Бюджеттің шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ БЮДЖЕТІ: ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ЖҰМСАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1 Бюджеттік құрылымның қалыптасуы

2. 2 Бюджеттің қызмет етуі мен атқарылуын талдау

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯ

2. 1 Бюджет және бюджеттік инвестиция ұғымы

2. 2 Республикалық және жергілікті бюджеттердің инвестициялық жобаларын қарау және бекіту рәсімі

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3

5

5

13

19

19

24

25

28

31

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Рыноктық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.

Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарнамаларға және т. с. с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.

Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рол атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің ролін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді.

Рынок жағдайында бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, рыноктың инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы ролін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының бюджеттік инвестициясы: қалыптасу және жұмсалу мәселелерін анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттерді шешу керек:

- бюджеттің экономикалық мәні мен ролін анықтау;

- бюджеттің құрылымын талдау;

- бюджеттік инвестиция жүйесін зерттеу және бюджеттің атқарылуын талдау;

-бюджетаралық қатынастардың дамуының ерекшеліктері мен проблемаларын

айқындау;

- бюджеттік инвестицияны жоспарлау механизмінің жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу объектісі болып курстық жұмыста ҚР-да бюджеттік инвестицияның қалыптасуы мен атқарылудың экономикалық механизмі болып табылады.

Курстық жұмысты орындау барысында ақпараттық база ретінде ҚР-ның бюджеттік саясат бойынша құқықтық-нормативтік актілері, бюджеттік құрылым және бюджетаралық қатынастар бойынша мәселелерге байланысты отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбектері, ҚР-ның қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметтері, мерзімдік басылымдардың материалдары пайдаланылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс бетте орындалған, кесте мен суреттермен мазмұндалған.

1 ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ БЮДЖЕТІ: ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ЖҰМСАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Бюджеттік құрылымның қалыптасуы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар- бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Кірістердің көзі салықтар немесе оларға пара-пар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

- салықтық түсімдер;

- салықтық емес түсімдер;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

- ресми трансферттер түсімдері;

2) шығыстар;

3) операциялық сальдо;

4) таза бюджеттік кредит беру:

- бюджеттік кредиттер;

- бюджеттік кредиттерді өтеу;

5) қаржы активтерінен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

- қаржы активтерін сатып алу;

- мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6) бюджет тапшылығы (профициті) ;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :

- қарыздар түсімі;

- қарыздарды өтеу;

- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджеттердің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесіліматериалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.

Бюджеттің шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығыстардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығынтар;

2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты;

5) заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;

6) ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларға берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.

Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып саналады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмайтындықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.

Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резервтері:

1) төтенше резервтер;

2) шұғыл шығындарға арналған резервтер;

3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кірістіреді.

Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлуге тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерге бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.

Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті маслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы маслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшеріне ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді. Үкімет немесе жергілікті атқарушы органның резервтерінен бөлінген ақша қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.

Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.

Ағымдағы бюджеттік инвестициялық бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредитді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.

Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады.

Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

Бюджет профицитін пайдалану - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сай келеді.

Қазақстан Республикасының экономикасы басынан өткізіп отырған рыноктық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және қатысты тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляцияның процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның өзі қамтамасыз ету қажеттілігінен туып отыр.

Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар қаржыландырылады.

Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Презитентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.

Кесте 1.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті

:
2005: 2005
2006: 2006
2007: 2007
2008: 2008
2009: 2009
2010: 2010
2011: 2011
2012: 2012
2013: 2013
2014: 2014
: Түсімдер
2005: 279719
2006: 309547
2007: 398592
2008: 598746
2009: 746612
2010: 821160
2011: 1022256
2012: 1305124
2013: 2098532
2014: 1847225
: Оның ішінде:
2005:
2006:
2007:
2008:
2009:
2010:
2011:
2012:
2013:
2014:
: Салықтық түсімдер
2005: 204127
2006: 215620
2007: 330267
2008: 524058
2009: 635792
2010: 752785
2011: 947251
2012: 1186137
2013: 2003314
2014: 1667822
: Корпоративті табыс салығы
2005: 40285
2006: 38271
2007: 54759
2008: 163529
2009: 169047
2010: 209054
2011: 272632
2012: 382814
2013: 834332
2014: 776609
: ҚҚС
2005: 58801
2006: 81007
2007: 89030
2008: 115159
2009: 159913
2010: 175936
2011: 231338
2012: 242955
2013: 343926
2014: 489572
: Акциздер
2005: 16737
2006: 18853
2007: 18956
2008: 19285
2009: 21830
2010: 25443
2011: 26986
2012: 29913
2013: 33416
2014: 15799
: Шығыстар
2005: 341871
2006: 377397
2007: 468423
2008: 602024
2009: 759610
2010: 834165
2011: 1055942
2012: 1323821
2013: 1946146
2014: 1792530
: Тапшылық ( - ), профицит (+)
2005: -62152
2006: -67850
2007: -69831
2008: -3278
2009: -12998
2010: -13005
2011: -46183
2012: -18697
2013: + 4
2014: + 54 695

Кесте 2.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет құрылымы

%- пен нәтижеге.

:
2005: 2005
2006: 2006
2007: 2007
2008: 2008
2009: 2009
2010: 2010
2011: 2011
2012: 2012
2013: 2013
2014: 2014
: 1
2005: 2
2006: 3
2007: 4
2008: 5
2009: 6
2010: 7
2011: 8
2012: 9
2013: 10
2014: 11
: Түсімдер
2005: 100
2006: 100
2007: 100
2008: 100
2009: 100
2010: 100
2011: 100
2012: 100
2013: 100
2014: 100
: Салықтық түсімдер
2005: 73, 0
2006: 70, 9
2007: 84, 0
2008: 89, 3
2009: 86, 7
2010: 93, 2
2011: 94, 3
2012: 92, 2
2013: 95, 2
2014: 90, 3
: Корпорациялық салық
2005: 19, 7
2006: 17, 7
2007: 16, 6
2008: 31, 2
2009: 26, 6
2010: 27, 8
2011: 28, 8
2012: 32, 3
2013: 41, 8
2014: 42, 0
: ҚҚС
2005: 28, 8
2006: 37, 6
2007: 27, 0
2008: 22, 0
2009: 25, 2
2010: 23, 4
2011: 24, 4
2012: 20, 5
2013: 17, 2
2014: 6, 9
: Акциздер
2005: 8, 2
2006: 8, 7
2007: 5, 7
2008: 3, 7
2009: 3, 4
2010: 3, 4
2011: 2, 8
2012: 2, 5
2013: 1, 7
2014: 0, 9
: Салықтық емес түсімдер
2005: 5, 7
2006: 6, 1
2007: 6, 8
2008: 6, 6
2009: 9, 9
2010: 5, 6
2011: 4, 5
2012: 6, 3
2013: 3, 2
2014: 2, 7
: Капитал мен операциялардан табыстар
2005: 21, 2
2006: 22, 5
2007: 9, 1
2008: 4, 2
2009: 3, 5
2010: 1, 2
2011: 1, 2
2012: 1, 5
2013: 1, 6
2014: 0, 4
: Несиелендіруді есепке ала отырып шығыстар
2005: 100, 0
2006: 100, 0
2007: 100, 0
2008: 100, 0
2009: 100, 0
2010: 100, 0
2011: 100, 0
2012: 100, 0
2013: 100, 0
2014: 100, 0
: Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2005: 8, 6
2006: 8, 4
2007: 6, 2
2008: 5, 8
2009: 6, 7
2010: 5, 5
2011: 6, 4
2012: 6, 5
2013: 5, 3
2014: 5, 4
: Қорғаныс
2005: 5, 2
2006: 5, 0
2007: 3, 7
2008: 3, 4
2009: 4, 3
2010: 4, 5
2011: 4, 4
2012: 4, 4
2013: 4, 0
2014: 5, 7
: Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
2005: 8, 2
2006: 8, 2
2007: 6, 9
2008: 7, 9
2009: 8, 5
2010: 9, 3
2011: 8, 6
2012: 9, 0
2013: 7, 9
2014: 8, 7
: Білім беру
2005: 21, 5
2006: 18, 4
2007: 16, 8
2008: 14, 1
2009: 14, 0
2010: 14, 5
2011: 13, 9
2012: 14, 4
2013: 13, 2
2014: 6, 0
: Денсаулық сақтау
2005: 10, 3
2006: 6, 9
2007: 9, 6
2008: 9, 0
2009: 8, 2
2010: 8, 5
2011: 8, 4
2012: 9, 9
2013: 9, 5
2014: 4, 7
: Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек
2005: 7, 8
2006: 14, 2
2007: 34, 0
2008: 28, 4
2009: 24, 6
2010: 24, 1
2011: 22, 4
2012: 20, 6
2013: 17, 7
2014: 23, 1
: Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық
2005: 3, 2
2006: 3, 1
2007: 2, 6
2008: 2, 9
2009: 2, 4
2010: 2, 7
2011: 3, 2
2012: 5, 2
2013: 6, 1
2014: 2, 4
: Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік
2005: 1, 7
2006: 1, 1
2007: 1, 3
2008: 3, 7
2009: 0
2010: 3, 0
2011: 3, 2
2012: 3, 3
2013: 2, 9
2014: 3, 3
: Отын-энергетика кешені
2005: 0, 3
2006: 0, 1
2007: . . .
2008: . . .
2009: 0, 7
2010: 0, 9
2011: 0, 8
2012: 1, 9
2013: 1, 3
2014: 1, 9
: Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау
2005: 3, 1
2006: 1, 6
2007: 1, 5
2008: 1, 9
2009: 3, 0
2010: 3, 4
2011: 4, 4
2012: 5, 4
2013: 3, 3
2014: 4, 3
: Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және кен орындарын пайдалану
2005: 1, 7
2006: 0, 5
2007: 0, 6
2008: 1, 2
2009: 0, 6
2010: 0, 7
2011: 0, 4
2012: 0, 2
2013: 0, 3
2014: 0, 1
: Транспорт және байланыс
2005: 0, 1
2006: 0, 1
2007: 2, 7
2008: 6, 3
2009: 5, 8
2010: 6, 9
2011: 7, 7
2012: 7, 9
2013: 6, 1
2014: 7, 3
: Басқа да қызметтер
2005: 8, 2
2006: 6, 5
2007: 5, 6
2008: 5, 2
2009: 7, 8
2010: 5, 8
2011: 8, 1
2012: 5, 4
2013: 1, 7
2014: 4, 5
: Негізгі топқа кірмеген шығыстар
2005: 13, 3
2006: 19, 2
2007: -
2008: -
2009: -
2010: -
2011: -
2012: -
2013: -
2014: -
: Борышқа қызмет көрсету
2005: . . .
2006: . . .
2007: 4, 2
2008: 5, 9
2009: 5, 0
2010: 4, 7
2011: 3, 3
2012: 2, 6
2013: 1, 6
2014: 1, 7
: Ресми трансферттер
2005: . . .
2006: . . .
2007: . . .
2008: . . .
2009: . . .
2010: 1, 5
2011: 1, 2
2012: 0, 7
2013: 19, 0
2014: 20, 7
: Несиелендіру
2005: 6, 8
2006: 6, 6
2007: 4, 5
2008: 4, 3
2009: 4, 4
2010: 4, 0
2011: 3, 9
2012: 2, 7
2013: 2, 7
2014: 2, 2

2014 жылдың қорытыныдысы бойынша 126 244 259 мың теңге мөлшерінде түзетілген тапшылық көлемі кезінде республикалық бюджет бойынша 54 695 648, 5 мың теңге көлемінде профицит қалыптасты.

Сыртқы және ішкі үкіметтік борышты өтеуге пайдаланылмаған сыртқы және ішкі қарыз сомаларымен бірге 54 695 648, 5 мың теңгені құраған республикалық бюджеттің профициті сомасы 138 560 475, 5 мың теңге көлемінде 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы қорытындысы бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражатының бос қалдықтары сомасын құрады. .

Бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес түзетілген қарыздар түсімінің жоспары 209 652 486 мың теңгені құрады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1329 қаулысы) .

Капиталдың ішкі және сыртқы рыногында іс жүзіндегі қарызға алу 179 749 026, 8 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2014 жылы капиталдың ішкі рыногында қарызға алу шеңберінде жалпы сомасы 167 558 602, 1 мың теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар (бұдан әрі - МБҚ) орналастырды. МБҚ-ні олардың түрлері бойынша орналастыру былайша қалптасты:

- айналым мерзімі 10 және 15 жыл 57 344 047, 3 мың теңге сомаға мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) ;

- 42 102 342, 3 мың теңге сомаға айналым мерзімі 8 және 10 жыл мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) және бұдан басқа түсімдердің осы кодына қате 528, 1 мың теңге есептелді;

- айналым мерзімі 3 жыл, 4 жыл, 6, 7 және 9 жыл 68 111 684, 3 мың теңге сомаға мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) ;

Мемлекеттік сыртқы қарыздардың түсімі 12 190 424, 8 мың теңгені құрады және халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған 8 990 095, 3 мың теңге сомасындағы кредиттер және шетел мемлекеттерінен алынған кредиттер - 3 200 319, 9 мың теңге есебінен қалыптасты.

Бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес түзетілген қарызды өтеу жөніндегі шығыстар жоспары 95 888 262 мың теңгені құрады, олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі және сыртқы қарызын өтеуге пайдаланылды.

2014 жылы үкіметті борышты өтеу 95 884 199, 9 мың теңге көлеміндегі сомаға немесе жоспардың 100%-іне жүргізілді, оның ішінде: ішкі рынокта орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша - 83 720 187, 9 мың теңге, сырты қарыз шарттары бойынша - 12 164 012, 0 мың теңге.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014-2011 жылдарға арналған Орта мерзімді фискалдық саясатына сәйкес есепті жылы қызмет көрсету жағынан ең қымбат үкіметтік сыртқы қарызды мерзімінен бұрын өтеу арқылы үкіметтік борышты белсенді басқару жөнінде
іс-шаралар жалғастырылды.

Осылайша, 2014 жылғы қыркүйекте 8 266 455, 0 мың теңге сомасына сыртқы қарыз бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылды. Нәтижесінде Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі алдындағы жеті қарыз бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалды.

«Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) » бюджет бөлімінің шығыстарын қаржыландыру шеңберінде 12 480 035, 2 мың теңге сомасында 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысымен қалыптасқан бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану да жоспарланды. Іс жүзінде, қалыптасқан бюджет профициті салдарынан бұл сома және 138 560 475, 5 мың теңге (2014 жылғы бюджеттің пайдаланылмаған қаражаты) есепті жылдың соңына жұмсалмай қалды.

1. 2 Бюджеттің қызмет етуі мен атқарылуын талдау

2014 жылға арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2011 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспарында анықталған болжамды көрсеткіштердің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 523 қаулысымен қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014-2011 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатында (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат) анықталған салықтық-бюджет саясатының бағыттары негізінде әзірленді.

2014 жылғы болжамды және қалыптасқан негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы салыстырмалы деректер төмендегі кестеде көрсетілді:

Кесте 3.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Атауы
Өлшем бірлігі
Нақтыланған болжам
Атқарылуы

Ауытқуы

(4 бағ. - 3 бағ. )

Атауы: ЖІӨ
Өлшем бірлігі: млрд. теңге
Нақтыланған болжам: 8 725, 0
Атқарылуы: 9 738, 8
Ауытқуы(4 бағ. - 3 бағ. ): 1 013, 8
Атауы: өткен кезеңге %
Өлшем бірлігі: 108, 3
Нақтыланған болжам: 110, 6
Атқарылуы: 2, 3
Атауы: Тауарлардың экспорты (ФОБ)
Өлшем бірлігі: млрд. АҚШ долл.
Нақтыланған болжам: 29, 4
Атқарылуы: 38, 3
Ауытқуы(4 бағ. - 3 бағ. ): 8, 9
Атауы: ЖІӨ-ге %
Өлшем бірлігі: 42, 8
Нақтыланған болжам: 49, 5
Атқарылуы: 6, 7
Атауы: Тауарлардың импорты (ФОБ)
Өлшем бірлігі: млрд. АҚШ долл.
Нақтыланған болжам: 21, 0
Атқарылуы: 23, 7
Ауытқуы(4 бағ. - 3 бағ. ): 2, 7
Атауы: ЖІӨ-ге %
Өлшем бірлігі: 30, 6
Нақтыланған болжам: 30, 7
Атқарылуы: 0, 1
Атауы: Тұтыну бағаларының индексі
Өлшем бірлігі: Жылына орташа %
Нақтыланған болжам: 5, 7-7, 6
Атқарылуы: 8, 6
Ауытқуы(4 бағ. - 3 бағ. ): 2, 9-1, 0
Атауы: Долларға шаққанда теңгенің бағамы
Өлшем бірлігі:

Жылына орташа

%

Нақтыланған болжам: 127, 0
Атқарылуы: 126, 1
Ауытқуы(4 бағ. - 3 бағ. ): -0, 9
Атауы: Мұнайға дүниежүзілік баға (Brent маркасы)
Өлшем бірлігі:

АҚШ долл.

/баррель

Нақтыланған болжам: 55, 0
Атқарылуы: 65, 4
Ауытқуы(4 бағ. - 3 бағ. ): 10, 4

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014-2016 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерін болжау елдің экономикалық дамуының 2010-2012 жылдардағы негізгі үрдістерін, сондай-ақ дүниежүзілік тауар нарықтарында мұнайға (Brent маркасы) және металға бағаның өзгерістерін есепке алуға негізделді.

Орта мерзімді жоспарда 2014 жылға арналған ЖІӨ 8 065, 4 млрд. теңгені, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемін болжау - 2 528, 0 млрд. теңгені құрады, мұнайға дүниежүзілік баға бір баррель үшін 47 АҚШ доллары деңгейінде алынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 395 қаулысымен Орта мерзімді жоспардың болжамды көрсеткіштеріне мынадай өзгерістер енгізілді: 2014 жылғы ЖІӨ бағалау арттыру жағына 660 млрд. теңгеге нақтыланды және 8 725 млрд. теңгені құрады; негізгі капиталға салынатын инвестициялар 74, 1 млрд. теңгеге арттырылды және 2 602, 1 млрд. теңгені құрады; нақтылау кезінде қабылданған мұнайға дүниежүзілік баға бір баррель үшін 55 долларды құрады.

Негізгі көрсеткіштердің болжамын түзету мұнайға әлемдік бағаның одан әрі өсуімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2013 жылғы есепті деректерді нақтылауымен шартталған.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2012-2012 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен (бұдан әрі - Орта мерзімді жоспар) мамырда жүргізілген 2014 жылға арналған маңызды көрсеткіштерді бағалау қайта нақтыланған болатын. Маңызды көрсеткіштерді нақтылауды жүргізудің негізгі себебі дүниежүзілік тауар нарықтарындағы ахуалға қарағанда анағұрлым қолайлы болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2013 жылғы және 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ЖІӨ көлемі жөніндегі деректері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы төлем балансының деректері, мұнайға дүниежүзілік баға бойынша есепті деректер ескерілді.

Орта мерзімді жоспарға сәйкес мамырда жүргізілген 2014 жылғы ЖІӨ бағалау 1 037, 7 млрд. теңгеге арттырылды және 9 762, 2 млрд. теңгені құрады. 2014 жылғы ЖІӨ іс жүзіндегі көлемі Қазақстан Республикасы Статисика агенттігінің жедел деректері бойынша 9 738, 8 млрд. теңгені құрады және нақты шамада 2013 жылмен салыстырғанда (7 457, 1 млрд. теңге) 10, 6%-ке өсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау, оны жоспарлау мен қаржыландырудың дұрыстығын зерттеу
Шардара аудандық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Мемлекет шығыстар
Бюджет кодексінің атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Бюджет тапшылығы туралы
Қазақстан Республикасының бюджетінің атқарылуына талдау
Экономиканы қаржыландыруға бюджет шығындары
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және рөлі
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz