Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі


Мазмұны
КІРІСПЕ
1 МЕКТЕПТЕ БҰҚАР ЖЫРАУ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
1. 1 Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
1. 2 Жыраулық дәуірдің тарихилық тұстарын топтастыру әдістері
2 БҰҚАР ЖЫРАУ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
2. 1 Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары
2. 2 Бұқар жырау шығармаларындағы тәрбиелік мәні зор афоризмдер
2. 3 Бұқар жыраудың "Батырлар туралы" жырын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША 1
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
9
13
13
20
25
29
31
36
КІРІСПЕ
ХVІІІ ғ. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Бұхар жырау Абылай хан заманында өмір сүрген. Әкесі Қалқаман белгілі батыр. Оның өлеңдері өзі тұстас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ жеткен.
Бұхар жырау қазақ жеріне ертеден мәлім. Бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселені көтереді. Көп жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту мақсатын көздейді. Соған қоса жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке, бейбітшілікке, әділеттікке үндейді, ұстамды моральдық пікірлер ұсынады. Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. (Абылайға арналған өлеңдері) .
Курстық жұмыстың мақсаты - Бұқар жырау шығармаларының тәрбиелік мәнін анықтау.
Осы мақсатқа сүйене отырып, алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
- мектепте бұқар жырау шығармаларын оқытудың әдіс-тәсілдерін зерделеу;
- Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесімен танысу;
- Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеяларын қарастыру;
- Бұқар жырау шығармаларындағы тәрбиелік мәні зор афоризмдеді жинақтау.
Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы бір оқиғасы - жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жеріне баса көктеп енуі. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауыртпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол, әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшылармен бірге ақылшы, үгітші боп белсенділік көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан. («Тыңда мені, ерлерім. . », «Ордалы байтақ елім бар…» т. б. ) .
Бұхардың «Керей, қайда барасың?» өлеңі ханға қарсылық еткен рулы елді келіске келтіру жөніндегі билік сөзі, ел бірлігін жақтаған жыраудың жалынды жыры. Ол көп өлеңдерінде моральдық сарынға беріліңкіреп, ағайыншылықты, татулықты, достықты үгіттейді, өзімшілдіктен сақтандырады. («Батпақты сайға су түссе…», «Аңсаңнан биік тау болмас…») .
Бұхар тілі образды, тұспалды, суретті. Айтар терең ойларын ол жай баяндай салмайды. Ақындарға тән асыл сөздермен шарықтай, шабыт шақыра, асқақтата жырлайды. Сондай-ақ, жырау өлеңдері тұспал нақылдарға құрылған шешендік үлгісін танытарлық мәнді шығармалар. («Ел бастау қиын емес…», «Қатын алма төреден…», «Ақиық бүркіт төмендер…») .
Бұхар өлеңдерінің көбі - арнау. («Ей, Абылай», «Қалдан Серен») .
Жыраудың «Тілек» деген толғауының да бірқыдыру мәні бар. Онда ақын хан тілегіне қоса ел мүддесін жоғары қояды.
Бұхардың тіл ерекшеліктерін оның адам өмірі туралы жырларынан да айқын көруге болады. Әр қилы өмір белестерін жырлауда ақын дөп басып, орынды балама сөз тауып қолданады. Әрбір жастағы адамның қуаты, ой-сыры, мүмкіндіктері, айналасындағы өмірге көзқарасы жан-жақты ашылады. («Атан болған жиырма бес…», «Жетпіс бес жасқа келгенде…» т. б. )
Жыраудың поэтикалық тілге жетік, тұспал сөзге шешен адам болғанын басқа толғауларынан да көптеп кездестіреміз. Ол табан асты сөз тапқыш ақпа-төкпе сөз өнерінің жетік өкілі. Терең ойын көркемдей-кестелей білген ірі суреткер. Бұхар өлеңдері өзінің ұйқасы жағынан да көңіл аударарлық.
Бұхар шығармалары өзінің стилі жағынан ауыз әдебиетімен және өзінен бұрын жасаған Асан, Қазтуған, Шалкиіз толғауларымен сабақтас, ақыл, нақыл ғибрат, өсиет ретіндегі дидактикалық туындылар.
1 МЕКТЕПТЕ БҰҚАР ЖЫРАУ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
1. 1 Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Оқыту әдісі дегеніміз - оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы шығармашылык бірлескен тәсілі.
Дидактика оқушының өз ынтасын, ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұсынады. Басқаша айтқанда, әр оқушының ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттырып отыруы үзіліссіз процесс болуы керек.
Әдебиет - оқушылардың ішкі сезімін, эстетикалық талғамын туындылардың жанрларына қарай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қиялдарын дамытуға түрткі болар нысан.
Әдебиетті оқыту әдісін оның құралдарынан ажырата қараймыз. Әдіс тек әрекетпен тікелей байланысты. Ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт.
Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.
Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп айтамыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз.
Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізеді деген әдіс-тәсілдерді тандап алуы қарастырылады.
Ізденістің қарқынды (интенсив) амалдары мазмұн ретіне алгоритміне бағынады. 5 - 7-сынып аралығында оқушыларды, біріншіден, кітаппен жұмыс істей білу әдісіне машықтаңдыру әрекеті көзделеді.
Оқу техникасын сақтай отырып, оқығанын қатар түсіну керек.
Ол үшін темеңдегі әрекет әдістері жүргізіледі:
1) тақырыпты анықтау, өз-өзіне сұрақ қою, есеп беру;
2) материалды ынтамен оқу, оны бөлімдерге бөлу, оқығанды жоспарға . түсіру;
3) сұрақтарға жауап беру;
4) өз мысалдарыңды келтіру.
Мәтінмен жұмыс істеу оның мазмұн-құрылымына байланысты.
Көркем әдебиет мазмұны кейіпкерлердің іс-әрекетімен тұтастықта беріледі.
Екінші орында әдебиет қисынынан мағлұмат беру әдісі өткізіледі.
Көрнекілік әдісі. Демонстрация. Схема, таблица, сурет, диапозитив, диафильм.
Байқау әдісі. Оқу мақамы, жазу қарқыны сияқты әдістер 5-7-сыныптарда жиі қолданылады. Себебі оларсыз керкем шығарманың оқиғаларын, кейіпкерлер арасыңдағы қарым-қатынасын, олардың мінездерін көз алдына елестете алмайды. Осындай қабілеттілікті дамыту үшін, нақтылықтан дерексіз ойды тудыру үшін көрнекіліктің жоғарыда аталған түрлері пайдаланылады.
Тәжірибешілік әдіс. Тәжірибешіліктің өтілу барысы пәннің мазмұнына тікелей бағынышты. Мұның өзі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, темендегі талаптарды орыңдау арқылы жүзеге аспақ.
- алдымен оқушыға жаттығу жұмысының мақсатын, орыңдау ережесін алдын-ала ескертуі;
- жаттығудың мақамдарын үнемі өзгертіп отыруы;
- жаттығудың жүйелілігі.
Жаттығу жұмысы әдебиет сабағында мәтіннің тақырыбын, мұратын, мазмұн-құрылымын, кисынын меңгеруге машықтандырады.
Мақсатты жаттығулар оқушының дағдылары ұшталғанда ғана жүргізіледі.
Жаттығу жұмысының тиімділігі санатты оқушының өз-өзін бақылау әрекеті болғанда жоғары дәрежеге жетеді.
9-сыныпта оқудың мақамы да өзгереді. Оқушылар ауыз әдебиетінің әр түрлі жанрларымен танысып, қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихы бойынша жеке шығармаларды бағамдауға бағыт алады.
Бұхар жырау Қалқаманұлы - әдебиетте бірнеше ғасыр жалғасын тапқан жыраулық дәстүрдің шебері, шешен, өз дәуірінің саяси ахуалына ықпал ете алған тарихи тұлға. Бұхар есімі XVIII ғасырдағы қазақ халқының тағдырындағы шешулі шақта үш жүздің басын біріктіре алған, ел тәуелсіздігінің сақталуына күш салған, қазақ хандарының ішіңдегі даңқтысы Абылай атымен қатар аталынады.
Бұхар өз шығармаларына дәуірінің келелі мәселелерін арқау етеді. Жырау «Қалденменен ұрысып» деп басталатын толғауында Абылай бастаған қазақ батырларының жоңғар әскерлерімен болған ұрысын:
Қалден хаңды қашырып,
Шөп салған жерін бұздырып,
Ұрысты қатты қыздырып, . . .
деп бейнелеген. «Мұнда 1726 жылы Бұланты өзені бойыңда жонғарларға берілген алғашқы соққы суреттелген», - дейді Ә. Қоңыратбаев. Толғау жыраудың өзі куә болған Абылай ханның ерлік істерін жырға қосқан.
Бұхар жыраудың ақылдылығы мен көріпкел, сәуегейлігі туралы сан алуан аңыз-әңгімелер бар. Бұл жөнінде М. Ж. Көпеев: «Заманындағы сыншылар ол кісіні «көмекей әулие» дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлаумен шығады екен», - деп жазады.
Бұхар шығармаларын ел аузынан жинап, қағазға түсіріп, ұрпақ жадына қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпеев болатын. Кейін Қазақстанның әр тарапынан әлденеше адамдардың «Бұхардың айтқан сөздері» деп айтып, жазып тапсырғандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының қолжазба қорында кездеседі.
Бұхар мұрасы - жыраулар әдебиетіндегі тақырыптық жағынан бай, мазмұны терең, құрылысы күрделі туындылар. Үздік шығармаларының бірі - «Бірінші тілек тілеңіз» толғауында жырау адам өмірінің мәнін, әр адамның өзіне тілейтін жақсылықтарын ел тыныштығымен байланыстырып, тілек-баталардың ең алдыңда бейбітшілікті қояды. Сонымен қатар халықтың тұрмыс-тіршілігі де көрініс береді, аласапыран заман, берекесі кеткен ел, күнде «жау келділеп» тұрған мазасыздық кезең, адамның мінез-құлқы, әдет-ғұрып, дәстүрі де суреттеледі.
Бұхар, сөз жоқ, діншіл. Оның он бір тілегінің ең біріншісі - Құдай каламайтын іске аяқ баспау:
«Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа!»
Бұхардың діншілдігі жай тақуалық емес. Ол «Құдайдың бір, пайғамбардың хақ» екендігіне шын көңілімен сенген жан. Алайда Бұхардың дінге қатысты өлеңдерінде фәнидің баянсыздығы, бақидың рахаты жайыңда ештеңе ұшырата алмаймыз. Соған карағанда, мемлекет қайраткері Бұхар діннің құрал ретінде, таза пайдалылық жағынан ғана қараған сияқты.
«Тілек» өлеңі бүгінгі биоинформация ілімімен сәйкес келеді. Бұрынғы бабаларымыз өздерінің бақытын микрокосмостан тілеу арқылы құра білген:
1. Бір Аллаға жазбасқа.
2. Тіліне еріп азбасқа.
3. Үшкілсіз көйлек кимеске (Ақіреттік киім) .
4. Төрде төсек тартып жатпасқа.
5. Бес уақытта бес намаз, біреуі қаза қалмасқа.
6. Ардақтаған аяулың Тегіннен тегін олжа болмасқа.
7. Желкілдеген ту келіп, Сонан сасып тұрмасқа.
8. Жертұлданып тұрмасқа.
9. Төреңіз тақтан таймасқа, Тоқсандағы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа.
10. Анаң бір аңырап қалмасқа.
11. Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа. Жаттығу жұмысы.
Аталған кілтті тармақтардың алдыңғы сыңарларын ойлап көріңдер. «Ай не болар күннен соң» өлеңі толғауға жатады. Толғаудың жырдан ерекшелігі - пәлсапалық ой өрнегі.
Бұл толғаудың түйіні:
«бәйшешек - қурай,
қамқа тон - шүберек,
кең сарай - мортық,
қарт бабаң - жаңылар,
бикешің - тіркеусіз о да қайтар,
арба-жүре алмас,
Құбылыстағы сары атан-қом жасамас . . . »
Қарама-қайшылықты сурет. Антитеза. Окушылардың жоғары деңгейіне толғаудың қалған жолдарын ойлау тапсырмасы беріледі. Орта деңгейіне кітапты пайдалану, ал өте төмен деңгейге жаттату тапсырмасы беріледі.
Бұхар жыраудың оқушыларды даму өрісіне бағдарлайтын «Қорғанды шаһар қаласын» атты толғауыңдағы мына бір жолдар:
Ауылда адам бар болса,
Ауыл ала болмайды.
Ел иесі құт болса,
Халқы ала болмайды.
20 жасыңыз - бұлақтай,
30 жасыңыз - лақтай,
40 жасыңыз - құр аттай,
50 жасыңыз - ел екен.
60 жасыңыз - қайғылы күн екен.
80 жасыңыз - тұман түн екен.
90 жасыңыз - олжадан басқа жоқ екен.
Қалып қойған сөздерді ойлап табыңдар? Қандай сөздер қайталанады? (Фигура)
«Қайғылы - мұңлы күн», «Тұман», «Түн», «Ел» деген сөздер неге жатады? Абылай жырының түйіні, жыраудың соқталы тұлғалығын айқыңдайтын көрінісі:
«Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба.
Күніне меңдей жырлайтын
Тоқсан үште қария
Енді де саған табылмас . . . »
Бұл тармақтардан етістіктің бұйрық райы Бұхардың Абылайға өктем сөйлейтінін, аз халқының орыс баскерлерінен қырылып қалмау жағдайын ойлайтын тереңдігін дәлелдейді. Осы көрініс - Бұхар атамыздың жыраулардың ішіндегі шоқтығы биіктігін дәлелдерлік құбылыс.
Бұхар жыраудың айтуға тыйым салынып келген бір қыры-орыс отаршылдығына қарсы қажырлы күресі дер едік. Ол шұрайлы қоныс, шүйгіңді жерлерді біртіндеп басып алып, сол мекеңдерге бекіністер сала бастаған отаршылдардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырды, тіпті сол кіңдік кесіп, кір жуған ата қонысты тастап, бұрынғы Асан Қайғы айтқан Жиделібайсынға қоныс аудару қажет деп тапты. Жырау туған халқының сол тұстағы ауыр халін былайша сипаттайды:
Шүршітпенен құлақтас . . .
Ортасында ұйлығып,
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірінен шаншу қадалып,
Сорлы қазақ қалды, . . .
Бұхардың көрегендігі мен кемеңгерлігі, алдын болжағыш білгірлігі оның әйгілі «Ханға жауап айтпасам» деген толғауынан анық аңғарылады. Мұңда ол Асан Қайғының «Қилы-қилы заман болар, Қарағай басын шортан шалар» деген жұмбақ сөзінің мәнін ашуға байланысты болашақ орыс боданындағы жұрттың, әсіресе, жастардың жай-күйі қаңдай болады деген күрделі мәселені жан-жақты қамтып суреттейді. Жырау алдағы сол заманды бейнелегенде адамның рухани күйреп азып-тозатынын, аяусыз қырылып, зобалаңға ұшырайтынын тап басып сипаттайды.
1. 2 Жыраулық дәуірдің тарихилық тұстарын топтастыру әдістері
Кеңестік дәуірде Бұхар жыраудың бағдарлама ауқымында, оқу нысанында қалуының себебі жырларының астарлы мағынасын түсінбеушілік еді.
Қазіргі, өз тәуелсіздігімізді алып, әдебиетімізді жаңа қырынан тани бастаған заманымызда оқушыларға қазақ халқының ұлы тұлғаларының шығармаларын жүректеріне ұялата білу, ұстаздардың ең басты мәселесінің бірі деп санаймын. Қазақ балаларын тек өз ана тілінде сусындатып, әдебиетімізден нәр алдырсақ, бұл әдебиетіміздің болашағы үшін ғана емес, сонымен қатар қазақ елінің болашағы, тірегі үшін де керек қажеттілік.
Парадигма - шығарманың маңызына жаңа пәлсапалық көзқарас. Олай болса, Бұхар жырау шығармашылығындағы ізгілік пішіні барлық арнаға қызмет көрсетіп, өміршеңдігін жоймайды.
Жыраулық дәуірдің тарихилық тұстарын топтастыру:
1. Қазақ ауыз әдебиетінің жыраулық дәуірі рулық бірліктердің, ұлыстардың, тарихи маңызды оқиғалардың жырға арқау болған сәттері мен мезгілі.
2. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жыраулық дәстүрді шыққан дәуіріне қарай кезеңдермен үңдестіре жіктеу. Жанрлық белгілерін, түрлерін қоғамдық-экономикалық дамумен тұтастықта алып хронологиялық, хронометрлік тізбесін жасау (мәселен көне түркі, оғыз - қыпшақ, ноғайлы дәуірі) ;
3. Жыраулық дәстүр жанр түріңде қай жылдардан бері дербес жанр болып «шаңырақ» құрды.
4. Жырлардағы арнаулар мен толғауларда кездесетін оқиғаларды, кісі, жер - су аттарын, көне сөздерді, тұрмыс - салт көріністерін арнайы тарихи деректер тұрғысында тану (когнитив) .
Ноғайлы дәуірі: эпикалық тұжырымдамасы, тұтастануы.
Ноғайлы дәуірі - қазақ жырауларының толғауларында ең көп тараған, халық санасынан берік орын алған айырықша бір заман.
Шоқанның айтуынша, ноғайлар жеке бір ру емес, ол көптеген рулардың бас қосқан одағы. «Аңыз, шежіре, толғау, эпостық жырлардағы «ноғайлы жұрты», «ноғайлы ұлысы», «он сан ноғай», «тоқсан баулы ноғай» деген сөздерге қарағанда, тарихта ғана емес, халық санасында да бұл бір әке, бір шешенің балаларындай тату тұрған, туыс рулардың бірлікте болған дәуірі. Қаптаған жауға өресін алдырмай, қаһарлы елдермен терезесі тең тұрған шақ бұл. Жырлар, толғаулар бірлікті мұрат (идеал) тұтады. Қазақтардың жырларындағы сарындары ноғайлармен көрші отырған кездері алтын заман болғаны туралы айтылады.
Ноғайлы дәуірінің тарихтағы мезгіліне қарағанда, толғаулардағы мерзімнің ұзаққа созылғандығы байқалады. Тарихи деректерге қарағанда, ноғайлы ұлыстың тарих арнасына шыққан мерзімі XV-XIV ғасырларда Алтын Орда құлағаннан кейін бұрынғы рулар мен ұлыстар ұсақ хандықтарға бөлініп кеткеңдігі белгілі. Олардың ішіңдегі ең әрісі Ноғайлы ордасы мен Өзбек хаңдығы болды [55] .
Бұлармен қатар Қазақ, Қазан, Қырым хандықтары да өз алдына бөлініп шықты. Ноғай Ордасының Алтын Орда хандығымен іргесін алшақтата бастаған кезеңі XIII ғасырдың соңы. Бұл тұста XIV ғасырда Алтын Орда Ақ Орда бөлініп шыққан тұста да әрі қарай жалғасты. Ал Ноғай ордасының айналаға кең таныла басталуы - XV-XVI ғасырлар.
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының бірлік құруы жайлы Ш. Уәлиханов: «Жәнібек билік құрғанда, туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп қонғаңда, туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп қонған, ол кез қазақ жырларында алтын ғасыр деп аталады» [56] .
Ноғайлы Ордасы Алтын Орда мен Ақ Ордадан бөлініп шыққан көшпелілердің куатты хаңдығы болды. Ал Өзбек хаңдығынан XV ғасырда Жәнібек Керей іргесін бөліп алған. Қазақ хандығының құрылуынан көшпелілік пен отаршылдықтың жіктелуін байқауға болады.
Шоқанның пікірінше, қалада тұратын туыстары өзбек, ноғайлардан (татарлар) көшпенділер өздерін жоғары санаған, ерекшеліктің символы қазақ деген атты мақтаныш тұтқан.
Әуелбек Қоңыратбаев: «Ноғайлар төрт түрлі: «1) Сары ноғай. Бұлар 1380 жылдан соң ислам діні асты басына келіп, Қазан, Қырым, Қасимов (Еділ) хандықтарын жасайды.
1. Кара ноғай. XVI ғасырда бұлар он сан ноғай хандығын орнатқан. Ноғай, қазақ бүгіңде, оны оң ханы Орманбетті қазақтар өлтірген (1560 ж. ) . Олардың елі - барабы татарлары.
Маңғыт ноғайлары. Бұлар Маңғыстау жерінде тұрып, көп заман казақтармен жерлес, тілдес болған. Едіге, Орақ, Қарасай, Қазы маңғыттан шыққан Әз-Жәнібек тұсында Ноғай ұлысы жауласады (XVI ғасыр) Қоныс Маңғыстау, батыста Дағыстан, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Ұлыс, Өзбек ханы Әбілхайырдан (1428 - 1468 ж. ) кейін туған.
Аталған нысана жоғары оқу орны мен жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары мен ұстаздарына модель ретінде, тарихи ұстаным сапасында ұсынылды.
Жыраулық дәстүрге ғылыми тұжырым:
- Халқымыздың тарихи өмір жолын анықтауға септігін тигізеді;
- Ел басқарған хандар мен билердің ұстанған саяси-әлеуметтік бағытын, көзқарасын, бағдарын жіктеуге мүмкіндік береді;
- қазақ болып қалыптасқанға дейінгі кеңістік пен уақыт аралығында мекендеген өлкелер мен аймақтардың қалалары мен елді жерлері жайлы мағлұмат жиюға ынталандырады;
- Ресей империясының өмір бастауымен салыстырғаңда, Ресейдің бөлшектік жүйесімен (Иван ІІІ-ге дейін), ал Түркі тұқымдас елдердің (ғұн, сәнби, жужан, оғыз, қыпшақ, сақ) өмір бастауы тұтастық шеңберден бөлшектік дәстүрге айналуы жайлы ой-пікір қалыптастыруын түрткі жасайды;
- халқымыздың дәстүрлі түсінігін, дүние-танымын, оның даму жолдарын анықтауға ықыластандырады;
- ұлттық психология, парапсихология, ойлау, бағымдау, пайымдау, барлау жүйесінің қыр-сырын, типтік ерекшеліктерін ажыратуға көмектеседі;
- көркемдік, шыншыл, пәлсапалық, саяси-әлеуметтік, мәдени ойлаудың даму сатылары, уақыт пен кеңістік ұғымдарының түрлі сипаты толып жатқан жанрлардың қалыптасу, өсу жолдарын да таныта алады;
- әдебиет пен өнерді ырғақ (такт) айналым (цикл), бейнелеу (ассоциация) тәсілдері де уақыт пен кеңістік туралы түсініктердің тарихымен сабақтастығын ажыратуға жетелейді;
- ауызша сөз өнері мен жазбаша әдебиеттің ара қатысы да осы ұғымдар арқылы ажыратылады.
Уақыт пен кеңістік ұғымдарын жіктеу үш салаға бөлінеді:
- шыншылдық (биосоц), ақиқаттық (реалды), нышандық (объективті) уақыт пен кеңістік;
- тұғырнамалық (концептуалдық) уақыт пен кеңістік-табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің санамызда жинақталған ұғымдар. Бұл тек іс жүзінде нышандық уақыт пен кеңістіктің санамыздағы үлгісі (моделі) болып табылады. Ондай үлгілер жұртшылыққа таныс, көпшілік қабылдаған болуы шарт.
Бұған, мәселен, әр халықтың өз өзінше қолданатын ай, күнтізбесін, мүшел жыл санау, жыл қайыру ерекшеліктерін атасақ та жеткілікті.
Перцептуалды (перцептивческое восприятие) уақыт пен кеңістікке келетін болсақ, бұл ұғым адамдардың сезім-түсініктерінің психологиялық қабылдау әдістерінің белгілі жағдайлар (Sit) мен сәттерге сәйкес үндесіп өзгеріп отыруымен төркіндес. Мәселен, көркем шығарманың өз ішінде ғана жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы.
Аталған уақыт пен кеңістіктің үш түрлі өлшемі тұрғысынан көркем шығарманы алып көрелік. Нышанды, шыншыл, ақиқатты уақыт (реалды) пен кеңістікке материалдық (қағаз, не дыбыс түріндегі, не бейне сипатында) нысана (объект), немесе ойдан шығарылған іс-әрекеттердің жинақталған үлгісі, үшіншісінде бейнелердің, кейіпкерлердің, қаһармандардың жиынтығы [57] .
Бүкіл адамзат қоғамының уақыт пен кеңістік туралы ұғымдарын, оның тарихын соңғы екеуінен іздесек болғандай. Себебі нақтылы бір көркем шығарманың ішіндегі субъективті уақыт пен кеңістіктен бастап ұлттық ойлау жүйесіне дейінгі сан-саналы түсініктердің көрінісі (отражение), мәнісі (значимость), маңызы (сущность) міне осыларда жатыр.
Тұғырнамалық және перцептуалды уақыт пен кеңістік категорияларының субъективті сипатта екені даусыз. Себебі олардың негізгі заңдылықтары мен қағидалары өмірден алынғанымен, тұжырым-түйіндері, қабылдау әдістері ішкі санада болатын үрдістер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz