БИЛІКТІ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІКТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмыстық құқықтық
сипаттамасы
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 БИЛІКТІ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІКТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ
МАЗМҰНЫ 6
1.1 Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысының
жалпы түсінігі және анықтамасы 6
1.2 Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану ұғымына
және оның белгілеріне қазіргі көзқарас 8
2 БИЛІКТІ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІКТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНЕЗДЕМЕСІ
2.1 Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың обьектісі13
және заты
2.2 Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың 13
обьективтік және субьективтік жағы
15
3 БИЛІКТІ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІКТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ҚЫЛМЫСЫНА
ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУ
18
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
29
Кіріспе
Билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру тек қана олардын
өздерінің кызметтік міндеттерін жүзеге асырумен байланысты жасалуы мүмкін.
Егер кінәлі адамның, жасаған іс-әрекеті онын қызметтік өкілеттігімен
байланысты болмаса, Қылмыстық кодекстің 309-бабында көзделген қылмыс құрамы
болмайды. Яғни жасалған заңсыз әрекеттер тұлғаның құқығы мен өкілетіне
толықтай байланыссыз болған жағдайда, бұл әрекеттер тиісті белгілер болған
кезде қызметіне байланысты болып табылмайтын қылмыс ретінде қаралады.
КСРО Жоғарғы Сотының 1990 жылғы 30 наурыздағы жоғарыда аталған
Пленумының қаулысындағы түсіндірме бойынша қызметтік тұлғаның өкілеттік
шегінен ашықтан-ашық шығып кету әрекеттері мыналар болуы мүмкін: аталған
ведомствоның жоғары лауазымы тұлғасы ғана жасауға құқы бар әрекеттер
(мысалы, университет факультетінің деканы факультеттің қызметкерлерін
жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару функцияларын, осы функциялар заң
бойынша жоғары оқу орнының ректорына ғана тән бола тұрса да, өзіне
иемденеді);
басқа ведомствоның билігі не қызметтік өкілет кұзыретіне кіретін іс-
әрекеттер (мысалы, тінтуді жүргізу кұқығы анықтама, тергеу, прокуратура
және сот органдарына берілген, сондықтан ауыл әкімінің тінту жүргізу туралы
өкім беруі билікті асыра пайдалану ретінде бағалануы тиіс);
алқалы органның құзыретіне кіретін іс-әрекеттер (мысалы, заң бойынша
мүгедектік туралы анықтаманы тек қана дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясы
бере алатындығы айқын бола тура емдеуші дәрігердің осындай анықтаманы өзі
беруі);
осы тұлғаның құзыретіне кіре тұрса да, бірақ занда және өзге де
нормативтік актіде көрсетілген жағдайлар болғанда ғана жол берілетін іс-
әрекеттер (қылмыскер шабуыл жасаған сәтте қару қолдану);
бірде-бір қызметтік тұлға немесе орган жасауға құқылы емес іс-
әрекеттер (көбінесе, карамағындағыларға қатысты жәбірленушінің жеке басын
кемсітетін күш көрсету).
Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану — әлеуметтік
залал, дүние жүзінің бірде-бір елінде оны еңсеруге әлі қол жеткен жоқ. БҰҰ-
ның сегізінші конгресі (Гавана, 1990 ж.) өзінің “Мемлекеттік басқару
саласындағы сыбайлас жемқорлық” деп аталатын қарарында мемлекеттік
әкімшілікте билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану проблемасы
жалпыға бірдей сипатқа ие болуда және оның келеңсіз ықпалы бүкіл дүние
жүзінде сезіліп отыр деп атап көрсетті. Нарықтық экономика жағдайында
билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бүркемеленген сипатқа
ие – ол лоббизм, тамыр-таныстық, бұрынғы жоғары шенді шенеуніктердің жеке
меншік компанияларға басшылық қызметке ауысуы, жеке меншік құрылымдарды
мемлекеттік бюджет есебінен инвестициялау, мемлекет мүлкін акционерлік
қоғамдарға аудару және т.б. түрінде көрінуі мүмкін.
Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану жалпылама
қылмыспен қатар Қазақстанда да мемлекеттік билік үшін елеулі сын болып
отыр. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздіктің барлық кезеңінде
билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануға қарсы күресті ішкі
саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі ретінде жариялап және мемлекеттік
басқару жүйесін терең реформалауды жүргізе отырып, бұл залалмен ымырасыз
әрі дәйекті түрде күресіп келеді. Жуырда “Қазақстан-2030” Стратегиясының 10
жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде, “мемлекеттік басқару
жүйесінің тиімділігін арттыру біздің ұзақ мерзімді басымдықтарымыздың бірі
болып қала береді. Бұл стратегиялық міндетті іске асыру мақсатында,
Қазақстан өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяқ кезінен бастап іргелі
әкімшілік реформалар жүргізуге кірісті” деп атап көрсетті.
Қазақстанда билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануға
қарсы іс-әрекет және билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану
құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін құру үдерісінің бастауын Президент
Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасының Жоғары тәртіптік кеңесі туралы”
Жарлық шығарған 1997 жылдың 21 қазаны деп есептеген жөн. Бұл кезге дейін
республикада қауіпті әлеуметтік залалға қарсы күрес жүргізілген жоқ десек,
ол дұрыс болмаған болар еді. Алайда, ол жылдарда бұл жұмыстың серпіні оң
бағытта да, теріс бағытта да тұрақты үрдістің жоқтығымен сипатталды. Елдегі
сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейі айтарлықтай жоғары болды, ал құқықтық
статистика бұл салада әлі де ауқымдылық пен жүйеліліктің жоқтығын
дәлелдеді, кейде ол айқын науқандық сипат алып жатты.
Ел Президенті жанынан құрылған Жоғары тәртіптік кеңестің мақсаты
мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін
арттыру, олардың билікті және қызмет жағдайын теріс пайдалануына жол
бермеу. Осы органды құра отырып Мемлекет басшысы оған тәртіптік
жауапкершіліктің деңгейін арттыру, лауазымды адамдардың, оның ішінде басшы
адамдардың билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануға қарсы
заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың
өтініштерін және қиянат жасау фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдары
хабарламаларын қарау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүктеді. Кеңес лауазымды
адамдарды теріс қылықтары үшін, олардың лауазымына және қоғамдық
мәртебесіне қарамастан жазалау жөнінде ұсыныстар да әзірледі.
Курстық жұмыстың мақсаты - билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра
пайдаланудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын ашу.
Осыған байланысты мынадай міндеттерді атқаруды жөн көрдім:
– Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысының
мазмұнын қарастыру;
– Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысының жалпы
түсінігі және анықтамасымен танысу;
– Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану ұғымына
және оның белгілеріне қазіргі көзқарасты білдіру;

қылмыстық құқықтық мінездемесін ашып көрсету;
– Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың обьектісі
және затын анықтау;
– Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың обьективтік
және субьективтік жағын талдау.
Курстық жұмыстың құралымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

жалпы түсінігі және анықтамасы
Билікті немесе лауазымдық өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті
теріс пайдаланудың айрықша түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың бұл
түрінің қызметті теріс пайдалану құрамынан (ҚК-тің 307-бап) айырмашылығы
мынада: қызметті теріс пайдалану кезінде заңсыз әрекет лауазымды тұлғаның
әдеттегі қызмет шеңберінде жасалады, ал асыра пайдалануда, керісінше,
әрекет құқық пен өкілеттің осы шеңберінен ашықтан-ашық асып кетеді.
Осыған сәйкес қылмыс белгілерін анықтау үшін осы тұлғаға берілген
өкілеттік көлемін нақты айқындап алу керек.
Кінәлі тұлға қаралып отырған қылмысты жасай отырып, солардың шегінен
асып кететін құқықтар мен өкілеттер заңдармен және мынадай зандық
актілермен айқындалады: қаулылармен, өкімдермен, бұйрықтармен,
нұсқаулықтармен, жарлықтармен, нұскамалармен және т.б.
Билікті немесе лауазымдық өкілетті шамадан тыс асырудың және өзге
қызметтік қылмыстардың да объектісі болып — мемлекеттік аппараттың қалыпты
қызметі табылады.

Объективті жағынан алғанда бұл қылмыс міндетті түрде болуы керек деп
саналатын 3 белгімен сипатталады: тұлғаның оған заңмен берілген құкығы мен
өкілетінің шегінен ашықтан-ашық асып кететін іс-әрекеттер жасауы; осы бапта
келтірілген заң бұзушылық түріндегі қоғамға қауіпті зардаптар; тұлғаның
өкілеттік шегінен асуы мен жасалған зардаптар арасында себептік байланыстың
болуы.

Билікті немесе қызметтік өкілетті қылмыстық асыра пайдалану құрамы
болу үшін мемлекеттік не қоғамдық мүдделерге немесе жекелеген азаматтардың
құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу түріндегі және
тұлғаның әрекеті мен зардаптардың арасында себептік байланыстар болуы
қажет. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдаланудың объективті
жақтарының осы міндетті белгілерінің сипаты мен мазмұны қыз-метті теріс
пайдалану кезіндегімен бірдей. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра
пайдалану құрамының қажетті белгілерін елеулі түрде бұзудың болмауы
Қылмыстық кодекстің 308-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті жоққа
шығарады.
Ашықтан-ашық заң бұзушылықтың белгілері жасалған іс-әрекеттердің
берілген өкілеттіктердің шегінен асып кеткеңдігінің айқындығын, сөзсіздігін
білдіреді.
Занда көрсетілген зардаптар басталған сәттен бастап қылмыс, атап
айтқанда азаматтардың, немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу
аяқталған болып есептеледі. Тергеу-сот тәжірибесінде бұл зардаптар көбіне
дене күшін жұмсау және психикалық зорлық көрсету түрінде көрінеді.
Билікті асыра қолдану кезіндегі зорлық дене күшін жұмсау және
психикалық болуы мүмкін. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану
кезінде дене күшін жұмсау жәбірленушінің денесіне зақым келтіру, ұрып-соғу,
азаптау, бостандығынан заңсыз айыру түрінде көрінуі мүмкін. Билікті асыра
қолдану кезіңде психикалық зорлық, дене күшін жұмсаумен қорқыту және денеге
жарақат салумен, өліммен қорқыту жәбірленушінің белгілі бір әрекет немесе
әрекетсіздікті істеуге және басқадай нысаңдарды мәжбүрлеп қорқытуы арқылы
көрініс табады.
Мұндай қорқытулар субъект тарапынан сөзбен, жазбаша, дене қозғалысы,
ым көрсету арқылы жүзеге асырылады және де осы қорқытулар жәбірленушінің
жеке басына ғана емес, оның туыстары, жақындары жөнінде де болуы мүмкін.
Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудын объективтік
жағының кажетті белгісі — кінәлі адамның құқықтар мен өкілеттік шегінен
керінеу асып кетуі мен одан тікелей туын-даған занда көрсетілген зардаптың
біреуінің орын алуының арасындағы себепті байланыстың болуы болып табылады.
Талданып отырған қылмыс субъективтік жағынан тек қана қасақаналықпен
жасалады. Кінәлі адам билікті немесе қызметтік өкілеттікті керінеу асыра
пайдаланғанын және оның азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін не коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
елеулі түрде бұзуға әкеп соғатынын сезеді және өз өкілеттігін асыра
пайдалану арқылы құқыққорғау объектілеріне зиян келтіруді тілейді немесе
осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол береді.
Қылмыстың субъектісі мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не
оған теңестірілген адам, лауазымды адам, жауапты мемлекеттік лауазым
атқаратын адам.
КСРО Жоғарғы Сотының 1990 жылғы 30 наурыздағы Билікті немесе қызмет
жағдайын теріс пайдалану немесе өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық
қызметтік жалғандық істері бойынша сот тәжірибелері туралы қаулысының 13-
тармағына сәйкес билікті немесе кызметтік өкілеттікті асыра пайдалану
барысында жәбірленушіге қасақана ауыр зардап келтіру немесе оны қаса-қана
өлтіру қылмыстардың жиынтығын құрайды деп тура көрсетілген.
Қорқытудын түсінігіне Қылмыстық кодекстің 181-бабын талдағанда, ал
қару немесе арнаулы құралдардың анықтамасына Қылмыстық кодекстің 251 -бабын
зерттегенде тоқталып өткенбіз

және оның белгілеріне қазіргі көзқарас
Қылмыстық заңдар бойынша - билікті не лауазымдық өкілеттікті асыра
пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған
теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып
кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдд елерін
не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде
бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыс болып табылады.[1]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы қызмет
өкілеттігін теріс пайдалану қылмыс құрамына арналған. Тәжірибелік
мәліметтерге сүйенсек, бұл қылмыс құрамы қызметтік қылмыстардың неғұрлым
кең тараған түрі болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл қылмыс құрамы
лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар
жасаудың тәсілі де болуы мүмкін. Бұл қылмыстың мәніне келсек, лауазымды
тұлға өзіне берілген қызметтік өкілеттікті пайдалана отырып, мемлекеттік
қызмет жүйесіндегі өзінің құқықтары пен өкілеттіктерін пайкүнемдік мақсатта
қолданады.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қылмысы мемлекеттік қызметтің кез
келген саласында жасалынуы мүмкін. Қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік
мақсатта керағар пайдалану, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, қызмет
бабын пайдаланып ұрлау сияқты қылмыс түрлері осы қызмет өкілеттігін теріс
пайдаланумен біртекті, ұқсаса отырып жүзеге асырылады.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қылмысын басқа ұқсас қылмыс
құрамдарынан ажырату тәжірибеде біршама қиындықтар тудырады. Қарастырылып
отырған қылмыс құрамына ұқсас қылмыс құрамдарының болуы, теория мен сот
тәжірибесінде бұл құрамдарды ажырататын бірыңғай көзқарастың болмауы көп
жағдайда оларды қате саралауға алып келеді, ал бұл адам тағдырына қатысты
ауыр салдарға алып келуі мүмкін.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қылмысын қызмет бабын пайдаланып
ұрлау (талан-тараж) қылмыс құрамынан ажырату үшін алдымен ұрлаудың
түсінігіне тоқталайық. Талан-таражға салу дегеніміз – пайдакүнемдік
мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне
зиян келтіре отырып, кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз,
қайтарымсыз алу немесе айналдыру.
Отандық тәжірибеге сүйенсек, талан-таражға салудың толық ұғымы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 25 шілде 1996 жылғы №9
қаулысында берілген. Осы қаулының бірінші тармақшасына сәйкес бөтен
біреудің мүлкін талан-таражға салу деп – меншік иесінің мүлкін пайдақорлық
мақсатпен заңсыз тегін алуды және оны өз пайдасына немесе басқаның
пайдасына айналдыруды бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсіну керек. Бұл орайда
бөтеннің мүлкі жасырын да, ашық та, алаяқтық, қорқытып алу, меншіктену,
жұмсап қою немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен де ұрлануы
мүмкін [1].
Қазіргі таңда алғаш рет заң деңгейіндегі талан-таражыға салудың толық
көлемдегі және кеңейтілген анықтамасы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген [2]. Яғни,
Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 1-тармақшасына сәйкес: осы
Кодекстің баптарында ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы
мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып
айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою
және айналдыру танылады. Бірақ айта кету керек, қылмыстық жазалануға
жататын ұрлаудың құрамы бар деп танылады, егер жасалған іс-әрекет қоғамға
қауіпті, заңсыз әрекетпен пайдакүнемдік жолмен бөтеннің мүлкін өз меншігіне
алып қою немесе айналдыру арқылы жүзеге асырылса. Қызмет өкілеттігін теріс
пайдалану жолымен мүлікті алып қою барысында лауазымды адам қызмет
мүддесіне қарсы өзінің қызметтік жағдайын қасақана пайдалана отырып,
бөтеннің мүлкін иеленеді. Егер иеленіп алу мен ысырап етуде кінәлі тұлға
өзіне белгілі бір функцияларды атқару үшін берілген бөтеннің мүлкіне билік
ету құқығын пайдаланса, ал қызмет өкілеттігін теріс пайдалану жолымен
мүлікті иелену кезінде мүлік лауазымды тұлғаның қолында болмайды, әдетте
оның қол астындағы тұлғаларда болады. Бұндай жағдайда ұрлаудың субъектісі
тек лауазымды адам болуы мүмкін, ал қылмыс жасау тәсілі барлық жағдайда
қызмет бабын заңсыз пайдалану болып табылады.
Сонымен, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен қызмет бабын
пайдаланып бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының көп ұқсастықтары бар. Бұл
қылмыстың екеуі де лауазымды адамдармен жасалуы мүмкін. Яғни олар
субъектісі бойынша бір-бірінен ажыратылмайды және екеуі де қасақана
жасалады. Бұл құрамдардың ортақ белгісі кінәлі тұлғаның қызмет
міндеттерінің талаптарына қайшы өз қызмет жағдайларын пайдалануы және
елеулі зиян келтіруі болып табылады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен
ұрлау қылмыс құрамдардың ұқсастығын сипаттайтын тағы бір белгісі – белгілі
бір мақсаттың болуы. Сондықтан аталған қылмыстарды бір-бірінен ажырату
барысында бұл ұқсас қылмыс құрамдарын салыстырудың ерекше маңызы бар. Ұрлау
кезінде қылмыстың объектісі бөтеннің меншігі болса, қызмет өкілеттігін
теріс пайдалану кезінде – мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қалыпты
қызметі. Қарастырылып отырған қылмыстардың объективтік жағы бойынша
айырмашылығы мынада, бөтеннің мүлкін ұрлау кезінде кінәлі лауазымды тұлға
заңсыз және ақысыз негізде бөтеннің мүлкін алып қояды және оны өзінің
немесе басқа тұлғаның меншігіне айналдырады. Қызмет өкілеттігін теріс
пайдалану кезінде кінәлі тұлға пайдакүнемдік мақсатта немесе басқа да жеке
мүдделері үшін қызмет өкілеттігін теріс пайдалану жолымен мүлікті
ұрламайды, азаматтар мүдделеріне не мемлекет пен қоғамдық мүдделерге елеулі
материалды зиян келтіреді. Бұл қылмыстардың субъективтік жағы бойынша
айырмашылығы, ұрлау кезінде қылмыстың міндетті белгісі кінәлі тұлғаның
бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа тұлғаның пайдасына заңсыз айналдыруға
бағыттаған пайдакүнемдік ниеті, ал қызмет өкілеттігін теріс пайдалану
кезінде кінәлі тұлға бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа тұлғаның меншігіне
айналдыру мақсатын көздемейді. Бұл жағдайдан жасалатын қорытынды, қызмет
өкілеттігін теріс пайдалану мен қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін
ұрлауды ажыратудың критерии келесі екі белгінің болуымен байланысты болады.
Қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін ұрлау кезінде: біріншіден, бөтеннің
мүлкін жеке немесе басқаның меншігіне заңсыз ақысыз айналдыру; екіншіден,
бөтеннің мүлкін өзінің меншігіне айналдыруға пайдакүнемдік мақсаттың болуы.
Бұл белгілер басқа белгілермен жиынтығында ҚР Қылмыстық кодекстің 176-
бабында көрсетілген қылмыс құрамын құрайды. Бұл көрсетілген екі белгінің
әрқайсысы жеке-жеке қызмет өкілеттігін теріс пайдалануға тән болуы мүмкін.
Бірақ қызмет өкілеттігін теріс пайдалану бір мезгілде жоғарыда көрсетілген
екі белгіні қамтымайды, ол мүлікті заңсыз иелену болуы мүмкін, бірақ
бөтеннің мүлкін өзінің меншігіне айналдыруда пайдакүнемдік мақсат болмайды,
немесе, пайдакүнемдік мақсатта жасалады және меншік иесіне материалдық зиян
келтіреді, бірақ бөтеннің мүлкін оның иелігінен алып қою жүзеге
асырылмайды.
Келесі қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен билікті не қызметтік
өкілеттікті асыра пайдалану қылмыс құрамдарын ажырату. Сот тәжірибесін
зерттеу барысында қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен билікті не
қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануды ажырату кезінде қиындықтар
туындағанын көрсетеді.
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануды ҚР Қылмыстық
кодекстің 307-бабымен саралау жиі кездеседі. Бұндай қателіктердің
жіберілуін бұл екі қылмыс құрамын ажырату тек субъективтік белгімен
жүргізілетінімен түсіндіруге болады [3]. Заң шығарушы қызмет өкілеттігін
теріс пайдалану қылмысының міндетті белгісіне пайдакүнемдік немесе басқа да
жеке мүддесін ойлауды кіргізген, ал билікті не қызметтік өкілеттікті асыра
пайдалануда бұндай белгі міндетті емес. Қарастырылып отырған қылмыстардың
субъективтік белгісі бойынша айырмашылығы көрініп тұр. Бірақ пайдакүнемдік
мақсатта билікті асыра пайдалану кезінде ол айырмашылық өз мағынасын жояды.
Сондықтан негізгі айырмашылықты қылмыстың объективтік жағының
сипаттамасынан іздеу керек. Билікті асыра пайдалану тек әрекет жолымен
жүзеге асырылады, ал қызмет өкілеттігін теріс пайдалану әрекетсіздік арқылы
да жасалуы мүмкін. Лауазымды тұлға өзінің өкілеттігіне кіретін сұрақты
әдейі дұрыс шешпейтін жағдайлар да кездеседі. Бұл жағдайда ол қызмет
өкілеттігінің шегінен шықпай, өз өкілеттігінің шегінде әрекет етеді. Яғни,
егер лауазымды тұлға өзінің өкілеттігіне кіретін сұрақты қарау барысында
пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне байланысты дұрыс шешпесе және
оның әрекеті мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге елеулі зиян келтірсе,
бұндай әрекеттерді қызмет өкілеттігін теріс пайдалану деп саралау керек.
Егер ол жоғары тұрған лауазымды тұлғаның өкілеттігіне кіретін әрекеттерді
жүзеге асырса және бұл әрекеттермен мемлекеттің немесе қоғамның мүдделерін
елеулі бұзса, онда ҚК 308-бабы бойынша билікті не қызметтік өкілеттікті
асыра пайдалану ретінде саралау қажет.
Пайдакүнемдік және басқа де жеке мүдделері үшін қызметтік өкілеттікті
асыра пайдалану кезінде басқа лауазымды тұлғаның немесе органның
өкілеттігін теріс пайдаланады. Мысалы, уақытша ұстау изоляторының бастығы
М. пара алып УҰИ кездесуге рұқсаты жоқ тергеудегі адамға кездесу
ұйымдастырды, ал бұл әрекет тергеу барысына кері әсерін тигізді. М. пара
алғаны және қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін сотталды. Бұл
жағдайда М. параны қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін емес, қызмет
өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін алды, себебі кездесуге рұқсат беру
туралы сұрақты шешу оның өкілеттігіне кірген жоқ [4].
Бұл норманың диспозициясы бланкетті болып табылады, сондықтан дұрыс
саралау үшін лауазымды тұлғаға берілген өкілеттілік шеңберін тиісті
ережелерге, жарғыларға, бұйрықтарға және т.б. актілерге сәйкес дұрыс
анықтау қажет. Сондықтан билікті асыра пайдалану құрамын қызмет өкілеттігін
теріс пайдалану құрамынан ажырату үшін лауазымды тұлғалардың әрекеттерінің
сипатына ерекше назар аудару қажет. Егер кінәлі тұлғаның әрекеті оған
қызмет бойынша берілген құқықтар мен міндеттердің шегінен шығып тұрса,
билікті асыра пайдалану құрамының белгілері нақты көрінеді және бұл
әрекеттер ҚК 308-бабымен саралануға жатады. Бұл өте маңызды, осы талапты
сақтамау сот-тергеу тәжірибесінде бұл әрекеттерді қате саралауға алып
келеді. Әрекеттің сипатына және қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша билікті
не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қызмет өкілеттігін теріс
пайдалануға қарағанда едәуір қауіпті болып саналады.
Қорыта келе, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қылмыс құрамын жасаған
кінәлі тұлғаларға әділ және заңға сәйкес жаза тағайындау үшін осы қылмысты
басқа ұқсас қылмыстардан ажырату мәселелеріне саралау барысында ерекше
көңіл бөлу қажет.

2.1 Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың обьектісі
және заты
Билікті не лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, яғни мемлекеттік
қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің
құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың
немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын
әрекеттер жасауы - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі
жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға
дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейінгі
мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -үш жүзден жеті жүз айлық
есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жеті
айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл
салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару
немесе белгілі бір қызметпен айналысу қққығынан айыруға, не бес жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет,
-бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі
бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
айырып немесе онсыз сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген
әрекеттер ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:
а) күш қолдану немесе оны қолданам деп қорқыту арқылы;
б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;
в) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін артықшылық алу не
басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалса, -жеті
жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыс құрамының нақты белгілерін анықтау үшін, мемлекеттік қызметте
атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызмет өкілеттігі
шегі анықтауымыз қажет.
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың объектісі болып
-мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруы танылады.
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану тек сол лауазымға ие
болған адамның өз өкілеттігін пайдалана отырып жасалуымен анықталады. Егер
асыра пайдалану, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті не оған
теңестірілген адамның қызмет бабын пайдалануымен ұштаспаған жағдайда ҚК 308-
бабында көзделген қылмыс құрамын құрамайды.
Қылмыстың объективті жағы бойынша бұл қылмыс мына міндетті
белгілерімен сипатталады: мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның
не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен
көрінеу асып кетуі; азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
елеулі түрде бұзуы; билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың
нәтижесіндегі тигізілген зардаптардың арасындағы себептік байланыс.
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы қылмыс құрамының
белгілерінің болуы үшін, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның
не оған теңестірілген адамдардың құқықтарымен өкілеттігі шегінен көрінеу
асып кетуі, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
не қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделердің елеулі түрде
бұзылуы және осы аталған тұлғалардың әрекеттері мен түскен зардаптың
арасындағы себептік байланыстың болуы қажет.
Қылмыс аяқталған болып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін елеулі түрде бұзған сәттен бастап саналады. Тәжірибеде мұндай
зардаптар дене немесе психикалық күштеу түріндегі келтірумен айқындалады.
Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы физикалық
күштеуге – жәбірленушіні ұрып соғу, денеге жарақат салу, қорлау, заңсыз бас
бостандығынан айыру сияқты әрекеттер жатады. Қызметтік өкілеттікті асыра
пайдаланудағы психикалық күштеуде - денеге зиян келтірумен үрейлендіруі
сияқты қорқытуы, я болмаса жәбірленушіге белгілі бір міндетті әрекеттерді
жасауына мәжбүр етуі сияқты т. б. әрекеттер танылады. Ерекше бөлім
Психикалық мәжбүр ету ауызша немесе қағаз жүзінде жәбірленушінің
тікелей өзіне не болмаса оның жақын туыстарына қолданылуы мүмкін.
Аталған қылмыс құрамы субъективтік жағы бойынша тек қасақаналық болып
табылады. Кінәлі адам, өзінің іс-әрекетін, яғни билікті немесе қызметтік
өкілеттікті асыра пайдалануда, оның қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін
немесе болмай қоймайтынын алдын ала білуі және осы зардаптардың болуын
тікелей ниетпен саналы түрде жол беріп жасауымен орын алады.
Қылмысты дәрежелеу кезінде қылмыстың себебінің (түрткісі) әсері
болмайды. Қылмыс субъектісі болып, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті
адам не оған теңестірілген адам саналады (ҚК 307-бабының талдануын
қараңыз).
Аталған баптың 2-бөлігі лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер
болып табылады.
Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекеттер
үшін қылмыстық жауаптылық баптың 3-бөлігі бойынша көзделген.
Аталған баптың 4-бөлігі ерекше дәрежеленген мән-жайлар ретінде осы
баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға сол
сияқты олар күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы не қару
немесе арнаулы құралдар қолдану арқылы немесе өзі немесе басқа адамдар
немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе
ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған әрекеттерді белгілеген. Мұндай
ауыр зардаптар абайсызда кісі өлтіру немесе елеулі түрдегі материалды
немесе басқа да ауыр зардаптардың түсуі белгілерін қамтиды.
2.2 Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың
обьективтік және субьективтік жағы
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану қызметтік қылмыстардың
неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның
қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де
болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзінің қызметтік
өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары менн заңды мүдделерін, не қоғамның
немесе мемлекеттің заң мен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан
келтіреді.
Мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғу осы қылмыстың
обьектісі болып табылады. Осыған байланысты, егер қызметтік өкілетті теріс
пайдалануды мемлекеттік органда, жергілікті өзін-өзі басқару органында,
сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінде, ҚР басқа да әскер құрамдарында және әскери
құрамдарда лауазымға ие адамдар жасаған жағдайларда ғана аталған қылмыс
және 13-тарауда көзделген өзге де қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік
туындайды. Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып
табылмайтын коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтік өкілетті теріс
пайдаланған тұлғалар ҚК-тің 228- бабы бойынша осындай іс-әрекеттері үшін
қылмыстық қудалау тәртібі туралы осы бапқа ескертпелерді ескере отырып
жауып беруге жатады.
Қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың теріс пайдаланудың обьективті
жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады: лауазымды адамның
өзінің қызметтік өкілетін пайдалануы; лауазымды адамның қызмет мүдделеріне
қайшы келетін белгілі бір іс-әрекет жасауы: егер осы іс-әрекет азаматардың
немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не қоғамдық немесе
мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе.
Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану (308-бап)
Билікті немесе мемлекеттік өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті

түрінің қызметі теріс пайдалануда, керісінше, әрекет құқық пен өкілеттің
осы шеңберінен ашықтан-ашық асып кетеді.
Талданып отырған қылмыс белгілерін анықтау үшін осы лауазымды тұлғаға
берілген өкілеттік көлемін нақты айқындап алу керек.
Кінәлі лауазымды тұлға қаралып отырған қылмысты жасай отырып, солардың
шегінен асып кететін құқықтар мен өкілеттер заңдармен және мынадай заңдық
актілермен айқындалады: қаулылармен, өкімдермен, бұйрықтармен
нұсқаулықтармен, жарлықтармен, нұсқамалармен және т.б.
Обьективті жағынан алғанда бұл қылмыс міндетті түрде болуы керек. Деп
саналатын 3 белгімен сипатталады: лауазымды тұлғаның оған заңмен берілген
құқығы мен өкілетінің шегінен ашықтан-ашық асып кететін іс-әрекеттер
жасауы; осы бапта келтірілген заң бұзушылық үріндегі қоғамға қауіпті
зардаптар; тұлғаның өкілеттік шегінен асуы мен жасалған зардаптар арасында
себепті
Пара алу (311-бап)
Қоғамымызға парақорлқ қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл
лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі
пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында
(көбіне ұрлықпен). Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс
істеуіне бөгет жасайды және олардың беделін кетіруге, өкімет және атқару
органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады.
Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екенінен күмән туғызып,
масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке,
конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық
қағидаларының бұрмалануы және ҚР нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін
тежейді.
Парақорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (311-
бап); пара беру (312-бап); парақорлыққа делдал болу.
Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның
өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздік) лауазымды
адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына
байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, содай-ақ
жалпы қамқоршылығы немесе қызметі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz