Банктер қарызы - қарыздарды төлеу


Жоспар
Кіріспе
1 БАНКТЕРДЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ
1. 1 Банктегі шоттардың ашылуы, жүргізілуі, есебін ұйымдастыру
1. 2 Банктердегі арнайы шоттар мен есеп айрысу шоттарындағы нақты ақша қозғалысының есебі
2 БАНКТЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАР, ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТЕКСЕРУ
2. 1 Банктегі арнайы шоттар мен есеп айрысу шоттарындағы нақты ақшалардың қозғалысының құжатпен рәсімдеу
2. 2 Банктегі арнайы шоттар мен есеп айрысу шотындағы ақшалай құралдардың қозғалысы бойынша операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
3
5
5
11
15
15
18
23
25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ұйымдар меншікті және қарыздық ақшаларды (кассадағы ақшаның қалдығынан басқа) банктегі шоттарда сақтауы тиіс. Заңды тұлғаның банкте бірнеше шот ашуға құқығы бар.
Есеп айырысу (ағымдық) шотын және басқа шоттарды ашу үшін банкке анықталған тәртіпте шот ашу туралы өтініш, Ұйымның құрылуы, тіркелуін куәландыратын құжаттар, бекітілген жарғының көшірмесі, төлем құжаттарына қол қоюға құқысы бар тұлғалардың қолдарының үлгілері бар карточка, мөрдің үлгісі, зейнетақы және басқа да бюджеттік емес қорларда тіркелгендігі туралы анықтама, салықтық есепке тұрғандығын растайтын анықтама беріледі. Шоттар бойынша операцияларды жүргізу мен рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің ережелерімен реттелінеді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банк пен ұйымның (клиенттің) арасындағы қарым-қатынастарды анықтайтын негізгі құжат- олар арасындағы келісім болып табылады.
Әр ашылған шотқа осы шоттағы ақшаның қозғалысымен байланысты барлық құжаттарда көрсетілетін нөмір беріледі.
Есеп айырысу (ағымдық) шотындағы ақшалардың қозғалысы төлем құжаттарымен рәсімделеді, оларға ақшаны кіріс етуге хабарлама, чектер, төлем тпсырмалары және басқалары жатады.
Ақшаны кіріс етуге хабарлама банкте қолма-қол ақшаларды беру кезінде қолданылады.
Чек - шығыс төлем құжаты. Есеп айырысу (ағымдық) шотынан ақшаларды алу чекпен рәсімделеді. Чектің кері жағында оның мақсатты бағытталуы (еңбекақы төлеуге, шаруашылық шығындар) көрсетіледі [1] .
Төлем тапсырмасы дегеніміз ұйымның банкке оның есеп айырысу (ағымдық) шотынан жабдықтаушының, қаржылық органның немесе басқа ұйымның есеп айырысу шотына белгілі бір соманы аудару туралы бұйрығы.
Құрылыс ұйымдары жабдықтаушылармен есеп айырысуды оперативті жүргізу мақсатында чектік кітапшаларды қолданады. Чектермен есеп айырысулар нақты алынған материалдар немесе нақты көрсетілген қызметтер бойынша жүргізіледі.
Барлық банктік құжаттар бүлінулерсіз, түзетулерсіз толтырылуы, ұйымның басшысымен және бас бухгалтерімен қол қойылуы керек.
Ұйыммен келісілген мерзімде банк оған есеп айырысу (ағымдық) шотынан көшірмелерді растаушы құжаттармен бірге береді немесе беріп жібереді.
Есеп айырысу (ағымдық) шоты бойыша операциялар 1040/1040 «Ағымдық шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» активті шотында жүргізіледі, оның дебетінде ақша қаражаттарының келіп түсуі, ал кредитінде олардың шығыс етілуі көрсетіледі.
1030 шотының дебеті мына шоттардың кредитімен корреспонденттеледі:
- 1210-1240 - көрсетілген жұмыс пен қызмет көлемі шотының сомасын төлеу;
- 1060 - «Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары» депозиттік банктік шоттан келіп түскен сомаға
- 1010 «Касса» - кассадан қолма-қол салынған сомаға;
- 3010 «Банктердің қарызы» банктен алынғанқысқа мерзімді несиелер сомасына;
- 3510 «Жұмыстар атқару мен қызметтер көрсетуден алынған аванстар» - тапсырыс берушілерден алынған аванс сомасына .
1030 шотының кредиті мына шоттардың дебетімен корреспонденттеледі:
- 1010/1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» - чек бойынша алынған ақша сомасына;
- 1610 «Берілген аванстар» -тауарлы-материалдық қорларды жеткізу, жұмыстар атқару мен қызметтер көрсетуге берілген аванстар;
- 3010 «Банктер қарызы» - қарыздарды төлеу;
- 3310 «Төленуге тиісті шоттар» - Жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы қарызды өтеу;
- 1060 - депозиттік шотқа аударылған сомаға;
- 3110-3190 «Бюджетпен есеп айырысу» - бюджет алдындағы салықтар, алымдар бойынша қарыздарды өтеу;
- 3210 «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысулар» зейнетақы қорына аударымдарды аудару;
- 3360 «Басқа кредиторлық қарыз мен есептемелер» әлеуметтік сақтандыру бойынша қарыздарды өтеу;
- 3360 «Басқа кредиторлық қарыз мен есептемелер»-ағымдық жал бойынша қарыздарды өтеу; және т. б.
1040 шоты бойынша операцияларды көрсетудің негізі осы шоттан алынған көшірмелер болып табылады. Банктен алынған көшірмелерді тексеру барысында анықталған ағымдық шоттың дебетіне немесе кредитіне қателесіп жазылып қойған сомаларды себебін анықтағанға дейін 31280/1280 «Өзге дебиторлық қарыз» шотына апарады.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың синтетикалық есебі №2 журнал-ордерде 1010 шотының кредиті бойынша) және №2 ведомосьте (1010 шотының дебеті бойынша) жүргізеді. Компьютерлік өңдеу кезінде 1010 шотының карточкасы мен 1030 шотының талдауы жүргізіледі [2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - банктегі арнайы шоттар, операцияларын тексеру. Осыған байланысты мынадай міндеттерді алға қойдым:
- банктегі шоттардың ашылуы, жүргізілуі, есебін ұйымдастыру мәселелерімен таныстыру;
- банктердегі арнайы шоттар мен есеп айрысу шоттарындағы нақты ақша қозғалысының есебін анықтау;
- банктегі арнайы шоттар мен есеп айрысу шоттарындағы нақты ақшалардың қозғалысының құжатпен рәсімдеуді талдау;
- банктегі арнайы шоттар мен есеп айрысу шотындағы ақшалай құралдардың қозғалысы бойынша операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебін жасау;
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 БАНКТЕРДЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ
1. 1 Банктегі шоттардың ашылуы, жүргізілуі, есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі "Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары" деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
1070 "Аккредитивтегі ақша қаражаттары" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив - клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк-эмитент) жабдыктаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:
жабылатын (депоненттелген) ; қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып белінеді.
банкке аккредитивтің шамасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінін. әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен аддын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-шартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе езгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды телеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды [1] .
Бенефициар аккредитивтін. пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
Дәлелденген аккредитив - бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кеплідігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
Трансферабельдік (аударма) аккредитив - бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен телеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнін, ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтін, ашылғаны жөніңде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынган құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін кұжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, баска кажетті кұжаттар мен шарттары болуы кажет. Аккредитивтің қандай түрге бататындығы анық болуы керек, яғни қайтарып алынатын ба, жоқ әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтін. пайдалану тәсілі де анық болғаны жен: ұсынған заматта төленетін немесе бөліп-бөліп төлеуге болатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау 1 үшін пайдаланатын болып бөлінеді.
Аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардын. тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы аркылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды [3] .
Бенефициар банкісі аккредитив бойынша қаржынын. дүрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген келемде делдаддық ақша телейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.
Бенефициар банкісі (атқарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шарттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделгенін, ондағы бенефициардын қолы мен мөрінің белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетті.
Егер аккредитивтің шарттарында уәкілетті сатып алушының келісімі кезделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.
Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды кабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы-келік құжаттарынын немірі, тауарды байлаиыс мекемелері аркылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының немірі, кабылдау, қабылдау-өткізу құжаттарының немірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот-тізбесін төлеуге беруге болмайды. Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот-тізбесінің) үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот-тізбесінің қабылданганын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-келік құжаттарының қаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін банк-эмитентке жіберіледі. Аккредитивті қолма-қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді. Егер аккредитивтің шарттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жок, болган жағдайда өз қолының үлгісін (қолдың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады) ; іс-сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетті.
Аккредитив есебінен төлеу ушін, акцептелінген шоттар тізбесінде (реестрінде) немесе тауарлы-көлік кұжаттарында (накладнойында) екілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.
Аккредитивтің мерзімінің етуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет керсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотка қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылган аккредитавтің сомаларына банк-эмитенттен мәліңцеме келіп түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.
Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 4010 "Банк несиелері" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1040) кредиттеледі де, 1070 "Аккредитивтердегі ақша қаражаттары" шоты дебеттеледі. Жабдықтаушылар шотын төлеу 1070 шоттың кредиті бойынша және 3310 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері кайтару 1040, 1050, 4010 шоттарының дебеттерінде және 1070 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 7210 шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредитттеледі.
1070 "Чек кітапшаларындағы ақаиа қаражаттары" шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы кағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
Чек кітапшасы бойынша депоненттелген сомасы берілген кезде 1070 дебеттеліп, 1050, 1040, 4010 шоттары кредиттеледі [4] .
Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа тұлғаларға беру кезінде 1280 "Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 3210 "Басқа кредиторлық қарыздар" шотының "Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 3210 шоты дебеттеліп, 1070 шоты кредиттеледі. 1070 қағаздар ретінде шығарылған баска да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т. б. ) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы калдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.
«Цемент» ААҚ
Кәсіпорын, ұйым
АҚША ҚАРЖЫСЫНЫҢ НАҚТЫ ҚОЛДА БАРЫН ТҮГЕЛДЕУДІҢ АКТІСІ
«Цемент» ААҚ кассасында тұратын
ҚОЛХАТ
Түгелдеуді жүргізу басталғанға дейін ақша қаржысының барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға өткізілді және менің жауапкершілігімен түскен барлық ақша қаражаттары есепке алынды, ал шыққандары шығысқа шығарылды.
Материалды жауапты тұлға
Кассир Исаев Ерік Исаев
Лауазымы қолы аты, жөні, тегі
30 желтоқсан 2013 жылғы №156 бұйрықтың (өкімнің) негізінде 30 қараша 2013 жылдағы жағдайы бойынша ақша қаржысын тізімге алу жүргізілді.
Түгендеу кезінде мыналар анықталды:
- Нақты ақша 736 мың тг.
- Почта маркасы 596 мың тг.
- Мемлекеттік алым маркалары 1 000 272 тг.
Нақты жиыны 2 332 272 тг.
Екі миллион үш жүз отыз екі мың екі жүз жетпіс екі тенге
Коммиссияның төрағасы
Қаржы директоры Түкібаев Тілеш Түкібаев
лауазымы қолы аты-жөні, тегі
Комиссияның мүшелері:
Бас бухгалтердің орынбасары Омаров Төлен Омаров
лауазымы қолы аты-жөні, тегі
Ішкі аудитор Қатпаев Жұпарбай Қатпаев
лауазымы қолы аты-жөні, тегі
Актіде көрсетілген ақша қаржысы менің жауапкершілігімде сақталатындығын растаймын.
Материалдық жауапты тұлға Еркін Исаев
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі [5] .
Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша күжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, немірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі (қолда бар ақша қаржысын түгелдеудің актісі жоғарыда келтірілген) .
Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцимарының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссарторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінін. кешірмесін еткізу кезінде және т. с. с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманын, нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Ақша қаражаттарын, кұнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қаддықтарымен салыстыру арқылы жасалады.
Ақша қаражаттарының және құнды кағаздардың артык шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 1030, 1070, 1010, 1020 шоттары дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі.
Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:
1280 шоты дебеттеліп, 1030, 1070, 1010, 1020 шоттары кредиттеледі.
Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1280 шоты кредиттеліп, 1250 шоты дебеттеледі, яғни 1280 шоты жабылады.
Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 1280 кредитінен 7210 шоттың дебетіне есептен шығарылады. Өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2 маусымдағы №266 «Клиенттердің Қазақстан Республикасы банктерінде банктік шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспонденттелетін немесе жинақ шоттарын ашады [1] .
Ағымдық және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғалардың заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің (филиалдарының және өкілдіктерінің) банктік шоттары.
Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударылымдық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
2. Банктердегі арнайы шоттар мен есеп айрысу шоттарындағы нақты ақша қозғалысының есебі
Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға жэне банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
1. Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары - резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) :
- қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырылған, екі дана мөр бедерлемесі (сызбасы) ;
- клиенттің салыктық есепке (СТТН) қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
- мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
- фирмалар мен әкілдіктер үшін - Қазақстан Республикасы заңды тұлға-резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
- жарғының (жекеленген бөлімшелер үшін - Ережелер) нотариалды куаландырылған көшірмесі не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат;
- банк белгілеген үлгідегі өтініш.
Банктің клиенті Клиент банка
Банк клиентінің мекен-жайы
Местонахождение клиента банка
Банк (банктің филиалы, бөлімшесі)
Банк (филиал, подр&зделение банка)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz