БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеті
1.2 Информатиканы окытудың мазмұны
1.3 Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН АЛГОРИТМ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ЖАСАУ
2.1 Алгоритмдік модель блогы
2.2 Алгоритм түсінігі
2.3 Алгоритмнің түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту
жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың)
өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен
практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған
педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын
жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен
танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық
көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен
дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын
дамыту маңызды және мәнді мәселе.
Жеке баланың өздігінен танымдылығын дамыту үшін көптеген
факторлар әсер етеді: стихиялық (апаттық) және арнайы ұйымшылдық, табиғи
және әлеуметтік факторлар. Басқа факторлармен қатар ғалымдар мен педагог-
практиканттар қоршаған ортаның әсерін көрсетеді. Ол ортада бала жеке адам
ретінде дамиды, оған әсер етудің арқасында өзінің өздігін көрсетеді.
Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршауы деп
көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап, қазіргі
зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап (ұйымдасқан
және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек)
қарастырады.
I. Зерттеу жұмысының өзектілігі: келесі факторлармен
көрсетуге болады:
- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін
адамның қажеттілігі;
- төменгі сынып оқушыларының өздігінен танымдылығын дамытуды
зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі;
- әр түрлі жастағы балалардың оқу – пән ортасында қолданылатын
технологияларды зерттеу.
II. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Тәжірибелі зерттеудің барысында әдістемелік құралдың тиімділігін
анықтау.
III. Зерттеудің әдісі:
Бала әрекетінің өнімін талдау, педагогикалық эксперимент,
анкета, сұхбаттасу, бақылау; математикалық және статисталық материалдарды
зерттеу әдістері.
IV. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
Ойын – пән ортасында субъекттің әрекетін ұйымдастыру
технологиясы жоспарланды және қабылданды, ол келесі кезеңдермен беріледі:
дайындық, репродуктивті іздеу, шығармашылық ізденіс, талдау. Пән қоршауы
ретіндегі оқу – пән ортасы, ол баланы ойын әрекетіне әкеледі және оның жеке
потенциалын дамытады.
V. Зерттеудің негізі:
- жеке әрекет жасауы жеке адамның өздігінен танылуына жағдай жасайды;
- жүйелі жағдай жасау, бұл педагогикалық құбылысты бір – бірімен
байланысты және бір – бірімен келіскен бүтін жүйені құрастыратын
диалектикалы жинақты қарастырады;
- әлеуметтік қатынастағы теорияны қарастырады.

Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың негізгі мақсаты ретінде
информатика курсын оқыту әдістемесін, информатика пәнін оқытудың тиімді
әдістеріндіру және информатика пәнінің өзіндік сипаттамалық ерекшеліктерін
қарастыру болып табылады.
Оқыту әдістері:
• Оқытудың өзіндік әдісі.
• Көрнекілік әдісі.
• Иллюстрация.
• Демонстрация.
• Практикалық (іс-әрекет) әдістер.
• Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.
Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі
ретінде анықтауға болады.
Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың
бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы оқушыларға арналған нұсқауды жасау-
педагогтың іс-әрекеті нұсқау мен ЭЕМ-дегі програмамен жұмыс істеу-оқушының
іс-әрекеті ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау тапсыру
олардың бірлескен іс-әрекеті. Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің
бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрде
елеулі орын алады. Курстық мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі
оқушының педагогтан тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының
қалыптасуы. Сондай-ақ компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-
әрекеттің көлемін едәуір кеңейтеді.
Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару
функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз
білетіндігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар.
Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін
басқару. Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай.
Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді продуктивті болып
есептеледі,
1. Әлем жайында білім,
2. Іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері,
3. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі,
4. Эмоционалдылық құндылық қатынас тәжірибесі.
Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педагогтың әсері де қойылады.
Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділінің негізгі дидактикалық
функция оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі
репродуктивті іс-әрекетте белсенділіктің жоғары болатындығы белгілі.
Ю.К.Бабанскидің еңбектерінде әдістерді топтаудың толық тізімі келтірген
ақпаратны қабылдау тәсілі бойынша топтау дәстүрге айналған сөздік әдіс,
пәндік шолу және практикалық. Сондай-ақ, әдістерді топтаудың төмендегідей
негіздері бар білім алу тәсілі теория және практика, кері байланысты
жүзегеасыру тәсілі бақылау және өзіндік бақылау, оқушылардың ойлау
әрекеттері логикалық аспект.
1. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеті
Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытуды ұйымдастыру мәселесін
төмендегідей қарастыруға болады:
- информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары;
- информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттері;
- Информатика пәнінің зерттеу объектілері;
Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытудың мақсаттары:
-оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткізу және оны қолдану
үрдістері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық
біліммен қаруландыру;
- оқушылардың оқу үрдісінде компьютерлік техниканы өзіндік даму мен іске
асыру құралы ретінде, сонымен қатар, кәсіптік қызметтерге пайдалану
дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың логикалық- құрлымдық және алгоритмдік-шығармашылық ойлау
қабілеттерін дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейімділіктерін
қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегі міндеттер анықталады:
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдістемелік жүйесін
жасақтау.
Информатика пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес
сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу
жоспарымен, білім бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылды.
Информатика оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте
міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары
мен деңгейлеріне информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын
мазмұнының құрамы мен құрылымы.
Информатика оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы
(БНБ) –оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді
қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру
құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруді және оқушыларды өмірге,
еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның
мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
Информатика оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ)
– Информатика оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы
оқыту қамтамасыз ететін оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен
мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша
анықталады.
Информатика оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы(ҚҚБ) –
мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша
білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының
мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы
курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
төмендегідей:
- оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды
меңгерту;
- оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
- информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және
ақпарат) бірі болып есптелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың
негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
- қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын
қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника
аймақтарында қарастыру;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында
білім,білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
- оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен
қаруландыру;
- оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру;
Информатика пәнінің зерттеу обьектілері:
- ақпарат;
- ақпараттық ресурстар;
- ақпараттық үрдістер;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
Информатика пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1.Пәннің жалпы білімдік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,атап
айтқанда:
- оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлік тәжірибе
әдістермен меңгерту;
- тиімді шешідерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау
қабілетін дамыту.
2.Информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда,
әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика
және т.б.
Информатика пәнінің даму бағыттары:
- Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу,
табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы,
сонымен қатар әр түрлі ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың
негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің,
микроүрдістердің есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер
арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр
түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі
жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялалардың даму мәселелерін
қарастырумен жалғасады.
- Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық
технологиялалардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және
бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық
нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі
мәселелер қарастырылады.
Информатика оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту
үрдісін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу-әдістемелік жағынан
қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.
1.2 Информатиканы окытудың мазмұны
Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау: түсінік, еске сақтау
арқылы жүреді. Ал әлемді, мысалы адамды қоршаған заттар әлемі, оның
әлеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді
ақиқаттық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы
байланысты оқушылар қоғамның ақпараттық ресурсына кіру арқылы және ЭЕМ-де
модельдеу арқылы таниды. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа
сүйенеді.
Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін және іс-әрекетін ойлау арқылы
жүзеге асырылады.
Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірибелері.
Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктор жолымен компьютерлік
әлемнің үнемі дамып отыратын жаңалығы мен оқушылардың ізднушілік
белсенділігі арқылы беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандартты
түріне барабар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болап
табылдаы. Дайын бағдарлама мен диологты меңгеруде және клавиатурамен жұмыс
істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері мәселелық есептер шығару, таныс
емес бағдарламалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл
жерде мұғалімге тән тәсіл – бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою.
Бағдарламалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжірибесі – ашық
бағдарламалау әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі
шағын, ол ақпаратның ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен
және мұғаліммен қарым-қатынасы үрдісінде пайда болып, таратылады. Мектеп
практикасында оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер
жинақталды.
Информатикаға тән тәрбиелік бағытта жұмыс істейтін оқыту әдісін атау
қиын, бірақ, информатиканы оқыту барысында жүзеге асырылатын жағдайларды
көрсетуге болады. Ол оқушыларға өзінің жұмысын жазуды ұсыну, бағдарламада
қате жібермеуге қойылатын талап, сондай-ақ, эстетикалық құндылығы бар
мәселе – оқушының жауабына класстың көңілін аудару болып тбылады.
Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері.
Оқытудың өзіндік әдісі: классикалық педогогика өз уақытында сөзбен
білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ,
Я.А.Коменский ақпаратты кітаптан, дәрістен жеткіліксіз екенін, заттарды өз
бетімен танып, бақылау арқылы ақпарат алудың маңызды екенін атап көрсеткен.
Көрнекілік әдісі: информатика курсындағы көрнекіліктің әдісі –
оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысы бақылау, одан кейін
компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі
негізгілерін қарастырайық.
Иллюстрация. Информатика курсында ақпараттың таңбалық табиғатын толық
бейнелеп көрсетуге мүмкіндік бар. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік
мәндермен жазылғантіктөртбұрышты көрсету. ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде
қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ,
пернелердің қызметі сөзбен түсіндіріледі.
Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттіңң үлгісін
үндемей-ақ демонстрациялауға болады. Кез-келген капилятор қателердің орны
мен жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере
алады. Алгоритмнің атқарылу үрдісі кестесінің көмегімен демонстрацияланады.
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер. Құрастырылып отырған жағдайда
практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және
бақылаумен салыстырылады. Информатика бөлімінің үш түрі көзі үйлесімді
түрде біріктіреді:сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып,
мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай отырып оқушылар компютермен
практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі
толықтырады.
Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.
Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау
деп тұжырымдауға болады, жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны
компьютердің шығарғаны деп есептейді, компьютер оқушының өзінің іс-әрекетін
ұғынуына нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.
Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да
маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де,
өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлеуге дағдыланады.
Компьютердің бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етеді,
бақылаудың келесі кезеңі-өзіндік бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл
бақылаудың күрделі де, ең жоғары түрі болып есептеледі.
Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді,
бірақ өте жоғары жылдам реакция –мұғалімнің түсініктемесі - оқушының ойлау
жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды ұйымдастыруға қатысты
бақылауды ауызша және жазбаша деп білуге болады. Жазба тіл пайдалы, үлкен
еңбекті талап етеді. Компьютер экраныңдағы текст жазба тілдің бір түрі
болып есептеледі.
ЭЕМ-дегі жұмыс және ойлау әрекеттері.
Оқушылардың ойлау үрдісін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін
түсіну үшін ЭЕМ-ге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай жүзеге
асырылатының қарастырайық.
Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез
әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары.,
есептің қолайлысын талдау анализ, қолдағы бар бағдарламалық немесе
синтаксистік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Кейде анализдің
мақсаты қатенің себебін анықтау болуы мүмкін.
Бұдан програманың орындау үрдісі қадамдарға бөлінеді, ал
мәліметтердің өзгеру үрдісі қадамдардың тізбегін өзгертеді. Егер қатені
іздеу бағдарламаны тасымалдау трассировка жолымен ЭЕМ-дегі диалог түрінде
орындалса, онда бұл талдаудың түрі- өрескел талдау жіктеу болады.
Салыстыру мен топтау. Бір-біріне жақын командаларды түсіндіруде
салыстырудың үлкен мәні бар. ЭК-де көшіру мен көбейту, МАТ-дегі үшін және
әзір командалары. Бұл ұғымның мағынасын меңгерудің міндетті кезеңі.
Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа
ұғымдарды енгізіп бекітуге болады. Алдымен, ұқсастығын, одан кейін
айырмашылығын көрсету қажет.
Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы- ұқсас
әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасын көшу бола
алады. Мұны матиматикалық индукция деп түсінбеу қажет, ол толық индукция.
Аналогия және тасымал. Аналогия дегеніміз - бұл индукцияның
абайланған бір түрі. Талдау үлгісі төмендегідей. В жағдайында F фактісінің
орны бар. В1 жағдайының қандай да бір мағынада В жағдайына ұқсастығы бар.
Олай болса, олардың әрқайсысында F фактісіне орын бар деп күтуге болады.
Енді осы мысалды нақтылайтын болсақ, Е - практикум жүйесінде SHIFT+DEL
командасы жолды өшіретіні белгілі.
Мектептегі информатика және есептегіш техника негіздері курсының
мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама-қайшылықта болатын екі негізгі
факторлар тобы әсер етеді.
1) Ғылыми және практикалық факторлар. ИЕТН оқу пәнінің мазмұны
информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту барысында іргелі
білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсіби
қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
2) Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде
қамтылған материялды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек,
олардың ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі,іскерлігі, дағдыға сай болуы
тиіс. Сондай-ақ. ИЕТН курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы
мәні ьар мәліметтерді қамтуы қажет. Қорыта айтқанда, мектептегі информатика
курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің күрделіленген талаптарына
жауап беруі керек, екінші жағынан қарапайым болуы қажет.
Информатика және есептегіш техника курсының қазіргі заман ғылымының
үш іргелі ұғымына негізделеді:
Ақпарат-алгоритм ЭЕМ.
Оқушылардың меңгңруіне міндетті болатын териялық дайындықтың көлемі
осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың
компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. ИЕТН курсының
мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе – курсты оқыту реті. Бұл екі
мәселе бір-бірмен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негізде
енгізілуі керек. Мектептегі информатика және ИЕТН мазмұнын, көлемін және
көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат-ресми түрде
белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады.
Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негізгі түйіні.
Енді ИЕТН енгізілгеннен бері жарияланып жатқан тұжырымдамалар мен оқу
бағдарламаларына тоқталайық. Информатиканы оқыту тұжырымдамаларының алғашқы
нұсқалары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бірақ, олар барлық білімді
информатикаландыру негізінде құрылған. Бұл еңбектерде информатика пәнін
оқыту мәселесі, оның мазмұны мен мақсаты жекеленіп ашылмаған. Сонымен
қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерістер
болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта
мектепте оқылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру
стандарты құрылып, оқу үрдісіне енгізілді.
Орта мектентің сатылары бойынша информатика курстарын оқытуды екі
кезеңге бөліп қарастырады.
I кезең (7-9 сыныптар) – негізгі курстар деп аталады, ол информатика
пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге
бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нің
архитектурасы және ақпаратлық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене
отырып, оқу үрдісіне компьютерді жан-жақты тиімді пайдалана отырып, өзіндік
танымдық іс-әрекеттерін қалаптастырады. Негізгі курсты оқытуды басқару
ісіндегі ақпаратның мәні, ақпаратлық ропцестердің жалпы заңдылықтары және
жүйелі ақпаратлық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде
оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақталған,
қайталану), бағдарламалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және
қолданбалыесептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы
мағлұматтар алады.
II кезең (10-11 сыныптар) – бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік
бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және
қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік
мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану-
математика бағдары бойынша оқыса, онда бағдарламалау тілі тереңдетіліп
оқытылады. Сонымен қатар, Дербес компьютерді пайдаланушы, Компьютер және
іс-қағаздарын жүргізуші және т.б. курстар енгізілген. Егер базистік
жоспардың өзгермелі бөлігінің есебінен курсты оқыту 136 сағатқа дейін
арттырылса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес куәліктер беру мүмкіндігі
туады.
Жалпы, негізгі мектепте курсты оқытуға 68 сағат бөлінсе, ал 10-11
сыныптарда базистік оқыту жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөліктің
есебінен 68 сағат бөлінген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының
талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер
енгізілген:
-сыныптар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
-әрбір сыныптағы оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
-стандарттағы талаптардың орынбалуын бағалау;
- білімді бағалау үлгілері.
(Қазақстан Республикасында жасалған информатикадан мемлекеттік білім
беру стандарты Ресейде жасалған А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасын негізге
алады, сондықтан келесі тақырыпта толығырақ тоқталамыз).
Қазақстан Республикасының конституциясында: Білім беру – бұл қоғам
мушелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін
және кәсіби біліділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие ьеру мен
оқытудың үздіксіз үрдісі, - деп көрсетілген.
Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық
қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыру және дамыту үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім
беру үрдісінің үздіксіз болуын талап етеді. Білім беру үздіксіз үрдіс
болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы білім беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік
білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы пәнді орта мектепте үздіксіз білім беру
тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдамада білім беру жүйесін
демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құралған.
Мұнда оқушы өз бетімен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект
болса, мұғалім осы қызметтің тиімді ұйымдастырылуына, нәтижелі болуына
жауап беретін, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық
мәселені шешуге бағытталуы керек:
1) Компьютер-оқыту обьектісі;
2) Компьютер-уневерсал таным құралы.
Оқушы таным субьектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі
толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны мынадай үш кешенді
мәселелердің төңірегінде шоғырланған: біріншісі – компьютерлік техникамен
танысу, оның негізгі элементтері менжалры жұмыс істеу принциптерімен
танысу; екіншісі – алгоритмдеу және програииалау негіздерін оқып үйрену;
үшіншісі – информатиканың қолдану шеберін анықтау.
Мұнда оқыту моделі оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған:
мақсат – мотив – қызмет – рефлекция – теориялық білім өнерімен анықталатын
түрі таңдалынып алынады.

Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің
барлық буындарында білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие
беру ісін жаңа сатыға көтеруде, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап
етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі
әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді. Ал,
бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту
әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және
даму тарихын тереңірек зерттеуді керек етеді. Орта мектептерде информатика
курсын оқыту мәселелері 1950 жылы Жаңісібір қаласының бірқатар
мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкерлері бағдарламауды дайындайды.
1970 жылы Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютемен жұмыс
істейтін мамандарды дайындайды. 1970 жылдардың соңына қарай микро ЭЕМ-
дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногордский,
Ю.А.Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы
кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі
бағыттары белгіленеді. 1985 жылы Информатика және есептеуіш техника
негіздері пәні бағдарламасы түзіледі. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов,
В.М.Монохов, А.А.Кузнецов, Я.Э,Гольц, М.П.Лапчик және т.б алғашқы
информатика оқулығы шықты. 1985 жылы 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде
жапай информатика негіздерін оқыту, 1985 жылы жаңа оқу жоспары бойынша
педогогикалық институттарда информатика мұғлімін даярлау басталады. 1986
жылы Информатика и оброзование журналы шығып, 1986 жылы информатика
оқулығына байқау жарияланды. 1987 жылы информатиканы оқыту әдістемесінен
М.П.Лапчиктің кітабы жарық көреді. Байқау негізінде информатикадан
А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В,Г,Житомирский, В.А.Койманның басқару авторлар
ұжымы алғашқы буын оқу құралы дайындады. Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жылы
А.П.Ершов, В.Н.Моноховтың Информатика және есеп техника негіздері атты
оқулығы бойы жүргізілгендігі белгілі. Ал, 1998 жылдан бері сыныптарға
арналған информатика оқулықтары мемлекеттік стандартты, типтік бағдарлама
жазылып оқу үрдісіне кеңінен еңгіілуде. Енді информатика курсының тақырыпты
оқыту әдістемесін қарастырайық. Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе
мақсаты. Пәнеге деген қызығушылықты қалыптастыру, бекіту; информатиканың
жалпы мазмұны таныстыру; компьютер сыныбындағы жүргізілетін жұмыс ретімен,
ережелерімен танысу т.б. Кіріспе бір рет информатиканың үш құрымдас
тізбегі. Ақпарат компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түрлері мысалдарымен
түсіндіріледі. Ақпраттық үрдісті түсіндіру үшін де алдымен оларға мысалдар
жүргізіліп, келтіріліп, қорытынды да оның белгілеріне сүйене отырып
анықтама беріледі. Айта келетін мән ақпаратты тұтыну, қолдану бұл да
ақпараттық болып табылады. Кіріспе бөлімі оқушыны компьютер мүмкіндіктері
туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқу авторларының
концепсиясын көруге болады. Мен, ақпарат, алгоритм, компьютер ұғымдары
беріледі. Компьютер құрылысын оқыту әдістері. Компьютер құрылысы негізгі үш
бөліктен тұрады. Олар жүйелік блок, монитор, пернелік тақта және осылардың
қызметі жөнініде айтылады. Перне тақтаның жазу машинасына ұқсастығын
айтады, мұндағы негізгі айырмашылық қосылады пернелердің бірі қызметінде
деп түсіндіру керек. Алғаш сабақтарда барлық пернелердің қызметін барлығын
айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарлама қатысты өзгеріп отыратын
перне қызметңі (F1 өйткені олардың қызметі туралы экранның төмен жағында
қысқаша мәлімет беріледі). Диск ұяшықты өткенде, оның дискетті дұрыс еңгізу
және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн. Үрдіде барлық әрекеттер
түрленіп орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер
құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы
және олардың қызметі, олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады.
Компьютердің ішкі, сыртқы қосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан
алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе
оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Мәтін қалай
жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі. Операциялық жүйені оқыту
әдістемесі. Компьютер жұмыс істеуі үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі
операциялықжүйе жіктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін Microsoft фирмасы Disc
Operation Sustem MSDOS операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі.
Дискідегі каталогтар тізімін шығару
Dir Бағдарламаны көшіру Copy мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап
шығу Туре ,бағдарламаны орындауға жүктеу. Дербес компьютердегі операциялық
жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу ең алдымен
Del Rename нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық жүйелердің
бұйрықтарын оқушылардың компьютерге орындайтын іс-әрекетіне сәйкес
келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті.
бағдарламаны дисктен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т.с.с.
жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда олар
мұғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі.
Оқыту әдісі- мұғалім оқушы компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап
көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді. Norton Commander қабық
бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander көмегі арқылы операциялық
жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені NC – де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz