Бейбітшілікке қарсы қылмыстар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар
2.2. Соғыс қылмыстары
2.3. Адамзатқа қарсы қылмыстар
2.4. Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс.
2.5. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі
конституциялық принципке қол сұғу

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы – ҚР құқықтық жүйесіне
кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер
орындалмаса, өзінің жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және
санкцияланған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынатын ережелердің
жиынтығын құрайды. Қылмыстық құқықтың иіндескен құқық салаларынан даралап
алуға оның реттеу пәні, яғни қылмыс жасауға және оған белгілі бір жазалар
қолдануға байланысты туатын қоғамдық қатынастар негіз болады.
Қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала.
Өйткені ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса,
пәрменді күшпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық
салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Қылмыс
жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасында
туындаған қатынастарды реттейтін тұлғаның арасында туындаған қатынастарды
реттейтін, сол сияқты өзге құқық салаларымен реттелген қатынастарды
қорғайтын нормалардың жиынтығын қылмыстық құқық деп атайды.
Қылмыстық құқық ғылымы өз пәнін зерттеу барысныда диалектиканың
негізгі әдістеріне ғана емес, сондай – ақ, жүйелік, логикалық – құрылымдық,
салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу
әдістеріне жүгінеді.
Қылмыстық құқықтың принциптері:
✓ Заңдылық принципі
✓ Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі
✓ Қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы
✓ Жеке жауапкершілік принципі
✓ Айыпты жауакершілік принципі
✓ Әділдік принципі
✓ Демократизм принципі
✓ Гуманизм принципі
✓ Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану принципі
✓ Интернационализм принципі
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын
анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың
қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған
осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды
реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс
әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа
шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз
адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған.

Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап): Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады делінген. РСФСР-дың 1922жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс дегеніміз
кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғыммен
тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға кауіпті деп
жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, оның ішінде 1959
жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданда. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады делінген (9-бап). Осы анықтамадан
қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық
қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы
көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша
яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның
өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп
соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында,
осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз.
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-
әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы
ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті
белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты
нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі
бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа
қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-
әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-
әрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік
алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құқылық
норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп
саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып
тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру,
салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа
нормалар пайда болды.
Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан
Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет
туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында,
басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің 5-тарауы Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстарға арналған.
Қылмыстық кодекстін Жалпы бөлімінің 2-бабында қылмыстық құқық қорғау
объектілерінін қатарына тұңғыш рет бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі
мүддесі қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстін Ерекше бөлімінде
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жеке тарау
берілген. Мұндай қылмыстар халықаралқ қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар
үшін жауаптылықтың негізгі қайнар көзі Халықаралық әскери трибунал Жарғысы
(Нюрнберг, 1948) болып табылады. Осы жарғыда бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жауаптылығының негіздері және олардың
түрлері:
1) бейбітшілікке қарсы қылмыстар;
2) соғыс қылмыстары;
3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсетілген.
Халықаралық конвенция 1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті
халықаралық қылмыстар деп жариялады. БҰҰ-ның 1991 жылғы 43 сессиясы
бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар Кодексінің жобасын қарап, оны
мемлекеттердің үкіметінің қарауына, пысықтауына жіберді. Осы көрсетілген
Кодекс жобасына сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстардың 12 құрамы көрсетілген.
Халықаралық нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты
анықтамалар беру мен оларды топқа бөлу әлі аяқталған жоқ, мұның өзі
мемлекеттердің ұлттық қылмыстық кодексін қабылдауда осы мәселеде белгілі
бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақ та Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексінің 4-тарауында халықаралық құқықтың жұрт таныған
принциптері мен нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін
жауаптылық көзделген.
Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың топтық
объектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген Жалпыға бірдей
бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік болып табылады. Осы қылмыстардын,
кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (Мысалы, ЮК-тің 158-
бабындағы — химиялық, биологиялық және жаппай қырып-жоятын қарулар) болады.
Объективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар қоғамға қауіпті іс-
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар дені формальдық құрамға жатады. Тек қана ҚК-
тің 161-бабындағы қылмыс — экоцид құрамы үшін қоғамға қауіпті зардап —
экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық
қылмыстар тікелей қасақаналықпен, ал қайсыбір құрамдар белгілі бір
мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс, жай адамдар. Кейбір
-қылмыс құрамының субъектісі арнаулы субъект мемлекеттік жауапты қызмет
атқаратын адам (157-баптың 2-тармағы), қызмет бабын пайдаланған адам (164-
баптың 2-тармағы). Тікелей объектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс
құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар:
• Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе
жүргізу (156-бап).
• Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария
түрде шақыру (157-бап).
• Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап).
Соғыс қылмыстары:
• Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану
(159-бап).
• Жалдамалылық (162-бап).
Адамзатка қарсы қылмыстар:
• Геноцид (160-бап).
• Экоцид (161-бап).
Халқаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс:
• қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе
ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап).
• Әлеуметтік, нәсілдік ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу
жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу; әлеуметтік,
ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-
бап).

2.1. БЕЙБІТШІЛІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу
(156-бап).
Қылмыстың тікелей объектісі — халықтар арасындағы бейбітшілік.
Мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі және достығы.
Объективтік жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу
немесе тұтандыру арқылы жүзеге асырылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясы өзінің 1974 жылғы 14 желтоқсандағы 3314 (XXIX) қарарында тұңғыш
рет басқыншылықтың (агрессияның) анықтамасын берген. Онда Біріккен Ұлттар
Ұйымының Жарғысына сай келмейтін тұрғыда бір мемлекеттің өзінің қарулы
күштерін екінші мемлекеттің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси
тәуелсіздігіне қарсы қолдану немесе басқадай тәсілдерді пайдалану арқылы
оларға ықпал етуі басқыншылық (агрессия) деп танылады деп көрсетілген.
Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның
біріншісі басқыншылық соғысты жоспарлау.
Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбіт
тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау,
соғыс әрекеттерін жүргізуге бағытталған әртүрлі әдістемелік құралдар жасау,
соғыстың құрбаны болатын мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін
жүргізудің мерзімін және көлемін белгілеу әрекеттері жатады.
Басқыншылық соғысты әзірлеуге жоспарланған ұрыс әрекеттерін жүзеге
асыруға арналған нақты іс-қимылдарға көшулер жатады. Мысалы, соғыс
техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердің санын күрт көбейту, азық-
түлік немесе жағар-жанар май қорларын ұлғайту, соғыс жағдайына сай келетін
жаттығуларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс ісіне моральдық тұрғыдан
бейімдеп дайындау т.с.с. әрекеттер жатады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға
осындай соғысты кез келген тұрғыда бастау жатады. БҰҰ Бас Ассамблеясының
1974 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына сәйкес басқыншылық актісіне: бір
мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттін аумағына басып кіруі немесе
соғыс жолымен басып алуы, аннексия жасауы; басқа мемлекеттін аумағын
бомбалау немесе басқа мемлекетке қарсы кез келген қару түрлерін қолдану;
басқа мемлекеттің құрлықтағы, теңіздегі немесе әуедегі күштеріне қарсы
шабуыл жасау, т.с.с. әрекеттер жатады.
Көрсетілген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да заңда
көрсетілген — басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру
әрекеттерінің біреуі іске асырылған уакыттан бастап қылмыс аяқталған деп
танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі арнаулы. Қазақстан Республикасынын жауапты мемлекеттік
қызмет атқаратын лауазымды адамдары, онын түсінігі ҚК-тін, 307-бабынын 2-
тармағында берілген. КК-тін 156-бабынын 2-тармағында осы Қылмыстың
ауырлататын түрі -басқыншылық соғысты жүргізгені үшін жауаптылық
белгіленген. Басқыншылық, соғысты жүргізу деп тұтандырылған соғыс өртін
аяғына дейін жеткізу, алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерін
жалғастыруды айтамыз.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде
шақыру (157-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру
және өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесі болып табылады. Қылмыс
объективтік жағынан басқыншылық соғыс дыруға насихат жүргізу және жария
түрде шақыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Басқыншылық соғысты
тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескі түрде болуы мүмкін. Шақыруларды
жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша, жазбаша, белгі берулер арқылы
болуы мүмкін. Ең бастысы осы шақырулар басқыншылық соғысты тұтандыруға
қызмет етуі қажет. Мұндай шақырулар жария түрде болуы шарт. Жариялылыққа —
кінәлінің үшінші бір адамның қатысқан (митингілерде, жиналыстарда,
топтасқан адамдар) алдында соғысты насихаттайтын іс-әрекеттерін жүзеге
асыруы немесе байланыс құралдары, почта арқылы соғысқа шақырулар мәтінін
жұртқа жіберу, листовкалар тарату, осындай мағынадағы үндеулерді,
плакаттарды, суреттерді көрнекті жерлерге іліп қою сияқты әрекеттер жатады.
Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады және осы баптың
диспозициясында көрсетілген іс-әрекетті — басқыншылық соғысқа жария түрде
шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттік
жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет— осы
қылмыстың ауырлататын түріне жатады (157-баптың 2-тармағы).
Бұқаралық ақпарат құралдарына — баспасөз құралдары, радио, теледидар
т.с.с. жатады. Мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға
мемлекеттің міндетін және мемлекеттік оргаңдардың өкілеттілігін тікелей
орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан
Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгіленетін
қызметтерді атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы
заңдарда белгіленген мемлекеттік қызметшілердің жоғары, бірінші және екінші
лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар жатады (КК-тің 307-
бабының түсіндірмесінің 2-тармағы).
Жаппай қырып-жою қаруын вндіру немесе тарату (158-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі және бейбіт
қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады.
Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар
бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың
басқа түрлері, химиялық, био логиялық затгар жатады. Жаппай қырып-жоятын
қаруларға – ядролық, қарулар жатады. Химиялық, қаруларға — уландыратын,
тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады.
Биологиялыққа — әртүрлі бактерин, вирус, адамдарды, жануарларды,
өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады.
Қылмыс объективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-
жою қаруының басқа да түрін өндіру, алу немесе өткізу арқылы сипатталады.
Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттері
жатады. Алуға — көрсетілген Қылмыстың заттарын кез келген тәсілмен — сатып
алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу
т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткізуге — көрсетілген заттарды тегін немесе
акы алып тарату әрекеттері жатады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген осы әрекеттердін,
біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың
субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Қылмыс субъективтік жағынан тек кана тікелей қасақаналықпен
істеледі.

2.2. СОҒЫС ҚЫЛМЫСТАРЫ
Соғыс жүргізудін тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-
бап).
Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра заңдылық күші бар халықаралық
актілер мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сәуірде Парижде
қабылданған теңіздегі соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда
Санкт-Петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдіретін қаруды қолдануды
жою жөніндегі Декларация, 1899 және 1907 жылдары Гаагада қабылданған
Декларациялар, 1949 жылы Женева (соғыс құралдарын қорғау туралы), 1954 жылы
14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мәдени құндылықтарды
қорғау турыл) және тағы басқалары.
Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормаларымен
белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін
қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан әскери тұтқындарға немесе әскери емес
тұтқындарға қатыгездікпен қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру,
басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, Қазақстан Республикасының
халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда
қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Әскери тұтқындарға соғысушы жақтың қарулы күштерінің қатарына
жататын адамдар, партизаңдар, әскери жасақтарының мүшелері, қарсыласу
козғалыстарының қатысушылары, азаматтық немесе ұлт-азаттық қозғалысының
қатысушылары, сондай-ақ қолға түскен әскери журналистер, әскери-
медициналық, әскери-заңгер қызметкерлер, интенданттық қызмет немесе
басқадай қызмет көрсететін адамдар жатады. 1949 жылғы "Соғыс тұтқындарымен
қатынас жөніндегі" Женева конвенциясына сәйкес соғыс тұтқындарына
ізгілікпен қарау белгіленген, оларға қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.
Әскери емес тұтқындарға — соғысқа қатыспаған, бірақ жау қолына түсіп
қалған бейбіт тұрғындар жатады. Женева конвенциясында бейбіт тұрғындарға
қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.
Әскери емес тұрғындарды күштеп көшіруге бейбіт тұрғындарды өздері
мекендеген жерлерден басқа жаққа зорлықпен еріксіз көшіру, қоныс аудартулар
жатады.
Басып алынған аумақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзатқа қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Қылмыс құрамы материалдық
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілігі
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Сот жүйесі (шетел)
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы
Пәндер