Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы
ӘОЖ 371.132 Қолжазба құқында
ШАВАЛИЕВА ЗУЛЬФИЯ ШАВАЛИЕВНА
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2010
Жұмыс Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында орындалды
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Жұматаева Е.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Аганина Қ.Ж.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Шаушекова Б.Қ.
Жетекші ұйым: Еуразия гуманитарлық институты
Диссертация 2010 жылғы _____ ______________ сағат ______ Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық
кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет
көшесі, 28 үй, бас корпус, 1-ші кеңейтілген дәрісхана).
Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады (Қарағанды қаласы,
Университет көшесі, 28 үй).
Автореферат 2010 жылы ______________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Н.Ә. Мыңжанов
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі заман қоғамының сұранысы және
еліміздің жаңарған идеологиясы жас ұрпақтың табиғатты қорғауға әзірлігін
дамыту қабілетін мектептен бастап жаңа сапаға көтерілуіне міндет қойып
отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны қорғау
әрбір қазақстандықтың абыройлы мақсат-міндеті болып саналатыны атап
көрсетілген. Онда мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы
қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды, - делінген. Ата заңымыздың
басты талаптарының бірі – табиғат қорғауды күшейтіп, табиғи қорларды тиімді
пайдалануды жолға қою болып табылады. Осыны негізге алған республикамыздың
экологиялық білім жүйесі мен табиғат қорғау қоғамдары, мекемелері өндірісті
ұйымдастыру ісінде экологиялық талаптарын орындауды, білім жүйесінде ел
болашағы жастарды,-жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеуге баса назар
аударады.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты
өркендету, шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа
аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты.
Шәкіртті мектепке алғаш қадам басқаннан бастап, өзінің ата - анасын,
ұстаздарын құрметтеп сыйлауға, айнала қоршаған табиғатты, туған өлкесін
сақтап-қорғауға, сол арқылы адамгершілік мінез-қасиетті орнықтыруға баулу –
мектептің қоғам алдындағы атқаратын қызметі. Қазіргі мектептің бүгінгі
күннің өзекті міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа экологиялық білім беріп,
қоршаған табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Экологиялық білім беру
педагогика ғылымдарындағы бағыт жастарға жалпы орта білім берудің құрамдас
бөлігі болып саналады. Қазіргі кезде мектептер жастардың бастауыш сыныптан
бастап, өз іс-әрекетінің саналы болуына, экологиялық білімінің білім
мазмұны арқылы экологиялық танымның оңтайлы болуына қолайлы жағдай
туғызылуы көзделеді. Мұнымен бірге ол табиғатты қорғауға көмек берерлік
халықтың тарихындағы игі дәстүрлерді жаңғыртуға, оны күнделікті өмірде
тәжірибеге қолдана алуға мектеп қабырғасында дағдыландыру мәселелеріне
назар аударған жөн.
Қоршаған ортаны аялай білу қажеттілігін, біздің бар ғұмырымыздың
табиғатпен тығыз байланыстылығын ерекше атаған ғұламалар әлемде көп. Ал
біздің өлкенің тарихына үңілетін болсақ табиғатты тану, қоршаған ортаны
қорғау бағыттарына ерекше назар аударып, экологиялық тазалығын сақтауды өз
еңбектері арқылы көрсеткен Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет
Иасауи, Махмұт Қашқари, т.б.
Экология мәселесі-адамзатсыз мәселесін шешуге бағдар жасалып жүр деген
тұжырым ашық айтылып келеді. Табиғатты сақтау арқылы ғана адамзат өзінің
болашағын жасай алатыны айқын аңғарылды. Міне, осы бағытты айқындап,
көкейкесті мәселемен тікелей айналысқан ойшылдар қатарында Э.В. Гирусов,
Н.М. Мамедов, Н.Н. Моисеев, Т.И. Тарасова, Н.Ф. Реймерс және т. б.
Экологиялық білім беру саласында педагогикалық зерттеулер негізінде
танылған А.Г. Асмолов, И.Ю. Алексашин, Л.Н. Балясной, А.К. Бруднов,
Я.И. Габев, В.А. Горский, С.Н. Глазачев, Е.Б. Евладова, А.Н. Захлебный,
И.Д. Зверев, В.А. Игнатов, Б.Т. Лихачев, Л.В. Тарасов, Н.В. Шкарбан
сияқты ғалымдардың мектептерде экология пәнін қалай ұйымдастыру керектігін
айқындап, негізін қалап кеткендігін атау орынды.
Экологиялық ғылым мен білім жүйесінің дамуына көз жіберетін болсақ
теориялық ілімдердің бірте-бірте әдістемелерге айналып, тәжірибелерге
негізделгендігін аңғарамыз. Алғашқы кезеңде адам мен табиғаттың
байланысының тиімді тұстары, табиғатты қорғаудың қандай мүмкіндіктері бар
деген сауалды ойлар талқыға салынса, уақыт алға оза келе адамның
экологиялық ахуалды қоршаған ортаны терең ұғынуын қалыптастыруға
бағытталған ілімдер пайда болды. Экологиялық ілімнің қоғамдық рөлі
айқындалды. Бұл саланың тәрбие ісіндегі алар орны тілге тиек етілді.
Мәселен, экологиялық білім берудегі қоғамдық және адамгершілік аспектілер
және басқа ғалымдардың еңбектерінен орын алды. Олар экологиялық білімнің
белгіленген ғылыми орталар үшін емес, жалпы адам қоғамының бар саласын
қамтуы тиіс екендігін дәлелдей білді. Бұл білім-біліктіліктің түп-тамыры
балалардан бастау алатындығына да жете назар аударыла бастады. Алғашқыда
экологиялық білімнің қосымша сабақ ретінде жүргізілуі туралы ой қозғаса,
кейіннен экологиялық білімнің көпшілікке міндетті бағыт екендігі алға
тартылды.
Аталып отырған мәселе бірден елімізде де өріс алғандығын, балаларға
туған табиғатты тану, экологиялық ахуалды терең түсіну бағытында тәрбие
жұмыстары ғылыми негізде, белгіленген бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып
келеді. Қоршаған ортаның болмысын тануға арналған оқулықтар мен тәрбиелік
әдістемелерді әзірлеу ісімен айналысатын республикамызда келелі ғалымдар
легі келді. Осындай бағытта ғылыми еңбектерімен танылған
И.О. Байтулин, Ж.И. Балтагулова, А.С. Бейсенова, К.З. Бекенов, А.Б.
Бигалиев, С.К. Кожаева, С. Қоянбекова, М.А. Кудайкулов, Г.М. Сабденалиева,
М.Н. Сарыбеков, А.Г. Сармурзина, Н.Т. Торманов, Б.Қ.
Шаушекова, т.б. экологиялық білім саласында жалпы теориялық және
әдіснамалық аспектілерін жасады.
Экологиялық білім беруге мұғалімдерді даярлау проблемасына мына
зерттеушілердің еңбектері арналған: А. Ақылбеков, Т. Алимбаев, Г.К.
Длимбетова, М.Н. Сарыбеков, А.С. Бейсенова, М.А. Лигай, А.А. Сотников,
И.П. Сафронов, К.У. Темиров, К.Б. Тлебаева, т.б. Экологиялық білім
тұжырымдамасының бастауыш мектеп деңгейде даму проблемасы бірқатар
ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан (Ш.К. Арзымбетова, А.К. Егисинова,
Н. Есеналина, В.П. Карибжанова, Л.П. Салеева, Р.В. Степанец, Л.П. Симонова,
Т.И Тарасова, т.б.). Оқушыларға арналған экологиялық білім беру
проблемалары бойынша жазылған оқу құралдар да бар (С.В. Алексеева, М.П.
Ротанова, Н.Н. Родзевич, И.Т. Суравегина, И.В. Цветкова,
Н.М. Чернова, т.б.). Осы зерттеулер мен ғылыми тұжырымдардың уақыт алға
жылжи келе сараланып жалпы экологиялық тәрбие жастарға экологиялық білім
беру деген тұжырымнан сараланып келіп, балалардың өзіне жас шамасына орай
жеке топ бойынша білім беру мәселесіне келді. Яғни, экологиялық білім беру,
қоршаған ортаға деген көзқарасты дамытуда әр жастағы балалардың санасы мен
ой-жүйесінің дамуына орай сұрыптап дамытқан ілімді қажет
етіп отыр. Бұл ілім біздің елімізде де ұлттық ерекшеліктер мен жас
жеткіншектердің ой-өрісіне орай дамуына қолайлы жағдай туғызу көзделеді.
Сонымен, ғылыми-зерттеулерге жасаған талдауларда авторлар өздерінің
зерттеу нысанына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын,
олардың зерттеу нәтижелерінің практикада кең көлемде қолданылып жүргенін,
сондай-ақ, олардың тұжырымдарын қолдай отырып, біздің зерттеу проблемамызға
қатысты қажетті бағыттарды аңғаруға болады. Жастарға экологиялық білім мен
тәрбие беру мәселелерін зерттеу барысында экологиялық білім берудің негізі
бастауыш сынып оқушыларының түсінігін парасатты іс-әрекетке бағдарлаудың
табиғи жолы жеткілікті зерделенбегені байқалды. Біз парасатты дамытарлық
экологиялық білімді жетігуге және оның даму барысына жете көңіл бөліне
бермегені бүгінгі күннің проблемасын туғызды демекпіз. Тәуелсіздікке
қолымыз жеткеннен бастап табиғитты қорғау жолындағы жасандылықтан қорғаудан
табиғилық, ұлттық мәртебеден туған экологиялық парасатты іс-әрекетке көшуге
мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып келеді, Бірақ бұл мәселе
экологиялық білім беру үдерісінде уақыт талабына сай жетілдірілуге тиіс.
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің қажеттілігі мен
бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беру дамуының ерекшеліктерін
жеткілікті есепке алынбауы арасындағы басты қарама-қайшылық анық байқалады.
Осы тұрғыдан алғанда бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің
дамуы парасаттылық тұрғысында зерделенбеуі мен тәуелсіз Қазақстан
Республикасының кеңістігіндегі бұл мәселенің шешілу үдерісіндегі
жетістіктер мен кемшіліктердің айқындалмауы және проблеманың білім мазмұны
арқылы жеткіліксіз қарастырылуы арасында; жетістіктердің топтастырылып,
бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беру дамуының қажеттілігі
арасында қайшылықтар бар екені байқалады. Аталған қайшылықтар өзара
байланысты және олардың шешімін бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық
білім берудің дамуын парасатты іс-әрекет арқылы теориясын негіздеу және
тәжірибелік іздену негізінде мазмұны мен іске асыру жолдарын анықтау арқылы
қарастыруға болады.
Сондықтан, мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуын
айқындауға бағытталған зерттеу жүргізуге және тақырыпты Бастауыш мектеп
оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны – бастауыш мектеп оқушыларына білім беру үдерісі.
Зерттеу пәні – бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беру
үдерісі.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім
берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуы теориялық тұрғыдан
негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық
білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуы теориялық
тұрғыдан негізделіп ұтымды пайдаланылса, білім мазмұны экологиялық парасат
тұрғысында іріктелсе, онда бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық
парасатын арттырады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үдерістің
тиімділігін қамтамасыз етіп, оқушылардың экологиялық дамуына мүмкіндік
береді.
Зерттеудің міндеттері:
1. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық
парасатты іс-әрекет арқылы дамуын теориялық негізінен анықтау;
2. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы
экологиялық білім берудің үлгісін құру;
3. бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы
экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдарын анықтап өңдеу;
4. ұсынылған бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет
арқылы экологиялық білім берудің үлгісі мен іске асыру жолдарының
тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы
табиғат, қоршаған орта туралы білімді меңгерген, сондай-ақ, осы салада
практикалық дағдыларды игерген, оны күнделікті іс-әрекетте қолдана білетін
экологиялық тұрғыдан дамыған бастауыш мектеп оқушысының тұлғасын
қалыптастыру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: халықтың
дүниетанымындағы философиялық ой-түйіндер, таным теориясы, адам мен
қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы философиялық ілімдер, экологиялық
білім мен тәрбие беру туралы педагогикалық тұжырымдар, адам – қоғам –
табиғат жүйесіндегі диалектикалық байланыстар, жеке тұлғаның іс-әрекет
теориясы.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасына байланысты философиялық,
педагогикалық, психологиялық ой-пікірлер, Қазақстан Республикасы үкіметінің
ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, тұжырымдамалар, т.б.),
жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу
бағдарламалары, оқулықтар мен қосымша оқу құралдары, оқу-әдістемелік
іс-тәжірибелері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік,
философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау;
мектеп құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама және т.б.)
танысу, мектеп жұмысы нәтижесін салыстыру, сауалнама, әңгімелесу,
педагогикалық бақылау, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді
саралау, педагогикалық үлгілеу, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент,
статистикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
- бірінші кезеңде (2003-2004 жылдар) зерттеу тақырыбы белгіленіп,
зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Тақырып бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттер талданып,
нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларына парасатты іс-әрекет арқылы
экологиялық білім берудің теориялық негіздері анықталды.
- екінші кезеңде (2005-2007 жылдар) бастауыш мектеп оқушыларына парасатты
іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдары
анықтап өңделді, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар ұйымдастырылып
мектептерде жүргізілді.
- үшінші кезеңде (2008-2010 жылдар) теориялық негізде жүргізілген
тәжірибелік жұмысы жалғастырылып, алынған мәліметтер статистикалық жағынан
өңделді. Зерттеудің нәтижелері талданып, қорытындылар, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудің негізгі базасы: Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы
қазақ гимназия-интернаты, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10
мамандандырылған мектеп, Ақсу қаласындағы №3 гимназия.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық
парасатты іс-әрекет арқылы дамуы теориялық негізінен анықталды;
- бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы
экологиялық білім берудің үлгісі құрастырылды;

экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдары анықталып өңделді.
- ұсынылған бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет

тиімділігі дәлелденді.
Зерттеудің практикалык мәнділігі:

экологиялық білім берудің бағдарламасы қарастырылды;
- мұғалімдерге арналған Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім
берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы дамуы атты арнайы семинар
ұйымдастырылды;
- зерттеу қорытындылары негізінде дайындалған әдістемелік материалдар
бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты
іс-әрекет арқылы дамыту мақсатында сынақтан өткізіліп, оқу-тәрбие процесіне
енгізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлділігі мен негізділігі:
Диссертацияның мазмұны теориялық-әдіснамалық тұрғыда дәйекті
дәлелденуімен, зерттеу пәніне сай тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануымен,
бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық
негіздерімен, бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беру үдерісінде
экологиялық парасатты іс-әрекетті ұйымдастыру маңыздылығымен, білім
мазмұнынан құндылықтарды іріктеудің мәнімен, бастауыш мектеп оқушыларына
экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы даму
үлгісімен қамтамасыз етілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

парасатты іс-әрекет арқылы дамуының теориялық негіздері;

экологиялық білім берудің үлгісі;

экологиялық білім берудің мазмұнымен іске асыру жолдары;

тиімділігінің нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерінің талқыланылуы және жүзеге асырылуы: зерттеудің
негізгі тұжырымдары мен қорытындылары, халықаралық (Павлодар, 2006, 2008,
2009; Көкшетау, 2006; Өскемен, 2008; Новосибирск, 2008; Орал, 2009;),
республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық (Павлодар, 2005, 2008;)
конференциялар мен ғылыми кеңестерде баяндалды және талқыланды; Бастауыш
мектеп (2006), Білім – образование (2006), Қазақстанның педагогикалық
хабаршысы (2006, 2010), Қазақстан мектебі (2007), ПМУ хабаршысы
(2007), КарМУ хабаршысы (2007) журналдарында жарық көрді. Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институтының 12 жылдық мектепке арналған
педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру
бөлімі Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің парасатты іс-
әрекет арқылы дамуы арнайы семинар бағдарламасы еңгізілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімдері және қосымшалардан
тұрады.
Кіріспе диссертация тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, ғылыми
аппараттың сипаты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері қарастырылды.
Әдіснамалық негіздері анықталып, жетекші идея құрылды, зерттеудің ғылыми
жаңалығы, теориялық және тәжірибелік мәні анықталып, кезеңдері мен әдістері
көрсетілді. Қорғауға ұсынылған тұжырымдар түзілді, зерттеу нәтижелерінің
сынақтан өтуі мен ендірілуі сипатталды.
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық
негіздері деп аталатын бірінші тарауда бастауыш мектеп оқушыларына
экологиялық білім берудің парасаттық ұстанымның теориялық негіздері
зерделеніп, экологиялық білім берудің зерттелу барысы айқындалды. Бастауыш
мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-
әрекет арқылы дамуы теориялық негізінен анықталды.
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы
экологиялық білім берудің үлгісі жасалды.
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім беруді экологиялық
парасатты іс-әрекет арқылы іске асыру тақырыбындағы екінші тарауда
бастауыш мектеп оқушыларына парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім
берудің мазмұнымен іске асыру жолдары анықталды. Ұсынылған бастауыш мектеп
оқушыларына экологиялық білім берудің экологиялық парасатты іс-әрекет
арқылы даму үлгісі мен іске асыру жолдарының тиімділігін эксперимент арқылы
тексеру нәтижелері баяндалды.
Қорытындыда ғылыми зерттеудің нәтижелері бойынша жасалған тұжырымдар мен
ұсыныстар жасалды.
Қосымшада тәжірибелік жұмыстың үдерісін және нәтижелерін сипаттайтын
материалдар беріледі.
Негізгі бөлім
Жаңа мыңжылдықта ғылым мен техниканың, мәдениеттің шарықтау, биікке
көтеріліп, адамзаттың қол жеткізген табыстары өркениетті қоғамның іргетасын
бекіте түскені ақиқат. Адам баласының алдындағы басты мақсат – жер әлемнің
амандығын, экологиялық ахуалдың бүтіндігін сақтау. Экологиялық білімді
барлық мектепте өтілетін білім мазмұны арқылы меңгертуге мүмкіндігіміздің
бар екені анық. Бірақ, экологиялық білім арқылы бастауыштан бастап
оқушылардың жалпы парасатты іс-әрекетінің ұстанымын, санасын білім беру іс-
әрекетінде дамыту өз мәнінде жете жүзеге асырылмай келеді. Бұл орайда,
шығыс, қазақ данышпандарының ізгілікті ұстанымын, сананы дамытуға мүмкіндік
туғызар тұжырымдарын мұғалімдер меңгеріп, оны білім мазмұнына ұтымды
қабыстыра алуы көзделеді.
Қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғатты аялайтын жас ұрпақтың
білімі мен тәрбиесіне көңіл бөлу–басты шарт. Тұлғаға білім, тәрбие берудің
маңызды мәселенің бірі оқушыны азамат, патриот, өз еліне, жеріне жауапты
адам ретінде қалыптастыру. Ауқымы кең экологиялық білім беру аясына
көптеген бағыттар енеді. Оқушыларға экологиялық білім беру табиғатқа,
Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілікті қалыптастыруға
бағытталады. Тұлғаның қоршаған ортаға, табиғатқа қатынасын білдіретін
адамның экологиялық сауаттылығы, экологиялық мәдениеті, экологиялық
тұрғыдан мінез–құлық пен іс–әрекеті адамның экологиялық парасаттылығын
анықтайды.
Экологиялық парасат өмірімізге соңғы кезеңдерде енген салыстырмалы
тұрғыдағы тың мәселе. Ол адамзаттың жаһандық экологиялық дағдарысқа әкелген
қауіп-қатерімен тығыз байланысты. Өкінішке қарай, адамдардың шаруашылық іс-
әрекеттерінің себебінен әлемдік деңгейде қоршаған орта қатты ластанып,
тұрғындар денсаулығына үлкен қауіп төніп отырғанын, оның залалдарын айқын
көріп жүрміз. Табиғатты және оның ресурстарын дұрыс пайдаланбаудан, оның
әлемдегі орнын дұрыс түсінбеуден адамзатқа деградация және құрып кету қаупі
төніп тұр. Эколог-ғалымдар экологиялық қауіп пен қатердің өткір мәселелерін
барынша алға тартып, неғұрлым ертерек дабыл қақса, жұртшылық та соғұрлым
ертерек өздерінің қияс басқан іс-әрекеттерінің нәтижелерін қайтадан қарайды
және мақсаттарын түзейтін болады. Былайша айтқанда, адамдар бұл тірлікте
табиғаттың ғана арқасында тірлік етіп отырғандарын, оның қаншалықты қажетті
құндылық екенін тереңнен зерделеп, экологиялық тұрғыда жіберген қателерін
жылдамырақ түзетуге бет бұруы керек. Міне, экологиялық парасат жеке
тұлғаларға осындай мүмкіндіктер туғызады, санасына ой салады, қоршаған
ортаға ұқыптылығын, жауапкершілігін арттырады. Бірақ экологиялық парасат
проблемасы әлі толық зерттелген жоқ: бұл тақырыптағы әдебиеттер санаулы
ғана, тек бірді-екілі ғана белгілі ғалымдар осы салада зерттеу еңбектерін
жазған.
Адамзат ойшыл–даналардың экологиялық парасат мәселенің дамуына қосқан
үлесінің ерекше орын алуына негізделіп біз келесі кестені жасадық (кесте
1).
Кесте 1 - Экологиялық парасат туралы ой-пікірлердің дамуы
Ойшыл даналар Экологиялық парасат туралы негізгі ой-пікірлері
Әл Фараби Табиғат пен адамның және қоғам үйлесімінің болып
келуіне адамның жоғары санасы – парасаты негіз болады.
Ибн Сина Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі. Бұл
көзді реттеу, иемдену үшін табиғатты білу керек, ол
үшін білім мен таза еңбек қажет, қорғау, аялау керек
деген ойлар.
Ж. Баласағұн Ізгілік – экологиялық парасатты іс-әрекетті дамытудың
негізі ретінде.
М Қашқари Жастарға білім мен ізгілікті тәлім-тәрбие беруді,
оларды қоршаған әлеуметтік орта мен табиғат
құбылыстарын танып-білуге баулуды баланың сана-сезімі
ояна бастаған кезден бастау керектігін дәлелдейді.
Қ.А.Иасауи Экологиялық парасатты іс-әрекетте дамыту үлгісін
пәлсапалық пайымдар тұрғысында зерделеп ұсынған.
Я.А.Коменский Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам табиғаттың бір
бөлігі және оның заңдылығына бағынуы керек деген
тұжырымдамасы.
Ж.Ж.Руссо Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат
балалық шақты жағымды жағынан ұзартып, адамның пәктік
сезімін аялайды - деген ой–түйіні.
К.Д.Ушинский Мектепте табиғатты ескермей оқытуға келмейді. Парасатты
қалыптастыруда табиғаттың тәрбиелік күшіне ерекше мән
берген.
Ш.Уәлиханов Өз ұрпағының табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке
баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары
бағалаған.
А.Құнанбаев Табиғатсыз адамның өмірі жоқ екенін түсініп, ұдайы өзін
табиғат өнімі екеніне жақсы сезіммен рахмет айтуы, риза
болуы, ризасыз табиғатты сүюі.
Ш. Құдайбердіұлы Ізгіліктің негізі ақыл мен парасат, адамның
адамгершілік қасиеттерінің маңыздылығы.
Тұлғаның экологиялық парасатын тәрбиелеу әр заманда жастарға білім
берудің негізгі құралы болып келеді. Экологиялық білім алуға және ғалымға
деген ұмтылыс халық санасынан тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат
пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін,
түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек
парасатты адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Оқушылардың
ақыл-ой күштерін, экологиялық ойлауын дамытуда және экологиялық мәдениетін
дарытуда экологиялық парасатты қалыптастыруға жағдай туады.
Тұлғаның қоршаған ортаға деген адамгершілік қатынастың көрінісі –
табиғатқа жауапкершілікпен қарау. Яғни бұл адам өмірін анықтайтын табиғат
заңдарын түсінуді білдіреді. Ол-табиғатты пайдаланудың құқықтық және
адамгершілік принциптерін бақылауда, ортаны қорғау және меңгерудің белсенді
жасампаз қызметінде, табиғатты дұрыс пайдаланудың идеяларын насихаттауда,
қоршаған табиғатта зиянды саналатындардың барлығымен күрес кезінде
байқалады. Осылай оқыту мен тәрбиелеу жағдайында табиғат пен адам
арасындағы қарым-қатынасты меңгеруге, жақсартуға бағытталған оқушылардың
өзара байланысқан ғылыми, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және
тәжірибелік қызметтерінің ұйымдары атсалысады. Қоршаған ортаға деген
жауапкершілікті арттыру, қалыптастыру-болашақ ұрпақ үшін жасалатын
адамгершілік тұрғыдан қамқорлық.
Экологиялық білім берудің теориялық негіздеріне сүйене отырып біз
экологиялық парасаттың алатын орнын анықтадық (сурет 1).
Сурет 1 – Тұлғаның экологиялық парасаты
Тұлғаның экологиялық дамуының жоғары деңгейі, экологиялық білім берудің
нәтижесі ретінде экологиялық парасатты атауға болады. Экологиялық парасат-
өркениетті адамдық қасиеттің көрінісі-экологиялық сабыр-салауаттылық,
білімдарлық, үлгі-өнеге көрсететін адам бейнесіндегі қадірлі қасиет.
Парасат тұлға дамуының негізі болып табылады. Экологиялық парасатсыз
дүниеге адамгершілік көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек
нәтижесі, экологиялық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және
қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу,
қоғам өмірінің, табиғатты қорғау құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу
мүмкін емес. Яғни, экологиялық парасат–адам зиялылығының негізі.
Экологиялық парасат оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда ерекше
орын алады. Мұның негізінде оқушы әлем танымдылығын түсінеді, табиғат пен
қоғам дамуының заңдарын ұғынады.
Зерттеу барысында біз экологиялық білім берудің және тұлғаның
экологиялық тәрбиелігінін жоғары деңгейіндегі көрінісі, белгісі ретінде
экологиялық парасатын анықтадық. Экологиялық білім қорын жинаудың жоғары
деңгейіне жетуде оқушылардың жеке мақсаттылығы үлкен рөл ойнайды. Оқушының
мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны парасатты іс-әрекетке итермелеуші
себептермен экологиялық біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни,
экологиялық білімдерді игеру жолындағы біліктер, парасатты жігерге және
ұзақ парасатты іс-әрекетке дағдылану қажет. Оқушыларға экологиялық білім
беру, оларды айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортаны қорғауға, аялауға
тәрбиелеу іс-әрекетін парасатты пайымына негізделеді. Бұл тұжырымдардан
ұғарымыз оқушылардың экологиялық білімін парасатты іс-әрекетке негіздеудің
қажеттілігі айқын көрініп тұр.
Табиғатты қорғау, экологиялық тазалық үшін күрес нәтижесі экологиялық
білімді, ғылымды өркендетпейді. Табиғаттың болашақ өрісі жас ұрпақ
білімінің жетілуінде және белсенді парасатты іс-әрекетте болуында.
Экологиялық білім берудің аса маңызды шарты–балалардың өз іс–әрекетінің
қоғамдық пайдалылығын сезіну, табиғатты шынайы әрекеттер, жұмыстар арқылы
қорғауға және оған жауапкершілік қатынасын қалыптастыру. Егер оқушылар өз
еңбегінің табиғатқа, қоғамға пайдалы және қажет екендігін көрсе, онда ол
жұмысты беріліп істейді. Сондықтан қандай болмасын іс–әрекетті бастар
алдында, оқушылар оның маңыздылығын, парасаттылығын жете түсіну керек.
Іс-әрекет оқушыға қоршаған ортаны танып білуіне, өзінің тұлғалық
потенциалын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектеседі. Іс-әрекет
әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,
өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып
тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие
болу сияқты субъект ұстанымдарын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны
қамтамасыз етеді. Іс-әрекет оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға
жетелейтін педагогикалық үдерістің қарама-қайшылықтарын шешу үшін
мүмкіндіктері мол. Іс-әрекет белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын
меңгеруі, оқу барысындағы тиімсіз жақтар жөнінде оқушыдан кері
ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге
мүмкіндік жасайды: оқушының қасиет-қабілеттерін өз мәнінде дамыту үшін
маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Экологиялық іс-әрекет оқушыларды табиғатқа сүйсінуден сүюге,
адамгершілік сұлулығына жетелейді. Оның қайталанбас бағалылық ретіндегі
әрбір аймағын, құбылысын сақтауға жауапкершілік сезімін оятып, табиғатқа
мейірімді болып, парасатпен қарау ниетін орнықтырады. Біздің пайымдауымыз
бойынша, экологиялық парасатты іс-әрекет тұлғаның әлеуметтік-табиғи
сипаттамасы болып табылатыны және оны іске асыру тетіктері ретінде
экологиялық ойлау, экологиялық қатынас, экологиялық сезім, экологиялық
қызығушылық, экологиялық көзқарас, экологиялық құндылықтарды айқындаймыз.
Экологиялық білім берудің әр түрлі қызметтерін атқара отырып іс-
әрекеттің түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады. Экологиялық іс-
әрекеттің түрлері (танымдық, қоғамдық, бағалау, ойын, еңбек) оқушыларға
шынайы өмірдің экологиялық мәселелерін көруге, табиғатты қорғаудың білік
пен дағдыларды қалыптастыруға, экологиялық білімдерді белсенді қолдануға
және психологиялық тұрғыдан табиғатты аялау жұмыстарға әзір болуға
мүмкіндік туғызады. Экологиялық білім берудің әртүрлі қызметтерін іске
асыра отырып, іс-әрекеттің түрлері бір-бірін толықтырады.
Теориялық талдау және өзіміздің пайымдау негізінде біз экологиялық
парасатты іс-әрекет арқылы экологиялық білім берудің үлгісін жасадық
(сурет 2).
Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық парасатты іс-әрекеттің
ұйымдастыруы бірқатар педагогикалық жағдайлармен байланысты. Педагогикалық
жағдайлар – бұл тұлға қалыптасуына бағытталған педагогикалық үдерісті іске
асыруды қамтитын өзара байланысты педагогикалық факторлардың оптималды
жиынтығы. Осы анықтаманы негізге ала отырып, біз экологиялық парасатты іс-
әрекеттің тиімділігін қамтитын педагогикалық жағдайларды анықтадық:
- баланы экологиялық іс-әрекетке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
- балалардың экологиялық әрекеттердің қоғамдық мағынасы және тәрбиелік
негізі болуына;
- экологиялық тапсырмасын орындағаннан кейін нәтиже оқушының сенімін
қуаттануына, қуаныш сезімін артуына;
- экологиялық іс-әрекет оқушылардың психикалық және физиологиялық
ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына;
- бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық іс-әрекетін ойынмен
ұштастыруға;
- аймақтың, ортаның өзіне тән түрлі ерекшеліктерінің назарға алуына;
-ұлттық ерекшеліктер, халықтың салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының
өзгешеліктерінің еске алуына;
-бастауыш сынып оқушыларының оқу бағдарламасына сәйкес талаптардың
жүзеге асырылуына.
Осы сияқты жағдайларды, талаптарды экологиялық білім беруде ұтымды
пайдалану мұғалімнен іскерлік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Сурет 2 – Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет
арқылы экологиялық білім берудің үлгісі
Бастауыш мектептің білім беру үдерісінің мазмұны мен әдістемесіне
экологиялық білім беретін материалдарды ендіру жолдарын біртұтастық жүйеде
қарастырылуы тиіс. Оқу пәндер негізінде және сыныптан тыс жұмыстарда
экологиялық білім беретін материалдарды тиімді пайдалануда туған жер
табиғатын және оның байлықтарын сүйіспеншілікпен тәрбиелеуді қамтамасыз ету
мен бірге экологиялық парасатты іс-әрекетті ұйымдастыру қажет. Өйткені,
оқушы алған білімдер, біліктерді толық және жете меңгеру үшін ол іс-әрекет
арқылы алған білімдерді сіңіріп, тәжірибеде қолдану керек.
Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық парасатын қалыптастыруға,
экологиялық парасатты іс-әрекетте қатысу арқылы экологиялық дамуына
мүмкіндік беретін оқу пәндерінің бір қатар тақырыптары бар. Бастауыш мектеп
оқушыларына экологиялық білім экологиялық парасатты іс-әрекет арқылы беру
табиғаттану пәнінің маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс. Оқушылар
қоршағанмен, табиғаттағы адамның еңбек әрекетімен таныса отырып, адам
әрекеттерінің болып жатқан өзгерістеріне, оның қандай пайдалы немесе зиянды
жақтары болатынына осы пән арқылы көздерін жеткізуі тиіс.
Экологиялық білімді берудің басты құралы – оқыту. Бастауыш сыныптарда
теориялық білім жетекші рөль атқарады. Оқушылар экологиялық жұмыстармен
айналысып, бақылаулары арқылы ұғым, анықтама шығарып, экологиялық
білімдерді тәжірибеде қолданады. Бастауыш мектепте оқытуды ұйымдастырудың
негізгі формасы сабақ болып келеді. Оқушыларға экологиялық білім беруді
дамытуды қамтитын оқу пәндерінің мүмкіндіктері мол. Экологиялық
мазмұнындағы материалдар бастауыш мектепте оқытудың құралы болады. Өйткені,
сабақ барысында олар оқушылардың экологиялық білім, білік, дағдыларды
қалыптастырады, экологиялық ойлау қабілетін дамытады, экологиялық
әрекеттерде болуға тартады, табиғатты қорғау, аялау, жанашырлықпен қарау
сенімдерді тудырады, экологиялық көзқарастарды қалыптастырады. Сөйте-сөйте
оқушылардың экологиялық сауаттылығы, экологиялық санасы қалыптасып,
экологиялық мәдениеті жетіледі.
Табиғат пен қоршаған орта туралы мағлұматтар беріліп, ана тілі,
дүниетану, сурет, ән-күй, еңбекке баулу сабақтарында оқушының осы саладағы
дүниетанымы кеңейе береді. Бастауыш сыныптағы білім беру мен оқыту үдерісі
көп жағдайда, ойын элементтерін қолдану, айналамен таныстыру бала танымына
жақын заттар арқылы жүргізіледі. Табиғатты оқытып үйретуде мұғалімдер тек
қана сыныптағы сабақпен шектелсе, онда оқушылардың білімін бір жақты етеді.
Ол міндетті түрде сыныптан тыс жұмыстың, мектептің негізгі міндеттерін
шешуге көмегі тигізетін алуан түрлерін қолдануы тиіс.
Білім беру үдерісінде экологиялық ой-тұжырымдар жасау баланың қоршаған
табиғи орта мен өмір сүріп отырған қоғамында дамуына қолайлы жағдай
туғызып, оларды бір-бірімен сабақтастырып ұйымдастырғанда ғана туған жерін,
елін қорғауға тәрбиелеу тиімді түрде бола алады. Жоғары пайымдаулар
негізінде, біз бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет
арқылы экологиялық білім берудің жолдарын айқындадық (сурет 3).
Сурет 3 – Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық парасатты іс-әрекет
арқылы экологиялық білім берудің жолдары
Экологиялық парасат қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол
бермейді, адам бойына экологиялық мәдениет дағдыларын сіңіруге бейімдейді,
қоғамдық пайдалы еңбек арқылы табиғатты қорғау, күту, жақсартуға тартады.
Осының барлығы экологиялық парасатты іс-әрекет негізінде іске асады.
Табиғаттың жас достары бағдарламасы оқу пәндерінің бағдарламаларында
қаралған білімді тереңдету, балалардың табиғатқа ұқыпты қарауы және
қорғауға бейімдейді. Осы бағдарламаны еңгізу бастауыш мектеп оқушыларының
экологиялық бағыттылығын қамтитын қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Бағдарлама оқушыларды терең де тиянақты білім қорын жинақтауға,
өмірлік экологиялық ұстанымдарын қалыптастыруға, экологиялық сезімдерді
оятуға, белсенді экологиялық іс-әрекетке қатысуға, экологиялық ойлау,
бағалау және экологиялық сананы жетілдіруге атсалысады. Бағдарлама бастауыш
сыныптарға арналған және оның іске асыру жолдары - сабақ барысы мен
сабақтан, сыныптан тыс жұмыс. Бағдарламаның мақсаты: экологиялық парасатты
іс-әрекетке қатыстыру негізінде бастауыш сынып оқушыларға экологиялық білім
беруді дамыту.
Экологиялық білім беру мақсатындағы Табиғаттың жас достары
бағдарламасы оқушылардың оқу пәндері бойынша алған білімдерін дамытуға және
тереңдетуге, таным іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыруға, табиғатты
қорғауға байланысты берілген экологиялық материалдарды меңгеруіне,
оқушылардың табиғат құбылыстарына бақылау жүргізуіне, белгіленген
әдебиеттерді оқуына мүмкіндік береді. Сондықтан тек қана кешенді түрінде,
жоғары дәрежеде шеберлікпен ұйымдастырылған экологиялық мақсаттағы сыныптан
тыс жұмыстар сабақ үдерісімен байланыста жүргізгенде нәтижелі болады.
Бағдарламаның іске асуы келесі міндеттерге бағытталады:
- оқушылардың экологиялық білімдердің дамуын экологиялық парасатты іс-
әрекетінде белсенділігін арттыруға, оқу пәндердің бағдарламалары бойынша
берілетін экологиялық мазмұндағы материалдарды тез меңгеруіне жәрдемдесу;
- сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысында
оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай
білуіне мүмкіндік беру;
- сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні жоғары. Ол оқушылардың
табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оның байлықтарын қорғау жөніндегі
жауапкершілік сезімін қалыптастырып, табиғатқа деген экологиялық мәдениет
пен экологиялық мінез-құлықты тәрбиелеуге көмектесу.
Табиғаттың жас достары бағдарламасының бағыттары: экологиялық білім
академиясы, натуралистер үйірмесі, туған өлкенің табиғаты, жасыл жасақтар
отряды.
Бағдарламаның нәтижесі: экологиялық парасатты іс-әрекетте болу негізінде
табиғатпен қарым-қатынас жасай отырып, оның құбылыстарын бақылай отырып,
бастауыш мектеп оқушылары бірте-бірте өздері тұратын табиғат әсемдігін
танып біледі. Оқушылар табиғат байлықтарын қорғау және молайтуға камқорлық
жасауға ынталанып, олардың адамгершілік, эстетикалық сезімдері оянады,
экологиялық парасаты қалыптасады.
Балаларға экологиялық білім және тәрбие беру үдерісін ұйымдастырушы мен
басқарушы – бастауыш мектеп мұғалімі. Оқушылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz