Шаруашылықты жүргізуші субъектілердің есеп саясаты


Кіріспе.
Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына сараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістерімен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептік мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастыруына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып пайдаланылып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларға байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейін V ғасырда жүргізілді деген дерек бар. Ал біздің заманымызға дейін ІІ ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің, ғимараттың қабырғасында жазылатын болған.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасы қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулар мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметтегі жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» заңды күші бар №2732 Жарлығы қабылдады. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасында қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілері жаңа бухгалтерлік есеп стандарты бойынша өз жұмыстарын жүргізе бастады. Қазақстан Республикасы қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру мен есептеудің мақсаты.
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында «Кәсіпорындар мен ұйымдардың» яғни субъктілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістерді ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттық талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдың құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір КО-Н ұйым мекеме не фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп жабдықтаушы ретінде болатын, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.
Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржыларымен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізумен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады.
- Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.
- Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгендігін және оларды дұрыс тиімді пайдалануды бақылау.
- Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлыө субъектілерге (Қазақстан Республикасынынң аймағында тіркелген резиденттік емес өкілідіктер мен филиладар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылоданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз алдына жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.
Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімсшелері болып табылады, оның ішіне өкілдік қызметі де кіреді.
Филиал да, өкілдік те заңды тұлға болып табылмайды. Заңды тұлға коммерциялық та, коммерциялық емес те болуы мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша табыс табу және оны өз қалауынша тарата алады, ал екіншісінің өз қалауынша табыс табу мүмкіндігі де және таза табысын өз қатысушыларының арасында бөлу жағдайы да шектелген.
Коммерциялық ұйымдар тек келесідей нысанда құрылуы мүмкін:
- шаруашылық серіктестіктер;
- акционердік қоғамдар;
- өндірістік кооперативтер;
- мемлекеттік кәсіпорындар.
Коммерциялық емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акцилнердік қоғамдардан, қоғамдық ірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.
- Шаруашылық серіктестіктер.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестігі болып табылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.
Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіртер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады.
Толық серіктестік - мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.
Коммандиттік серіктестік - серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкін (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестік кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелі бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.
- Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) . ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдарының құны егінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы боынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарлылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда - қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.
- Акцмонерлік қоғам- өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың қызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.
Ашық акционерлік қоғам - өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.
Жабық акционерлік қоғам. Мұндай қоғамның акциалары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егер де жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.
Ашық қоғамның акциялары, бағалы қағадардың нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың айлық есепті көрсеткішті құраса және акционерлерің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.
- Өндірістік кооператив- бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі еіден кем болмауы тиіс. Кооператив мүшелері заңда қаралған тәртіп пен дегейде қосымша (субсидиарлық) міндеттемелі бойынша жауапкершілікте болады.
- Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар:
- шаруашылықты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелі үшін жауапты болмайды;
- ағымдағы (оперативті) басқару құқығына (қазыналық кәсіпорын) негізделген мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.
- Коммерциялық емес ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер, қауымдастық (одақ) нысандағы бірлестіктер жатады.
Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің мақсаттары оның меншік иесі белгілейді. Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің жарғысына жауап беретін болса, онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына боладыү
Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, басқа заңды және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар құрцып, ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болуы мүмкін. Меншік иесінің рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект заңды тұлға құқығы бар еншілес субъектілерді, сондай-ақ филиалдар, өкілдіктер, бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.
Субъектінің құрылтайшылары (акционерлері) бекіткен жарғы негізінде қызмет етеді. Жарғының мазмұны заңға қайшы келмеуі керек. Жарғыда шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұрлер, оның атауы, орналасқан жері, қызметінің мәні мен мақсаттары, басшының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың қабілеттілігі, субъектінің мүлікті қалыптастыру және табысты бөлу тәртібі, белгіленеді. Жарғыда сондай-ақ құрылтайшылар, субъект әкімшілігі мен оның еңбек ұжымдарының арасындағы қарым-қатынастары да белгіленеді.
Негізгі қорғар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ субъектіінің дербес балансында көрсетілген құндылықтары (мүліктері) субъектінің мүлкін құрайды. Субъектінің мүлкін қалыптастырушы көзі болып мыналар саналады: құрылтайшылардың ақшалай, материалдық және басқа да жарналары (үлестер) ; қызмет нәтижесінен алынған табыстары; бағалы қағаздардан түскен табыстары; банктер мен басқа несие берушілерідің кредиттері; бюджеттен берілген күрделі салымдары және демеу қаражаттары; қайтарусыз немесе қайырымдылық жарналары; ұйымдардың, кәсіпорындардың және азаматтардың құрбандықтары; Қазақстан Республикасы заңдары тыйым салмайтын өзге де табыс көздері.
Мемлекет қолданылып жүрген заңдарға сәйкес субъектінің мүліктік құқытарын қорғауға кепілдік береді. Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік меншік иесінің немесе оның уәкілетті органдарының келісімсіз субъектіден оның негізгі қорларын, айналым қаражаттарын және олардың пайдалануындағы басқа да мүліктерін алуына жол бермейді.
Субъектінің басқару оның меншік иесінің жарғысына сәйкес ұйымдастырылады. Субъект басқарудың құрылымын, штатттарын, еңбекақы төлеудің жүйесін және т. б. мәселелерін дербес анықтай алады.
Субъектінің еңбең ұжымы еңбек келісім-шартының негізінде, сондай-ақ кәсіпорын иесі мен жұмыскерлердің еңбек қатынасын реттейтін басқа да келісім шарттарыныің нысандарында, өз еңбегімен қатысушы азаматтарынан тұрады. Еңбек ұжымы меншік иесімен және әрбір жұмыс істейтін қызметкерлердің мүддесімен үйлесуін қамтамасыз етуі керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектісі өнім шығарушы болып табылатындықтан, ол өзін-өз қаржыландыруды және дербестік негізінде өнімді шығаруды, сатуды және қызмет көрсетуді көздейді.
Субъект өз қызметін дербес жоспарлайды және даму болашағын, материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз етумен қатар, ол күрделі құрылысын да белгілейді. Ол өз өнімін, жұмысы мен қызметтерін Қазақстан Республикасы заңдарынада анықталған жағдайларды қоспағанда, өз бетінше белгілеген бағасына немесе шарттардың негізін сата алады.
Шаруашылықты жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделелігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауына жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жсалаған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативті-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:
- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады) ;
- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәспорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек) ;
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының басқасына өткен кезде де) ;
- шаруашылық қызметінің фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек) .
Пайдаланатын есеп саясатының басты мінщдеті мен негізгі арналымы кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.
Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын.
Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістерлің тухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнынн айтады.
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі наөты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірей алады.
Кәсіпорын бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz