Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың негіздері
Жоспар:
Кіріспе
1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың негіздері
1.1 Оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай шығармашылық қабілеттерін
дамыту жолдары
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдері
2 Бастауыш сыныптағы математика пәнінен логикалық есептердің маңызы
1. Оқушылардың есеп шығару білігін қалыптастыруға даярлаудың жолдары
2. Қызықты логикалық тапсырмалар
2.3 Сабақ жоспары. Сыныптан тыс сабақ Қазақ тарихындағы өлшемдер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі: Қазіргі заман талабы әрбiр адамның сапалы
және терең бiлiмнiң, iскерлiктiң, белсендi шығармашылықпен жұмыс iстеуiн
және кеңiнен ойлауға қабiлеттi болуын талап етедi.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Бізге керегі шын дарындылар. Нарық қол-
аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын
тарланбоз жүйіріктерін қолдауға, қорғауға міндетті, деп ұрпақ болашағына
ерекше мән берген [1].
Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту Тұжырымдамасының жобасында:
Шығармашылық – бұл адамның өмір шыңында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлді
шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу,
адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануға көмектеседі... деген.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең
бастысы жағдайлар жасау қажет.
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы.
Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы
шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін
дамыту.
Мектептегi оқу процесiнiң негiзгi мақсаты – жүйелi түрде оқушылардың
интеллектiн, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен
белсендiлiгiн қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған
интуициясын әрi қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерiн,
бiлiм деңгейiн тереңдету үшiн оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз
бетiнше бiлiм алу дағдыларының дамуына негiзiн салу болып табылады.
Кеңес психологтары Л.Р.Выготский, В.В.Давыдов, Л.М.Заньков,
С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Б.М.Тепловтың және өз реапубликамыздың
ғалымдары Ж.Аймауытов, Ж.М.Әбділдин, Т. Тәжібаев Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов,
Т.С.Сабыров, В.К. Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р.Рахымбаев, М.О.Резванцева,
Қ.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Психолог Ж. Аймауытовтың пікірі бойынша: Бала мейлі жақсы, мейлі
жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған
адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді деп ой айтса, белгілі психолог
А.Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс - әрекет үстінде дамып
отырады дейтін тұжырым жасады.
Қазақстан білім беру ісін өзгерту стратегиялық міндеттердің бірі-
шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру.
Әрбір оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына математикалық
білімнің үлкен үлесі бар. Себебі математика басқа ғылымдар саласының
дамуының тірегі, қоршаған ортаны білудің басты көзі.
Олай болса оқушыларға математикалық білім негізін қалыптастырып,
меңгертуді бастауыш сыныптан бастаған жөн.
Бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі-балалардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заман
талабына сай тиімді ұйымдастыруды оқушылардың дамуын қамтамасыз етуге
бағытталған интенсивті (қарқынды) тәсілді қолдану арқылы жүзеге асыруға
болады. Оқытуды интенсивті тәсілмен ұйымдастыру оқушының оқу
бағдарламасында көрсетілген білімді игеруі мен оның ой өрісінің дамуы
арасындағы байланысты күшейтуді және танымдық дәлелдерді құру
мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Бұл жағдайда оқытуда атқаратын маңызды
міндет оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру.
Бұнда балалардың ой-өрісінің дамуы, байқау, заңдылықты табу, ойлау,
көру, есте сақтау, логикалық есептерді дұрыс шешу сияқты, оқушылардың жас
шамасына қарай түсіндіре отырып білімдерін тереңдету, іздемпаздық пен
ойлауға баули отырып, ойлау қабілеттерін дамытуды көздедім.
Сонымен оқушылардың математика пәніне қызықтыра отырып, логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту үшін 1-сыныптан бастап сыныптан тыс логикалық
есептерді шешуге оқушыларды бейімдей бастадым.
Математикалық логикалық ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеті
мен танымын кеңейтіп, дамыту мақсатында еліміздің болашағы бүгінгі мектеп
партасында отырған жас ұрпақтың ой-өрісін дамытып, білім мен ғылымға деген
құштарлығын арттыруға дағдыландару.
Осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Бастауыш сыныптағы
математика пәнінен логикалық есептердің маңызы деп таңдап алдым. Курстық
жұмыста деңгейлік дамыта оқыту технологияны пайдалануға негіздедім. Әр
есептер қарапайымнан күрделі есептерді шығаруға құрылған. Математикадан
сыныптан тыс жұмыстар деп қатысуға еріктілік принципіне негізделген,
мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысын тереңдететін, сондай-ақ
оқушылардың математикалық оқу-тәрбие дәрежесін арттыратын сабақтан тыс
уақытта жүргізілетін жұмыстар.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогтардың,
психологтардың, этнопедагогтардың, этнопсихологтардың еңбектері, Қазақстан
республикасының ресми құжаттары, Білім және ғылым министрлігінің нормативті
құжаттары, т.б.
Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушының талап
тілегін қызықтыратын мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік табады.
Математикадан үлгірмеудің бір себебі - оқушылардың пәнге аз
қызығатындығы.Әрине сабаққа деген қызығуды мұғалім оны жүргізу үстінде
тудырса, ал жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бұны одан әрі
дамытуға себепші болады.

1.1 Оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай шығармашылық
қабілеттерін дамыту жолдары

бағытталған интенсивті (қарқынды) тәсілді қолдануарқылы жүзеге асыруға

Математикалық логикалық ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеті мен
танымын кеңейтіп, дамыту мақсатында еліміздің болашағы бүгінгі мектеп

Әр баланың бойында табиғат берер шығармашылық қабілеттері болады.
Бұлақ көрсең көзін аш - дегендей, осындай баланың бойындағы шығармашылық
қасиетін дамыту көбіне педагог-психологтың кәсіби біліктілігіне байланысты
екендігі айдан анық. Жаңа субъект-субъект оқыту пародигмасымен жұмыс
жасау, әр баланың бойындағы шығармашылық қасиеттерін анықтап дамыту басты
міндеттердің бірі.
Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең дипазонды: ақыл-ой
қалыстығынан бастап, жоғарғы дәрежедегі таланттылық жалпы дарындылыққа
дейінгіні қамтиды. Сондықтан барлық оқушыны бір нұсқалы бағдарламамен
оқытар болсақ, оқушылардың қабілеттерінің дамуына нұқсан келтірген болар
едік.
Соңғы жылдардың ғылыми зерттеулері С.Л.Рубинштейн, Я.А.Понамарев,
Б.М.Кедров А.Н.Брушинский т.б. ғалымдардың еңбегінде шығармашылыққа бейім
оқушылардан маман дайындау мәселесін әуелі бастан оқушының қабілеттілігіне,
бейімділігіне қарай таңдап алып оқытуды ұсынды. Өкінішке орай, кейбір
жағдайда шығармашыл оқушылардың шығармашылық қабілеттері анықталмай қалады.
Бұған отбасы, мектепке дейінгі ұйым, мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп,
колледж, шығармашылықтың мектептен тыс мекемелері, жоғарғы оқу орындары,
өндіріс орындары сияқты тізбектеле жүріп жатқан сияқты шығармашылық даму да
осы тізбек сияқты жалғасын тауып отыруы керек. Осы айтқандарды ескере
отырып, психология және педагогика, әлеуметтану ғылымдарының жетістіктері
мен заңдылықтарына шығармашыл оқушылармен жұмысты жүйелі түрде жүргізу
абзал.
Ол үшін оқушыларда қандай шығармашылық қабілеттің түрі басым екенін
анықтап алып, қабілеттерін әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жетілдіріп отыру
керек.
Жалпы оқушылардың шығармашылық қабілет түрлері бірнеше бағытта дамып
жетіледі.
Шығармашылық қабілеттің тұқымы кез келген адамда, кез келген сәбиде
болады. Шығармашылық қабілетті барлық кезден бастап дамыту қажет.
Шығармашылық қабілетті жоғары деңгейін қалыптастыру үшін мынадай
шараларды орындау қажет.
- шығармашылықтың белгілі бір түріне деген қабілетті дер кезінде анықтап,
оның қалыптасуы мен әрі қарай дамуына жағдай жасау;
- әрбір шығармашыл тұлғаға ыңғайлы жағдай жасау ( жеке оқу бағдарламалары
мен оқу жоспарлары, жеке құрал-жабдықтар т.б.)
- оқушылар арасындағы қарым-қатынастардың және ұжымдағы жұмыстарының жаңа
түрлерін ұйымдастыру жас шамасы әр түрлі оқушылардың шығармашылық
ұжымдары, оқушы жастардың ғылыми зерттеу орталықтары т.б.)
Сыртқы факторлардың бірі – оқыту және тәрбиелеу жүйесі. Шығармашылық
әрекет оқушының ақыл-ойын, талантын, жалпы өзін дамытатын болса, онда
даму терминінің мәнін түсіну қажеті туады.
Даму сөзінің психологиялық анықтамасы жаңару процесіжаңаның өмірге
келіп, ескінің жоғалуы деген ұғымды береді.
Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отырады. Даму процесін.е үш
түрлі күш пен үш түрлі фактор - биологиялық, әлеуметтік, белсенділік
факторлары әсер етеді.
Бала қабілетінің даму мәселесі ерте кезден бастау алады.Бүкіл
халықтың ұстазы Абай Құнанбаев 43 қара сөзінде бала өмірге келгендегі
қабілеттерін әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін сонда ғана олар
пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара -бара
жойылып, жоқ болатынын айтқан.
Бар өмірін ағарту, тәлім-тәрбиеге арқау еткен ұстаз Ыбырай Алтынсарин
арнайы психологиялық еңбектер жазып қалдырмағанымен, шығармаларында,
хаттарында педагогикалық-психологиялық кейбір мәселеге орайлас айтылған әр
түрлі қызықты деректер кездеседі. Мысалы, Бақша ағаштары әңгімесінде
әкеніңбалаға айтқан ақылы адамның тағдыры туысынан белгіленбейтіндігі,
адамдық қасиеттердің, қабілеттердің қалыптасатын жері - өмір талқысы,
әрекет ету екенін ескертеді.
М.Жұмабаев педагогика оқулығында баланың даму мәселелерін көрсетті.Ол
үшін оның танымын, ақылын, зейінін, еркін қалыптастыру керек екендігін
жазады.
А.В.Петровский Қабілет білім алуға қажетті адамның психологиялық
ерекшеліктері деген тұжырым жасады. Белгілі психолог Т,Тәжібаев: Қабілет
– іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауға көрінетін
адамның жеке қасиеті. [18,232б.]
Баланың шығармашылық, ізденгіштік қабілеттерін өте ерте кезден бастап
қолға алуды қажет етеді. Мысалы, тіл үйрету үшін біз баланың туған сәтінен
бастап сөйлесе бастаймыз. Ал, музыканттар отбасында үнемі музыка тыңдап
өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте кезден ашылады.
Бала үнемі жүйелі, тұрақты түрде ұйымдастырылған шығармашылық әрекет
жағдайында болуы керек. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-
қатынастар шығармашылық қабілетті дамытуға тиімді әсер етеді.
Шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінен ең жоғары деңгейіне
жету керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы керек.
Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді.
Ең негізгі шарт - бала әрекетінің әр түрімен айналысуға, тыңдауына
деген қызығушылығы қанша уақыт айналысам десе де, өз еркімен болуы шарт.
Бірақ, еркіндік ойға не келсе, соны істеуге, ал, қамқорлық, көмек бала үшін
жұмыс істеуге айналмауы керек.
Балаға елеусіз боса да, өз күшімен, өз ойымен қиындықты жеңе отырып,
жаңалық ашуға жағдайжасау – бүгінгі мектеп алдындағы ең басты мәселе
болуы шарт.
Мектеп – қоғамның әлеуметтік институты. Сондықтанқай заманда, қай
қоғамда болсын мектептегі білім – тәрбие берудің мақсатын, ең алдымен осы
қоғамның мүддесінен туындайтын әлеуметтік сұранысты анықтайды.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуды бастауыш сыныптан бастаған
жөн. Себебі бұл кезең оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуы мен дамуы шынайы
жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Осыған байланысты эмоциялық,
іскерлік, коммуникативтік және интеллектуалдық жағынан оқушы айналадағы
дүниемен (табиғатпен, басқа адамдармен, қоршаған ортамен) өзара белсенді
әрекеттік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып
табылады.
Оқушылардың жалпы және психикалық дамуынан бұл сияқты жеткілікті
деңгейіне қол жеткізу ұшін бастауыш сатыдағы білім берудің мақсаты ең
алдымен оқушы дамуы мен тәрбиесіне беріледі, білім, білік дағдысы осыған
қызмет етеді.
