өндіру
көлемі азайды, инфляция дамып, жалақы төмендеді. Елдің қаржы-ақша құрылысы
алтын қорының азаюына әкелді. Үкімет екінші жағынан бұл саясатқа сылбыр
келісіп, өзіндік саясат жүргізді.
Елдегі экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайының
төмендеуіне әкелді. 1923 жылы жаз айында Рур облысында көмір, тау-кен
жұмысшылары ереуілге шықты. Ереуілге шыққан жұмысшылардың саны 400 мың
адамға жетті. Шілде айында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz