Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ

0. 1. ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ

Жарғылық капиталы - кәсіпорын капиталының жарғысымен айқыңдалған және негізінен акцияны сатудан (акционерлік қоғам) қалыптасатын немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың (шаруашылық серіктестіктердің және басқа да түрлерінің) салымдарының есебінен түскен түсімдердің бастапқы сомасы. Жарғылык қорға бағытталған қаражаттар сомасы жаңадан кұрылған кәсіпорынның кызметін қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде, оған қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылығы бар акциялардың ара қатынасы, «Алтын акцияның» болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі.

Егер бұрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, онда жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім қабылданбайды. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады.

Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интелектуалдық меншікті қоса алғанда материадық емес активтер, «Ноу-хау-лар», негізгі кұралдар, жер иеленушілердің құқықтары т. б» активтер қабылданады. :

Жарғылық қоры акциялардың сатылған атаулы (номинальды) кұны бойынша бағаланады. Егерде сатылған акциялардың құны арттса, онда олар жеке көрсетіледі де, және сол құндардың төмеңдеген (арзандаған) кезінде, пайда болған айырманы жабу үшін пайдаланады. Бұл қаражаттар 531-ші «Қосымша төленген капигал» шотында есептелінеді

Жарғылық капиталдың қолда бары және оның қозғалыс 501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Артықшылығы бар акциялар», 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» шоттары енетін 50-ші «Жарғылық капиталы» деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес жарғылық капиталының мөлшері шектеліп отырады, яғни жалған капиталдың көп болмағанын көздейді.

Жаргалық капиталдың абсолютті көлемі және оның баланс пассивінің жалпы жиынтығындағы үлесі-кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын баяндайтын көрсеткіш.

50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның кұрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 50-бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталының белгіленген тәртібі бойынша : жүреді ұлғайған немесе азайған жағдайларда, онда құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізіледі.

50-ші «Жарғылық капитал» белімшесінің шоттары, бойынша операцияларды қарастырайық.

Бұл орайда шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалады:

Рет№: Рет№
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Шаруашылық операцияларының мазмұны
Дебет: Дебет
Кредит: Кредит
Рет№: 1.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жариялалған капитал сомасына
Дебет: 511
Кредит: 501, 502, 503
Рет№: 2.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Шығарылған акциялардың (салымдардың немесе пайлардың) атаулы . (номиналды) құнын төлеу
Дебет: 431, 432 441, 451 452
Кредит: 511
Рет№: 3.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Шығарылған акциялардың (салымдардың немесе пайлардың) тұрақты құнын төлеу тауарлы-материалдық құндылықтармен және басқа активтермен жүзеге асыра алады
Дебет: 101-106 121-125 201-208 221-223
Кредит: 511
Рет№: 4
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Құрылтайшылардың салымы қайтарылып берілді .
Дебет: 503
Кредит: 451, 441

Тауарлы-материалдық кұндылықтардың жарғылық қорына төлеген жарнаны бағалау мен оны растау үшін бастапқы құжаттармен (жүк-құжаттары, құндылықтарды қабылдау-беру. актілері, т. б; ) бекітілуі тиіс және оған қажет аудиторлық тексеру қорытыңдысы керек; жарғылық калиталға ақшалай қаражаттар салымы барысында, төлем құжаттары ұсынылса жеткілікті саналады; шаруашылықты қайта тіркеу кезінде оған қатысушының ақшалай, салымы серктестіктің бухгалтерлік құжаттарымен немесе аудиторлық қорытындысымен расталуы қерек.

511 шот бойынша қалдық қалатын болса, онда ол орналастырылған акция емес, хабарландырылған акциялардың саны мен құны жөніндегі ақпаратты білдіреді. Бұл шот жалғ активтер шоты болып табылад, өйткені ондағы есептелінген акциялар ешбір нәрсемен қамтамасыз етілмейді және ешбір құқытың артықшылықтарымен ерекшеленбейді.

Әйтсе де, акционерлік қоғам бағалы қағаздар нарығындағы қолайлы жағдайлар кезінде өз акцияларын олардың номиналды құнынан жоғары бағаға өткізе алса әсіресе андеррайтердің көмегімен жүзеге асырса, оңда оның пайдасы бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Сатылатын құнының номиналдықтан кұнынан артып түскен сомасы 441-ші "Есеп айыру шотындағы қолма-қол ақша" шотының дебетінде және 531-ші "Қосымша төленгеи ка-питал" шотының кредитінде көрсетіледі. Осы мәселе бойынша І997жылдың 22 шілдесінде қабылданған №106-шы ҚР Ұлттық комиссиясының қаулысына қараңыз.

Жарияланған жарғылық капиталды 511-ші «Төленбеген капитал» шоты бойынша толық төлеген жағдайда қалдық қалмайды, әйтсе де, бұл шотта қалдық қалуы мүмкіи.

501-ші «Жай акциялар» және 502-ші «Артықшылығы бар акциялар» шоттарының дебеті бойынша және 521-ші«Кайтарылып алынған капитал» шотының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталының айналымнан алынған акциялардың азайтылған сомасы көрсетіледі.

Акциоиерлік қоғамның таза активтерінің мөлшерін анықтау кезінде, оның жарғылық капиталының мөлшері 511-ші контрпассивтік шоты бойынша керсетіледі және тап сол сомаға дебеттік қалдықтың сомасы азайтылады.

Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді және де ол кәсіпорынға берліп отырған мүліктің жалпы құнынан артық болуы мүмкін, бірақ 1 есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталының есебі жеке 503-ші шотың тиісті аралық шотында жүргізіледі

Жарғылық капиталдың аналитикалық есебі акционерлер немесе қатысушылар - жеке тұлғалар бойынша тізімдемеде (ведомоста) немесе машинограммада жүргізіледі. Акциялардың аналитикалық есебін жүргізу үшін мынандай маліметтердің негіздемесі (реестрі) бойьнша жүреді:

-акцияларға ие акционерлердің жалпы саны;

-артықшылығы бар акциялардың жалпы саны және оларға ие акционерлердің саны;

-акциялардың 5%-інен астамына ие агакционерлердің'сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жарғылық қордағы үлесі.

Көшірмеде; шығысқа жататын нөмірі, күні, тіркеушінің атауы және оның орналасқан орны көрсетілуі керек. Көшірмеге лауазымды (басшы) адам қол қояды және тіркеушінің мөрімеи куәландырылады:

Акциялардың қозғалысы жөніндегі операиялардың бухгалтерлік сеебіндегі жазулар тәуелсіз тіркеуішнің (бағалы қағаз ұстаушылардың тізідемесін жүзеге асыратын заңды тұлға) операцияларда тіркеуі негізінде, тізімдемедегі тиісті жазуды өзгерту жолымен жүргізіледі.

0. 2. МЕНШІК КАЛИТАЛЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ БОЙЫНША БОЛАТЫН

ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБі

Меншік капиталының қозғалысы бойьнша операциялардың дұрыс көрсетілуі, әрбір кәсіпорын үшін мәні зор. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша, оның негізгі операциялары көрсетілген.

Төленбеген калиталдың есебі. Төленбегөн капиталдың есебін жүргізуге 511-ші "Төленбеген капитал" шоты пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпаратты жинақтайды 511-шоты, шын мәнінде жалған капитал болып саналады.

511 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарына болса да, ол өз табиғаты бойынша активті шот болып табылады. Сондай-ақ, 511 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т. б. ) демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 511-ші «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 50-ші «Жарғылық капитал» белімшесінің шоттары-501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Артықшылыкты акоияларі» (акционерлік қоғамдарда) және 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымадардың салынуын жүзеге асырылуына қарай 511-ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

- материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезіңде-101-104-106 шоттары;

- жерді, негізгі кұралды, малды, аяқталмаған кұрылыс объектілерін жарғылыққорға жарна ретінде төлеу кезіңде -121-125 шоттары;

- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 201-206, 208, 221-223 шоттары; :

- акшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде - 451, 452, 441, 431, 432 шоттары дебеттеледі.

Егерде 501 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырған болып саналады.

511-ші шот бойынша аналитикалық есебі акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жургізіледі;

Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Қайтарылып алынған капиталдың есебіне 521-ші шоты арналған. Бұл шот алдағы уақытта айналымнан алып тасталатын акциялардың есебі туралы ақпараттарды жинақтайды.

Акиионерлік қоғам акоионерлердің жалпы жиналысында, акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылу көлемін қысқару жөнінде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдынала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар, АҚ-нын кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер мұңдай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайта алады. Қалған жағдайда меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда АҚ өзінін акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына қайта сатады, олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады. Бұл кезде шоттар корреспонденциясы келесідей сипатта көрініс табады:

1. Сатып акциялардың нақты құны номиналды (атаулы) құнға тең болған жағдайда: олардың номиналдыққ құнына теңестіріледі: 431, 432 441, 451 шотгары дебеттеліп, 521 шоты кредиттеледі.

2, Сатып алынған акциялардың құны номиналдық кұннан төмен болған жағдайда: 431, 432, 441, 451, 452-ші ақшалай қаражаттар шоттары дебеттеледі де, 521 шоты кредиттеледі. Егерде ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда, онда оларға қосымша 531, 561, 562 шоттарындағы қаражатгарды қосады.

3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық кұннан жоғары болған жағдайда:

431, 432, 441, 451, 452-ші ақшалай қаражаттарының шоттары дебеттеледі де, 521, 531 шоттары кредиттеледі.

Кейде акционерлік қоғам сатып алынған акцияларды қайтарып алу «жөнінде шешім кабылдайды, бірақ бұл кезде тіркелген жарлық капиталын, оның номиналдық құны бойынша азайту керек, бұл кезде келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:

501, 502 шоттары дебеттеліп, 521 шоты кредиттеледі. :

Егер қайтарылып алуға жататын сатып алынған акциялардың нақты бағасы олардың бастапқы орналасқан кұнынан төмен қалыптасатын болса, ондағы айырма 531-ші "Қосымша төленген капитал" есебі бойынша көрсетіледі.

Қайтарылып алуға жататын сатып алынған акиялардың нақты бағасы олардың бастапқы шығарылған құнынан жоғары болса, онда оның айырма-акционерлердің капиталының азайғандығн көрсетеді. Бұл кезде мынадай шоттар корреспонденцияси қалыптасуы мүмкін: '

501, 502, 531, 561, 562 шоттары дебеттеліп, 521 шоты кредиттеледі. (Бұл арада 501, 502, 531 шоттары жеткіліксіз болса ғана, онда 561 - 562 шоттарының : қаражаттары пайдаланады) .

Құжаттық үлгідегі акциялардың күшін жоятын актілер жатады. Актіні акционерлік қоғамның тиісті жолдармен бекітілген 'комиссиясы' жасайды. Актіде жалпы мәліметтерден басқа мынандай мәліметтер болуы керек: акциялардың жойылған күні және орны, эммисиясының күні, нөмірі және құрылымы, эмиссйяны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні, акцияларды дайындау туралы тапсырысты кім және қашан орынадағаны туралы мәліметтер саны түрі, атаулы құны. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі акцияларды жою тәсілі, акционерлік қоғам мөрімен куәландырылған комиссия мүшелерінің қолдары болады.

АҚ-дар өз акцияларын айналымнан қайтарып алса, онда ол активтердің құнына кері әсерін тигізеді, не болмаса 521-ші контрпассивті (активтік шотында дебеттік қалдықтың болуы жарияланған жарғылық капиталдың мөлшерін және айналымдағы акциялардың санын азайтады. 521 ; шоты бойынша аналитикалық есеп айналымнан алынған акциялардың, түрлері сериялары және рет немірлері бойынша жүргізілуге тиіс.

Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сома мұндай капиталдың есебі 531-ші «Қосымша төленген капитал» шотында жүргізіледі.

Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалады:

Рет№: Рет№
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Шаруашылық операцияларының мазмұны
Дебет: Дебет
Кредит: Кредит
Рет№: 1.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Өз акцияларын сатқан кездегі түсімі, ол
Дебет: 431, 432
Кредит:
Рет№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: валюталық есеп айырысу шоттарына,
Дебет: 441, 451
Кредит: 531
Рет№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: сондай-ақ кассаға түскен кезде
Дебет: 452
Кредит:
Рет№: 2.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сатылған акциялар бойынша шоттарды
Дебет:
Кредит:
Рет№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: төлеуге ұсынған кезде (сатылған акииялардың
Дебет:
Кредит:
Рет№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: тұрақты құны 334-шоттың дебет және
Дебет: 334 .
Кредит: 521
Рет№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 723-шоттың кредиті бойынша көрініс табады)
Дебет:
Кредит:

Қосымша төленген капиталдың сомасын АҚ тұтыну қажеттіліктеріне жұмсай алмайды.

Өз акцияларын сатуға байланысты шығыңдары кезінде (еңбекақы төлеу, әлеуметтік және медициналык сақтандыруға аударымдар, зейнетақы корына аударымдар және басқа да аударымдары) 681, 651 652, 653, 655 және басқа шоттарының кредитінен 843-ші «Бағалы қағаздарды сату бойынша шығындар» шотының дебетіне көшіріліп жазылады.

Қосымша төленген капитадың сомасы, әдетте, жарғылық қорды ұлғайта (531шоттың дебеті, 501, 502 шоттардьщ кредиті) пайдаланады.

Қосымша төленбеген капиталдың есебі. Капиталдың бұл түрінін есебі үшін 54-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің қатарына мынандай жинақтамалы шоттар кіреді:

541- шот «Негізгі кұралдарды қайта бағалаудаң алынған қосымша төленбеген канитал»; 542-шот «Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 543-шот «Басқада қосымша төленбеген капитал»

54-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі кұралдарды, инвестицияларды және баска актиртерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдыктары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Негізгі құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі кұралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аякталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес нерзгі қорларға иңдексация жасау тәртібі мен ережерсін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған, негізгі құралға келесідей корреспонденциясы жасалады:

Рет №
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Дебет
Кредит
Рет №:

1.

2.

Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде.

Негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты, олардың тозу сомасы да ұлғаяды

Дебет:

122-125

541

Кредит:

541

131-134

Көсіпкерлерге негізгі құралдардың баланстық құнын индекстеуді базардағы негізгі құралдардың тиісті түрлері бойынша қалыптасқан бағаларға сәйкес тікелей есептеу арқылы жузеге асыру құқығы берілген, бағалар құжаттармен немесе сараптама жолымен расталуы керек. Құнсызданудың белгіленген индекстерінен тыс есептелген қосымша бағалау сомасы салық есебінде салық телеушінің барлық жылдық табысы ретінде көрсетілуге тиіс. Негізгі кұралдарды тікелей қайта есептеу жолымен аякталмаған құрылыс қондырғыларын да қайта бағалайды және осы жөнінде келесідей шоттар корреспонденциясы жасалынады:

Рет№
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Дебет
Кредит
Рет№:

1.

2.

Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Егер оронатылуға арналған жабдықтар және бітпеген күрделі салымдардың индекстелуі жүргізілетін болса

Негізгі құралдарды пайдалану барысында қайта бағалау сомалары қолданылып жүрген амортизацияны есептеу әдісіне сәйкес белгіленетін мөлшерде бөлінбеген.

Дебет:

126

541

Кредит:

541

561

Негізгі құралдардың пайдалану барысына қарап, қайта бағаланған (доо-ценка) сомасьн, қолданыстағы амортизацияны есептеудің көмегімен ондағы белгіленген нормасы (стайкасы) бойынша бөлінбеген табысқа жатқыза алады.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін келесідей есептеулер жасалады:

Жазбалар мазмұны
Сома, мың, теңге
№: 1.
Жазбалар мазмұны:

Кәсіпорын 1994жылы жол тегістегіш машинасын сатып алды делік. Пайдалану мерзімі 8жыл. Амортизация нормасы 12, 5%:

-машинаның алғашқы қайта бағалануына дейінгі құны

-1-ші қайта бағалауына дейінгі тозу сомасы мына мөлшерде болған

Сома, мың, теңге:

1388, 89

231, 48

№: 2.
Жазбалар мазмұны:

Қайта бағалау нәтижесінде(01. 10. 94ж., 01. 01. 97ж. ) машинаның құны мен тозуы сомасы төмендегідей болады:

-тегістегіш машинаның құны

-машинаның тозуына байланысты есептелген сомасы

-машинаны қайта бағалаудың сомасы (27. 359, 95-1388, 89теңге) 2

-машинаны қайта бағалаудың нәтижесінде қалыптасқан құны(11983, 68) -231, 48=11752, 20, енді осыдан машинаны пайдалану кезінде есептелген тозу сомасын шегереміз(7446, 64теңге) қорытындысы 4305, 56

-машинаның индекстеу сомасы(25971, 06-4305, 56)

Сома, мың, теңге:

27359, 95

11983, 6

5971, 06

4305, 56

21665, 5

№: 3.
Жазбалар мазмұны: Машинаны одан әрі қарай пайдалану барысында, яғни 1997жылдың 1қаңтарынан 2002жылдың 31қаңтарына дейінгі кезеңде ай сайын бөлінбеген табыстарға көшірілетін соманың деңгейі мынаған тең(21665, 5:48=451, 36)
Сома, мың, теңге: 451, 36

Сонымен, кестеде керсетілген есептеулер, мына темендегі шоттарда көрініс табады, яғни 451, 36 мың теңгесі 541 шоттың дебетінде, және 561 шоттың кредитіңде көрсетіледі.

Қайта бағалаудың сомасы, тек негізгі құралдардың объектісі есептеи шыққан кезде ғана, бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.

Инвестицияларды қайта багалау операциялары бойынша . Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды косымша ссептеу сомалары 542-ші-«Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капйтал шотының кредиті бойынша көрініс табады.

рет№: рет№
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Шаруашылық операцияларының мазмұны
Дебет: Дебет
Кредит: Кредит
рет№: 1.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Инвестицияны қайта бағалаудан түскен сомасына
Дебет: 141-144
Кредит: 542
рет№: 2.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Қаржы инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларға
Дебет: 401-40З
Кредит: 542
рет№: 3.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Инвестицияларды қайта (қосымша) бағалаудан түскен сомалар мынадай мақсаттарға пайдаланыла алады;

-жарғылық қорды ұлғайтуға

Дебет: 542
Кредит: 501, 502,
рет№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: -бағалы қағаздарды сатудан тусікен табысты ұлғайтуға,
Дебет: 542
Кредит: 503, 723
рет№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: -есеп беріліп отырған жылдың бөлінбеген табысын ұлгайтуға
Дебет: -542
Кредит: 561

Активтердіңбасқа түрлерін қаыта багалау операциялары . Активтердің ба-ска түрлерін қайта бағалау операциялары үшін 543-ші «Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоты пайдаланылады.

Жоғарыда көрсетілген активтерді қайта бағалауда 20-шы «Материалдар» бөлімшесінің 201-208 шоттары, 22-ші «Тауарлар» бөлімшесінің 221-223 шоттары дебеттеледі және 543-ші шот кредиттеді;

Активтердің басқа түрлерін қайта бағалау сомасы әдетте, жарғылыІқ капиталды толықтыруға пайдаланады.

51, 52, 53, 54-бөлімшелердің шоттары бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп капиталдың барлық түрлері бойынша тізімдемеде немесе машинограммаларда жүргізіледі. ,

0. 3. РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ

Резервтік капитал- акционерлк қоғамның және басқа да тараптардың, бөлінбеген табысының есебінен аударған, меншікті капиталынын бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің нігізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы зандармен анықталады.

Резервтік капитаддың есебі 55-щі : «Рез€Ірвтік капитал» бөлімшесінін. мы-надай пассиеті шотгарында жүргізіледі: 551-ші «Зандармен белгіленбеген резервтік капитал» және 552-ші «Басқа да резервтік капитал».

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, кұрылтай шартында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Осы құжаттарда есеп беріліп отырған жылда түскен табысты бөлу тәртібі белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдан №2255 Заң, күші бар Жарлығына сәйкес ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 10%-інен кем емес малшерде өзінін резервтік «капиталын кұруға міндетті». Резервтік капиталды құру және пайдалану төртібі жарғымен белгіленеді. Өндіріс көлемінің өсуіне, құнсыздануға, басқадай жағдайларға байланысты жарғылық капитал ұлғайған кезде резервтік капитал да соған сәйкес ұлғаюы мүмкін.

Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады. Резервтік капиталды қалыптастырғанда 561-ші «Есеп берілетін жылдың белінбеген табысы (жабылмаған зияны) » шоты дебеттеледі де, 551-ші «Зандармен белгіленген резервтік капитал» шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардын кредитінде көрініс табады:

622-шот «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар» артықшылығ бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталынын ішіндегі дивиденд-тердің есебінен төлеген кезде; 561-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы 562-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы шеккен зиянды жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі, 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мелшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

552-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденцйясы 551-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз калауы бойынша қалыптастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Резервтік капиталдың есебі
Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы
Ақша айналым құралы ретінде
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы
Меншікті капиталының есебі туралы
Жарғылық капиталының есебі
Меншікті капитал аудитін ұйымдастыру ерекшіліктері
Меншік капиталдың ұйымдастырушылық есебі
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz