ВАЛЮТА БАҒАМЫН ТҰРАҚТАНДЫРУҒА ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны

КІРІСПE 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НАРЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ
МӘНІ
1.2 ВАЛЮТА БАҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ6

1.3 ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТ – ЭКОНОМИКАДА СЫРТҚЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ 18
ҚҰРАЛЫ
2 ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН 28
ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ
2.1 ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ НЕГІЗГІ
ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ТАЛДАУ 34
2.2 ВАЛЮТА САЯСАТЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ТИГІЗЕТІН
ЫҚПАЛЫ 34
2.3 ВАЛЮТА БАҒАМЫН ТҰРАҚТАНДЫРУҒА ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӘСЕРІН
ТАЛДАУ 41

3 ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖЕТІСТІГІНЕ ЖЕТУДІҢ47
ЖОЛДАРЫ
3.1 ВАЛЮТА САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРДІ ТЕҢЕСТІРУДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ 54
3.2 ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘРТІПТЕМЕНІ ЫРЫҚТАНДЫРУ – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ АЙЫРБАС
БАҒАМЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ БАҒЫТЫ 54

ҚОРЫТЫНДЫ 68
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
А ҚОСЫМША 81
ЭКСПОРТ-ИМПОРТТЫҚ ВАЛЮТА БАҚЫЛАУЫНЫҢ СЫЗБАНҰСҚАСЫ 82

КІРІСПЕ

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА САЛАСЫНДА ЖӘНЕ ЕЛ ІШІНДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛУМЕН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙЫРБАС БАРЫСЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ЖИІ
КЕЗІГЕДІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАМЕН БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН
НЕГІЗГІ БУЫН – ВАЛЮТА САЯСАТЫ МЕН ҰЛТТЫҚ АҚША БІРЛІГІНІҢ ВАЛЮТАЛЫҚ
БАҒАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСІ. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖҮЙЕСІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТ
ЕҢ МАҢЫЗДЫ ОРЫНДЫ АЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖЫЛ
САЙЫНҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ ДЕП, АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА, ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕЙІНЕ АСА
НАЗАР АУДАРУЫ ОСЫНЫҢ АЙҒАҒЫ.
Қазақстандағы нарықтық реформалардың ерекшелігі болып валюталық
саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық
валюта бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты
қызмет атқаруы басты мәселе. Еліміздің валюталық саясатты жүзеге асыру
механизмі жан-жақты және толық зерттелмегендіктен, сонымен қатар оның
қазіргі негізгі талаптарға сай келмеуі, автормен таңдалған тақырыптың
өзектілігін айқындайды.
Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын
қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу
проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық
реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.
Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар
және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу
пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық
валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті
екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның
мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды
қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осыған орай, елдегі қазіргі валюта
саясатын жетілдіру және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру
мәселелерін аталған ретте зерттеу мен оған ғылыми негізделген ұсыныстар
жасау айырықша көкейтестілікке ие болып, осы зерттеу тақырыбының
өзектілігін толық растайды.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты:
Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы,
қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы
құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді
қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған
ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа
қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін
анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:
- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына
ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
- сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да
экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді
сипаттама беру;
- ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін
экономикалық шараларды айқындау;
- валюта бағамын реттеуде және тұрақтандыруда макроэкономикалық
көрсеткіштерге ықпал ететін валюталық саясаттың басым бағыттарын
бағалауға сараптама жасау;
- валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының
ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау;
- экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат
механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында
ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның
валюталық реттеу.
Зерттеу пәні ұлттық экономиканы валюталық реттеу процесінде
туындайтын валюта қатынастарының жиынтығы.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін валюта нарығының
жұмыс істеуі және даму заңдылығы, халықаралық капиталдың толық немесе
жартылай жұмылдырылуы жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын
тұрақтандыру бойынша мемлекеттің ақша-несие, валюта саясатының сыртқы және
ішкі қалыптасу заңдылықтарын ашып көрсететін шетелдік және отандық
экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық
құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының жұмыстың ақпараттық негізі ҚР Президентінің
жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Ұлттық Банкісінің, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу
бойынша Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі
Агенттігінің нормативтік актілері мен статистикалық мәліметтері, валюта
саясаты және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру проблемалары
бойынша министрліктер мен ведомостволардың статистикалық көрсеткіштері
жұмыс барысында пайдаланылды.
Зерттелетін проблемалардың әдістемелік мәселелерін негіздеуде және
шешуде қазіргі экономикалық теорияның іргелі қағидаларына сүйеніп, зерттеу
жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау
әдістерін қолданып, салыстыру арқылы статистикалық, кестелік мәліметтерді
талдаудың көмегімен шешімін тапқан.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстанның валюта саясатын
қалыптастыру мен реттеу, валюта нарығының жұмыс істеу заңдылығы және оны
дамыту стратегиясы, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға
бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған:
- валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеуді
үйлестірудің қазіргі заманғы валюталық реттеу принциптеріне
сүйенген теориялық негіздері нақтыланған;
- заңнама-құқықтық факторлардың әсерін ескеретін Қазақстанның ұлттық
валюта жүйесі қалыптасуының және дамуының кезеңдері айқындалған;
- макроэкономикалық көрсеткіштерге және валюталық бағамның
тұрақтылығына әсер ететін факторлардың ықпалын анықтауға мүмкіндік
беретін экономикалық шараларға сараптама жасалынған;
- отандық экономикаға валюта нарығының тигізетін кері әсерлерін
азайтуға бағытталған және валюта бағамының икемділігін арттыруды
қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу тетіктері ұсынылған;
- ұлттық қаржы нарығының дамуын ескере отырып валюталық тәртіптемені
ырықтандыруды жүзеге асыру арқылы Қазақстанның валюта саясатын
жетілдіру жолдары ұсынылған.
Зерттеу жұмысы нәтижесінің практикалық маңыздылығы алынған теориялық,
әдістемелік, практикалық қорытындылардың валюта саясатын жүргізу мәселесі
бойынша нақты ұсыныстардың нәтижелерін ақырына дейін жеткізуден көрінеді.
Бұл ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға, экономикада ішкі және
сыртқы тепе-теңдік жетістігін реттеу кезінде қаржы құралдарын пайдалануды
және одан әрі дамытуға, мемлекеттің валюта саясатын жүзеге асыру жолдарын
негіздеуде жүргізілген зерттеудің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінен
тұрады.
Диплом жұмысының құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.

1 Қазақстан Республикасында валюта саясатын қалыптастыру мен
дамытудың теориялық негіздері
1. Валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік
реттеудің мәні

Валюталық қатынастар дегеніміз әлемдік шаруашылықта қалыптасатын және
ұлттық шаруашылықтар нәтижелерімен айырбастауды қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар жүйесі. Валюталық қатынастардың кейбір элементтері Ежелгі Греция
мен Ежелгі Римде вексельдік және айырбас іс ретінде болған. Ал Орта
ғасырларда Лион, Антверпен қалаларында және Батыс Еуропаның басқа да
орталықтарында “вексельдік жәрмеңкелер” ретінде өткізілген.
Халықаралық валюталық қатынастардың дамуы өндірістік күштердің
өсуімен, әлемдік нарықтың пайда болуымен, шаруашылықтың әлемдік жүйесінің
құрылуымен, шаруашылық қатынастардың жаһанданумен байланысты.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастардың бір бөлігі, олар материалды өндіріс саласына, яғни алғашқы
өндірістік қатынастарға да, бөлу, айырбастау, тұтыну саласына да қатысты.
Валюталық қатынастар мен ұдайы өндіріс арасында тұра және кері байланыс
бар. Олардың объективті негізі тауарлардың, капиталдардың, қызметтердің
халықаралық айырбасы қоғамдық қатынастар процесі болып табылады.
Халықаралық экономикалық қатынастардың ең серпінді түрі халықаралық
валюта-қаржы қатынастары болып табылады. Валюта-қаржылық қатынастардың
ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекше. Өткені бұл жерде саясат пен
экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-
бірімен өріле араласып жатыр.
Валюта-қаржылық қатынастар ұдайы өндіріске қарағанда екінші орында
болғанымен, олардың салыстармалы түрде дербестігі бар және олар ұдайы
өндіріске кері ықпал етеді. Әлемдік шаруашылықтың интернационалдануы
жағдайында ұдайы өндіріске деген сыртқа факторлардың әсері күшейе түсуде.
Бұған, әсіресе, әлемдік өндірістің серпіні, шетелдік ғылым мен техниканың
даму деңгейі, халықаралық сауданың өрістеуі, шетелдік капитал ағыны тікелей
әсер етеді. Халықаралық валюта-қаржылық қатынастардың тұрақсыздығы,
валюталық дағдарыстар ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізуде.
Шаруашылық байланыстардың интернационалдануының негізінде халықаралық
валюта-қаржылық қатынастар бірте-бірте ұйымдастырылу қызметінің белгілі бір
түріне айналуда.
Валюталық реттеу бақылау тәртібін жүзеге асыру кезінде, мысалы, бағам
құрушы саясатта іске асады. Валюталық шектеуді ағымдағы халықаралық
төлемдерге кедергі жасаушы, шектеуші немесе мүлдем тоқтатушы шара деп
қабылдайды. Ал валюталық бақылау халықаралық төлем жасау алдында
статистикалық деректер жинау және капиталдың заңсыз түрде ағылуын тоқтату
мақсатында төлемшілердің міндетті түрде соғып өтуге тиіс “жолы” түсінуге
болады. Бірақ та көптеген дамыған елдер мен дамушы елдер өздерінде
валюталық шектеуді сақтап отыр. Ол тек ағымдағы операциялардың іске асуында
ғана емес, сонымен бірге ел мен ел арасында капиталдар қозғалысын шектеу
үшін қолданылады. Валюталық бақылаудың қызмет капиталдардың заңсыз
шығарылуына ғана қарсы бағытталып қоймай, импорт әкелушілердің төлемдерін
кідіртпеуге және заңды жолмен алынған, бірақ елдегі капиталдың
тұрақтанбауына жағдай жасаған инвестициялық әрекет жағдайындағы экспорттық
түсімдерді уақытында қайтаруға бағытталған.
Сонымен, валюта-қаржылық бақылау жүйесі дегенміз – валюта-қаржылық
қатынастарға қатысушылар арасындағы заңмен анықталған әртүрлі валюта-
қаржылық құндылықтардың орын ауыстыру тәртібін іске асырушы шаралар
жиынтығы. Валюта-қаржылық бақылау кезінде құндылықтармен жасалынатын
операцияларды кідірту немесе мүлдем өз билігіне алу сияқты шаралар жүзеге
асырылады. Ал, бұл өз кезегінде валюталық шектеуге айналады.
Халықаралық валюта-қаржылық қатынастар шаруашылық байланыстардың
интернацианализациялану негізінде ұйымдастырудың нақты түрлеріне ие болуда.
Валюталық жүйе — мемлекеттік заңмен немесе халықаралық келісім-шарттармен
бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу түрі. Ұлттық,
әлемдік, халықаралық (аумақтық) валюталық жүйелер түрлері болып бөлінеді.
Ұлттық валюталық жүйе мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі
болғанымен, ұлттық шекарадан асып кетеді және әлемдік валюталық жүйемен
тығыз байланысты. Әлемдік валюталық жүйе дегеніміз мемлекет аралық
келісімдермен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру
түрі. Әлемдік валюталық жүйе ХІХ ғ. ортасынан бастап қызмет етуде. Әлемдік
валюталық жүйенің қызмет етуі мен тұрақтылығы әлемдік шаруашылық
құрылымының қағидаларына, күшті елдердің мұқтаждарына сәйкес болуына
байланысты. Аталмыш жағдайлардың өзгеруіне байланысты әлемдік валюталық
жүйелердің дағдарыстары болып тұрады әрі олар ескі жүйенің құлдырауына,
оның орнына жаңа жүйенің орнығуына әкеп соғады.
Ұлттық және әлемдік валюталық жүйелердің өзара байланысы ұқсастығын
білдірмейді, өйткені олардың міндеттері, қызмет ету және реттеу шарттары,
кейбір елдердің экономикаларына және жалпы әлемдік шаруашылыққа тигізер
әсері әртүрлі байланысы мен айырмашылықтары ұлттық және әлемдік валюталық
жүйелердің элементтерінде көрінеді.
Ұлттық валюталық жүйенің айналысында ұлттық валюта жүреді, ал әлемдік
валюталық жүйеде — резервтік валюталар және халықаралық есептік бірліктер.
Халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша валютаға айналады.
Еркін айырбасталатын ұлттық валютаның ерекше категориясы ретінде резервтік
валюта болып табылады. Ол халықаралық төлемдік және резервтік құрал
қызметін атқарады, валюталық курсты анықтау үшін негіз ретінде қолданылады,
валюталық интервенцияларда кең пайдаланылады. Бреттон-Вудс валюталық жүйесі
кезінде доллар осындай үстемдікке ие болған.
Ұлттық жүйеде валюталық қатынастарды елдің валюталық қатынастарын
реттейтін және басқаратын органдар жүргізеді, ал әлемдік жүйеде — мемлекет
аралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар жүргізеді.
Валюта курсы валюта-қаржылық қатынастар жүйесінің жағдайын көрсететін
орталық элементі болып табылады. Валюталық курсқа келесідей анықтама
берілген: валюта курсы деген басқа елдердің ақша бірлектеріндегі бір елдің
бірлігінің бағасы.
Өнім және оны өндірушілер мен сатып алушылар валюталық курс көмегімен
ұлттық бағаларды басқа елдердегі бағалармен салыстырады. Осындай жағдай
сатып алу қабілетінің тепе-теңдік теориясының негізін қалайды.
Валюта бағамдарын болжау үшін сатып алу тепе-теңдік теориясын іс-
жүзінде қолдану сатып алу тепе-теңдігі әртүрлі болғандықтан өте қиынға
соғады. Валюталардың сатып алу қабілетінің тепе-теңдікті анықтау
әдістемелерін жетілдірген жағдайда ғана оны ұлттық экономикалық саясатты
дайындау үшін қолданатын болады.
Біріншіден, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі іс-жүзінде валюта
бағамдарының ара-қатынас жағдайының көрсеткіші ретінде қарастырылады. Бұл
әртүрлі ел арасындағы баға деңгейлеріндегі айырмашылықты көрсете алады.
Екіншіден, сатып алу қабілетінің тепе-теңдік инфляция деңгейі жоғары
елдердің нақты табыстары мен олардың деңгейлерін өтпелі кезеңдегі
халықаралық жағдайлармен салыстыру кезінде қолданылады.
Сатып алу қабілетінің тепе-теңдікті есептеуді орталық банктер ұлттық
валюталардың тиімді бағамын орнату үшін тұғыр ретінде қолданады. 50-60-шы
жылдары бағалардың тұрақтылығын сақтап қалу үшін Батыс Германия басқа
инфляцияға ұшыраған валюталарға қарағанда марка бағамын жыл сайын 10%
көтеріп отырады.
Әдетте, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін анықтауды зерттеушілер
нарықтық валюта бағамдарының “төмен” не “жоғары” болатынын дәлелдеу үшін
қолданады.
Валюталық бағамды орнату тәртібін ескере отырып, Халықаралық валюталық
қор 1982 жылы олардың бағамдарының өзгеруінің дәрежесіне байланысты барлық
валюталарды үш топқа түрлендірді :
1) валютаның тіркелген бағамы;
2) валютаның шектелген икемді бағамы;
3) валютаның құбылмалы бағамы.
Алғашқыда тіркелген бағам ресми түрде Бреттон Вудс келісімімен
тіркелген еді. Ол 0,75-1% шектерінде еркін нарықтық айырбас бағамдарының
ауытқуын ұйғаратын ресми түрде мәлімделген паритеттерге қатысты валюта
бағамдарын бекітуді орнату жолымен жүзеге асқан.
Валюта бағамын әлемдік экономикадағы елдің орнын сипаттайтын көрсеткіш
ретінде қарастыру және оның пайда болуын тек халықаралық сауданың дамуымен
байланыстыру жеткіліксіз. Ол ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштермен
өзара тығыз байланыста бола тұра, сыртқы факторлардың экономикаға әсерін
тигізе отырып, оның өзгеруі әлемдік шаруашылық байланыстағы елдің орнының
өзгеруін білдіреді деу шындыққа саяды.
Валюталардың айырбас бағамының түпкі тепе-теңдігінің өзгеруіне әсер
ететін бірнеше факторлар бар. Олар құрылымдық (ұзақ мерзімде әсер ететін)
және жағдаяттық (валюта бағамының қысқа мерзімді ауытқуларын айқындайтын)
болып екіге бөлінеді. Құрылымдық факторлар деп инфляция қарқынын, елдің
төлем теңгерімінің жағдайын, әртүрлі елдердегі проценттік мөлшерлеменің
айырмашылығын, валюталық саясатпен экономикадағы ауытқудың деңгейін айтуға
болады. Ал жағдаяттық факторлар валюта рыногындағы операциялармен жалдаптық
валюталық операцияларды рыноктар арасындағы капиталдың ағылуын, саяси
болжалдарды, рыноктардағы валютаны қодану дәрежесін және т.б. жатқызуға
болады.
Осы факторлардың валюта бағамына әсер ету механизмін және валюта
бағамының кейбір макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін нақтырақ
қарастырайық.
Валюталық бағам мен инфляцияның өзара байланысы. Әдетте, инфляция деп
тұтыну және басқа да бағалардың өсуін айтады. Басқа тең жағдайларда елдегі
инфляцияның деңгейі валюта бағамы шамасына кері пропорционалды әсер етеді,
басқаша айтқанда, елдегі инфляция деңгейінің жоғарлауы ұлттық валютаның
құнсыздануына әкеп соғады. Ал егер инфляция қарқынының жоғары деңгейі
шетелде байқалса, онда шетел валютасына қарағанда ұлттық валюта
қымбаттайды.
Төлем теңгерімнің валюта бағамына әсері. Төлем теңгерімі валюта
бағамының серпініне тікелей әсер етеді. Елдің төлем теңгерімі деп белгілі
бір уақыт мерзімінде шет елден түсетін барлық төлемдердің және берілген
елдің басқа елдерге ақша төлемдерінің жүйелі жазбаларын айтады.
Төлем теңгерімі мемлекеттің сыртқы экономикалық операцияларының
көлемін, құрылымын және сипатын сандық немесе сапалық жағынан көрсетеді.
Осылайша, активті төлем теңгерімі ұлттық валюта бағамының көтерілуіне әсер
етеді. Өйткені, шетел қарызгерлері валютаға сұраныс ұлғаяды. Ал, пассивті
төлем теңгерімі ұлттық валюта бағамының төмендеуіне беталыс алады, өйткені,
отандық борышкерлер ұлттық валютаны өздерінің сыртқы міндеттерін өтеу үшін
шетел валютасына сатуға тырысады. Төлем теңгерімінің валюта бағамына
әсерінің мөлшері ел экономикасының ашық деңгейімен анықталады. Осылайша,
жалпы ұлттық өнімдегі экспорттың үлесі жоғарырақ болған сайын (экономика
ашықтығының деңгейі жоғары болған сайын), төлем теңгерімінің өзгеруіне
қатысты валюта бағамының икемділігі жоғарылайды.
Сондай-ақ, ұзақ мерзімді жоспарда ағымдағы бағам тепе-теңдік бағам
айналасында ауытқиды деп ұйғарылады, тар мағынада төлем теңгерімінің тепе-
теңдік жағдайын қамтамасыз ететін бағам айналасында және орта есеппен төлем
теңгерімінің теріс не оң айырмасының теңелуін қамтамасыз етеді. Бұл кезде
елдің алтын-валюта қорларының деңгейі едәуір көтеріледі, өйткені
теңгерімнің теңелуі валюта бағамы арқылы емес, алтын-валюталық қорлар
есебінен болады. Олай болса жиі кездесетін тепе-теңдік бағамы деп алтын-
валюта қорларын өзгертпейтін аталмыш елдердің төлем теңгерімдерінің
жұмыспен толық қамтамасыз ететін стандартты уақыт ішінде тепе-теңдікті
қамтамасыз ететін бағамын айтады деген анықтамалармен келісуге болады.
Проценттік мөлшерлемелер өзгерісінің валюта бағамына әсері.
Проценттік мөлшерлер өзгерісі валюта бағамына екі жақты әсер етеді.
Бір жағынан олардың ел ішіндегі номиналды түрде төмендеуі ұлттық валютаға
деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соғады, өйткені кәсіпкерлерге несие алу
қымбатқа түседі. Егер де несиені алатын болса, кәсіпкерлер өздерінің
өнімдерінің өзіндік құнын көтереді, бұл ел ішіндегі бағалардың өсуіне әкеп
соғады. Сөйтіп, салыстырмалы түрде шетелдік валютаға қарағанда ұлттық
валютаны құнсыздандырады.
Екінші жағынан нақты проценттік мөлшерлердің (басқаша айтқанда
инфляция қарқынына түзетілген номиналды проценттік мөлшерлеме) көтерілуі
қалыпты жағдайда осы ел ішінде шетелдіктер үшін қаражаттарды орналастыруды
тиімді етеді. Сондықтан да нақты проценттік мөлшерлемелері жоғары елдерге
капиталдар ағылып келіп, сол елдің валютасына деген сұраныс көтеріліп,
валюта қымбаттайды.
Сонымен қатар, валюта бағамына бюджеттік тапшылықтың әсер еткенін де
айта кеткен жөн.Бюджеттік тапшылық бюджетті не қолда бар өз қаражаттары
арқылы, не шетелден қаражаттар тарту есебінен қаржыландыруды қажет етеді.
Содан проценттік мөлшерлемелер көтеріледі, ал олардың ықпалы қандай
болатынын жоғарыда айттық.
Тәжірибе көрсеткендей, бюджеттік тапшылық факторы қысқа мерзімде
валюталық бағамға төмендету әсерін тигізбейді, өйткені инвесторлар уақытша
жағдаятты қолданып, бюджеттік тапшылығы бар мемлекетпен үйлестірілетін
бағалы қағаздардың жоғары тиімділігін өз қаражаттарымен осы қағаздарға сала
отырып, пайдаланады. Сонда да, ұзақ мерзімде аталмыш факт валюта бағамына
төмендеуші қысым жасайды. Өйткені, салынған қаражаттар елден сыртқа
шығарылғаннан кейін, валютаның бағамы түседі. Ал осы қаражаттарды елде
сақтап қалу үшін мемлекет үнемі бағалы қағаздардың жоғары тиімділігін
сақтап отыруы керек.
Валюта бағамы өзгеруінің жағдаяттық факторлары. Аталмыш факторлар
қысқа мерзімде валюта бағамы мөлшеріне айтарлықтай әсер етеді.
Экономиканың ғаламдану жағдайында қысқа мерзімдік валюталық
операциялардың рөлі өсуде. Бір аймақтан басқа аймақтың қаржы рыногындағы
валюта ағымдарының ауысуы осы аймақтардағы елдердің валюта ағымындағы
бағамдарына әсер етеді. Жүйелік сипаттағы түзетуші бағам құрушы әсердің
жоқтығынан қысқа мерзімді операциялар валюта және қаржы рыногындағы
операциялардың тиімділігіне де әсер етуі мүмкін. Дамушы елдердің қаржылық
саласы нақты экономикадан алыстауы ескеріле отырып, бағалы қағаздар
бағамдарының өзгеруі валюталық бағамға жанама әсер етеді.
Саяси болжамдар да маңызды роль атқарады. Дамушы елдердегі кез келген
саяси өзгерістер қаражаттардың жылыстауына және бағамның төмендеуіне әкеп
соғуы мүмкін. Мұндай жағдайлар 90-шы жылдарда орын алған.
Сонымен қысқа мерзімді валюта бағамына валютаның нарықтағы
операцияларының әсері бар. Осындай операциялардың көлемі валюта бағамдары
өзгеруіндегі келешекке қатысты болжамдарға тәуелді. Ал бұл болжамдар
нарыққа түсетін ақпараттардың әрекетінен құралатынын ескеру керек. Осы
мәліметтер барлық жағдайларда объективті және жан-жақты бола алмайды, кейде
ірі ойыншылардың субъективті бағамдары валютаның нарықтағы ауа-райын
жасайды. Валютаның бағам деңгейінің өзі тек ұзақ мерзімде және жүйелі түрде
ғана нақты экономикадағы объективті процестерді бейнелей алады. Валюталық
нарық валютаның алып-сатарлықпен “қапыл” ақшалардың сұрапыл қозғалысының
мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Валюта бағамына халықаралық есеп айырысуларда және евронарықтарда
валютаны пайдалану дәрежесі де әсер етеді. Мысалы, еуробанктердің доллар
бойынша жүргізетін операцияларының 60 %-ті осы валютаға деген сұраныс пен
ұсыныс көлемін анықтайды. 90-шы жылдардағы халықаралық есеп айырысуларда
доллардың үлесі 50 %, сыртқы қарыздарда оның үлесі 70 %-ке жеткен еді.
Сондықтан да әлемдік бағалардың дүркін-дүркін көтерілуі, мемлекеттердің
қарыздары бойынша есептеулердің өсуі доллардың сатып алу қабілеті
төмендегенімен де оның бағамының жоғарылауына әсер етеді.
Валюталардың бағамдық ара-қатынасына халықаралық төлемдердің дамуы не
тежелуі де әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендетілуін күтіп отырған
агенттер шетел валютасындағы ұлттық валюта бағамының көтерілуінен зардап
шекпеулері үшін тезірек өткізгісі келеді. Бұндай “ледз энд легз” деп
аталатын тактика валюта бағамына ғана емес, сонымен бірге төлем теңгеріміне
де әсерін тигізеді.
Сонымен бірге валюта бағамына өкіметтің экономикалық жағдайы да әсер
етеді. Құбылмалы бағам елдегі экономикалық шарттарының өзгеруіне байланысты
ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Еркін құбылмалы валюта
бағамына сыртқы сауда теңгерімінің нашарлауы (теріс сальдо) валюта
жағдайына әсер ете отырып, оның бағамының түсуіне әкеп соғады. Елден шетел
валютасының жылыстауы (кетуі) айналымдағы ұлттық ақшалардың жалпы көлемін
қысқартпайды да, ақша бірлігінің бағамы төмендемейді, керісінше оң сальдода
оның бағамы көтеріледі. Ұлттық валютаның бағамына әлемдік рыноктағы болған
жағдайлар әсерін тигізеді.
Сонымен, валютаның бағам құрылымы көп факторлы қиын процесс. Сондықтан
да валюта бағам болжау кезінде жоғарыда аталған факторлар және олардың
әсерлері қарастырылады. Әлемдік экономиканың дамуындағы алғашқы валюта
курстары еларалық айырбасқа қызмет етіп, халықаралық саудада болған ара
қатынастармен анықталатын еді. Уақыт өткен сайын, экономикалық
байланыстарды әртараптандырған сайын, интеграциялық процестер дамыған сайын
валюта курстары қайта есептесу коэффициенті қызметінен айырылып, сыртқы
сауда айналымына қарапайым қызмет ету шегінен шықты. Олар көптеген макро
және микро экономикалық факторлармен ықпалдаса отырып, сонымен қатар оларға
да әсерін тигізе отырып, әлемдік экономикалық процестерге қызмет етуге
кіріседі.
Әлемдік тәжирибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу мемлекеттік пен нарықтық реттеу
жүзеге асады. Валюталық нарықта валютаға деген ұсыныс пен сұраныс
қалыптасып, курстық қатынас орнайды. Нарықтық реттеуге құн заңы мен ұсыныс
пен сұраныс заңы әсер етеді. Құндық механизм және валюталық курс серпіні
арқылы нарықта экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың
қажеттіліктері мен ұсыныс мүмкіншіліктерін біле алады. Сондықтан, нарықтың
өзі валюталық операциялардың жағдайы жөнінде мағлұмат бере алады.
Бірақта мемлекет валюталық қатынастарға араласады — алғашқыда жанама,
кейінен тікелей араласты. Нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін бірі
толықтырып отырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген даму ынталарын
тудырады, ал екіншісі, валюталық қатынастардың нарықтық реттеудің кері
әсерлерін жоюға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономиканың реттеу жүйесінде басты орын валюталық саясатқа
берілген. Валюталық саясат дегеніміз елдің стратегиялық және ағымдағы
мақсаттарымен сәйкестірілген халықаралық валюталық және басқа да
экономикалық қатынастар саласындағы жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Ол
экономикалық саясаттың басты мақсаттарына жетуге бағытталған: экономикалық
өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету; жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің
өсуін тоқтату; төлем балансының теңгерілуін ұстану.
Валюталық саясаттың бағыты мен нысаны елдің валюта-экономикалық
жағдайымен, әлемдік шаруашылықтың даму деңгейімен, т.б. анықталады. Әртүрлі
тарихи кезеңдерде валюталық саясаттың бірінші кезегіне нақты міндеттер
шығады: валюталық дағдарыстан шығу және валюталық тұрақтылықты қамтамасыз
ету; валюталық шектеулер, валюталық айырбастылыққа ауысу, валюталық
операцияларды ырықтандыру және т.б.
Валюталық саясаттың негізі белгілі бір теория болып табылады. Валюталық
саясат ресми түрде валюталық заңдылықпен бекітіледі. Валюталық заңдылық
дегеніміз валюталық құндылықтарымен жасалынатын операциялардың тәртібін,
валюталық келісім-шарттарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Валюталық саясаттың жүзеге асыру құралы валюталық реттеу болып
табылады. Валюталық реттеу дегеніміз халықаралық есеп айырысу мен валюталық
операцияларды жүргізу тәртібін мемлекетпен реттемелеу, ол ұлттық, мемлекет
аралық және аумақтық деңгейлерде жүргізіледі. Тікелей валюталық реттеу
заңдылық актілер және атқарушы билік органдарының әрекетімен жүзеге асады,
ал жанама реттеу — экономикалық агенттердің әрекетіне экономикалық, әсіресе
валюта-несиелік, әдістерді қолдану арқылы. Шаруашылық байланыстардың
жаһандануы мемлекетаралық валюталық реттеудің дамуына әкеп соқты.
Валюталық қатынастарды реттеу келесі деңгейлерді қамтиды:
• Валюталық ресурстары бар және валюталық операцияларды жүзеге
асыратын жеке кәсіпорындар, әсіресе, ұлттық және халықаралық банктер
мен корпорациялар;
• ұлттық мемлекет органдары (қаржы министрлігі, орталық банк,
валюталық бақылау органдары);
• мемлекет аралық деңгейде.
Валюталық, несиелік және қаржылық саясаттарды үлестіруші мемлекет
аралық реттеу келесідей себептермен шарттанған:
1. Ұлттық экономикалардың, валюталық, несиелік, қаржылық қатынастарды
қоса, өзара тәуекелділікті күшейту;
2. Шаруашылық қатынастарды ырықтандыру жағдайында нарықтық пен
мемлекеттік реттеудің арасындағы қатынастың өзгеруі;
3. Әлемдегі күштердің орналасуы; АҚШ-тың көш басшы болғаны қазіргі
кезде үш орталықтардың үстемдігіне ауысты — АҚШ, Батыс Еуропа,
Жапония және т.с.с.
Мемлекет аралық валюталық реттеудің органы Халықаралық валюталық қор
болып табылады, ал 70-шы жылдардың ортасынан бастап аз қатысушылармен
тұрақты отырыстарды өткізеді. Осы отырыстарды өткізуге энергетикалық
дағдарыс себеп болды, осыдан кейін экономикалық және саяси өзекжарды
мәселелер талқылануда. Тұрақты отырыстардың қазіргі кездегі себептері —
шаруашылық байланыстардың жаһандануы, елдердің экономикалық және саяси
дамудың тұрақсыздығы, серіктестік, қарамақайшылық. Сондықтан бірыңғай
экономикалық және саяси стратегияны әзірлеу үшін көптеген мемлекеттердің
басшылары жиналып, бірауыздан әрекет жасауда.
Мақсаттар мен нысандарға байланысты валюталық саясат құрылымдық және
ағымдағы болып бөлінеді. Құрылымдық валюталық саясат дегеніміз әлемдік
валюталық жүйеде құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін бағытталған ұзақ
мерзімді шаралардың жиынтығы. Ол валюталық саясаттың қағидаларын жетілдіру
мақсатында жүргізілетін валюталық реформалар түрінде болады. Құрылымдық
валюталық саясат ағымдағы саясатқа әсерін тигізеді. Ағымдағы валюталық
саясат дегеніміз валюталық курс, валюталық операция, валюталық нарық және
алтын нарығындағы әрекеттерді күнделікті әрі жедел реттейтін қысқа мерзімді
шаралардың жиынтығы.
Тәжірибеде валюталық саясаттың келесідей түрлері қолданылады:
дисконттық, девиздік саясат, валюталық резервтерді диверсификациялау,
валюталық шектеу, валюта айналымдылығының деңгейін реттеу, валюталық курс
тәртібі, девальвация, ревальвация.
Дисконттық саясат — халықаралық капиталдар қозғалысына әсер ете
отырып, бір жағынан ішкі несиелер, ақша массасы, бағалар серпініне, екінші
жағынан жалпы сұранысқа, валюталық курс және төлем балансын реттеуге
бағытталған орталық банктің есептік ставкасын өзгерту саясаты. Мысалы,
пассивті төлем балансы кезінде капиталдардың еркін қозғалу жағдайында
есептік ставкасын көтеру проценттік ставкасы төмен елдерден капиталдың
келуін ынталандырады және ұлттық капиталдардың кетуін тоқтатады, бұл өз
кезегінде төлем балансының жақсаруына және валюталық курс көтерілуіне әкеп
соғады. Ал, ресми ставканы төмендете отырып, орталық банк төлем балансының
активті сальдосын төмендету және өз валюта курсын азайту мақсатында ұлттық
және шетелдік капиталдардың ағылуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі жағдайда дисконтты саясаттың тиімділігі төмендеуде, бұл сыртқы
және ішкі мақсаттардың үлеспеуіне байланысты. Егер конъюнктураны жандандыру
мақсатында проценттік ставканы төмендетсе, капиталдардың ағылу себебімен
төлем балансына кері әсер етеді. Төлем балансын жақсарту мақсатында есептік
ставканы көтеру жалпы экономикаға кері ықпалын тигізуі мүмкін. Дисконттық
саясаттың тиімділігі мемлекетке шетел капиталдың келуіне байланысты, бірақ
қазіргі тұрақсыздық жағдайда капиталдардың қозғалысын болжау қиынға соғуда.
Девиздік саясат — мемлекеттік органдармен шетел валюталарын сату-сатып
алу жолымен ұлттық валюта курсына әсер ету әдісі. Ұлттық валюта курсын
көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын (девиз) сатады, ал төмендету
үшін — сатып алады.
Девиздік саясаттың жиі қолданатын түрі — валюталық интервенциялар,
яғни, шетелдік валюталарды сату-сатып алу жолымен ұлттық валюта курсына
әсер ету мақсатында валюталық нарықтар операцияларына орталық банктің
араласуы. Оның негізгі сипаты олар ірі болады және қысқа мерзімде
жүргізіледі. Валюталық интервенция елдің ресми алтын-валюта қор немесе
“своп” банк аралық келісім бойынша ұлттық валюталардағы орталық банктердің
өзара қысқа мерзімді несиелер есебінен жүргізіледі.
Валюталық резервтерді диверсификациялау — валюталық ысыраптан қорғану
үшін және валюталық интервенцияларды өткізуге, халықаралық есеп
айырысуларды қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі валюталар құрылымына енгізу
жолымен валюталық резервтер құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттердің,
банктердің, ТҰК (трансұлттық компаниялар) саясаты.
Валюталық паритеттер және валюталық режимдер ұлттық және мемлекет
аралық реттеудің объектісі болып табылады. Бреттон-Вудс келісімі бойынша
мемлекеттер ХВҚ өз ұлттық валюталар курсын алтынның ресми бағасына сәйкес
және долларға қатысты нарықтық курс негізінде тіркеді. Қорға қатысушы елдер
ұлттық валюталарының ауытқуын Ғ1% көлемінде ұстауға міндет етті.
Қазіргі кезде әлемде валюталық курстың оншақты түрі белгілі, өйткені
ХВҚ (1978ж.) өзгертілген Жарғысы қатысушы елдерге курстарды таңдауға
еркіндік берді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың аяғында ғана 51 валюта еркін
айналған (АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Жапония, Канада, т.с.с.).
Қосарлы валюталық нарық дегеніміз тіркелген және еркін валюталық
курстардың арасында орын алатын валюталық саясат түрі; 70-шы жылдардың
басында Бельгияда, Францияда, Италияда енгізілген. Бұның маңызы келесіде —
валюталық нарықты екіге бөлуде: Коммерциялық операциялар мен қызметтер
бойынша ресми валюталық курс қолданылады, ал қаржылық (несиелердің,
капиталдардың қозғалысы) операциялар бойынша — нарықтық. Коммерциялық
мәмілелер бойынша төмендетілген курс тауарларды экспорттауды ынталандыру
және төлем балансын теңгеру үшін қолданылады.
Девальвация мен ревальвация валюталық саясаттың әдістері. Девальвация
— шетел валюталарына немесе халықаралық валюталық бірліктерге қатысты
ұлттық валюта курсын төмендету. Оның объективтік негізі ресми валюталық
курстың нарықтық курсқа қатысты жоғарлауы болып табылады. Ревальвация
дегеніміз шетел валюталарына немесе халықаралық валюталық бірліктерге
қатысты ұлттық валюта курсын жоғарлату.
Девальвация мен ревальвация деген түсініктердің дамуы экономикадағы,
әсіресе, ақша-несиелік және валюталық жүйелердегі, өзгерістерді білдіреді.
Сыртқы тепе-теңдіктің жетістігі сыртқы экономикалық қызметті валюталық
реттеуге байланысты. Валюталық реттеу, жалпы аумақтылық валюталық
реттеумен, экономикалық анықтылықпен валюта операцияларын жүргізуде банктер
монополиясымен және валюта операцияларының негізділігімен, сондай-ақ
банктердің ұстанымдарын (позициясын) бақылау есебімен сәйкес әрекет етуге
тиіс.
Валюталық реттеудің соңғы объектілері болып, валюта бағамы және төлем
балансы табылады. Соңғы объектілерді реттеуді оңтайландыру үшін орталық
банктер валюталық реттеудің аралық объектісі ретінде резиденттер мен
резидент еместердің валюта операцияларын жүргізудегі тәртібін белгілейді.
Валюталық реттеудің негізгі құралдары дисконттық, девиздік саясат
болып саналады. Оның әр алуан түрі мыналар: валюта басқыншылығы
(интервенция), валюта резервін әртараптандыру (диверсификация), валюталық
шектеу, валютаның айырбасталымдылық дәрежесін, валюта бағамының
тәртіптемесін (режимін) реттеу, ақшаның құнсыздануы, бағамды көтеру [1, б.
12] (1-сурет).

Дисконттық саясат (есептік) – Орталық банктің есептік мөлшерлемесінің
өзгерісі. Ол бір жағынан – капиталдың халықаралық қозғалысына, екінші
жағынан – ішкі несиелер серпініне, ақша массасына, бағаға, жиынтық
сұранысқа ықпал ету жолымен валюта бағамын және төлем балансын реттеуге
бағытталады. Капиталдың салыстырмалы еркін қозғалысы жағдайында пассивті
төлем балансы кезіндегі есеп мөлшерлемесінің жоғарылауы пайыз ставкасы
төмен елдерден капитал ағынының құйылуын ықпалдандырып, төлем балансы
жағдайының жақсаруына және валюта бағамының жоғарылауына ықпал ететін
ұлттық капиталдардың кемуін ұстап тұруға себеп болады.

Ұлттық валютаның валюта басқыншылығы, ақша құнсыздануы, бағамды
көтерудегі валюталық реттеудің экономикалық әдістерінің, ал валюталық
шектеу, ұлттық валютаның айырбасталымдылық тәртіптемесін белгілеу валюта
қатынастарын әкімшілік реттеудің құралдары болып саналады. Алайда валюта,
ақша-несие және бюджет саясаттарының мақсаттары келісілмеген жағдайда
валюталық реттеудің шаралары тиімсіз болып шығуы мүмкін.
Валюталық реттеудің мазмұны валюталық шектеудің басымдық ролін
анықтайды, батыс экономистері валюталық шектеуді азаматтардың өз елінің
валютасын шетелдікке айырбастау құқын шектейтін немесе қатаң қадағалайтын
үкіметтік шаралар жүйесі ретінде түсінеді. Валюталық шектеу жүйесінің
мақсаты капиталдың сыртқы айналымын қысқарту болуы да мүмкін. Біздің
пікірімізше, аталған баяндау валюталық реттеудің негізгі құралы саналатын
валюталық шектеудің мәнісін жеткілікті деңгейде ашпайды [2, б. 215-230].

1 сурет Валюталық саясат және валюталық саясат құралдары [5] негізінде
автор жасаған

Валюталық шектеу төлем баланстарын теңдестіруге, ұлттық валюта
бағамын қолдауға пайдаланылады. Пассивті төлем балансында ұлттық валюта
бағамын қолдау мақсатымен капиталдың жетілуіне шектеу шарасы қолданылады.
Мысалы, ұлттық, шетелдік валютаны, алтынды әкетуге шек қою; резиденттердің
шетелде есепшот ашуына тиым салу; шетел валютасымен несие беру және
басқалары. Активті төлем балансында елге капиталдың ағылуын тежеу, ұлттық
валюта бағамын жоғарылату мақсатымен резидент еместердің инвестициясына шек
қою және валюталық бағамның көп түрін енгізу секілді шектеулер қойылады [3,
б. 4]. Валюталық шектеу енгізгенде Халықаралық Валюта Қоры аз рол
атқармайды. Халықаралық Валюта Қорының негізгі мақсаты – әлемдік
экономиканы интернационалдандыруға кедергі келтіретін валюта шектеулерін
жою. Алайда валюталық шектеуге екі жағдайда рұқсат етіледі: ХВҚ-ның VІІІ
келісімінің бөлімі негізінде шектеуді сақтауға немесе ұзақтығын дәл
анықтап, өтпелі кезең бойына белгілеу; ХВҚ-ның ресми өтініші бойынша сол
Қорға мүше елдер тапшы валютаға шек қоя алады [4, б. 13-20].
Валюталық шектеу елдегі резиденттер мен резидент еместердің валюта
операцияларын реттеу бойынша белгіленген шараларды қарастырады. Валюталық
шектеудің түрлері елдегі экономикалық жағдайға және валюта нарығының жұмыс
істеу ерекшелігіне орай қолданылады.
Валюталық реттеу ақша-несие саясатының бөлігі болып саналады. Ол
субъектілердің валюта операцияларын жүргізу тәртібін белгілеу жолымен елде
экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталады.
Валюталық бақылауды жүзеге асыру экономикалық маңызға ие. Валюталық
бақылаудың орталық міндеті – әкімшілік әдістермен ұлттық валютаны қорғау.
Халықаралық Валюта Қоры Жарғысының VІІІ бөліміне сай қолданылған
шаралар ағымдағы операцияларды жүргізуге, резидент еместер үшін ұлттық
валютаның айырбасталымдылығын қамтамасыз етуге кедергі болмайды.
Валюталық бақылау – валюта операцияларының заңдылығы және мақсатқа
сай қамтамасыз етудегі мемлекеттің қызметі. Валюталық бақылау – валюта
нарығына қатысушыларға қойылатын талаптардың жиынтығы. Оның міндеттері
мынадай: жүргізілген валюта операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін
анықтау; шетел валютасымен төленген төлемдердің негізділігін тексеру;
есептің толық объективтілігін және валюта операциялары бойынша есеп-қисапты
тексеру.
Валюталық бақылау тетігіне объект, институттар, нысандар және бақылау
әдістері кіреді. Валюта бақылауының объектісі – валюта операциялары.
Бақылаудың институтын екі топқа бөлуге болады: валюта бақылауының органдары
және агенттері. Олар валюта бақылауы объектілерінің қызметтеріне бақылау
жасайтын валюта бақылауының субъектілері. Бақылаудың жүргізетін уақытына
қарай ол үш негізгі нысанға бөлінеді: алдын-ала, ағымдағы, кейінгі. Жиынтық
түрінде бұлар валюта бақылауының үздіксіз сипатын қамтамасыз етеді. Валюта
бақылауын жүзеге асырудың әдістері: бақылау, тексеру, ревизия, талдау.
Жиынтық түрінде бұлар валюта бақылауының кешенділігін қамтиды. Бақылау
баршаға ортақ мөлшер мен ережеге сай өткізіледі. Бақылау екі бағытта жүзеге
асырылады: нақты және қаржы ресурстарының қозғалысына орай жүреді. Айырбас
бағамының қатынасына қарай таңдалатын стратегияға ықпал ететін
аргументтерге шолу жасаған кезде мына негізгі бағыттарға назар аударған
жөн: баға тұрақтылығының шығынына және инфляцияның төмендеу мүмкіндігіне.
Біріншіден, инфляцияның төмендеу процесі әдетте өндірістің көлеміне
ықпал етеді.
Екіншіден, жоғары деңгейдегі инфляциялы экономиканы тұрақтандыру
белгілі бір уақытты талап етеді. Өндірістің қысқаруы жағдайындағы жалпы
шығындар экономикалық күйзеліс күшіне байланысты болады. Тұрақтылықтың
бүкіл кезеңінде экономикаға әсер етеді.
Елдің валюта жағдайы елеулі түрде бұзылған уақытта валюта шектеуінің
өз бетінше түрі енгізіледі. Бұл жағдайда шекара арқылы капитал қозғалысын
шектеудің алуан нысандары қолданылады. Бұл – бәрінен бұрын капиталды
экспорттау мақсатымен шетел валютасын елден алып шығуға тиым салу; белгілі
бір ел азаматының иелігіндегі шетел бағалы қағаздарын, облигацияларды,
сертификаттарды шекарадан әрі әкетуге тиым салу; белгілі бір елдің ішкі қор
нарығына шетелдің бағалы қағаздарын орналастыруға жол берілмейді.

2. Валюта бағамын қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың
маңызы

Халықаралық экономикалық операциялар бір валютаны екінші валютаға
айырбастаумен байланысты. Валютаның айырбас бағамы ел экономикасын қалған
әлеммен жалғастыратын шешуші баға болып саналады [5, б. 713-714]. Осыған
байланысты валюта арасындағы айырбастың белгіленген арақатынасын, яғни
валюта бағамын белгілеудің қажеттілігі туады. Бір елдің ақша бірлігінің
екінші бір елдің ақша бірлігінде айқындалу бағасын анықтауға мүмкіндік
болады.
Валюта бағамы айрықша сипаттағы ақша санатын иеленіп, ұлттық және
әлемдік экономиканың саласындағы өзара әрекетті бейнелейді. Экономикалық
санат (категория) ретінде валюта бағамы тауар-ақша қатынасын білдіреді.
Ұлттық нарықта ұлттық валюталар тауар құнының өлшемі ретінде қызмет етеді.
Халықаралық айырбас барысында әр алуан елдердегі бағаның арақатынасы ұлттық
ақша бірлігінің қатынасы ретінде көрінеді.
Ұлттық валютаның айырбас бағамын реттеу үшін айырбас бағамы бойынша
мақсатты бағытты таңдап, кейін осы бағамды соған сәйкес мақсатты бағдар
шеңберінде ұстау қажет.
Нақты тиімді айырбас бағамы айырбас бағамының тиісті бағдары болып
саналады. Макроэкономикалық тепе-теңдікке сәйкес айырбас бағамы, яғни ішкі
және сыртқы баланстар арасындағы келісімді қамтамасыз етеді деп танылған
бағам.
Нақты тиімді айырбас бағамы ұғымы алғаш рет өзгермелі айырбас
бағамына көшуге байланысты анықталды. Біріншіден, валютаның сыртқы
құндылығын бағалау үшін әрбір валютаның долларға шаққандағы бағамын білу
жеткілікті. Екіншіден, валюта бағамдары сатып алу қабілетінің тепе-
теңдігінен елеулі түрде ауытқыды. Үшіншіден, валюта бағамдарының серпіні
уақытының ұзақтығына байланысты әр алуан. Валюта бағамы тұрақты деңгейде
тұрмайды. Валюта бағамының ұзаққа созылған мерзімі әсіресе оның тиімді
екендігін айғақтайды. Дегенмен ұлттық валютаның айналымға шыққанынан бері
соңғы жылдарға дейін, яғни теңгенің айырбас бағамы долларға, еуроға және
ресей рубліне арақатынасы бірнеше рет өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі кездегі әлемдік практикада таразылаудың үш сызбасы кең
таралған. Таразылаудың екіжақты сызбасында жекелеген валюталардың салмағы
ретінде сол елдердің қарастырылатын елдің экспорты мен импортындағы
үлестері алынады. Аталған әдісті пайдаланып, валютаның салмағын есептеуге
және негіздеуге болады. Өзге ел нарығындағы бәсекелестіктің, баға
икемділігінің және экспорт пен импорттың валюталық құрылымның есепке
алынбауы осы сызбаның үлкен кемшілігі болып саналады.
Таразылаудың көпжақты сызбасында салмақ ретінде жекелеген елдердің
әлемдік экспортта өз үлестерін пайдалануы алынады. Аталған сызба үшінші
елдердің нарығындағы бәсекелестікті есепке алуға мүмкіндік беріп, алдынғы
сызбадағы өзге кемшіліктерді жоя алмайды.
Таразылаудың модельдік сызбасы салмақ алу үшін үлгілердің сан түрін
қолдануға негізделеді. Негізінен елдің сауда балансына валюта бағамы
өзгерісінің тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық сауда
үлгісі қолданылады. Алайда бұл таразылаудың аса күрделі әдісі болғандықтан
есеп айырысудың дұрыстығын тексеруге және қажетті жағдайда түзетілім
енгізуге әрдайым мүмкіндік бере бермейді.
Тиімді айырбас бағамдарын пайдалана отырып, олардың индекстер екенін,
солардың жәрдемімен валюта бағамдарының серпіні, сонымен бірге валютаның
сыртқы құндылығы өзгерісінің экономикалық процестерге тигізетін әсері
зерттелетіндігін түсінген жоқ.
Айырбас бағамын реттеудің мақсаты бағаның жағдайға тиісті реакциясын
қамтамасыз ету үшін атаулы айырбас бағамын мақсатты көрсеткішке барынша
жақын деңгейде ұстап тұру.
Әлемдік пайыздық ставкаға іZ тең пайыздың ішкі ставкасының мәнінде
бірлескен тепе-теңдік белгіленген кезде экономикада үш жақты тепе-теңдік
қамтамасыз етіледі.

i
IS LM

BP
i=iZ

Y* Y

1. сурет Капиталдың жұмылғыштығы жағдайындағы ашық экономикадағы тепе-
теңдік

Мұны кестелік әдіспен былай түсіндіруге болады: ІS, L M, ВР қисықтары
Y= Y* және і=іz параметрлеріне сәйкес келетін нүктеде қиылысады. Ол 3-
суретте көрсетілген. Сонымен капиталдың толық жұмылғыштығы жағдайында ашық
экономикада үш жақты тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тетік
қолданылады. Бұл валюта бағамының ағымдағы маңызына түзету жасаудың
есебінен жүргізіледі. ІS қисығы LM қисығын оның ВР-мен қиылысуға тиісті
нүктеден жоғарырақ қиып өтеді делік. Бұл – игілік және ақша нарығындағы
бірлескен тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыздың ішкі ставкасы әлемдік
мөлшерлемеден асып түсетінін білдіреді. Онда әлемдікпен салыстырғандағы
ішкі активтердің аса жоғары табыстылығына қарай шетел капиталының
экономикаға ағыны басталады. Шетел капиталының ағыны отандық валютаға
сұраныстың жоғарлауына қозғау салып, нәтижесінде валюта бағамы көтеріле
бастайды (ұлттық валюта “қымбат” болады). Ұлттық валюта бағамының
жоғарылауы таза экспорттың төмендеуіне апарып, нәтижесінде ІS қисығы солға
қарай жылжи бастайды. Пайыздың ішкі ставкасы әлемдік мөлшерлемемен
теңескенге дейін, яғни шетел капиталының ағынына қозғау салған себеп
жоғалғанша ІS қисығының солға қарай қозғалысы жалғаса береді.
Егер пайыздың ішкі ставкасы әлемдік деңгейден аз болса, онда елден
шетелге капиталды тасудың өсімі байқалып, ол шетел валютасына сұраныстың
ұлғаюына қозғау салып, соның салдарынан таза экспорттың өсуіне апарады. ІS
қисығы оңға қарай қозғалып, пайыздың ішкі ставкасы жоғарылайды. Алайда
аталған тетік валюта бағамын реттеу тәртіптемесіне байланысты әр түрлі
амалдар арқылы әрекет етеді. Соған сәйкес тепе-теңдікке бейімделу процесі
де, экономикалық саясат құралы да өзгешеленеді.
Үлгілерді талдау мынадай ең маңызды тұжырымға әкелді: ашық
экономикадағы кез-келген экономикалық саясаттың нәтижелері валюта бағамы
тәртіптемесін таңдауға байланысты.
Техникалық талдауда пайдаланылатын үлгінің өзге түрі ұдайы өзгеріп
отыратын жағдайда нарыққа қатысушылардың бет алысын бағдарлауына көмегін
тигізеді. Манделла-Флемиг үлгісі үш теңдеуден тұрады:
Y=C (Y-T) + I (r) + G + NX (e) IS (5)
MP = L (r,Y) LM
rd = rf.
Бірінші теңдеу ІS тауар нарығын сипаттайды. Ол Y жиынтық табысын C
тұтыну сомасына, I инвестициясына, G мемлекеттік көтере сатып алуға және NX
таза экспортқа тең дегенді білдіреді. Тұтыну көлемі Y-T таза табысына
тікелей тәуелді. Мұндағы T салықтар мен инвестициялар. Олар пайыз ставкасы
r, таза экспорт айырбас бағамы кері тәуелділікте болады. Үлгіде атаулы және
нақты айырбас бағамдары арасында айырма жасалады. Атаулы айырбас бағамының
өсуі экспорттың дамуын тежеп, импортқа дамуына әсер етеді.
Екінші теңдеу - LM ақша нарығын сипаттайды. Соған сәйкес нақты
көріністегі MP ақша ұсынып оларға деген сұранысқа L (r,Y) теңеседі.
Сұраныс пайыз ставкасына кері тәуелділікте болады.
Валюта бағамы шетел ақшасына шаққандағы ұлттық валютаның бағасын
білдіріп, сондай-ақ ол ақша массасының ұлттық экономикадағы және шетелдегі
өсу қарқындарының арақатынасына тәуелді болады. Демек, ұлттық валютаның
инфляциясы мен девальвациясының себептері бір жазықтықта жатыр. Ұлттық
валютаның бағамын салыстырмалы тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін ұлттық
экономикадағы ақша массасының өсуі шетелдегі ақша көлемінің өзгерісіне
сәйкес келуге тиіс. Ондайда ол ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік валюталық реттеу
Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттер
Халықаралық валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру
Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны нығайту мәселелері және оны шешудің жолдары
Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу
Қазақстан Республикасының ұлттық валюталық қалыптасуы мен дамуы
Пәндер