Салық төлеушінің тіркеу нөмірі жөнінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Бюджет

Салық

2009 жылға арналған міндеттер

Облыс бойынша сала жағдайы

Салықтар

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі жөнінде

Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру жеке тұлғаны
салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу.

Жеке тұлғалар салық төлеушінің тіркеу нөмірін алу үшін салық органына
өтініш беру міндетті.

Салық төлеуші салық органына мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бергеннен
кейінгі екі жұмыс күні ішінде оған салық төлеушінің куәлігін бере отырып
жүзеге асырады.

ҚҚС төлемгерлерін тіркеу

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан
Республикасының Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан
Республикасы 100-IV-Заңының 44-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші
ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудың тәртібі белгіленген.

1. 2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу
есебінде тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу
есебіне қойылғанын растау үшін орналасқан жері бойынша салық органына 2009
жылғы 1 желтоқсанға дейін мынадай құжаттарды:

1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін;

2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті;

3) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды
куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті. Құжат көшірмесінің
нотариаттық куәландырылған күні мен салық органына табыс етілген күні
арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауы тиіс. Мыналар:

азаматтарды тіркеу кітабы;

жылжымайтын мүлікті жалдау (сатып алу-сату) шарты;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де құжат дара
кәсіпкердің, заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып
табылады.

2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші өтініш берген күннен бастап
бір ай ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растау
немесе растаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қосылған құн салығын
төлеушіде салықтық өтініш беру күніне төмендегі жағдайлардың бірі немесе
бірнешеуі болған:

1) салық есептілігін беру жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесі болған;

2) заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы немесе дара кәсіпкер:

әрекетсіз дара кәсіпкер;

әрекетсіз заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы;

іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекеті шектеулі және (немесе) хабар-
ошарсыз кеткен;

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша
өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

іздеу салынған адам болып табылған ретте, қосылған құн салығы бойынша
тіркеу есебіне қойылуын растаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.

3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны расталған жағдайда
салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы
куәлікті беруді жүргізеді.

Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудан бас
тарту туралы шешімді салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда
береді.

4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау
үшін 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін салық органдарына өтініш жасамаған, осы
баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап
қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.

Олар жөнінде салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне
қоюды растаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған, осы баптың 1-тармағында
көрсетілген тұлғалар салық органы шешім қабылдаған күннен бастап қосылған
құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.

2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда берілген, резидент заңды тұлғаның
құрылымдық бөлімшесінің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы
куәлігін қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.

Жеке табыс салығы

Салық салу объектілері

1. Жеке тұлғаның:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс
салығы салынатын объектілер болып табылады.

2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер
ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген
тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма
ретінде айқындалады.

3. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет
қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен
өтемақылар;

2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет
көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын
жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,35 айлық есептік
көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік іссапарлар кезіндегі:

осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда болған
кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен
аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін іссапарда
болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген
мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы
есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік
мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде
жүргізетін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

6) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы
есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік
іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

7) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не көшкен)
кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге
үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен
байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге
жатқызылмайтын шығыстары;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде далалық
жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру
жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің далалық үлесі;

10) жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың өндіріс
объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы
үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы
тармақтың 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік өтемақы шегінде тұрғын үй
жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;

11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен
жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша
берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және
алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру
құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық
тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құны;

13) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өміріне және
денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;

15) төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған
кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер,
сыйақылар, ұтыстар сомалары;

16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты
бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшін өмірді
сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының
сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің
шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті
зейнетақы жарналарын уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе)
аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;

18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

19) мемлекеттік тіркеуге жататын және бір жыл және одан да ұзақ уақыт
меншік құқығында болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу
кезіндегі құн өсімі;

20) меншік құқығын тіркеу кезінен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт
меншік құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды
өткізу кезіндегі құн өсімі;

21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын, осы Кодекстің
180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан,
жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, саяжай құрылысы
және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін
өткізу кезіндегі құн өсімі;

22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен
айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы
кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-бабы
2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке
тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша
шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және
(немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін
құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;

24) жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және
жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға
алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;

25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының
опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз
болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды
орындау бағасы болып табылады;

26) жеке тұлғаға өтеусіз негізде жарнама түрінде берілген мүліктің тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық
есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде құны.

Салық салуға жатпайтын табыстар

1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері
алып тасталады:

1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары
бойынша оларға төленетін сыйақылар;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша
сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік
облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;

5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан
Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде
болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп
сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;

7) бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;

заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының
немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп проценті
дивидендтерді төлеу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын
пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса,
резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер;

8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін,
ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерінің белгіленген
тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері қызметтік міндеттерін
атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;

9) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша
ұтыстар;

10) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға
және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;

11) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбегіне ақы төлеу
түріндегі төлемдерден басқа);

12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін төлемдер;

13) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың,
І және ІІ топтағы мүгедектердің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен
еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен
және медальдарымен марапатталған адамдардың, сондай-ақ 1941 жылғы 22
маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде 6 ай жұмыс істеген
(қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен
мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және
медальдарымен марапатталмаған адамдардың, сондай-ақ бала кезінен мүгедек
адамның ата-аналарының біреуінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бір жылдағы 45
еселенген мөлшері шегіндегі табыстары;

14) ІІІ топтағы мүгедектердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бір жылдағы 27
еселенген мөлшері шегіндегі табыстары;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы
немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн
өсімінен түсетін табыстар.

Егер көрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік)
капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да
көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер
қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін
құраса, осы тармақша қолданылады;

16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор
биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында
ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;

17) бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбегіне ақы
төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

18) күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының
8 еселенген мөлшері шегінде медициналық қызмет көрсетулерге
(косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшін, бала туылған
кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.

Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық
қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты
шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны
туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан
босатылады;

19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық
немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

20) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі, сол елдегі табысы салық
салуға жататын шетелдіктердің ресми табыстары;

21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан
Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және соларға теңестірілген
өкілдіктерінде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен
шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

22) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы
төлемдері;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет
қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар
бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы);

24) осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 4)-6) тармақшаларында көзделген
қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыларды қоспағанда, жұмыс берушінің
қызметкерлерді өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға,
біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жұмсаған шығыстары. Осы тармақшаның мақсаты үшін жұмыс
берушінің өндірістік қызметімен байланысты қызметкерлерді мамандық бойынша
оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын шығыстарға:

оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстар;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға
жұмсалған нақты шығыстар;

оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайтуға жұмсалған
нақты шығыстар жатады;

жұмыс беруші:

қызметкердің Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін
арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық
есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

қызметкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан,
біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде -
тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде
қызметкерге төлеуге арналған ақша сомасы жатады;

25) осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған,
оқытуға бағытталған шығыстар;

26) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік
төлемдер;

27) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының
заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін
стипендиялар;

28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны.
Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру мақсатында
алған мүлкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы
жинақтарына қолданылмайды;

29) қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;

30) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың
құны;

31) осы Кодекстің 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың
қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты,
сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін сақтандыру төлемдері;

32) жұмыс беруші өз қызметкерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы
сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;

33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты
бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

34) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары;

35) қызметкер өз жұмыс берушісінен алған қарыз (кредиттік) қаражатты
пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

36) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан
алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда
алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;

37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең
ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған,
сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын
ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен
төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;

39) осы Кодекстің 224-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды
тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген, осы
Кодекстің 224-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы
салынған дивидендтер.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген І, ІІ және ІІІ топтардағы мүгедектерді
салық салудан босату мүгедектік белгіленген айдан басталған кезең ішінде
алынған табыстар бойынша беріледі.

Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері

Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік
тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы
салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының
12 еселенген мөлшері құрайды.

Салық ставкалары

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық
төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден
алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық
салынады.

Төлем көзінен салық алынатын табыстар

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға табыстардың мынадай түрлері
жатады:

1) қызметкердің табысы;

2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация

1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалардан жеке табыс
салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны және шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша
декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен
кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация
негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін
қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке
табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.

Мүлік салығы

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы

394-бап. Салық төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе
оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу
объектісі бар дара кәсіпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу
объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын
төлеушілер болып табылады.

396-бап. Салық салу объектісі

1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін негізгі құрал-жабдықтар немесе
жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан
Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық нысандары
ҚР-дағы салықтық әкімшіліктендіру саласы: проблемалары, даму перспективалары
Салық берешегін тексерудің экономикалық мәні
Салықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері
Мемлекеттің салық қызметті. Салық қызметтің мемлекеттік басқару. Салық комитетінің құқықтық мәртебесі. Салық органдар қызметкерілірінің құқықтық мәртебесі
Салық департаментінің құрылымы
Салықтық тексеру – салықтың бақылау формасы ретінде
Салықтық бақылау және Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі маңызы
Салық әкімшілігін жүргізу
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері туралы ақпарат
Пәндер