Жинақ банкісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
2.1. Банк жүйесі
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының
негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды
қамту керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыру қажет,
әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әртүрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым,
банктердің бірлестігі және т.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық
тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде
бюджеттік – салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалық өмірді басқарумен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында
Ақша, несие, банктер тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз.
Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері
қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін
Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда
кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен
анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген
қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас
ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге
болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін
алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша
банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал
ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға
болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып
қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы мүмкін.
Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың
тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі,
нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге болмайды, өйткені ол сыртқы
ортамен, басқа жүйелермен әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйенің
сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық,
әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс
орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты жағдайында
басқа саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі – басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет
етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға
бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР
банктер мен банк қызметі туралы заңында (3-бап) былайша жазылған:
1. Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк
жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі бар Қазақстан
даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі
деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі – екінші деңгейлік банк, меншігінде және
басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР бейрезиденттері; ә) Заңды
тұлғалар – ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттердің меншігінде және
басқаруында 50%-дан астам акциясына ие; ҚР резиденттері ҚР
бейрезиденттерінің қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк – халықаралық келісім шарттың негізінде құрылған
әрі әрекет ететін банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк
инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін
қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
1.04.2005 ж. жағдай бойынша Қазақстан банк жүйесінің құрылымы

Саны
Ұлттық банк 1
Оның аумақтық органдары 16
Екінші деңгейлі банктер 35
Оның ішінде, коммерциялық банктер 34
Олардың ішіндегі шетелдік қатысушылар банкісі 6
Мемлекеттік банк 1
Шетелдердің еншілес банктері 9
Шетелдік банктердің өкілдігі 17
Қазақстан дамуң банкісі 1
Екінші деңгейлі банктердің филиалдары 398
Есеп айырысу – кассалық бөлімдері 1148
Аудиторлық ұғымдар 26
Жеке тұлғалардың депозитін кепілдендіретін қор 1
Ипотекалық несиені сақтандыратындыру 1
Несие бюросы 1

О.И. Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін былайша бөліп көрсетеді:
▪ Бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементтерді
қамтиды;
▪ өзіндік ерекшелігі бар;
▪ элементтердің өзара алмастыруға қабілетті;
▪ динамикалық жүйе болып табылады;
▪ жабық тұрпат жүйесі ретінде алға шығады;
▪ өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;
▪ басқарылатын жүйе болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болған:
▪ банктің орталықтандырылған бөлу жүйесі;
▪ нарықтық банк жүйесі;
▪ өтпелі кезең жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да және социолистік
жүйедегі елдерде жұмыс істейді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір
деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір
эмиссиялық және несие институты болды. Онда барлық несие ресурстары
орталықтандырылып, бөлінеді.
Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтық банк жүйесі банктерге мемлекеттік
монополияның болуымен сипатталады. Нарықтық шаруашылықта
орталықсыздандырылған басқару жүйесімен көптеген банк түрлері жұмыс
істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметтерді өзара бөліп алған.
Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол
сияқты мемлекет коммерциялық банктердің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік
мемлекеттердің оның ішінде Қазақстанның осы заманғы банк жүйелерін
жатқызуға болады. Оны нарықтық жүйеге де жатқызуға болады, алайда, ол
алдындағы банк жүйесінің меңдік дағынан әлі арылып біткен жоқ, әлі де
өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне,
дамыған тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркендеген елдердің банк жүйесіне де
жатқызуға болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және заңдық
базасы әрдайым өзгеріп отырады, банктердік саны, банк жүйесінің құрылымы
ұдайы өзгереді. Мәселен, Қазақстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-
15 жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға ұдайы толықтырулар
мен өзгерістер енгізілді.
Банктердің саны он және одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа банктер,
банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа ұшырайды
немесе бір-бірімен қосылады. Немесе банктен банктік емес мекемеге айналады.
Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда өтпелі кезеңнің әлі тұрақтанбаған банк
жүйесі даму сатысында тұр.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдаймен экономикалық қатынастың
және тағы басқа даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада
реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпатын бөліп көрсетеді:
▪ мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер
операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға
тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
▪ барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Батыс және Орталық Еуропа елдерінде АҚШ-та, Жапонияда және басқа да
өнеркәсібі дамыған елдерде несие институттарының арасындағы дәстүрлі
шекараның жойылуынан байқалып отырған банктерді әмбебаптандыру
тенденциясынан артықшылық береді. Функционалдық тұрғыдан мамандандыруды
басқару осы заманғы банктерді өз клиенттеріне 200-ге дейінгі қызмет
түрлерін ұсынуға қабілеті бар көп қызметті несие мекемесіне айналдыруға
мүмкіндік береді. Бұл жағынан клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары
деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы заманғы банк технологияларын
қолдану, өз қызметін әртараптандыру арқылы сенімділік пен инвестиция үшін
үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында банктер өздерін
ірілендіруге әрі капиталдандыруға ұмтылыс жасап отыр. Мұндай тенденция
көптеген мемлекеттерге тән. Мәселен, ХХ ғасырдың 90-шы жылдары АҚШ-та
коммерциялық банктер 15,5 млрд доллар пайда алып, 2,5 трлн сомасындағы
активтерді бақылайды. 2000 жылы жуық шамамен 17 млрд доллар пайда алған, 5
трлн доллар сомасындағы активтерге ие 9500 коммерциялық банктер ғана қалды.

Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін
келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі Англия Банкісінен (елдің орталық банкісі), депозиттік
банктерден (ақшалай салым ақшаны қабылдаймен және несиелеумен ғана
айналысады), сауда банктерінен (сыртқы сауда саласында), достастық
банктерінен (аса ірі 7 шетелдік банк), шетелдік банктерден, консорциумдік
банктерден, есеп-қисап үйлерінен және бірқатар банктік емес мекемелерден
тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың тұрғынға бір банктен келеді. Оның
банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл елде
ұлттық банктерден басқа үш банк категориясы бар:
▪ біріншісі – 3 аса ірі банк – Швейцарияның Біріккен банкісі,
Швейцариялық банк корпорациясы, Швейцариялық несие банкісі;
▪ екіншісі – несиелеу мен есеп айырысуға маманданған, негізінен
жергілікті салымшылармен жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті және
жинақ ақша банктері;
▪ үшіншісі – инвестициялық портфельдерді басқарумен айналысатын
жекеше банктер.
Швейцариялық банк жүйесінің айрықша белгісіне банктердің құпиялылығы және
банктермен инвестициялық компаниялар қызметінің бақыланатындығы жатады.
Банктерге бақылауды орнатудың үш сатылы жүйесіне ие және оларды Федералдық
Банк комиссиясы, Ұлттық банк, Швейцариялық банктер ассоциациасы жүзеге
асырады.
АҚШ-тың банк жүйесіне Федералдық дамыған жүйе (ФДЖ) кіреді. Ол 12
федералдық резервтік банктен тұрады, 6000 коммерциялық банк ФДЖ-ға мүше, ал
ФДЖ-ға мүше емес коммерциялық банктер Депозиттерді сақтандырудың Федералдық
корпорациясына (ДСФК) кіреді, олардың саны шамамен 3000-дай болады және ФДЖ-
мен ДСФК-ге мүше емес банктер бар.
Жапонияның банк жүйесі Жапония банкісін, коммерциялық банктерді,
мамандандырылған несие институттарын, қаржы компанияларын, үкіметтік несие
мекемелерін, пошталық – жинақ ақша кассаларын қамтиды.

2.2.Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені
республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары
мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихымен
ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы алғашқы банктердің пайда болуы
Қазақстандағы банк реформасы
Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар
Банктердің мәні және атқаратын қызметтері
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Банк және қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат
Банк операцияларын лицензиялау
Пәндер