БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕФОРМАЛАУ ҮРДІСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

3. 2. БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕФОРМАЛАУ ҮРДІСІ

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылданған тәуелсіз мемлекетіміздің заңдарының бірі «Бюджет жүйесі туралы» болды. Республикадағы бюджетаралық қатынастарды реттеу заңдылықтарының негізі осы заң болып табылды. Бұл заңға сәйкес жергілікті бюджет республикалық бюджеттен тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойылған, жергілікті органдарға қолда бар қаражаттарын еркін пайдалануға құқық берілген.

Қазақстандағы бюджеттік үрдіс «Бюджет жүйесі туралы» Заңның үш рет (1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына «куә» болып, сонымен іргелесе келе жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, орындау және бақылаудың жаңа тәртібі анықталды. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жұмсаудың қағидаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:

1. Орталық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың тізімі анықталды;

2. Аймақтар бюджетінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін олардың орындайтын функцияларына сәйкес бюджет деңгейлерінің арасында табыстарды бөлу белгіленді.

3. Бюджеттің кредиторлық қарызының өсуінің алдын алу механизмдері жасалынды.

4. Барлық бюджеттен тыс қорлар қысқартылды.

Бүл заң шынайы тенденцияларға едәуір жақын болғанмен де, бюджет үрдісін жеткілікті деңгейде реттеуге дәрменсіздеу, кемеліне жетпеген болып шықты. Сонымен 2004 жылдың 24 сәуірінде Бюджет Кодексі қабылданды (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) . Бұл Кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі ережелерін, қағидалары мен механизмдерін, бюджет қаражатының құрылуы мен пайдаланылуын белгілейтін болады.

Бюджетаралық қатынастар - бұл бюджет үрдісіндегі жоғары және төмен тұрған бюджеттердің арасындағы қатынас. Бюджет мемлекеттің өз фуикцияларын орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік саясат шараларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері жүктелген функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы құралдарымен қамтамасыз ететіндей, өзара қарым-қатынастың тұрақтылығы мен айқындылығы қағидасына негізделген, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге ынталандыратындай бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру талап етіледі.

Бюджетаралық қатынастарды реформалау мемлекет пен экономиканың ілгерілеуі үшін аса қажет және соған орай қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды, соның ішінде бюджет деңгейлері арасында табыстарды бөлуді реформалау 1998 жылы басталған еді. Табыстарды бөлу тұрғысынан бюджеттік үрдісті жетілдіру үш кезеңнен өтті.

Бірінші кезең. 1995 жылдың 1 шілдесінде қабылданған Салықтық Кодексте салықтар мемлекеттік бюджет деңгейлері бойынша бөлінді. Онда салықтарды бөлудің жылдар бойы өзгеріп отырған әр түрлі тәсілдері қолданылды. 1996 жылы жергілікті бюджеттерге:

- акциздер (Павлодар облысы мен Алматы қаласынан басқа) - жалпы түсімдердің 100 пайызы;

- қосымша құн салығы -10 пайыздан 100 пайызға дейін;

- заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы барлық аймақтарда дерлік 40 пайыз мөлшерінде;

- жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.

1997 жылдан бастап қосымша құн салығы тұтасымен республикалық бюджетке түсті. 1997-1998 жылдары бюджетаралық реттеу заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы есебінен жүргізілді.

Екінші кезең. 1999 жылдан бастап барлық облыстар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер арасында табыстарды бөлудің бірыңғай нормативі белгіленді. Осы уақыттан бастап заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен ішімдік өнімдері бойынша акциздердің 50 пайызы, занды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық - 100 пайыз жергілікті бюджеттерге түсті.

Үшінші кезең. 2002 жылдан бастап бюджет деңгейлері арасында салықтың нақты түрін бөлшектеуді жүзеге асырмай-ақ, салықтардың түрлері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің табыс көздері дәл айқындалды.

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын ескере отырып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі оңтайландыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта осы бағытта бірқатар ілгері қадамдар жасалуда. Атап айтқанда, Республика Президентінің 2001 жылғы 24 қазанындағы №713 Жарлығымен мемлекеттік басқару деңгейлері және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру арсында өкілеттіліктерді ажырату жөнінде Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия жұмысының мақсаты мем-лекетгік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік қызметтерді тиімді бөлу, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Комиссия жұмысының шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 5 ақпанындағы №4 Қаулысымен мемлекетгік басқару деңгейлері мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру арасындағы өкілеттіліктерді шектеу. Тұжырымдамасының жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрып, жергілікті бюджеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін бюджетаралық қатынастарға оңтайлы көзқарасты қалыптастыру мақсатында төмендегідей төрт нұсқа жасақтады.

Біріншісі - оған тұрақтылық элементтерін бере отырып, яғни орта мерзімді кезеңге арналған субвенция мен бюджеттік алымдар мөлшерін бекіту арқылы қазіргі тәртіпті сактау. Көрсетілген тәртіпке сай бюджет деңгейлері арасында салық түрлері бойынша нақты бөлу сақталады. Басты проблема -облыстардың, айталық, донорлардың шығыстар нормативтерінің жүйесі қаншалықты сапалы деңгейде есептелсе де, әрқашан алымдардың белгіленген мөлшерінің әділдігі төңірегінде туындайды.

Екінші - әрбір нақты аймақ үшін жеке орта мерзімдік кезеңге арналған бөлудің тұрақты нормативтерін белгілей отырып, салықтардың реттелетін түрлерін анықтау. Осы нұсқа бюджеттік алымдар тетігін алып тастау мақсатында түрлі деңгейдегі бюджеттерді тік теңестіруді көздейді, яғни төлем салынатын кірістерден жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қайта бөлуді жүзеге асыру ұсынылады.

Үшінші нұсқа - республикалық бюджеттің кірістерінде төлем көзінен салынатын кірістерден алынатын жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты орталықтандыруды жүзеге асыру ұйғарылды. Осы жағдайда бюджетаралық қатынастар орта мерзімдік кезеңге тұрақтандырылған республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін субвенцияларды белгілеу арқылы қалыптастырылады. Көрсетілген нұсқа бюджеттік алымдар жүйесінен бас тартып, бюджетаралық қатынастардың қарапайымдылығын және айқындылығын қамтамасыз етеді.

Төртінші нұсқа - кәсіпорындар бойынша түсімдерді базалық (республикалық бюджетке) және аймақтық экономикаға (жергілікті бюджетке) бөлуге негізделген. Жергілікті бюджеттерді теңестіру үшін салықтармен реттелетін жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты және аймақтық экономиканың кәсіпорындарынан қосымша құн салығын анықтау көзделген.

Бұдан басқа бюджетаралық қатынастардың ұтымды үлгісін қалыптастыру шеңберінде селолық округтердің бюджеттерін қалыптастыру және аралық жерлерді институционалдық нығайту мәселесі қаралатын болады. Осы мақсатта тұжырымдамаға сәйкес ауылдық әкімдердің аппаратына заңды тұлға мәртебесі беріледі. Бұл оларға шаруашылық басқару құқығындағы оқшауланған мүлікті, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып алу жүзеге асыру құқығы беріледі. Сондай-ақ өз атауы бар мөр болуын көздейді.

Бюджетаралық қатынастар мәселесін зерттеушілердің ойлары бойынша, орталықтандырылмаған бюджет жүйесі әлдеқайда тиімді. Себебі мұнда шешімдер әр түрлі деңгейде қабылданады. Мұндай жүйеде салық салу деңгейі мен бюджеттік қызметтердің арақатынасы біртіндеп сол жердегі тұрғындардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкестеледі. Сонымен салықгың әрбір деңгейі жоғары қайтарымдылыққа ие болады. Бұл үшін бірнеше шарттардың орындалуы талап етіледі. Атавп айтқанда, азаматтық қоғамның болуы, аймақтардың өз ішінде инвестиция тарту үшін, жұмыс орындары үшін өзара бәсекелестік жүргізуі, шығындық өкілеттіліктердің нақты түрде бөлініп берілуі және табыс көздері тұрақты бекітіліп, бюджеттік теңестіру салықтық әлеует пен объективті қажеттіліктерге сай жасалуы қажет. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер (субвенциялар, субсидиялар, мақсатты трансферттер) тұрақты әрі мақсатты болуы тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерді қаржылай қолдаудың механизмінің объективтілігі мен айқындылығын күшейте түседі. Әр түрлі бюджет деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынастар жүйесі бірлік және дербестік қағидасына негізделуі қажет. Бюджетаралық қатынастар жүйесі нәтижелі жұмыс істеу үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қызметін күшейту керек. Сонымен, бюджетаралық қатынастарды реформалау, ең алдымен, жергілікті ортаның бюджет үрдісінің тазалығын, айқындығын қамтамасыз ететіндей ынталандыруды арттыруға бағытталуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизмін жетілдіру
Жергiлiктi экономиканы басқарудың механизмдерi мен мәселелерi
Рыноктық экономика жағдайында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшiн салықтық реттеу механизмiн жетiлдiру
Салық - бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде
Қ.Р - да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Муниципалды басқаруды жүзеге асыруда бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің рөлі
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Рыногтық экономика жағдайында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін салықтық реттеу механизмін жетілдіру
Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz