Республикасының Орталық банкі
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие - ақша және қаржы
шаруашылығының тез қарқынмен дамуы екі буынды банктік жүйенің қалыптасуына
әкелді, яғни мемлекетік және коммерциялық, немесе екінші деңгейдегі
банктер.
Коммерциялық банктер экономиқаға қызмет етуде нарықтық жүйенің орталық
буынына ие бола бастады. Сондықтан Коммерциялық банктер опе-рациялары
тақырыбында ұсынып отырған бітіру жүмысын, экономика мамандығының жоғары
курс студенттері мен болашақта банк қызметшілері болам деушілерге,
коммерциялық банк туралы теориялық білімін қалыптастыруға көмекші құрал
ретінде пайдалануға болады.
Коммерциялық банктер нарықтық экономиканың несиелік жүйесінің негізгі
буыны болғандықтан, олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен
халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып
табылады.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айрбасы операцияларымен төлемдеріне қызмет көрсетуі
бары-сында пайда болды. Негізгі клиентері саудагерлер болған (міне осында
коммерциялық банк деген атауға ие болады). Бірақ өнеркәсіптің басқа
салаларының дамуымен экономиканың өзге де аясына қызмет көрсете
бастағандықтан да, банктің коммерциялық деген атауы бастапқы мағынасын
біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдірді, оның
шаруашылық агенттерінің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі, олардың
қызметерінің саласына байланыссыз болады.
Ұлттық банктің рүқсатымен коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы
аумағында және одан тысқары жерлерде өз қызметтерін іске асыра алады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несие жуйесінің
басқа да буындары сияқты, олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек,
яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелерінің
өзгеруі және көптеген жаңа қызмет көрсету түрлерін меңгеруі. Бүгінде кейбір
мемлекеттерде коммерциялық банктер 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге
мүмкіндігі бар. Мысалы Жапония банктері.(11;245бет) Қазақстанның
коммерциялық банктері де арта қалып отырған жоқ. Бүгінде олар өз
клиентеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мүндай
кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай
отырып, қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы жүмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан пайда есебінен
жабылады.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері Қазақстан Респуб-
ликасындағы банктер және банк қызметі туралы ҚР президентінің Заң күші бар
жарлығына және Ұлттық банктің операцияларды жүзеге асыруға арнайы
лицензиясы берілген шегіне сәйкес, өз операцияларын жүзеге асыра алады.
Коммерциялық банктердің операцияларын үш топқа бөліп, қарастыруға болады:
пассив (қаражат тарту), актив (қаражат орналастыру), коммисиондық
(клиенттің тапсырысы бойынша комиссиондық ақылы).
Осыған сәйкес дипломдық жұмысым үш бөлімнен түрады. Бірінші бөлім
пассив, екінші бөлім актив және үшінші бөлім комиссиондық операцияларға
арналған.
Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыруды
қамтамасыз ететін пассив операциялар топтастырылған. Пассив операциялар
өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің
бағалы қағаздарын шығарып, сол сияқты басқа да қаражат тарту опера-цияларын
жүргізіп, банк қорын қүру мен оны ұлғайту жолдары қарастырылған.
Екінші бөлім банктің жинақтаған ресурстарын орналастыруды қамтамасыз
ететін актив операцияларына арналған. Актив операцияларының негізін
несиелендіру қүрағандықтан, осы бөлімде несиенің мәні, қызметтері және оның
экономиканы дамытудағы маңызы туралы, сондай-ақ банктік несие мен
қарыздардың қатынастарында пайдаланатын несиенің формалары мен түрлері
қарастырылады. Қазіргі кезде ел экономикасы бір қалыпты түрмай, үнемі дамып
отыруынан, банктік қаржыландырудың жаңа түрлерінің пайда бола бастады.
Осыған орай бұл бөлімде лизингтік, факторингтік, ипотекалық операцияларда
толығымен баяндалады. Сонымен қатар коммерциялық банктердің бағалы
қағаздармен операциялар жүргізу реттері және басқа да түрлері кеңінен
талданып, қарастырылған.
Үшінші бөлімде, ең сенімді банк- Тұран Әлем Банкін мысалға
келтірдім.
Бұл дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының Ұлттық және банкі
туралы, Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар жарлықтары және солар
негізінде шыққан нормативтік құжаттар мен ережелер басшылыққа алынған.
Қазіргі уақытта еліміздегі коммерциялық банктердің операциялары
жөнінде өз зерттеуін жүргізіп жатқан түлғаның бірі — экономика ғылымының
докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корр - мүшесі Сейтқасымов Ғ.С.
1. Қазақстанның Республикасының банк жүйесі
1.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі
болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан
территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен
бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-
ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш
қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезендерден өтті. Алғашқы банктер
XVIII ғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда
болып, XIX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен
мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
• мемлекеттік банк (1860ж. құрылған);
• қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
• көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар
44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-
жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін сонымен қатар жоғары
қауіпті операциялар жүргізу клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын
банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды [23; 569-575.].
1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйым, мемлекет монополиялы
түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несис
мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен Кеңес үкіметінің
алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке мемлекеттік-капиталистік, шетел
капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922
Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның
акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-
ның Мемлекеттің банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларың және
халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да
Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі
болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк
(Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия)
банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу
қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары,
несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің
"Несие жүйесін құру принциптері туралы" қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін
тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған
банктер және банктердің процентгік саясат жүргізудегі дербестік құқығы
жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да
ажыратылды. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен
Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа
мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық
жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж.
банктердің өзіне тән ерекше қызметі - банктік несие беру жойылып, несие
мемлекеттік жоспарлы қаржыландыру-дың түріне айналды [21; 46.], [63; 60-
63].
Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша-несие
қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық
Комитетінін Пленумы 1988 ж. 1 қантарынан бастап банк жүйесін қайта құру
туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа
социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар:
елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы -
Мемлекетгік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және
сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.
Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және несие
беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық монополияны жоспарлы
ұйымдастыру негізінде банктерді басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше
нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді.
Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік
қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде
Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты
ретінде болды.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағалы - банктердің құрылымы мен ондағы
қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе - басқаруды
қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді
бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше
дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы
социалистік елдер - Венгрия, Қытай, Югославия - таңдап алды. Әлемдік
тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие
институттарының (коммерциялық, коопе-ративтік, арнаулы және басқа) қызмет
істеу үлгісі кең тараған.
Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі
өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі
Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен қатар 5
салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:
• КСРО Мемлекеттік банкі, оның міндеті -"банктердің
банкісі" ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай
мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын
жүргізбейді, оның клиенті - маманданған мемлекеттік банктер;
• КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банк. Оның міндеті - өндіріс, құрылыс,
транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу, күрделі
шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын
жүргізу;
• КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі. Оның міндеті – аграрлы - өнеркәсіптік
кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
• КСРО Тұрғын үй жэне әлеуметтік банкі - ол
тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету
үшін құрылды;
• КСРО Жинақ банкі - ол бұрынғы жинақ кассаларын
біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міндеті халыққа қызмет
көрсету;
• КСРО Сыртқы экономикальщ банкі - ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің
негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті экспорт-импорт
операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық
байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-валюталық жоспардың
орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық
валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Бұл маманданған салалық банктердің құрылымы әкімшілік-территориялық
принциппен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық
банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс
орталықтарында сол банктердің облыстық басқармасы (Қазақстанның 19
облысында әр банктің өз басқармалары) құрылды. Аудан орталықтарында және
қалаларда олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық
банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен қатар сол
аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне де қызмет
көрсетті. Сонда банк-тердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде
жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк
реформасындағы негізгі минус еді.
Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз, көп
сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократ аппараты бар жүйе болды. Осы
айтылғандар төменгі, яғни аудандық, қалапық банк мекемелерінің несие және
есеп жұмыстарының бұрынғыдан бірнеше есе көбеюіне әкеп соқтырды. Банк
жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелері жоғары деңгейдегі әрбір
маманданған салалық банктерге (облыстық басқармаларға және республикалық
кеңселерге) өздері қызмет көрсететін клиенттері бойынша несие ресурстарын
жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп Оны мына бір мысал
дәлелдейді, 1987 (реформаның алдындағы жыл) Мемлекеттік банк бойынша
цегізгі экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ал 1988 ж., яғни реформадан
кейінгі бір жылда Агроөнеркәсіп банкі, Түрғын үй және әлеуметтік банкі,
Мемлекеттік банк бойынша дәл сол көрсеткіш 112 баптан құрылды [14; 19.]. Ал
осы көрсеткіштердің бәрін банк бөлімшелері қызметкерлері орындап, ол
жөнінде үш салалық банктердің жоғары сатыларына есеп беріп отырды.
Банк жүйесін қайта құрудан кейін маманданған банктер арасында әр түрлі
қайшылықтар туындады. Сонымен қатар жаңа банк жүйесі клиенттер мен банктер
арасындағы қарымқатынастарға да кері әсерін тигізді. Мысалы, реформаға
дейін банк бөлімшесінде клиенттердің бәріне бірдей қызмет көрсетілсе, ал
реформадан кейін қызмет көрсететін банктің мамандануына қарай "клиент
біздікі" немесе "басқанікі" болып бөлінді. Әрине бұндай қолайсыз жағдайлар
несие-есеп механизмінің қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетуіне себеп
болды. Бірдеңгейлік жүйеде банктердің көп болуы, олардың қызметтерінің
араласуы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың себептерін одан әрі
шиеленістірді.
Банктік өзгерістердің ең елеулі кемшіліктері - банк ісінің мазмұнын,
әдістері мен тәсілдерін түбегейлі өзгертпейақ, негізінен "банк
шығармашылығымен" (банкотворчество) айналысу болды деп мәлімдеді кейбір
сарапшылар. Сондайақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды,
банк жүйесін қайта құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.
Банк реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі
оның жоғарыдан берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай
дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Экономиканы
басқаруды негізінен қайта құру тек 1987 ж. басталған бола-тын. Елде банк
реформасының басталу кезінде жалпы экономикалық реформадағы банктің ролін
түсіну қалыптаспаған еді. Экономикалық даму мәселелері мемлекет пен
экономика субъектілерінің қаржылық жағдайын нашарлатты. Мемлекетгік
бюджеттің тапшылығы, несиені бюджет қажетіне Қолдану, тауар айналымы мен
халыққа көрсетілетін қызметтердің даму қарқынымен салыстырғанда ақша
массасының даму қарқынының асып түсуі экономикадағы инфляциялық тенденцияны
күшейтті.
Банк реформасының келесі кезеңі осы қателіктер мең кемшіліктерді жоюға
арналды. 1988 ж. "Кооперациялар (серіктестіктер) туралы" Заң қабылданып,
соған сай қаражат тарту және несиелеу қызметтерімен шұғылданатын
кооперативтік банктер пайда бола бастады. Банктік кооперативтер ашуға
жасалған қолайлы жағдайлар өз алдына "банктік шу" туғызып, көптеген
банктердің пайда болу толқынына әкеп соқтырды. Оған мынадай статистикалық
мысал келтірейік, 1989 ж. 1 қаңтарында елде 43 коммерциялық банк тіркелсе,
бір жылдан кейін - 224, ал 1991 ж. аяғында олардың саны 1357-ге жеткен
[23;574.]. Дегенмен осы банктердің негізгі бөлігін тек пайданың көп бөлігін
өзіне алу үшін ашылған "біркүндік" банктер құраған. Кейін олар жабылып,
орнына клиенттерге төтенше қолайлы жағдайлар ұсынған, бірақ өз
міндеттемелерін орындамаған жаңа банктер ашылды.
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі заң
"Мемлекеттік банк туралы" Заң және "Банктер және банк қызметі туралы" Заң
бекітілді. Заңдарда банк ашу жағдайы, оларды бақылау әдістері
белгіленді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландырылу
негізінде коммерциялық банктерге айнала бастады.
1.2.Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж.
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған "Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада
Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк -
ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк
коммерциялық банктер жүйесі.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтынзаңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту,
орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес
Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары
осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік
банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады.
Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша
саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға
монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын
реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика
территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, Қаз КСР-ның Жоғары
кеңесіне есеп береді, жержерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар.
Мемлекеттік банктің басқару ортаны-оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын
Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен
міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп
жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында
осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін
басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас
(шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан зандарына сай
Мемлекеттік банк деп (Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан
үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік
құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы
болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекеме-лерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылык капиталын
қалыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел
мемлекеггік, ия болмаса мемлекеггік 'емес құрылымдары қатынасса, онда
аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианггарда
құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке, мемлекеттік-кооперативтік, жеке-
кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен
олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі делінген
Заңда. Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйеснің қалыптасуы
мен даму жолдарын 1-кестеде өрнектелгендей шартты түрде бірнеше кезеңге
бөлуге болады.
Бірінші кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы - патшалық Ресейден қалған
банк жүйесін жаңадан қалыптастыру бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен
несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең 1930 ж мен 1987ж аралығында елде КСРО Мемлекетгік
банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде
эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті
Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы - елде мемлекеттік маманданған
банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекетгік банкі "банктердің банкісі"
ретінде эмиссиялық, ереже нұсқау және т.б. нормативтік актілер шығарушылық
бақылау және басқа қызметгермен шұғылданып, ал маманданған банктер
экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті Сонымен бірге 1990 ж.
басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші ккзең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің
қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықгық қатынастарға өіу
жағдайында екі деңгеилі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.
Қазіргі уақутта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердщ
барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі
өрістеуде. Оның бірінші деңгеиінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже
шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтермен шұғылданатын, ал
екінші деңгейінде клиентгерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер
орналасқан. Бұл елдердің тәжірбиесі дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі
ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды
және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан
мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде.
1.3. Ұлттық банк – Қазақстан
Республикасының Орталық банкі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң
КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңсесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал
1995 Жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз
қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын
төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған
құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі
салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол
республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын
және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп,
үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша
жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса,
Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің
өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық
бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің
қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол
нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник
Национального Банка Казахстана" атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады; • акша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін
камтамасыз етеді;
• несие берушілер мен салымшылардың, сондайақ шетел валютасын сатып алу-
сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік
және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер
ақшанесиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға
дейінгі мерзіме шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік
бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозитгік сертификаттарды, дисконттық
және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу
және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің
нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін
анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны
(теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы
жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердіц банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
(жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы кағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондайак қамтамасыз етілген, ия болмаса
қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен
және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары
мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық
есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем
жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің жэне мемлекеттік органдардың банкі жэне агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік
қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті ісшараларды қабылдайды. Қаржы
министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау жәие қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында, сондайақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін
және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу жэне валюталық бақылау кызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы
қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер
деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін
белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан
тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап,
шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және
несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің
есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін
Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Заң
күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып
алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды
қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды,
өңдеген және өнделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып
алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:
жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы
провизияларынаң (резервтерінен) құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның
міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен
бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық
банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы • жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады Таза табысы
есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге
жұмсалады.
Алтын валютя активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен
іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық
банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және
сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға
жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:
• алтыннан;
• банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі
және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
• Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
• шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері
шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
• шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
• өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген
жағдайдағы шетел валютасындағы басқа еыртқы активтерден құрылады.
Арнаны провизияляр (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді
және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы
қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан
және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған
аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары
және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған
кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып
тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған
банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда
айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған
бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне жіберіледі.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі
(Директорат) саналады. Оның жоғары органы Басқарма, ол 9 адамнан тұрады.
Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Пре-зиденттен бір,
Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен
және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, үкімет
және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып
6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын
алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады.
Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның
ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6
жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның
ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондайақ төрағаның орынбасарлары
өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы
Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына
кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін
орындайды, ал Ұлтгық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган -
Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президентгің "Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық
банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген
уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.
1.4. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" республика
Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында "Қазақстанда
екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк - мемлекеттің Орталық банкі, ол
банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы
банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер" делінген [33;3].
Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында
республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген: оның ішінде 1 мемлекеттік
банк, яғни жарғылық капиталының 100%-і республика үкіметінің қатысуымен
құрылған; 1 мемлекетаралық банк; 22 шетелдердің қатысуымен құрылған
(резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер, Республикада
шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден
өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция
жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы
мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп
айырысу орталығы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы",
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны; "Қазақстандық қор биржасы"
ЖАҚ; "Бағалы қағаздар Орталық депозитарийі" ЖАҚ; "Кіші кәсіпкерлікті дамыту
қоры" ЖАҚ; "Қауымдастықтарды несиелеудің қазақстандық қоры" Қоғамдық қор;
"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" ЖАҚ; "Ақмола қоры" ЖАҚ;
"Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агенттігі" ААҚ;
"Шағын несие" үкіметтік емес ұйым" Қоғамдық қор және т.б.
Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы
банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына сипаттама
берелік.
Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның
жарғылық қорының иелену.
Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция
тартумен шұғылданатын екінші денгейдегі банк.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50 проценттен астамы
төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде және немесе басқаруында
болатын екінші деңгейдегі банк:
• Қазақстан Республикасының резиденті емес;
• Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға, акциясының 50
процентінен көбісі республиканың резиденті еместің қарамағында, меншігінде
және немесе басқаруында;
• Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын
басқаратын сенімді адамы - республиканың резиденті.
Мемлекетаралық банк - халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның
жарғылық қорының иеленушісі - Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған
мемлекеттердің үкіметі.
Банк емес несие-қаржы мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы негізінде
кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.
Коммерциялық банктер - кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа
тікелей және жанжақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа
арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің
банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және
кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі
мақсаты неғұрлым жоғары пайда табу.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк
емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде
депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондайақ өзінің атауында, құжаттарында,
хабарландырулар мен жарнамаларында "банк" деген сөзді, ия болмаса
депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне
аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастыратын туынды сөздерді
қолдануға тыйым салынады. Бұл тыйым Ұлттық банкке, банктердің филиалдары
мен өкілдіктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. Ұлттық
банктің лицензиясыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз деп
табылады.
Егер банк мемлекеттік банк болмаса және банк пен мемлекет өзара
міндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бір-бірінің
міндеттемелеріне жауапты емес. Мемлекет банктің міндеттемелері бойынша тек
мемлекеттік банктің жарғылық қорына салған қаражаты шегінде ғана жауап
береді. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері -мемлекетаралық
банктердің қабылдаған депозиттерінің сақталуына олардың жарғылық қорындағы
Үкіметтің үлесіне пропорционалды міндеттеме алып жауап береді.
Банктік заңдарға сәйкес банктер үшін заңды тұлғалардың жарғылық
капиталдарына қатысуға мынадай қызметтерге тыйым салынған және шектелген:
• банктердің, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының,
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, инвестициялық
қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг беруші ұйымдардың, сон-дай-ақ
акциялары қор биржасында листингтен өткен заңды тұлғалардың (шығарған
акцияларының жалпы санынан бір эмитенттің акциялары он бес проценттен
аспайтын мөлшерде) жарғылық капиталдарына банктердің қатысуына;
• қаржы нарығының инфрақұрылымдық бөлігі болып табылатын және
(немесе) банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердің қатысуына;
• бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырушы
ұйымдардың жарғылық капиталына банктердің қатысуына;
• банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлер мүлкі мен
істерін басқару жөніндегі қызметке тыйым салу қолданылмайды.
Осы айтылғандай заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым
салынғаннан басқа банктерге мынадай қызметтермен шұғылдануға рұқсат
етілген:
• банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
банктер мен ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын
маманданған бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;
• кез келген ақпарат тарату түрлерінде банк қызметінің мәселелері
жөніндегі арнаулы әдебиеттерді сатуға;
• өз мүліктерін сатуға;
• заем алушының кепілге берген мүліктерін заңдарда
белгіленген тәртіппен сатуға;
• қаржы қызметіне байланысты мәселелер жөнінде кеңес беру
қызметін көрсетуге;
• банк қызметіне байланысты мәселелер жөнінде басқа да тұлғалардың
мүддесін білдіруге;
• банкқаржы қызметі саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру
жөніндегі оқуды ұйымдастыруға.
Банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банктер өз қызметтерін үйлестіру,
ортақ мүдделерді қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды іске асыру,
сондайақ басқа да ортақ мақсаттарын орындау үшін банктік ассоциациялар және
одақтар құруға құқылы.
Ассоциациялар (одақтар) коммерциялық ұйымдар емес. Оларды банк
жүйесіндегі бәсекелестікті шектеу, проценттік мөлшерді реттеу, несие беру
және басқа банктік қызметтер жағдайларын үйлестіру мақсатында қолдануға
болмайды.
Банктер Қазақстанның кез келген жерінде жәңе оның шекарасынан тыс
жерлерде өзінің еншілес банктерін, филиалдарын және өкілдіктерін ашуына
болады. Еншілес (дочерный) банк - жарғылық қорының елу процентінен астамы
енші беруші бас (родительекий) банкке қарайтын екінші деңгейдегі банк. Ол -
дербес заңды тұлға.
Банктер алғашқыда ұсынушы акциясын шығаруға құқы жоқ жабық типті
акционерлік қоғам формасында ұйымдастырылады. Егер банк Ұлттық банктің
депозит қабылдауға берген лицензиясын алғаннан кейін бір жыл ішінде
үздіксіз шығынсыз қызмет істеп және ақша формасында несие беріп,
сондай-ақ жыл бойы Ұлттық банк бекіткен лимиттер мен міндетті нормаларды
орындағын жағдайда ашық типтегі акционерлік қоғам ретінде қайта құрылады.
Банкті құрушы акционерлердің ол ашық типті акционерлік қоғам болып қайта
құрылғаннан кейін қандай да болсын қосымша
артықшылығы болмайды немесе олар басқа акционерлерге қарағанда қандай да
бір қосымша міндет атқармайды.
Банкті құрушы және акционері Қазақстан Республикасының резиденттері және
резиденттері емес - заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Үкімет банктің
құрушысы және акционері болуы мүмкін. Жарғылық капиталының елу проценттен
астамы мемлекетке қарайтын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің
құрылтайшысы және акционері бола алмайды. Банкті құрушылардың
(акционерлердің) бірден-біреуі оның құрылуы кезінде де және одан кейін де
банктің дауыс құқығы бар акциясының жиырма бес проценттен астамын тікелей
немесе жанама иелене, қолдана жәнет немесе басқара алмайды. Бұл шектеудің
мемлекеттік, мемлекетаралық банктер мен бас банкті құрушыларға
(акционерлерге) қатысы жоқ екенін айта кеткен жөн.
Банк құрушы заңды немесе жеке тұлға Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу
үшін өтініш беруі керек. Арызға келесі құжаттар қоса тіркеледі:
• жаңадан құрылатын банктің құрылтай құжаттары: құрылтай
шарты, жарғысы, жарғыны қабылдаған және банктің органдарын бекіткен
хаттама;
• құрылтайшылар туралы мағлұмат (Ұлттық банктің белгіленген
тізімі бойынша), құрылтайшызаңды тұлғаның соңғы екі жылдағы
бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы
аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы;
• егер құрылтайшылардың біреуі немесе одан көбі Қазақстан
Республикасының резиденті болмаған жағдайда: сол мемлекеттің мемлекеттік
немесе қадағалау органының Қазақстан Республикасының резидент-
банкісінің жарғылық қорына қатысуға берген жазбаша рұқсаты.
Ұлттық банк - банк ашуға рұқсат беру үшін қажет басқа да қосымша
құжаттарды сұрап алуы мүмкін. Банк құрылтайшылар шарты негізінде құрылып,
өзінің жарғысына сай қызмет атқарады. Банк құру туралы құрыл-тайшылар
шартында шаруашылық серіктестіктері туралы заңда қарастырылған
мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:
• құрылтайшылар туралы мәліметтер, оның ішінде олардың
әрқайсысының толық фирмалық атауы және тұрған мекені, сондай-ақ
оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгендігі туралы
анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін - аты,
азаматтығы, тұрған жері және жеке басын куәландыратын құжаттағы
белгілер.
• акцияның мөлшері, санаты (категориясы) және
көрсетілген құны туралы мәліметтер.
Банктің жарғысында шаруашылық серіктестіктері туралы заңда қарастырылған

• банктің толық және қысқартылған фирмалық атауы;
• банктің ұйымдастыру-құқықтық формасы мен меншік формасы туралы
белгілер;
• банктің қорларын құру және пайдалану принциптері;
• банктің басқару органдарының қаулы қабылдау тәртібі, оған қоса
акционерлердің көпшілік даусы қажет сұрақтардың тізімі.
Ұлттық банктен басқа банктер өзінің атауына кез келген тілде толық немесе
қысқартып "ұлттық", "орталық" деген сөздерді келтіруге, дәл сол сияқты
мемлекеттік банктен басқа банктер "мемлекеттік" деген сөзді пайдалануына
болмайды.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік
операциялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол
(мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, ия болмаса
құрылтайшылардың жарнасынан қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен
акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті Жабық
акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған,
кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің
акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайшыларға бірдей құнмен, яғни
акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның
құрылтайшы құжаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін
акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен күннең
бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.
Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі: Біріншіден, қосымша
акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және
банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен;
Екіншіден, акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен. Банктің жоғарғы
басқарушы органы - акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін
банктің Басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып,
Қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрағасы және
оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк
бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері мен олардың орынбасарлары
саналады. Банктік заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның
орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк
бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің
келісімімен тағайындалады (сайланады), әдетте олардың банк жүйесіндегі:
төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі
жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қызметкерлер Ұлттық
банктің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға
құқы жоқ.
Акционерлердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті
жиналыс жылмажыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан
аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың, Қадағалау
кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады
Акционерлер жиналысының төмендегідей құқықтары бар:
• банкке қатысушылар санын немесе одан шығушылар санын өсіру туралы шешім
қабылдайды;
• Қадағалау кеңесін, Тексеру комиссиясын сайлап, олардың
өкілдік мерзімін анықтайды;
• Жарғылық қордың мөлшері және оны өзгерту туралы қаулы қабылдайды;
• үлестің мөлшерін анықтайды;
• банктің Жарғысын, Қадағалау кеңесі, Басқарма, Тексеру комиссиясы
туралы ережелерді бекітіп, оларға өзгерістер енгізеді;
• банктің жылдық балансын, өткен жылғы пайдасы мен шығыны туралы
есепті, Тексеру комиссиясының қорытындысы мен есебін қарап, оларды
бекітеді;
• банктің пайдасын бөліп, банк қызметін анықтайтын кейбір
мәселелерді шешеді.
Банктің Кеңесі:
• банк Басқармасының төрағасы мен оның мүшелерін қызметке бекітіп
және одан босатады;
• Жарғылық қорды ұлғайту немесе азайту туралы, банктің
Жарғысын өзгерту мен толықтыру және басқа да жиналыста қаралатын
мәселелер жөнінде акционерлер жиналысына ұсыныс жасайды;
• несие берудің негізгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz