СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 171 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.ШАЯХМЕТОВА

Cөйлемнің бірыңғай
мүшелері және олардың стилистикасы

Оқу құралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАН-АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ

М.Х.ШАЯХМЕТОВА

Cөйлемнің бірыңғай
мүшелері және олардың стилистикасы

Оқу құралы

Астана, 2010

УДК 811.512.122 (075)
ББК 81.2қазя7
Ш 33

Пікір берушілер:

Әбішева К.М. – филология ғылымдарының докторы, профессор
Тахан С.Ш. – филология ғылымдарының докторы, профессор
Әбдіғалиева Т. – филология ғылымдарының докторы, профессор

Шаяхметова М.Х.
Ш 33 Сөйлемнің бірыңғай мүшелері және олардың стилистикасы:Оқу құралы.
– Астана, 2010. – 169 б.

ISBN 978-601-214-055-2

Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарында өтілетін Қазіргі қазақ тілі.
Синтаксис, Қазақ тілінің стилистикасы, Көркем мәтіндерге лингвистикалық
талдау, Қазақ тілінің практикалық курсы атты курстарды өту барысында
пайдаланылатын көмекші оқу құралы болып табылады. Бұл оқулықтың қазақ тілін
толық меңгеріп, жазу, оқу, өз ойын, пікірін білікті, шешен деңгейге
жеткіземін деп талпынған жастарға үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі
кезеңде қазақ тіліне жазу мен мәнерлеп сөйлеуге шорқақ және оның ішінде
көркемдеп, әдемі жазу әдістерін грамматикалық тұрғыдан қолдануы төмен
азаматтар көбейіп келеді.
Осы тұрғыдан алғанда бұл кітаптың ұстаздарға, студенттерге және қазақ
тілін толық меңгерсем деген азаматтарға пайдасы тиеді деген ойдамыз.

УДК 811.512.122 (075)

ББК 81.2қазя7

Баспаға Тұран-Астана университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған

ISBN 978-601-214-055-2
© Шаяхметова
М.Х.

© Тұран-Астана университеті,
2010

Мазмұны

Алғы 4
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 5
І БӨЛІМ. СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ 13
1. 1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 25
1. 2 Бірыңғай мүшелердің 35
байланысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ БӨЛІМ. СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ
2. 1 Сөйлемнің бірыңғай 48
бастауыштары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 56
2. 2 Сөйлемнің бірыңғай 61
баяндауыштары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ БӨЛІМ. СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ
3.1 Сөйлемнің бірыңғай 81
анықтауыштары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
3. 2 Сөйлемнің бірыңғай 87
толықтауыштары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. 3 Сөйлемнің бірыңғай 119
пысықтауыштары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІV БӨЛІМ. БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ СТИЛИСТИКАСЫ 125
4. 1 Бірыңғай мүшелердің әдебиет тілдің стилдік тармақтарында
қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .128
... ... ... ... ... ... ... ..
4.2 Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің көркем әдебиетте 159
қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .169
... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тест
сұрақтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..

Пән бойынша түсіндірме
сөздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тест сұрақтарының
жауаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...



Алғы сөз

Тіліміздегі бірыңғай мүшелі сөйлемдер - синтаксистің ең бір айшықты бай
саласы. Тілдік құралдың стильдік қолдануының жүйесін ашу, сөздердің қолдану
заңдылықтарын, оларды экспрессивтік тұрғыда дұрыс пайдалану межесін
белгілеу тіл мәдениетін арттыратыны сөзсіз. Сондықтан стилистика
мәселесімен қазір дүние жүзінің лингвистері шұғылдануда. Қазақ тіл
білімінде стилистика мәселелері қолға кеш алынғандықтан анықтауды керек
ететін мәселелердің қажеттілігін дәлелдемесе де белгілі.
Лингвистикалық стилистиканың қарастыратын күрделі мәселелерінің бірі-
синтаксистік стилистика. Ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік тәсілдердің
маңызы ерекше, өйткені сөйлемдердің айтылуына, қолдану шеберлігіне қарай
толып жатқан мағыналық реңктер аңғарылады.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мәнерлілік қасиетіне сай көркем әдебиетте
молынан қолданылады. Көркем шығармаларды өткенде идеялық мазмұнымен
байланыстыра отыра синтаксистік категориялардың кейіпкер бейнесін жасаудағы
қызметін аша көрсетіп үйрету қажет.
Жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде өтілетін Қазіргі
қазақ тілінің синтаксисі курсында сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің
зерттелу тарихы тереңдетіліп өтіледі және Қазақ тілінің стилистикасы,
Көркем мәтіндерге лингвистикалық талдау атты курстарды өту барысында
бірыңғай мүшелі сөйлемдердің стильдік қызметіне баса көңіл аударылып, оның
көркем шығармада атқаратын стильдік қызметіне байланысты студенттерге
арнайы курс жүргізіледі, курстық, дипломдық жұмыстарға тақырыптар беріледі,
қорғалады.
Еңбекте Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, Б.Майлин,
І.Жансүгіров т.б. шығармаларында кездесетін бірыңғай мүшелі сөйлемдердің
грамматикалық ерекшеліктері, стилистикалық кызметі талданылады.
Бұл еңбек бұдан бұрын Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің көркем әдебиетте
қолданылуы деген атпен жарық көрген көмекші оқу құралының негізінде,
ішінара толықтырылып, редакциялық өзгерістер жасалып екінші басылыммен
ұсынылып отыр.
Құрал жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, ғылыми
қызметкерлерге, оқытушыларға арналған.

І БӨЛІМ.СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ

Бір сөйлем мүшесі бірыңғай болып тізбектеліп басқа бір мүшеге қатысты
болу арқылы сөйлем ықшамдалып айтылады. Ол үшін бірнеше бірыңғай
бастауыштың бір баяндауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы
т.с.с. болуы мүмкін. Сол арқылы сөйлемнің іргесі кеңіп, ой айқындала,
саралана түседі.
Бірыңғай мүшелер өз ара салаласа байланысады да, сол тобымен сөйлемдегі
басқа мүшелерден дауысталу жағынан оқшауланып, бәрі жиналып бөлек бір топ
құрап тұрады. Сөйтіп, сөйлемде синтаксиситік қызметі бірдей, көбінесе өз
ара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер болады.

1.1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің табиғаты мен дамуы

Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты, сөйлемнің бірыңғай
мүшелерінің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері — тіліміздің
грамматикалық құрылысында ертеден келе жатқан синтаксистік құбылыс. Бұған
көне түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін деректер айқын айғақ бола
алады. Мысалы, Орхон-Енисей жазуларында сөйлемнің тұрлаулы да, тұрлаусыз
мүшелері де бірыңғай түрде кездеседі:
Бірыңғай бастауыштар: Табғач, оғуа, қытан бу үчегү қабысыр.
Бірыңғай баяндауыштар: Біз сүнүстіміз, санчдымыз. Түрк будун елті,
алқынты, йоқ болты.
Бірыңғай толықтауыштар: Ебін, барқын бұадым. Оғлын, йотазын йылқысын,
барқын анта алтым.
Бірыңғай анықтауыштар: Сарығ алтун, өруң күмүш, қыз кудуә, егритебі,
ағы бұнсуә келтүрі.
Алтун шуңа, йаш кейікті арыт ығлат- ұлғат, удачына барсым адырылу
барды, йыта.
Бірыңғай пысықтауыштар: Күн иеме, түн иеме йелу бардымыз [1].
Мысалдарда көрсетілгендей, ескі жазу нұсқаларында да қазіргі
тіліміздегі сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері тегіс бірыңғай болып
кездеседі, бірақ олар осы күнгідей жиі кездеспейді.
Бұлардың ішінде адам аттары, жер, су, ру аттарының санамалап көп
аталуына байланысты сөйлемнің басқа да мүшелеріне қарағанда, әсіресе,
бірыңғай бастауыштар мен бірыңғай толықтауыштар көбірек қолданылған.
Ал құрамы жағынан бұл жазулардағы бірыңғай мүшелер, көбінесе, бір
сөзден жасалған дара болып келеді, казіргі тіліміздегідей жай сөйлемнің
құрамын ұлғайтып, көлемін кеңейтіп күрделендіру сирек кездеседі.
Ескі жазбаларда сөйлемді күрделендіріп құрудан гөрі дара, жеке айту
әдісі басым болғандығы зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген:
Көне замандағы тілдерде, тіпті қарапайым халық тілінде де сөйлемдерді
белгілі грамматикалық, стильдік жүйелі тілдермен құрмаластырып, ұластырып
айтудан гөрі, жай сөйлемді дара, жеке айту дағдысы күшті болған.
Керісінше, бірнеше сөйлемдерді, шумақты сөз тіркестерін ұластырып,
қиюластырып күрделендіру әдеби тілге тән [2].
Бұл жағдайды Н.Т.Сауранбаев та айтқан еді: Заман өткен сайын адам
баласының қоғамдық, шаруашылық, мәдени тұрмысының бір басқыштан екінші
басқышқа көшіп отыруына байланысты тілдің синтаксистік құрылысы да бірте-
бірте дамып отырады. Неғұрлым қоғамның алыс уақыттағы дәуірлеріне терең
бойлай берсек, тілдің құрылысының да соншалық жабайы болатынын көреміз. Сол
сияқты неғұрлым осы заманға жақындаған сайын тіл құрылысының қиындығын,
жаңаланғанын көреміз [3].
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері тілінде кездесетін бірыңғай
мүшелердегі және бір ерекшелік — қазіргі тіліміздегі бірыңғай мүшелерді
көбінесе тұлғалас болғандықтан шұбалаңқы етпей, ықшамды етіп айту үшін
морфологиялық көрсеткіштер мен көмекші сөздер бірыңғай мүшелердің бәріне
ортақ етіліп, бір-ақ рет ең соңғысына ғана жалғанса, ал ескі жазуларда
көрісінше, мұндай грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздер бірыңғайлардың
әрқайсысына жеке-жеке жалғанып келуі жиі кездеседі.
Сіз еліме, кунчуйума, оғланыма, будунума- сізіме алтмыш йашымда
адырылтым. (Сізден, елімен, ханымнан, ұлымнан, халқымнан, алпыс жасымда
айырылдым, яғни қайтыс болдым).
Қадашыма, кешірме, азақ (лығ) атыма, йыта қара будыныма адырылтым, йыта
екен.
(Жолдасымнан, белбеуімнен, аяқты атымнан, қасірет шегіп, қара халқымнан
айырылдым, қайтыс болдым, қасірет шегемін).
Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында
сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен
байланыстыратын, қазіргі дәнекерлер, тәсілдер болмаған. Сөздер бір-бірімен
көбінесе тұрған орындарына, мағыналарының жақындығына қарай қабыса
байланысқан. Бірыңғай мүшелер арасы интонация арқылы да байланысады.
Бірыңғай мүшелер арасындағы интонация тарихи жағынан алғанда жалғаулықты
шылаулардан анағұрлым көне және оның қолданылу, жұмсалу өрісі
жалғаулықтардан анағұрлым кең.
Ал Орхон-Енисей жазуы ескерткіштерінің тілінде бірыңғай мүшелердің
жалғаулық арқылы байланысқан түрлеріне қарағанда, жалғаулықсыз, яғни
мағыналары бір-біріне жақын сөздердің өзара іргелесіп, тіркесіп келген
түрлерін жиі кездестіреміз:
Ер ердедім, адақы, егечіме, ана, егмеч, егет йерілтім. (Ерлігімнен,
атамнан, анамнан, әйелімнен, күңімнен жеріндім, айырылдым, яғни қайтыс
болдым).
Қадашым, күнім, йыта, адырылтым сізіме, өз күмүш будунум, йыта,
адырылтым.
(Жолдасым, туғаным, әттеген-ай, айырылдым, (қайтыс болдым) сізден,
өзімнің күміс халқымнан, қайғы шегіп, айырылдым).
Ечуміз апамыз Бумын қаған төрт булуңығ қымыс йығмыс йаймыс, басмыс ол
қан йоқ болтунда кесре ел йітміс ычғынмыс қачышмыс.
(Ағамыз, атамыз Бумын қаған дүниенің төрт бұрышын қысты, жықты, жеңді,
басты. Ол хан кейіннен жоқ болғанда ел құрыды, тарап кетті, қашып
кетті ... .)[4].
Сондай-ақ, сирек те болса бірыңғайлардың жалғаулықтар арқылы байланысып
келетін түрлері де кездеседі. Оның өзінде де қазіргі тіліміздегі бірыңғай
мүшелерді байланыстыру үшін жұмсалып жүрген жалғаулық шылаулардың бәрі
бірдей емес, кейбіреулері ғана ұшырасады. Мысалы, Даде жалғаулығын осы
күнгі қалпында ескі орхон жазуларынан ұшыратуға болады:
Анта кісіре інісі қаған болмыс арінч, оғлы та қаған болмыс арінч. Ығыр
а іч қағанлық да қылтым.
Ал қарсылықты жалғаулықтардың ескі жазбалар тілінде кездеспейтінін,
осындай мағынаны сөйлемдердің лексикалық мағынасының ара салмағынан
байқауға болатындығын Р.Әміров аталған еңбегінде айтқан еді.
Сонымен, көне түркі жазу ңұсқаларында кездесетін сөйлемнің бірыңғай
мүшелерінің құрамын қазіргі тіліміздегімен бірдей тепе-тең деп қарауға
болмайды.
Бұл категорияның қазіргі неше алуан түрлері-бәрі бірдей белгілі бір
мезгілде бірден пайда бола қалмағаны, олар тілдің өзіндік ішкі даму заңына
лайықты бірте-бірте қалыптасып жетілгені белгілі.
Қазіргі әдеби тілімізде кездесетін сөйлемнің бірыңғай мүшелері былай
тұрсын, ең көне деп есептелетін ертегілерді, халық дастандарында кездесетін
бірыңғай мүшелердің өзі де алғашқы түрімен салыстырғанда дамудың талай
өткелдерінен өткен, жетілген түрі деп қаралуы керек.
Бірыңғай мүшелердің одан әрі дамып, жиі қолданыс табуына 15-18ғ. қазақ
жазбаларының тілі дәлел. Сол дәуірдегі жазбалар тілінің синтаксисін
зерттеген ғалым Т.Р.Қордабаев Тарихи синтаксис мәселелері атты еңбегінде
Жамиғат тауарихтың және Шежіре түріктің синтаксистік құрылысына тоқтала
келе, онда сөйлем мүшелерінің барлық түрі де бірыңғай мүшелер адам, жер,
су, ру аттары сияқты кілең зат есімдер жиі қолданылатынын атап көрсетеді:
Жалайыр, татар, ойрат, меркіт уа шақы андин башқа бағзы қауымдар мағұл
ішінде ерділер.
Ұйғыр, қыпчақ, Қарлұқ, Қалач, Ағачар, Оғузның ағаларының ұрұғы Орхон,
уа Көрхан, уа Көзхан аның аға-ұғланлары оғуз білән бірге ермес ерділер.
Сөйтіп, бұл кездегі жазуларда, Т.Р.Қордабаевтың сөзімен айтқанда,
Сөйлем мүшелерінің көпшілігі, әсіресе, бастауыш, толықтауыш, мекен
пысықтауыш, бұлардан гөрі сирегірек баяндауыш пен аңықтауыш мүшелер
бірыңғай түрде кездеседі. Барлық түрі дерлік негізінде, жалғаулықтар арқылы
байланысады. [5]
Өлеңдері тәрізді прозасында да бірыңғай мүшелерді жиі қолдану – Абай
стиліне тән тәсілдердің бірі, мысалы:
Оның діні, құдайы, халқы,жұрты, білім – ұяты, ары, жақыны – бәрі мал.
Әрберден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық
[ІІ.159].
Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ,
мансап іздемек, пайдалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің
өлшеуі бір [ІІ.159].
Синтаксис саласында Абай прозасының текстерінде көзге түсетін
ерекшеліктерді сөйлем қанша ұзын болса да, ондағы сөйлем конструкциясы
дұрыс құрылып, ой желісі немесе бірыңғай элементтер тәртібі қатаң
сақталған. Бұл – сөз жоқ, проза стилін қалыптастырудағы Абайдың табысы да,
үлесі де, өзіне тән стилі де.
Абай прозасында ұйқасып немесе бірдей тұлғаға қойылып, не болмаса сөз
саны бірдейлестіріліп келтірілген параллель бірыңғай мүшелер, тіркестер,
жеке сөйлемдер жиі кездеседі. Мысалы: Ол мал көбейсе... сұлуды жайлап,
жүйрікті байлап отырмақ; Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы
өткендік [ІІ.159]. Енді мұндай иман сақтауға қырықпас жүрек, айнымас көңіл,
босанбас буын керек екен.
Ұлы ақынның әдеби творчествосы осы туралы жазған басқа да еңбектердің
ішінде Абай қолданған жеке сөздер мен кейбір көркемдеу тәсілдерін және
грамматика саласындағы бірқатар ерекшеліктерін талдап көрсетіп келеді.
Ертедегі жазба ескерткіштерінің сипатына қарай адам, жер, су, ру
аттарының көбірек аталуына байланысты бірыңғай бастауыштар мен біріңғай
толықтауыштар жиі, ал баяндауыш пен анықтауыштар біріңғай түрінде сирек
кездессе, Абай шығармаларында сөйлемнің барлық мүшелері де бірыңғайласып
жиі жұмсалады. Реалист ақын оларды көріктеу, көркемдеу құралы етумен қатар,
затты, құбылысты дәл, анық, жан – жақты сипат – қасиеттерімен толық қамту
арқылы нақышты сурет жолдарын құрастырады, әсіресе Абайдың Аттың сыны,
жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері сондайға құралған. Солардан кейбір
үзінділер келтірейік:
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп – бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
Жауырыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.

Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы.
Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп,
Көтендігі сығыңқы, аламайлы ...
Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін
көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер
ету үшін қолданылатын көркем сөздердің бір түрі эпитет арқылы суреттейді.
Өмір картинасын немесе портрет жасау үшін эпитет, әсіресе күрделі эпитеттер
көп қолданылады. Бір жолда бір ғана эпитет емес, бірнеше бірыңғай мүшелер,
бірнеше эпитеттер қатар келген.
... .Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан ала ауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол – арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ ырғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп Құдай атады ... [1.66]
Адамның психологиясындағы өзгеріс, құбылыстарды суреттеуде қазақ
әдебиетінің классигі Абайдың да сүйіп қолданғаны осы бірыңғай мүшелер
арқылы тікелей суреттеу әдісі болды. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері арқылы
автор жансызға жан беріп, тілсізге тіл бітіреді, не қайғылы, не қуанышты
оқиғаны суреттегенде, оған және табиғат қосылады да , оны бұрынғыдан да
күшейте түседі. Шығармадағы оқиғаға табиғатты қатыстырып не қайғыртып, не
қуантып суреттелген жерлер өте әдемі, оқушыны еріткендей әсерлі және күшті
болып келеді. Міне, осылар сияқты жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды
нәрселердей етіп суреттейді.
...Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жайып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығып құруына аз-ақ қалды.
Қысты суреттеген өлеңде, қысқа адам сияқты кейіп беріп, басқан жерін
сықырлатып қоюда сөйлемнің бірыңғай мүшелері жәрдемін тигізіп тұрғанын
байқаймыз. Қысты әуелі ақ сақалды шалша, ақ киім киіндіріп алмаса, оны дем
алғызып, басқан жерін сықырлатып жүргізе алмас еді.
Міне, бұл өлеңдерінде біріңғай анықтауыштар арқылы бірде бәйге атты
сынын суреттесе, бірде жылдың төрт мезгілінің бірі – қыстың тамаша
көрінісін қарт адам бейнесінде келісті суреттейді, ал енді бірде адам
бойындағы жағымсыз қасиетті да санамалап, саралап көрсетеді. Шығармаларында
бірыңғай баяндауыштарды да жүйелі қолдау арқылы Абай іс - әрекетке, оқиғаға
көтеріңкі, қозғалмалы сипатдинамичность береді:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен,
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майсып қарағанда,
Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су [1.120].
Автор адамды, олардың амалын және басынан өткізген күйініш-
сүйініштерін суреттеумен қатар, оқиғаның болған жағдайларын да суреттейді.
Шығармаға табиғатты не сол оқиғаның болған жерлеріне жыл мезгілін
қатыстырады.
...Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып, ... [1.122]
...Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі
Өзгеден ұрланып,
Өзді - өзі керегі...[1.135]

Қазіргі қазақ әдеби тілі – сан салалы стильдік жүйелері дамып,
қалыптасып жетілген бай тіл. Тілдегі бар әдіс – тәсілдер бұрынғының
негізінде соңғы кезде жетіліп, қолдау іргесін кеңейтті, жұмсалу аясын
молайтты.
Әдеби тілдің қолданысында грамматикалық категорияларды стильдік
мақсатқа сай қолдану – адамның ой - өрісі, дүние тануын да кеңейтіп
отырады. Мұндай зандылық бірыңғай мүшелердің қолдануы сипатынан да
байқалады.
Көркем әдебиет стилінде бірыңғай мүшелі сөйлемдердің экспрессивтік рөлі
тек оның мағынасымен, байланысу тәсілдерімен ғана емес, соңымен қатар
олардың сонымен де байланысты келеді. Сөйлемде бірыңғайлар қатары: қосекі
мүшелі, үш мүшелі, көп мүшелі болып келеді. Көркем әдебиетте ең жиі
қолданылатыны - екі мүшелі және үш мүшелі бірыңғайлар. Бұлар көбінесе –
бір – бірінің мағынасын толықтыра, анықтай түсу үшін, кейде екі не одан да
көп затты, ұғымды салыстыру үшін қолданылады:
Абай мен Ербол құс жайына, аңшылық жайына ауысқан соң, тату құрбы
сияқтанып кетті. Ел жинақы боп, топталып көшпей, бытырап, ен жайылып келеді
(М. Әуезов).
Қос мүшелі, үш мүшелі бірыңғайлар (әсіресе етістікті баяндауыштардан
жасалған түрі) істің барысын, динамикасын қысқа, дәл суреттеуде ұтымды
келеді.
Осыны ойлағанда, Сүйіндік сескеніп, шошып кетті (М. Әуезов).
Дала боран. Жел дүрілдейді, ысқырады (Б. Майлин).
Автор ойын әсерлі, өткір етіп беру үшін кейде өзара мағыналас идиомалық
тіркестерді де бірыңғай етіп береді.
Барлық Ырғызбай Дәркембайды содан бері көзге түрткі ғып, шетке қағып,
қырына алып беретін. (М.Әуезов).
Табиғатты суреттеу (пейзаж) кейде жаратылыстың көрінісін суреттейді,
кейде кейіпкердің басында болған күйініш-сүйінішімен, сағынышымен
байланысып келеді.
Жоғарыда Абай жаздың әдемі көрінісін суреттеумен қатар, салтанат
түзеген бай ауылын және байлардың қолындағы жылқышылардың ауыр тұрмысын да
көрсетеді. Реалист Ұлы ақын табиғатты суреттеумен қатар, бай мен кедей
тұрмысының айырмасын да көрмей кете алмады.
Көркем шығарма тілі басқа әдеби тіл түрлерінен экспрессивті-эстетикалық
сипатымен ерекшеленеді де ұлттық тіл мәдениетінің дамуына өз ықпалын
тигізеді. Көбіне тілдік экспрессия адам сезімінің, мінезінің әр түрлі
қырларын көрсетуге бағытталады:
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі,
Екі ғашық құмарлы
Бір жолдан қайта алмай,
Жолықса ол зарлы,
Сөз жөндеп айта алмай
Аяңдап ақырын,
Жүрекпен алысып.
Сыбдырын, тықырын
Көңілмен танысып
Дем алыс ысынып,
Саусағы суынып,
Белгісіз қысылып,
Пішіні құбылып [1.128].
Бірыңғай көп мүшелі модельдердің қос мүшелі, үш мүшеліге қарағанда
стильдік мәні ерекше. Бұлар арқылы ақын – жазушылар эпикалық, эмоциялық,
юморлық мінездемелер беріп, портрет, табиғат көріністерін толық, жан –
жақты, шегіне жеткізе суреттейді:
Жылтыр, қою қара қасы бар, ажарлы, үлкен қара көзді, қырлы кесек
мұрынды және әдемі қиылған қысқа мұрты бар қара сұр жүзді Дәрмен Долговқа
анық кавказ типінің бірін елестетеді. (М. Әуезов).

Міне, бұл сөйлемде жазушы Дәрмен портретін жасауда көп мүшелі
бірыңғайлардың тізбегі арқылы оның сыртқы келбетін қолмен қойғандай көз
алдыңа елестетеді. Ал мына мысалдардан Ғ. Мүсіреповтың көп мүшелі
бірыңғайларды сатиралық мақсатта, яғни кейіпкерінің портретін толық
суреттеумен қатар, әрі осы адамның ішкі болмысына тән ерекше күлкілі бір
сипатын әжуалай көрсететінін байқаймыз: Ол – орта жастарды жоғарылатқан,
айналасына паң қарайтын, ашаң жүзді, мұрынды, жұмыр ақ саусақты Фонштейн
еді.
Көп мүшелі бірыңғайларды Б. Майлин де кейіпкерлердің мінезі мен
келбетінің ерекше сипаттарын толық суреттеу үшін пайдаланады. Бұлар арқылы
олардың көзқарасы, ішкі сезімдері ашық бейнеленеді.
Мысалы: ... Бірақ, Сыздықтың әйелі тең болып кездеспеген. Қарақоңыр,
ат жақты, еңгезердей, еркек пішінді адам (Б. Майлин).
Соңғы мысалдағы көп мүшелі бірыңғай эпитеттер Сыздықтың әйелінің
портретін, оның келбетін нақыталандыруға көмектесіп тұр. Олар екі – екіден
жұптасып мен жалғаулығы, не қайталанып келетін да жалғаулығымен
байланысады. Көркем әдебиетте бірыңғай мүшелерді бұлай қолдану арқылы
оларға екпін түсіре, күшейте айтуға болады. Және сөйлемді ырғақты,
үйлесімді, жатық құруға көмектеседі. Мысалы: Ақ үйдің терме баулары барқыт
пен жібекке, кесте мен оюға орап қойғандай (М. Әуезов).
Елдің сана сезімі оянып, досы мен қасын және пайдасы мен зиянын айырып
келеді. Ауылдан оңаша томардың жел жағында үш қара үй тұр. Маңайында қыбыр
еткен мал да жоқ, ызыңдаған маса да жоқ, асылған қазан да жоқ,, кезіп
жүрген адам да жоқ (Б. Майлин)
Демек, бірыңғай мүшелердің экспрессивтік рөлі мен стильдік мәні оның
компоненттерінің санына да байланысты. Бірақ бірыңғай мүшелер сөйлемнің
көлемін ұлғайтқанмен, жай сөйлемді құрмаласқа айналдыра алмайды.
Сөйтіп, бірыңғай мүшелі сөйлемнің әр алуан күрделі түрлерінің
қалыптасып дамуы жазу тілінің, әдеби тілдің қалыптасып дамуына байланысты
болады. Өйткені, сөйлеу тілі сөйлемді онша ұластыруды, күрделендіруді
көтермейді. Сөйлеу тілі сөйлемнің ықшамды болып келуін керек етеді. Көне
замандағы тілдерде, мысалы, ру, тайпа тілдерінде, тіпті, қарапайым халық
тілінде де сөйлемдерді белгілі грамматикалық, стильдік жүйелі тілдермен
құрмаластырып, ұластырып айтудан гөрі, жай сөйлемді дара, жеке айту
дағыдысы күшті болған. Керісінше, бірнеше сөйлемдерді, шумақты сөз
тіркестерін ұластырып, қиюластырып, күрделендіру әдеби тілге тән.
Сонымен, қазіргі тіліміздегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері – ертедегі
түрімен салыстырғанда, дамудың талай өткелдерінен өткен тарихи қалыптасқан
синтаксистік категория. Қазіргі тілімізде бұлар өздеріне тән мынадай
синтаксистік белгілермен ерекшеленеді:
1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері өзара салаласа, басқа мүшелермен
сабақтаса байланысады. Оларды салаластыра байланыстыратын амалдар
– интонация не интонация мен жалғаулықтар;
2. Сөйлемде олардың әрқайсысы бірдей синтаксистік қызмет атқарады;
көбінесе мағыналары жуық сөздер болып келеді;
3. Барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады;
4. Бірыңғайлар бір сөз табынан жасалып, көбінесе тұлғалас болып
келеді.
5. Бірыңғай мүшелер бір сөзден құралған жалаң не сөз тіркесінен
құралған жайылма болады.
Сөйтіп, сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өз ара тұлғалас
сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер болады.

1.2 Бірыңғай мүшелердің байланысы

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері біріне – бірі бағынбай, тең дәрежеде
салаласа байланысады да, басқа мүшелермен сабақтаса байланысады.
Бірыңғай мүшелерді салаластыра байланыстыратын грамматикалық амалдар –
интонация мен жалғаулықтар:
Патшаны да, байды да, ақтарды да, шетелдегі дұшпандарды да жыққан сол
бұқара. Не Көкше, не оның балапан таулары, не көлдері ешуақытта Асқарды
тойғызған емес (С. Мұқанов). Өткеннің жақсысы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен
өлшенеді. Анау көрініп тұрған төскейдің сай саласы, бие бауы, ауыл қонысы,
қой өрісі – барлығы да соншалық таныс жақын (М. Әуезов).
Соңғы екі сөйлемдегі бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз, яғни
интонация арқылы байланысып тұр.
Жалғастырушы интонация бірыңғай мүшелерді байланыстыруда
жалғаулықтардың орнына жүріп, бірыңғайлықты туғызуда үлкен қызмет атқарады.
Жалғаулықсыз байланысқан сөйлемнің мүшелері істің тез әрі екпінді
орындалатынын білдіреді, мұндайда ойды одан әрі жалғастыра беруге болады,
тұйықталмайды (шектелмейді):
Ұсынған қымызды алмаған күйеуінен Әйгерім қысылып, қызарып, ұяң күліп
отыр еді (М. Әуезов).
Танакөз, Жақып, Байбол, Ізбасар – төртеуінің де жақын ағайынысың (Ғ.
Мұстафин). Әр үйдің төбесінде кергіштеп тізген қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ,
күзен, суыр терілері (Ғ. Мүсірепов).
... Ынсап, ұят, ар – намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз (Абай).
Бірыңғай жалғаулықсыз байланысу көркем әдебиетте жеңіл ырғақ, құрылым
берумен қатар, ықшамдылық үшін де қолданылады.
Бірыңғай мүшелерді байланыстыруда салаластырушы жалғаулықтардың орны
ерекше. Қазақ тілінде олардың саны көп емес: мен (бен, пен) және даде,
тате, я, не, немесе, не болмаса, әлде, әрі, бірде.
Бұлар бір сөздің грамматикалық мағынасын ғана көрсетпей, өзара тең
дәрежедегі бірыңғай мүшелердің арасындағы түрлі қатынасты білдіріп,
солардың қызметін анықтайды. Сөйтіп, жалғаулықтардың бірыңғайлардың
арасында келу, келмеуінің немесе бірнеше рет қайталанып келуінің өзіндік
стильдік ерекшеліктері бар. Мысалы: қайталанбай бір – ақ рет келетін
жалғаулықтар (мен, және) арқылы байланысқан бірыңғай мүшелері көбінесе
тұйықталып, әрдайым санаудың аяқталғанын білдіріп тұрады:
Мен газет, журнал және кітап оқыдым. Күймеге мінетін – Ұлжан мен Қалиқа
(М. Әуезов).
Егер бұл сөйлемдерді жалғаулықсыз байланыстырсақ, былай болар еді: Мен
газет, журнал, кітап, хат т.б. оқыдым – деп бірңығайлар құрамын
жалғастыруға беруге болар еді. Сол сияқты екінші сөйлемде де: Күймеге
мінетін – Ұлжан, Қалиқа, - десек, күймеге мінетін адамдардың ішінде бұл
екеуінен басқа да тағы біреулердің бары, яғни бірыңғайлар тобы жалғаса
беруге болатын тәрізді. Ал қайталанбайтын мен, және жалғаулықтары
арқылы байланысқанда, күймеге мінетін –Ұлжан мен Қалиқа екеуі ғана екені,
яғни санаудың аяқталып, тұйықталғаны сөйлемнің мағынасынан да айқын сезіліп
тұр. Сөйлемді бұлайша құру – стильдің барлық түрлерінде қолданылады, соның
ішінде іс – қағаздары стилінде жиірек қолданылатын тәсіл.
Бірыңғай мүшелерді қайталанып келетін жалғаулықтар арқылы
байланыстырудың стильдік мәні бар. Осы арқылы ақын – жазушылар айтайын
деген ойына байланысты экспрессивтік рең беру үшін белгілі бір зат,
құбылысты, іс - әрекетті түрлі жағынан нақтылап оларға ерекше мән беріп,
саралап отырады: Ашу да, айбар да, күш те қалмаған (Ғ.
Мүсірепов).
Инженер де, мұғалім де, еңбегі асқан екпінді де осы үйден табылады (М.
Иманжанов).
Шешелері бұған біресе кымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып,
тықпалап берсе де, баланың бойына ас батпады (М. Әуезов).
Мұндайдың жақсы үлгілері Абай шығармаларында өте жиі кездеседі: Біреу
сондай ұят, шариғатқа теріс я ақылса, я абұйырлы бойға теріс, я адамшылыққа
кесел қылық қатеден, я нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойынан шыққандығынан
болады.Кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не
адамдығы жоқ, не арлылығы жоқ (Абай).
Абай шығармасындағы шылаулы бірыңғай мүшелер жайында Р. Сыздықова былай
деп жазады:
Бірыңғай мүшелердің қайталанып шылаумен келуі Абайда жүйелі нормаға
айналған болады. Қазақ прозасының ішінде тұңғыш рет шылауларды әрбір
бірыңғай мүшемен немесе бірыңғай жай сөйлеммен қолдану жиілігі (активтенуі)
жағынан да белгілі бір тәртібі (мысалы, тұлғасы немесе орналасуы жағынан,
біркелкілігі жағына да) Абай Қара сөздері көзге түседі де, Абай осы
салада нормализатор болып шығады*.
Бірыңғай мүшелердің арасын байланыстыратын жалғаулықтар, негізінен, үш
мағыналық топқа бөлінеді: ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты. Жалғаулықты
шылаулар тек қана сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ғана емес, дербес
сөйлемдерді де байланыстыру қызметін атқарады.
Қазіргі тіліміздегі салаластырушы жалғаулықтардың ыңғайластық түрінен:
және, мен (бен, пен) – да, - де, - та, - те жалғаулықтарының қолданылу
өрісі кең.
Және жалғаулығы – ертеректегі жазу нұсқаларында көбінесе жай
сөйлемдердің арасын байланыстырса, қазір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін
байланыстырудағы қызметін Қазан революциясына дейінгі әдебиеттерде уа,
һәм жалғаулықтары атқарған. Осы жөнімен бұл күнде ноғайлар һәм (және)
түркі жұрттарында да оқыта бастады.
Донкан һәм (және мен)таранчылар жөнімынан қаласалған қазақтарды
солдатлықтан бостандық қылу керек (Дала уалаяты газетінен). Қазіргі әдеби
тіліміздің нормасында бұл жалғаулықтар өте сирек қолданылады.
Және жалғаулығы бірыңғай мүшелерді бір – бірінен бөлектеп, олардың
мағыналарын ерекше логикалық екпінмен айту үшін қолданылад:.
Майдың бірінші және екінші күндері өтті(С. Мұқанов). Бұл жиынды
Ызғұтты, Жақып, Майбасар сияқты үлкендер және балалардан Құдайберді, Абай
бар (М. Әуезов).
Және (оның күрделі түрі және де) ежелден қолданылып жүрген жалғаулық
болғанымен кез келген бірыңғай мүшелер арасына қойыла бермейді. Оның
жалғаулық мағынасын мен деген жалғаулықпен әуендес болғандықтан әдеби
тілде ол екеуінің қолданылуында едәуір стильдік айырмашылық бар. Мысалы:
Жұман енді жұдырық пен қамшының біріне кетсе, шырылдап ара түспекші еді
(Ғ. Мүсірепов), - деген сөйлемді былай айтсақ: Жұман енді жұдырық және
қамшының біріне кетсе, шырылдап ара түспекші еді.
Алғашқы сөйлемдегі МЕН жалғаулығының орнына ЖӘНЕ жалғаулығын қоюға
болар еді, бірақ ондай бірыңғай мүшелердің жақтық байланысы болмайды, ал
мен жалғаулығы, көбінесе, бірлестікті білдіретін тек қана зат есімдерден
не зат есімдердің орнына жұмсалатын сөздерден жасалған бірыңғай мүшелердің
арасын байланыстырады.
Бұл жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғайларда септік жалғауы тек
соңғы бірыңғай мүшеде ғана жалғанып тұрады:
Құнанбайдың ауылдары мен ағайындарының жолаушыны күтуі ұзаққа
созылды...
Тінібек Құнанбай мен Алшынбайды ел – елдің ішіндегі өз саудасына керек,
мықты тірек деп санайды (М. Әуезов).
Мен жалғаулығының және бір ерекшелігі - бірыңғай мүшелерді екі –
екіден топтап, жеке – жеке жұпқа бөліп байланыстырады.
1) Бірыңғай мүшелер қатары әлденеше (екіден артық) тізбектеліп
келгенде, олардың алдыңғылары не интонация, не мен жалғаулығы арқылы
байланысады да, қатарласып келген бірыңғай мүшелердің ең соңғысынан бұрын
және қойылады:
Біздің заводтарымыз бен фабрикаларымыз және колхоздарымыз жылдан-жылға
іріленіп, нығайып келеді.
Бұл жағдайда сөйлем көтеріңкі стильде, ерекше әуенмен айтылып,
текстің ырғақтылығын ұйымдастырып тұрады: Елдің сана – сезімі оянып, досы
мен қасын және пайдасы мен зиянын айырып келеді (Б.Майлин)
Аман қалды деген Құнанбай жылқысы мен барлық Ырғызбай қостары және
бірен – саран Байсал мен Байдалы ауылдарының қостары (М. Әуезов).
2) Да (тағы) жалғаулығы көбінесе қайталанып айтылатын бірыңғай
мүшелерді (баяндауыштарды), кейде бастауыштарды байланыстырады: Жаз, тағы
да жаз. Айттым, тағы да айтам. Біздің үйге Әбден де, Рақым да кедді.
Жақсылық та, Баршагүл де, Қайырбек те, Мұхит та қуаң қағып, шапшаң бұрылып
төңірекке көздерін жіті жүгіртед (Ғ.Сланов)
Өзінен биік жоқта тау да сұлу,
Күн жоқта түнде жүзген ай да сұлу.
Шадыман шын сұлулық өмірдегі
Құлпырған құм туралы жыр да сұлу (Т.Жароков).
3) Бірыңғай мүшелер кейде жалғаулықтар арқылы екеу-екеуден қосақталып
айтылады. Бұлай айту бірыңғай мүшелерді басым мағынада айтудың стильдік
амалының бірі болады: Олардың бұтақтарынан алма мен алмұрттың, өрік пен
інжірдің, шие мен шабдылығының неше сорттарын кездестіресің (С.Мұқанов). Ақ
пен қара, қызыл мен көк, күрең мен қына сары біріне-бірі еппен тоғысып,
бәрі жымдасып тұр (Ғ.Мүсірепов).
Да жалғаулық қызметінде көбінесе бірыңғай бастауыштарды және бірыңғай
баяндауыштарды өзара байланыстырып, ыңғайластық қатынас білдіреді. Бұл
жалғаулық жоғарыда аталған жалғаулықтар сияқты бірыңғайлардың ортасында
ғана тұрмай, әр бірыңғайдан кейін қайталанып келеді:
Әсіресе қиыны: келген мен кеткен де, есіктен сығалағандар дамынау
жағалай отырған қыз – келіншектер де қайта – қайта Абайға қарасып, көздерін
алмайды. Баланың да, Жігіт – желеңнің де, егде, мосқал, үлкеннің де –
барлығының ауызында бір жаңалық, бір хабар. Күйік те, үміт те, қуаныш та,
азап та бар – жүрек таңы (М. Әуезов).
Бұл сөйлемдерде аталған жалғаулықтардың қайталанып келуі әр мүшені
саралап, нақтылап оларға ой екпінін түсіреді, ерекше мән береді. Кейде бұл
жалғаулықтар етістікті баяндауыштарды байланыстырып, істің кезекпен келуін
не істің қысқа уақыттың ішінде тез істелген жігін ажырату үшін де
қолданылады.
Тоғжан қолын тартыңқырап ұялды ма, ығысып қалды (М. Әуезов).
Бірінші сөйлемдегі бірыңғай баяндауыштар кезегімен болатын істің
мезгілдік қатынасын білдірсе, екінші сөйлемдердегілер істің бірінен соң
бірі болатынын аңғартады.
Ал осы сөйлемдерден да жалғаулығы алып тасталса, бірыңғай мүшелер ол
мағынаны бере алмаған болар еді.
Бір ескеретін жай - әдеби тілімізде соңғы 10-15 жыл ішінде сын есім,
үстеу, есімшелерден болған екі бірыңғай мүшені қайталанбайтын да
жалғаулығы арқылы байланыстыру тәсілі етек алып кетті.
Көркем әдебиетте бұл тәсілді шебер әрі жиі қолданған жазушы –
Ғ. Мүсірепов. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір – ақ рет келетін да
жалғаулығы арқылы байланыстырып, сөздерді үндес, үйлесімді тіркесімді
тіркестіру тәсілін қалыптастырады*.
Бұдан 5 жыл бұрынғы қапыл – құпыл жанталастардың бәрі жойылыпты да,
сенімді де серпінді істің қимылына көшіпті.
... Осында көшірілген, панасыз да жәрдемсіз оңаша қалған Күңшеге бұл
жолы Омар тіпті менмен сөйлесті (Ғ. Мүсірепов).
Қарсылықты жалғаулықтардың ішінде әдеби тілімізде ертеден жиі
қолданылатыны – сонда да, бірақ, сөйтсе де жалғаулықтары да, ал қазіргі
тілімізде жай сөйлем құрамында ең жиі қолданылатыны – бірақ жалғаулығы.
Қарсылықты жалғаулықтар сөйлемнің баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш
мүшелерін байланыстырады. Бұлар көбінесе бірыңғай етістік мүшелердегі
істің, қимылдың, әрекеттің бірін екіншісіне қарсы екендігін білдіру үшін
қолданылады, яғни бірыңғай мүшелер қарсылықты жалғаулықпен өзара қарсы
мағанылас болып келгенде байланысады:
Ол алғыр бала, бірақ еріншек (Ғ. Мұстафин).
Дала аласа, бірақ тығыз бетегемен жайнаған (М. Әуезов).
Талғаулықты жалғаулықтардың ең жиі қолданылатын түрлері: я, немесе,
болмаса, біресе:
Әлібек бұған да, я оған да жауап қайырмады. Толқын біресе жарды сүзіп,
біресе қайтып буырқанып жатыр екен. Ботакөз біресе көлге, біресе айнаға
қарап, көлдің толқынына қарап, еліктегендей, толқынды бұйра қара шашын
бұрынғыдан да жиі желпе түсті (С.Мұқанов).
Не таңданып не қорқып үлгергенше. Назыкен өзінің Омармен қатарласып
шауып келе жатқанын көрді. Баласымен екеуі тақтай еденді тағалы аттай
тарпылдатып біресе үйге қарай, біресе қораға қарай кезек жүгірді.
Біресе басы, біресе құйрығы байқалып қалатын көп ақ жылан батыстан
шығысқа қарай ауып бара жатқан сияқтанады (Ғ. Мүсірепов).
Талғаулықты жалғаулықтар бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда, сол
айтылған оқиғалардың бірі болмаса бірі болатынын талғап немесе олардың
кезектесіп келетінін білдіреді. Бұл жалғаулықтар көбінесе, бірыңғай
мүшелерді салыстыру қызметіне қарай қайталанып келіп отырады:
Мынау дос деп аталған екі кісі бұрын Абай аз білетін немесе тіпті
танымайтын кісілер (М. Әуезов). Теңіз біресе ауыр күрсінгендей, біресе
жалқау есінегендей (Ғ. Мүсірепов).
Басқа түркі тілдеріндегі сияқты бұл заңдылықты тек якут тілі ғана
қабылдамаған*. қазақ тілінде де бірыңғай мүшелер, көбінесе, тұлғалас
болғандықтан, оларды ықшамдап айту үшін морфологиялық көрсеткіштер мен
көмекші сөздер бәріне ортақ естіліп, ең соңғысына ғана жалғанады.
Мысалы:
Ол – Бөкенші руынан Сүйіндік, Сүгірдің көштері (М. Әуезов).
Бұл сөйлемдегі бірыңғай мүшелер –Сүйіндік, Сүгір. Сүгір сөзіне жалғанып
тұрған ілік септігінің жалғауы Сүйіндік деген сөзге де жалғанып,
Сүйіндіктің Сүгірдің көштері болып айтылуы керек еді. Ал бұл сөйлемде
дің ілік септігінің жалғауы Сүйіндік деген сөзге жалғанбай тұр, себебі
көштің Сүйіндіктің де көші екендігіне баса назар аударылып тәптіштеп айтуды
қажет етіп тұрған жоқ. Сол себепті және сөйлемді ықшамды етіп құру үшін,
жоғарыдағы – дің жалғаулығы екі мүшеге де бірдей (Сүйіндік, Сүгірге)
ортақтасып , біреуіне ғана жалғанып тұр.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің әрқайсысына жалғанатын жіктік
жалғауларын да сөйлемді ықшамды етіп құру мақсатында, ортақтастырып,
бірыңғай мүшелердің ең соңғысына ғана жалғауға болады. Мысалы: Қандай
кішіпейіл(сің), қарапайым(сың), зерделі жансың, Раушан (М. Иманжанов).
Белгілі бір ойды, нақтылы айтпай, жалпылап айту керек болғында, көптік
жалғаулары бірыңғай мүшелердің бәріне ортақ етіліп бір – ақ рет жұмсалып,
яғни ең соңғысы жинақтаушы болып, соған ғана жалғанады: Ербол, Көкбай,
скрипкашы әнші Мұқа, Баймағамбеттер бір топ боп кірді (М. Әуезов).
Осыларды бастап келген Дәркембай, Жидебай, Мұсақұлдар, Қыдыр мен
Қөлқайнар, Қызылшоқыдан сойыл ұстап Қарашоқыға қарай шапқылап кетіп жатқан
лек – лек аттыларды көріп, Дәркембай: Осы тегін емес. Жігітеккке қарсы,
Бөжейге қарсы жиылып жтқан қол! деп байлаған (М. Әузов).
Мұнда көптік жалғауы тек соңғы Мұсақұл деген сөзге ғана жалғанып,
олардың жанында тағы басқа адамдар бірнеше адамдардың бар екндігін білдіріп
тұр. Осы сөйлемдегі Қыдыр, Көзқайнар, Қызылшоқы дегендер де бірыңғай
мүшелер. Мұндағы Қызылшоқы сөзіне жалғанып тұрған шығыс септік жалғауы
Қыдыр, Көлқайнар сөздеріне жалғанбаған. Себебі аттылардың Қыдыр мен
Көлқайнардан кетіп жатқаның тәптіштеп баса айтуды керек етіп тұрған жоқ,
соңғы сөзге жалғанған септік жалғауы бәріне ортақтасып тұр.
Ал кейде бірыңғайларға ерекше мән беріп, саралап айту керек болғанда,
морфологиялық формалар әрқайсысына жеке – жеке жалғанып та келеді: Не
билікті, не ауылнайлықты бермей отыр (С. Шәріпов). Адамның үндері,
дауыстары, дүрсілдері естіледі (С. Сейфуллин).
Сонымен бірге бірыңғай мүшелерге бір көмекші есім не бір көмекші
етістік ортақтасып, ең соңғы мүшемен ғана тіркесіп келеді: Көк жүзінің
шарбы бұлты әлдеқайда тарап, сіңіп, жоқ болып жатыр(Б. Майлин).
Қасында Қаратай, Майбасар, Құлыншақ сияқты нөкерлері көп екен (М.
Әуезов).
Алғашқы сөйлемдегі жатыр көмекші етістігі жоқ болып деген сөзге
ғана емес, тарап, с,ңіп деген бірыңғайларға да ортақтасып тұр. Сонда бұл
сөйлем былай құрылу керек еді: Көк жүзінің шарбы бұлты әлдеқайда тарап
жатыр, сіңіп жатыр, жоқ болып жатыр. Екінші сөйлемдегі сияқты көмекші
есімі де Құлыншақ деген сөзге ғана емес, Қаратайға да, Майбасарға да
қатысты айтылып тұр. Бұл сөйлемнің толық түрі былай құрылған болар еді:
Қасында Қаратай сияқты нөкерлері көп екен. Сөйлемді осылайша етіп құрғанда,
бірыңғайлардың әрқайсысы нақтыланып, сараланып тұрғандығы байқалады.
Сөйлемнің мұндай көбінесе ауызекі тілде жиірек кездеседі. Алайда стильдік
тұрғыдан қарағанда, бірыңғай мүшелі сөйлемді бұлай шұбалаңқы етпей, ықшамды
айту үшін көмекші сөздерді ортақтастырып, тек соңғы мүшемен ғана
тіркестіріп құрған дұрыс.
Бірыңғай мүшелердің тұлғалары әр уақытта, жоғарғы мысалдардағыдай,
біркелкі болып, ең соңғысы тиісті жақ жалғауында тұрады, сол жалғау бәріне
де ортақ болады: Әбіл де ауылға атпен бір келіп, бір кетіп жүрді.
(С.Сейфуллин). Бұл мысалда баяндауыштық тұлға ғана емес, көмекші етістік
жүрді дегеннің де бірыңғай екі баяндауышқа бірдей қатысы бар: келіп жүрді,
кетіп жүрді. Бірақ бұл келіп, кетіп жүрді болып қысқартылып айтылған.
Бұлай айту да жазудың шқбалаққы емес, ықшамды етіп айту керек болғанда
қолданылады.
Бұдан, әрине, сөйлем ықшам да, жинақы көрінеді. Сөйлемнің мұндай түрі
көбінесе қазіргі әдеби тілімізге тән.
Грамматикалық тұлғалардың жоғарыдағыдай бірыңғай мүшелердің тек
соңғыларына жалғанудың мынадай стильдік, мағыналық ерекшеліктері болады:
А) Бірыңғайлардың ең соңғысы ғана көптік жалғауда айтылғанда, сол сөз
жинақтаушы, синтаксистік қызметі басым мүше болады.
Ә) Бірыңғайлардың ең соңғысы ғана септік жалғауда жазылып, басқасы
соған ортақ болғанда ол сөз тіркестері, сонымен қатар, грамматикалық
тұлғалану жағынан ықшамдалып тұрады.
Сонымен қорыта келгенде сөйлем мүгелерін бірыңғай етіп құрудың да
қиындығы бар. Оларды қосып сөйлем құрауда қателеспеу үшін мыналарды ескеру
керек.
1. Бірыңғай мүшелердің қатары бір тегіс болуға тиіс. Кейде олай болмай,
бүтін мен бөлшекті, түр мен тұрпатты араластырып айту кездеседі. Мысалы,
Киоскілер мен ларектерде өндіріс товарлары, ет, сүт ыдыс-аяқ, киім – кешек,
сыра сатылады. Ыдыс-аяқ, киім-кешек ұғымдары өндіріс товарлары деген
ұғымға енеді. Жауынды күні қолым, аяғым, саусақтарым сырқырайды
(саусақтарым – қолым,аяғым деген кіретіндіктен, бұл сөзді де айтпау керек
еді.)заводтар мен фабрикалар және ауданымыздың өндіріс орындары үстіміздегі
жылы ірі табыстарға жетті. Заводтар мен фабрикалар өндіріс орындары деген
ұғымға енеді. Сондықтан және ауданымыздың өндіріс орындары деген сөйлем
артық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Бірыңғай мүшелердің байланысы
Бірыңғай мүшелердің байланысуы
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
Сөйлемнің айқындауыш мүшесі
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі
Бірыңғай мүшелердің дамуы
Жай сөйлемді оқыту
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Пәндер