Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе 3
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі 5
және мәні
1.2 Ақпараттық технологиялар арқылы танымдық қызығушылығын дамыту 5
жолдары
11
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН БЕЛСЕНДІРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Ақпараттық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық икемділігін дамыту 14
2.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
мазмұны және әдістемелік ұсыныстар 14
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер
23
25
Кіріспе
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы,
оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып
табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс
-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды
оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді
жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған
білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге
ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға
мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске
аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі
-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі
негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған
білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық
белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік
қалыптасады. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап
тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған
білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты
жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда,
жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз
мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын
алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда
болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды:
зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б. Оқушылардың
танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер,
педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Курстық жұмыстың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық
технологиялар арқылы танымдық қызығушылығын белсендіру. Қойылған мақсатқа
орай мынадай міндеттер туындайды:
̶ оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәнін анықтау;
̶ оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде түсіндіру;
̶ оқушылардың шығармашылық дербестігі туралы түсінік
қалыптастыру;
̶ оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігін анқытау;
̶ оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстарды ұсыну;
Зерттеу пәнi: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін
қалыптастыруда өзіндік жұмыстың орнын қалыптастырудағы оқушылар мен
мұғалiмнiң iс-әрекеттер жүйесi.
Зерттеу әдiстерi:
1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк
материалдарға талдау.
2. Педагогикалық бақылау.
3. Педагогикалық эксперимент.
4. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.
5. Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.
Курстық жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және
мәні
Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады. Оның
көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель
баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен
білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан-
жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.
Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тэжірибелік іс-
әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы
өз бетімен білім алады. Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану,
қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде
болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы
болып келді. Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде
жалғасын тапты. Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл
азамат тәрбиелеу талабы туындады. Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше
жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету
жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.
Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я. А. Коменский еңбектерінен бастау
алады. Оның ұлы дидактика еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін
ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру
және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады.
Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл Ж. Ж.
Руссоның, И. Г. Песталоццидің, А. Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.
Психологиялық- дидактикалық бағыт
К. Д. Ушинский,Ы. Алтынсарин еңбектерінен бастау алады. Оқушылардың
өзіндік әрекеті тек қана оқытудыңпедагогикалық әдістері мен құралдары
төңірегінде ғана емес, сондай - ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен
сипатталады.
К. Д. Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өзіндік жұмыс
-оқытуды жетістікке жеткізудің бірден- бір жолы" деп есептеді. Осы жұмыстың
нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс
бөлуі деп түсіндірді. К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет
оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық
тұрғыда талдау жасайды.
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой
-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Ал К. Д. Ушинский
мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында
ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау
сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К. Д. Ушинскийдің пікірін П. Ф.
Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана,
ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын
атап көрсетті. Бұл бағытта П. Ф. Каптерев, А. П. Вахтеров, Ы. Алтынсариннің
және т. б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады. В. П. Вахтеров оқушының
оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс- тәсілдерді көрсетіп көптеген
эксперименттер жүргізді.
Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі
қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен
айқындалады. Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке
тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге,
баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік
пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Оқытудың жаңа
технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі,
саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т. б) озат
зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім
берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.
Танымдық іс- әрекет, танымдық белсенділік,танымдық ізденімпаздық
мәселелері жөнінде оқу - әдістемелік, психология — педагогикалық
әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл
педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю. К. Бабанский білім беруді
оңтайландыру жүйесін ұсынса, М. А. Данилов пен Б. П. Есипов оқушының
танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту
әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін
дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В. И. Зазвязинский, М. И. Махмутов,
Ж. Б. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева атап көрсеткен.
Оқушының оқу - танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың
тиімді қүралдарының бірі - оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті
жайлы Т. С. Сабыров, М. А. Құдайқұлов, Р. С. Омарованың еңбектері маңызды.
Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А. Н. Ильясова, Н. Д. Хмель,
С. А. Ұзақбаева, О. С. Сыздықова, Р. Н. Төлеубаева, Б. И. Мұханова, М. С.
Молдабекова т. б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой
әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір
ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын
көреміз.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын
болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды
таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау,
ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінніц тұрақты күйін қажет етеді.
Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың
өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай
етіп ұйымдастырады. Шәкірттің қабылдауы негізінен, мүғалімнің сабақты
жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды
қабылдауына негіз болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-
танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады.
Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік
әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі
бар:
1-Дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап,
қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен
сипатталады. Белсенділіктің 1 – дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының бойында
білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы
2-Дәреже - түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны
өзінебелгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану
жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны
жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3- Дәреже - белсенділіктің шығармашылық дәрежесі - оқушының
тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.
Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның
негіздері мен әр алуандылығы.
Сөйтіп, оқудағы белсенділік - оқушының іс - қимыл жағдайы ғана емес,
осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына
қатынасымен, өзінің рухани -ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға
жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді.
Дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен;мотивті
және белсенді қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін
синтездеумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрлаулы,
мінез-құлықта тиянақталған қатынасымен сипатталатын жүйелі білім алу
ретінде қарастырылады. Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау
жасай отырып, сондай-ақ педагогикалық эксперимент нәтижелерін пайдаланып,
оқушылардың танымдық белсенділік белгілері жүйелерін анықтадық. Оған үш
белгі тән:
оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты;
оқу танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты;
Танымдық белсенділік компаненттерінің құрамын төртке бөліп
қарастырдық: мотивтік-операциялық, еріктік және бағалау-нәтижелік.
Сонымен, танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс - әрекет
проблемасына арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытынды жасауға
әкелді: белсенділік- жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс - бітімі болып
табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық
мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты
құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және
дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан
қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік
міндет болып саналады.
Педагогикалық-пихологиялық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей
танымдық белсенділік терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік
жатыр. Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде
көрінеді.
биологиялық (П. К. Анохин, В. М. Бехтерев, И. М. Сеченов т. б. )
психологиялық (Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, В. С. Мухина, Б. Ф. Ломов)
әлеуметтік (А. Н. Леоньтев, А. В. Петровский, Л. Рубенштейн)
педагогикалық (Я. А. Коменский, Д. Локк, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский,Г. И.
Шукина, Т. И. Шамова)
Биологиялық аспект - белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты
белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы
жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен
негізделеді. Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз
ететін оған тұқымқуалау қасиеті. Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен
оның тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылық жоюға
бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар
осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға өткен оқиғаға
емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық
механизмдер де туып отырады. ( П. К. Анохин)Белсенділік бейне белгісі
тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштей
детерминацияланған іс - әрекеттің бір түрі болып табылады. (В. З.
Коган). Белсенділік көзі болып сыртқы орта және ағзада тұратын және өтетін
ішкі үрдістер табылады. Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әлеуметтік
мәнділік күшімен де белсенді келеді.
Психологиялык аспект - тұрғысынан белсенділік С. Л. Рубенштейн
көзқарасындағы жалпы психика жөніндегі детерминистік түсінік беру сұрағының
бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы
болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді. Белсенділік адамның жаңа
қарым - қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және
белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады. С. Л. Рубенштейн
адамның белсенділігін былай түсіндіреді:Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер
әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды.
Әлеуметтік тұлғалық аспект мәселелері іс - әрекет кезіндегі тұлғаның
белсенділігін зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділік адамның тек
табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді. Бұл орайда субьект белсенділігі
сыртқы материалды және ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты
іс -әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады. Тұлға белсенділіктің өзіне ғана
тән түріне ие-әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа
жетеді. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және әлеуметтік ортаның
өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін. Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік
сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің қысқа сипаттамасында қарастырып көрген
дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және белсенді
құруының бір түрі. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды.
Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы
бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын
құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс - әрекет
болып табылады.
Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі
түсіндірулермен байланысты:
белсенділік баланың таным іс- әрекетіне деген қатынасын сипаттайды;
белсенділік субьектінің іс-әрекетке қатынасын ( қажеттілік, мотив,
ерік,эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы
ретінде түсіндіріледі;
Педагогикалық аспект түрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға
болады:
ақыл - ой белсенділігі;
интеллектуалды белсенділік
• танымдық белсенділік;
Ақыл - ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың
күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты
болып табылады. Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:
1 . Ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы –
зерттеу іс-әрекетінде бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде; 2.
интеллектуальды ынталылық түріндегі көрінетін белсенділік ретінде; Ақыл-ой
белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер
құрайды. Н. С. Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі-кез келген
денісау балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады. Өз бақылауының кең
материалында Н. С. Лейтес балалық шақтың әр кезеңі - белсенділік дамуының
өзіндік сапалы сатысы деген қорытындыға келді.
Интеллектуальды белсенділік- өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде
түсіндіріледі. Бүл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы Д. Б.
Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. Оның пікірі бойынша,
интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін
жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады .
Танымдьқ белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы,
оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады. Танымдық
белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің
психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді
белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне
анықтама берілген . Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М. Н. Скаткин,
И. Ф. Харламов, М. А. Данилов, М. И. Махмутов, Т. Ш. Шамова, Г. И. Щукина
және т. б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бүл мәселе қазіргі
диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып
отыр. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде белсенділіктің
төмендегідей анықтамалары бар:
Адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н. Ф. Добрынин,
Т. Рибо).
Таным субьектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С. Л. Рубенштейн)
Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д. Фрейер)
Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік
және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А. Г. Ковалев)
Білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс (Н. А.
Половников)
Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысы мен сипатталатын еріктік жағдай (Р. А.
Низамова)
Оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г. И. Щукина)
Таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және
білім беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы,
әрекет сапасы (Т. И. Шамова)
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы
қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық
қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным
процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік
тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас
аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды
белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы
танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
1.2 Ақпараттық технологиялар арқылы танымдық қызығушылығын дамыту
жолдары
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында комьпютер оқыту мен
дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласыңда
мультимедиялық, интерактивті тақта, электрондық оқу құралдарын мектеп
пәндерін оқытуға пайдалану – өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді жан-
жақты шешу үшін ақпараттық технологияны пайдаланудың орны ерекше.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде
ақпараттты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін
және оларды жазып, жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық–коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу мақсаты
білім беруді ақпараттандыру процесінде оқушылардың дүние танымдық
көзқарасын қалыптастыру, ақпараттық орта құру және оны ұйымдастыру.
Бұл мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу процесінде пайдалану
барысында бастауыш сынып оқушыларының сапалық деңгейін анықтау және оның
оқу процесіне әсері;
Жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды пайдалану компьютерді пайдалану
арқылы ұйымдастыра білу;
Компьютерді пайдаланып өткізілетін сабақтарды өзара бір-бірімен
сабақтастыра білу және оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау, оны
бағалай білу.
Аталған міндеттерді орындау негізінде мынадай нәтижеге қол жеткізе
аламыз:
Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық,
шығармашылық қабілеттерін арттыру, жас ерекшелігіне сай ақпараттық
сауаттылығын жетілдіру, өзіндік Мені қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Білім берудегі ақпарттық технологиялар
Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды
қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әр түрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді
ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейтесті
және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді.
Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын
электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын
анықтайды. Білім беруде қоданылатын бағдарламалық техникалық құралдардың
классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:
- дидактикалық бағыт;
- бағдарламалық ұсыныс;
- техникалық ұсыныс;
- пәндік аумақта қолдануы.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш
технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға,модельдеуге, электрондық оқулықтарды , интерактивті құралдарды
қолдануға интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына
негізделді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті
тақта мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық
технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану
дағдыларын қалыптастырып , ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық
бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін
оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы
қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып
табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Оқытудағы ақпараттық технология дегеніміз не?
Ақпараттық технология – бұл компьютерлер арқылы жан – жақты ақпаратты
– бағдарлама жүйесінде оқыту.
Ақпаратты технология – төмендегідей үш бағытта өзінің септігін
тигізеді.
І – жаңа идеяны іздеу (жеке тақырып бойынша компьютерді қолдану, жеке
дидактикалық есептер бөлімі)
ІІ – Ең бастысы, анықтау, оның ішіндегі ақпараттық бөлікті қолдану.
ІІІ. Монотехнология (барлық оқыту түрлері, оқу үрдісінің барлық
бағыты, диагностикалық барлық түрлерін қосу, мониторинг, бәрі компьютермен
қолдану талап етеді).
Ақпараттық технология – бұл компьютерлер арқылы жан-жақты ақпаратты –
бағдарлама жүйесінде оқыту.
Бастауыш мектептегі ақпараттық технологиялар
- Есептеуіш техниканың пайда болуын мектеп қалай қабылдады?
Бұл компьютердегі барлық оқу үрдісіне енгізілген жаңалықтарды
қалыптастыратын, жүзеге асыратынын сараптама дәлелдеп отыр.
Бастауыш мектептегі дидактикалық жүйеде компьютерді қолданудың басты
бағыты төмендегідей:
Есептеуіш техника мен ақпаратты оқып үйрену.
Оқу үрдісінде ақпараттық технологияны енгізу.
Білім беру мекемелерінде ақпараттық технологияларды қолдану.
Жалпы білім беретін кейбір мектептерде компьютерді үйренуде мынадай
белең алатын кемшіліктер бар:
Қазіргі оқушылардың компьютермен жұмыс жасауға деген қызығушылығына
кейбір мұғалімдердің мән бермеуі.
Бастауыш сыныптарда ақпараттық технологияларды қолданудағы
мұғалімдердің дайындығының қалыптаспауы.
Егер бастауыш сыныптарда ақпараттық технологияларды сауатты қолдана
білсе оқытуда төмендегідей іскерлік қалыптасады:
Танымдық қабілетінің артуы, үлгерім сапасының көтерілуі;
Электронды жүйелі оқу материалдарының көмегімен мақсатына жету,
сабақтарда қолдану.
Өз білімін көтеру мен өзін – өзі бақылауда бастауыш мектептегі
қабілетінің артуы.
Бастауыш сынып оқушыларының сабақта өз ойларын айту мен араласуының
жоғарлауы;
Ақпараттық ойлауының дамуы, ақпараттық – коммуникациялық негізге
қалыптасуы.
Қазір барлық жерде көптеген оқу және ойын бағдарламалары бар лазерлік
дискілер, сөздіктер мен энциклопедиялар бастауыш сыныптарға арналып
электрондық оқулықтар пайдаланылуда.
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН БЕЛСЕНДІРУ ӘДІСТЕМЕСІ

шығармашылық икемділігін дамыту
Қазақстандық білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz