Бухгалтерлік баланстың құрылымы және мазмұны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік және түрлері
1.1 Ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі — бухгалтерлік 5
баланс 5
1.2 Бухгалтерлік баланс және есеп беру 6
2 Бухгалтерлік баланстың құрылымы және мазмұны
2.1 Бухгалтерлік баланс және оның құрылымы 9
2.2 Бухгалтерлік баланстың мазмұны 9
2.3 Есеп беру түсінігі, нысандары мен түрлері 10
2.4 Есеп саясатын дайындау 11
3 Үлбі металлургия зауыты АҚ-ң БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ 13
3.1 Үлбі металлургия зауыты АҚ-ң бухгалтерлік балансын есептеу,
есеп саясатын дайындау бағыттары
17
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер 17

23
25

Кіріспе

Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының бірі
- пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы
ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық
мәліметтің негізгі қайнар көзі — бухгалтерлік баланс.
"БАЛАНС" сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне
аударылғанда "таразы" немесе "тепе-тең" деген мағынаны білдіреді. Сырт
көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп
аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде
кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе
(орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері
қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың
актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері
қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс
таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде
таниды.
Ал баланстың пассиві деп аталатын бөліміңде кәсіпорынның қорлану
көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті
капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған)
капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз
кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып
табылады.
Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады.
Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған
жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете
алады.
Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады
және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы
қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - өз
алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда
аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы
қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны
болып табылады.
Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері
инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан
бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив — міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай
негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив
бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі
тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның
материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы
(инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал
ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары,
дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары,
қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да
ағымдағы активтері қарастырылады.
Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі
меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік
қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив
бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа
мерзімді міндеттемелер деп аталады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған
несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында
ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс
мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және
басқада кредиторлық борыштары көрсетіледі.
Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста
Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін
қарастырдық. Кейбір Батыс елдерінде баланстағы тараулардың, баптардың
орындары ауысып та келтірілуі мүмкін.
Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің
басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен
құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер
баланстың сол жағында көрсетіліп (орналастырылып), оң жағында тек қана
кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына
теңдік негізделген:
актив - міндеттеме = меншікті капитал
83000000,0 - 24000000,0 = 59000000,0
Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге
негізделген. Жоғарыдағы мысалымызға сәйкес баланстың бұл түрін құрастыратын
болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады[1].

1 Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік және түрлері
1.1 Ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі — бухгалтерлік баланс

Өзінің жасалу уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлік баланс
әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалған
бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның
қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы
негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының,
акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе
заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста
кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл тендік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды
тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып
есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа,
яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес
кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы
(айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы
бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге
бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит
мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали
Әбдіманапов өзінің "Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері" атты
еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал
екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған
болатын.
Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Эргашев өздерінің
"Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" атты еңбегінде жойылу балансы
үш кезеңнен тұрады және олардың біріншісі кәсіпорынның жабылуы алдында,
екіншісі жабылуы барысыңда, ал үшіншісі кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан
кейін жасалынады деп атап өткен.
Жалпы, бұл айтылғандарды талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны
дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды
жоғарыда аты аталған авторлардың қай-қайсыныңда пікірлері дұрыс деуге
болады. Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну
кезеңдері ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер
кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу
баланстарының саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі
мүмкін.

1.2 Бухгалтерлік баланс және есеп беру

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары өндіріс саласына үздіксіз қатысады.
Оның барлық шаруашылық құралдарының (мүлкінің) шамасын анықтау үшін және
есепті кезеңге оларға экономикалық баға беру үшін әрі қаржы-шаруашылық
қызметін жедел басқару үшін әрбір кәсіпорынның өзінің шаруашылық құралдары
мен мүлкі туралы жалпылама мәліметтері болуы керек.
Осындай жалпылау бухгалтерлік балансты құру жолымен жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік баланстың сан алуан түрлері бар. Бухгалтерлік баланстар
мынадай белгілері бойынша жіктеледі:
1) Құру уақыты бойынша;
2) Құрудың қайнар көздері бойынша;
3) Ақпараттар көлеміне байланысты;
4) Қызметінің сипатына байланысты;
5) Меншік нысандары бойынша;
6) Бейнелену көлемі бойынша;
7) Тазарту тәсілдері бойынша.
1. Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуы мумкін:
а) кіріспе;
б) ағымдағы;
в) таратылу;
г) бөлу;
д) қосылу.
Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол
кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.
Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында
жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы (қорытынды) болып
бөлінеді.
Бастапқы баланс есепті кезеңнің басына, ал соңғы балансы аяғына
құралады. Осыған орай есепті кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы
балансы болып саналады.
Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады.
Олардың соңғы баланстан айырмашылығы,
Біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандай да бір баптарын ашатын
есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі;
Екіншіден, аралық баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік
есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты
құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы
керек.
Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.
Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге
немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын
баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы деп те атауымызға болады.
Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктерген кезде жасайды.
2. Балансты оны жасаудың қайнар көздері бойынша былай бөлуге болады:
а) инвентарлық;
б) кітаптық;
в) бас.
Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдарының тізімі негізінде ғана
құрылады. Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде
кәсіпорынның құрылуы кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі
кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік, біріккен нысандарға ауысу) талап
етіледі.
Кітаптық баланс тек қана ағымдағы бухгалтерлік есептің мәліметтері
негізінде оларды тексермей-ақ алдын ала түгендеу жүргізу жолымен жасалады.
Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің
негізінде жасайды.
3. Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты былай бөлінеді:
а) біртекті;
б) жинақ.
Біртекті баланс тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және
ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады.
Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған
сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.
Топтастырылған жинақ балансы - экономикалық түрде бір-бірімен өзара
байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланстарын қосу жолымен жасалады.
Мұндай баланстарды холдингтік компаниялар (басқа компаниялардың бақылау
акция пакеттерін иеленушілер), өздерінің еншілес және тәуелді
серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.
4. Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі және негізгі емес
қызмет баланстары болып бөлінеді.
Негізгі қызмет балансы - кәсіпорынның бағытына және оның жарғысына
сәйкес жасалған баланс.
Негізгі емес қызмет балансы - кәсіпорынның құрамында тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығы, қосалқы ауыл шаруашылығы, көлік шаруашылығының бар
болуы. Осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызмет балансы
деп аталады.
Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса, онда олардың
қызметтері тиісті баптарды қосу жолымен негізгі қызмет балансында
көрсетіледі.
5. Меншік нысандарына байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті
басқару (муниципалдық), кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас және біріккен
кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.
6. Бейнелену көлемі бойынша баланстар былай бөлінеді:
а) дербес;
б) жеке.
Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады.
Жеке балансты кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері (цехтар,
филиалдар және т.б.) жасайды.
7. Тазарту тәсілі бойынша баланстар баланс-брутто жөне баланс-нетто
болып келеді.
Баланс-брутто - реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс
("Негізгі құралдардың тозуы", "Материалдық емес активтердің
амортизациясы");
Баланс-нетто - реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс[2].

2 Бухгалтерлік баланстың құрылымы және мазмұны
2.1 Бухгалтерлік баланс және оның құрылымы

Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің функциясының бірі
пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық
мәліметтерді уақытылы жеткізіп отыру, осындай ақпараттық мәліметтің ең
негізгі қайнар көзі: Бухгалтерлік баланс.
Баланс сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөзді мемлекеттік тіліне
аударғанда таразы немесе тепе – теңдік деген мағынаны білдіреді.
Бухгалтерлік баланс 2 кестеден тұрады:
1. актив
2. пассив.
Актив баланстың сол жағында орналасақан, ал пассив оң жағында
орналасқан. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың
актив бөлімінде кәсіпорындағы қолдағы бар мүліктері қарастырылады.
Мысалы, 1310 шикі зат пен материалдар; 1312 отын; 1315 басқа да
материалдар; 1314 қосалқы бөлшектер; 1320 дайын өнімдер; 1330 сатып алынған
тауарлар; 2410 негізгі құралдар; 1010 кассадағы бар ұлттық валюта; 1030
банкімен есеп айырысу, ал баланстың пассив бөлімінде кәсіпорын қорлану
көздері туралы ақапаратты мәліметтерді жатқызады. Бухалтерлік есептің бас
жоспары бойынша 5 бөлімдегі және 6 бөлімдегі барлық шоттар жатады. 7 бөлім
табыстар, 8 бөлім шығыстар, 9 бөлім өндірістегі шығындар.
Осы шоттар бір -бірімен жабылады. Ай соңында белгілі болады. Егерде
табыстардың соммасы, шығыстардың соммасынан асып түссе , онда кәсіпорын
пайда алады, ел керісінше шығыстардың соммасы табыстардың соммасынан асып
түссе, онда кәсіпорын зиянға шығады.
Балансты актив бөлімі 2 тараудан тұрады.
1. Ұзақ мерзімді активтер (негізгі құралдар, материалдық емес активтер,
ұзақ мерзімді қаржы инвестиция).
2. Ағымды активтер (тауар материалдық басалқылар дайын өнімді тауарлар,
аяқталмаған өндіріс қысқа мерзімді дебиторлық барштор). Бұл
бухалтерлік баланстың пасивті бөлімі 3 тараудан тұрады.
1. Меншікті капитал (жарғылық капитал, қосымша төленген капитал)
2. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер 40101, субет 1 қысқа
мерзімді несие және 40102 суббъет 2 ұзақ мерзімді несие .
3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер. (3390 демалыс ақы 4110 төлеуге шоттар;
3110-3390 дейін бюджетпен есептеу салықтары. [3]
Актив баланс волютасы 10 млн теңге болса, пасив баланс 2 қатаң
бөліммен расталады:
1. Қолбасшы.
2. Бас бухгалтер.
Бухгалтерлік балансты қызыл сиямен, қара қарындашпен ұлттық теңгені
өшіріп, оны басқа санмен алмастыруға, лас жазуға, салаларды алғына дейін
жазуға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп заңы бойынша рұқсат
етілмейді. Таза және жақсы жазу керек. Бухгалтерлік баланстың өлшем бірлігі
мың теңгемен өлшенеді.
Бухгалтерлік баланс мына органдарға тапсырылады:
1. Салық комитеті.
2. Банк.
3. Статистика бөлімі.
4. Өз кәсіпорында.
Бухгалтерлік баланс әр бір тоқсан сайын жасалынады.
1. тоқсандық баланс
2. Жарты жылдық баланс
3. 9 айлық баланс
4. Жылдық баланс

2.2 Бухгалтерлік баланстың мазмұны

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ҚР Заңының 16-
бабы бойынша және №30 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырушы және меншік нысанына тәуелсіз заңды тұлға болып
табылатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік баланс жасайды.
Бухгалтерлік баланс 5 бөлімнен тұрады.
Бухгалтерлік баланс екі бөлікке бөлінеді: актив және пассив.
Баланстағы әрбір айқындама баланс бабы деп аталады.
Баланстың екі түрлі жағы - актив пен пассив болғандықтан, баланс
баптары активтік немесе пассивтік болуы мүмкін. Баланс активінің әрбір бабы
шаруашылық құралдарының экономикалық біртекті түрлері, ал пассив баптары -
шаруашылық құралдарының құрылу көздерінің экономикалық біртекті түрлері.
Баланстағы барлық баптар топтарға, ал топтар өз кезегінде бөлімдерге
біріктіріледі.
Баланс баптарының топтар мен бөлімдерге біріктірілуі олардың
экономикалық мазмұнынан туындайды. Бухгалтерлік баланстарға шаруашылық
құралдары мен олардың құрылу көздерін көрсететін баптардан басқа осы
шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің бағалау құнын реттейтін
баптар да кіреді. Оларды реттеуші баптар деп атайды. Олар баланста тұратын
баланс баптарының санын кеңейтеді және ақпараттардың көлемін арттырады.
Баланстың реттеуші баптары екі түрде болуы мүмкін: тура реттейтін және
контрарлық. Тура реттелетін баптар жарияланған, шығарылған және
айналымдағы (жарияланған, жазылған және төленген капитал) акциялардың
сомалары мен саны;
• төленбеген капитал;
• акциялардың номиналдық және ағымдағы құны;
• оларды иеленушілердің құқықтары, дивидендтерді тарату және мүліктердің
бір бөлігін төлеу шарттары;
• артықшылығы бар акциялар бойынша төленбеген дивидендтер;
• заңды тұлғаның сатып алған меншік акциялары (қайтарып алынған капитал -
эмиссиялық кіріс);
• аукциондар бойынша болашақта шығарылуға жарияланған акциялар және
олардың шығарылу шарты мен сомасы көрсетілген есепті кезеңге аукциондар
бойынша шығарылған акциялар.

2.3 Есеп беру түсінігі, нысандары мен түрлері

Қаржылық есеп беру дегеніміз - кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық
жағдайлары, қызметтерінің нәтижелері мен қаржылық жағдайларындағы
өзгерістер туралы ақпараттар.
Қаржылық есеп беру "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің
есеп берулерін қоспағанда, мынадай есеп берулерден тұрады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) табыстар мен шығыстар туралы есеп;
3) ақша қозғалысы туралы есеп;
4) өз капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
5) есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу
және қаржылық есеп беру туралы заңдылығымен, сонымен қатар бухгалтерлік
есеп стандарттарының талаптарына сәйкес басқа да қосымша материалдармен
топшыландырылуы мүмкін.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты нысандарының бірі
болып табылады.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының валютасымен құрылуы керек
және өлшем бірлігі мың теңгемен бекітіледі.
Қаржылық есеп беруге, оны уақытында тапсыруға жауапкершілік атқаратын
субъектінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
Еншілес кәсіпорындары бар ұйымдар негізгі ұйымының қызметі бойынша
қаржылық есеп беруден басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке
алу және қаржылық есеп беру туралы заңдылығымен, сонымен қатар бухгалтерлік
есеп стандарттарының талаптарына сәйкес консолидирленген қаржылық есеп
беруді құруға және оны тапсыруға міндетті.
Заңды тұлғалардың қаржылық есеп берулері қызығушылық білдіруші
тұлғалар үшін баспада жария етуге ашық болып табылады. Жылдың қаржылық есеп
берудің растылығы мен ақиқаттылығы аудиторлық ұйымдардың ұсынылатын
тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталынады.
Қаржылық есеп беру нысандарын толтырған кезде келесілер бейнеленіп
көрсетілуі керек:
• белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен құрылтай құжаттарына сәйкес
қаржылық есеп беруді ұсынатын субъектінің аты;
• субъектінің мекен-жайы субъектінің заңды мекен-жайы көрсетіледі; саласы
(қызмет түрі) - субъекті қызметінің түрі көрсетіледі;
• мемлекеттік мүліктерді басқару органы - мемлекеттік заңды тұлға
иелігінде тұрған және қаржылық есепті тапсыратын органның аты;
• меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
Жылдық қаржылық есеп берудің есепті кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға
дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.
Қайта құрылған ұйым үшін бірінші есепті кезең оның мемлекеттік
тіркеуден өткен сәтінен бастап осы жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзім
болып табылады.
Ұйымдар қаржылық есеп беруді келесілерге ұсынады:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистика органдарына;
3) Құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және
қадағалау органдарына.
Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берулерін есепті кезеңнен кейінгі жылдың
30 сәуірінен кешіктірмей тапсырады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу қаржылық есеп беру
туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдық актілерінде
көзделген жауапкершілік жүктеледі.
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік
есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық,
ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен
міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша
амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері
және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып
табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған
бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
• Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу
әдістері.
• Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу
және оларды есептен шығару жолдары.
• Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.
• Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни
калькуляциялау жүйесі.
• Жанама шығындарды анықтау және оларды объктілер арасында тарату
әдісі.
• Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
• Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары .
• Материалдық қорларды бағалау әдістері.
• Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
• Курстық айырманы есептеу.
• Тағы да басқалар шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл шахматтық
тізімдемедегі элеметтер негізінде кәсіпорынның айналым тізімдемесі
бухалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да түрлері жасалады.

2.4 Есеп саясатын дайындау

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады.
Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп
(экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның
басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған
барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке
тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде
есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының
зандарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге
алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен
өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару
құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет.
Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы
барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі
мүмкін:
• Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
• бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
• жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп
саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты
кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына
қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді
серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп
жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы
болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы
орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар
бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу
тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі
жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер
енгізілген болса) жазылады.
Кәсіпорын қызметінің процесінде туындайтын көптеген шаруашылық
әрекеттері актив және пассив жиынтықтарының теңдіктерін бұзбайды, сонымен
бірге жеке баптардың сомалары мен баланс нәтижелері өзгеріске ұшырауы
мүмкін. Бұл әрбір әрекеттің баланстың екі бабына әсер етуімен
түсіндіріледі: шаруашылық құралдарының құрамы мен олардың құрылу көздерінің
мөлшері. Сөйтіп, олар баланстың активінде және пассивінде немесе бір
уақытта активте де, пассивте де болуы мүмкін.
Сонымен, шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде баланс баптарындағы
өзгерістердің сипатына байланысты шаруашылық әрекеттерін төрт топқа (типке)
бөлуге болады.

Шаруашылық әрекеттерінің бірінші типінде активтегі бір бап көбейеді,
ал екіншісі осы сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
Мысалы: Кәсіпорын қызметшілеріне төлемақы беру үшін есеп айырысу
шотынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланстың құрылымы
Бухгалтерлік баланс туралы мағлұмат
Бухгалтерлік баланс және оны талдау амалдары
Бухгалтерлік баланс пен шоттар және олардың байланысы
Бухгалтерлік баланс және есеп айырысу
Бухгалтерлік баланс есебі
Бухгалтерлік баланс аудиті
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
Кәсіпорын балансы
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Пәндер