Сондықтан білім берудің басты міндеттері:
• оқушының өзін қоршаған өмір сүретін жаңа табиғи және әлеуметтік ортаға
үйренуін, онда жаңа әлеуметтік мәртебе – оқушы мәртебесінің
қалыптасуын;
• оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде
меңгеруін;
• айналадағы дүниеге дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық,
этикалық, адамгершілік нормаларын меңгеруін;
• білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір
деңгейдегі эрудицияның болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларынң шығармашылық қызығушылығын дамытудың
негізгі факторлары олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес,
сонымен бірге баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысы
тәсілдерінқалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою болып
табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық
әрекеттері арқылы дамиды. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік -зерттеушілік
әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған
дейінгі білетін амалдарының тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз
екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек.
Сонда ғана баланың білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға
әрекеттенеді. Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге
асады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеті екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейін
жинақталған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды,
білім, білік дағдыларын қабылдайды.
Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы
өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен, шығармашылық әрекеттің
айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге
асыруғабағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы жаңаша, өзгеше
шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көздеген әртүрлі мақсатты
шешеді. Мысалы, оқу әрекетіне белгілі бір дағдыны қалыптастыратын, белгілі
бір ережені меңгеретін жаттығулар орныдалса, шығармашылық әрекетте оқушының
іздену жұмысы басты нысанда болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы
қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге
жеткізетін қабілеттерін дамытады.
А.Н. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көргендікке,
қырағылыққа, балайды; ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай
білуқабілеті, идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеті деп атайды.
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен
бірге, табиғатқоршағвн дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту көзделеді. Оқу-тәрбие жұмыстарына
жаңа технологияларды еңгізе отырып, оқу үрдісін демократияландыру,
ізгілендіру, субъекті қатынасын қалыптастыру, сабақтағы оқушының
шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы
оқушылардың даралықинтеллектуалдық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және
дамыту қажет.
Шығармашылық қабілетердің белгілері ретінде:
- мәселені қарастыруда қырағылық, көрегендікті;
- ақылдың икемді, ойдың орамдығы;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Адам әрекеті шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың бодуы, әлеуметтік
және жеке адамға деген мәнінің болуы, шығармашылыққа арналған шарттардың,
жағдайлардың болуы, шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы,
нәтиженің жаңадығы арқылы жүзеге асады.
Бұдан шығармашылық қайшылықтарды шешуге бағытталған, жеке
қасиеттердің болуын талап ететін нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні
бар соңы жаңалыққа әкелетін әрекет болып табылады. Интеллектуалдық,
әртістік, көркемдік, техникалық қабілеттер белгілі бір салада жаңалық
ашуға, жаңа тың нәрселер жасауға ұмтылу арқылы жетіле түседі. Алайда, бір
нәрсені қайталауды, немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды.
Бірақ, бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік
табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән
құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке оқушының проблеманы көре білуі,
өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа
идеялар алуы жатады.
Оқушы шығармашылығының негізгі сипаты оқушының танымдық белсенділігін
оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына бауырмалдық пен жолдастыққа,
адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің
сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуғаөзгелердің ісінен
үйренуге, саналылыққа, танымдық, әлеуметтік ұстанымның қалыптасуына, өз
ортасының пікірінің маңызы ерекше.
Мұндай кезеңдерде оқушының ұжымдық ой-пікірлері қалыптасып,
сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді, ортақ іске
өз үлесін қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді.
Сондай-ақ, оқушының өз жұмысы да талқыланып отырады, мысалы, шығарма,
мазмұндама, реферат, бақылау, баяндама т.б. жұмыстары. Сайыстар
ұйымдастырылып, оқушылардың жарысу серпінін туғызады. Ортақ мақсаттарының
болу есебінен ұжымдық шешім шығаруды үйренеді, болжамдар жасайды,
тәжірибелер жүргізеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері тәжірибелік әрекеттер
ізденпаздығы арқылы дамиды. Оқушы қай пәнді қызықтап оқиды, сол пәнге деген
бейімділігін жетілдіре түскен жөн.
Оқушылардың шығармашылықтарын дамыту интеллектуалдық аспекті ғана
емес, оның психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған
жігерілік, жаңа жағдайларға бейімделуге деген икемділік, қажырлылық пен
табандылық, тәуесіздік пен адамгершілік сезімі ынтымақтастық, қажырлы
еңбекке қабілеттілік, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты
іздеудегі және қарым-қатынас барысындағы адалдық жатады.
Қабілеттілік бірнеше жақта қарастырылады: музыкалық қабілеттілік,
әртістік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, техникалық қабілеттілік.
ұйымдастырушылық қабілеттілік, спортқа деген қабілеттілік, интеллектуалдық
қабілеттілік, әдебиетке қабілеттілік т.б.
Интеллектуалды қабілетті адам. Талдамалық ақыл-ойы бар, байымдауы
тәуелсіз пікірі соны, өзіндік ерекшелігімен сипатталады,
теориялық,эстетикалық құндылығы көбірек. Интеллектуалдық шығармашылық
міндеттерді шешуге бейім, ғылыми тұрғыдағы мамандықты таңдайды.
Интеллектуалдық құрылымы үйлесімді: ауызша емес қабілеті бірдей дамыған.
Белсенді, ал қызметте қарым-қатынасқа жоқ, әңгімеде ақпарат тасмалдаушы
деуге болады, қызметтің мына түрлерін ұнатады: математика, география,
геология, шығармашылық тұлға.
1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдері
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан
кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын
ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды қолдау және олардың
шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу бүгінгі күн талабы. Қазіргі кезде оқу
жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқушыларға дайын
ақпаратты жеткізіп беруге негізделегн әдістемелер орын алып келеді. Мұндай
әдістемелер арқылы оқушылар есте сақтау, қайталап айту ғана қабілеттерін
дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрыңғы сабақтарда
дайын күйінде берілген материалда қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны
ғана бағалайды.
Осы негізде оқушының шығармашылық қабілеттері ескерілмей қалады.
Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті
дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін дамыта отырып оқыту әдістерін
қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындап отыр. анағұрлым
жоғары.
Шығармашыл оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал, мақсатқа
жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Шығармашыл оқушымен жұмыс жүйелі жүргізілуі маңызды орын алады.
Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана
жақсы маманға байланысты.
Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет
бұрысы. Оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі
[17,5] Сондықтан да, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің
келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескере отырып,
оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларда соған сәйкес
келетін қабілеттерді дамыту әр психологтың, педагогтың міндеті болмақ.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде
И.П.Волков оқушылардың жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдермен қатар,
олардың осы нәтиже алуы жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін
таңдай алуына, тақырыптарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын
айтады.
Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам
талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму
деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты.
Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды.
И.Д. Левитовтың пікірінше оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-
әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық
бейімділіктерін, қабілеттерін тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын жүйке жүйесінің
мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратынын, бірақ, оқушының дамуы үшін ең
қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре
отырып, бала қабілетінінң дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып
қалуға асығу керек екендігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас
еркешеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі
арқылы көрінеді.
Кеңестік психологтар бірауыздан ақыл есі дұрыс, дені сау баланың оқуға
қабілеті орта білім алу мүмкіндігі бар деген көзқарасты қуаттайды. Бұл
жөнінде В.А.Крутецкий: Мектеп курсында оқылатын пәндердің бірден-бір
тарауының бала үшін қолайсыз екенін кездестірген емеспін деп жазса,
академик А.Н.Калмогоров: Математиканы меңгеру үшін баланың айрықша
қабілеті болуы керек деген ұғымдар артық айтылады... деген тұжырым жасады.
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін маман өзінің алдына
мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоя білуі керек:
1. Шығармашыл оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы
мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру:
3 .Коммуникативті бейімдеу;
4. Оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға
өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Оқушылардың шығармашылығын, ізденпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс
және ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен
ғылыми – шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік
сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен
ұсыныстарын ескеру қажет.
Оқушылардың танымдық ізденпаздығы мен белсенділіктерін шығармашылық
бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдаоану – олардың танымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік
олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі
шығармашылық кештер, оқушылардың ізденіс қабілеттерін ұштап, дербес оң
нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Оқу үрдісінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес,
оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу
керк. Оқу процесіндегі негізгі мәселе - оқушының белсенді іс-әрекеті және
ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым
үйлесімді кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың
белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды
түрде көрінеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлау мен
шығармашылық тұрғыда жұмыс жасауын дамытуда логикалық тапсырмалар
орындатудың маңызы зор.
Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше
жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ, оқушыларды икемділікке, шеберлікке
дағдыландырады.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту үш бағытта жүзеге асырылады:
- Қызығушылығын арттыру;
- Ойлау және қабылдау қабілеттерін дамыту;
- Шығармашылық ізденуін дамыту;
Д.Х.Айтахунова Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру мақсатында дәріс моделін құрастырып көрсеткен.
- Машық, сергіту.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің негізі болатын психикалық
механизмдерін дамыту (ес, зейңн, қабылдау, ойлау)
- Іздену тапсырмаларын орындау.
- Оқушыларға белгілі түсініктен жаңалықты көруге тәрбиелеу мақсатында
шығармашылық тапсырмаларын орындату.
Мұнда бірінші кезеңде репрадуктивті тапсырмалар беріледі. Оқушы әрбір
сауалды өте ұқыптылықпен тыңдап, анық және жылдам жауап беруі қажет.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника жылдан –жылға кеңөріс алып, жедел
қарқынмен дамуы мектепке де өз әсерін тигізуде. Осы негізде оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа ақпараттық техноллогияны пайдалану
бүгінгі күн талабы.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері компьютердің және компьютерлік
ойындарды падалану арқылы дамыта аламыз. Бұған психологтардың,
педагогтардың зерттеулері негізінде компьютерлік ойындарға деген ынталары,
қызығушылықтары, сондай-ақ, компьютерлік техникалардың орасан зор
мүмкіндіктері мен дамытушы компьютерлік ойындардың маңызы зор.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғар, сезімтал, ештеңені жасырмай,
нені болса да, ашық еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалімнің ырқына тез
көнгіш және үлкендердің көмегіне көп сүйенеді. Сондықтан бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылықтарының дамуына үлкендер көп еңбектенулері керек.
Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетілдіруде тіл сабағында сан алуан
әдістерді қолданып отыру керек. Педагог үнемі өзі шығармашылық қабілетті
дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балар өздері де ізденіске түседі.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау барысында мынадай
жұмыстар жүзеге асырылып, отыру керек:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу,
орындау, талдау жұмыстарынң талдау жұмыстарын жүйелі жүргізідуіне;
2. Оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану
көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада,
ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық
байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Білім беру мекемелерінде шығармашыл оқушылар үшін арнайы сыныптар
мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;
Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы
оқушының шығармашылық сферасын анықтайды. Оқушының шығармашылыған
анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке
құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттейді,баланың сабақтағы,
сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр
түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін
анықтайды,психо-педагогикалық диагностика жүргізеді.
Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен
оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен
психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік
суырылып Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған дарынды оқушыларымыз
жеткілікті.
Оқушы шығармашылығын дамыту – білімдік үрдіс субъектілерінің және
білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы. Сөзім дәйекті болу
үшін жоғарыда көрсетілген критерилерді өз іс – тәжірибемде қалай, қандай
жолдармен іске асыратыныма тоқталайық. Оқушылардың шығармашылық әректі мен
танымдық қабілеттерін арттыруда шығармалардың орны ерекше. Мәтіндерді оқу,
талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне,
әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы,
көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс. Бл жерде
жеке сөздерді жаттап қою не мәтінді аудару емес, өз бетімен, дербес жұмыс
жасай, ойлай білу, білімін толықтыру, белсенді болу, деңгейлік тапсырмалар
орындау.
4 сынып оқушыларына арнайы жоспар бойынша тапсырмалар беру арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып отырдық.
(2-қосымша). Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ойлау қабілеттерін
дамытуда өзіндік жұмыстар арқылы берілетін тапсырмалар пәндік білім, білік,
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Мұндай тапсырмалар негізінен сөйлеу
мен тыңдап түсінуге бағытталды. Мұнда көрнекі образдық ойлау, логикалық
ойлау қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар, мен ойындар, тестер жиі
қолданылып отырды.
Репродуктивті жаттығулар күрделі тапсырмаларды орындау білігін
қалыптастыру жолындағы қажетті кезең болып табылса, сөздікпен жұмыс жеке
сөзбен тыңғылықты жұмыс жүргізу, сөз тіркесін ойлап табу, олардың мағынасын
түсініп, сөйлем құрау сөйлем ішінен сөз тіркесін айыра білу, жиі кездесетін
грамматикалық формалар арқылы сөз тіркестерін құрау жаттығулары орындау
арқылы оқушыға сөздің мағынасын жан жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға
мүмкіндік береді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сабақтан тыс қосымша
жұмыс түрлерін ұйымдастырып отыру оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
шыңдай түсерін өз іс-тәжірибемізден байқадық. Мұнда балаларлдың өз
қызығушылықтарына қарай шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар өз
қабілеттеріне қарай шығармашылық деңгейлерін шыңдай түсті.
В.Л. Сухомлинский: Ойын кезінде балалар алдынан бүкіл дүние сыр
шертіп, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Онсыз - ой-қабілет жоқ
және дамымайды. Ойын – бұл мөлдір үлкен әйнек іспеттес, сол арқылы баланың
рухани дүниесіне айналадағы өмір туралы түсінік пен болашақтың елес ағымы
келіп құйылады. Ойын – бұл білімқұмарлық пен ақыл ұшқырлығының жағар шоғы,-
деп жазған болатын. Және ...баланың рухани өмірі - ол ертегі, ойын,
музыка, қиял, шығармашылық әлемінде өмір сүрсе ғана - толық мәнді болмақ,-
деп ой түйеді.
Сонымен қатар, жылдан-жылға мектеп жасындағы балалар ойнайтын ойын
ролінің маңыздылығы төмендетіп, көбінде оқуға көңіл бөлінеді. Оның бір
себебі – оқушы ойын теориясының әзірлемелеріне жеткілікті қарамағандықтан.
Педагогтық ойын позициясының үлгісі А.М. Макаренко: Мен ойынды тәрбиенің
ең маңызды жолы деп есептеймін. Іскерлік ойындар мен өте жауапкершілікті
ойындар бала ұжымының өмірінде зор орын алуы керек. Педагогтар, сіздер
ойнай білуге міндеттісіздер, - деген болатын.
Біз кішкентай күнімізде қандай ойын ойнап, оның маңызына мән
бермедік. Неге біз ылғи құммен, қуыршақпен, шыбықты ат қылып мінумен т.б.
ойнаумен балалық шағымызды ассоциялаймыз? Мұның себебі, бұл біздің
психологиялық тұрақтылығымыздың, жан-жақты өсіп жетілуіміздің себебі
болған.
Ойын мәніндегі бастысы - нәтижесі емес, оның процесі, ойын әрекетімен
пайда болған күйзелу, қуану процесі. Дегенмен де жеңілген баланың жағдайы
қиялдағы, ал оның күйзелісі – нақты. Ойында кішкентай баладан байыпты адам
жоқ. Ойнап жүріп олар тек күліп қана қоймайды, сонымен қатар өте күйзеліп,
тіпті кейде уайымдайды.
Былай айтқанда, бала үшін ойын әрекеті өз мазмұны жағынан онша
болмаса, бала ойынға кірмеуі, ойынды қабылдамауы мүмкін, тек механикалы
қимылдап, ештеңе сезінбейді. Сондықтан адамды зорлап, оның еркінен тыс,
шығармашылық процеске еңдіруге болмайды.
Ойын әрекеті — бала өмірінінің аса маңызды жағы. Балалар ойынының
дамуы мен бала өміріндегі маңызы ерте заманнан бастап зерттеліп келеді.
Бұған толып жатқан археологиялық тарихи қазбалар, тарихи материалдар,
халықтың дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі істері куә бола алады.
Қазіргі кезде ойын терапиясының әдістерін белсенді дамыту үшін оған деген
қызығушылық пайда болды.
Ойын - оқушымен дұрыс қарым-қатынас жасайтын, оның ес ерекшелігін
дамытатын құрал болып табылады. Ойын объектілерді бақылауға жол беретін,
психологиялық белсенділіктің әрекеттік формасы. Сонымен бірге, ойын
коммуникативтік дағдыларды дамытуға себеп болып, психотерапевтік
қатынастарды құру үшін негіз ретінде қарастырылуы мумкін.
Э.Эриксон ойынды санасыздықты зерделеудің маңызды құралы ретінде
қарастырған. Оның ойынша, ойын кезінде қиял белсендіріліп, естің
цензурасы кемиді. Ол ойын кезінде баламен кешкен психикалық жара мен оның
бойындағы ішкіпсихикалық конфликт ойында сыртқа шығып, көрінеді деп сенеді.
Ойында өте бай диагностикалық мүмкіндіктер бар. Сондықтан да мектеп
қабырғасында да бала ойын ойнап, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға үлкен
әсер ететіні сөзсіз.
Дамытушы ойындарды қолдана отыру арқылы неғұрлым мықты білім мен
біліктіліктің саналығына қол жеткізуге болады. Сондықтан біз балалармен өз
жұмысымызды дамытушы ойындарға басты мән береміз. Оқыту мен тәрбиелеуге
бағытталған ойындардың барлығы бірдей дерлік қоршаған айналаға қызмет
ететін, оған таныс, жақын, бала санасын оятатын, оның танымдық қызметін
жандандыратын дидактикалық материалдардың болуымен ерекшеленеді.
Онда айшықты әдемі дидактикалық материал, баланы қоршаған
айналадағы заттар бейнеленуі тиіс ойыншықтар, картинкалардың пайдалануы
қажет екендігіне көз жеткізілді. Мұндай ойындар баланы қызықтырады, олардың
менгерілетін материалдар қызығушылығын оятады. Дидактикалық материалды
іріктеу оқу-тәрбие жұмыстарының талаптарына сүйене отырып жүргізілді.
Оқушылардың ойынға қатысу ерекшелігі, қызығушылығы, қатысу мүмкіндігі
ескерілді. Баланы бәрінен бұрын өте айшықтылығымен, алуантүрлілігімен
тартатын дидактикалық материалдар немесе құрал-жабдықтар бар ойын қимылдары
қызықтырады. Мысалы: Берілген сөздерден бірнеше сөз тіркестерін жаса,
Кескіндерді не суреттерді есте сақта, Суретшіге көмектес т.б.
Кездейсоқтық немесе атын атау элементі бар ойындар оқушылардың
қызығушылығын тудырады, мысалы: Не өзгерді?, Санақ бойынша қайсысы?,
Сиқырлы таяқша көрсет!, Бұл туралы қалай айтуға болады? және т.б.
Сонымен бірге, балаларды ойынның нәтижесі қызықтырады. Басында оларды жеке
жеңіске жетсем, жеңімпаз болсам деген үміт жетелейді. Кейін қызығушылық
арта түседі, бала өзінің жеке табысымен жеңілістерін ғана емес, өзінің
жолдастарының, өз командасының, тобының жеңіс, жеңілістерін електен
өткізеді. Мысалы: ойындар Кім жылдам?, Кім көп сөзді айтып береді?,
Кім тез сөз жұмбақты шешеді?.
Ойындарды іріктегенде шешімі қиын ойындар дан кейін тапсырмасы одан
жеңілдеу болғанын ескерген дұрыс.
Іріктеу кезінде баланың өзіндік жеке дара қасиетін тәрбиелейтін
ойындарға көп көңіл бөлінді.
Дамытатын ойындарды ұйымдастыру арқылы осы қызмет түрін меңгеру
процесінде өзіндік жеке дара қасиет мектеп жасында қалыптасатыны белгілі.
Баланың өзіндік жеке дара қасиет деңгейін анықтау мақсатында оларға
логикалық ойлауды, зейінділікті талап ететін тапсырмалар ұсынуға болады.
Тапсырма нәтижесінің талдауы бала дамуының үш деңгейін анықтап берді.
Бірінші – төмен деңгейге осы қимыл әрекетке тұрақсыз қызығушылығы бар
оқушылар. Тапсырманы олар берілген сұрақтар көмегімен белгілі бір бөлігін
ғана орындау арқылы, үлкендердің айтуымен, үгінің көмегімен іске асырады.
Екінші - орта деңгейге осы қызметке ден қойған және қызығушылық
танытқан оқушылар жатқызылды. Тапсырманы дұрыс орындайды, үлкендердің
көмегіне сүйенбегенмен берілген сұрақтар арқылы атқарды. Инициатива мен
шығармашылық көп байқала бермейді.
Үшінші – жоғары деңгейде осы қимыл әрекетке ден қойып, қызығушылық
танытқан балалар жатқызылды. Тапсырманы олар өздері орындады, ешкімнің
айтуынсыз, инициатива мен шығармашылық танытады.
Бұдан арғы жұмыс мақсаты өзіндік танымдық – ойындық қызметті
қалыптастыратын мәліметтерді алу негізіне құрылды. Оның мазмұны түрлі
дамытатын ойындардан тұрады. Ойындағы тапсырма біртіндеп күрделене берді,
жұмыс барысында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz