Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО


Жоспар
Кіріспе
І - негізгі бөлім
І. І. Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
ІІ - бөлім
ІІ. І. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі
ІІ. ІІ. Қазақстандағы 1991 ж. бергі банктік реформа
ІІІ - бөлім
ІІІ. І. Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі
ІІІ. ІІ. Банктік қызметті бақылау мен қадағалау
ІV - бөлім
ІV. І. Банк қызметіндегі тәуекелдік
ІV. ІІ. Банк ісіндегі бәсеке
Қорытынды
Кіріспе
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО - ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін ж\е есептік - қарыздық операциялардың 1\3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта ж\е ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарады: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343) .
Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішіненә әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз - жинақ кассалары мен несиелік серіктіктестіктерден тұрады.
2. 1. Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
1917 ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық ж\е басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық ж\е аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік ж\е жеке, мемлекеттік- капиталистік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелі ж\е қарыздық - жинақ серіктіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 ж. ауыл шаруашылық капперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарсаңында КСРО - да 16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 - несиелік ж\е қарыздық жинақ, сондай - ақ 12424 - ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік - Шығыс мемлекеттік - капиталистік акционерлік банк ж\е шетел капиталынынң қатысуымен Ресейлік коммерциялық банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік ж\е жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты ж\е қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда ж\е өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк ж\е 1922 - 1925 жж. құрылған басқа да банктерге көшеді.
КСРО - да 1930 - 1932 жж. жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру ж\е несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсі ж\е электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп ж\е электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 ж. оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылыс банк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Коопеация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның актитері мен пассивтері 1959 ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.
Коммуналдық ж\е тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру ж\е ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық ж\е жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкіде шоғырландырылды.
Одақтас республиканың балығында, соның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталады.
Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақатады, несие ж\е қолма - қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма - қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді.
КСРО -да банктік реформа 1987 - 1988 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде : Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі ж\е Тұрғын үй - әлеуметтік (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық ж\е несие - есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банкіне (Промстройбанк) несиелік саясатты жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай - ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүктелді. Банк - шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айыру, қарыздық ж\е басқа да шоттарын жүргізді. Осыдан кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындарға - КСРО Атроөнеркәсіп банкі; әлеуметтік аямен ж\е сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына - КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі; халыққа қызметті - КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы эконом банкі экспорттық- импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.
Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік - аумақтық принципі бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер ж\е облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда ж\е совхозда болды. Мамандандырылған банктердің төменгі буыны (Жинақ банкілерінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банкке тасқындай құйылынуымен күрделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға көшу қажет болды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды. Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы кәсіпорындардың өміршеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.
Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүйесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ ж\е көп бөлімді, шығынды сипатқа ие болды, алғышқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық ақпараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады.
Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі - Орталық, коммерциялық ж\е инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды. КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада, өнеркәсіпте, көлік ж\е басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы сауда банкі (Внешторгбанк) валютадағы ж\е валютамен жасалатын операцияларға қызмет көрсетті.
70 - жыл бойы КСРО - нгың банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік - банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ - түйек регламенттеу, сондай - ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша - несиелік қарым - қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.
Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылып отырды. Утопиялық идеологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз КСРО Мембанкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрылды, ал өз астына несиелік жүйені түгелдей басып алды ж\е бәсекелестіктің элементтерін, жарыс пен тәуекелділікті толығымен жойды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, «Қазақ КСР - дағы банктер ж\е банктік қызмет туралы» Заң қабылданды. Республикалық мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік - коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік - коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік - коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.
1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты ж\е т. б. коммерциялық банктер құрылды.
2. 2. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды ж\е біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің ж\е тауарлы - ақшалай қарым - қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді ж\е де олар бір - бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын ж\е шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай айырысу жүргізеді ж\е экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдал осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға ж\е соған қатысты қаржылық инстиуттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың қйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының «тобын» құрайды ж\е де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық - несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру ж\е несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады ж\е барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең қауіаті түрде араласуы» мүмкін. К. Маркс келесіде : «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескерілді.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары ж\е міндеттерімен бірдей әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде ж\е банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма - қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) ж\е аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомстволық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық ж\е қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналысында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі ж\е клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болды. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының тиеген тауарларының өткендігін ж\е т. б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей - ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көтеруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға ж\е олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма - қол ж\е қолма - қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша білігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді ж\е сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық ж\е акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші (арендатор) ж\е жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.
Қоғамда белгілі бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік - әміршілдік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде ж\е олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты - несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету ж\е төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46%-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13, 5%-ға, қыркүйекте - 10, 9%- ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы %-дық мөлшерлемесінің 460-тан 280%-ға дейін төмендеуі, яғни несие үшін төлем - сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми ж\е бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарлауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады ж\е олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақаталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz