СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ 3

1 СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ
-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны 6
1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -оқушыларды жан - жақты
қалыптастырудың формасы ретінде 12

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРҒА СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 19
2.1 Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері 19
2.2 Эстетикалық қабылдау процесі 21
2.3 Эстетикалық талғам, көзқарас 26

3 СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
28
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
33

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы
мектеп оқушыларының рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты
дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім
жетіліруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді
шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бірқатар ілгері жұмыстар
қарастырылып, олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние
жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және
өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетеді. Осындай күрделі
мақсаттың жүзеге асуы білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету
жағдайына байланыстылығын да көрсетті. Республикада бұл міндеттердің
шешу жолы білім берудің қосымша дамыту бағдарламаларында айқындалады.
Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі
– ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың тәлім
-тәрбиелік мұрасы- мәдениеттің құнды бөлігі немесе қазақ халқының
педагогикалық ой -пікірлерін бүкіл оқу тәрбие жүйесінің тірегіне
айналдыруды көздейді.
Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана
тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да
тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз
етуде соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған
және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие
жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде
оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете
алады.
Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру
мәселелерін әртүрлі бағыттарда қалыптастырып, дамытуды ғалым – педагог-
психологтар өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, сыныптан тыс жұмыстардың
қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер ( Н.К.Беспятова, А.Т. Малый, Л.П.
Матковская, М.Б. Коваль , Б.И.Каюмов, Ф.А. Фрадкин, В.А. Капранова).
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқаруды жетілдіру (Грекова О)
- Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қоғамдық саяси
белсенділігін дамыту (И.Н. Цымбалюк , Л.Ю. Садыкова , Н.А. Антыгина ,
В.Н. Лыков , В.Н. Дармодехина , Н.Д. Зверьева , М. Куранов,
Н.И.Меняева);
- Сыныптан тыс жұмыстардағы еңбек тәрбиесі (Ю.Г.Памория , А.И.
Ковалева , Л.И. Каучукова , Н.А. Запорожец, М.А Углицкая);
- Сыныптан тыс жұмыстардағы адамгершілік тәрбиесі (Л.А. Оралова ,
Қ.Т. Әтемова , И.К. Тен , Н.И.Минибаева, Ж . Сәдірмекова);
- Мектептен тыс мекемелер мен әлеуметтік тәрбие мекемелері
арасындағы өзара ықпалдасудың (П.Д. Георгиева , Г.И. Миячива, С.А.
Михайлович, Р.П.Виркус педагогикалық проблемалары олардың кйбір шетелдік
тәжірибелері зерттелген бағыт;
- атеистік тәрбие проблемалары (А.И Пак) эстетикалық тәрбие
А.С.Каргин , Л.И. Шахова ), экологиялық тәрбие (Ш.Арзымбетова );
- Өз бетінше білім жетілдіру мен әуесқойлық тәрбиесі (Л.Ф.Каразян ,
В.В. Политова , Л.Г.Садықова)
Сыныптан тыс жұмыстар тарихына қатысты мәселелер Н.И. Қойшыбаева,
К.Ж. Қожахметова, И.А. Әділханов., Г.И. Мұханова және т.б. еңбектерінен
орын алады.
Эстетикалық тәрбие – бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй – сезімдік
және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту.
Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы
барысында іске асады әрі құндылық мәнін иелейді. Эстетикалық тәрбие өз
ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын
болмыстың әсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие
жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар.түрлерін қамтиды.
Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен
қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын дамыту;
көркем өнер, рухани және дене шынықтыру мәдениеті саласында шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие тұлғаның әсемдікті тануға орайласқан санасын
(білімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен
көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау эстетикалық қатынастарын және
олардың әрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен ісәрекеттеріндегі
(қабылдауында, бағалауында, шығармашылык қызметтестік пен өзіндік
жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға
бағытталған.
Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық
тәрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз
дамыту; оқушылардың ән-күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты
тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту,
т.с.с.
Қазақстандағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мәселесін тереңдете
қарастыруда және оны қажетті деректермен байытуда Қазақстандағы мәдени
ағарту жұмыстары мен мәдени құрылыстарына байланысты белгілі бір
жекелеген тарихи кезеңдерге арналған тарихшылардың ( С.Б. Байшиев ,
Р.Б. Сүлейменова , Х.Бейсенов , М. Абдукадирова, В.Г.Макаров ,Б.А.
Амантаева , Е.Ш. Қуандықов , А.Ғ. Ибраева және т.б.) еңбектерінің маңызы
зор. Тәрбие теориясы мәселелеріне еңбек жазған Қазақстандық ғалымдардың
еңбектері де сыныптан тыс жұмыстары мәселелеріне теориялық –
әдіснамалық тұрғыдан зерттеуге (С.А. Ұзақбаева., М. Х. Балтабаев., К.К.
Жанпейсова., Л. Керимов., Б.Ы. Мұқанова., Г.К. Нурғалиева т.б.) үлкен
септік жасайды. Сондай - ақ сыныптан тыс жағдайды тәрбие түрлерінің
әрбір дара саласына жүргізілген Қазақстандық ғалымдардың (А.Ф.Дайкер ,
А.И.Бабаков , Ш.А.Әділханов , С. Ешимханов , З.У. Кенесарина,
К.Ж.Бұзаубақова , М.Р.Көпжасарова ) еңбектерінде де тұжырымдар
кездеседі. Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін оқушылардың ұлттық
тәрбиесін дамытуда көркем шығармаларды (Е.А. Серегина), музыка өнерін
(В.Г. Кезин ), халық білімдерін (Н.Ш. Блягоз), халықтың дәстүрлерін
(Ю.Ф. Виноградов., Т.Д. Замбалова ) халық педагогикасын (Н.С. Иванова,
З.А. Хусаинов., С.Н. Черябкина., Б.Х. Қойбағарова., А.Б. Айтжанова және
т.б.) пайдалану мәселелері қарастырылған еңбектер де жоқ емес. Сонымен,
оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында орнатылған ғылыми зерттеулерге
жасалған талдау сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беру
мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. Бүгінгі
таңда оқушылардың ұлттық тәрбиесін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудың
қажеттілігі мен мектепте, мектептен тыс ұйымдардың ұлттық тәлім тәрбие
берудегі қызметінің жан жақты жүзеге асырылмауы және мектепте сыныптан
тыс жұмыстарда оқушыларға арналған ғылыми негізделген әдістеменің
тапшылығы арасындағы қарама -қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы
байқалады. Бұл қайшылықтардың шешімін табу зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын “Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру жолдары” деп
таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларына
тәрбие берудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу нысаны: мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып
оқушыларын тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні: мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып
оқушыларының ұлттық тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
– Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми
теориялық мәнін негіздеу.
– Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін
айқындау;
– Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс тәсілдерін
анықтау және оны эксперимент – тәжірибе жүзінде тексеру.
Курстық жұмысының құрылымы. Қурстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны

Бүгінгі таңда ұлттық мәдениет әдебиетінің, тілдің, әдет – ғұрып,
дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне
байланысты.
Тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының
президенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек
өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс”. Оның осындай тұжырымға
тоқталуына ұлттық әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі.
Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін
басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ
өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде
жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы
тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі
керек.
Блұ болса, кәсіби шеберлікпен ұйымдастырылатын мектептің тәрбие
жүйесі арқылы жүзеге асады. Мектептің сыныптан тыс тәрбие жүйесі сол
мектептің өзіндік ерекшелігі негізінде жасалған тәрбие тұжырымдамасы
бойынша айқындалады.
Жеке тұлғаның қалыптастып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге
мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс
жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте
сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын
қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен
ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін
тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы
ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден,
оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара
қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу
баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның
адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті
практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда
әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға
деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке
деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан
болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете
алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса,
соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл
өте өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар
ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық
пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға,
өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс
әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық
пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада
байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді.
Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас
тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара
міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар "бірі
бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбис жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа
қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен
әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл,
бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуте
мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады.
Бұған қосымша, оған шығармашылық белсенділікті талап етеді.

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау
мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке
дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да
бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады.
Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды,
балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін
бағалауда оларда шиеленіскен жағдайды болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай
қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және
жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең
көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. Сыныптан тыс
тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің
қызметіне ерекше сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол
сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі
іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының
білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен
дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-
құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін
т.б. үйретеді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол
белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін,
оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың
жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады.
Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка
қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған
жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.

Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның
мақсатын нақты анықтау кажет. Мысалы мұғалім "қонаққа барған жағдайда
қандай мінез-құлық ережелерін сақтау" қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме
өткізуді жоспарлады делік Ол үшін оның мақсатына баланың "мінез-құлық
ережесі" туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының
білімділік қызметін аткарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі
бір мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормалары
сақтауға үйрету; "мінез-кұлық нормалары" деген этикалық ұғымды
қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын "мінез-құлық
нормаларына" қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған
міндетердің түрі белгілейді.

Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау
жұмыстары оның мазмұны мен формасы таңдауға ықпал етеді.

Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам
баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда
өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым қатынаста, моралдық бейнесінде
бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай
сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.
– Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне,
әсерленуіне назар аударуды міндеттейді ( сезімі арқылы ақыл ойына
әсер етуді көздейді);
– Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі
іскерлік пен дағдысын жетілдіруді) көздейді;
– Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие
жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;
– Төртіншіден, коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда
өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару
т.с.с.);
– Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру;
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігін анықтауда Н.К. Крупская
еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі жағдайда
әрине, түзетуді кажет ететін тәрбиенің жалпы принииптері басшылыққа
алынады. Тәрбиенің даму теориясының диалектикасы мынадай, ол балаларды
тәрбиелеу мен мектеп тәжірибесі негізінде пайда болып, ол өзінің объектісі
-тәрбиемен, оның барлық қазіргі әр түрлілігімен жүруі керек, тәрбиелеу
мәселелерін кең ұғымда қамту, бір жағынан, бірнеше жаңа ғылыми-
педагогикалық бағыттардың пайда болуына және ғылыми синтезге алып келу,
екінші жағынан кең педагогикалық теорияның құрылуы қажет . Қоғамдық іс-
әрекет ретінде пайда болған мектептен тыс жұмыс әрекеттің әр алуан түрінің
және педагогикалық жетекшілердің өзгеше құралдарының арқасында әлеуметтік -
педагогикалық мәртебеге ие болды.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беруде мынадай
принциптер басшылыққа алынады.
- балалардың қызығушылығына қарай ерікті бірлесуі негізінде
айналысудың жаппайлығы және көпшілікке қажеттілігі, олардың ынтасы мен
әрекеттілігінің дамуы;
- әрекеттің қоғамдық пайдалы бағыттылығы: мектептен тыс жұмыстардың әр
түрлі формасы; балалардың жас және дара ерекшеліктерінің есебі. Бұл
принциптер сыныптан тыс жұмыстар қызметінде іске асыра отырып, сыныптан
тыс жұмыстардың мынадай ерекше белгілерін сипаттайды: сыныптан тыс
жұмыстарға балалардың жаппай және ерікті қатысуы; әрекеттің белгілі
түріне қызығушылығы мен бағыттылығына қарай оқушылардың
дифференциялануы; практикалық міндеттер мен әрекеттің жақын нәтижесін
қою; қатынас пен қатысу саласының әр түрлілігі; уақытша сыныптан тыс
ұжымның құрылымы, өзін -өзі тану, өзін -өзі іске асыру және өзін -өзі
жетілдіру негізінде ересектер мен балалардың субъективті -объективті
қарым -қатынасы, біздің қоғамымыздың әр түрлі мамандығы мен саласының
өкілдерін, педагог мамандарын байланыстыратын ерекше педагогикалық ұжым,
сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік бағыттылығы, дара және ұжымдық
шығармашылықтың бірлігі.
Сыныптан тыс жұмыстарда педагогтар белгілі бір әлеуметтік
мәдениетте балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту ісін жасаса,
әрі тәрбиеші ролінде өздерінің дүниетанымы, өз тәжірибесі және іскерлігі
арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылық істерге араластырады,
белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге үйретеді,
қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін өзі дамыту мақсаттарымен тығыз
байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін
дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір
мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі.
Мұндай жағдайда, өз қоғамының мәдени құндылықтарымен қаныққан және
оның идеяларын қабылдаған азаматты тәрбиелеу нәтижесінде жеке тұлға мен
қоғам арасындағы үйлесімділікті туғызады.
Бірақ өсіп келе жатқан тұлғаға мақсатты әсерлерді жүзеге асырушы әрбір
тәрбиелеу институттары мына жағдайда ғана, егер бір жағынан, басқа
институттармен өзара байланысқа түсетін болса, ал екінші жағынан - осы
процесте тұлғаның өз белсенділігін арттыра білу шартына сай тұлғаны
тұтастай жасап шығаруда маңызды жақтарын игеруде ғана тиімді нәтиже алады.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметі-бұл жас балалар мен жас
өспірімдерді ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өндірістің түрлі салаларына
дайындаудың қоғамдық кажеттілігіне негізделген кең және динамикалық жүйе.
Ол көп жоспарлы, әрі көп қызметті, өз ерекшелігі және педагогикалық
процестің екі субъектісі-тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы
бар жүйе. Ол (жүйе) тәрбиеленушілердің өмір тіршілігін ұйымдастыруда
олардың қоршаған ортаға белгілі қатынасын жасауда мақсатты бағытталған
тәрбие әрекеттерінің жүйесіндегі шағын жүйе ретінде шығады. Оның негізгі
компоненттері: қызмет субъектісі; кажеттілік, мақсаттылық, заттық-
тәжірибелі бағыттылық; процестің нақты әрекетін ұйымдастыру мен
қамтамасыздығы; нәтижелілік болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік қызметі- дара және қоғамдық
қажеттіліктердің байланысы негізінде базалы (мектептік) дайындық пен
мектептен тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты; тұлғаны тәрбиелеуде әр
түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара
байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірйбелік әрекеттерді меңгеру
процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы, дербестігі және
педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды
жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы
ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу болып
табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметтерінің жүйесі тұлғаның
сапасын дамытудың түрлі деңгейіндегі жасөспірімдерге жасалған
диференциалдық жолымен сипатталады.
В.В. Белова., Т.И. Щукиналардың зерттеулерінде жасөспірімдердің
танымдық қызығушылықтарының даму сатысына байланысты әрекеттерді
ұйымдастырудың бірнеше деңгейі көрсетілген: бірінші – репродуктивтік
-еліктеу әрекеті, осының көмегімен жасөспірімдер үлгілерін меңгереді,
осылайша өздеріне басқалардан тәжірибеден тәжірибе жинайды: екінші іздену
орындау әрекеті мұнда жетекші есепті орындайды, ал жасөспірімдер оның
шешу жолын өз бетінше іздейді; үшінші шығармашылық әрекеті мұнда
жасөспірімдер анықтаған есепке сәйкес өзіндік шешімдері іске асырылады
және жасөспірімдер үшін сапалы жаңа құндылықтар жасалады. М.Д.
Виноградова, В.И. Масакова., И.Б. Первин т.б. оқушылардың шығармашылық
даралығы бойынша зерттеулері тұлғаның шығармашылық потенциялын
дамытудың жемістілігі әлеуметтік құнды дара шығармшылық мүмкіншіліктері
мен тапсырмаларын шығармашылықты түрде орындаудың ең жақсы жолын
таңдауда да және жаңасын жасауда да қабілеттілігі балалардың әр түрлі
талаптарын тоқтату процесінде болатынын растады. Сыныптан тыс жұмыстың
қызмет шартында үйірменің ұжымдық әрекетінің шығармашылықпен қанықтыруды
дайындықсыз балалардың өзінен қостау табады. Әр түрлі шығармашылық
әрекет мектептен тыс ұжымда балалардың ролін және бағытын өзгертуге
мүмкіндік жасайды.
Жалпы тәрбиенің шағын жүйесі ретінде сыныптан тыс жұмыстары
балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігінен
ерекшеленеді. Біріншіден, бұл жасөспірімдерді біріге тартатын, одан
өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық –
практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді
ойын – жарыстар, шығармашылық мейрамдар, сайыстар фестивальдар және т.б.
Бұларға қатыса отырып, балада таңдау мүмкіндігі туады.
Өз бойына танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа
қатысудың еріктілігі барлық адамға соның ішінде балаларға өз күшін
сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының
табыстарымен салыстыруға жететіндігіне жағдай жасайды. Екіншіден,
бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен
айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар,
лабораториялар және басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай
ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарамай ниет білдіруші
барлық жасөспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады.
Үшіншіден, әбден дайындалған жасөспірімдерге арналған жұмыстың
формалары мен түрлері. Бұлар оқушылардың ғылыми қоғамы, ғылым, техника
әуесқойларының жазғы мектеп – лагерлері, экспедициялар (архиологиялық,
геологиялық, фольклорлық т.б.) жатады.
Сыныптан тыс жұмыстардың шартында ұйымдастырудың барлық осындай
әдістері балаларға дифференциалды әсер етудің есебімен бір уақытта
әрекет етеді. Бірақ олардың тұлға потенциалын шығармашылықпен дамытуда
бейімділігін атап көрсетуге болады.

1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – оқушыларды жан – жақты
қалыптастырудың формасы ретінде

Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік -әлеуметтік және қоршаған ортаға,
уақытша балалардың және педагогикалық ұжымның ерекшелігіне, зерделі,
әсершіл, заттық шығармашылықты, денсаулықты жақсартатын қызметтердің
өзгеше мазмұнына, қарым -қатынас, өзара байланысқа, сондай- ақ, мектептен
тыс бірлестіктердің мектеп, жанұялар, балалар мен жастардың қоғамдық
ұйымдарымен өзара байланысына сүйенеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық
өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым
-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын
әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. Жеке даралық рухани дамуды
қамтамасыз ете отырып, сыныптан тыс жұмыстар жасөспірімдерге мектептің
отбасының жасайтын ықпалын тереңдету және өрістету үшін жағдай жасап,
өз құралдары мен әдістері арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына, өзін іске
асыруына және жетіспеушілікті толтыруға басқаша қарым қатынас пен
тіршілік әрекеттесу жағдайымен мүмкіндіктер қалайды. Сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері қалайды. Сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері балалар ұжымындағы педагогикалық
мүмкіндіктердің айтарлықтай дәрежесіне байланысты. Бұл жағдай бірқатар
педагогикалық зерттеулерде (О.С. Газман, Т.В. Говорун, Г.С. Голиневич.,
Б.Я. Гиндис., Л.М. Иванова., Е.К. Касайкина., Н.К. Гравинин., М.Б.
Коваль т.б.) жан жақты қарастырылған.
Балалар ұжымдарына тән белгілерді (сыныптан тыс жұмыстарда
қалыптастыруға болады деп айтқан педагог – ғалымдар (И.П. Иванов, В.М.
Коротов., Л.И. Новикова., В.А. Сухомлинский т.б.).
Балалардың қоғамдық бірлестіктері қызметіндегі тәрбие теориясы мен
әдістеріне арналған алғашқы ғылыми жұмыстар (А.М. Гукасова., Н.М.
Коротов., Г.В. Колчина., В.В. Прокомев., А.П. Сперанский) 1950
жылдарының соңында басталды. Бұл кезде жүргізілген зерттеу
жұмыстарының материалдары мен түйіндері сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының
жаппай көпшілікті түрін іске асырушы ұйымдар даму тенденциясында қарама
-қайшылықтардың орын алғандығын көрсетеді. Атап айтқанда, бір жағынан
өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі оқушылар әлеуетінің бірізді көтерілуі
байқалса, екінші жағынан әртүрлі ұйымдар әрекетінде бытыраңқылықтың орын
алып тәрбие жұмысының жүзеге асу деңгейіне кері әсер жасағаны
аңғарылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі
болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға
қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық
тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның
негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін
толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу белгілі,
бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін
шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде
көрсетілген:
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-
өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының
негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей "қиын балада" өзі туралы
жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не
күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерлі өзгертеді. Соған орай дұрыс
ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға
мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына,
өзінің күш-қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын
қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар
жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара
міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру,
көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен
ұжымдық өзара жағынан әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу
арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара
ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін
ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс
жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік
тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4.Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық,
ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала
адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын
меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық
көзқарас арқылы қалыптасады.
5 Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс
жұмыс сабақта және сабақтан, тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты,
мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға
бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту бір жағдайда, ол оқыту
процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын
күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі
бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа мұғалімнің жағдайының
ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің
жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.
Оқыту сабақтарына қарағанда, сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде
өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне осында. Оқушылар ынта мен
бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге
жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке
атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан
тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Педагогтар және
оқушылар ұжымдарының міндеті - сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың
ешқайсысын қалдырмай, түгел тарту. Мұны әрине, ешқандай мәжбүрлеусіз
атқаруы керек. Бірақ, оқыту сабақтарынан балалардың өз бетімен кетуіне
жол беруге болмайды.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті
бағдарламалар көлеміне байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен
формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне,
жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің
бағдарламалары шамалық бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және
методикалық нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты
жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын
жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп
оқушыларының ынтасы мен тілек-талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік
береді.
Оның үшінші ерекшелігі жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында.
Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем-өнерпаздар үйірмелерінің және
спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін кұрамы сыныптан тыс
жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр
түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар
бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптың
оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге
қамкорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай
туғызылады. Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен
айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында,
көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең
мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, педагогтар бағыттап отырды, бірақ оқыту
сабақтарынан ерекшелігі - оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйым-
дастырады. Сыныптан және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау
инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған
сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс
береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар
ролінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар ролінде де көзге
түседі. Жоғары сынып оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын
біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің
мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының
артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу
және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол коғамға пайдасы
мол бағытқа не болып келеді. Соның нәтижесінде ол мектеп оқушыларына,
әсіресе жоғары сыныптарды кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да
ықпалды құралы ретінде көрініп отыр.
Оның алтыншы ерекшелігі – формалар мен әдістердің сан алуандығы.
Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу өте
қиын және мүмкін емес. Ең алдымен, өнерпаздар клубтарын және ғылыми
қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді
ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары
алуан түрлі бола түсті.
Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда әлі де болса
айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Қейбір мектептер үшін бұл жұмыстың жеке
бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен
оқушылар ұжымдары өз күш-жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені
ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде енбекке тәрбиелеуге,
ғылыми-техникалық творчестваны дамытуға ғана баса назар аударылады.
Комплексті түрде тәрбиелеу - балалардың жан-жақты дамуын талап етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен
бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады. Педагогтар
ұжымдарының кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі - мектеп ұжымдары іс-
әрекеттерінің барлық негізгі бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін жүйе
құру.
Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, актив қана
тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта
ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы
мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты
жұмысқа тартуда, оларды қайта тәрбиелеуге, сабақтан тыс уақытта бірлескен
ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені
комплексті түрде жүргізуді жүзеге асыру оқушылардың ешқайсысын
қалдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі - оның
бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы өнерді сүйетін жеке балаларды ғана
емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке-
дара сабақтармен толықтырылып отырады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың еңбек тәрбиесі
мәселесіне теориялық-әдістемелік тұрғыда жүргізілген зерттеулерде
кездеседі.
Айталық, Б.Н. Буттов оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту
арқылы олардың белсенді ұстанымын тәрбиелеу процесін қарастырады.
Автор мұнда сыныптан тыс жұмыстың мынадай негізгі бағыттарын бөліп
көрсетеді:
1) Қоғамдық пайдалы жұмыс: өндірісті еңбекпен әртүрлі нысандарда
абаттандыру;
2) Өзіне – өзі қызмет көрсету шаралары. Осы жұмыстардың тәрбиелілік
тиімділігі дәйектелді.
А.П. Жильцов ауылдық жердегі оқушылардың жақсы еңбек пен демалысын
ұйымдастыру, қоғамдық пайдалы жұмыс әдістері мәселені бірінші болып
зерттеу жұмысын жүргізеді.
А.П. Сперанский оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарда политехникалық
тұрғыдан дайындау міндеттерін қарастырады.
Көптеген зерттеушілер сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік әлеуметтік
балалар мен жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарын
қанағаттандырып, оларды одан ары қарай дамытудағы мүмкіндіктерін ашуға
жұмыстар жүргізген. Айталық, З.А. Барышникова, А.А. Бордай, Н.В. Добрецова,
И.И. Кинев К. Н., Травинин, А.С. Хоптяр т.б. балалар мен
жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін
тәрбиенің тиімділігін арттыру жолдарын қоршаған табиғи, әлеуметтік және
мәдени орта мүмкіндіктерін барынша пайдалану жағдайларымен байланыстырып
қарастырады.
Балалардың жеке даралық (дербес) шығармашылығын дамыту мәселелеріне
Э.Б. Абдуллин мен Л.М. Целищева зерттеулер жүргізеді.
Авторлар мезгілдік бірлестіктердегі саз өнеріне балалардың
қызығушылықтарын ояту мен музыкалық білім дарыту және дамытуда
ажыратылымды амалды пайдаланып оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері
мен тиімділіктерін ашады. Балалардың жаппай -көпшілікті
музыкалы-эстетикалық тәрбиесінде сыныптан тыс жұмыстың мектептер, мәдени
ағарту мекемелері жүргізген жұмыс әдістері қарастырылады.
Авторлардың жасаған көптеген ұсыныстары жаппай-көпшілікті ұйымдар
т.б. мекемелер жұмыс тәжірибелерінде мақұлдаудан өтіп қолданысқа алынады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында балалардың ойын элементтерін пайдалану
мәселесі де арнаулы зерттеу нысанына айналады. Мәселен, зерттеуші В.А
Шмаков шығармашылдық сюжетті-рөлді ойын түрлерін жетілдіріп оларды жазғы
жұмыс тәжірибелеріне қолдануды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмыстары мен еңбек міндеттерінің өзгеше ерекшеліктері;
лагерлердегі педагогтар құрамы (мектеп оқытушылары қатарынан басымдықтағы
жасақталуы), жұмыс түрлерінің күрделенуі мен әуестенушілік, лагерлердің
жарым жартылай (бірен-саран) өз шығындары, өздері өтеушілік, өзін-өзі
басқару, өзгеше салт жолдарды пайдалану, жас шамаларына қарай және соған
лайықты теория әдістерін пайдалану мәселелеріне П.Н. Дербенов, Н.Г.
Ничкало, А.Н. Тубельский, В.Г. Ижицкий М.Р. Углицкая т.б. зерттеу
жұмыстарын жүргізген.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдықтар аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер
Достығы елдерінің ғалымдары сыныптан тыс жұмыста бірқатар жұмыстар
орындалған. Ол еңбектерде сыныптан тыс жұмысының мынадай бағытары
қарастырылған:
- Сыныптан тыс жұмыстардың қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер
(Н.К.Беспятова , А.Т. Малый , Л.П. Матковковская М.Б.Коваль ,
Б.И.Каюмов , Ф.А.Фрадкин, В.А. Капранова,)
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқаруды жетілдіру (Грекова О.)
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметі арқылы оқушы жасөспірімдердің
қоғамдық саяси белсенділігін дамыту (И.Н. Цымбалюк , Л.Ю. Садыкова ,
Н.А. Антыгина, М. Куранов, Н.И. Меняев)
- Сыныптан тыс еңбек тәрбиесі (Ю.Г.Палория, А.И. Ковалева, Л.И.
Каучукова, Н.А. Запорожец, М.А.Углицкая)
- Сыныптан тыс жұмыстардағы адамгершілік тәрбиесі (Л.А.Оралова , Қ.Т.
Әтемова, И.К. Тен, И.Н. Минибаева)
- Мектептен тыс мекемелер мен әлеуметтік тәрбие мекемелері арасындағы
өзара ықпалдасудың (П.Д. Георгива, Г.И. Миячев, С.А. Михайлович ,
Р.П. Виркус) педагогикалық проблемалары олардың кейбір шет елдік
тәжірибелері - зерттелген бағыт;
- Атеистік тәрбие проблемалары (А.И. Пак) эстетикалық тәрбие (А.С.
Каргин, Л.И. Шалахов )
- Өз бетінше білім жетілдіру мен әуесқойлық тәрбиесі (Каразян Л.Ю.,
В.В. Политова, Л.Г. Садыкова ) Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы
елдерінің ғалымдарының жүргізген осы зерттеу жұмыстарындағы бағыттарды
үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар:
- сыныптан тыс тәрбие жұмысы тарихын зерттеу бағыты,
- сыныптан тыс тәрбие түрлері салаларына жүргізілген, яғни сапалық
тұрғыдағы зерттеулер. Мұндай жұмыстарда сала бойынша жетістіктерді асыра
дәріптеу орын алған, яғни жұмыстың бұл бағытында жеткен
жетістіктерге арналған еңбектер очерк сипатында орындалған.
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқару яғни оның теориялық
мәселелерін зерттеуге жүргізілген еңбектері.
- Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие қызметі жүйесін балалардың субъективті
ұстанымына қарай олардың және дербес болмысымен санасып, азаматтық
тұлғалық саналылығын, физикалық және рухани жетілуін олардың жеке даралық
қызығушылықтарын ескере отырып, дамыту мақсатын анықтауға қажетсінеді.
- Сыныптан тыс жұмыс формаларының әр алуандылығы мен типтері балалар
мен олардың ата-аналар мұқтаж- мүдделерін қамтамасыз етуге
себепші болып олардың шығармашылық қабілеттерінің ашылу мен дамуына толық
жағдай қалайды.
Ұйымдастырушылық құрылымдардың бейімделгіштігі тұрақты және мезгілді
бірлестіктерді т.б. құруға және алуан түрлі клубтық формаларды
пайдалануға мүмкіндік береді.
Балалар мен үлкендердің өзін-өзі басқаруы ұжымдық шығармашылық тәрбие
негізінде қосымша білім беру ұйымдары жұмысы мазмұны жанданады. Ұлттық,
аймақтық шарттармен табиғат факторларын ескеру балалардың талаптауларымен
салауатты-сауықты т.б. қызметтерін ұштастырудың сапалық кепілі болып
табылады.
Сыныптан тыс жұмыстағы тәрбие іс-әрекеттерін басқаруды дамыту балалар
мен ересектердің шығармашылық ынтымақтастығы қатынастары негізінде
-және оны өзін өзі басқарумен ұштастыру арқылы іске асады.
Ал енді Қазақстандағы мектептен тыс тәрбие жұмысының (мектептен
тыс мекемелердін) қалыптасып даму мәселелеріне тоқталатын болсақ
Қазақстан Республикасы тәжірибесінен олардың қалыптасуымен даму
жолының тарихи-педагогикалық проблемасына арналған Л.К.Ибрашева мен
Н.М.Сагитова, А.П. Романовтардың ғана еңбектері бар авторлар
республикадағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының қалыптасуы мен даму және
жетілдіру тарихының ғылыми негізін жасауға салалық тұрғыдан
іздену жұмысын жүргізген Қазақстандық алғашқы ғалымдар. Авторлар
республикадағы қалыптасқан ерекшелік жағдайға сай сыныптан тыс тәрбие
жұмысының пайда болу, қалану, даму жолдарын, кезеңдерін айыра отырып,
осы мекемелер кызметтеріне сипаттама береді.
Қазақстандық ғалымдар арасынан бұрынғы қоғамдық
құрылымның әр түрлі тарихи даму кезеңдерінде мектеп пен балалар ұйымы
қозғалысының өзара байланысының қалыптасуына, оку-тәрбие жұмыс формаларын
талдауға арналған Р.Д.Иржанова мен Б.Ы.Мұқановалардың еңбектері бар.
Еңбектерінде негізінен көтерілген басты мәселе балалар ұйымы қозғалысының
Қазақстанда пайда болғанынан бастап (1922-1934 жж. Р.Д.
Иржанова) сабақтасты түрде (1935-1915 жж С.Ы.Мұқанова, тарихи
кезеңдердегі оның мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары мазмұны мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Пәндер