БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Үндестірудің халықаралық процесіне қатысу

1. 2 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік ақпараттың сапасын арттыру

1. 3 Қазіргі таңда Халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының маңызы

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ

2. 1 Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту

2. 2 Экономиканың нақты секторы ұйымдарының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруін одан әрі дамытудың негізгі бағыттары

2. 3 Кадрларды даярлау және қайта даярлау

2. 4 Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары

3 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕРТУ

3. 1 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін оңайлату

3. 2 Қаржы секторында бухгалтерлік есепке алуды дамыту проблемлары мен перспективалары

3. 3 Бухгалтерлік есептілік сапасын бақылаудың негізгі аспектісі ретінде аудиторлық қызметті дамыту

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

4

7

7

11

18

23

23

25

30

33

49

49

52

55

61

64

КІРІСПЕ

Елімізде нарықтық қатынас жылдан - жылға келеді. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынасқа түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор.

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі бір ғалым Б. Де Солазано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің, ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки «Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорының қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.

Аталған мәселелер таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.

Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.

Сондықтан да, кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа мамандар даярлау мея оларды қайта даярлау жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Елімізде кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.

Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы жоғары мамандыққа айналды. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» (счетоводттар) қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономикалық қатынастар мен қаржы саласын терең талдай білетін негізгі тұлғаға айналды.

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондақтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін. бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу мен оларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.

Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер құрып, салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу мақсатымен әр түрлі үлгідегі модельдер жасау керектігі туындайды. Бұл үшін кез келген шаруашылық ұйымдарында мерзімдік даярланатын бухгалтерлік есеп ақпараттарының негізінде жасалынатын баланстың атқаратын рөлі өте зор. Бухгалтерлік баланс, мұның құрылымы мен құрамы, жекелеген баптары, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан, тәжірибеге енгізілген ең жақсы қолданбалы модель болып табылады.

Бұл жұмыстың мақсаты:

- бухгалтерлік есептің маңызы мен мазмұнын, оның негізгі мақсатын түсіндіру;

- есеп жүйесінің нышандары мен ақпараттық базаның қалыптасуын зерделеу;

- ұйымдардағы экономикалық үрдістің қалыптасу кезеңдеріне қарай шаруашылық фактілерінің сабақтастық жолдары мен қалыптасуын негіздеу;

- бухгалтерлік есептің атқаратын міндеттері мен нышандары маңызын ашып түсіндіру;

- бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қаржылық және басқарушылық есептің орны мен негізгі мақсатын, объектілерін сипаттау;

- ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырудың принциптерін және бухгалтерлік аппарат құру мүмкіндіктерін көрсету;

- бухгалтерлік кәсіптің мәнін және Қазақстандағы бухгалтерлік есеп мамандарын кәсіби даярлау мен қайта даярлаудың қажеттілігін сипаттау мен жүйеге келтіру жолдарын көрсету;

- халықаралық тәжірибе негізіне сай есеп қызметін атқарушылардың Кодексін және этикалық норманың мәні мен мәнісін көрсету;

- Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін заңдылық және нормативтік тұрғыда реттеу қажеттілігін сипаттау.

Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Халықаралық аудиттің стандарттарына көшу қажеттілігін мемлекеттің жалпы саясаты және Қазақстанда нарықтық экономиканы құруға бағдарланған реформалардың стратегиясы айқындайды.

Осы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 233 - өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.

Осы Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың негізгі үрдісіне талдау жасалады, алдағы жылдарда оны дамытудың жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.

Тұжырымдамада баяндалған негізгі бағыттар бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есептілікті реттеудің қолданыстағы жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістерді енгізу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен аудит саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру қажеттілігінен туындады.

Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп, ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша шығыстарын қысқартуға себепші болады.

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Үндестірудің халықаралық процесіне қатысу

Меншік иелігінің кез келген түрлері, нарықтық әрекетке түсуші заңды тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп жургізіледі. Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы, алған міндеттемелері, өндірілген дайын өнімдері, тауарлы-материалды құндылықтары, негізігі құралдар мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату өрісі, шаруашылық жүргізу үрдісі бар шаруашылық ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесі экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады. Сондықтан бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн. Экономикалык қатынастардың барлығы да есепке алыну керектігі бухгалтерлік есепке тән мән мен мағына, алғы шарт және міндетті түрде орындалуға тиісті нақтылы үрдіс болып табылады.

Бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымдардағы сатылы экономикалық үрдісті қамтамасыз ету бағытында құрылуы керек. Шаруашылық фактілері экономикалық үрдістің кезеңдік негіздерін құрайтын заңдылық сабақтастыққа жауап беретін болып қалыптасады.

Ол мынандай кезеңдерге бөлінеді:

  1. активтер мен бұлардың көздерін қалыптастыру;
  2. инвестициялар келтіру;
  3. қаржылық активтерді (экономикалык ресурстарды) қаржыландыру және несиелік міндеттемелер қабылдау;
  4. қалыпты жағдайда жүргізілетін өндірістік үрдістің өзгерістері мен қалыптасуын есепке алу;
  5. өндірістік шығындар жұмсап, табыстар табу жолдарының есебін жүргізу;
  6. түскен табыстар (пайданы) бөлу және қайта бөлу;
  7. бөлінбеген таза пайданың ұдайы көбеюін қамтамасыз ету және түскен таза пайданы өндіріс үрдісін кеңейту мен ары қарай жетілдіруге, бұлардың қорлануын қалыптастыруға жұмсау.

Бұл мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есепке алып, ақпараттар жүйесін қалыптастыруда бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Бухгалтерлік есеп жұмысы экономикалық кезеңді қатынастарды көрсетеді және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп - базарлы сауданы, технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты, кәсіпкерлік қатынастарды, бірлескен әрекеттерді т. с. с. байланыстар жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді даярлап, тиісті тұтынушыларға хабарлап, талдап, мұның негізіне тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орны мен әдісі және принципі бар пән. Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық қатынастарға, мұның өзін теориялық тұрғыда зерттеуге, басқарудың тиімді жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтьш ерекше бағыттағы айрықша жүйе.

Қандайда болмасын есеп ақпараттары мен көрсеткіштерін, мұндағы цифрларды экономикалық маңызы зор мәселелер деп қараған жөн. Бухгалтерлік есеп нарықтық катынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде жүргізу мен мәліметтерді жан-жақты қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін ақпараттар жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен мәліметтер даярлайды.

Нарықтық қатынастар мен меншік иелігіне сүйеніп қол ұшымен жалғасып, сыбайластық әрекеттерге барушы және жұмыс бабын жеке басының игілігіне пайдаланушы, заңсыз жүріп қаражат табушы алаяқтар арасында күрес жүргізуде де бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін әрбір атқарушы бухгалтер өз кәсібін сыйлап, таза және сапалы еңбек етуі керек.

Бухгалтерлік есеп бүкіл халықтық ілімге жатады. Мұның диапазон кеңістігі мол. Сондықтан, экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, халықтың сұранысы мен тұтынысын зерттеу, базарлы саудаға тән шешім қабылдау, тексеру мен бақылау жүйесін кеңінен қолдану, есеп көрсеткіштерін қарапайымдау, заңсыз қағаз бастылықты болдырмау үшін бухгалтерлік есеп ілімі өз мәні мен мақсатын жоймайтын сабақтастық бағытта болуы керек.

Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі - мәтін, бастапқы құжаттарды рәсімдеу, есеп регистрлары және қорытынды есеп көрсеткіштері т. б. жазулардың көлемі мен маңызы қарапайым жолдармен жасалып, пайдаланушы қауымға түсінікті болуы керек.

Енді бухгалтерлік есеп жүйесінің алдына қойылған жалпы мақсаттар мен талаптарды шешудің бастапқы сабақтастығына тоқталайық. Жалпы есеп жүйесінде қабылданған тәжірибеге және көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бухгалтерлік есеп ең әуелі өзінің байқау, өлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге асырады.

Байқау принципі деп - шаруашылық жүргізушілер өрісіндегі фактіні немесе объектіні көзбен көруді айтамыз.

Өлшеу принципі деп - натуралдық өлшеммен берілген есеп объектісін ақшалай өлшемге айналдыруды айтады.

Тіркеу принципі деп - бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін ақпараттар тасушы құралдарға түсіруді айтамыз.

Сонымен байқау, өлшеу және тіркеу принциптері бірімен-бірі тығыз байланысқан, бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтастық жүйе деп таныуымыз керек.

Бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні және бұл жүйені жүргізу мен аяқтау үрдісі, ең әуелі бухгалтерлік есеп негізін біліп үйренуден, қаржы есебін жүргізу тәсілдерінен, басқару есебіндегі көрсеткіштерді бағалай білуден, қаржылық қорытынды есепті сапалы жасаудан, сондай-ақ ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық жағынан талдаудан тұрады.

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар қазіргі кездегі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар талабына сай кәсіпкерлерге, мамандарға, салық және қаржы салаларындағы қызметкерлерге, т. б. тұлғаларға қызмет көрсетеді. Потенциалды қаржы салымшы инвесторлардың, басқа да несиелендіруші заңды тұлғалардың қаражаттарын іске қосып, түпкі мақсат - таза табыстың көлемін арттырып отыру үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі қалыптасқан ақпараттарды хабарлап отыру қажеттігі туындайды.

Бухгалтерлік есеп деп - ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатынастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты әдетте коммерциялық бағыттағы және меншікті ұйымдар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақапараттарды ары қарай өңдеу жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты арнайы пәндік, ұғымды туындатады.

Бухгалтерлік есеп пәні деп - ұйымдардың шаруашылық өміріндегі (меншігіндегі) активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісіндегі қозғалыстарды байқап, өлшеп, тіркеп, жинақтап, үздіксіздік жолдармен құжаттап, қорытындылайтын үрдісті айтамыз.

Бухгалтерлік есеп көптеген әдістер мен принциптерді, арнайы ережелерді зерттейді.

Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу мақсаты екі деңгейде танылады.

Бірінші деңгейде бухгалтерлік есептің тіркеу қызметі және көптеген шаруашылық фактілері мен экономикалық өзгерістерін жинақтау, ақшалай өлшемге айналдыру қызметі орындалады.

Екінші деңгейде бухгалтерлік есептің күрделі мәселелері атқарылып, әртүрлі әдістерді, ережелер мен принциптерді қолдана отырып, бухгалтерлік есеп жүйесінде жасалған қорытынды ақпараттар жүйесіндегі шаруашылық фактілерінің маңызы бағаланып өлшенеді, шашыранды фактілер жинақталып талданады.

Басқару үрдісінің негізгі саласы болып танылған бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы ұйымдардың ағымдағы қызметінің барысы тексеріледі, сапалы даярланған ақпараттарды талдай отырып, стратегиялық және тактикалық бағыт анықталады, ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын қабылдаудағы субъективтік факторларды болдырмаудың тәсілдері қарастырылады.

Сапалы жүргізілген бухгалтерлік есептің мақсаты төмендегі сатылы қызметтерді қамтамасыз етуге арналған:

- ұйымдардың табыс түсіріп, бәсекелестік ортадағы тиімділігін арттыру үшін жасалған бизнес-жоспарының орындалуы дәрежесін тексеру;

- активтерді өз орнымен тиімді жұмсау арқылы өндірілген өнімдердің өсу қарқынын және бұларды сатудан түскен түсім көлемін бухгалтерлік есеп жүйесінде айрықша зерттеу;

- меншіктің барлық түрлерінің сақталуын, активтердің қолда бары мен қозғалысын, ұйымдардың қаржылық және төлем өтеушілік қабылетінің орындалуын тексеру;

- алдау, ұрлау, көзбояушылық және сыбайластық жағдайларды болдырмау, ақша т. б. құндылықтарды жеке адамдардың сіңіріп кетушілігіне жол бермеу, тексеру жүргізу және мұндай жағдайларды тиісті орындарға дер кезінде хабарлау;

- бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет және салық жөніндегі заңдардың сақталуы мен нормативті актілердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік жасап отыру.

Бухгалтерлік есеп өрісінде төмендегі мәселелердің шешілуі қамтамасыз етіледі:

  • ұйымдар өрісіндегі шаруашылық үрдістің қорытындысын шығарып, басқарушылық шешім қабылдауға қажетті ақпараттар қалыптастыру, сондай-ақ қаржы салымшы инвесторлар, қоюшылар, сатып алушылар, несиелендірушілер, салық және қаржы органдары арасындағы қалыпты жағдай жасау мақсатында толық және сенімді ақпараттар қалыптастыру;
  • экономикалық ресурстардың және активті мүліктерді тиімді әрі орынды пайдалану үшін, бұлардың қолда бары мен қозғалысын тексеріп отыруды қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есептің ең негізгі мақсаты - ұйымдар қызметінің өсу қарқынын қамтамасыз ету, әртүрлі варианттағы салыстырмалы мәліметтер қалыптастыру, талдау шараларын орынды жүргізу арқылы баскарушылық шешім қабылдау болып табылады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпкершілікпен айналысушы тұлғалардың барлығына қажетті білім беруді қамтамасыз етеді.

Биржаларда акциялары бағаланатын Еуропалық Одақтың барлық компаниялары 2005 жылдан бастап Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік жасауға міндетті. Тек АҚШ-тың бухгалтерлік есепке алудың жалпыға бірдей принциптерін (бұдан әрі - GAAP) пайдаланатын кәсіпорындары, сондай-ақ биржаларда борыштық міндеттемелері (облигациялары) ғана бағаланатын фирмалар оған кірмейді. Мұндай кәсіпорындар Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына 2007 жылдан бастап көшуі тиіс. Еуроодақтың пікірінше, Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын енгізу ЕО елдеріндегі қаржылық есептіліктің біркелкілігін, дұрыстығын, айқындылығын және салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып, бағалы қағаздарды халықаралық саудаға шығарған кезде тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді. Еуропа Одағының жоспарлары еуропа биржаларында тіркелген 8700-ге тарта компанияға қатысты, мұның өзі әлемдік нарықтық капиталдандырудың 25 %-ын құрайды.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары әлемдегі аса дамыған және алдыңғы қатарлы бухгалтерлік есепке алу стандарттары болып табылады деп есептеледі. Сондықтан да көптеген елдерде, мысалы Австралияда, Германияда, Ұлыбританияда шетел эмитенттері биржалардағы өздерінің есептілігін осы елдердің ұлттық стандарттарына емес, халықаралық стандарттарға сәйкес ұсына алады. Басқа мемлекеттерде, мысалы Канадада, Жапония мен АҚШ-та бұған да жол беріледі, алайда Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары бойынша есептілік дайындайтын компаниялар оның осы елдердің ұлттық стандарттарына сәйкес дайындалатын есептіліктен айырмашылығының тізімін қосымша ұсынуы тиіс. Кейбір елдерде (мысалы Чехияда, Балтық елдерінде) есептілікті Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары бойынша барлық ірі кәсіпорындар жасауы тиіс. Қазақстанда 2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары, 2005 жылдан бастап акционерлік қоғамдар, ал 2006 жылдан бастап өзге де ұйымдар (мемлекеттік мекемелерден басқа) есептілікті Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары бойынша дайындауы тиіс.

Жақын болашақта Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын меңгеру проблемасы еуропа компанияларынан басқа да компанияларға қатысты болуы әбден мүмкін. Жуырда ғана АҚШ-тың Қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі кеңесі (Financial Accounting Standards Board - FASB) және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің қоры (бұдан әрі - Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары КҚ) АҚШ-тың GAAP-ын және Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын үндестіру жүргізетіні туралы мәлімдеді.

Үндестіру бағдарламасына сәйкес АҚШ-тың GAAP-ы мен Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына екі стандарт жүйесінің арасындағы белгілі бір алшақтықтарды болдырмайтын өзгерістер енгізілетін болады. Уақыт өткеннен соң олардың арасында бар айырмашылықтарды толығымен жою жоспарланып отыр. Әлемдік нарықтық капиталдандырудың 52 %-ы АҚШ-тың үлесіне келетінін ескере отырып, Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының нағыз дүнижүзілік есепке алу стандарттары болуына нақты мүмкіндік бар.

1. 2 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру

Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепке алу ақпараттық базаны білдіреді, оның негізінде ұйым қаржылық есептілікті дайындайды. Бухгалтерлік есепте қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу элементтерінің белгілі бір тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.

Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есептілік жөніндегі ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген қаржылық есептіліктің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға бухгалтерлік есепке алу туралы заңдар, бухгалтерлік есепке алудың регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есептілікке сүйене отырып дамыды. Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып қалыптасты.

Кез келген әділ (сенімді) пікірден бухгалтерлік есепке алудың белгілі бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең болмағанда мынадай бес принцип:

- есептеу принципі;

- қызметтің үздіксіздігі;

- ақылға сыйымдылығы;

- дәйектілігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлі басқару есебінің заңнамалық негіздері
Салықтық есеп
Басқару шешімдерін қабылдау және басқару есебі
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
Бухгалтерлік басқару есебі
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Меншікті капиталды есепке алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz