Шарт жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту пайда болған залалдардың орнын толтыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Тараптардың арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойнша талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кездк шарт жасалды деп есепткледі. Шарт жасасу шарттық қатынастарға түсу жөніндегі ұсыныстан басталады.

Бір тараптың екінші тарапқа бағытталған ұсынысын оферта дейміз, ал екінші тарапқа бұл ұсынысты қабылдауы окцепті болып есептелінеді.

Шарт жасасу жөніндегі ұсыныс, біріншіден белгілі тарапқа бағытталуы тиіс, кіншіден жеткілікті дәрежеде айқын болуы тиіс. Гер ұсыныста шарттың елеулі ережелері немесе анықтау туралы тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп танылады.

Оферта жіберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап, оны оферта алушымен байланысты етіп қояды. Шарт жасалмаған мен тараптардың арасында белгілі құқықтық қатынастар пайда болып, олардың орындалмағаны үшін тараптар жауапқа тартылуы мүмкін.

Егер ұсыныста басқа ештеңе айтылмаса, оферент көрсетілген мерзім ішінде өз ұсынысын қайтып алуға немесе олардың мәнін өзгертуге құқығы жоқ.

Екі немесе одан да көп тұлғаның азаматтық құқықтармен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт туралы болып табылады. Шарттық қарым-қатынастарды қоғамдық қатынастардан айырып қарауға болмайды, өйткені олар соңғы аталған қатынастардың бір тармағы.

Олардың табиғаты мен мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайына байланысты. Сондықтанда болар нарықтық экономика жүйесінде шаруашылық қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде азаматтық құқықтық шарттың қолданылуы.

Шартты мәміледен ажырата қарағанымызда жөн, себебі мәміле мағынасы жағынан терең түсінілуі тиіс, өйткені шартта әр уақытта да екі тарап бар, ал мәміле біржақты болуы мүмкін. Мәселен, сыйға тарту шарты немесе өсиет қалдыру. Бұл жерде әңгіме мәмілеге қатысушылардың еркіне байланысты.

Шартқа екі тарап қатысқандықтан екуінің де еркі қажет, яғни екі тараптың да негізгі мақсат-өздеріне қажетті құқықтық салаларды туғызу. Сонымен қатар шарт жасасуғаміндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы сотқа талап қоюға құқылы.

Орта берген жақтың ұсынысын қабылдап, оған берген жауап акцепт деп танылады.

Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттерітауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиісті соманы төлеужәне тағы басқалары. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе оертада көрсетілмесе акцепт деп есептеледі.

Егер акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққаакцептің өзіненбұрын немесе қатар келсе акцепталынбаған ьолып есептеледі.

Офертада акцептіге арналған мерзімнің көрсетілуі немесе көрсетілмеуі белгілі құқықтық салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Егер офертада акцепт үшін мерзім анықталса, оферта жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзім ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі. Егер офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, ал екінші тарап оның кцепті туралы дереу мәлімдесе, шарт жасалған болып есептеледі.

Егер оферта жазбаша немесе акцепт үшін мерзім көрсетілмей жасалса, оферта жіберген жақ акцепті заңдарда белгіленген мерзім біткенге дейін, ал егер ондай мерзім белгіленбесе жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт ішінде алса, шарт жасалды болып есептеледі. Егер акцепт кешіктіріліп алынса, онда шарттың тағдыры төмендегі жағдайларға байланысты болады. Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа акцепті кеш алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзімінде жіберілген жіберілген хабар кешіктіріліп алынған жағдайда, акцепт кешіктірілген болып есептелмейді. Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа оның кешіктіріліп алынған акцепті қабылдағаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалды болып есептеледі.

Ерекше тоқталатынымыз егер акцептантофертада ұсынылған өзге жағдайларда шарт жасасуға келіскендікбілдірсе, онда ол жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап офертадан бас тарту сонымен бірге жаңа оферта деп танылады.

Егер оферта жазбаша немесе акцепт үшін мерзім көрсетілмей жасалса, онда оферта жіберген жақ акцепті заңдарда белгіленген мерзім қажетті уақыт деп танылады.

Шартты міндетті түрде жасасу, егер заң құжаттарында тараптардың бірі үшін мұндай ереже нақты міндетті түрде көрсетілсе, шарт міндетті

түрде жасалуы тиіс. Мәселен, Мемлекеттік кәсіпорындар туралы Президенттің Заң күші бар Жарлығының 13-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекеттің тапсырмасын орындауміндетті түрде бекітілген. Қалған жағдайда тараптар шарттарды өз еркімен жасауға, мүмкіншіліктері бар. Бұл ереже Азаматтық кодекістің 380-бабына сәйкес сипатталады.

Егер тараптардың бірі үшін шарт жасасу міндетті болса, онда ьұл тарап екінші тарапқа акцепт туралы не акцептен бас тартатыны туралы немесе шарт жобасына офертаға өзгеше жағдайларда ацепт жасалатыны туралы шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы, заңдарда өзгеше мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған күннен бастап, отыз күннің ішінде хабар жіберуі тиіс. Жоғрыда аталған ереже болып табылады.

Офертаны жіберген шартты жасасуға міндетті тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар шарт жобасына алған тарап шарт жасасу кезінде пайда болған келіспеушілікті хабар алғаннан бастап отыз күн ішінде не акцептіге арналған мерзім өткен соң егер заңда мерзім белгіленбесе, соттың қарауына беруге құқылы.

Егер шарт жасасуға міндетті тарап жіберген шарт жобасына отыз мерзімінде шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы алынбаса, тарап екінші тарапқа шартты редакциясында қабылдайтыны туралы не келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен бастап отыз күн ішінде хабарлауғаміндетті. Келіспеушілік хаттамасын қабылдамаған не көрсетілген мерзімде қарау нәтижелері туралы хабарды алмаған жағдайда келіспеушілік хаттамасын жіберген тарап, заңдарда шарттардың жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбесе, шарт жасасу кезінде пайда болған келіспеушіліктерді соттың қарауына беруге құқылы. Сонымен қатар шарт жасасуға міндетті тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы сотқа талап қоюға құқылы. Шарт жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту пайда болған залалдардың орнын толтыру. Азаматтық заңдармен реттелінетін шарттардың түрлері сан алуан. Сонымен қатар тараптар, азаматтық заңдарында көрсетілмеген шарттардыда жасасуы мумкін, егер олардың мазмұны азаматтық құқығының жалпы негіздері мен мәніне қарама-қайшы келмесе. 3

екіжақты деп бөлуге болады. Бір жақты шарт деп бір жағы тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге ие шартты айтамыз. Мысалы; қарыз беру шарты, негізгі бөлім. Екі жақты шартта екі тараптардың құқықтары мен міндеттері бар. Мәселен, сатып алу-сату және тағы басқалары. Азамаатық заңдарында көбінесе жақты шарттар кездеседі.

Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу кезеңіне байланысты шарттар консенуалдық және нақты болып бөлінеді. Консенсуалдық шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері тараптардың құқықтары мен мәнді ережелеріне сәйкес келісімге жеткен кезден басталады. Мысалы; сатып алу-сату өнім тапсыру және тағы басқалары.

Нақты шартқа сәйкес тараптардың құқықтарымен

міндеттері шарт бойынша мүлік берілген кезден бастап анықталуы тиіс. Мәселен; қарыз беру шарты.

Қарыз шарты ақшаны немесе заттарды берген кезден бастап жасалды деп саналады. Қазіргі азаматтық заңдарымызға сәйкес шарттар төмендегі түрлерге де бөлінуімүмкін.

Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шарттакөзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау, қызмет көрсетутуралы болашақта шарт жасауға міндеттенеді. Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал негізгі шарт үшін нысан анықталмаса, жазбаша түрде жасалуы тиіс. Сонымен қатаралдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін басқада елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретінережелер белгіленуі тиіс негізгі шартты жасауғаміндетенетін мерзім де анықталуы керек. Егер алдын ала жасалатын шарттажасалған кезден бастапбір жыл ішінде жасалуы тиіс.

Аралас шарты тараптар заңдарда көзделген түрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алады, яғни аралас шарт. Аралас шарты бойынша туындаған қатынастарға егер тараптардың келісімінен аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылуы тиіс. Аралас шарттың басқада жаңа шартттардың пайда болуына бірден бір негіз болып отырған елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика.

Жария шарты коммерциялық ұйыммен жасалған өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әр кімге қатысты жүзеге

асыратын тауарларды сату, жұмыстарды атқару, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарты деп танылады.

Аталған баптың өзінде аталғандай жария шартының төмендегідей ерекшеліктері бар;

біріншіден жвария шарты коммерциялық ұйыммен жасалады;

екіншіден жария шартының аталған ұйымның тауарларды сату, жұмыстарды атқару қызмет көрсету жөніндегі міндеттерін белгілейді;

үшіншіден кімде-кім коммерциялық ұйымға аталған қызметтерді атқаружөнінде өтініш жасайтын болса, бұл ұйымның одан бас тартуға мүмкіншілігі жоқ;

төртіншіден ұйым заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында шарт жасасу жөнінде біреуге басқалардан артықшылық жасасуға құқығы жоқ;

Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беруге заңдар мен жол берілген жағдайларды қоспағанда, жария шартының өзгеде ережелері тұтынушылардың бәріне бірдей болып белгіленуі тиіс.

Егер коммерциялық ұйымдардың тұтынушыларға тиісті тауарларды сатуға белгілі жұмысты атқару, қызмет көрсетуге мүмкіншіліктері болатын болса, аталған жағдайларға коммерциялық ұйымдарға жария шартын жасаудан бас тартуға жол берімейді. Белгілі заң құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне жария шарттарды жасасу орындау кезінде тараптарға міндетті ережелерді қабылдауға мүмкіншілік берілген.

Қосылу шарты ережелерін тараптардың бүкіл формуляларда өзге стандартты нысандарда белгіленген басқа тарап ұсынылғна шартқа тұтастай қосылу арқылы жасалатын шарт қосылу шарты деп танылады. Қосылу шартының басқа азаматтық-құқықтық шарттардан ерекшелігі сол, қосылушы тарап жасалатынын шартқа ешқандай өзгертулер мен ұсыныстар жасай алмайды, егер мұндай мүмкін болатын болса, шарт басқа шарттың мазмұнын қабылдайды. Мысалы; тұрмыстық прокат шарты. Жалға алушының мүмкіншілігі жалға берушінің талаптарын қабылдай отырып, шартты жасау үшін берген бланкісін толтырумен ғана шектеледі.

Көптеген жария шарттардың бір мезгілде қосылу шарты да болуы мүмкін. Мәселен, тұрмыстық прокат және тағы басқалары. Шартқа қосылған тарап тек белгілі негіздер болған жағдайда ғана шартты бұзуға ықтимал. Ол жайында Азаматтық кодекстің 389-бабының 2-тармағында баяндалады.

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт бойынша орындалатын міндеттеме үшінші жақтың пайдасына шешілуі мүмкін, бұл тарап негізінен жасалған шарттың қатысушысы болып есептелмейді. Сонымен қатар, үшінші жақ міндеттеменің орындалуына байланысты белгілі құқықтарға ие болуы мүмкін. Мәселен, үшінші жақ борышқорға өз құқығын пайдалану ниетін білдірсе, шартты бұза алмайды.

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. Тараптардың қолдануға тиісті құқықты таңдау келісімі айқын көрсетілуге шарттың немесе жинақтап қарайтын істің мән-жайлардың ережелерінен тікелей туындауға тиіс. Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшін де жекелеген бөліктері үшін де қолданылатын құқықты таңдай алады.

Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезінде де одан кейін де таңдап алуы мүмкін. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы кез келген уақытта уағдаласа алады.

Шарт тараптардың қолдануға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде шартқа айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта лицензиар болыптабылатын тараптар құрылған, тұратын жері негізгі қызмет орны бар елдің құқығы қолданылады. Зат болып табылатын шарт бойынша мүлікті сенімгерлік пен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерге мүлік тұратын елдің құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізімге енгізілген мүлікке қатысты-Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

Шарт тараптардың қолдануға тиісті құқық туралы келісімі болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағындағы ережелерге қарамастан;

бірлескен құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асыратын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдің құқығы;

конкурстық сауда саттықтың тендрдің, аукционның қорытындылары бойынша биржада жасалған шартқа конкурстық сауда саттық өткізілген елдің құқығы қолданылады;

Осы баптың 1-3тармақтарында атап көрсетілген шарттарға

тараптардың қолдануға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптарқұрылған тұрғылықты жері негізгі қызмет орны болған елдің құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшін маңызы бар орындауды анықтау мүмкін болмаған жағдайда шарт мейлінше тығыз байланыстыелдің құқығы қолданылады.

Шшарт бойынша орындауды қабылдауға қатысты тараптар өзгеше келіспегендіктен қабылдау өткізілетін орынның құқығы ескеріледі. Егер халқаралық айналымда қабылданған сауда терминдері пайдаланылса, шартта өзге нұсқаулар болмаған жағдайда олардыіскерлік айналымның тиісті сауда терминдеріне қатысты қолданылып жүргенұрыптар жөніндегі қатынастарға қолдануға тараптар келіскен деп есептеледі.

Шартқа осы параграфережелеріне қолданылатын құқық, атап айтқанда орыедаудың ережелері мен рәсімдеріне тиісінше орындалмаған жағдайда қолданылуға тиіс, шараларға қатысты қолданылатын құқықтан басқа орындалу жүргізілетін елдің құқығы да назарға алынады.

Шарттан тыс міндеттемелер бір жақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелерге марапаттауға жария ететін уәде ету, бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет істеу, мәмілелер жасалғван жердің құқығы қолданылады. Біржақты мәміле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Комиссия шарты бойынша бірінші тарап екінші тараптың тапсыруы бойынша сыйақы үшін комитент есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенді. Комитент комиссияларға сыйақы төлеуге міндетті.

Мүлікті комитент пен келіскен бағадан төмен сатқан комиссия мен егер мүлікті келіскен баға мен сатуға мүмкіндігі болмағанын неғұрлым төмен бағамен сату көп залалдан сатқанын оның нұсқауларынан ауытқуға алдын ала келісімін алуға мүмкіндіктерінің болмағанын дәлелдей алмаса, комитентке айырманы өткуге міндетті.

Егер комиссиянер мүлікті комтент ІІІ-тұлға мен мәміле жасағандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнінде комиссиянерге хабарлайды. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты қабылдады деп танылады. Егер комиссиянер баға айырмасын өз есебінен хабарласа, комитенттің өзі үшін жасаған мәміледен бас тартуға құқығы жоқ.

Мүлікті сенімгерлік пен басқару белгілеу кезінде сенімгер мүлікті

басқарушы шарттта заң актілерінде өзгеше көзделмесе өзінің

иеленуіне пайдалануына билік етуіне берілген мүлікті пайдаланушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды және міндеттенеді;

мүлікті сенімгерлік пен басқару;

мәміле шар бойынша өсиетті орындаушы тағайындалған өсиет бойынша;

сот шешімдері банкроттық әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен қайтыс болды деп жарияланған азаматтардың мүлкіне қорғаншылық белгіленген кезде заң актілерінде көзделген;

әкімшілік акт кәмілетке толмаған қайтыс болған адамдардың мүлкіне әкімшілік белгіленген кәсіпке мемлекетке қызметке кірген кезде заң актілерінде көзделген негізде пайда болады;

Мүлікті сенігерлік пен басқару субъектілері;

  1. меншік иесі өзгеде заттық құқықтық субъектісі мүлікті сенімгерлік пен басқаруға беруге уәкілетті құзырлы орган құрылтайшы бола алды;
  2. егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе кез келген адам сенімгер басқарушы бола алды, сенімгер басқарушы оның келісімі мен тағайындалуы мүмкін;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарт түсінігі және оның азаматтық құқықтағы орны. Шарттың түрлері және оларды жасау жолдары
Міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болу негіздері
Шарт ұғымы
Ақысыз шарттар
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелері
Құқық негіздері
Шарт ұғымы және оның түрлері
Прокат шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz