Бухгалтерлік стандарттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Бухгалтерлік стандарттар.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі норма деген мағынаны
білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және
құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарынынң қай-қайсысының
болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы қолданысқа (күшіне)
енген уақыты және махмұны болады.
Мақсаты- бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы
және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қоданылу аясы (орны) . стандарттың пайдаланатын жерлері мен қандай
жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасаы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме
берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне
енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл
қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және
оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді.
1) Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың
(жасаудың) халық аралық комитеті жасап шығарады.
2) Ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде
бухгалтерлік есеп жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл
жоғарыда аталған халықаралықбухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі
бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір
елдегі тәжірбиеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу
жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп
стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде
қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға
(унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті құрылады. Жалпы бұл ұйымның
құрылуы, АҚШ, Австрия, Германия, Г:олландия, Жапония, Ирландия, Канада,
Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің
келісімге келуімен іске асырылады. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына
жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі
күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия,
Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа
елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық
комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқада
нұсқаулар, ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен
қатар бұл комитетке бухг.алтердің халықаралық федерациясы, қаржылық
институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек
көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі
мақсаты мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол
жеткізеді.
- Қаржылық ақпаратты құру барысын да қажетті міндеттер.
- Ақпараттық жүйені құру принциптері
- осы ақпараттардың сапалық сипаттамлары;
- Қаржылық есеп берудің элементтері;
- Өлшеу мен мойындау критериялары.
Қаржылық есеп мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебін де мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
- қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға
қажетті мәлімет;
- Ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті
мәлімет.
- Ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бақылауға
қажетті мәлімет.
- Басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет
Қаржылық есеп ұйымнының бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы тартылым
құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті
элеметінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім
қабылдау үдірісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін
анықтыйды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және
жеке – деп аталатын екі түрге бдөлуге болады.
- жалпы тұжырымдама (концепция) тек қана бір елдің өз ішінде
жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар (концепциялар) халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру стандарттарында қарастырылған бухгалтерлік есеп прициптері, есеп
саясаттары, есеп берулер негізінде құрасытырылады. Бұған дейін аталып
жүргендегі қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-
ақ тәжірбиесінде екі негізгі, жалпы деп аталатын континенттік (еуропалық)
және америкалық ымдама (концепция) қатар жүргізіліп келеджі.
Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепциясы)
кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен, араласумен түсіндіріледі.
Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекіткен
шоттар жоспары және басқа да нормативтік құжаттар бойынша жұмыс істеуі
тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын
мәліметтері бұл континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы бойынша салық
органның және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз
ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған және оның
негізінде өзінің кәсіпорындарды жұмыс жүргізіп отырған елдердің қатарына
Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға
болады.
Америкалық тұжырымдаманың (концепциясын) континенттік (еуропалық)
тұжырымдамадан (концепциядан) өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның
бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтер негізінен қаржы салымшылары мен несие
берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның
салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып
отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия,
Австралия, Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдер
қолданып отыр.
Міне осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылмайтын болсақ әрбір ел өзінің
бухгалтерлік есебін континентальдық (еуропалық) немесе америкалық
тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізілуі мүмкін екендігі анықталды.
Біздің еліміздегі ұйымдарға бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында
континенттік (еуропалық тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізгендігі
белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы қалыптасып қалған модельөз күшін жоймай
келеді. Яғни, барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен
салық органының қажеттілігін қанағаттандырумақсатында отырады. Әйтсе де
1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын
жүргізудің ережесі, бағыты болыпсаналатын Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп
стандарттарына барынша жақындатылып жасалғандығын атап өтеуге болады.
Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік иесеп стандарттарына
көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз
есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізуі керектігін
қабылдады. Біріншіден- осы тұрғыдан, ал екінішіден – елдегі қазіргі
экономикалық жаңдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың
қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды)
ақпараттық мәліметтерімен қамтамасыз етуге негізделіп жасалдып отыр.
Есеп саясаты.
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұймның
бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығынан, яғни алғашқы бағалау,
құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа)
қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін
топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есепту, құжат айналымын
хабарлауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп
шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті
өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігібухгалтерлік
есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарында
(стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез-келген мәселелерін
көп түрлілігімен анықталады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принцептерінде
кәсіпорын өзінің есесп саясатын құру барысында бұйрық немесе жарлық бойынша
қажетті құжаттар тізімін бекіту керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілген
құжаттарына мыналар жатады:
- Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті
талаптарына сәйкес жүргізілуі.
- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің қоданылатын синтетикалық және
аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары.
- Алғашқы есеп құжаттарынынң типтік нысандары.
- Ұйымының ішкі бухгалтерлік қортынды есеп құрудағы құжат нысандары.
- Активпен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу
тәртібі
- Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері.
- Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу
технологиясы;
- Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі.
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің
имаңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар
әсер етеді.
- меншік нысаны мен құқықытық-ұйымдастырушылық нысаны
(жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам,
өндірістік кооператив және тағы басқа.)
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл
шаруашылығы және тағы басқа);
- Қызметтің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік
саны және тағы басқа.
- Салық салу жүйесімен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша
жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы
басқалар);
- Ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне
қажетті барлық бағыттары бойынша);
- Материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да
оргатехника жабдықтармен қамсыздандырылуы, бдағдарламалық-
әдістемелік тқамсыздандыру және тағы басқалар)
- Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі
қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық
батылдығы, ынталдығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп
саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен
орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынынң таңдап алған есеп саясаты оныңң объектілерді
есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік
есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай
операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді
немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қоладнылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиіс
кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резевтердің жасалынуына жол
бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды
қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік
(кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайлықысыздығы. Есептің таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы
календарлық (күнтізбелік) күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар
бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз
етіп отыру қажет.
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп
жүйесінің тұтастығы және оны құраушы әдістемелік, техникалық,
ұйымдастырушылық жауаптардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді. Мүлік пен
міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша
амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері
және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып
табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төлемде атаған
бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- негізгі құралдарына амортизациялық аударым соммасын есептеу
әдістері
- материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын
есептеу және есептен шығару жолдары.
- Шығындарды топтаумен өндіріс шығындарына жатқызу (апару)
әдістері.
- Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құндарын есептеу, яғни
калькуляциялау жүйесі.
- Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату
әдісі.
- Дайын өнімдерді кіріске алу есебі.
- Аяқталған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.
- Материалдық қорларды бағалау әдістері.
- Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
- Курстық айырманы есептеу.
- Тағы да басқалар.
Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни
калькуляциялау жүйесі.
Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік
циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен
сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеумен өнім құнын
калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады.
- нормативтік әдіс (нормативный)
- өндірістік өңдеу сатысы (попередельный)
- тапсырыстық әдіс (позаказный)
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілер арасында тарату әдісі.
Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде
аталған әдістерді пайдалана алады.
- өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей
(прямые) шығында.
- Тікелей шығындардың жалпы сомасы
- Материалдық шығындардың сомасы
- Сметалық мөлшерлеме
- Өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.
Аяқталған өндірістің бағалануы.
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады
- нақты немесе нормативті (жоспарланған) құн бойынша
- тіікелей шығындар бойынша
- жұмсалған шикізаттармен материалдық құндары бойынша.
Өнімнің бір ғана түрлі өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансын
аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалғаншығындарбойынша есептелінеді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте
қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері
коммерциялық құпия болып есептелінеді.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны
дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық)
бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясаты кәсіпорынның басшысы өзінің
бұйрығымен немесе өкілімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының тесеп беру жылына қабылданған барлық
пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункте тоқтала
келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп
саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының
заңдарымен қатар есеп саясатын дайындау ұйымының құжаттары негізге алынған
болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкілдер тағы
да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару
құжаттарымен, яғни бұйрық, өкіл немесе қаулыларымен рәсімдлінуі қажет.
Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару
барысында қолданылады. Оған өзгеріс еңгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі
мүмкін:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес.
- Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі
салдарынан
- Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да
басқа.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымының есеп саясатының
дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық
құрамдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан
қолданылады. Ұйымның филиалдарының еншілес және тәуелді серіктестіктерінің
және тағы да басқа бөлімшелерінің, өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын
жүргізілуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған
өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы
орындалған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қортынды есеп
туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен
қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп
саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса)
жазылады.
Кәсіпорын мен ұйым (да болып отыратын күнделікті операцияның,
үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды
бухгалтерлік есептің көлемін бақылап, тексеріп олардың дұрыс
оррындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып
отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік
есепте әртүрлі тәсілдер қолданады. Сол барлық қолданылған тәсілдердің жиыны
және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтіруі
бухгалтерлік есептері әдістерін болып саналады. Бухгалтерлік есептің
әдістері келесідей түрлерден тұрады:
Құжаттау
Тугендеу
Шоттар
Екі жақты жазу
Бағалау
Калькуляциялау
Бухгалтерлік баланс
Есеп беру.
Құжаттау.
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық
операциялары орындалады. Ал бұл операциялары бухгалтерлік есепке алу үшін
оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет құжат орындалған операциялардың
жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған
операциялардың аталуына, мазмұны орындалған уақыты, өлшембірлігі
орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні, т.б.
деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық
мәлімет болып есептеледі. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті
мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.
Түгендеу.
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын
сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар
толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау
кезінде олар табиғи кему мөлшерінде сәйкес азайып отырады. Сонымен қатар
өнндіріліп шығарылған дайын өнімдерді басқа кәсіпорындардан алынған
заттарды, ьсондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді тесеріп,
түгендеп тұрмаса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңыздылығы
Халықаралық аудит стандартына ұқсас стандарттар
ЖШС «Тараз RAYS» ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі
Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпараттарды сақтаудың негізгі бірлігі
Аудит стандарттары және аудиторлардың этикалық нормалары
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу есебі
Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы
Бухгалтерлік есептің концептуалды негіздері
Бухгалтерлік есеп стандартына түсініктеме
Пәндер