Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік несиенің мәні
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы
органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша
қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-несие
мекемелерінің) және халықаралық қаржы-несие институттарының ресурстары да
несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет
тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі
мемлекеттік несие болып табылады.
Мемлекеттік несие – жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі
және несиелік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиелердің
де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің
кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың
қайтарымдылығында, мерзімділігінде және анықтылығында. Алайда, бұл
қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.
Мемлекеттік несиенің жекеше несиеден айырмашылығы:

Жекеше несие Мемлекеттік несие
1) өндірістік мұқтаждар үшін 1) өндірістік және өндірістік емес
жұмылдырылады; мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
2) несие капиталы
жұмылдырылады; 2) төлем және сатып алу қаражаттары
3) өтеу қосымша өнім немесе жұмылдырылады;
өндіріс үдерісінде пайда болатын 3) өтеу бюджет кірістірінен
құннан жүргізіледі; (негізінен салықтық түсімдердің
4) капиталдың қолдану сферасын есебінен) жүргізіледі;
4) капиталды қолдану сферасын
(өндірістік сфераны) кеңейтеді. тарылтады.

Мемлекеттік несиенің көздері – кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы
қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос
қаражаттар.
Мемлекет несие ресурстарын:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі
жұмсалымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру:
4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.
Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе
экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы
тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздемелерде қаржылық
қатынастарға кіреді:
1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі
қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық,
оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы
ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген несиедер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар
төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық
(республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары
кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет
кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан
қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар антиципацияландырылған
салықтар, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Қаржының бөлгіштік функциясы шектерінде мемлекеттік несие ақша
қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлудің қосалқы
функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда
мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып
табылады. Несиенің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте
шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады.
Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында
орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің
бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді,
қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл
функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің
ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар несиелерге ондаған
жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар
есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік несиенің қайтабөлгіштік
функциясы сонымен бірге оның мерзімінен бұрын төлену қасиетінде көрінеді.
Сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта
бөлуге қол жетеді (уақытқа қарай қайта бөлу).
Мемлекеттік несиенің екінші қосалқы функциясы реттеуші функциясы.
Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып,
ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қарыз алушы бола
отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие
капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге
араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады (ығыстыру әсері). Бұл
олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады.
Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы
ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді,
мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер несиенің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет
ақша ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді
дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекетті несие
жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне
қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.
Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың
уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың
мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып
ажыратылады.
Ішкі несиеде мемлекеттік – несиетік қатынастар жан-жақты тұрғыда:
қарыз алушылар кезінде де, несие алушылар ретінде де елдегі үкіметтің,
биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың
арасында пайда болады.
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің
жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері,
банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары
араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие
алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік несие отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар,
ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа
елдердің несие алушыларына берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің
міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет
отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша қарыз алушының
мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың
сомасын төлейді.
Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге кредитор
ретінде де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы – күрделі жұмсалымдар:
басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру;
экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады.
Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай
себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.

2.Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік несиенің нысандары:
1) мемлекеттік қарыздар шығару;
2) коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік
қарыздарға айналдыру;
3) қазынашылық несиелер.
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несиетік қатынастар болып
көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады. Бұл қатынастарда мемлекет
негізінен қарыз алушы ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және
белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет
пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:
Қарыздар Салықтар
1) ерікті сипаты; 1) мәжбүрлеме сипаты;
2) мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны 2) мәжбурлеудің анық нысаны

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру
әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша
ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта
мерзімді (бір жылдан бес жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары)
болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы
қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары
мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін
айналатын, жазылу бойьшша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып
ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақша нысанында шығарылады,
бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің
жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын
тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс
немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы
шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті
ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік
ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол
жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік
ішкі ұтыс қарызының боналары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын
25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи
және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364
күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі
қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратылды. Ұлттық жинақ
облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын
төленіп тұрады.
Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезде қарастырылған
шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай ресурстардағы қысқа
мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін несиенің мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз
(заттандырылмаған) нысанда заңи тұлғаларға - коммерциялық банктерге,
кәсіпорындарға, фирмаларға арналып үш, алты, тоғыз, он екі ай мерзімге
шығарылады. Ұстаушылар арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-
саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылымының
дисконтталған бағасы белгіленеді. Айналыс мерзімі өткеннен кейін Қаржы
министрлігі оларды көрсетулі құны бойынша сатып алады, Бұл бағалы қағаздың
атаулы (номиналды) құны мен дисконттық бағасы арасындағы айырма инвестордың
табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға коньюнктураны ескере отырып, қалыптасып
отырған рыноктық бағалар бойынша шаруашылық операциялар бойынша оларға есеп
айырысу және төлемдер құралының мәртебесін бере отырып, МҚМ-ның
орнықтылығына кепілдік береді.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысы бойынша:
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
• Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар:
• сыртқы мемлекеттік қарыздар;
• ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
• мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
• қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.
4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:
• айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
• айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
• айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық
емес нысанда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана атаулы
және дисконтталған құны бойынша сыйақының (мүдденің) тіркелген және
тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, келісімшарттарға қол қою тәртібін,
оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару,
орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың банктердегі
салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға
айналдыру әдетте жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың
капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдері
бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің акционердің капиталына
мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционердің) пікірлеріне
сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының проблемалары
пайда болады.
Қазынашылық несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджет
қаражаттары есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа
қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік несиенің әдістері, әртүрлі және баяндалған нысандарға сай
келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды
кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың
келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың
әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды,
боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу
амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар
облигацияларды төлеп сатып алу, мерзімсіз қарыздарда - пайыздық кірісті
дүркіндік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің қарызын басқару әдістері
де жатады (жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржыландыру).
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде (МҚМ-да) мыналар әдістер
болып табылады: дисконттық мөлшері, кесіп тастау бағасы, көрсетілу құны
бойынша МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).
Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің
депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың
шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде
тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің
орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары - әдістері
ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы
тиіс.

3. Мемлекеттік қарыз және оны басқару
Мемлекеттік несие қызметінің нәтижесінде мемлекеттік қарыз түзіледі.
Мемлекеттік қарыз – бұл алынған (игерілген) және белгілі бір күнге
өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ қарыздық міндеттемелердің
сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік қарыз
ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды
пайдаланудан туады. Мемлекеттік қарызды мемлекет мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және
басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы мемлекеттік
қарыз болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік қарыз – Үкіметтің, Ұлттық банктің
және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының қарыз беруші-
резиденттерінің алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа қарыздық
міндеттемелері бойынша мемлекеттік қарызының құрамдас бөлігі. Сыртқы
мемлекеттік қарыз – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының
қарыз беруші – бейрезиденттерінің алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздарымен
басқа қарыздық міндеттемелері бойынша мемлекеттік қарызының құрамдас
бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік қарыз болып бөлінеді.
Күрделі мемлекеттік қарыз деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген
борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша
есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы қарыз — бұл мемлекеттің барлық
борышқорлық міндеттемелері бойынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі
келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз өз кезегінде тікелей
Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған
кәсіпорындардың қарызы болып бөлінеді. Егер, қарызды несие алушылардың
түрлері (тұрпаттары) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік
банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты
қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге
де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық
міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноттары мен еурооблигацияларын сатып алатын
шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Орналастырылған еурооблигацияларды өтеу
мемлекеттік қарызқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың негізгі
баптарының бірі болып отыр.
Мемлекеттік қарыздың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі қарызы
болады. Алайда қарыздың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі
және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған
елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары
экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың
кіріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан,
банктерден, басқа қаржы және несие мекемелерінен қарызға алынған ақша
қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері
ретінде қаралады. Мемлекеттік қарыз ұлттың өзіне өзінің қарызы ретінде
қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі
қарызды басқару жөніндегі пайызарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі
бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға
қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен
жабылады. Ішкі қарыздың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді,
мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар
келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:
1. Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттарының есебінен, яғни
салық төлеушілердің есебінен жүргізіледі, сөйтіп, табыстар мемлекеттік
бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.
2. Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік қарызды азайту жөніндегі
мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдіктер қосылады,
жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына
ұрындырады, кэсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымына деген
ынталандыр-малары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау
қысқарады.
3. Жеке меншік
кэсіпкерлердің гінвестщитарын ыгыс-тыру нәтижесі іс-эрекет етеді. Бұл
құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе қарызды жабу
мақсатымен несие рыногына шыға отырып, ақша рыногын-да бэсекені күшейтеді,
мұның нәтижесінде акдіа капиталыныңпайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жеке
меншік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық
шығыстардың төмендеуі тепе-теңді таза ұлттық өнімді азайтады.
Егер мемлекет ақша рыногының оқшауландырылған қара-жаттарын тұтыну
мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика
жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің
келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік қарыз
қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай
ажыратылады. Мемлекеттік қарыздың едэуір бөлігі Үкімет тұрғызатын өзгеше
қаржы пира-мидасы болып табылатын мемлекетптік цазынашылыц міндет-темелер
бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары
дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі бере-шекті үнемі арттырады.
Мемлекеттік қарыздың басқа нысандарына мыналар жатады:
бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған несиедер бойынша Үлттьщ банкке
берешек\
облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресім-делген халыцтан,
гиаруашылъщ жүргізуші субъектілерден алъгнган қарыздар бойынша қарыз.
17.5. Сыртқы мемлекеттік қарыз.
Сыртцы мемлекеттік қарыз - шетелдік несие алушылар тура-сында белгілі бір
күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің
сомасы.
Елдің сыртқы қарызының боЛуы орынды дүниежүзілік парк-тика болып саналады.
Алайда, оның шегі болады, ол шектен мем-лекеттік қарыздың артуы қауіпті
бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын
қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің
50 пайы-зынан аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту
несиеор- елдерді экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.
Мемлекеттік қарыздың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін дүниежүзілік
практикада Дүниежүзілік даму және жаңғырту банкі ұсынған арнаулы
көрсеткіштер пайдаланылады (17.1 кес-те). 17.1 кесте.Сыртқы қарыздың
салыстырмалы параметрлері
;

Сыртқы
қарыздың салыстырма-
_____лы параметрлері______
төмен баяу жоғары _________________________берешек
берешек берешек
1. Жалпы сыртқы қарыздың ІЖӨ-ге 48-ден
80-нен қатынасы (%-бен, фирмааралық бере- азырақ
48-80 жоғары шекті қоса)______________________________ ________
2. Жалпы сыртқы қарыздың тауарлар 132-ден

220-дан мен қызметтердің жылдық экспортына азырақ 132-220
жоғары қатынасы (%-бен, фирмааралық бере-
шекті қоса)._____________________________ _________
3. Жалпы сыртқы қарыздың тауарлар 18-ден

30-дан мен қызметтердің әкспортына
қатынасы азырақ 18-30 жоғары (%-бен, фирмааралық
берешекті
шыгарып тастағанда)._______________________ _________
4. Сыйақы төлемдерінің тауарлар мен 12-ден
12-20 20-ден қызметтердің экспортына қатынасы
(%)____азырақ__________жогары
Дүниежүзілік практикада мемлекеттік қарыздың мөлшерін салыстырмалы сипаттау
үшін арнайы көрсеткіш - қарызца цызмет көрсетудіц коэффщиенті
пайдаланылады. Ол қарыздық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы
ретінде есеп-теп шығарылады. Мүндай қатынастың қауіпсіз деңгейі 25 пайыз
болып саналады.
Елдің экономикасының көлемімен салыстырғандағы оның сыртқы қарызының
мөлшері туралы түсінікті Дүниежүзілік банктің сыныптамасы негізінде жасауға
болады. Осы халықаралық қаржы ұйымының анықтауы бойынша мемлекеттің
берешегі төмен деп есептелінеді, егер:
а) жалпы сыртқы қарыздың ішкі жалпы өнімге қатысы 48 пайыздан аспаса
(Қазақстанда -33,8%); ә) жалпы сыртқы қарыздың экспортқа қатынасы 132 пайыз
(Қазақстанда -113%); б) берешекке қызмет көрсету сомасының экспортқа
қатынасы 18 пайыз (Қазақстанда -22,8%); в) сыйақы төлемдерінің экспортқа
қатынасы 12 пайыз (Қазақстанда -5,1%). Сөйтіп, егер мезгілі өткен
төлемдердің көптігін есепке алмасақ, Қазақстанның бе-решегін эзірше төмен
деп санауға болады. Бірақ, республика қарызының жоспарлы өсіп отырғанын, ал
оның экспортының керісінше төмендеп отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы
мүмкін.
17.2 сызба. Мемлекеттік несиедегі себеп-салдарлық өзара байланыстар
Алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемле-кеттік емес
сыртқы қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республи-касы резиденттерінің
Қазақстан Республикасы бейрезиденттері-мен келісім-шарттары бойынша
берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы жалпы сыртқы қарызды
құрайды. Ол сыртқы мемлекеттік қарызды және ішкі мемлекеттік қарыз-ты
кіріктіреді. Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде сыртцы мемлекеттік
қарыз Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық банкінің Қазақстан
Республикасының қарыз бе-руші- бейрезиденті алдындағы сыртқы мемлекеттік
қарыздары мен басқа қарыздық міндеттемелері бойынша мемлекеттік қарызының
құрамдас бөлігі ретінде анықталған.
Сыртқы қарыздың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге
берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік бо-рыш бойынша пайыздық
төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық
дамуды тежейді және реци-пиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.
Сыртқы қарыздың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абройын
төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді. Ірі
және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік қарыздың болуының келеңсіз
зардаптары микроэкономикалық түрфқтылықтың бұзылуымен бірігеді.
Инвестициялардың ығыстыру эсерінен басқа, мемлекеттік бағалы қағаздар
бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел ка-питалын тартады, бірақ
қаражаттардың мүндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие, мемлекеттік қаржыдағы оның ролі
Талап етілетін қарыз алулар
Халықаралық мемлекеттік кредит
Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз туралы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар
Бюджет тапшылығы туралы ақпарат
Мемлекеттің сыртқы борышы
Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік несие туралы
Пәндер