Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Банктердің пайда болуы мен дамуы.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының
мануфактуралық сатысында- 14 және 13 ғасырларда Италияда несие қатынасының
кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің
бұдан да ертерек-феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп
есептейді.
"Банк" сөзі "үстел" мағынасын беретін италияндық "bапсо" сөзінен
шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда - саттығы қызу жүретін алаңдарға
қойылатын. Сауда - саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда
шақа соғылатын(чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды.
Әр түрлі монеталарды бір - бірімен үзбей айырбастау үшін олар-дың қоры
болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы - үстелдер айырбастаушы - үйге
айналды. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен
қатар қою банктердің шығу тегін қате ұқтыруға әкеп соқтырады.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де,
шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың
сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да үлкен сенімге ие
болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы
жүргізіп отырды.
Храмдар негізі ақшалай операциялармен қатар қарыз(ссуда) берумен де
айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып ресімдеді эрі берілген
қарыз үшін пайыз өндіріп алды. Сол уақытта - ақ адамдар көп мөлшерде
жинақталған ақшаның айналысқа түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да
ақшаны уақытша пайдалануға беріп, одан пайыз алудың немесе сауда және
қолөнер кәсіпорнын ашудың тиімді болатынын да ұқты.

Міне, осы уақытша несиені жоғарғы пайызбен беретін өсімқорлық пайда
болды, ссуданың негізіне тараптардың несие беруші қоятын өктем шартымен
жасасқан жеке келісімі жатады.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері жэне сауда - саттық агенттіктері
жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші
болды. Банк - бұл аса ірі несие кәсіпорны. Олар банк деп аталуы үшін несие
істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз
клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы
толық болуы қажет. Несие операциялары қалай жүйеге айналады, солай
өсімқорлық та тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасында бэсекелестік
пайда болады, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас
тартады. Несие мэмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің
өкімі бойынша есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша
шаруашылығының даму деңгейі.
Осылайша, несие, ақша жэне есеп айырысу операциялары бір орталыққа
(банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк
секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады. Банк қызметтері әр
түрлі. Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулері
оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған
делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай
болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де,
эмиссиялық банкке де жэне т.б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады.
Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да бір - бірінен
өзгеше болады.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді.
Қолма - қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара
алады.
Банктегі қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс,
тұгыну заттары емес, несие ұсыну жатады.
О.И.Лаврушин банктің 3 қызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның
біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға
құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі операциялардың бірі болып
табылады.
Екінші қызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен
қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал
болып табылады.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Сонымен, делдалдық қызымет - бұл
тәуекелділікті (қатерді) азайтатын, әрі ұдайы субъектілерінің арасындағы
қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет.

2.4.Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары,
меншікті қаражаттары мен пайдасы.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы бас органның ролін
атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік
органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілет-
тіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық резервтік және кассалык ор-талыгы.
сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ис бамктердіц бамкі,
соңғы сатыдағы несие беруші рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, несие саясатын
жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясаты, тауар-ақша саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұрапыстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне
байлайысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша аймалымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасыныц Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталык банкі және
республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
АҚШ-та орталық бпнктердің камиталына мемлекет қатыспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл
төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық
қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және
басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиесілі ақша
қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады.
Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байлапысты нормаларға сәйкес жүргізілетін
операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оиың ішіндегі банкноттар мем монеталардың
қундарының бір болігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Рсспубликасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарыиа жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық банкі коммисиясының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша анпалысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық
нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізіп
және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің
формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталык операцияларды жүргізу ережелерін жәпе тәртібін жасау, біркелкі
валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттык банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысын басқару
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің операциялары
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері
Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Пәндер