Бухгалтерлік есептің нормативтік құқықтык базасы


Жоспар
Кіріспе . . . 3 бет
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізі . . . 4-8 бет
1. 1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның
анықтайтын қызметі . . . 8-11 бет
1. 2. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар
және оның ролі . . . 11-13 бет
2. Тауарлық ысыраптардың жалпы сипаттамасы
Және түрлері . . . 13-15 бет
2. 1. Табиғи кему салдарынан болған тауарлық
ысыраптарды құжаттық ресімдеу . . . 16-28 бет
2. 2. Сыну, қирау және бұзылу салдарынан болған
тауарлық ысыраптарды құжаттық ресімдеу . . . 28-33 бет
2. 3. Ыдыстардың салмақ айырмашылығын
кұжаттық ресімдеу . . . 33-37 бет
2. 4. Тауарларды қайта бағалауды құжаттық ресімдеу . . . 37-40 бет
3. Қорытынды . . . 41 бет
Кіріспе.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экологиялық әлеуметтік жағдайларға сай өзгерістерге ұшырап келеді. Сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белігілі ғылым Б. Де. Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»-деген болса оның әріптесі Р. А. Фаулки «Есеп бүл барлық бизнестің тілі, яғни «Философиясы»- деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымының қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдалануға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінің ең маңызды орындарының бірі иеленеді. Бүған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымнының 1992 жылы өткізілген конференциясы «Есептей алмаған-басқара алмайды»- деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды шын орындауы қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорын активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындары және басқарушы (ішкі) есеп болып 2-ге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорын қаржылық ақпараттарын жеткізіп отыратын жүйе болса ол қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушы мен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни басқарушы есептік мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса қаржылық есептің мәліметін бүлармен қоса жабдықтау (мердгер) кәсіпорындар банк мекемелері, салық органдары жэне т. б. пайдаланылады.
Бүгінгі таңда ел экономикалық нарықтық жолға көнуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
1 . Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудын негізі
Бухгалтерлік есептің нормативтік құқықтык базасы. Бухгалтерлік есеп және финанстық есеп беру жұмыстарының негізгі принциптері мен жалпы ережелерін және ішкі бақылау. Мен сыртқы аудиторлық тексеруді жүргізілудің әдістерін негізгі ережелерін тағайындайтын өкілетті орган Қаржы Министрлігінің қарамағындағы бухгалтерлік есеп және аудит методологиясынның департаменті. Ол департамент қаржы министрлігінің құрамына кіреді заңды тұлға статусы бар. Бұл департамент бухгалтерлік есеп және аудит стандартарын бекітіп өзгертіп немесе жойып жаңа түрлерін тағайындап отырады. Республиканың барлық экономика саласының есеп және аудит жүргізу әдістерін дайындайды және аудиторлык кызметтерді жүргізуге профессионалды бухгалтерге лицензиялық тексеру жүргізіп сертификат береді. Бухгалтерлік есептің негізгі нормативтік құқыктық базасына мыналар жатады.
1) Бухгалтерлік есеп заңы - бүл заң 1995 жылы 26 желтоқсанда №2732 номерлі президенттің указы бойынша бекітілген.
2) Бухгалетрлік стандарттар
3) Әдістемелік нұсқаулар ережелер
4) Бухгалтерлік есептің типтік счеттары
5) Есеп саясаты.
Республиканың Азамат кодексі қаржылары бойынша заңды тұлғаларға . мыналар жатады:
- Шаруашылық серіктестігі
- Өндірістік коперативтер.
- Акционерлік қоғамдар.
- Мемлекеттік мекемелер
- Коммерциялық емес кәсіпорындар.
Бұл заңды тұлғалар және жеке тұлғалар кәсіпкерлікпен айналысатын Қазақстан резиденттер және резидент емес (занды түрде Республикада кәсіпкерлік жасайтын шетел компаниялары мекемелер, фирмалар) міндетті
түрде бухгалтерлік есеп және финанстық есеп жүргізуге тиісті. Бухгалтерлік ; есеп заңы негізінде бухгалтерлік есеп және финанстық есеп жүйелерін жүргізуге тиісті. Бухгалтерлік заң негізінде бухгалтерлік есеп принциптерін оның сапасын және жалпы ережелерін белгілейді және нығайтады. Бухгалетрлік есеп заңы негізінде ҚР-ның Конститутциясына сүйене отырып есеп заңдарын шығарады. Бұл заң бойынша бухгалтерлік есеп және финанстық есеп жүйелерін мемлекеттік басқару ретінде жүргізеді. Мемлекеттік басқару ретінде жүргізіледі. Мемлекеттік басқару органдарынан басқа нормативтік құқықтық актілерді Республиканың Ұлттық банкісінде шығарады және бекітеді. Бухгалтерлік стандарттар негізінде есептің жеке-жеке объектілерінде есеп жүргізудің ережелерін және қағидаларын анықтайды. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары шаруашылық операцияларының бухгалтерлік счеттарында көрсету үшін пайдаланылатын құрал жалпы типтік бухгалтерлік счеттар бойынша әрбір шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылығының көлемі орындайтын жұмыстары жэне оларда болатын шаруашылық операцияларына байланысты жұмыстық счеттар жоспарын жасайды. Әр шаруашылықтың өзінің бухгалтерлік есебін жүргізу үшін сол шаруашылықтың бас бухгалтері есеп саясатьш жасайды. Шаруашылықтың есеп саясатын бухгалтерлік есеп заңына, бухгалтерлік стандарттарға, методикалық рекомендацияларға типтік бухгалтерлік счеттарда және де басқа Үкіметтің және Ұлттық Банктің шығарған ережелерін басшылыққа ала отырып солардың негізінде жасалады. Шаруашылықтың есеп саясаты сол шаруашылықтың бухгалтерлік және финанстық есебін жүргізу тәртібін есеп жүргізу үшін қолданатын әдістерін және негізгі есеп қағидаларын анықтайды. Барлық шаруашылықта бухгалтерлік және финанстық есеп сол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес жүргізілуге тиісті. Шаруашалқтың есеп саясатымен бухгалтерлік счеттардың жұмыс жоспары сол шаруашылықтың жетекшісі бекітеді. Шаруашылықтың есеп саясаты мынадай негізгі 3 аспектін қамтиды:
1) Бухгалтерлік есепті методикалык жағынан қамтамасыз ету.
2) Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
3) Бухгалтерлік есепті техникалық жағынан қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепті методикалық жағынан қамтамасыз ету негізінде бухгалтерлік есептің басқару жүйелерін көрсетеді. Негізінде методикалық басқару жүйелерін көрсетеді. Негізінде методикалық басқару 4 деңгейлі нормативтік құқық құжаттардан (базадан) тұрады:
1) Методикалық басқарудың 1-ші деңгейлі есеп заңы.
2) 2-ші деңгейлі бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің шығарған стандарттары стандарттар негізінде мемлекеттің бағдарламаларын орындау үшін қолданатын халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданатын принцептерді қолдану (пайдалану) арқылы жүргізу.
3) 3-ші деңгейлі бухгалтерлік стандарттарды қолданғалы методикалық рекомендациялармен, инструкцияларымен.
4) 4-ші деңгейлі есеп саясатын құрастырудағы қоладанатын негізгі нормативтік құжаттар .
Бухгалтерлік есепті методикалық қамтамасыз етуде мыналар анықтайды:
а) типтік план бойынша бухгалтерлік жұмыстардың жұмыс счет жоспарын жасау, сол жұмыс счеттары бойынша шаруашылығы басқару ұйымдастыру үшін және олардың мәліметтерін сыртқы пайдаланушылар үшін аналитикалық және синтетикалық субсчеттарды анықтау.
б) Шаруашылықта қолданатын арнайы және әр салаларды қамтитын бастапқы құжаттарды белгілейді.
в) шаруашылықтың күнделікті ағымдағы бақылау жүмысын жүргізу модельдерін жасау.
г) шаруашылық мүліктерімен міндеттемелерін бағалау және инвестиция жүргізудің технололгиясын жасау.
д) құжат айналымының ережесін мәліметтерді қорытындылау және мәлімет жинау жолдарын анықтау шаруашылықта бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізінде сол шаруашылықтың есептің қай формада жүргізуді анықтау.
Бухгалтерияның құрылымын қандай бөлімнен тұратындығын және бухгалтерлік персоналын орындайтын міндеттерін анықтау. Бухгалтерлік есеп негізінде басқару жэне финанстық есепті ұйымдастыру бөлігінде негізінде мына объектілер есепке алынады:
1) Негізгі қүралдар
2) Материалдық емес активтер
3) Тауар материалдық запастар
4) Ақша қаражаттары
5) Есеп айырысу жұмыстары
6) Уставтық капиталды есептеу және де басқа активтер мен пассивтерде есепке жүргізіледі.
Бұл бөлімде бас кітап толтырылуы баланс жасау финанстық есеп жасау салық есебін жүргізу бюджетпен есеп айырысу жұмыстары жүргізіледі.
Финанстық басқару бухгалтериясына өнім өндірумен байланысты шығындарды қорытындылап береді. Басқару есеп бөлімінде сол шаруашылықты басқару үшін керекті мәліметтер дайындап өндіріс және өндірістік емес жүргізуді өндірістік емес негізінде шаруашылықта өндіретін өнімдеріне орындайтын жұмыстарымен, қызметтерімен кеткен шығындарды есептеп олардың калькуляциясын жасайды. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру үшін әрбір бухгалтердің орындайтын есеп жұмыстарын міндеттерін дұрыс бөлу. Негізінде есеп қызметкерлердің орындайтын міндеттерін тағайындау мынадай 3 түрде болады:
1) Міндеттері әрбір есеп бөлімдеріне қарай бөлінеді:
а) Есеп айырысу бөлімдері
б) Өндірістік бөлімі
в) Сату бөлімі
г) Жалпы бөлім
Негізінде бұл әдіс үлкен ірі шаруашылықтарда қолданады.
2) Функционалды есеп, персоналдарының бөлу әдісте белгілі бір есепші
топтары бірыңғай есеп жұмыстарын бірге жүргізеді. Бухгалтер персоналдың орындайтын міндеттердің тағайындау үшін олардың орындайтын қызметтерін инвестициясын жасау.
Бухгалтерия жұмыстарын ұйымдастыру түрлері және онда істейтін есеп қызметкерлердің саны сол шаруашылықтық құралдарыменен қамтамасыз етілуіне байланысты.
3) Техникалық қамтамасыз ету. Бухгалтерлік техникалық қамтамасыз ету дегеніміз- есеп саясатының методикалық және ұйымдастыру аспектілерінің орындау үшін қолданатын процедуралардың қорытындысы ол процедураға жататындар.
а) Шаруашылықта жасалған бухгалтерлік есеп счеттарнының пайдалану үшін жасалған инвестициялар. Бухгалтерияның әрбір бөлімінде толтырылатын бастапқы құжаттың формасы мен альбомы. Есеп жұмысында қолданатын техникалық құралдар шаруашылықта тағайындырылған синтетикалық және аналитикалық есептің коэфикаторы. Бухгалтердің профессионалдық деңгейлері, квалификациясы, есеп процесін оптимизациялаудағы әртүрлі техникалық ұйымдастыру және санитарлы гигиеналық қорлар.
б) шаруашылық ішінде қолданатын бақылау әдістері
в) бухгалтерияның ұжымындағы өндірістік қарым - қатынастардың мәдени деңгейі.
1. 1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның анықтайтын
қызметі.
Бухгалетер есеп ұйымының қаржылық ақпаратын бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап оны басқару үшін бағыт бағдар беріп алдағы уақытта істелетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашаққа атқаратын жұмысын экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар б9рын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап оның қорытындысын емтихан қабылдаушы таңдаған. Осыдан «аудитор» деген термин пайда болған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік есептің тек қана кэсіпорын жүмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай, тұтас мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да бұлар көрнекті ғалым Б. Де. Солозонның «Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді» - деген. ҚР-ның «бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды. Қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын жіне есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заманға сәйкес жүргізуге міндетті кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнім де есепке алуға сатып -өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді уақытты етіп бөліп жұмсауға яғни кәсіпорындағы шаруашылық үлестердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және техникалық үлестердің сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығын да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады - болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды ұйымның қаржылық ақпараттық мәліметін өндейді сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды - қаржылық ақпараттың мәліметі пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды. Көп барысында жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бүл екеуін шатастырып алатындар да жиі кездеседі. Бүлар іс-тәжірибеде өз қызметтері барысында бірін-бірі ауыстырып отыратындығы әрине рас. Бірақ есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса ол бұл мәліметтерді өңдеп оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті. Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы жаман іс-тәжірбиеде мынадай үш түрлі қиындыққа тап болмауы мүмкін. Әрбір жаңа келісімді жүргізу барысында шешім қабылдаушы тұлғаға керекті есеп атқаратын табыс ету үшін тиісті стандарттар мен ережелерін сүйенуге тура келеді, яғни оларға деген қажеттілік туындайды. Ал кәсіпкер ешқашан капитал жинауда және бизнес жүргізуде шығармашылық ойдың жетіспеушілігін сезінбейді кәсіпорынның бухгалтерлік ақпарат мәліметтерін бірдей-мақсатқа тең дәрежеде пайдаланатын екі тұлға болмайды, себебі мұндай ақпаратты әртүрлі тәсілменен әртүрлі болып келеді бухгалтерлік есеп табиғат заңы емес ол әр түрлі ойлар мен шешімдердің үйлесімі болуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп мамандығына қайшы келетін екі түрлі пікір бар:
- Бухгалтерлік есеп басқа ғылымдар сияқты табиғаттың заңы мен принциптеріне бағына бермейді, себебі оларды ұйымдастыру (жасау) керек. осы аталған бухгалтерлік есеп принциптерін жеке тұлғалар ғана ұйымдастыра (құрай) алады, сондықтан да оны ұйымдастыру (құру) барысында қайшылықтар мен әртүрлі көзқарастардың болуы сөзсіз.
2) Бухгалтерлік есеп түсінігі логикалық негіздеу экономикалық теория іс-тәжірбие бағдарлама және ортақ келісіммен негізделеді. Осыған орай бухгалтерлік есеп түсінігі күнделікті өмірде болып жатқан элеуметтік және экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Кәсіпорындардағы бухгалтер мамандық қай-қайсысының болмасын негізгі кәсіби міндеті бухгалтерлік ақпараты пайдаланушыларға уақытылы және дұрыс есептелген мәлімет беру (ұсыну) болып табылады. Бұл ақпараттың мәліметті бірдей дәрежеде пайдаланатын екі тұтынушы болмағандықтан жалпы сипаттағы қаржылық есепті құру кезінде негізгі қағидалар мен шектеулерді ұсынылатын ақпарат көлемін объективті бағалау қажет. Бухгалтерлік есептегі бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.
1. 2. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың рөлі. Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық ақпараттық мәліметтінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды) несие берушілерді (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорындардың қаржылық есебіне сүйенеді. Кэсіпорындар мен Ұйымдардың қаржылық ақпараттық мәліметін пайдаланушылар негізінен мынадай 2 топқа бөлінеді: кәсіпорынды басқарушылар (басшылар) кәсіпорынды тыс орналасқан бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделер кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделер. Кәсіпорынды басқарушыларға осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға кәсіпорынның иесі кәсіпорынның басшысы директорлар кеңесінің мүшелері, менеджер бөлім басшылары т. б. жатқызылады. Бұл
аталған санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның соңғы есепті жылдағы таза пайдасының көлемі (мөлшері) нақты алынған табыс көлемінің жоспарымен сәйкестігі өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар қызықтырады. Кәсіпорыннан тыс орналасқан бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделі тұлғалар болып қаржылар салым жабдықтаушылар және басқалар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары көрсеткен қызметтері сондай-ақ берген несиелерінің уақытылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді. Ал кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі тұлғалардың қатарына: салық органы, министрліктер мен агенттіктер, аудиторлар, сақтандыру компаниялары сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және тағы да басқа заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады. Кәсіпорынның бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек төлемдердің уақытылы төлейтіндігін қаржылық ақпараттық мәліметтерінің дұрыстығын және өз жұмысшы қызметкерлерімен еңбекақы бойынша уақытылы есеп айырысатындығын қадағалау осы яғни кәсіпорынның қаржылық қызметке жанама мүдделі тұлғалардың жұмысы болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық ақпараттық мәліметтерін пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы біртұтас бухгалтерлік есеп жүйесін екі бөлікке бөлді. Соңғы жылдары біздің елімізде де халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті қаржылық есеп және басқарушылық есепті де екіге бөліп қарастыра бастады. Бұндағы қаржылық есеп ұйымының ішкі және сыртқы пайдаланушылар қолданатын қаржылық-ақпараттық мәліметтерді толық қалайтын болса, басқарушылық есеп тек қана кәсіпорынның ішкі пайдаланушыларына керекті өнім өндіру табыста табу және оның алдағы кезеңдегі нәтижесінің артуына байланысты ақпараттық мәліметтерді қарастырады . Белгіленген заңға сәйкес дұрыс жасалынған қаржылық ақпараттық мәліметтерді кезінде пайдаланушыларға жеткізіп беріп отыру кез-келген кәсіпорындағы бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында Ел Президентінің «Қазакстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қойылған халықтың тұтынатын әртүрлі тауарларға халықтың күнделікті сұраныстарын толық қанағаттандыру және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын одан әрі көтеру талаптарын орындауда сауда ерекше рөл атқарады. Сатып алушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеруде, халықтың халық тұтынатын тауарларға сұраныстарын қаншалықты толық қанағаттандыруда туындайтын күнделікті мәселелерді негізгі дәрежеде шешу олардың жұмыс сапасына, біліміне, әэжірибесіне, жұмылдыруына, шапшаңдығы және шығармашылықпен істің ыңғайын білумен тығыз байланысты.
2. Тауарлық ысыраптардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Халық тұтынатын тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу кезінде саналуан (объективтік жэне субъективтік) факторлардың әсер етуінен тауарлардың тұтыну кұнының кемуіне әкеледі, себебі тауарларды тасымалдау, сақтау және сату процесінде олардың нақты физикалық массасының сандық кемуі және бастақы сапасының жоғалуы (түтыну қасиеттерін жоғалтулардың толық немесе жарым-жартылай бұзылуы) пайда болады. Бухгалтерлік есепте ақшалай көрсетілген тауарлардың мұндай сандық және сапалық өзгерістері тауарлық ысыраптар деп аталады.
Тауарлық ысыраптарды төмендету бір жағынан, сауда мекемлелері мен кәсіпорындарының тауар оралымының көбеюіне, сауда шығындарының қысқаруына, таза табыстың көбеюіне және қаржы нәтижелерін жақсарту үшін өте маңызды мағынасы бар, жэне екінші жағынан, оның елдің тауар қорларының өсуінің көзі ретінде үлкен халык шаруашылық маңызы бар, бұл халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін арналған тауарлардың өндірісінің өсуіне пара-пар. Сондықтан сауда мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары мен бухгалтерия қызметкерлері тауарларды тасымалдау (жолда), сақтау және сату кезінде тауарлық ысыраптарының пайда болу мүмкіндіктерін ескерту және олардың жүйелі төмендеуін қамтамасыз ету, ал кейбір жағдайларда келтірілген материалдық залалды өтеу үшін тауарлардың артық ысыраптарына кінэлі адамдарды уақытылы айқындау мақсатында тауарлық-материалдык қорлардың сақталуы мен қозғалысына әсерлі бақылау жасауға міндетті. Бұл міндеттерді орындауда тауарлық ысыраптарды дұрыс және уақытылы құжаттық ресімдеудің ерекше маңызды мағынасы бар. Бухгалтерия тауарлардың жетіспеушіліктері мен басқа тауарлық ысыраптарды шығысқа шығарудың заңдылығы негізділігіне мұқият және қатал бақылауды қамтамасыз етуге тиіс. Тауарлық ысыраптарды төмендету үшін бухгалтерия тауар корларының белгіленген мөлшерлерін (нормативтерін) сақтауға қатал және уақытылы бакылау орнатуға және тауар қорлары мөлшерден (нормативтен) тыс жиналуын болдырмау және өтпейтін, жатып қалған және сапасыз тауарларды уақытылы анықтау жөнінде жедел шаралар қолдануға міндетті.
Бұрын айтылғандай, саудадағы тауарлық ысыраптар объективтік және субъективтік факторлардың әсерінен құрал сондықтан тауарлардың ысыраптары екі түрде болады мөлшерленетін (нормаланатын) және мөлшерленбейтін (нормаланбайтын) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz