Қаржылық есептің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кiрiспе

Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен
тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе.
Ол кәсiпорынның жґмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар
берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және солмен қатар ол
ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте
қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық
шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп
көптеген жүзжылдықтар бәрін пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi.
Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған
жазулардан бухгалтерлiк есеп бiздiң заманымызға дейiнгi V ғсырда жүргiзiлдi
деген деректер бар. Ал бiздiң заманымызға дейiнгi II ғасырда Грецяда
салынған құрылысна кеткен шығындар есептелiп, салынЈан үйдiң (ғимараттың)
қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары емтихан
қабылдаушы тыңдаған. Осыдан аудитор деген термин пайда болған. Мiне, осы
жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлiк есептiң тек ғана
кәсiпорын жұмысының бiр бүлiгiн атқарып ғана қоймай, тұтас мемлекеттi
басқаруға қатысы бар екендiгiн дәлелдеуiмiзге болады. Сондықтан да болар
көрнектi ғалым Б.Де Солозаноның Бухгалтерлiк есеп болмаса әлемдi басјару
мүмкiн емес және онсыз адамдар бiрiн-бiрi түсiнбес едi-деген.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру
туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды,
қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi
принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi
талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын
бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге
мiндеттi.
Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық
мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк
есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға
және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни
кәсiпорындағы шаруашылық әдерiстердiң барлығын басынан соңына дейiн
есептеуге болады.е Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және
технологиялық әдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының
да есепке алынуы. Экономикалық талапқа сай бухгалтерлiк есептiн негiзi
болып табылады. Жалпы бухгалтерлiк есеп кәсiпорында мынадай қызмет
атқарады:
- болашқта (алдағы уақытта) пайдалану үшiн ұйымда болып жатқан
операцияларды тiркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық – ақпараттық мәлiметiн өңдейдi, сондай-ақ оны керек
уақытына дейiн сақтайды;
- қаржылық- ақпараттық мәлiметтi пайдаланушыларға уақтылы берiп отырады, ал
бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында
түрлi шешiм қабылдайды.

1 Көп жағдайда бухгалтер мен есепшiнiң арасындағы айырмашылықты бiлмегеннiң
салдарынан бұл екеуiн шатыстырып алатындар да жиi кездеседi. Бґлар iс-
тәжiрибеде өз қызметтерi барысында бiрiн-бiрi ауыстырып отыратындығы,
әрине, рас. Бiрақ есепшiнiң негiзгi мiндетi шаруашылық операцияларын тiркеу
бухгалтерлiк ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәлiметтердi
өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиiмдi етiп
жеткiзу бухгалтердiң мiндетi. Жалпы кәсiпорында бухгалтерлiк есеп жұмысын
атқарушы маман iс- тәжiрибеде мынадай үш түрлi қиындыққа тап болуы мүмкiн:

-Әрбiр жаңа келiсiмдi жүргiзу барысында шешiм қабылдаушыға керектi есеп
атқаратын табыс ету үшiн табыс тиiстi стандарттар мен ережелерге сүйенуге
тура келедi, яғни оларға деген қажеттiлiк туындайды. Ал кәсiпкер ешқашан
капитал жинауда және бизнес жүргiзуде шығармашылық ойдың жетiспеушiлiгiн
сезiнбейдi;
-кәсiпорынның бухгалтерлiк ақпарат мәлiметтерiн бiрдей мақсатқа, тең
дәрежеде пайдаланатын екi тұлға болмайды, себебi мұндай ақпаратты әртүрлi
тәсiлдермен, әртүрлi мақсатта пайдаланады. Олардың бiлiм және тәжiрибе
деңгейi әртүрлi болып келедi;
- бухгалтерлiк есеп табиғат заңы емес, ол әртүрлi ойлар мен шешiмдердiң
үйлесiмi болуы мүмкiн.
Бухгалтерлi есеп мамандығына ғайшы келетiн екi түрлi пiкiр бар:
1. Бухгалтерлiк есеп басқа ғылымдар сияқты табиғаттың заңы мен
принциптерiне бағына бермейдi, себебi оларды ґйымдастыру
керек. Осы аталған бухгалтерлiк есеп принциптерiн жеке
тұлғалар ғана ұйымдастыра алады, сондықтанда оны ұйымдастыру
барысында қайшылықтар мен әртүрлi көзқарастардың болуы
сөзсiз.
2. Бухгалтерлiк есеп түсiнiгi логикалық негiздеу, экономикалық
теория, iс- тәжiрибе, бағдарлама және ортақ келiсiммен
негiзделедi. Осыған орай бухгалтерлiк есеп түсiнiгi
күнделiктi өмiрде болып жатқан әлеуметтiк және экономикалық
жағдайға байланысты өзгерiп отырады.

Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын негiзгi
кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ајпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс
есептелген мәлiмет беру болып табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей
дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық
есептi құру кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi, усынылатын ақпарат
көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi бґл жүйе адамдар
арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды
жеңуге болады.

Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етiп тұрған барлық
субъектiлерге қаржылық есеп берудi және бухалтерлiк есептi жүргiзу
мiндеттiлiгi жүктелдi.
Сот алдында жауап беретiн және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке
мүлiктiк емес және мүлiктiк құқын жүзеге асыра алатын, сол мүлiктердi өз
қалауынша оперативтiк тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргiзуге
меншiк құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп
танылады.
Бұнда филиалда, өкiлдiк те заңды тұлға болып табылмайды.
Заңды тұлға коммерциялықта, коммерциялық емес, те мүмкiн, бiрiншiсiнiң
мақсаты барынша табыс табу және оны өз қалауынша тарата алады, ол
екiншiсiнiң өз қалауынша табыс табу мүмкiндiгi де және таза табысын өз
қатысушыларының арасында бөлу жағдайы да шектелген
Коммерциялық ґйымдар тек келесiдей нысанда құрылуы мүмкiн:
-шаруашылық серiктестiктер;
-акционерлiк қоғамдар;
-өндiрiстiк кооперативтер;
-мемлекеттiк кәсiпорындар;
Коммерциялык емес ґйымдар заң актiлерiмен қаралған дiни
бiрлестiктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерiнен, акционерлiк
қоғамдардан, қоғамдық бiрлестiктерден және ұйымдық нысандарынан құрылуы
мүмкiн. Шаруашылық жолдастықтар жарғылық капиталл үлес бойынша бүлiнген
құрылтайшылардың арасындағы коммерциялық мекеменi айтамыз.
Құрылтайшылардың салымдарынан жинақталған шаруашылық жолдастықтар
жекеменшi болады. Шаруашылық жолдастықтар толық және камандиттi болып
бөлiнедi. Оның өзi толық жолдастықтар құрылтайшылары барлық мүлiкке
салидарлы жауыпкершiлiктi болады. Камандиттi жолдастыјтар екi топқа
бөлiнедi.
1. Барлық жолдастықтардың алдында жауапкершiлiктi болатын толық
жолдастық.
3. Қатысушылар олардың жауапкершiлiгi төленген салықтардың
мөлшерленген ЖШС.
Жарғылық капиталл пайдалану арқылы бөлiнген серiктестiктермен
мүлiктерi мен жауапкершiлiктi болады. Бұндай серiктестiкке қатысушымен
саны 50-ден аспайды.
Акционерлiк қоғам- бұл заңды тұлға акциялар бойынша жұмыс
атқарады. Акционерлiк қоғам үшке бөлнедiң;
1 Ашы
2 Жабық
3 Ашық жалық аралық.
Өндiрiстiк кооперативтiк серiктестiк iстердi орындауға өз еркiмен
тұрғындардың бiрлестiгiн айтамыз. Кооперативтiк мүшелерi екi адамнан
аспайды.
Қазақстан Республикасы үкiметтiң шешiмiн сәйкес құрастырады.
Мемлекеттiк кәсiпорындар козенный кооперативтiктерге бөлiнедi. өкiмет
субсидиялары жауапкершiлiктi болады.
Коммерциялық емес мекеменiң меншiк иесiмен анықтайды. Ол заңмен
толықымен салынған iстермен айналысады. Жоғарыда айтылған барлық мекемелер
ставканы құрайды.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп туралы Заңы.
Қазақстан Республикасының қаулысы бойынша 24 июнь 2002жыл №329-11

бухгалтерлік есеп заңына өзгерістер енгізілген.Бухгалтерлік есеп шоттары
Қазақстаның стандартына көшкен, сонымен қатар бухгалтерлік есеп бас жоспары
өзгерген.Екі санды кодтан үш санды кодқа көшкен Қазақстан Республикасының
қаржы министрлігінің бұйрығы бойша 2005жылы 22 желтоқсанда №426 халық
аралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандартына көшкен.
Бухгатерлік есеп туралы заңында 5- тарауы.
1 тарауда жалпы ережелер жазылған ,бұл заң барлық жеке кәсіпкерлерге
заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген міндетті
түрде бухгатерлік есеп және қаржылық есеп беру осы заңға сәйкес тапсыр-
лады .Бұл заң конститутцияға сәйкес жазылған .Бұл заңда бухгалтелік стан-
дарттары шоттардың типтік жоспары ұсынған, және бухгалтерлік есеп негізгі
принціптері мен функциялары бекітілген. Бұл заңның 6 бабында бухгалтерлік
құжаттардың анықтамасы түрлері регистрлары оларға қабылданған талаптары мен
міндеті реквезиттер бекітілген мыналаржатады:1) құжаттың аты-жөні 2)
толтырылған күні 3) мекеменің аты жөні 4) операцияның мазмұны 5) өлшем
бірлігі 6) жауапты адамның аты жөні мен қолтаңбасы.
7) бабында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы жазған 1)басқарушылар
Кәсіпорынның есеп саясатын құрайды. Бухгалтерлік есеп басшылар бас
бухгалтер қызметінің шотына кіргізіледі немесе өзі жеке бухгалтерлік есеп
жүргізеді.
8) бабында бухгалтерлік есеп жүргізетін ішкі бақылау туралы жазылған.
9) бабында бухгалтердің қол таңбасын қоюға құқықы бар қызметшілер кіреді
10) бабында ақпараттардың құпиясы туралы жазған.
11) бабында бухгалтерлік есепті сақтау туралы жазған.
Заңын бұзған үшін жауап берушілігі.
Бухгалтерлік құжаттары бухгалтер есепті ұйымдастыруы, ішкі бақылау бух-
галтерлік есеп ақпараттың құпиясы, қаржылық есептің элементтерін бағала-
уы. Қаржылық есептің түрлері, заңды бұзғаны үшін жауабы жазылған.

Бухгалтерлік есептің стандарттары.

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны
білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін,
мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты,
қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және
мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы
және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай
жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме
берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап
күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың косымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бүл
қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және
оған қоса мысалдар берілуі де мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп
беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді.
Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың
(жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есеп беру стандарттары. әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу
үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық
бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының
арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп
стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен
мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір
ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында
халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі
елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін
бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда
Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл
ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирландия,
Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің
келісімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни Қаржылық есеп беру
стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда
аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның
құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка
Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар.
Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа
шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және
түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке
бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік
фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық
қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты - мына төмендегілерді
орындай отырып, қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
• қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
• ақпараттық жүйені құру принциптері;
• осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
• қаржылық есеп берудің элементтері
• өлшеу және мойындау критерийлері
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпаратық мәіметтердің болуы қажет:
1. қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті
мәлімет
2. ұйымның алдағы кезендегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
3. ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға
қажетті мәлімет;
4. басқару органдарының жүмысын бағалауға кажетті мәлімет.
Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым
құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есепбухгалтерлікесептің жеті
элементінен құралады.Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қыз-меті
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығынэ пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім
қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігн
аныктайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және
жеке - деп аталатын екі түрге бөлуге болады.

• Жалпы тұжырымдама бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын
білдіреді.
• Жеке тұжырымдама тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтерлік
есеп туралы кезқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және каржылық есеп беру
стандартында қарастырылған бухгалгерлік есеп принциптері, есеп саясаттары,
есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі
таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясынд сондай-ақ тәжірибесінде екі
негізгі, жалпы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық
тұжырымдама қатар жүргізіліп келеді..
Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы кәсіпорынның
жүмысына мемлекеттің ықпал етуімен және араласуымен түсіндіріледі. Бұл
бойынша сол елдегі кызмет атқаратын барлық үйымдар мемлекет бекіткен шоттар
жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша жүмыс істеуі тиіс. Сондай-
ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын ақпараттық
мәліметтері бұл континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы бойынша салық
органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз
ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған және оның
негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отырған елдердің қатарына
Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға
болады.
Америкалық тұжырымдаманың континенттік (еуропалық) тұжырымдамадан
өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі
мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін
қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық
есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі танда бұл
модельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан (Индия),
Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдер қолданып отыр.
Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел өзінің
бухгалтерлік есебін континенттік (еуропалық) немесе америкалық тұжырымдама
бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы
бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік (еуропалық) тұжырымдама
(концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы
қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық
кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының
қажеттілігіи қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997
жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
стандарттары Американдық (халықаралық)
бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылып жасалғандығын атап
өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі
кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп
жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден - осы тұрғыдан, ал екіншіден
елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір
ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын
(инвесторларды) ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп
жасалып отыр.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң есеп саясаты

Есеп саясатының әдiстемелiк бөлiгi нақты шаруашылық ақуалынан,
олардың қолдану тәртiбiнде белгiленген және бухгалтерлiк есеп стандартының
бiршама рұқсатымен бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң белгiлi бiр әдiстерiнен
таңдап алу жолымен қалыптасады.
Кәсiпорын бухгалтерлiк есептiң келесiдей ережелерiн өз бетiнше
шешуiне болады.
-Өндiрiске кеткен шықындар мен өнiмнiң калькуляциялау есебiнiң әдiсi.
Кәсiпорын калькуляциялау мен есеп объектiсiн, шығындарды жанама және
тiкелей көрсету тәртiбiн анықтайды. Кәсiпорын өзiнiң негiзгi қызметiнiң
сипатына байланысты өзiндiк құнның калькуляциялануы мен өндiрiске кеткен
шығынын есептеу үшiн нормативтiк немесе тапсырыстық, немесе бiрнешеуiнiң
үйлескен түрiн таңдай алады.
Таңдап алынған әдiстердiң жинақ есебi шалафабрикаттық немесе
шалафабрикатсыз нұсқасымен жүргiзiлуi мүмкiн.
- Үстеме шығыстарын есептеу және тарату. Кәсiпорын ¹С "Тауарлы -
материалдық запастардың" бухгалтерлiк есеп стандартында келтiрiлген
әдiстемелiк ґсыныстамасында үстемiс шығыстарын құрайтын шығындар тiзiмiне
өндiрiс қызметiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қосымшалар мен
өзгерiстердi енгiзуге құқылы; құрал-жабдық пен машинаны пайдалану және
күтiп ұстау шығыстары өндiрiстi игеруге және дайындауға кеткен шығыстары
және басқа да осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының
құрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса, онда олардың есебi
жекелеген субшоттарында жүргiзiлуi мүмкiн, үстеме шығыстарының сметалық
мөлшерлемесiн есептеудiң әдiтемесi мен олардың тарату тәртiбi де
көрсетiледi: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының нормативтiк
деңгейiне прапорцияналды етiп, тiкелей материалдың шығыстарына пара--пар
етiп, тiкелей нақты еңбек ақы шығыстарына пара-пар етiп немесе оңайлатылған
экономикалық әдiстердi пайдалану арјылы жанама шығындары таратылады,
мысалға, бұйымның тұтыну қасиетiнiң және оның өңдеу шығысынан алынған
көрделендiрiлген коэффиценттерi бойынша;
-Өндiрiс iшiндегi есеп беру iшкi есеп берудi жүргiзудiң барлық
мәселесiн кәсiпорынның өзi шешедi, оның кезектiлiгiн, есеп беру нысаны мен
құрамын және есептi беру мерзiмiн, сондай-ақ патенциалды пайдаланушылар,
есептi жасауға жауапты тұлғаларын анықтайды. Есеп саясатының
ұйымдастырушылық бөлiгi келесiдей мәселелердi қарастырады.
Есеп саясатын негiздеу және таңдау кезiнде барынша жалпы танылған талаптар
мен қағидалар басшылықта алынады және оны сақтаған жағдайда кәсiпорын үшiн
де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейiмделген есеп
саясатын қалыптастыру мүмкiндiгi туады.
Есеп саясаты әзiрлегенде мынадай талаптар ұстағаны жөн.
-шаруашылық қызметiнiң барлық фактiлерiн бухгалтерлiк есепте
толықымен көрсету;
-сақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Бухгалтерлік есептің жүру жолы
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
Қазақстанның қаржылық жағдайы
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
ЖШС Заманбек баланс активінің құрамы мен құрылымын динамикасын талдау
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Пәндер