Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп


Жоспар:
КІРІСПЕ
1 БЕЙІНДІК МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА ПӘНІН ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ
1. 1 Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап
1. 2 Музыка сабағында музыкалық іс - әрекеттерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары
2 БІЗДІҢ ЗАМАНҒА ЖЕТКЕН (КӨНЕ) ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ СЫРЛЫ ӘУЕНІ
2. 1 Қобыз - халқымыздың ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көнеаспап.
2. 2 Шаңқобыз, шаңқауыз аспаптары
2. 3 Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы
3 КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР
4 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты сабақ жоспары
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
6
6
9
11
11
12
13
15
21
29
31
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы - жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп нығайту және өркениетті елдер қауымдастығының ортасынан орын алу - ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуымыздың басты алғы шарттарының бірі екенін ұмытпағанымыз жөн. Рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударатынымыздың себебі де осы. Бұл процеске қоғамтанушы ғылымдармен қатар тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар сонымен қатар, педагогтар мен музыканттар да ат салысуда. Бәрінің мақсаты - тамыры тереңде жатқан ұлттық өзіндік философиялық ой-сананың ерте дәуірден күні бүгінге дейінгі тарихына ой жүгірту, оның дамуына өзіндік үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың «ақтаңдақтар» беті ашылып, рухани байлықтарымыздың өзіндік мәдениетімізге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау - жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысы қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықтың, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих - халықтың зердесі, ол содан сусын алады. Сол себептен өткен заман оқиғаларының баяндағанда, тек елдің саяси тарихын, маңдай алды саясаткерлердің қызметін әңгімелеумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениет тарихын әр салада жан-жақты тлық зерттеген дұрыс. Халқымызхдың ұлттық мәдени мұраларын ескермеу болашақ болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезімдеріне теріс ықпал етуде. Әсіресе, қоғамның қазіргі нарықтық қарым-қатынасқа көшу барысында туындаған дағдарыстар жас ұрпақтың жан-жақты жетілуіне көптеген қолайсыздықтар туғызуда. Ел басы Н. Ә. Назарбаев өзінің қоғамдағы бес дағдарысты атап өткен, ол: «экономикалық, саяси, ұлттық, экологиялық, имандылық дағдарыстары».
Демек, адам қасиеттерінің бойында да дағдарысқа лап келетіндігі атап көрсетілген. Жалпы осы дағдарыстың барлығында әсері ұрпақ тәрбиесінің өз ықпалын тигізбей қоймайды. Нәтижесінде болашақ иелері - жастар арасында рухани азғындаушылық, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалаумашылық кеңінен орын алуда. Ұлт тарихын ұлы тұлғаларсыз көзге елестету мүмкін емес. Себебі, ықылым заманан бері ықпалына реген халқын өрге сүйреп, өркениет жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке тұлғалар болған. Бүгін біз олардың бірінің іс-әрекетін құрметпен еске алсақ, екіншісіне өкінішпен бас шайқаймыз. Ал, әңгіме мәдение пен ғылым, өнер жайына ауысқанда жеке адамдарды ауызға алмау мүлде мүмкін емес. Кез келегн ғылыми еңбек, мәдениет пен өнер туындысы жеке адамның ғана көкірегінен қайнап шығып пайда болады. Қазіргі авторы белгісіз, халықтық болып аталып жүрген жарлар мен күйлерді, әндер мен аңыздарды да кезінде жеке адамдар шығарған. Тек кейін олардың есімдері хатқа түспей, уқыт атты ұлы дүрмекте ұмытылып, ел жадында шығармасы сақталса да, өздері қалмаған. Рас, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен бұл шығармалар жүре бара өңделсе өңделген болар, толықса толққан шығар, брақ о баста бір ғана хас шебердің қолынан шыққаны талассыз.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазақ халқының ұлттық аспаптарымен таныстыру.
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп. Ежелгі заманнан бері қазақтарда музыка дамыған сала ретінде есептелген. Негізгі музыкалық аспаптарға- домбыра, қобыз, сыбызғы және болып есптелген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы тарихтың даму барысында философия, мәдениеттану, әлеуметтану, тарих, педагогика ғылымдарында ренессанс, демек, қайта өрлеу кезеңі деп суреттеледі. Қазіргі егемендік алып, Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дамуы да - қайта өрлеу кезеңі. Демек, ұлтымыздың, тіліміздің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің, ұлттық тарихымыздың қайта жаңғыру кезеңі. Біздің пайымдауымызша, қазақ халқыныі мәдениеті, тарихын ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тауып насихатталды.
ХҮ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Қазтуған, Мұхаммет Хайдар Дулати, Ж. Баласағұн, Шалкиіз, Досмамбет, Ақтамберді, Шалақын, Дулат Бабатайұлы т. б. ақын жыраулар мен ойшылдар шығармаларының ұрпағымызды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, әдепті, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты қазақ халқының салт-дәстүрі мен таризы, мәдениетімен бойға сіңіріп ұялатудың маңызы ерекше.
Осы тұрғыдан келгенде, жадына сеніп, жазу-сызуға салғырттау қараған елде Қорқыт атаның, Әбу Насыр Әл-Фарабидің, Махмұт Қашғаридың, Қожа Ахмет Иассауидың, Асан Қайғының, Бұқар жыраудың, Абайдың т. б. ұлы бабаларымыздың шығармаларының сол күйі сақталып, бүгінгі ұрпақтардың игілігіне айналып отырғанда мың мәрте шүкірлік айтқың келеді. Кең байтақ даламыздағы өркениет көшінің өн бойынан қадау-қадау шыңдар тәрізді уақыт өткен сайын бейнелері асқатай түскен осынау трихи тұлғалардың бірқітары шығармаларының дер кезінде хатқа түскені арқасында даусы-талассыз түркі мәдениетінің төл өкілдері аталып отырса, енді бірқатары ұлт пен ұлттық мәдениеттің өз кезегіндегі, тіпті кейінгі бүкіл даму барысында орасан зор ықпал жасағандықтан халық жадында мәңгі-бақи сақталған. Музыка - өнердің ұлттық тілге, мемелкеттік шекараға бағынбайтын жанры саналады. Алайда, барлық өнер туындылары тәрізді музыкалық шығармалар да ұлттық таным мен түсініктен бастау алып, туған хылқының мұңы мен арманын бейнелегенде ғана шынайлық сиаптқа ие болады. Сонымен Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы бағдарламасында отандық және шетелдік музыкалық білімінің қалыптасуы мен даму үрдісін оқып білуге, музыканы оқытудың теориялық білім негіздерін меңгеруге назар аударылған.
Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т. б. ) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А. Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ. Қасымов, А. Ермеков, Э. И. Романенко, О. Бейсенбаев, А. Ауқадиев, Д. Шоқпаров, т. б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.
1 БЕЙІНДІК МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА ПӘНІН ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ
1. 1 Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап
Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларының көздеріне үңілетін болсақ, бірнеше пәндерді кездестіруге болады. 1. Домбыра - тартып үйрену еңбек пәні. 2. Домбыра тартып әр дыбысын есептеп ойнау математика пәні. 3. Домбыра - тартып қағу, перне басу, бір мезгілде әуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын поэзия сөзін дауыс ырғағымен дәл айту логика пәні. 4. Домбыра - екі шекті бұрап тарту арқылы дыбысты естіп отырып, құлақ күйін келтіру физика пәні. 5. Күй тыңдап әуенін есту арқылы елестетіп түсіну бейнелеу пәні. 6. Күй - аспапты музыка, оған қосарлана жүретін әңгіме және поэзия әдебиет пәні. 7. Терме - аспапты вокалды музыка мен оған қоса жүретін сөзі әдебиет ішіндегі мақал - мәтел мен афоризм. 8. Жыр - ұзақ белгілі бір оқиғаларды айтатын тарих пәні. 9. Қысса - дастан, кино - фильм театр пәні. 10. Айтыс - жарыс сөз, тіл және демократия пәні. 11. Ән - вокалды музыка дауыстың шеберлігін қалыптастырады. 12. Құран кәрімді дауыстап әуен негізінде оқып айту музыка пәні.
Осының бәрін меңгеріп орындау үшін музыка көмегі араласқан жағдайда ғана олардың құны өте жоғары болады. Аспап, Әуен, Вокал, Сөз, Поэзия бір мезгілде қатар қосылып, тең жүргенде өз нәтижесін көрсетеді. Осы айтылғандардың бәрін бір мезгілде бір адамның орындап шығуын талант иесі дейміз, ал талант ішкі өз рефлекс күшін еңбек арқылы оята біледі. Бұл - бірінші. Ал екіншісі - тыңдарман болса, оның ішкі рефлексін оятуға айтушының қызықты орындауы, дауыс екпіні, ұқтыру кезіндегі түрлі айла - тәсілдері жатады. Адам баласы талантты не талантсыз болып тумайды, ол іздену, ұқсау, еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен «мен білемін» деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады. Талант иесі ішкі жан тілін сезімге байлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантты ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің соңғы көрсеткіші. Домбыра ойнау, айту, жаттау еңбек нәтижесі. Ал оны үйрету - педагогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласағұн, Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай, Құрманғазы, Махамбет, Ақан, Біржан, Мұхит, Әуезов, Жұбанов, Байтұрсынов, т. б. еңбектерін жатқызуға болады.
Жасыратыны жоқ, домбыра аспабының бойында қалыптасқан педагогика, психология, философия, филология, математика, т. б. ғылыми қағидалары толық ашылып, қарастырылмай келеді.
Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата - бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан таралған тәрбие - білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына, қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде білім беру көзделсе, бүгінгі келеңсіз, қатыгез жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жамандық атаулыдан айырылып, өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, өзгені сыйлауға бой ұрған болар еді.
«Музыка тыңдатпайынша тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән - күйлерінсіз тәрбие беру менің басыма қонбайтын нәрсе», дейді В. А. Сухомлинский.
Сондықтан жалпы орта мектеп оқушыларының қолына домбыра беріп, аузындағы тіліне дуалы терме сөзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?!.
Біріншіден, қуатсыз қатыгездіктен, екіншіден жалмауыз қанішерден, үшіншіден, жаны ашымайтын ұл - қыздан, төртіншіден, ауру жастардан, бесіншіден, білімсіз надандардан арылар едік.
« Егер белгілі бір елді басқарудың жай жапсарын білгің келсе, сол елдің тәртіп тағлымын танымақ болсаң, онда музыкасына құлақ түр» дейді Конфуций.
Өзінің төл мәдениеті мен тілінен адасқан ел рухани бақытсыз. Г. Лихтенбергтің « . . . Ақылды бала - кілең ақымақтардың ортасында тәрбиеленсе, ол да ақымақ болады. Бірақ, адам баласының түзелуге де, бұзылуға да қабілеті әбден жетеді . . . » дегеніндей, біздің ортада жалған тәрбие белең алып отыр. Оған дәлел бүгінгі жастардың әке - шешеден безіп өзгенің қолтығына енуі, үлкеннің ұлағатты сөздеріне құлақ аспауы, отбасынан тәлім - тәрбие алып оны жалғастыру орнына өзге адамдардың сөзіне еріп, өз туысынан безуі сияқты қылықтарға бой ұрып, теріс тәрбиеге ден қоюы дер едік.
Сондықтан қайда жүрсе де ақын, жыраудың тағлымын, әншінің әні мен әуенін, күйшінің күмбірлеген күміс күйін қалт жібермей көкейге қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мәтелді, ертегі мен жұмбақты терме мен шежірені жадында сақтап халық даналығын өзіне рухани азық еткен қазақ жастарына өзінің төл мәдениеті негізінде мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық, оқу әдістемелік кешендерді құрап жазу - басты міндет.
Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап
Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2, 5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтап, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді.
Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.
Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып, пернені басып отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу), «теріс қақпай» (жоғары-төмен) деп аталатын түрлері бар.
Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар.
Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.
«Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ» дейді Саифи Сарайи.
Тәлім тәрбиенің басты құралы - домбыра аспабы десек, қателеспейміз. Сондықтан да, жалпы білім беретін мектептерде домбыра негізінде қалыптасып жеткен тәрбие көзі эстетикалық әсемділікке жетелейді.
Қорқыт, Асанқайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Махамбет, Құрманғазы, Абай, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Жамбыл, Нұрпейіс, Қашаған, Нұрым, Шернияз, Кердері Әубәкір, Қазанғап, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абылай, Сүгір, т. б. аты елге белгілі дала перзенттерінің шығармалары мен үлгілерін оқу орындарында оқытып қана қоймай, қасиетті домбыра аспабының негізінде қалыптасатын қағидалы тұжырымдарды да тәрбие көздері етіп енгізу керек - ақ. .
1. 2 Музыка сабағында музыкалық іс - әрекеттерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары
Домбыраны жасамас бұрын алдымен оның ағашы дайын болу керек. Домбыраны жасайтын арнайы қатты ағаштар бізде өспейді. Мәселен, бұйра үйеңкі, емендер Кавказдан, Италия, Индия, Африка ел-дерінен әкелінеді. Осыған байланысты, бағасы да қымбатқа түсіп отыр. Сапалы, жақсы ағаш қандай аспаптың да дыбысын жақ-сы шығарады. Мәселен, шанағы үйеңкі ағашынан, емен ағашынан жасалса дауысы күмбірлеп тұрады. Жалпы, шанақ қатты, әрі кепкен ағаштан жасалса, домбыраның үні де жақсы шығады. Қазіргі домбыралар көбінесе жеті шанақ-тан жасалады. Ал, бет тақ-тайына шырша ағашы бап. Ағашы неғұрлым ұзағы-рақ кептірілсе, соғұрлым дыбысты күштірек береді. Мойын ағашын бұрын шыр- шадан істеп келсек, қа-зір екі бөлек ағаштан құ-растырып жасаймыз да, майысып кетпес үшін, орта-сындағы діңін қатты ағаш-тан саламыз. Сондай-ақ, мойынның бетіндегі жап- сырмасы да қатты ағаш-тан жасалды. Әйтпесе адамның қолы баса берген соң желініп, ойылып кетеді. Біздегі өзекті мә-селе - домбыраның шегі. Бұрынғы кезде бабалары-мыз ешкінің шегін иіріп тұрып жасайды екен. Ондайды білетін адам қазір жоқ. Қазір жаппай балық аулайтын жилканы пайдаланып жүрміз. Моңғолия-да иіретін адамдар бар деп естиміз. Жұмагелді Нәжімеденов ағамыз осы мәселені зерттеп жүр. Не-гізінен домбыра аспабын жасаушылардың жұмысы бірдей деп айтуға болады. Тек, бет тақтайын жабар кезде әр шебердің өзінің құпия тәсілі бар. Домбыраның басқа ағаш-тан ерекшелігі - оның күмбірлеген үнінде жатыр.
Қазақтың құлағына, жан дүниесіне жақын. Екі қазақтың біреуі домбыра десе елеңдеп тұрады. Домбыра тартқанда қолға жеңіл болуы тиіс. Егер қатты тартылса жаңадан үйренуші талапкердің қолын іліп қала береді де, бетін қайтарады. Сондықтан енді қызығып келе жатқан бала тастап кетеді. Егер домбыра сатып аламын деушілер болса, ең алдымен білетін адамға көрсетіп алғаны жөн.
2 БІЗДІҢ ЗАМАНҒА ЖЕТКЕН (КӨНЕ) ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ СЫРЛЫ ӘУЕНІ
2. 1 Қобыз - халқымыздың ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап.
Х-ХІ ғасырларда өмір сүр-ген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді.
Қылқобыз - екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап.
Жалпы, ұлттық аспаптар-дың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауы-нан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды.
Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді һәм ысқышы да қыл. Оның қылқобыз аталуы да сон-дықтан. Меніңше, қобызды ертеректерде де әр шебер жергілікті жердің ағашынан шауып отырған болуы керек. Өйткені, бү-гінгі күні мұражайлардағы ертеден жеткен қобыздар-ды қарасағыз, негізінен қарағайдан шабылған бай-қайсыз. Бір есептен ол кезде аса бір ағаштан тү-йін түйген ұсталар болмаса, үйеңкі секілді қатты ағаштардан шабатын қа-зіргідей құрал-жабдық бол- ған жоқ. Оның үстіне қо- быздың мойына аса сал-мақ түспейтіндіктен, қарағай, терек, қайың секілді жұмсақ ағаштар жарай береді. Әйтсе де, домбы-раға қарағанда қобыз жасау қиындау. Мәселен, қобызды алдымен тұтас бір ағаштан шауып, ойып аласыз. Содан кейін бетіне тері тартылады. Жалпы, қобыздың бетіне біреулер ботаның терісін, енді бі-реулер ешкінің болмаса, бұзаудың иленген терісін тартады. Негізінен жас мал-дікі дұрыс. Неге десеңіз, үлкен малдың терісі қа-лың болып келеді де, оны жұқарту да қиынға түседі. Алайда, ботаның терісін табу қиын. Өйткені, елі-мізде «ойсыл қараның» тұқымы да азайып барады.
Сондай-ақ, түйенің төлін баласындай аялаған қа-зақ өзі аз ботасын сойып бермейтіні де анық. Сон-дықтан, қобыздың бетіне көбінесе ешкінің, бұзаудың терісін илеп тартып жатамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz